Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Эхинококктің өсуі және адамға жұғуы. Эхинококкоз ауруының диагнозы мен дифференциалды диагнозы. Емдеу тәсілдері мен ақыры






Бауыр эхинококкі – таспа тә різді қ ұ рттың - Echinococcus granulosus кө піршікті кезең інде бауырда ө суі. Бұ л кұ рттардың ересек тү рлері адам ағ засында ө мір сү рмейді. Олар иттің, тү лкінің, тиынның, тышқ андардың ішегінде ө сіп ө неді. Қ ұ рттың ұ зындығ ы 4-5 мм., денесі 3-4 бө лшек мү шеден қ ұ ралғ ан. Басында бірнеше ілгішектері жә не тө рт сорғ ыштары бар. Аң дар ішегінде ө сетін қ ұ рттың ақ ырғ ы мү шесі бө лініп нә жіспен сыртқ а шығ ады. Бұ нымен қ оса шығ атын 400-800 ұ рық жұ мыртқ алары адам ағ засына немесе хайуандарғ а еніп қ арынғ а немесе ішекке жабысады. Одан ә рі қ арынды немесе ішекті тесіп қ ан тамырына енеді де қ ан айналысымен бауырғ а жетеді. Бауырда тоқ талып онда эхинококк ауруын шақ ырады. Егер бауырғ а бірнеше -жү мыртқ а енсе онда бірнеше эхинококк тү йіндері ө се бастайды. Аурудың 85% бауырда орналасады. Егер ұ рық жұ мыртқ алары бауыр кедергісінен ө тіп жү ректің оң бө лімдері арқ ылы ө кпеге енсе, ол эхинококк ауруын шақ ырады. Эхинококк ұ рық тарының ө кпеге лимфа арқ ылы да жайылуы мү мкін. Егер эхинококк ұ рығ ы қ анның ү лкен шең бері арқ ылы жайылса сү йек, бү йрек эхинококкі басталады.

Эхинококк сілекей ө зектері, тыныс жолдары арқ ылы да жайыла алады. Мә селен ауру хайуандардың терісі, жү ні арқ ылы.

Жара арқ ылы эхинококк дарымайды. Сонымен, бауырғ а енген ұ рық ө сіп, кө піршікті немесе гидатидозды ісіктің ө суіне себеп болады. Ісік (эхинококк) ө те ұ зақ уақ ыт ө седі. Ү ш жылдан соң " ісіктің " аумағ ы 2 мм-ге. жетеді. Осығ ан байланысты эхинококтың клиникасы болмашы, науқ ас адамның жалпы жағ дайы ұ зақ уақ ыт ө згермейді. Кө п жылдардан соң " ісік" анық тала бастайды. Оның мө лшері тауық жұ мыртқ асынан футбол добына дейін болуы мү мкін. Ісіктің сырты хитинды қ апшық пен жабылғ ан. Қ апшық тың ішінде таза мө лдір сұ йық бар. Гидатиданың адам организіміне бө тен нә урыз болатындығ ынан оның сыртында қ атаң -қ алың фиброзды қ апшық пайда болады.

Хитинды қ апшық тың ішкі бетінде мың дағ ан ұ рық тар пайда болады. Бала кисталардан немере кисталар ө седі. Сө йтіп бауырғ а енген эхинококктың бір ұ рығ ынан кө птеген жаң а эхинококк тұ қ ымдары ө суі мү мкін.

Гидатидозды эхинококк бір камералы, жалғ ыз қ уысты, унилокулярлы эхинококк альвеолярлы эхинококктен ө згеше.

Алъвеолярлы эхинококк кө птеген, кішкене кисталардан қ ұ ралады.

Бір адамның ағ засында бір уақ ытта басталғ ан бірнеше эхинококкті оның кө птеген тү рі деп атайды.

Альвеолярлы эхинококкте бір бірінен дә некерлі - тінмен қ оршалғ ан 0, 5 мм., кейде одан да кіші ұ рық тар пайда болады. Олардың аралары фиброзды тінмен қ оршалуынан " ісік" ө те қ атты.

Мамандар арасында екі бағ ытты тү сінік бар. Кейбір мамандар эхинококктің екі тү рінде бір қ ұ рттар (Е. granulosus) шақ ырады деп санаса, баска мамандар эхинококктің екі тү рін жеке қ ұ рттар шақ ырады деп есептейді.

Эхинококкоз ауруы кө бінесе ыстық климатты мемлекеттерде кездеседі. 1917 ж. дейін Ресейде эхинококкпен ауыратындар барлык науқ астанғ андардың 1, 14%-не жететін, қ азіргі уақ ытта ол 0, 4%-ке тең. Бұ л ү лкен профилактикалық жұ мыстардың нә тижесі.

Бауыр эхинококкінің клиникасы мен симптомдары ұ зақ жылдар бойы дамиды. Оның 3 кезең ін бө леді.

Бірінші кезең - белгісіз, симптомсыз, жасырын кезең (ұ зақ уақ ыт бойы).

Екінші қ езең аурудың алғ ашқ ы белгісі - іштің ү лкеюі, тыныс қ иындануы, бауыр тұ сының сыздап ауыруы.

Ү шінші кезең - іштің оң бө лшегінің ісінуі, асцит, аяқ тар ісінуі, кейде дене сарғ аюы. Бауыр ісінген - ү лкейген, егер киста бауырдың тө менгі жиегіне жақ ын орналасса - эластикалы ісік, флюктуация жә не гидатиданың дірілі анық талынады.

Ауруды тексеруді қ арынның контрасты рентгеноскопиясынан бастайды. Бұ нымен эхинококкпен " ісінген" бауырдың қ арынды ө з орнынан ығ ыстырып итергендігі, кейде бауырдағ ы кистаның кө лең кесі байқ алады.

Келесі маң ызды тексеріс - қ анды тексеру жә не серобиологиялъгқ реакцияны орындау.

Бірақ та бұ л тә сілдер " тірі эхинококкте" кө мек береді. Ө лген эхинококкте бұ л тексерістердің кө мегі аз.

Эхинококкте эозинофильдер 5-60-70% дейін кө бейеді. Эозинофилияның басқ а ішек қ ұ рттары ә серінен жә не антибиотикотерапиядан соң да байқ алатындығ ы бұ л кө ріністің бағ асын тө мендетеді. Сондық тан ә р қ ашан эозинофилияғ а соқ қ ан себепті айыра білу қ ажет.

Вейнберг (Борде – Жангу реакцияы) реакциясын, Каццони реакциясын орындау қ ажет. Эхинококк суы 0, 1-0, 2 мл. сол білек тері арасына егіледі. Оң білекке 0, 1-0, 2 мл. физиология ерітіндісі егіледі. Егер бұ л адам эхинококкпен ауратын болса тері қ ызарады, қ ышынады, ісінеді.

Басқ а реакциялар - аурудың қ анын антигенмен араластыру онша маң ызды емес.

Аурудың дамуының бірнеше тү рлері кездеседі:

Мә селен, ә р бір себептерден эхинококктың ө луі мү мкін. Бұ ғ ан себеп - киста ішіне ө т ағ уы. Кейде жылакө здің ірің деп абсцесске айналуы мү мкін. Кистаның кішірейіп, суының қ оюланып, тұ зғ а айналып қ атайып жазылып кетуі де мү мкін. Мұ ндай бауырда рентгендік тексеру кезінде ә ктеніп, қ атайғ ан тү йіндер кө рінеді.

Абсцесс кистаның сыртқ ы қ апшығ ын шірітіп ондағ ы ірің нің ішке, немесе басқ а кө рші мү шеге (ішекке, ө тке, бронхқ а) ағ уына (ішкі жыланкө з) ұ шыратуы мү мкін. Бұ л ө те қ атерлі асқ ынулар науқ астың жағ дайын ө те ауырлатады.

Диагнозды ажырату: Бауыр ісігі - кө бінесе цирроздан кейін басталады, ауру аз уақ ытта қ атты жү дейді, ішінің ауыруы кү шті. Лоқ су, кұ су, іш ө туі, анемия байқ алады. Дене сарғ аяды (60-80%). Эхинококкозде бұ ның бә рі жоқ. Бауыр қ атерлі ісігінде - асцит, бауыр бұ жырланып ү лкейген, ауырсынады.

Басқ а мү шелерден бауырғ а метастазданғ ан ісікте бұ ғ ан себеп болғ ан мү шенің ауруы анық талады. Кө бінесе бауырғ а қ арын ісігі метастаз береді.

Холециститті немесе ө т шеменін бауыр эххинококкінен айыру оң ай. Холециститпен ө т шеменінің басталу, даму анамнезі, симптомдары, аурудың шағ ымдары, жалпы жағ дайы ө згеше. Эозинофилия, Каццони реакциясы жоқ.

Гидронефроз (оң бұ йректің) кейде диагнозды анық тауды қ иындатуы мү мкін. Цистоскопия, хромоцистоскопия, рентгенография диагнозды анық тайды.

Бауыр мерезі - ішек-қ арын жағ дайын бұ зады, ауру қ атты жү дейді (кахексия), бауырдың, арқ аның, оң иық тың ауырсынуы, бауыр ойлы-қ ырлы (гумма), Вассерман реакциясы анық оң мә нді.

Сонымен, бауыр эхинококкін басқ а аурулардан айыру қ иын, бірақ та білімді дә рігерге оны орындау толығ ымен мү мкін.

Ірің деген эхинококк сепсиске ұ шыратады, " ірің " ішке тө гілсе - перитонит, плевра ішіне тө гілсе - плеврит басталады, жыртылғ ан эхинококк кистасы іште кө птеген эхинококктің ө суіне соғ ады.

Кистаның жыртылуы алдымен шокқ а (аурсынулы жә не анафилактикалық) соғ ады. Тахикардия, ішперденің қ абыну симптомдары, іш ө туі, бө ртпе т.б. анафилаксия кө ріністері байқ алады.

Ішке ө т тө гілсе - ө тті перитонит басталады.

Аурудың болжамы асқ ынбағ ан науқ ас ұ зақ уақ ыт ауру жағ дайын нашарландырмаса, онша ауыр қ атер туғ ызбаса, кистаның жарылуы, іріндеуі адам ө міріне ү лкен қ атер туғ ызады. Мә селен кистаның ішке жарылуы науқ астың 90%, плеврағ а жарылуы - 70% ө ліміне, қ арынғ а жарылуы - 4%, ішекке жарылуы - 16% ө ліміне соғ ады.

Эхинококк қ азіргі уақ ытта тек операциямен емделеді.

Кистаны пункциямен емдеуге болмайды. Операцияның екі тү рі қ олданылады:

Екі этапты: бірінші этапта бауыр іш бетінің жарасына тігіледі немесе тампондармен қ оршалады да бауырдың іш бетіне жабысуын кү теді.

Екінші кезекті операциямен бауыр кистасы тілініп, оның суы сорылады, хитинді қ апшық алынады. Калғ ан сыртқ ы фиброзды қ апшық тың іші формалинмен сү ртіліп, одан соң қ уыс ашық қ алдырылады немесе тампонмен толтырылып емделеді. Бұ л тә сілмен емдегенде жара ө те ұ зақ уақ ыт грануляциямен толады, кө птеген асқ ынулар болуы мү мкін. Сондық тан ақ ырғ ы уақ ытта жабық, бір кезең ді тә сіл қ олданылады. Бауырды іштің басқ а сау мү шелерінен салфеткалармен қ оршап (жекелендіріп) кистаны пункциялайды. Инені сорғ ышқ а жалғ ап кистаның суын сорады. Кистаның қ апшығ ы тілініп хитинді қ апшық жә не бала кө піршіктер жойылады. Фиброзды қ апшық тың іші формалинмен жуынады да оның жарасы тігіледі. Қ уыс қ апшық тың іші физиология ерітіндісімен толтырылады. Бұ л тә сілді А.А.Бобров ұ сынғ ан.

Келесі тә сіл – эхинококкэктомия. Эхинококк кистасын толық (қ апшығ ымен) алып тастау. Бұ л операция ө те ауыр жә не қ атерлі. Ө йткені бұ дан соң бауырдан қ ан жә не ө т ағ уы кү шті.

Альвеококкоз (альвеолярлы эхинококк) - бұ л ауруды 1863 ж. Leucart ашқ ан цестода Alveococcus multilocularis туғ ызады. Альвеококкоз " ісігі" ә р қ айсысы жұ қ а дә некер тінді қ апшығ ы бар, бір-бірімен тығ ыз жабысқ ан ұ сақ ісікшелерден қ ұ ралады. Киста сыртқ а ө седі де қ атерлі ісіктерге ұ қ сайды. Сондық тан алъвеолярлы эхинококкты микроскоп қ олдануына дейін бауырдың коллойдты ісігі деп санағ ан. 1855 ж. Р.Вирхов бұ л ауруды қ ұ рт туғ ызатынын дә лелдеген.

Альвеококкоздың келесі клиникалық тү рлері бар:

Симптомсыз тү рі (1%), асқ ынбағ ан тү рі (15%), асқ ынғ ан тү рі (83%). Бауырдан басқ а ө кпеде, сү йекте орналасуы мү мкін.

Асқ ынулары - ө т ө зектеріне шауып механикалы сары ауру шақ ыруы, бауырдан кө к етке, ө кпеге жайылуы, эхинококктың шіріп езілуі, ө тпен ө кпенің тыныс жолдары арасының жыланкө зі басқ а мү шелерге метастаз беруі мү мкін.

Алъвеококкоздың клиникасы - кө бінесе ә йелдерде (67%) кездеседі. Ә йелдерге тері, жү н ө ндегенде, жемістер тергенде, бұ ғ ыны, иттерді кү ткенде жү ғ ады. Альвеококкоз ұ зақ уақ ыт ө седі. Белгісіз кезең ұ закқ а созылады. Іштің болмашы ауырсынуы сезіледі. Бауырда кішкене, ө те қ атты ісік анық талады (Любимов симптомы). Дискомфорт - шеміршек астының қ ысылуы, тә бет нашарлауы, жалпы жағ дайдың бұ зылуы, тері қ ышынуы (аллергиялық қ ышыну), бө ртпе, кейде дене сарғ аюы байқ алады.

Асқ ынғ ан тү рінде аталғ ан симптомдарғ а қ оса - дене сарғ аяды, іштің терісінде қ ан тамырлары кең иді (медузаның басы), " ісік" диафрагма, іштің бетіне жайылады, бронхиальды жыланкө зі кездеседі.

Диагнозды анық тауғ а лабораторлы тексерістер кө мектеседі. Қ анда эозинофилия, Каццони реакциясы 84% -оң. Егер киста бауырдың ішінде орналасса оны колмен сипап анық тау ө те қ иындайды. Бұ л жағ дайда қ осымша тексерістер–орындалады - перитонеоскопия, пневмоперитонеум орындалып бауырдың конфигурациясы ө згергені, оның диафрагмамен байланыстығ ы, ә ктелген орындар анық талады.

Трансумбиликальды портогепатография - кіндік кө к тамырына контрасты дә рі жібергеннен соң жасалатын рентгенограмма.

Ең ақ ыры диагностикалы лапаротомия қ олданылады.

Дифференциальды диагноз - ең алдымен бауыр рагінен айыру қ ажет. Алъвеококкоз ұ зақ уақ ыт ө седі. Гидатидозды эхинококкта ісік жұ мсақ, альвеококкта ісік ө те қ атты.

Бауыр циррозы, мерездік гумма анамнез, Вассерман реакциясы кө мегімен анық талады.

Альвеококкоздың ақ ыры гидатидозды эхинококктан нашар. Оның " мінезі" бауырдың қ атерлі ісігіне ұ қ сас, жиі метастаз береді.

Альвеококкоз тек операциямен - бауыр резекциясымен емделеді. Операция ауыр, қ атерлі, қ ан, ө т ағ уы кү шті. 1912 ж. Ресейде бірінші болып бауыр резекциясын В.И.Мыш орындағ ан.

Радикальды операцияны орындауғ а мү мкіншілік болмағ анда келесі паллиативті операциялар орындалады:

1) Алъвеококкті дренаждау

2) Ө тке жол ашатын операциялар

3) Комбинациялы операциялар

4) Кистағ а, оның айналасына формалин жіберу (А.Г.Савиных, 1937ж.)

5) Пальмитин қ ышқ ылын (И.Л.Брегадзе), трипофлавин, сарколизин жіберу.

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.