Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кресло - каталкамен тасымалдау






1. Кресло-каталкадағ ы аяқ қ оятын тіреуішті еденге тигенше ең кейтеді.

2. Науқ астан аяқ тіреуішке аяғ ын салуын сұ рап, содан кейін оны қ олтық тап

кресло-каталкағ а отырғ ызады.

3. Кресло – каталканың артындағ ы рамкасын реттеп, науқ асты жартылай

отырғ ызатын немесе жатқ ызатын қ алыпқ а келтіреді.

4. Науқ асты алып жү ргенде шынтақ қ ойғ ыштың шетінен оның қ олдарының

шығ ып кетпеуін қ адағ алайды.

5. Науқ астың кереуетке отырып жатуына кө мектеседі.

6. Кресло-каталканы зарарсыздандырады.

7. Медицина қ ызметкері қ олын жуып, қ ұ рғ атады.

Науқ ас ұ зақ уақ ыт тө сек тартып жатып қ алуына байланысты оның жататын орнының ың ғ айлы ә рі таза болуының маң ызы зор. Емдеу мекемелерінде науқ астарғ а арналғ ан қ арапайым жә не функционалды кереуеттер қ олданылады. Қ арапайым кереуетте жартылай отыру қ алпын, пациенттің басын бірнеше жастық тар қ ою арқ ылы кө теріп жасауғ а болады. Функционалды кереуеттер ү ш қ озғ алмалы бө лімнен тұ рады. Кереуеттің тұ тқ аларының кө мегі арқ ылы олардың бас жә не аяқ жағ ын кө теріп немесе тө мен тү сіруге болады. Жартылай отырғ ызу ү шін бас жағ ын кө тереді.

Функционалды кереуеттің мақ саты – науқ асқ а ың ғ айлы, функционалдық жағ дай жасау.

Ең бастысы кез - келген уақ ытта пациентке тө сек-орынды ың ғ айлы, жайлы етіп беруге болатындығ ы. Науқ ас кө п уақ ытын тө секте ө ткізеді, сондық тан тө сек орны ың ғ айлы, таза, матрастарының қ аттылығ ы орташа, жатқ ан орнын ластамау ү шін клеенка тө селуі керек. Матрас ақ жаймамен жабылуы тиіс.

 

 

 

Функционалды тө сек тү рі.

Науқ астың тө сегін ә зірлеу:

Ә зірлең із:

- кереуетті, матрасты, матрастың тысын;

- жайманы, жастық ты, жастық тың тысын;

- кө рпе, зарарсыздандыру ерітіндісі, шү берек, орамал, клеенка

Іс -ә рекеттер:

  1. Қ олың ызды жуып, кептірің із.
  2. Зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылғ ан шү беректі алып, кереуетті 2 рет /арасына 15минут ү зіліс салып/ сү ртің із.
  3. Матрастың тысын кигізің із.
  4. Оны кереуеттің торының ү стіне салып, ұ зына бойы клеенка тө сең із.
  5. Оның ү стіне жайма жайып, оны матрастың астына салып, бекітіп тегістең із.
  6. Жастық пен кө рпеге тысын кигізің із

 

 

6.

 

Ауруханалық мекемелер науқ астарды стационар жағ дайында емдеуге арналғ ан. Аурухана мекемелеріне шұ ғ ыл медициналық кө мекті, сондай-ақ жү йелі бақ ылауды (науқ астың клиникалық жағ дайын бағ алау, ренгендік, электрокардиографиялық, эндоскопиялық тексерулерді, қ ан мен зә р анализдерін жә не т.б. кайталау) немесе амбулаторлық жағ дайда жургізілуі қ иындау немесе мү мкін емес емдеу тү рлерін (операциялар, кө к тамырғ а, бұ лшық етке, тері астына жә не т.б. жиі егулер, кан мен кан алмастырушыларды қ ұ ю, физиотерапия жә не т.с.с.) қ ажет ететін науқ астар жатқ ызылады.

Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқ аттанатын науқ астарды емдеуге арналғ ан бірсалалы (мамандандырылғ ан) жә не кұ рамына ә ртү рлі (мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық жә не г.б.) бө лімшелер кіретін кө псалалы ауруханалар болады.

Аурухананың қ ұ рамына қ абылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бө лімшелері, дә ріхана жә не т.б. кіреді. Мейірбикенің қ ызметтік міндеттері ең алдымен белімшенің тү ріне жә не оның бө лімшедегі жұ мысының ерекшелігіне байланысты (кабылдау белімінің, гастроэнтерологиялық бө лімшенің мейірбикесі жә не т.б.). Қ азіргі аурухана - бұ л қ ажетті емдеу-диагностикалық аспаптармен жә не қ ұ ралдармен жабдық талғ ан медициналық мекеме. Қ абылдау бө лімі, ә кімшілік-шаруашылық бө лігі жә не емдеу бө лімшелері аурухананың негізгі кұ рамдас бө ліктері болып табылады.

Емдеу бө лімшелеріне диагностикалық жә не емдеу бө лмелері, операциялық, емшаралық, таң у бө лмелері жә не мамандандырылғ ан бө лімшелер, науқ астар жататын бө лмелер кіреді. Сонымен қ атар емдеу бө лімшелерінің қ ұ рамына жү ретін аурулардың демалуына арналғ ан жерлер, асхана жә не қ осымша бө лмелер (санитарлық, булау бө лмелері, дә ретхана, тө сек-жабдық тық бө лме) жатады.

Аурухананың ә рбір белімшесінде емдеу жә не диагностикалық іс-шараларды (кө к тамырғ а қ ұ юды, кан мен оны алмастырушыларды кұ юды, жұ лын пунциясын жасауғ а арналғ ан қ ұ ралдарды даярлауды, биохимиялық анализдерге кан алуды) орындайтын іс-шаралық мейірбике болады.

Палатадағ ы ауа жылуы 18-20°С болуы қ ажет. Тұ рақ ты жылуды жә не ауа тазалығ ын қ амтамасыз ету ү шін палатаны ү немі желдетіп отырғ ан жө н. Қ ыста кү ніне 2-3 реттен кем емес, ал жазда тор болғ ан жағ дайда терезелер тә улік бойы ашық тұ руы керек. Желдету кезінде мейірбике науқ астарды жақ сылап кымтауы қ ажет. Палаталарда тек ө те кажетті жиһ аз ғ ана тұ рғ аны жө н тө сектер, тө сек жанындағ ы тумбалар, орындық тар (тө сек санына байланысты) жә не мү мкіндігінше ортақ ү стел. Есіктің жанына халаттарғ а арналғ ан ілгіш жә не қ алдық тарғ а арналғ ан бө шке қ ойылады. Палатаның ішкі қ абырғ асына ауа жылуын кө рсететін термометр орнатылады. Ә рбір тө сектің жанында мейірбикені немесе кіші медициналық қ ызметкерлерді шақ ыру ү шін тетік жә не радиокабылдағ ыш қ ұ лақ шалары болады. Жиһ аз палатаны жуып, тазалауғ а ың ғ айлы болатындай етіп қ ойылады.Тө сектер терезелері бар сыртқ ы қ абырғ а бойымен кө лденең қ ойылады. Науқ астарды қ арау, оларды аудару, іс-шараларды орындау женіл болуы ушін тө сектер арасы 1 метрдей болуы қ ажет. Сондай-ақ, ү ш қ озғ алмалы бө ліктен тұ ратын функционалдық тесектер болады. Тө сектің жанындағ ы ү стелде науқ астың жеке заттары жатады. Бұ л ү стелдегі нә рселерді мейірбике анда-санда тексеріп, ал кіші мейірбике кү нделікті сү ртіп отырғ аны жө н. Ауыр науқ астар ү шін тө сектерінің жанында қ озғ алмалы ү стелдер болады.

Медицина институтының педиатрия факультетінің студенттері практикасын база болып саналатын орталық балалар ауруханаларында ө ткізеді. Балалар хирургиясы кафедра базасы ретінде ә ртү рлі хирургиялық кеселдермен емделетін кө п профильді балалар ауруханасын таң дап алады. Бұ ғ ан кіретін хирургиялық бө лімшелер тө мендегідей: қ абылдау бө лімі, емдейтін-диагноз қ оятын бө лім, ә р саладағ ы кеселдер жататын хирургиялық бө лімшелер, қ айта жандандыру (реанимация бө лімі) жә не қ арқ ынды ем жү ргізетін (интенсивті) операция жасайтын бө лім. Клиникадағ ы хирургиялық бө лімшелердің ә рқ айсысының ө здеріне тә н ерекшеліктері жә не онда жұ мыс істейтін қ ызметкерлердің ә рқ айсысының міндеттері болады.

Хирургиялық клиникада ү ш қ абылдау бө лімі болады: біріншісі – шұ ғ ыл кө мек кө рсетуді қ ажет ететін ә ртү рлі жарақ аттары мен сынық тары бар ауруларды қ абылдайтын бө лім; екіншісі – жедел кө мек кө рсетуді қ ажет ететін, жалпы хирургиялық кеселдері бар ауруларды қ абылдайтын бө лім; ү шіншісі – жоспарлы тү рде тексеріп, диагноз қ ойып, емдеуді қ ажет ететін хирургиялық кеселдері бар ауруларды қ абылдайтын бө лім.

Қ абылдау бө лімдерінде сырқ ат балаларды дә рігерлер қ арап, жағ дайларының ауыр-жең ілдігіне бағ а бере отырып, алдын ала диагнозын қ ояды, жедел кө мек кө рсетеді, қ ажетті лабораториялық тексерулерден ө ткізеді. Басқ а маман иелерінің (педиатрдың, отоларингологтың, невропатологтың, реаниматологтың) консультациясы қ ажет болса оларғ а кө рсетіп диагнозын нақ тылайды, сө йтіп ауруды қ айсы бө лімшеге жатқ ызу керектігін шешеді. Дереу операция жасауды қ ажет ететін болса анестезиологты шақ ырып кө рсетіп, алдын ала дайындап, операцияғ а алады, содан соң кеселдің тү ріне, аурытпалығ ына қ арай мамандандырылғ ан бө лімшелерге, қ айта жандандыру бө лімшесіне жібереді. Егер баланың бойындағ ы кеселі онша ауыр болмаса, тиісті кө мек кө рсетілген соң, емханадағ ы дә рігер бақ ылаумен ү йіне жібереді. Ауруларды санитарлық ө ң деуден ө ткізген соң, санитарлардың алып жү руімен, жү ре алса жаяу, жағ дайы тым ауыр болса қ ол арбамен немесе кресломен тиісті бө лімшелерге жө нелтеді.

Емдеу – диагностикалық бө лімшелерге жататындар клиникалық, бактериологиялық, биохимиялық - лабораториялық рентген бө лімі, патолого-анатомиялық бө лім ә ртү рлі диагноз қ оятын кабинеттер, жаң а ә дістермен тексеріп жә не емдейтін лабораториялыр (эндоскопия, ультра жыбысты сканнорлар; радиоизотоптарымен тексеретін, ангиография, лазеротерпия, гипербаротерапия жасайтын жерлер). Емдеу – диагностикалық бө длімшелер аурухананың барлық бө лімдерінде емделіп жатқ ан ауру балаларғ а қ ызмет етеді.

Диагностикалық бө лімшелердің атқ аратын негізгі міндеті – соны зеттеулердің дең гейінде ә рі тез, ә рі дұ рыс қ осымша тексерулерден ө ткізіп, емдеуші дә рігерлердің дә л диагноз қ оюына кө мектесу болып табылады. Бұ л бө лімшелердің қ ызметін ұ йымдастыратын, басқ аратын, ә рбір берген тұ жырымдарының дә лдігіне жауап беретін ө з бө лім мең герушілері болады. Олардың қ ол астында аппараттар мен қ ұ рал-жабдық тарды жақ сы білетін, тиісті зеттеулерді толық мең герген, арнайы дайындық тан ө ткен мамандар істейді. Диагностикалық зерттеулер жү ргізген кездегі қ ауіпсіздігі ү шін маман дә рігер жауап береді.

Сырқ атты тексеруге мейіркеш алып барады. Тексеруге емдеуші дә рігер де қ атысып, нә тижесін басқ а да маман иелерімен бірге талқ ылағ андары дұ рыс. Тә жірибесі мол дә рігерлердің берген ақ ыл-кең есі дианозды дә л қ оюғ а, жасалатын операцияның ә дісін дұ рыс таң дап алуғ а ө те қ атты кө мектеседі.

Балалар хирургия бө лімшелері сырқ ат жасы мен жағ дайына байланысты, кеселдің тү рі мен бө лімдегі кү тім ерекшеліктеріне байланысты жабдық талады. Бұ л хирургиялық бө лімдерге: урология (зә р жү ретін жолдарының хирургиялық кеселдері, бар ауралар), абдоминальды хирургия) гастроэнтеорологиялық яғ ни асқ азан-ішек жолдары мен қ ұ рсақ қ уысы ағ заларының кеселдері бар аурулар), торакальды хирургия (кеуде ағ заларының кеселдері бар аурулар), проктология (кө тен ішегі ауыратындар), жаң а туғ ан нә рестелердің хирургиясы, пластикалық хирургия, онкология (ісіктері бар аурулар), жарақ аттар, ортопедия (сү йеніп қ озғ алатын аяқ -қ ол жү йелерінің іштен туғ ан кемістіктері бар аурулар), реанимация (қ айта жандандыру) жә не қ арқ ынды емдейтін (интенсивті) бө лімшелер жатады.

Мамандандырылғ ан хирургиялық бө лімшелерде сә билерді сол салалардың маманы (уролог, торкальды хирург, проктолог т.б.) палата дә рігері қ арап емдейді. Бө лімшелерде балаларғ а алдын ала қ ойылатын диагноздарын нақ тылай тү су ү шін, оларды жан-жақ ты тексереді, ә ртү рлі манипуляциялардан ө ткізеді, емдейді, операцияғ а дайындайды. Операциядан кейін қ ажет болса нә рестелердің жалпы жағ дайлары жақ сырып, беті бері қ арағ анша, белгілі бір мерзімге реанимацияғ а жатқ ызады, жағ дайлары жақ сарғ ан соң мамандандырылғ ан бө лімшелерге ауыстырып, ә бден сауығ ып кеткенше сол жерде емдейді.

Ә рбір мамандандырылғ ан бө лімдердегі атқ арылатын жұ мыстың ө з ерекшеліктері болады.

Қ азіргі хирургиялық бө лімдер 40-60 тө секке есептелген, палаталар дә ліздің бір жағ ына, ал мейіркеш бақ ылау балалар ауруханасын салғ анда мейіркештің қ ызмет орны палатамен, таң атын жә не ем жасайтын бө лмелермен бір блокта қ атар орналастырғ ан дұ рыс. Ә р бө лімде буфет, асхана, балалар ойнайтын, сабақ оқ итын класс, шешінетін бө лме, балалар жә не қ ызметкерлер ү шін жеке – жеке, ә жетхана, жуынып-шайынатын бө лме (ванна), тү бектер мен зә р жинауғ а арналғ ан шө лмектер тұ ратын бө лмелері мен кір жаятын жері болуы қ ажет. Бө лім мең герушісі, ағ а мейіркеш, дә рігерлер отырып жұ мыс істейтін жеке – дара бө лмелер болуы тиіс. Мейіркеш пен санитарлардың киім-кешектерін, аяқ киімдерін салып қ оятын жеке-жеке шкафтары болады. Артық -ауыс тө сек – орындарды, кө рпе-жастық тарды, ү стелдерді жинап қ оятын қ осымша бө лмелердің де болғ анын ойластырағ ан жө н.

Балалар хирургиясы бө лімінің едені тегіс, іші жарық болғ аны абзал. Балалардың ойнайтын, не сабақ оқ итын бө лмелерінде оларды ө здері салғ ан суреттерінен кө рме жасап іліп қ оятын бұ рыш болса тіпті жақ сы. Бұ ның балаларды тә рбиелеуге, науқ ас бө бектердің кө ң ілін кө теруге, емдеуге кө мегін тигізетінінде дау жоқ. Дә ліз, асханағ а, ойнайтын бө лмеге, қ ұ мырағ а ү йде, ө сірілетін гү лдер қ ойып, қ абырғ ағ а оларғ а арналғ ан ертегілерден салынғ ан кө ріністері бар суреттерді іле қ ойса болады. Бұ ның бә рі сырқ ат балалардың ауруханағ а тез ү йреніп кетуіне қ орық пауына кө мектеседі. Бірақ не болса да шегіне қ арап жасалғ ан жақ сы. Себебі ауруханада тазалық тың ұ қ ыптылық тың, жинақ тылық тың болғ аны дұ рыс.

Мейіркештің жұ мыс орны - палаталарда болып жатқ ан оқ иғ аларды оң ай бақ ылап отыратын жерге орналасады. Мейіркештің жұ мыс орны екі секретармен бір шкафпен, жазу ү стелімен жә не тумбочкамен жабдық талады. Секретер мен шкафтың есіктері қ ұ лыптану керек. Себебі олардыің ішінде бір тә улікке қ ажетті артық дә рілер, ә сер ету қ асиеттеріне қ арай ә р сө релерге топтап орналастыралады. Секретердің немесе шкафтың ішінен есігі жабылатын қ осымша екі жә шік жасалады: біреуінде улы дә рілерді (наркотикалық дә рілерді, атропинді т.б.) сақ тайды да есігіне “А” (қ ара тү спен) деген белгі жазылады, екіншісінде - ө те қ атты ә сер ететін дә рілерді (адреналинді, кофеинді т.б.) сақ тайды да есігіне “Б” (қ ызыл тү спен) деген белгі жазылады. Жекеленген сө релерде тамақ ты кө ру ү шін зарарсызданғ ан шпательдер жә не қ ызу ө лшейтін термометрлер, резең ке қ ыздырғ ыштар, мұ з қ атыратын резең ке ыдыстар сырттан пайдаланатын дә рілер, тостағ андар, артық шпирицтер мен ине салынғ ан зарарсызданғ ыш жә не жабдық тар салынғ ан бикс жә не сырқ ат кү тіміне арналғ ан басқ а жа жабдық тар қ ойылады.

Жазу ү стелінің тартпаларында жазуғ а қ ажетті заттар, температураларын кө рсететін таза парақ тар, аурудың тарихына қ осымша желімделетін беттер т.б. нә рселер сақ тадлады. Аурудың тарихын дә рігер толтырып жазғ ан соң мейіркеш аурухананың ішіндегі басқ а бө лімшелермен байланыстыратын телефон орналасқ ан жазу ү стелдерінің ү стіне ә келіп жинап қ ояды.

Хирургия бө лімшесінде 2 – 3 жерден мейіркеш жұ мыс орындары ұ йымдастырылады да, ә рқ айсысына жылжымалы графиктермен жұ мыс істейтін 4-5 мейіркеш бекітіледі. Палатада істейтін мейіркештің жұ мыс кү ні сағ ат 8-де басталады. Жұ мыс киімін ауыстырып киген соң, кезекшілік еткен мейіркештен жұ мыс орнын қ абылдап алады.

Кезекшілікті қ абылдау мен ө ткізу ең жуапты сә т, сондық тан да мейіркеш бұ л істі тікелей палатада, сырқ ат кө зінше атқ арады. Осы кезде жеке бас, тө сек – орны тазалығ ына, баланың ү лкен жә не кіші дә ретке отырғ анына кө ң іл аударғ андары жө н. Ә р палатаның мейіркеші палаталар тазалығ ын, ертең гісін сыртқ аттан лабораториялық тексреуге қ ажетті (зә р, қ ан, нә жіс, қ ақ ырық) материалдардың дұ рыс алынғ андығ ын бақ ылап, науқ асты операцияғ а дайындау барысын, таң ертең гі дә рі-дә рмектерін беріп, қ ызуын тексеріп ауру тарихына белгілейді.

Сыртқ ат балалар ү шін дә рігер белгілеуін уақ ытылы жасаудан асқ ан маң ызды ешнә рсе жоқ. Мейіркеш дә рігерлердің оң қ олы болып есептеледі. Сырқ ат балалардың сауығ ып шығ уында мейіркештің атқ аратын ролі зор. Емдеуші дә рігер қ аншама кү шті дә рі-дә рімектерді белгілесе де, кезекші мейіркештер не ұ мытып кетіп, не тағ ы бір себептермен ол дә рілер науқ астқ а берілмей қ алса, онда сырқ ат дертінен ешқ аншанда айық пайды. Сондық тан кезекші мейіркештің жұ мысын сол бө лімшенің ағ а мейіркеші кү нделікті қ адағ алап, тексеріп, бақ ылап отырғ ан жө н. Дә л осындай бақ ылауды емдеуші дә рігер же жү ргізгені дұ рыс. Сену де керек, сене отырып тесеру де керек. Себебі дә рігерлердің де, мейіркештің негізгі мақ саты – науқ ас баланы сауық тырып шығ ару болып табылады.

Палатаны қ абылдап алғ аннан кейін, кезекші мейіркешке дә рігердің қ аншалық ты жұ мсалғ анын, аурудың тарихи мен жасалатын емдерді белгілейтін дә птерді тесереді. Жұ мыс аяқ талғ ан соң мейіркешке ө зінің жұ мыс орнын тә ртіпке келтіріп ө ткізеді.

Ертең гілік, бес минуттік жиналыс кезінде, бө лім мең герушісі, немесе оның орынбасары немесе ағ а мейіркеш тү нгі кезекшілік кезінде қ анша адам тү сіп, қ анша адам шық қ анын аты—жө ні мен диагнозы) дә рі-дә рмектердің жетіспеушілігі жайлы мә ліметтерді қ ысқ аша баяндап береді. Сондай – ақ белгіленген емдердің жасауын; кеселдері кү рделі сырқ аттар, олардың дерті, қ ызуын, енгізген дә рілерге аллергиялық реакция беруі, кө ң іл кү йлері, жү ріс-тұ рысындағ ы ө згерістер туралы ерекше айтқ ан дұ рыс.

Палата мейіркеші жұ мысы – жұ мыс орнын ө зін ауыстыратын мейіркешке ө ткізіп берген соң аяқ талады.

Сырқ ат жататын палата – бө лімшедегі ең маң ызды орын. Қ алыпты жағ дайда бір сырқ атқ а 6, 5 – 7, 5 шаршы метр жер қ ажет, терезенің кө лемі еденнің кө леміне 1: 6-ғ а қ атынасындай болады. Орта есеппен ә р бө лімде 10 палатадан, оның ә рқ айсысында 2- 4 сырқ ат жатады. Жұ қ палы (инфекция) кеселі болуы мү мкін деген кү дікті науқ астың диагнозын анық тағ анғ а дейін, болмаса арнайы кү тімді қ ажет ететіндерді басқ а балалардан оқ шаулап жатқ ызатын арнайы салынғ ан екі есікті палаталар болады.

Палаталарда тә ртіп сақ талуы қ ажет. Ең бастысы бө лімелердің іші кең, таза болғ аны дұ рыс, ал ауасы уақ ытылы желдетіліп отырғ аны жө н. Балаларды емдеу мекемелеріндегі палаталардың арасы ә йнектермен бө лінеді. Бұ л мейіркештің балаларды жұ мыс орнында отырып-ақ бақ ылап отыруы ү шін ың ғ айлы.

Балаларды палаталарғ а жасына жә не дертінің біркелкілігіне қ арай бө ліп жатқ ызады. Ауруларды палаталарғ а жастарына қ арай бө ліп орналастырғ ан ың ғ айлы, себебі бірың ғ ай тө сек қ оюғ а да, оларғ а жас ерекшеліктеріне қ арай тә лім-тә рбие беруге де, тә ртіп орнатуғ а да ың ғ айлы болады. Жаң а туғ ан нә рестелерге арнайы жасалғ ан кувез бесіктері жә не қ ұ рал-жабдық тарымен жабдық талғ ан палата бө лінеді.

Палаталарғ а қ ойылатын кереует бала барлық жағ ынан келе алатындай етіп орналастырылу керек. Тө сек тартып жатқ ан, жағ дайлары ө те ауыр балаларғ а еш жерін ауыртып алмастан, ү немі ың ғ айлы жағ дай тудырып тұ ру ү шін, ақ ырындап бұ рау арқ ылы, қ ажет болса басы немесе аяғ ын кө терілетін шиқ ылдамайтын, аяқ тарында ары-бері жылжытып тұ руғ а болатындай доң ғ алақ тары бар функционалды кереует пайдаланылады.

Емшек жасындағ ы сә билер мен жасө спірімдердің астына тө сейтін қ алың кө рпесінің сыртын клеёнкамен тыстап қ ояды. Ү стіне жабатын кө рпесі мақ та-қ ағ аздан немесе жү ннен жасалғ ан болу керек. Тө сенішпен тысталғ ан кө рпенің шетін мамық астына қ айырып қ ояды. Егер сырқ ат жү руге жарамаса, онда оғ ан жеке дә рет ыдыс белгілеп, тө сегінің астындағ ы орындық қ а қ ояды. Тө сек тартып жатқ ан тым ауыр науқ ас тө сегінің жанына тамақ тану, ойнау, сабақ оқ у ү шін қ осымша ү стелдер қ ойылады.

Кейде ем жасалатын сырқ аттарды бір палатада жатқ ан кө ршілерінен уақ ытша бө лектеуге тура келеді. Ол ү шін ә рбір бө лімде жылжымалы шымылдық болуы тиіс. Тө сектердің арасында тұ ратын ә р сырқ атқ а арналғ ан кішігірім ү стелдің немесе тумбочканың ү стіне стақ андар мен су ішетін ыдыстар қ ойылса, оның ішіне жуынуғ а қ ажетті (тіс тазалайтын шө тке, паста, сабын, тарақ) заттар мен қ ағ аз, қ арындаш, қ аламсап, кітап, ойыншық тә різді ұ сақ -тү йектерді қ ояды. Ү йден ә ке-шешелері ә келген тамақ тың артылғ анын бұ зылып кетпес ү шін тоң азытқ ышқ а апарып қ ою қ ажет. Тұ рып қ алғ ан тамақ тарды балаларғ а беруге болмайды. Сә билер уланып, жұ қ палы іш ауруларын жұ қ тырып алуы ық тимал. Ө здері де хирургиялық кеселдің зардабын тартып, жандары қ иналып ә л ү стінде жатан науқ ас балалар тұ рып қ алғ ан, бұ зылып, ашып кеткен тағ амдарды ішіп уланатын болса, дерттеріне дерт қ осылып жағ дайлары нашарлап кетуі мү мкін. Тіпті кейбір кезде шетінеп кетуі де мү мкін. Сондық тан оларды тамақ тандыру мә селесіне ү лкен жауакершілікпен қ арағ ан жө н.

Осы заманғ а лайық тап салынғ ан палаталардағ ы ә р тө сектің қ асына орталық тан оттегін беріп тұ ратын жің ішке темір қ ұ бырлар орнатылады. Дә рігерлерді немесе мейіркешті дереу шақ ырып алу ү шін оның жұ мыс орнына немесе дә лізге дыбыс арқ ылы (ақ ырын естілетін шың ыл) немесе жарық сә улесі арқ ылы (қ ызыл тү сті шам) хабар берілетін сигналдаушы жасалады. Кейбір науқ ас кенет нашарлай бастаса немесе операциядан кейін жатқ ан нә рестелердің қ ұ сып жіберіп, қ ұ сығ ына шашалып, не дене қ ызуы (39-40Ә) кө теріліп, болмаса операция жасағ ан жерінің жарасынан қ ан ағ ып жатса, онда сол хабар беретін нү ктелер арқ ылы дә рігерлер отыратын бө лмеге хабар беріп, шақ ырып алуғ а болады.

Бү лдіршіндер мен мектепке дейінгі балалар жататын палаталардағ ы тө сектер электр розеткасынан, оттегін беріп тұ ратын краннан қ ашығ ырақ, қ олдары жетпейтін жерге орналастырылғ ан жө н. Олар, байқ аусызда электр розеткасына саусағ ын тығ ып алып тоқ қ а соғ ылып немесе басқ а да бір кү тпеген бақ ытсыздық қ а ұ шырауы мү мкін. Сол сияқ ты ойнап отырып байқ аусызда бір жерлерін жарақ аттап алатын ү ші ө ткір заттарды, немесе қ ұ лағ ының, мұ рынның тесіктеріне тығ ып жіберіп, қ айтып шығ арып ала алмай қ алатын, не жұ тып қ оятын ұ сақ -тү йек заттар мен ойыншық тарды науқ ас балаларғ а бермеу керек.

Ә р палатада тө сек орындармен бірге аурудың тарихын жазатын дә рігерге арналғ ан ү стел, жуынғ ыш, айна пайдаланылғ ан жаялық тарды салатын бак болуғ а тиіс.

Бө лімдерде ө здері жү ре алмайтын сырқ атты отырғ ызып немесе жатқ ызып қ ойып тамитын жылжымалы қ ол арбамен тасығ ыштар болуғ а тиіс.

Палаталардың ауасының температурасы мен ылғ алдылығ ын бірқ алыпта, қ олайлы жағ дайда таза ұ стап тұ ру ү шін уақ ытылы желдетіп тұ ру қ ажет. Таза ауаның баланың денсаулығ ына тигізетін пайдасы мол. Палатаның температурасын 20Ә С дең гейінде ұ стағ ан дұ рыс. Оны бақ ылап тұ ру ү шін ә р палатағ а термометр орнатылады. Жаз кездерінде терезені ү немі ашық ұ стауғ а болады, бірақ балалардың жас ерекшеліктеріне, мінез - қ ұ лқ ына байланысты ойнап жү ріп, кездейсоқ терезеден ұ шып кетіп, қ айғ ылы оқ иғ ағ а соқ тырмау ү шін сақ болғ ан дұ рыс. Сондық тан жаз кездерінде, оғ ан темір тор орнатады.

Кешкі уақ ытта палатаның іші электр шамдарымен жарық тандырылады. Тү нде босағ ағ а кіре берісте ә йнегі кө к тү ске боялғ ан шам орнатылады.

Емшектегі нә рестелер мен бақ ша жасындағ ы сә билердің жататын палатасына, ө те жең іл, тазалауғ а, жууғ а оң ай болатын ойыншық тар салынғ ан қ обдиша қ ойылады. Ересек балалар ө здерінің бос уақ ытын ойнайтын бө лмелерде ө ткізеді. Ә р бө лмеде балаларды тә рбиелейтін, ойнайтын ертегі ө лең оқ ып беретін тә рбиешілер болады. Жаз уақ ыттарында, кү н ашық кездерде, жү ре алатын, жағ дайлары онша ауыр емес сә билер мен бү лдіршіндерді ұ йымдасқ ан тү рде сыртқ а, таза ауағ а 1-2 мә рте серуендетіп, ойнатып қ айтады. Кө ң ілдері кө терің кі, бойлары сергек жү рген балалардың науқ астарынан тез айығ ып кететтіндігінде дау жоқ.

Мектеп жасындағ ы балалардың денсаулық тары кө терсе сабақ оқ уларына да болады. Себебі кейбір созылмалы хирургиялық кеселдері бар балалар ауруханада айлап, кейде жылдап жатып, ұ зақ емделетіндіктен, мектептегі ө зімен жасты қ ұ рбыларынан білімі жағ ынан, тә лім-тә рбиесі жағ ынан қ алып қ алмас ү шін, оларғ а негізгі пә ндердің барлық тү рін оқ ытады. Сол ү шін ірі ауруханалардың қ асынан арайы мектеп ұ йымдастырылады. Бұ ндай қ амқ орлық тың ө зі бір жағ ынан ауру балалардың дер кезінде, жан-жақ ты білім алуына кө мектессе, екінші жағ ынан олар ө здерінінің уақ ытша болса да ауыр жағ дайын, кембағ ал болып қ алғ андарын ұ мытып, бойларында ө мірге, тіршілікке деген қ ұ штарлық, ынтызарлық пайда болады. Соның нә тижесінде балалардың кө ң іл-кү йлері кө теріліп, жаң а кү ш-қ уат пайда болып, ауруларынан тез сауығ ып кетуге ұ мтылады. Тіпті ұ зақ ауырғ ан балалар сол кеселдерінің зардабынан мә ң гі бақ и кембағ ал, мү гедек болып қ алса да оқ удың, білім алудың сол баланың одан арғ ы ө міріне тигізетін пайдасы зор болмақ.

Тамақ ішетін бө лме.

Сырқ ат ішетін тағ амдар жеке жерде, аурухананың асханасында дайындалады. Сол жерден арнайы ыстарғ а салып, қ ол арбамен бө лімдердегі буфетке алып келеді. Буфетте ү стелдер, ыстық суық суы қ атар ағ атын, ішіне ыдыстарды салып қ ойып жуатын ү лкен тегештер, жуылғ ан ыдыс аяқ тарды кептіретін шкафтар, нан кесетін тақ тайлар болады. Буфеттің қ асына ересек балалар ө здері келіп тамақ ішетін шағ ын ғ ана зал орналасады. Жас нә рестелер мен сә билерді палаталарда тамақ тандырады, ол ү шін тамақ салынғ ан ыдыстарды қ ойып таситын жылжымалы кішкентай ү стелдер мен орындық тар болуы керек. Ауруханадағ ы балаларды сапалы тағ амдармен уақ ыттылы тамақ тандыру – емдеудің ең басты бір бө лігі болып саналады. Қ азақ тың “ас тұ рғ ан жерде ауру тұ рмайды, “ас адамның арқ ауы” деген секілді аталы сө здері бекер айтылмаса керек. Сондық тан балаларды тамақ тандыру мә селесіне ү лкен мә н берген дұ рыс. Буфет пен тамақ танатын орынды ө те таза ұ стау қ ажет. Ол жерге тамағ ының сапасына жауап беретін диеталық дә рігер мен мейіркеш аспаз жә не даяшыдан басқ а ешікімнің де кіруге қ ақ ысы жоқ. Балаларды тамақ тандыратын мейіркеш, тағ амдарды арнайы таксыларғ а бө ліп салып беріп тұ ратын буфеттің терезесінің бер жағ ында тұ рады, ары ішіне кіруге болмайды. Егер буфеттегі тағ амдарғ а кездейсоқ микробтар немесе улы заттар тү сіп кетсе, онда сол тағ амдарды ішкен бө лімдегі барлық балалардың іші ө тіп немесе уланып қ алуы мү мкін. Бұ л ө те қ ауіпті. Ә рқ ашан сақ болғ ан жө н.

Таң атын бө лме. Ә рбір хирургиялық бө лімдерде таза жараны таң атын жә не ірің ді жараны таң атын екі бө лме болу керек. Егер мұ ндай мү мкіншілік болмаса, онда алдымен таза хирургиялық, содан кейін ірің ді хирургиялық кеселі бар сырқ ататтарды қ абылдайды.

Барлық бө лмелер арнайы аспаптармен, жеткілікті дә рі-дә рмектермен, таң атын жабдық тармен қ амтамасыз етіледі. Жұ мыс аяқ талғ ан соң бө лмелердің ішін жуып тазалайды, бактерицидті шамдарды қ осады, қ ұ рал-саймандарды зарарсыздайды. Таң атын бө лменің тазалығ ын, асептика мен антисептиканың мұ қ ият сақ талу жуапкершілігін мейіркешке жү ктейді.

Тексеретін жә не ем жасайтын бө лме. Бұ л бө лмені негізінен сырқ ат балалардың кеселінің тү рін анық тап, диагнозын нақ тылау ү шін медициналық қ ү рал-саймандардың кө мегімен қ осымша тексерулерден ө ткізеді. Қ ажет болса емдейді. Ө ң ешті, асқ азанды, ұ лтабарды кө збен кө ріп тексеру ү шін эзафогогастро-дуодноскопия кө тен ішек пен тоқ ішек ү шін ректоколоноскопияны кең ірдек пен ө кпенің бронхылары ү шін – бронхоскопияны; ү рпі мен қ уық ү шін – уретроцистоскопия тә різді аспаптарды пайдаланады. Ө ң ештері кү йіп тарылып қ алғ ан сә билер ө ң ешін, ү рпілері жыртылып кетіп тарылып қ алғ ан балалардың ү рпілерін кең ейтуді осы арада іске асырады. Асептика мне аитисептиканың сақ талуын мұ қ ият қ адағ алап отыру керек.

ЕМХАНАДА БАЛА ХИРУРГІНІҢ ЖҰ МЫСЫН Ұ ЙЫМДАСТЫРУ ЖӘ НЕ БӨ ЛІМШЕЛЕРДІҢ Қ Ұ РЫЛЫСЫ МЕН ЖАБДЫҚ ТАЛУЫ

Емханалық мекемелердің алдында тұ рғ ан ү лкен мә селе, бұ л емханада ө ткізілетін емдеу – сауық тыру шараларын жетілдіру жә не тұ рғ ылық ты халық қ а білікті медициналық кө мек кө рсетуді ұ йымдастыру болып табылады. Медициналық кө мек кө рсету жоғ ары дә режеде жү зеге асырылуы керек, себебі қ азіргі кү н талабы осыны қ ажет етеді. Емхана жағ дайында келесі шаралар ө ткізілуі тиісті:

- жедел аурулары мен жарақ аттары бар науқ астарғ а алғ ашқ ы жә не шұ ғ ыл кө мек кө рсету;

- іштен туа болатын даму ақ ауларын жә не ауруларды ерте анық тау, себептерін зерттеу;

- емді қ ажет ететін науқ астарды дер кезінде ауруханағ а жатқ ызу;

- диспансерлік есепке тұ рғ ызуды қ ажет ететін науқ астарды анық тап, іріктеп, толық зерттеп, сауық тыру шараларын ө ткізу;

- тү рлі анық тама қ ағ аздарын беру (сабақ тан босатылғ андығ ы, дене шынық тыруғ а қ атыспауғ а, ү йде оқ ытуғ а) жә не ата-аналарына ең бекке жарамсыздық қ ағ аздарын толтыру;

- хирургиялық манипуляциялар мен емдеу - сауық тыру шараларын ө ткізу;

- мү гедек, мү гедектік белгілері бар балаларды медициналық ә леуметтік тұ рғ ыда сараптау комиссиясына жіберу.

Осы мә селелерді дұ рыс шешу бала хирургінің атқ аратын міндетіне жү ктелген.

Емхананың қ уаттылығ ы кү ніне келетін адамдардың санымен есептелініп, ол 5 топқ а бө лінеді: кү ніне 1600 адам келетін болса – І топ; 1200 – ІІ топ; 800-ІІІ топ; 600-ІV топ; 400-V топ. Хирургиялық бө лімшенің қ ұ рылымы жә не дә рігерлердің орын саны емхананың қ уаттылығ ына байланысты (1-ші кесте).

1-ші кесте

Емханадағ ы хирургиялық бө лімшенің қ ұ рылымы мен

дә рігерлердің орын саны

Қ ұ рылымы Дә рігерлік орын саны

І

топ ІІ

топ ІІІ топ ІV топ V

топ

Хирургиялық бө лімше 6, 0 4, 5 3, 0 2, 3 1, 5

Қ ұ рамы:

Жарақ атқ а жә рдем беру бө лмесі

1, 5

1, 0

0, 5

Онкологиялық бө лме

1, 0 0, 5 - - -

Урологиялық бө лме 1, 0 0, 5 - - -

Кішігірім аудандық емханада хирургиялық бө лімше дә рігердің бө лмесінен жә не байлап-таң у бө лімшесінен тұ рады. Ү лкен кө лемде жұ мыс жасайтын емханаларда дә рігер бө лмесі мен таң у бө лмесінен басқ а асептикалық операцияларғ а арналғ ан бө лме болуы керек.

Қ алалық, облыстық емханаларда операция жасайтын, операция алдындағ ы бө лмелер жә не залалсыздандыру бө лмесінен тұ ратын операциялық блок болады. Арнайы хирургиялық қ абылдауды бірнеше дә рігерлер: травматолог – дә рігер, ірің ді жараны емдейтін хирург, жалпы хирург, уролог ө ткізеді (2-ші кесте).

2-ші кесте

Емханадағ ы хирургиялық бө лмелер саны

№ Арнайы бө лмелер І топ ІІ топ ІІІ топ ІV топ V топ

1 Бө лім мең герушісінің бө лмесі 1 1 1 1 1

2 Хирургтің бө лмесі 3 2 2 1 1

3 Урологтің бө лмесі 1 1 - - -

4 Урологиялық науқ астарғ а емдеу шараларын ө ткізетін бө лме. 1 1 - - -

5 Операция алдындағ ы бө лме. 1 1 - - -

6 Операция жасайтын бө лме 1 1 1 - -

7 Таза байлап-таң у бө лмесі 1 1 1 1 1

8 Ірің ді жараларды байлап-таң у бө лмесі 1 1 1 1 1

9 Травматолог дә рігердің бө лмесі 1 - - - -

10 Залалсыздандыру бө лмесі 1 1

1 1 1Қ ұ рылыс жобасы мен емдеу – профилактикалық мекемелердің ережелеріне байланысты дә рігер бө лмесінің ауданы оның жұ мыс кө леміне байланысты 10-15 шаршы метрден кем болмауы керек. Таң ып - байлау бө лмесінің ауданы бір операция жасалатын столғ а кем дегенде 15-16 шаршы метрді қ ұ рауы қ ажет. Сонымен қ атар ә р қ осымша столғ а 8 шаршы метрден қ осылады. Операциялық зал ө лшемі операциялық блокты ұ йымдастырғ анда 3, 2 м х 4 – 4, 5 метрден аз болмайды

Емханадағ ы хирургиялық бө лімшенің жабдық талуы ауқ ымды болмауы керек. Дә рігер бө лмесінде стол, екі орындық, науқ асты қ арауғ а арналғ ан қ атты кереует (баланың киінуі мен шешінуіне қ олайлы болуы ү шін қ атты кереуетті арнайы матамен бө ліп қ ояды), рентгенограмманы қ арау ү шін неготоскоп болуы шарт. Ү лкен кө лемді жұ мыс кезінде медициналық қ ұ жаттарды толтыру ү шін медбикеге арналғ ан қ осымша стол мен орындық қ оюғ а болады.

Таң ып-байлау бө лмесінің жабдық талуы тө мендегідей: залалсыздандырылғ ан қ ұ рал-жабдық тарғ а арналғ ан стол; науқ асқ а арналғ ан арнайы стол; жұ мыс барысында қ олданатын дә рілер мен ерітінділерге арналғ ан стол; емдік дә рі-дә рмектер мен таң уғ а арналғ ан жабдық тарды сақ тайтын шкаф; залалсызданғ ан жаялық тарды жә не таң ып - байлауғ а арналғ ан жабдық тар салатын бикстерді қ оятын темір аяқ шалар, екі орындық.

Таң ып-байлау бө лмесінде қ олды жууғ а арналғ ан керекті заттардың барлығ ы болуы шарт. Сонымен қ атар гипсті дә келерді сақ тайтын жә не гипстік таң ғ ыштарды шешуге арналғ ан қ ұ рал – саймандарды қ оятын кішігірім шкафтың болуы қ ажет.

Операциялық блоктың жабдық талуы келесідей: операциялық стол, стационарлық стол жә не хирургиялық қ ұ рал жабдық тарды қ оюғ а арналғ ан жылжымалы стол, дә рі-дә рмектерге арналғ ан стол, винтті табуреткалар (2-3 данасы), залалсыздандырылғ ан жаялық тар мен таң ып байлауғ а арналғ ан жабдық тар салынғ ан биксті қ оюғ а арналғ ан ү стелше, кіші операциялық немесе жалпы хирургиялық қ ұ рал-саймандар жиынтық тары, залалсыздандыруғ а арналғ ан қ ұ рғ ақ бу шкафы (1 – ші сурет).1 – ші сурет. Операция алдындағ ы медбикенің дайындығ ы

Емханада хирургиялық бө лімшенің жұ мысын дұ рыс ұ йымдастыру нә тижесінде науқ ас балаларды қ абылдау жылдамдатылады, диагностикалық шаралардың жә не емдеу жұ мыстарының сапасы айтарлық тай жоғ арылайды. Емханалық мекемедегі хирургиялық мамандығ ы бар дә рігердің 1 сағ аттық жү ктемесі тө мендегідей: хирург ү шін – 9 науқ ас, травматолог пен ортопед ү шін – 7 науқ ас, уролог ү шін – 5 науқ ас. Профилактикалық тексеруде хирург 14 баланы қ абылдауы керек.

Хирургтың қ абылдауында болатын балалардың 50 пайыздан артығ ы біріншілік келген науқ астар. Олардың арасында тү рлі жарақ аттың зақ ымдануы бар науқ астар кө п кездеседі.

Хирург жұ мысының негізгі міндеті ауруханағ а жатқ ызуды қ ажет етпейтін науқ астарды қ абылдау, тексеру, аурудың диагнозын қ ою жә не емдеу болып табылады. Сонымен қ атар ауруханадан шығ арылғ ан науқ астар емдерін жалғ астырады.

Науқ астарды зерттеу ү шін барлық қ ажетті тексеру ә дістері ө ткізіледі. Оның қ ұ рамына жалпы физикалық (қ арау, пальпация, аускультация), инструменталды (рентгенмен, эндоскопиялық, ультрадыбыстық), зертханалық (қ ан, зә р, нә жіс анализдері, бактериологиялық, цитологиялық жә не серологиялық зерттеу, пунктаттар, шайылғ ан сулар) тексеру тә сілдері кіреді. Науқ асты зерттеу нә тижесінде аурудың диагнозы қ ойылып, емдік шаралар ө ткізіледі немесе кеселдің алдын-алу бағ ытында істер жү ргізіледі.

Хирургиялық науқ астарды емдеу консервативті, сонымен қ атар оперативті тә сілдермен іске асырылады. Операциялар кө лемі бойынша кіші, ал уақ ыты бойынша қ ысқ а болуы шарт. Операциялар жедел жә не жоспарлы тү рде жү ргізіледі. Жоспарлы операцияларғ а арнайы кү н, уақ ыт бө лінуі қ ажет.

Бала хирургінің жұ мыс кө леміне жоғ арыда айтылғ андардан басқ а келесі іс-шаралар кіреді: амбулаторлық картаны толтыру, науқ астарды диспансерлік есепке алу, рецептер жазу жә не ауруханаларғ а немесе жоғ арғ ы дә режелі маман дә рігерлердің кең есіне бағ ыттау.

Қ абыну белгілері айқ ын жедел ірің ді процестерге жасалатын операциялар науқ асты алғ ашқ ы рет қ абылдағ ан кезде жедел тү рде ө ткізіледі. Оны ірің ді жараларды таң ып байлау немесе арнайы бө лінген операция бө лмесінде орындайды. Жоспарлы операцияларды емхананың хирургия бө лімшесінің жұ мысына қ олайлы кү ндері, «таза» операция бө лмесінде жасалуы қ ажет. Сонымен қ атар бұ л операция бө лмесінде жедел жарақ ат алғ ан науқ астардың жарасына алғ ашқ ы хирургиялық ө ң деу жасалынады.

Хирург қ айталап байлап-таң уды қ ажет ететін науқ астарды қ абылдауғ а келетін уақ ытты нақ ты, дә л сағ атын белгілеуге тиісті.

Емхананың хирургиялық бө лімшесінде асептика ережелері қ атаң сақ талынады. Емдеу барысында мү мкін болатын асқ ынулардың алдын-алу шаралары ө ткізіледі. Қ азіргі заманда емханалардың қ ұ рылысында қ ұ рал-саймандарды, операциялық жаялық тарды жә не таң ып байлауғ а арналғ ан жабдық тарды залалсыздандыруғ а арналғ ан арнайы орын қ арастырылғ ан.

Оперативті іс-ә рекеттердің кө лемін кең ейту қ ажеттілігін айрық ша атап ө ткен жө н. Хирургиялық стационарларғ а аса ауыр науқ астар жатқ ызылады, ал емхана жағ дайында емдеуге болатын аурулар міндетті тү рде емханада емделуі қ ажет. Сол арқ ылы ауруханадағ ы тө сектер босатылып, тө сектік қ ор тиімді пайдаланылады, қ осымша резерв қ ұ рылады. Емханадағ ы хирургтердің дә режесі артып, жұ мысқ а деген қ ызығ ушылығ ы жоғ арлайды. Кө рсетілетін хирургиялық жә рдем кө лемін кең ейту керек. Бірақ бұ л балаларғ а кері ә серін тигізбеу ү шін, ү лкен асқ ынуларды болдырмау мақ сатында науқ астар біртіндеп қ абылданады, асептика ережелері қ атаң сақ талынады, жансыздандыру толық жү ргізіледі.

Қ АЙТА ЖАНДАНДЫРУ ЖӘ НЕ Қ АРҚ ЫНДЫ ЕМДЕУ БӨ ЛІМШЕСІНДЕГІ ОПЕРАЦИЯДАН КЕЙІНГІ СЫРҚ АТ КҮ ТІМІ

Медицинаның бұ л саласы бү гінгі таң да бұ дан 10-20 жыл бұ рын ем қ онбай шетінеп кететін нә рестелердің ө мірін қ ұ тқ араып ала алатындай дә режеге жеттік. Сондық тан да қ айта жандандыру мен қ арқ ынды емдеудің негізгі принциптерін оқ ып - ү йренуде жоғ арғ ы оқ у орындарында ө те зор кө ң іл бө ліп келеді.

Қ айта жандандыру жә не қ арқ ынды емдеу бө лімшесіндегі сырқ аттар ауруханадағ ы емделіп жатқ ан балалардың ішіндегі ең ауыры, ең кү рделісі. Бұ л бө лімде емделуге тиіс сырқ аттарғ а мыналар жатады:

1. Қ арқ ынды емдеуді қ ажет ететін кү рделі кеселді жә не тым ауыр операциялар жасалғ ан сырқ аттар;

2. Операциядан кейін ө міріне қ ауіпті асқ ынуы бар сырқ аттар.

3. Хал ү стінде жатқ ан (предагональды) жә не жантә сілім ү стіндегі (агональды) сырқ аттар.

4. Жарақ аты ауыр ә л ү стінде жатқ ан сырқ аттар.

5. Операцияны жасамай тұ рғ анда ауыр кесел зардабынан зат алмасу мен метаболикалық қ ұ былыстарды қ алпына келтіру ү шін қ арқ ынды емдеуді қ ажет ететін сыртқ аттар.

Қ айта жандандыру жә не қ арқ ынды емдеу бө лімшесінде арнайы бө лінген зал болады. Онда тынысы немесе жү регі тоқ тап қ алғ ан нә рестелерді қ айта тірілту ү шін тиісті кө мек кө рсетіледі. Қ айта жандандыру жә не қ арқ ынды емдеу бө лімшелері қ ажет болып қ алса жедел тү рде диагноз қ оюғ а жә не шұ ғ ыл емдеуге қ ажетті қ ұ рал-саймандар мен дә рі-дә рмектердің бә рімен де қ амтамасыз етілу керек.

Ә р тө сектің басында орталық тандырылғ ан оттегін беретін аппарат, вакуум жә не жедел кө рсетуге қ ажетті (дыбыс шығ ару немесе жарық арқ ылы) хабар беретін нү ктелер орнатылуы тиіс.

Бө лімшеде сырқ аттың жү регі мен миының жұ мысын бақ ылап, оларғ а диагноз қ ойып тұ ратын электрокардиограф, электроэнцефалограф деген жә не тыныс алуды зерттейтін спирометр, импедансты пневмограф плетизмограф, валюметр, қ озғ алғ ыш рентген аппараты тә різді қ ажетті аппараттардың болуы міндетті. Ә ртү рлі биохимиялық зерттеулер жү ргізу ү шін бө лімшенің лабораториясында мынандай приборлар болуы керек: РН–метр, жалынды фотометр, фотоэлектроколориметр, спектрофотометр.

Емдеу іс-ә рекеттерімен қ амтамасыз ету ү шін бө лімшеде ересек балалар ү шін РО-3, РО-5, РО-6 жә не жас нә рестелерге арналғ ан ВИТА – 1 жасанды тыныс алдырғ ыштары (респираторлары) болуы керек. Сол сияқ ты кенет тоқ тап қ алғ ан жү регін электр тоғ ымен ұ ру арқ ылы іске қ осатын дефибрилляторлар, электр сорғ ыштар, жасанды жө телтетін аппараттар, тыныс жолдарын қ арап тазалайтын бронхоскоптар, кардиостимуляторлар, ингаляторлар жә не басқ а да приборлар болады. Бө лімшеде артерия мен венасына (венесекция, артериосекция), кең ірдекке (тахеостомия), плевра қ уысына (торокотомия), жә не жұ лын миына пункция жасауғ а арналғ ан зарарсызданғ ан қ ұ рал-саймандар болуы шарт. Жоғ арғ ы қ ысыммен берілетін оттегімен емдейтін (гипербариялық оксигенация), “жасанды бү йрек”, гнотобиологичлық камера тә різді медицинаның осы заманғ ы ү здік аппараттары болса ө те пайдалы.

Мониторлардың бір қ асиеті науқ ас жү регінің жұ мысын ЭКГ арқ ылы, оның тамыр соғ ысын, артерия жә не вена қ ан қ ысымдарын, тыныс алуын ми жұ мысын электроэнцефалограф арқ ылы, дене қ ызуын жә не басқ а толып жатқ ан кө рсеткіштерін экраннан ү немі бақ ылап, қ ажет бола қ алса тиісті шаралар қ олдануғ а мү мкіндік туғ ызады.

Қ айта жандандыру жә не қ арқ ынды емдеу бө лімшесіндегі іс-қ ағ аздарын дұ рыс толтыруғ а ә сіресе сырқ аттың жеке басына арналғ ан бақ ылау парағ ын мұ қ ият жазуғ а ө те қ атты кө ң іл бө леді. Мейірбике дә рігердің белгілеп берген емдерін мұ қ ият орындап шық қ ан соң емнің жасалғ ан уақ ытын дә л кө рсетіп бақ ылау парағ ына да жазып қ ояды. Сырқ аттың тамыр соғ ысы, тыныс алуы, дене қ ызуы, қ ан қ ысымы, бө лінген несебі, ү лкен дә реті тә різді физиологиялық кө рсеткіштерін ә р сағ ат сайын бақ ылау парағ ына белгілеп отырғ ан дұ рыс. Егер сырқ ат қ ұ сығ ында (қ ан, запыран, нә жіс араласып) ө згерістер болса немесе терісі қ ызарып, кө геріп, бозарып, ағ арып, кенеттен ес-тү сінен тану жә не сандырақ тау сияқ ты ауытқ улар мен асқ ынулар нышандары біліне бастаса, сол сә тті дә л кө рсетіп жазу керек. Ә р кү нге жаң а бақ ылау парағ ын арнап, ескісін сырқ аттың ауру тарихына желімдеп қ ояды.

7.

НАУҚ АСТЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒ ДАЙЫН БАҒ АЛАУ






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.