Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Спонтанды пневмотораксты емдеу






Емнің негізі консервативті тә сілден қ ұ рылады. Алдымен плевра пункциясы орындалынып бос ауа сорылады. Пункцияны бұ ғ ананың орталық жолымен II—III қ абырғ алар арасында орындайды. Ауаны инеге тығ ыз жалғ анғ ан электр сорғ ышымен сорғ ызады. Бұ л тә сілмен ө кпені қ ысылудан бірнеше сағ аттан 2—3 тә улікте босатуғ а болады.

Ауаны сорғ ызудан бұ рын торокоскопия орындалынып буллаларды кү йдіреді, жабысқ ақ тарды кеседі, фибринді тазартады.

Пневмотораксты операциямен емдеу тек қ ана аталғ ан комплексті консервативті тә сіл нә тиже бермегенде қ олданылады. Операция тү рлері: плеврэктомия, кө піршіктерді тіліп алу, ө кпенің жыртығ ын тігу.

Гемотораксты емдеу тә сілі плевра қ уысына қ ан тө гілу тоқ талды ма, қ ан ағ уы созылып кү шейді ме деген сұ рақ тармен байланысты.

Егер қ олданылғ ан консервативті емге қ арамай, ауыр гемотораксқ а қ оса қ ан ағ уы кү шейе тү ссе, не тоқ тамаса торакотомия операциясын жасап қ ан ағ уының себебін жою қ ажет.

Кө бінесе болмашы гемоторакстар ө здігінен тоқ тайды. Бұ дан соң плеврадағ ы қ анды пункциямен сорып, ө кпені босатып, қ ажет болса ауруғ а қ ан кұ йылады.

Ү лкен жә не ұ йығ ан гемотораксті емдеу қ иындық қ а соғ ады. Ө йткені плевра қ уысында ұ йығ ан қ ан ә лбетте инфекцияғ а шалдығ ып, эмпиемағ а соғ ады. Сондық тан ұ йығ ан гемотораксті бірнеше тә уліктен соң торакотомия операциясымен емдеу қ ажет. Торактомиялық жараны толық тігіп, одан соң плеврағ а жиналғ ан экссудатты пункциямен сорады. Егер торактомия ү стінде плеврадағ ы қ анның іріндегені анық талса - операциядан соң ғ ы емді эмпиеманы емдеу шартымен орындайды.

Плевра пункциясы қ алай орындалады? Плевра қ уысынан бос ауаны алу ү шін отырғ ан адамның II-III-ші қ абырғ алары арасында (бү ғ ананың орталық шебімен), ал жатқ ан адамның IV-VII қ абырғ алары арасында қ олтық тың орталық шебімен пункция жасалады.

Егер плевра пункциясы одан қ ан не басқ а сұ йық тар алу ү шін орындалатын болса, пункцияны VI-VII қ абырғ алар арасында қ олтық тың орталық не артқ ы шебінен ауруды отырғ ызып жасайды. Пунқ ция жасалатын жерді йод, спиртпен сү ртіп, 0, 25—0, 5% новокаин ерітіндісімен анестезия жасайды. Қ абырғ а арасының қ ан тамырын жарақ аттамау ү шін инені тө менгі қ абырғ аның жоғ арғ ы жиегіне жақ ын тү йрейді. Бос ауағ а, қ анғ а толғ ан шприцті босатқ анда плевра қ уысына сырттан ауа енгізбеу ү шін, инеге резең келі тү тік жалғ анады. Шприцті босатудан бұ рын тү тікті қ ысқ ышпен қ ысып, кеуде қ уысына сырттан ауа енуіне кедергі жасалады. Пункциядан соң ғ ы жарақ атты йодпен сү ртіп, лейкопластырмен жабады.

Плевра қ уысынан кө п мө лшерде ауамен сұ йық ты тез сорғ анда, аурудың басы айналып, талып, жү регі соғ уы жиілеуі мү мкін.

Медиастинит - жарақ аттанғ ан ө ң ештен, кең ірдектен шыкқ ан микрофлораның кө кірекке жайылуына сә йкес басталады. Кейде кө кірекке тө гілген қ анның ірің деуіне байланысты. Бұ ғ ан себеп - ірің ді, шіріткіш, клострийді микробтар. Науқ асты кеуде шаншып ауыруы мазалайды, кеуде ауыруы жұ тынғ анда жә не басты шалқ айтқ анда кү шейе тү седі (симптом Герке). Алдың ғ ы медиастинитте ауыру тө с сү йегіне жақ ын, ал артқ ы медиастинитте - ауыру екі жауырын арасында орналасады.

Ә лбетте, медиастинит жарақ аттан соң ғ ы 2-3 тә улікте басталады. Ауру жедел дене қ алтырап мұ здау, қ ызудың 40 градусқ а дейін кө терілуі, терлеуден басталады. Дене қ ызады, қ ызарады, еріндер кө гереді, ентігу, жү рек соғ уы жиілейді. Артерия қ ан қ ысымы дұ рыс, венозды қ ан қ ысымы кө терілген. Қ анда - улану тү йіршіктері, гиперлейкоцитоз жә не ЭТЖ жоғ ары.

Кө кірек май қ абатының ісінуі - кезбе жә не кө к ет жү йке тамырларын, қ ан тамырларын, ө ң еш пен кең ірдекті қ ысады. Осығ ан сә йкес дисфагия, кү шті жө тел, дауыс қ ырылдауы, жү рек соғ уы бұ зылуы, кө к ет жағ дайы нашарлануы басталады. Мойын мен кеуденің, тері астының эмфиземасы кездесуі мү мкін.

Рентгенмен тексергенде - кө кірек қ уысының кең ейгені, онда бос ауа мен сұ йық тың жиналғ аны анық талады.

Токсиндердің денеге сің уі науқ астың жалпы жағ дайын аз уақ ытта нашарлатады. Сондық тан мұ ндай ауруларды интенсивті терапиямен жедел даярлап операцияғ а алу қ ажет.

Операциядан соң ғ ы кезенде - жараны аспирациялы тә сілмен ірің нен тазарту, зонд арқ ылы калориялы тағ амдар, кү шті антибактериальды дә рілер, лимфа, гемосорбция, жасанды дем алу (ИВЛ), ГБО пайдаланылады.

Медиастиниттің алдын алу ү шін оның себептерімен дұ рыс кү ресу қ ажет. Кең ірдек жыртылса - жедел торакотомия жасап - кең ірдектің жыртығ ының шеттерін тазартып синтетикалы жіппен, атравматикалы инемен тігеді.

Ө ң еш жыртылса-алдымен ауызбен тағ ам қ абылдауды тоқ татады, гастростомия (қ арынды тесіп, оғ ан тү тік орнату), антибактериальды, инфузиялы терапия пайдаланылады. Кеуде флегмонасы басталса-операция жасалып, жараны дренаждау орындалады.

Пневмония - шоктың салдарымен ө кпеде қ ан айналысы нашарлануымен, қ ақ ырық пен, қ ұ сық пен, қ анмен дем жолдарының бітелуімен, наркоз аппараттары арқ ылы ө кпеге микробтар енуімен, ө кпе қ ысылуымен, майлы эмболиямен байланысты басталады. Қ анғ а мө лшерсіз кө п сұ йық дә рілер жіберілуі, кө п қ ан қ олданылу, кеудеге қ ысып байлам салу т.б. себептердің де маң ызы зор. Пневмонияғ а стафилококктар жә не пневмококктар, клостридиялы емес анаэробтар себепші болады.

Пневмония травмадан соң ғ ы 5—6 тә улікте жедел басталады. Травмадан соң ғ ы жағ дайы тү зеле бастағ ан науқ астың кеуде ауырсынуы кү шейе тү седі, дене қ ызуы кө теріледі, қ алтырайды, дене қ ызарады, ірің ді қ ақ ырық, жө тел, ентігу қ осылып жү рек соғ уы жиілейді. Ө кпеден қ атты дыбыс жә не дымқ ыл қ ырыл естіледі. Қ анда — нейтрофилді лейкоцитоз. Рентгенмен тексергенде - ө кпе қ араюы анық талады.

Гидропневмоторакс- кеуде (плевра) қ уысына су мен ауа жиналуы. Мұ ны кейде пневмоплеврит, не сұ йық ты пневмоторакс деп атайды. Жиналғ ан сұ йық тың тү ріне сә йкес гидро (су), пио (ірің), гемопневмоторакс (қ ан) деп бө леді.

Бос ауа қ осылса, плеврадағ ы сұ йық тың жоғ арғ ы шебі тегіс (кө лденең дең гей), ол дененің қ озғ алуына сә йкес қ озғ алады. Плевра қ уысында жабысқ ақ ты ү рдіс орын алса, соғ ан сә йкес сұ йық тың аумағ ы, орны, жайылуы ө згеріп, қ оршалғ ан гидропневмоторакс пайда болады.

Гидропневмоторакстың рентгендік диагнозы онша қ иын емес - плеврада жоғ арғ ы шебі тү зу сұ йық анық талса диагноз толық шешіледі.

Плеврит (плевра эмпиемасы)- плевраның қ абынуы оның қ ызаруына, ісінуіне, бетіне фиброзды тіндер жабысуына, немесе плевра қ уысына су, кейде ірің жиналуына ә кеп соғ ады. Осығ ан сә йкес плевриттің қ ұ рғ ақ, дымқ ыл, сулы тү рлерін бө леді.

Себебіне сә йкес стрептококкты, стафилококкты, пневмококкты, анаэробты, туберкулезді, грибокты т.б. тү рлері бар.

Плевриттің жиі себебі туберкулез жә не ө кпенің ісік аурулары, лимфа бездерімен, кеуде безінің ісік аурулары болады.

Кабырғ алар остеомиелиті, кеуде кө ршиқ аны, кеуде безінің іріндеуі де плевритке соғ уы мү мкін. Кө к еттен тө мен абсцесстер, белдің ішпердеден тысқ ы флегмонасы да лимфа ө зектері арқ ылы экссудативті плевритке ә келуі мү мкін.

Сондық тан сепсиспен ауыратын, не іріндеп асқ ынғ ан ү лкен жаралары бар адамдарды ү здіксіз бақ ылап, олардың ішкі мү шелерін зерттеп отыру қ ажет. Ө йткені ірің ді аурулардың себебімен басталатын плеврит анық белгісіз басталады да, кө бінесе кездейсоқ жағ дайда анық талады.

Плевриттің жайылғ ан аумағ ына сай оның бос жә не қ оршалғ ан тү рлерін бө леді. Қ оршалғ ан тү рінде экссудат плевра қ уысында жиналып қ апшық пен қ оршалады. Қ оршалғ ан плевриттің бір жә не бірнеше бө лігі болуы мү мкін. Экссудаттың орналасқ ан орнына байланысты эмпиеманың жоғ арғ ы, плевра кү мбезіне жақ ын, қ абырғ ағ а жақ ын, тө менгі кө к етке жә не кө кірекке жақ ын, ө кпемен кө кірек аралығ ында, ө кпе бө лшектері арасының тү рлері бар.

Эмпиеманың сыртқ ы ортамен байланысты ашық жә не байланыссыз жабық тү рлерін бө леді. Жабық эмпиемада оның іші толық жабық, сыртқ ы ортамен қ атынассыз.

Ашық эмпиемада оның іші бронх не кеуде жыланкө здері арқ ылы сыртқ ы ортамен қ атынасты.

Эмпиеманың бірінші жә не екінші тү рлері бар.

Бірінші эмпиемада инфекциялы ү рдіс алдымен плевра қ уысында басталады. Бұ ның себебі болып кеуденің жарақ аттануы саналады.

Эмпиеманың екіншісі инфекциялы ү рдістің плеврағ а басқ а мү шеден (ө кпеден, кеудеден, денеден) қ анмен, лимфамен жайылуымен байланысты. Мысалы, пневмония, гангрена, абсцесстерде.

Плевра қ уысына тө гілген қ ан микробтарғ а жақ сы " тағ ам" болып, жиі инфекцияланып ірің дейді. Сондық тан плеврағ а тө гілген қ ан мен ауаны жою, ө кпені желдендіру эмпиеманың алдын алудың ең маң ызды шарты болып саналады.

Ірің ді эмпиема қ ызудың тез жоғ арылауынан басталады. Дене тітіркенеді, терлейді. Дене кызуы бір тә улікте 1—2 градусқ а кө теріліп-тө мендейді. Дем алғ анда ауырсыну, кеудеде шаншу, жиі қ ұ рғ ақ жө тел кү шейеді. Дем жиілейді, нашарлайды, қ ан тамыры соғ уы шапшаң дайды, улану кө ріністері кү шейеді. Қ анда нейтрофильді лейкоцитоз, формула солғ а ауысқ ан, ЭТЖ шапшаң дағ ан.

Кеуденің қ абынғ ан бө лімінің демге катысуы нашар. Кейде қ абырғ а арасының ісінуі байқ алады. Бұ л симптом жас балаларда жиі кездеседі. Ө йткені жас балаларда кеуде еттері жү мсақ, созылғ ыш, ісінген.

Толық эмпиемада плевра қ уысына су жиналуының анық кө рінісі - перкуторлы дыбыстың жуандауы анық талады. Егер суғ а қ оса азғ ана болса да ауа жиналса - судың жоғ арғ ы шебі тү зу, ал ауа болмаса - доғ аланып бү гілген (Дамуазо сызығ ы).

Перкуторлы дыбыстың жуанданғ ан зонасына сә йкес тыныс алу дыбысы нашар, болмаса толық естілмейді, дыбыс дірілі жоғ алады оның жоғ арғ ы шебінде плевраның қ ажалуы естіледі. Кейде, плевра қ уысында кө п сұ йық жиналғ анда, кө к ет кү мбезі басылып, тө мендейді.

Эмпиеманың диагнозы ү шін плевра пункциясының маң ызы зор. Пункциямен плеврадағ ы сұ йық тың тү рін анық тап, оны бактериялық зерттеуге жіберіп, эмпиема шақ ырғ ан микробтың тү рін, оның антибиотиктерге сезімталдығ ын анық тайды.

Қ апшық пен қ оршалғ ан эмпиеманың диагнозын анық тау едә уір қ иындау. Қ абырғ ағ а жақ ын эмпиемада оның орналасқ ан жерінде перкуторлық дыбыстың ә лсізденуі байқ алады. Осы орындарды саусақ пен соқ қ анда, ішке дем алғ анда ауыру сезімі кү шейеді. Кө кірек жә не жү рек ығ ысуы жоқ.

Диагноз рентген жә не пункция қ ө мегімен анық талады.

Кө кірекке жақ ын орналасқ ан (премедиастиналъды) тө менгі жә не ө кпе бө лімдері арасының эмпиемаларының диагнозын анық тау ө те қ иын.

Ө йткені бұ лардың физикалды кө ріністерін (аускулътация, перкуссия) анық тау қ иын. Сондық тан диагноз науқ астың жалпы жағ дайы мен рентгендік кө рсеткіштерге сү йене отырып анық талады.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.