Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






А) Тоқ ішектің ерекшеліксіз ойық жаралы колит ауруы. Аурудың себептері, көріністері, диагнозы, емделуі




Бұл көлденең және тік ішектердің кілегейлі қабатының ұзаққа созылатын жаралы-некрозды ауруы. Ауру әрбір 100000 адамның 1,2-сінде кездеседі.

Ауруға шалдыққан ішектің қабырғалары ісінеді, қызарады, оңай жарақаттанады. Кілегейлі қабатына көптеген эрозиялар мен ойық жаралар, олардың түбінде қанағыш тамырлар бар. Жаралар тереңдеп перфорация беруі мүмкін, кілегейлі қабаттың беті іріңді кілегеймен жабылған. Аурудың өте ауыр түрінде кілегейлі қабат үлкен аймақта сыдырылып қалады. Аталған өзгерістер көлденең және тік ішекті толық немесе олардың жеке бөлшектерін қамтиды.

Аурудың жедел, шапшаң, созылмалы түрлері бар. Шапшаң түрінде ішектен қан ағуы, перфорация, уландыру салдарынан науқастың аурудың алғашқы күндерінде немесе айларында өлуі мүмкін. Дегенмен, көбінесе аурудың созылмалы - қайталанбалы түрі кездеседі. Ойық жаралы колиттің барлық түрлерінде қан азаюы байқалады.

Бұл ауру туралы бірінші хабар 1669 жылдан басталады. Осы жылы Сиденгам "қанды тышқақ" ауруы туралы жазған. 1842 ж. Рокитанский колитте байқалатын морфологиялық бұзылыстарды тексеріп, бұл аурудың жеке ауру екендігін дәлелдеген.

Бұл аурудың көптеген аты болғанымен ең жиі пайдаланылатыны және аурудың ерекшелігін көрсететін аталуы – ерекшеліксіз ойық жаралы колит.

Аурудың ерекшеліктерімен клиникасын анықтау ректороманоскопия қолданылғаннан басталады. Алғашқы толық тексеріс 1925 ж. орындалған (Мейо, Робсон, А.В.Тихонов).

Бұл ауруды хирургиялық тәсілмен емдеуді 1913 ж. В.А.Оппель қолданған. Аурудың жиі кездесетіндігінен I960ж. Америкада бұл ауруды емдеу комитеті кұрылған.

Аурудың этиологиясы мен патогенезінің бірнеше теориялары белгілі:

а) Инфекциялық теория – колитті дезинтерияның жалғасы санайды. Бірақта, жаралы колитті шақыратын ерекше микроорганизмнің табылмайтындығы аурудың басқада көптеген себептерінің маңызын көрестеді. Сондықтан бұл теория дұрыс емес.



б) Ферментативті теория - ішектің клегейлі қабатына протеолитті ферменттер әсер етеді. Бірақта ойық жаралы колитте кездесетін ферменттік бұзылыстар ауру шақырмайды, олар осы аурудың әсерінен басталады. Сондықтан оларды аурудың себебі санауға болмайды.

в) Алиментарлы жөне авитаминозды теория - бойынша тағаммен және оны қабылдаудың ерекшелігімен, бұзылуымен байланысты саналады.

Расында ұзақ уақыт ашыққан адамның ішегінде ерекшеліксіз ойық жаралы колитте кездесетін өзгерістерге ұқсас өзгерістер байқалатындығы. Бірақта ашыну ойық жаралы колит шақырмайды.

Витаминдер кемістігі кейбір ауруларды шақыратындығы белгілі (спру, пеллагра), бірақта тек витаминдер кемістігі колит ауруын шақыра алмайды.

г) Лимфа тамырларының бітелуі теориясы.

д) Вегетативті нерв жүйесінің бұзылу теориясы. Психикалық бұзылыстар әсерінен ішектің нерв аппаратында өзгерістер дамып, оның әсерінен ойық жаралы колит басталады деп саналады.

е) Эндокринді теория.

ж) Аллергиялық теория бойынша ішектегі өзгерістер ағзаға аллергендердің әсер етуінен басталады деп саналады.

Сонымен, барлық белгілі теориялардың бірде-біреуі тоқ ішектің ойық жаралы ауруының себебін толық анықтай алмайды.



Аурудың патологоанатомиялық келесі төрт түрі белгілі: флегмонозды, ойық жаралы, полипозды, геморрагиялы.

Ішектегі өзгерістер аурудың аттарына сай. Флегмонозды түрінде ішектің барлық қабаттары флегмонозды қабынуға ұшырайды.

Ойық жаралы түрінде ішектің кішкене жаралары, полипозды түрінде - полиптер, ал геморрагиялы түрінде ішектен қан және шырыш ағауы байқалады.

Ойық жаралы колитпен жас адамдар жиі ауырады.

Аурудыңнегізгі симптомдары:

1) Ішектен қан ағу. Қан қорыған нәжіспен немесе толық қорымаған нәжіспен қоса ағады.

2) Нәжістің ұзақ уақыт шықпауы және іш өтуі. Бұл екеуінің бір-бірімен алмасуы.

3) Нәжістің түсі өзгерген. Ол шырышты, іріңмен, қанмен аралас.

4) Нәжіс шығару іштің ауырсынуын шақырады. Ауру адамның жиі-жиі дәретке шыкқысы келеді (тенезмдер).

Басталған ауру – науқастың жағдайын күннен күнге ауырлата түседі. Үйқы бұзылады, бас айналады, буындар ауырады, ауру жүдейді, арықтайды.

Науқас адамның шағымдары көп және әр түрлі. Кейде оның шағымдары ойық жаралы колитпен еш байланыссыз.

Аурудың іші кебеді, ішек ауырғыш, тоқ ішек катты, қалың, ауырғыш "арқанша" сезіледі. Кейде бауыр және көк бауыр үлкейеді.

Саусақпен тік ішекті тексергенде ішектің ісініп қалыңданғаны анықталады.

Дене терісі кұрғақ,қышиды. Пиодермия, шаш түседі, тырнақтар сынғыш.

Аурудың симптомдарын жеке, жалпы деп екіге бөлуге болады:

Жеке көріністері- ішектен қан кету, іш өтуі, желдің шықпауы, тоқ ішектің, тік ішектің қалыңдануы, anus айналасы терісінің мацерациялануы, ішек ауырсынуы.

Жалпы көріністері - арықтау, қызу (субфебрилитет), қан азаюы, гемоглобин, лейкоцитер азаюы, тамырсоғысының жиіленуі, қан кысымы төмендеуі, бауыр және көк бауыр ісінуі.

Аурудыңклиникалық ерекше 3 түрі бар:

Бірінші түрі - тез ауырланатын ойық жаралы колит - ішектің диффузды қабынуына ұшыратып, қысқа уақытта ауру адамды әлсіретіп жұмыс қабілетінен айыратын түрі.

Екінші түрі - Ұзакқа созылатын, аурудың жалпы жағдайын аздап ауырлатады. Тоқ ішектің сол жақ бөлшегін ғана қамтитын түрі.

Үшінші турі -аурудың жеңіл түрі. Аурудың жалпы жағдайы өзгермеген. Іштің кебуі, өтуі, нәжістің шықпауы жоқ.

Колиттің ауыр түрінде көптеген асқынулар кездеседі. Тік ішекпен сигма ішегінде көптеген полиптер өседі. Бұл полиптердің қатерлі ісікке айналу қаупі зор. Жаралардың орнында ішекті тарылтатын тыртықтар пайда болады.

Ойық жарадан қан ағуы жедел немесе созылмалы анемияға ұшыратады.

Ішектің қабынуы және ойық жаралары парапроктитке (тік ішек айналысы майының іріңдеп қабынуына) әкелуі мүмкін.

Ойық жаралы колит ауруы тері, буын, көз (кератит), құлақ ауруларына да үшыратуы мүмкін.

Ойық жаралы колиттің диагнозын анықтау үшін ректороманоскопияныңжәне фиброколоноскопияның маңызы зор. Бұл тәсілдер тік және тоқ ішектің ішкі кілегейлі қабатының жағдайын көзбен көріп ондағы ойық жараны, полипті, қан ағуын т.б. өзгерістерді анықтауға көмектеседі.

Рентгеноскопия, рентгенографиямен - ойық жаралы колитте ішектің кілегейлі қабатының суреті өзгеруі, гаустрация жоғалуы, полипоз, стриктура т.б. өзгерістер анықталады.

Лабораторлы тексерістермен - анемия, лейкопения, диспротеинемия, протромбин, калий, кальций кемістіктері, қан аққыштығы анықталады.

Копроскопиялытексерістер нәжісте қан, шырыш, ішек эпителиі, қорытылмаған еттер қалдығын көрсетеді.

Нәжістегі флораның антибиотиктерге төзімділігі анықталады.

Диагнозды ажырату-ең бірінші ойық жаралы колитті амебалы дизентериядан айыру қажет. Бұл ұшін нәжісті тексеріп одан дизентерияның себебі ізделеді.

Екінші ішек туберкулезінен айыру қажет. Бұл үшін өкпе туберкулезін және қақырықтан туберкулез микобактериясын іздестіреді.

Ішектің басқа ауруларында (терминальды илеит, дивертикулит) айыру қажет.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал