Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Географиялық оқулықтар, олардың атқаратын қызметі




География пәнінде ең басты көрнекілік құрал – карта. Картаның түрлері: тақта картасы, үстел үстіндегі оқулық картасы, кескін картасы. Географияны оқыту әдістемесінде карталармен жұмыс әстеуде үш мақсат қойылады: картаны түсіну, картаны оқу, картаны білу. Географиялық карталардың атқаратын рөлі. Глобус – Жердің моделі. Картаның мазмұны және картаны түсінуді оқытудағы негізгі әдістер. Картографиялық ұғымдар жүйесі. Картаны оқуға үйрету әдістері. Басты картографиялық іскерліктер және олардың физикалық және экономикалық география курстары бойынша айырмашылығы. Картаны білуді қамтамасыз ететін оқыту әдістері. Географиядағы ішінара іздену жіне зерттеу әдістері мен проблемалы оқыту құрамында картамен жүргізілетін жұмыстар.Географиялық оқулықтар, олардың атқаратын қызметі. Оқулық, оқу құралы және онымен жұмыс iстеу әдiстемесi. Оқулықтың ғылыми мазмұны мен әдістемелікаппараттың сипаты. Мәтіннің құрылымдық компоненттері. Оқулықтың мәтін жіне мәтіннен тыс компоненттерімен жүргізілетін негізгі әдістер. Физикалық, экономикалық географиялардың мазмұнын және оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп оқытудың әр сатысында мәтінмен жұмыс істеу әдістерінің өзгеруі. Оқушылардың оқулықты пайдалануында шығармашылық сипаттың күшеюі. Оқулықпен жүргізілетін жұмыстарға қойылатын жалпы әдістемелік талаптар. Көрнекілік түрлері: суретті көрнекілік (бейнесурет, картина, диафильм, слайд); Дыбыстық көрнекіліктер (күйтабақтар, үнтаспаға жазылған матералдар); Символдық және графикалық көрнекіліктер: (карта, жоспар, сызба, диаграмма);

Географияны оқытуда пайдалынатын негізгі құралдармен жұмыс істеу. Географиялық карталар, глобуспен жұмыс істеу. Карталардың мазмұны, оларды оқу және түсіне білу тәсілдері.

Физикалық және экономикалық география курстарындағы статистикалық көрсеткіштердің маңызы және олармен оқыту үрдісінде жүргізілетін жұмыстар. Берілу тәсіліне байланысты мектеп географиясында статистикалық мәліметтердің негізгі топтары. Жеке (топтастырылмаған) көрсеткіштермен жұмыс жүргізу әдістері. Графиктер, программалар және статистикалық кестелердің танымдық мүмкіндіктері, оларды оқу әдістері. Сандық материалдардың ерекшеліктерін ескеріп графиктер, диаграммалар және статистикалық кестелерді оқытудың мазмұны және жүйелігі. Қазақстан экономикалық және әлеуметтік географиясы курсындағы экономикалық есептер және олардың мақсаты.



3.Ресей Федерациясына экономикалық-географиялық сипаттамаРесе́й Федера́циясы— Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде, бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі.Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ.Әкімшілік-аумақтық құрылымыРесей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер: 21 республика, 9 өлке, 49 облыс, 2 федерациялық деңгейдегі қала (Мəскеу, Санкт- Петербург), 1 дербес облыс, 4 дербес округ.Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару, сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің бірыңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т.б. тағайындалған.Халқы. Ресей Федерациясы халқының саны 2008 жылы 142 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкстан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9-орын алады. Ресей ғалымдарының болжамы бойынша, алдағы онжылдықта елдегі халық санының қыскаруы одан әрі жалғаса береді. Енді елдің демографиялық көрсеткіштерімен танысайық.Халқының ұлттық құрамы. Ресей көп ұлтты елдер қатарына жатады, мұнда 160 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады.



4.География пәнінде ең басты көрнекілік құрал – картаГеографияны карталарды оқыту әдістеріГеографиялық карталардың оқытудағы міндеті географиялық білімнің аса маңызды көзі. Көрнекілік дидактикалық тәсіл болып табылады. Көрнекі құралдар білім берудің ерекше құралы бола отырып, оқушылардың білімділік қасиеттерін – ойлау, сөйлеу, түсіндіре білу, баяндай алу амалдарын үйренуін қалыптастырады. Картаны, оларды оқу үрдісіндегі рөлі бойынша жіктеу: қабырға, үстелге жайылатын, мәтінде берілген және оқулыққа қосымша берілген карталар; олардың мазмұны мен пайдалану ерекшеліктері. Географиялық карталарды оқып үйрену мақсаты және олармен мектеп географиясы курстарында жүргізілген жұмыстар. “Картаны түсіну”, “оқу”, “білу” ұғымдарының мазмұны.География пәнінде ең басты көрнекілік құрал – карта. Картаның түрлері: тақта картасы, үстел үстіндегі оқулық картасы, кескін картасы. Географияны оқыту әдістемесінде карталармен жұмыс әстеуде үш мақсат қойылады: картаны түсіну, картаны оқу, картаны білу. Географиялық карталардың атқаратын рөлі. Глобус – Жердің моделі. Картаның мазмұны және картаны түсінуді оқытудағы негізгі әдістер. Картографиялық ұғымдар жүйесі. Картаны оқуға үйрету әдістері. Басты картографиялық іскерліктер және олардың физикалық және экономикалық география курстары бойынша айырмашылығы. Картаны білуді қамтамасыз ететін оқыту әдістері. Географиядағы ішінара іздену жіне зерттеу әдістері мен проблемалы оқыту құрамында картамен жүргізілетін жұмыстар.Географиялық карталардың жіктелуіКарта – белгілі бір топографиялық проекциялар көмегімен Жер бетінің үлкен өлшем бірліктерінде анықталатын аудандардың нақты жазықтықта кішірейтілен кескіні. Карталар әртүрлі белгілеріне: бейнеленуіне, территориясына, масштабына, мазмұны мен мақсатына байланысты жіктеледі.Бейнеленуіне байланысты карталар Жердегі болып жатқан табиғи және қоғамдық құбылыстарды бейнелейтін географиялық карталар және аспан, оның бөліктері мен планеталарды бейнелейтін астрономиялық карталар деп ажыратылады. Карталар қажетті масштабына сәйкес шартты түрде:- ірі масштабты 1:1000 – 1:100 000 аралығында- орта масштабыты 1:200 000 – 1:1 000 000 аралығында- ұсақ масштабты 1:1 000 000 деп бөлінеді.Территориясы бойынша дүниежүзі картасын, материктер, мұхиттар, материктердің бөліктері мен жеке мемлекеттер, әкімшілік облыстар, аудандар, қалаларды бөледі.

5.Қазақстан территориясының зерттелу тарихыҚазақстан республикасы Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан. Республиканың жерінің ауданы — 2724,9 мың км². Жер шарының халық мекендеген кұрлық бөлігінің 2%-ы және Еуразия ауданының 5%-ы елдің үлесіне тиеді. Аумағының өлшемі жөнінен ол әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді және ішкі құрлықтық мемлекеттердің ең ірісі болып саналады. Жерінің көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-орын алады. Жалпы аумағы бүкіл жер шары көлемінің 2%-ын, Азияның 6,1 %-ын құрайды.Еуразия құрлығында Ресей,Үндістан, Қытайдан кейін төртінші орында, ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында тұр.Географиялық зерттелу тарихыАнтикалық кезеңдегі (ерте кездегі) зерттеулерГеродот (б.з.б. V ғ.) Каспий теңізінің тұйық алап екені, шығысында шексіз жазық өңірі жатқаны туралы баяндаған. Еңбектерінде Жайық, Жем, Еділөзендері туралы мәліметтер келтірген.К. Птолемей (б.з.б. 90-160 ж, ІІ ғ). Сырдария, Әмудария Каспийге құяды деген. Арал теңізін (Оксиан) картаға түсірген.Страбон (б.з.б. 63-24 ж) Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік мұхиттың шығанағы деп, ал Арал теңізін Каспийдің шығанағы деп есептеген.Сырдария мен Әмудария туралы дұрыс мәлімет қалдырған.Ежелгі заманнан XVIII ғ. 30-шы жылдарға дейінгі аралықБұл дәуірде саудагерлер мен елшілердің кездейсоқ саяхаттарының нәтижесінде қазақ жерінің сыртқы көрінісі туралы үздік те қарапайым деректер жинақталған.Әбу Насыр Әл-Фараби қазақ жеріндегі қазіргі географиялық атаулардың қалыптасуына үлес қосты, астрономиялық зерттеулері (күн сағат, т.б.) қазақ жері туралы мағлұматтарды толықтыра түсті.Махмұд Қашқаридың «Диуану лұғат-ит-түрк» деген еңбегінің географиялық маңызы зор болды. Ғалымның қолжазба күйінде сақталған дүние жүзінің «дөңгелек картасына» қазақ жеріндегі көптеген нысандарды түсірді. Сонымен қатар ол Қазақстандағы географиялық атауларды табиғат жағдайларымен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер келтіріледі.Елюй Чу - Цай (1219) мен Чань Чунь (1221) Іле-Талас өзендерінің аралығындағы елдер туралы мәліметтер жинаған. Талас, Сырдария өзендерінің табиғат жағдайларын сипаттаған.Орыс саяхатшыларының Қазақстанда жүргізген зерттеулеріҚадырғали Жалайыр «Жылнамалар жинағы» атты географиялық мазмұндағы кітап жазған. Қадырғали Жалайыри «Жылнамада» Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, түркі тайпаларына анықтама береді. Қазақ хандарының өмірбаяндарына тоқталады. Ол қазақ жері, оның қалалары туралы аса құнды тарихи деректер қалдырды. XVII ғасырда Қазақстан аумағы С. Ремезов жасаған «Сібірдің сызба кітабы» атты картаға кірді. XIX ғасырдың II жартысында Қазақстан табиғатына ғылыми-географиялық тұрғысынан сипаттама берілді.Семенов-Тян-Шаньский (1827-1914) Еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь-Шаньды зерттегендердің алғашқысы, 1856-1857 жылдары Орталық және Солтүстік Тянь-Шаньға Хан-Тәңірі массивіне дейін барды.Омбыда Шоқан Уәлихановпен танысып, оның болашақ ғылыми жұмыстарына бағыт сілтеді. Семенов-Тян-Шанскийдің кеңесімен Шоқан әйгілі Қашғар саяхатын жүзеге асырды. Аса бай коллекциялар жинап, өсімдіктер мен жануарлардың бұрын белгісіз жүздеген түрлерін ашты. Оның басшылығымен Ш. Уәлихановтың, Н.М. Пржевальскийдің, Г.И. Потаниннің, И.Д. Черскийдің,В.А. Обручевтің т.б. экспедициялары ұйымдастырылды. Н.А. Северцов (1827-1885) 1857-1867 жылдары Арал теңізін, Сырдарияның төменгі ағысын және Қаратау жоталарын зерттеді. Н.А. Северцовтің Қазақстанды зерттеу жұмыстары П.П. Семеновтың Тянь-Шаньды зерттеуімен тұстас келді. Ол әуелде Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі сағасына сапар шекті. Одан соң Тянь-Шаньда, Жетісу, Қызылқұм, Қаратау өңірлерінде зерттеу-бақылау жұмыстарын жүргізді, Үстірт пен Мұғалжарды зерттеді. Осы зерттеулер нәтижесінде Н.А. Северцов Қазақстан жерінде жануарлардың таралуы жайында ғылыми ой-пікірлерді кеңейтті.И.В. Мушкетов (1850-1902) Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының кұрылысын зерттеген. Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласының маңын, Ыстықкөлді зерттеді. Сонымен қатар Ілені, Күнгей және Теріскей Алатауды бірнеше жерден басып өткен. И.В. Мушкетов Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған «Түркістан» (1886-1906) еңбегін жазды. Мушкетовтың Түркістан монографиясының негізгі бөлігі Тянь-Шань тауларының жүйесін, оның мұз басуын, сондай-ақ тау етектеріндегі жазық жерлер мен жота аралық аңғарлар мен ойыстарда сары (лесс) топырақты және саздақ балшықты жерлердің пайда болуындағы метеорологиялық жағдайын зерттеді. Ол шекараларды анықтап, алғашқы геологиялық қартасын (1881) жасады. 1887 жылы Верныйда (Алматы) болған жер сілкінудің себептері мен шөлді аудандардағы жел әрекеті туралы құнды деректер жинақтады.Л.С.Берг (1876-1950) Солтүстік Қазақстандағы тұзды көлдерді, Арал теңізін зерттеген. Берг Арал теңізі мен Балқаш көлі балықтарын зерттеді. Алынған ғылыми мәліметтері оның үш томдық «КСРО және көрші елдер тұщы су балықтары» (1948–49) деген кітабына енді.Ш. Уәлиханов (1835-1865) Жоңғар Алатауы мен Іле өңірін зерттеген. Балқаш пен Алакөлдің ұқсастықтарын дәлелдеген. Орталық Азия мен Шығыс Түркістанның карталарын жасаған. Оның редакциясымен «Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы», «Құлжа қаласының жобасы», «Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта» т.б. дайындалған.Қазақстан аумағының жаңа дәуірде зерттелуіҚ.И.Сәтбаев (1899-1963) Орталық Қазақстанды ұзақ жылдар зерттеуінің нәтижесінде Жезқазғандағы аса бай мыс кенінің қорын ашуға мүмкіндігін берді. Минералды шикізатқа бай, Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарға ерекше назар аударды. Жер бедері мен климаты зерттеліп, климаттың аудандастырылуы жасалды. 640-тан аса ғылыми еңбектері бар.1920 жылы Қазақстанда зерттеу қоғамы құрылды.1939 жылы арнайы География секторы құрылып, оны ғалым Н.Н. Баранский басқарды. Ол Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлді.1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылды.1950 жылы «Қазақстан» атты монография шығарылды.

№21

1. Алтай тауына физикалық – географиялық сипаттамаОрналасуы-Қазақстан, Ресей, Қытай,Моңғолия.Пайда болған кезеңі- Жоғарғы палеозой, юра, палеоген,неоген, антропогенАумағы-741 569 км²Ұзындығы-2000 кмЕң биік шыңы-Мұзтау шыңыБиіктігі-4506 мЖер бедері мен геологиялық құрылымы. Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай Алтай үш ауданға бөлінеді. Олар: Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы. Оңтүстік Алтай. Солтүстігінде Бұқтырма өзені,оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр. Кенді Алтай. Оңтүстік Алтайдың солтүстік шығысында орналасқан. Қалба жотасы. Ертіс өзенінің сол жағында жатыр. Қалба жотасы Шар аңғары арқылы Сарыарқамен шектеседі.

Пайдалы қазбалары. Алтай пайдалы қазбаларға өте бай өлке. Әсіресе Кенді Алтайда қорғасын,мырыш, қалайы,волъфром,күмістің және сынаптың мол қоры бар. Нарын Күршім жоталарында алтын мен сирек металл, Қалба тауында қалайы мен вольфром өндіріледі.Өзендері мен көлдері. Алтайдың ең басты өзені – Ертіс. Оған Кендірлік, Күршім, Бұқтырма,Үлбі т.б өзендер құяды.Алтай көлге бай. Бұқтырма, Жайсан, Тұранғыкөл, Марқакөл. Климаты. Климаты қоңыржай континентті. Шілденің орташа t +19+22°Cал 1000 метр биіктікте +16+14°C 2500-2700 метр биіктікте +7+5°С. Қыс айларындағы орташа t° -15°C Жылдық жауын-шашын мөлшері тау бөктерінде 300-400 мм. Тау ішінде 1000-1500 мм дейін жетеді.

2. Жаратылыстану курсының мектеп географиясы пәндері арасында алатын орныГеографияның жүйелі курсы мектепте V сынытан басталады. V сынып оқушылары дүние танудан алған білімеріне сүйене отырып, елтану ғылымының келесі курстарын меңгеру үшін қажетті білімге іскерлікке дағдыға ие болады. «Жаратылыстану» табиғат заңдарын, қоғамның материалдық өмірін, әлемнің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін танып білудегі географиялық, биологиялық, физикалық және астрономиялық, химиялық білімдердің рөлі арқылы анықталады.«Жаратылыстану» білім саласы мектептің негізгі сатысы мен жоғарғы сатысына оның мемлекеттік компонентін құрушылардың бірі ретінде енеді. Бұл білім саласының мазмұны жалпы мемлекеттік маңызы бар және жалпы мәдени пәндер мен курстар арқылы беріледі.Мектептің негізгі сатысында( 5-9—сыныптар) ғылыми-жаратылыстану бағытында өздерінің мәртебесі бойынша жеке пәндер:»География», «Биология», «Физика», «Химия» арқылы беріледі. Физикалық, әлеуметтік—экономикалық география пәнінің мазмұнын оқытудың логикалық реттілік қамтылады және оқушылардың жас ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері ескертіліп, оқу материалдары мен берілген тапсырмалардың сипаты біртіндеп күрделенеді.

3. Дүние жүзінің рекреациялық ресурстарының географиясыРекреациялық ресурстар - өндіргіш күштердің қазіргі деңгейі кезінде қоғамның рекреациялық қажеттілігін қанағаттандыру үшін және халыққа рекреациялық қызмет етуге маманданған шаруашылық саласын ұйымдастыру үшін пайдаланылуы мүмкін табиғи және антропогендік нысандар. Тау шаңғысы туризмі

Әлемдегі ең ірі тау шаңғысы туризмінің орталығы Альпі болып табылады, жылына бұл аудан 60 млн-нан астам туристерді қабылдайды. Сол себепті альпілік елдерде, әсіресе Швейцария мен Австрияда туристерге қызмет көрсетумен байланысты салалар (шаңғы жолдары мен тауға көтеретін қондырғыларды жабдықтау, аса жайлы қонақүйлер, көлік пен сауда қызметін ұйымдастыру) жоғары дәрежеде дамыған. Теңіз жағалауындағы курорттарҚамтылатын туристердің саны жөнінен теңіз жағалауындағы курорттар жетекші орын алады. Туристердің айрықша жиі баратын ауданы — Еуропа, Азия және Африканың Жерорта теңізі жағалауы. Мұнда әлемге әйгілі Көгілдір жағалау (Француз және Италия Ривьерасы), Кипр жәнө Мальта аралдары, Испания жағалауы мен Балеар аралдарындағы, Солтүстік Африканың курортты қалалары орналаскан. Сонымен қатар Таиланд пен Мұхит аралдарында, Калифорния мен Флориданың құмды жағалауларында, Бразилия мен Мексиканың теңіз курорттарында демалушылар саны артып келеді.КруизҚазіргі кезде теңізді айналып жүзу (круиз) халықаралық туризмнің маңызды түріне айналып отыр. Бұл аса жайлы кемелермен саяхаттау және құмды жағалауларда демалу, бірнеше елмен танысу мүмкіншілігінің ұштастырылуымен түсіндіріледі. Туризмнің бұл түрінің дәстүрлі аудандарына Жерорта теңізі, Кариб алабы мен Мұхит аралдары жатады.Туристердің көп баратын нысандарының бірі — қалалар. Бұл тұрғыда әсіресе тарихи ескерткіштерімен әйгілі ежелгі қалалар айрықша көзге түседі. Еуропалық өркениет пен сәулет өнерінің түрлі кезеңдерінің ескерткпптері сақталған Европа қалаларына жыл сайын дүниенің түкпір-түкпірінен туристер легі ағылады.Франция, Италия және Испанияның әрқайсысына жылына 30 млн-нан астам туристер келіп, оларды қабылдаудан елдер қазынасына 10 млрд доллар шамасында пайда түседі. Қасиетті діни орындарХалықаралық туризмнің айрықша түріне қасиетті діни орындарға құлшылық ету жатады. Барлық мұсылмандар үшін Сауд Арабиясындағы Мекке мен Мәдине қалаларына қажыға бару қасиетті борыш деп есептеледі. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі сәулет өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, мұсылмандардың қадір тұтатын нысаны ретінде де кеңінен танымал. Ал христиан дінінің қасиетті жәдігерлері Иерусалим қаласында шоғырланған. Халықаралық туризмнің басқа да салыстырмалы түрде аз тараған түрлері жеткілікті.Туризм дамыған жетекші елдер:Франция АҚШ Испания Италия Қытай Ұлыбритания Ресей Мексика Канада Германия

4. Физикалық географияның бастапқы курсында қолданылатын көрнекілік құралдарФизикалық география — жер сферасы, географиялық орта және жер типтері — географиялық ландшафтар туралы ғылым саласы. Кең мағынада айтқанда, ол басқа да жаратылыстану ғылымдарының негізгі салалары сияқты жеке ғылымдар мен физикалық географияның дәл өзінен, немесе жер тану ғылымынан тұратын ғылымдар жүйесі болып табылады.

Физикалық география екі бөлімге:1.жалпы және2. региондық-аудандық (көбінесе ландшафттану деп аталатын) физикалық географияға бөлінеді.Мақсаты – бұл курста Қазақстан Республикасының физикалық географиялық – орны, жер бедері, геологиялық құрлымы, климат, топырағы мен өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі, табиғи зоналық, табиғатты қорғау, өз өлкесін қорғау т. б. ұғымдар жайлы толық мағлұмат алады.Міндеті – жалпы физикалық географиялық ұғымдардың рөлі мен орнын анықтыру және оқушылардың икем мен дағдылар жүйесін қалыптастыру. Сондықтан бұл курстың алдында өзінің мақсаттары мен әдістемелік мәселелері тұр.Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта.Сабақтың кезеңдері:1. Ұйымдастыру кезеңі2. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі3. Жаңа материалға көшуге дайындық кезеңі4. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі6. Сабақты қорытындылау кезеңі7. Бағалау кезеңі8. Үйге тапсырма беру кезеңіСабақтың барысы

5. Қазақстанның климатына сипаттамаКең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі – мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Қазақстан климаты қуаң континентті: қысы өте суық, ал жазы ыстық.Қазақстанның кең байтақ аумағына байланысты, мемлекеттің түрлі аймақтарында ауа райы айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Мысалға, оңтүстікте егін егу басталып жатқан кезде, солтүстік жерінде әлі қар жатып, боран соғып тұруы ғажап емес.Бүкіл мемлекетке температураның күрт ауытқулары тән, бұл тәуліктік ауытқуларға да, жылдық ауытқуларға да қатысты.Солтүстікте қысқы орташа температура қаңтар айында -18,7°С, ал оңтүстікте -1,5°С. Ауаның құрғақ болуынан және күннің шуақтылығынан -15°С температура кейде ылғалды ауадағы -5° – 0°С тәрізді сезіледі.Қазақстанның қысы тауларда, мысалы, шаңғы базаларында қысқы спорт түрлерімен айналысуға ыңғайлы.Жазда мемлекеттің солтүстігінде шілде айының орташа температурасы +18,8°С, оңтүстікте +28,8°С. Ыстық жаздың күні қазақстандықтар теңіз-көлдерге барып жағажайда, демалыс базаларында демалғанды ұнатады.

 

№22

1. Магмалық тау жыныстары және оның түрлеріЖер қыртысын құраушы минералдық бір тектес заттарды тау жынысы деп атайды. Жер қабаттарын құрайтын барлық тау жыныстары үлкен үш түрлі топқа бөлінеді:магмалық тaужыныстaры,шөгінді тау жыныстарыметаморфтық тау жыныстaры.Магмалық тау жыныстары, атқылаған тау жыныстары — магма немесе жанартаулық атқылаулардан жер бетіне төгілген лаваның суынуынан және кристалдануынан (түйіршіктенуінен) пайда болған тау жыныстары. Олар негізгі екі түрге бөлінеді: эффузивтік (жанартаулық, төгілмелі), жанартау атқылауы кезінде магманың лава түрінде шығып жер бетінде қатайған және интрузивтік (тереңдік), басқа тау жыныстары арасында қатып қалған түрлері. Эффузивтік тау жыныстары тез қату салдарынан, әдетте, майда түйіршікті болып келеді, кейде ірілеу кристалдары да кездеседі. Интрузивтік тау жыныстары жер қойнауының тереңдіктерінде баяу қату салдарынан қалыптасқандықтан толық кристалдық түйіршік тәрізді болады. Магмалық тау жыныстарыдың өте маңызды бөлшектері силикаттар мен кварц. Олардың басты құрамдас бөлігі кремний оксиді (Sі2O). Мөлшеріне қарай Магмалық тау жыныстары 5 топқа бөлінеді:Құрамында силикаты жоқ Магмалық тау жыныстары (мыс., карбонатиттер) өте сирек. Құрамындағы сілтілік металдар мөлшеріне қарай Магмалық тау жыныстары қалыпты және сілтілі (граниттер, нефелинді сиениттер, фонолиттер) топтарға бөлінеді. Магмалық тау жыныстары құрылыс (артиктік туфтар,лабрадориттер, т.б.), абразивті (пемза), жылу оқшаулағыш (пемза, перлит) материалдар ретінде қолданылады.

2. «Материктер мен мұхиттар географиясы» курсын оқытуға әдістемелік нұсқауларМатериктер мен мұхиттар географиясы Оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын зерттеліп отырған құбылысын, фактінің заңның айқын, материктер мен мұхиттарға нақты түсінік беру. Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау, ойға сақтау қабілетінің жоғары деңгейіне жетуін қамтамасыз ету және дамыту. Материктер мен мұхиттарға деген қызығушылықты тудыру, оның құрылымын өз бетінше зерттеуге баулу. Оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді.Оқушының білім алу көздеріне қарай оқыту әдістері былайша жіктеледі:а) сөздік әдіс (білім негізінде ауызша сөйлесу немесе басылым сөзі жатады);б) көрнекілік әдіс (көрнекіліктер, бақыланатын, зерттелетін нәрселер құбылыстар);в) практикалық әдіс (оқушылар практикалық жұмыстарды орындай отырып білім алады, біліктілігін арттырады Жаңа сабақты түсіндіру: Материктерде құрлықтағы өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатын биік тау жүйелері мен ұлан-ғайыр жазықтардың табиғаты, дүниежүзілік мұхиттың тылсым табиғаты мен орасан мол табиғи қорлары, ондағы терең сулы шұңғымалар мен су асты жоталары, құрлық климатына әсер ететін теңіз ағыстары мен мұхит суының жалпы қасиеттерін жатқызамыз. Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн.км-ге тең. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км немесе бүкіл Жер бетінің 29,2%-ы келеді.

3. «Азия жолбарыстары елдеріне» сипаттама беріңіз «Азия жолбарыстары» немесе Жаңа индустриялы елдер: Сингапур, Гонконг, Корея Республикасы, Тайвань, Тайланд, Малайзия.

Сингапур Республикасы - экватордан 137 км солтүстікте, Малайзияның Жохор облысының оңтүстігінде, Индонезияның Рияу аралының солтүстігінде орналасқан қала-мемлекет, арал-ел.

Сингапур атағы малай тілінің синга — "арыстан" және санскрит тіліндегі пура — "қала" деген сөздерінен құралған.ГеографиясыСингапур 63 аралдан тұрады. Олардың ішіндегі ең бастысы Пулау Уджонг (Малай: тікелей мағынасы 'пенинсула - аралдың соңы') немесе Сингапур аралы бұл Сингапур арал-мемлекетінің басты аралы. Ел аумағы 714,3 км² (2011 жыл). Оған қоса ел аумағына 58 ұсақ арал да кіреді. Елдің ең биік нүктесі Букит Тима төбешігінің биіктігі 163,3 м. Кенттену процесінің нәтижесінде аралдың ормандары кесілуде. Жағрапиялық қолайлы белдеуде орналасуы Сингапурды "Азия жолтарысына" айналуына себеп болды.Гонконг қаласы — 1997-інші жылдың 1-інші шілдесіне дейін 1,5 ғасырдай Британ империясының отары болып келді, одан бері Қытайдың екі арнайы әкімшілік аймақтарының бірі болып табылады. Әлемдегі он алтыншы бай қала. Әлемдегі жетекші халықаралық қаржы орталықтарының бірі болып табылатын Гонконг экономикасы еркін сауда мен төмен салықпен сипатталады. Ақшасы, Гонконг доллары, 2010 жылға сәйкес әлемдегі сегізінші орындағы саудаласу валютасы болып табылады. Корея Республикасы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 98,5 мың км2. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 109 орында. Халқының саны — 48.87 млн. адам (2010). Тұрғындары, негізінен, корейлер, 30 мыңға жуық қытайлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір бөліктері конфуцийшілдік пен христиан дінін ұстанады. Астанасы — Сеул қаласы (10.4 млн.). Әкімшілік бөлінісі 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады. Конституциясы бойынша, елді президент басқарады (2013 жылдан Пак Кын Хё). Заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (299 депутаттан тұрады). Ұлттық мерекелері: 15 тамыз — Республика жарияланған күн (1948), 3 қазан — мемлекеттің құрылған күні (Ежелгі Чосон, б.з.б. 108 ж.). Ұлттық ақшасы — уон.Корея Республикасы – Корей түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Оның жер көлемі 223 мың 98 шаршы шақырымды құрайды. Бұл көрсеткіш Ұлыбритания немесе Гана елдерінің жер көлемімен шамалас. Осы аймақтың 45% немесе 99 678 шаршы шақырымы ауылшаруашылығын жүргізуге жарамды болып саналады. Жер бедері негізінен таулы болып келеді. Таулар елдің үштен екі бөлігін Тайвань— Тайвань аралында орналасқан мемлекет. Халық саны 23 млн. адам. Тайвань ең тығыз елдердің бірі. Батыс өңірі тығыздау болып келеді, жергілікті халқы ханзулықтармен тауларға ығыстырылған.Тайвань Жапония мен Филиппин аралдарының арасында, Тынық мұхиттың батысында орналасқан. Тайвань мемлекетіне Тайвань аралы, Пэнху архипелагы (Пескадор аралдары), Киньмэнь (Кемой), Мацу және т. б. аралдар кіреді. Тайваньның ресми атауы 1912 жылдың 1 қаңтарында «Қытай республикасы» деп қабылданған. Қазіргі уақытта бұл атаумен Конституция ескіргендіктен, басқа атау қабылдау керек деген әңгіме қозғалынды.Тайланд Патшалығы— Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Тайланд оңтүстігінде Малайзиямен, шығысында Камбоджа және Лаоспен, батысында Мьянмамен шекараласқан.Ресми тілі-тайшаЕлорда-БангкокМалайзия -Куала Лумпур Ресми тілі-малайшаКлиматы экваторилдық, ыстық әрі ылғал.

4. География курстарында оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуОқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарыОқушылардың танымдық қабілетін жетілдіретін ең кең тараған, ең байырғы тәсілдердің бірі - мұғалімнің сұрақ қоюы. Бірақ мұғалім сұрағы оқушының тақырыпты игергенін тексеру құралы ретінде емес, оқушының білім қорын анықтайтындай дәрежеде қойылуы керек. «Ол кім? Бұл не?» немесе «Неге? Қалай? Қашан?» деген сұрақтарМысалы, 7 сыныптарда әрбір материктерді оқып болғаннан кейін «Ол кім? Бұл не?» сұрақтарын пайдаланып. Ол үшін оқушыларға кім, не деген сұрақтарға жауап беретін сөздер беріп, олар оның жауабын айтып отырады.Солтүстік Америка материгі үшін: Колорадо -?Бизон -?Үндістер -?Йеллоустон -?Маккензи -?Прерии -?Тундра -?Секвойя -?Оттава -?Колумб -? т. с. с.География пәні ең қызықты, оқушылардың белсенділігін, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндігі жоғары пән. Дегенмен әрбір сыныптың танымдық қызығушылығының тәжірибесі мен даму дәрежесі әртүрлі. Ал әрбір сыныптағы әдіс пен тәсіл оқушылардың танымдық қызметінің белгілі бір деңгейіне есептелінеді. Сондықтан да оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін сәйкес оқыту әдісін таңдай білу керек.

5. Қазақстанның тамақ өнеркәсібіҚазақстанның тамақ өнеркәсібі экономикамыздың ең маңызды саласы болып табылады. Ауылшаруашылық шикізаты өңделіп, азық-түлік саласын құрайды. Оның құрамына 20 саладан аса үлкен топ біріктірілген. Олардың ең негізгілері: ет, сүт, наубайхана, балық, консерв және кондитер өнімдері.Бүгінде Қазақстан өнеркәсіп өнімінің көлемі жөнінен Ресей мен Украинадан кейінгі 3-ші орында. Табиғи байлықтарды игерудегі басты қиыншылық - су мен қазіргі заманға сай жаңа технологияның болмауы.Бұл өнеркәсіптегі «ең жалпы халықтық» және «тек қалада» ғана орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етедіжәне ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.Көптеген «тамак өнеркәсіптері» көлемі үлкен, қымбат құралжабдықтар пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.Экспортты шолу. Қазақ азық-түлігі мен ауыл шаруашылығы секторының экспорты 2015 жылы ауыл шаруашылық өндірісінің жалпы көлемінің 11.96% немесе құндық көрсеткіште 1.8 миллиард USD құрады. Мұның ішінде 1.6 миллиард USD (89%) азық-түлік емес өнімдермен теңестірілген (0.2 миллиарда USD) тағам өндірісі құрады. Негізгі нарықтар Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Ресей, Иран, Түркия, Түркмения, Грузия болып табылады. Жиынтық экспорт Қазақстандық ауылшаруашылық секторы экспортының жалпы көлемінің 90% астамын құрады. Қазақстаннан экспортталатын танымал азық-түлік өнімі - астық болып табылады. Қазақстан ұнтақталған астық экспорттауда әлемдік нарықтың көшбасшысы болып табылады. Қазақстандық ұнға деген аса жоғары сұраныс астық өңдеудің жоғары сапасымен түсіндіріледі.Макарон өнімдерін экспорттаудың дәстүрлі нарықтарына Ресей, Грузия, Тәжікстан, Түркмения, Өзбекстан, Ауғанстан, Қытай және Моңғолия кіреді. Бірақ соңғы уақыттары экспорттың бұл нарықтар шеңберінен шығуы байқалады, бұл 2011 жылы осы тауарлар өнімінің 40% өсуіне сай келеді.Күріш. . Қазіргі уақытта күріш экспортының көпшілігі Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Түркемния, Украина елдеріне шығарылады. 2009 жылдан бері күріш экспорты жоғары қарқынмен дамуда – жылына 40% жоғары. Қазақ кондитерлік өнімдерінің сыртқы нарыққа таралу шоғыры өте кең, оның құрамына Германия және ЕО елдерінің басқа нарықтары, Ресей және ТМД нарықтары т.с.с кіреді.

 

№23

1.Географиялық зоналылық туралы түсінікГеографиялық зоналылық (дәлірек айтқанда, физикалық-географиялық зоналылық) - негізінен, Күннің сәулелік энергиясының ендік бойынша біркелкі таралмауының әсерінен экватордан полюске қарай географиялық белдеулердің құрлықтағы ауысуы және осы белдеулердің ауқымында географиялық зоналардың таралуы. Аумағы зор жазықтарда ендік зоналық өте анық байқалады; Таулардағы зоналықтың негізгі көрінетін пішіні биіктік белдеулік болып табылады. Мұхиттарда аздап қана беткі (немесе ендік), вертикаль (немесе терендік) және түптік зоналық байқалады.Географиялық зоналылық - Жердің географиялық қабығының бөлшектенуінің заңдылығы. Бүл Күн сәулесі энергиясының ендіктер бойынша (экватордан полюстерге қарай азаюының) таралуынын сипатына және ылғалдануыпың біркелкі еместігіне сәйкес географиялық белдеулер мен зоналардың бірізді және анық ауысымы бойынша байқалады. Географиялық зоналылықтың өзіндік климаттық, гидрографиялық, геохимиялық, геоморфологиялық, топырақтық және биогеографиялық процестері болады. Ол ірі жазықтарда (мысалы, Шығыс Еуропа жазығы, Батыс Сібір жазығы ) өте анық байқалады. Тауларда зоналыық биіктік белдеулікке тән бөліктердің ауысымында байқалады да, беткейлердің экспозициясының әсерінен күрделене түседі.

2.Географияны оқытудың сыныптан тыс түрлеріСыныптан тыс жұмыстар географияның оқу тәрбие жұмыстарына қажетті құрамды бөлігі. Сыныптан тыс жұмыстардың білімдік тәрбиелік мақсаты: саяси идеялық тәрбиелеу оқушылардың танымдық іскерлігін және географиядағы қызығушылығын дамыту, еңбек тәрбиесі, кәсіптік бағдар беру, экологиялық тәрбие.

Оқушылардың қоғамға пайдалы рөлінің артуы. Сыныптан тыс туристік өлкетану жұмыстарының ерекше рөлі.Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формаларының сипаты (географиялық үйірме, сыныптан тыс оқу, конференция, сауық кештер, топ серуен, география апталығы, олимпиада) мазмұны, жоспарлау және әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесі. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігі.География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар мектептегі оқу – тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады. Өйткені ол оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға негіз болып, аса маңызды оқу – тәрбиелік міндет атқарады. Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың қатарына географиядан факультативтік сабақтар( өлкетану), апталықтар ұйымдастыру;қабырға газеттерін және әр түрлі көрнекіліктерді ( макеттер мен буклеттер) әзірлеу;географиялық кештер мен конференциялар, ойындар мен сайыстар, олимпиадалар, ойша саяхаттар ұйымдастыру;компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып, сызбалар жасау;компьютерлік компакт – дискілерді пайдаланып, қосымша деректер жинау жатады.

3.Дүние жүзі елдеріндегі урбандалу процестеріне жалпы сипаттамаКенттену (урбандалу лат. urbus- қала) дегеніміз – қоғам дамуындағы қалалрдың рөлі мен салмағының өсу үдерісі және қалалық өмір сүру жағдайының кеңінен таралуы.Кейбір елдерде қала болып саналу үшін белгілі бір аумақтың әкімшілік орталығы немесе өнеркәсіп, көлік, сауда, қаржы орталықтары болуы, кейбір елдерде олардың қалалық белгілері (көріктендірілуі, жайлылығы, мәдени- тұрмыстық желілері, т.б.) болуы шарт. Кен-өнеркәсіп орталығы, курортты қалалар, ғылыми орталықтар, тарихи-қалалр және тек ел астанасы мәртебесін ғана атқаратын қалалар да қалыптасқан.Қалаларда Жер шарындағы халықтың жартысы тұрады. Жыл өткен сайын қала халқының саны артып келеді. Мыс: Аустралияның қала халқы 85%-ды құраса, Батыс Еуропа мен Солт. Америкада -81%, Латын Америкасында-74%, Африкада-34%, Азияда-35%. Азияның мұнай шығаратын елдерінде қала тұрғындарының саны жоғары: Кувейтте-98%, Катарда-95%, БАӘ-84%, Сауд Арабиясында-82%. Еуропадағы жоғары урбандалған ел- Бельгияда 97%, ергежейлі елдер: Андорра мен Сан- Маринода-95%, арал мемлекет- Исландияда-92% және Израиль мен Уругвай халқының 91%-ы қалада тұрады.

4.Географияның оқушыларға экологиялық білім және тәрбие берудегі рөліЭкологиялық білім мен тәрие жас жеткіншектердің экологиялық санасының дамуын қамтамасыз етіп, жеке тұлғаның экологиялық мәденетінің негізін қалайды. География негізгіэкологиялық мәселелерді ашу мен шешу жолдарын жан-жақты сипаттауда жаратылыстану пәндерінің ішінде ерекше орын алады. Экологиялық білім — экологиялық тәрбие — экологиялық мәдениет — экологиялық сана — жалпы халықтық міндет. География сабағында экологиялық білім беру білім стандартына негізделіп жүргізіледі.Сабақта экологиялық білім берудің бірнеше әдіс тәсілдерін; табиғаттағы көркемдікті сезіне білуге үйрету; қоршаған ортаның әдістерін байқау, бақылау,өлкетану жұмыстары арқылы зерттеу, зерделеу; қоршаған ортаның ластануы жайлы ғылыми материалды жинақтау; көгілдір экрандағы хабарларды пайдалану.География курсын экологияландырудың басты жолдары: экологияның білім жүйесі үздікіз жетілдіру, оқушыларға экологиялық хабарламаларды жан-жақты кеңейтілген түрде беру; оқушылардың ойлай білу жүйесін қалыптастыру және оған экологиялық тұрғыдан қорытынды жасай білу; іздену мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының элементтерін меңгерту, экологиялық мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдау; жергілікті экологиялық проблемаларды шешуде оқушылардың тәжірибелік іс-әрекеттерін дағдыландыру. Мектепте экологиялық мәселелерді танып білуде тиімді әдіс түрі экологиялық мәселелерді ортаға салып талқылау арқылы пікір алмастыру, танымдық ойындар, ғылыми конференциялар өткізу, эколог мамандармен кездесу, экологиялық мазмұндағы қабырғалық материалдарды жинау т.б.

5.Арал теңізі және геоэкологиялық мәселелеріАрал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз XX ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

Арал ойысы солтігінде Торғай ойысының оңтүстік шетімен, шығысында Аққырқақұм қыратымен, оңтүстігінде төменгіӘмудария мегаантиклиналімен шектеседі. Ойыстың оңтүстік-шығысындағы Бозкөл қырқасы оны шығыс Арал және Тәжіқазған қазаншұңқырларына бөледі.

Арал теңізінің экологиялық ахуалы. Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

 

№24


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.02 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал