Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Полянидің потенциалдық теориясы




Полянидің потенциалдық теориясыполимолекулалық адсорбцияны сипаттайды.Бұлтеория адсорбция шамасы мен газ қысымы арасындағы байланысты адсорбциялық кеңістік көлемі арқылы қарастырады. Теория адсорбент бетінде беттік күштердің потенциалдық өрісі болады деген қағидаға негізделген. Адсорбциялық беттегі молекулалар арасында тек қана дисперстік күштер әсер етеді, ал дисперстік күштер аддитивті және температураға байланысты емес деген тұжырымдарға сүйенеді.

Адсорбция барысында адсорбат молекулалары арасындағы әрекеттесу табиғаты өзгермейді, бірақ адсорбат молекулаларының беттегі тығыздығы (концентрациясы) артады деп қарастырылады. Адсорбциялық қабаттағы газды зат конденсацияланып, сұйық күйге өтеді. Бұның өзі адсорбциялық потенциалдың беттен қашықтыққа байланысын адсорбат көлемімен алмасты-руға мүмкіндік береді. Адсорбцияланған зат көлемін адсорция изотермасынан анықтауға болады (А = f (p/ps)):

 

V = A×Vм.(2.1)

Мұндағы Vм- конденсирленген адсорбциялық қабаттағы адсорбаттың мольдік көлемі. Адсорбциялық қабаттағы молекулалар арасындағы әрекеттесудің өлшемі ретінде адсорбциялық потенциал (e) алынған.

Адсорбциялық потенциал деп-адсорбент жоқ кезінде сұйық адсорбатпен тепе-теңдік күйдегі (қысымы рs) будың 1 моль мөлшерін адсорбентпен тепе-теңдік күйдегі бу фазасына (қысымы р) көшіру үшін атқарылатын жұмыс шамасын айтады:


(2.2)

 

 

Демек, тәжірибелік мәндерден адсорбцияланған газдың (конденсаттың) көлемін (V)жәнеадсорбциялық потенциалды (e) анықтайды. Сонан соң адсорбцияның потенциалдық қисы-ғын, яғни e = f (V) қисығын тұрғызады (2.1-сурет). Потенциалдық қисықтың түрі температураға тәуелсіз. Өйткені адсорбциялық қабатта орын алатын дисперстік күштер температураға байланысты емес.

 


 

2.1-сурет. Адсорбцияның сипаттамалық потенциалдық қисығы

 



Сондықтан әртүрлі температураларда алынған тәжірибелік мәндер бір потенциалдық қисық e = f (V) бойында жатады, яғни

 

Демек әртүрлі екі температура үшін былай жазуға болады:

 

V = A1×Vм,1= A1×Vм,1; e = R×T1×ln (ps,1/p) = R×T2××ln (ps,2/p). (2.3)

Демек, бір температурадағы изотерманы біле отырып, екінші температурадағы изотерманы анықтауға болады.

М.М.Дубининнің пікірі бойынша бір адсорбент бетіне әртүрлі адсорбаттар адсорбцияланатын болса, онда адсорбаттың кез-келген көлемінде адсорбаттардың адсорбциялық потенциал-дарының қатынасы тұрақты шамаға (b) тең болады:

 

(e / e0 )v = b. (2.4)

 

Мұндағы e0 – стандарт ретінде алынған адсорбаттың адсорбциялық потенциалы. bкоэффициентінаффиндік эффициент деп атайды.

Демек, бір адсорбат үшін сипаттамалық қисықты және аффиндік коэффициентті білетін болсақ, онда екінші адсор-баттың сол адсорбент бетіне адсорбциясын есептеуге болады.

 

3. Полимолекулалық адсорбция изотермасының


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал