Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Су режимі




Көкөніс дақылдарында 75-97 % су болады. Өнімді, топырақ үстіндегі мүшелерін және тамыр жүйесін құрастыруға жұмсалатын судың үлесі, булануға шығындалатын су көлемімен салыстырғанда ең аз мөлшерде ғана. Тамырымен сіңірілетін судың 1000 бөлігінің тек 1,5-2,0 бөлігі ғана қоректенуге және құрғақ зат түзуге шығындалады. Көкөніс дақылдарының өсіп-дамуы үшін қажет өте көп су мөлшері жөніндегі түсінік алу аса қиынға соқпайды. Сондықтан көкөніс дақылдарын суландыру күмән келтірмейтін қажеттілік.Көкөніс дақылдарының топырақ және ауа дымқылдығына талабын бағалағанда тамыр жүйесінің даму сипатын және өсімдіктің ылғалды қарқынды буландыратынын білген жөн. Тамыр жүйелерінің мөлшері мен құрылысы бойынша көкөніс дақылдарын үш топқа бөледі: біріншісі - күшті тармақталған тамыр жүйелі, жан-жағына таралуы және тереңге бойлауы 2,0-2,5 метрге дейінгілерге - асқабақ, қарбыз, қауын, асханалық қызылша, ақжелкек; екіншісі - біршама күшті және тармақталынған тамыр жүйелі, жырту қабатынан 1-2 м дейін бойлайтындар - сәбіз, ақжелек, қызанақ, орамжапырақ (тұқымнан өскенде); үшіншісі - топырақ бетінде әлсіз (пияз) немесе күшті (қияр) тарамдалған тамыр жүйелі, 0,5 м дейін орналасатындар - орамжапырақ (көшетпен өсірілгенде), қияр, бұрыш, баялды, пияз, шалғам, ақсүттіген.

Көкөніс дақылдарының топырактың және ауаның су режиміне қоятын талабын анықтағанда жапырақтың саны, көлемі және құрылысының да маңызы зор.

Көкөніс дақылдары сіңірілген су мөлшері және оны топырақтан қажет мөлшерде алып шығу қабілетіне қарай 5 топқа бөлінеді:

1. Су режиміне ең талап қойғыштар, суды топырақтан алу қабілеттіліктері жоғары және оны булануға көптеп шығындайтындар - ақсүттіген, саумалдық, шалғам, орамжапырақ, баялды, қияр, орамжапырақ, қырыққабат тұқымдасының тамыр жемістері;



2. Ылғалға талаптары жоғары, суды топырақтан алу қабілеттері шамалылар - пияз, сарымсақ;

3. Су режиміне шамалы талап қоятындар, суды жақсы ала алатындар және оны қарқынды буландырумен ерекшеленетіндер - асханалық қызылша;

4. Қолайсыз су режиміне ең шыдамдылар - қарбыз, қауын, асқабақ, үрме бұршақ, көкөністік жүгері;

5. Су режиміне талаптары бойынша аралықта орналасқандар - сәбіз, ақжелкен, қызанақ.

Бұл топтастыру өсімдіктің жекелеген түрлерінің су пайдалануы жөнінде түсінік береді. Өсімдіктің бүкіл тез пісетін сұрыптары кеш пісетіндерге қарағанда судың мол болғанын тілейді. Судың жеткіліксіздігі фотосинтезді тежейді, өсу мен дамуды тоқтатады және ерте өнімді алуға кедергі болады. Су жеткіліксіздігінде және жоғары температурада жасыл өсімдіктердің және шалғамның гүл сидамы пайда болады, қызанақ төбе шірігіне шалдығады. Қиярдың, қызанақтың, баялдының, бұршақтың гүлдері мен түйіндерінің түсуі, сызықтық бөлігінің қатаюы (шалғам, кольра­би, балдыркөк) байқалады. Орамжапырақта ұсақ, жетілмеген қаудандар қалыптасады. Құрғақ кезеңінің ылғалды кезеңмен кезектесуі тамыр жемістерінің жарылуына, қызанақ жемісінің сызаттануына әкеледі.



Ылғалдың артық болуы ауа режимін нашарлатады. Мұндайда тамыр жүйесінің өсуіне, тұқымның көктеуіне оттек жетіспейді де, тамырдың және тұқымның опат болуына әкеп соғады, тұқымның танаптық өнгіштігі кемиді.

Көкөніс дақылдарының ылғалды қажетсінуі даму кезеңінде біркелкі емес. Өсімдік топырақтың ылғалдылығына (ЕТСС-ң 80-90 %) ең жоғары талабын тұқымның өнген кезінде қояды. Көкөніс дақылдарының басым бөлігінің тұқымдары ұсақ, олар топырақтың тез құрғайтын жоғары қабатына сіңірілетіндіктен көбі ұзақ уақыт өнбейді. Орамжапырақтың және қиярдың түқымдары бөртуі үшін өзінің массасының 50% жуық ылғал сіңіруі қажет, балдыркөктік дақылдарға - 100 %, бұршақ тұқымдастарға - 150 %. Тамыр жүйесі дамығаннан кейін суды қажетсінуі кемиді. Орамжапырақ тұқымдасына жататын көкөніс дақылдары мол суды өнімді мүшелері (тамыр жемістері, қаудандары) қауырт өсе бастаған кезде, ал балдыркөк және алабұталар тұқымдастары өсу даму кезеңінің басында, олардың терең бойлаған тамыр жүйесі әлі жетілмеген уақытта, талап етеді. Жеміс салатын көкөніс дақылдары суды көбірек жеміс байлаған кезінде, жуа тұқымдастар - жапырақтарының қарқынды өскен кезінде қажет етеді. Жуа тұқымдасының дақылдарын баданы үшін өсіргенде, соңғы суаруды жинардан 3-4 апта бұрын тоқтатады. Бұл өнім мүшесінің толық жетілуіне мүмкіндік береді.

Көшет отырғызғаннан кейін ылғалдың мол болуы, топырақтың жоғарғы қабатында орналасқан тамыр жүйесінің нашар дамуына ықпал жасайды да, өсімдікке заттардың азырақ түсуіне эсер етеді. Міне, сондықтан суландыратын көкөніс шаруашылығында отырғызу мен бірінші суландырудың мерзімін қатал сақтау керек. Жылу сүйгіш өсімдіктер үшін суландыратын судың температурасының маңызы да зор. Қорғаулы жерде ол - 22-25°С дейін жылытылуы керек. Ашық жерде ыстық күндері суландыруды түнгі сағаттарда жүргізуге тура келеді. Талтүстегі аптап ыстыққа өсімдікті суық сумен суару алқалар тұқымдасын солу ауруына шалықтырады.

Көкөніс дақылдарының өсуі мен дамуы үшін топырақ ылғалы, сондай-ақ ауа ылғалы да әсер етпейді. Бұл жағынан көкөніс дақылдарын үш топқа бөледі: ауаның оңтайлы ылғалдылығы 60-70 % болуын тілейтін өсімдіктер - қызанақ, баялды, бұршақ, үрме бұршақ; 70-75 % - түсті және ақ қауданды орамжапырақтар, қымыздық, аскөк, ақжелкен, порей пиязы; 80-90% - қияр, ақсүттіген, саумалдық, сабағы үшін өсірілетін пияз. Ауаның оңтайлы ылғалдылығы төмен болғанда (құрғақшылықта) жапырақта ақуыздың ыдырауы, аммиактың бөлінуі және оның өсімдікті уландыратыны, өсу үдерісін тоқтататыны байқалады.

Көкөніс дақылдарының ауа ылғалдылығына талабын оларды қорғаулы жерде өсіргенде ерекше ескеріп, көңіл бөлу керек. Жоғары ылғалдылықта және темен температурада өсімдіктер саңырауқүлақ және бактериялық ауруларға жиірек шалдығады. Түнгі мезгілде температура төмендегенде шықтың түсуі, қызанақ жемісінің жарылуына әкеп соғады. Керісінше, ауаның төмен ылғалдылығы жоғары температурада қауіпті зиянкестердің (мысалы, өрмекші кенешігі қиярда) таралуына жағдай жасайды. Өсімдіктердің су режимі мынадай көрсеткіштермен: су пайдалану коэффициенті, транспирация коэффициенті, суару және суландыру мөлшерімен сипатталынады.Аталған дақылдан бір өлшем жерден (га немесе м2) өнім алу үшін қажетті су мөлшерін су пайдалану дейді;бірі өлшем өнім алуға шығындалған және л/кг немесе см3/г белгіленгенді су пай­далану коэффициенті дейді.1 г қүрғақ зат алу үшін шығындалған су мөлшерін (см3)транспирация коэффициентітр) деп атайды. Өсімдіктің бір өсу-даму кезеңінде 1 га жұмсалатын судың жиынтығын суландыру мөлшері,ал бір рет суарғанда жіберілетін су мөлшерін суару мөлшерідейді.

Көкөніс дақылдарында транспирация коэффициенте 350-700 мг/г аралығында және ол дақылдың түрі мен сұрпына, өсіру ортасына, топырактың қасиетіне және ондағы қоректік заттардың мөлшеріне тәуелді. Тыңайтқыш енгізгенде транспирация коэффициенті төмендейді, бірақ мұндайда бүкіл өсімдік шығындайтын судың абсолюттік (шектік) шамасы артады. Міне, сондықтан тыңайтқыштарды жеткілікті енгізгенде, әсіресе, жеңіл то-пырақтарда, ылғалдану деңгейін жоғары ұстау керек. Бұл топырақ ерітіндісінің концентрациясын көтерілуден сақтайды және тамырдың сіңіру бетін кеңейтеді. Жылыжайларда 1 кг өнім алу үшін жұмсалатын судың мөлшері (су пайдалану коэффициенті) жөніндегі түсінікті мына мәліметтер (Г.И.Тараканов және т.б., 1982) бере алады: кыста - көктемде өсірілген қиярда ол 17-23 л, қызанақта – 40-60 л. Өнімділік артқан сайын су пайдалану және транспирация коэффициенттері, әдетте, төмендей береді.Суландыру және суару мөлшелері өсімдіктің су пайдалануына, сулану тереңдігіне және дымқылдану деңгейіне тәуелді. Көшеттерді және көкөніс дақылдарын жиі, топырақтың сулану тереңдігін 20 см дейін жеткізіп суарады. Ересек өсімдіктерге су­лану тереңдігі (см) молырақ болады: қарбыз, бұрыш, балдыркөк және баялды үшін 30-40, орамжапырақ, пияз және қызанақ -40-50, тамыржемістілер, көпжылдықтар және тұқымдықтар үшін 50-60. Дақылдар үшін оңтайлы ылғалдылық - 75-80 % (ЕТСС). Көкөніс дақылдарының су режимін: дақылдарды жер бедерінің төменгі бөлігінде орналастыру, егіс қорғайтын орман алкаптарын жасау, ықтырмалы егістіктерді колдану, қар тоқтату, топырақты дұрыс өңдеу, жабындау, суландыру сияқты шаралар жақсартады. Қазақстанның солтүстігінде су ресурстарының шектеулі екенін ескеріп, көкөніс және басқа дақылдардың су режимін жақсарту мақсатында және суландыру суының шығынын кеміту үшін суландыру алдында қатараралықтарды саңылаулау өте тиімді. Қатараралықтарды қашау тәрізді қазтабанмен 20-25 см тереңдікке 2 рет суландырғаннан кейін өңдеу қызылшаның және сәбіздің өнімін 32-51 % арттырады.


.

mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.008 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал