Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Параграф 1. Көлеңкелi бизнестiң әлемдiк ауқымы және оны қысқарту жөнiндегi тәжiрибе




 

Қадағаланбайтын экономика - жалпы әлемдiк құбылыс. Ол дамыған және дамушы елдерде, сондай-ақ өтпелi экономикалы елдерде барлық көрiнiс нысандарында кездеседi. Көлеңкелi экономиканың түрлi елдердегi ауқымы әр қилы. Бұл ретте нақты ел халқының тұрмыс деңгейi қаншалықты төмен болса, ЖIӨ құрамында ескерілмейтiн кiрiстiң үлесi соншалықты жоғары.

 

 

Дамыған елдер Шығыс Еуропа Тәуелсiз мемлекеттер достастығы (ТМД) және Балтық елдері
Швейцария - 8,1 Ирландия - 16,2 Словакия - 10,2 Грузия - 63,0
Америка Құрама Штаттары (АҚШ) - 8,9 Канада - 16,2 Польша - 13,9 Азербайджан - 59,3
Австрия - 9,0 Дания - 18,3 Чехия - 14,5 Молдавия - 37,7
Жапония - 11,1 Финляндия - 18,9 Румыния - 18,3 Латвия - 34,8
Жаңа Зеландия - 11,9 Швеция - 19,9 Венгрия - 28,4 Литва - 24,2
Норвегия - 12,6 Бельгия - 22,5 Хорватия - 28,5 Белоруссия - 19,1
Ұлыбритания - 13,0 Испания - 23,1 Болгария - 32,7 Қазақстан - 21,3
Нидерланды - 13,5 Португалия - 23,1
Австралия - 14,0 Италия - 27,3
Германия - 14,9 Греция - 29,0
Франция - 14,9

 

Көзi: Еуростаттың ақпараты

 

Сарапшылардың бағалауы бойынша ЖIӨ-дегі көлеңкелi экономика үлесі дамыған елдерде орта есеппен 12%-ды, дамушы елдерде 39,6%-ды, ал өтпелi экономикалы елдерде 23%-ды құрайды.
Көлеңкелi экономиканың 50-ден 70%-ғa дейiнгі неғұрлым жоғары деңгейi Африка мен Латын Америкасының дамушы елдерiнде орын алып отыр.
Шетелдiк ақпарат қызметтерiнiң деректерi бойынша халықтың көлеңкелі экономикада жұмыспен қамтылуы жыл сайын өсуде. Еуропалық одақ елдерінде бұл цифр кемiнде 10 млн. адам, ал тұтастай Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) бойынша шамамен 17 млн. адам деп бағаланып отыр.
Сатып алу қабiлетiнiң шамасы бойынша есептелген жалпы әлемдiк ресми ЖIӨ 1999 жылы 39 трлн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте қадағаланбайтын экономикада өндірілген кiрiстің үлесi 8 трлн. АҚШ долларына немесе ЖIӨ-нiң 20%-ына бағаланып отыр. Өзiнiң көлемi жағынан жаhандық көлеңкелi экономика әлемдегi ең көлемдi ЖIӨ-сi бар AҚШ экономикасымен салыстырылады.



 

Әлемнiң түрлі елдерiндегi көлеңкелі экономиканы азайту
жөніндегі бiрқатар шаралар мен құралдар

 

 

Шаралар Елдер Құралдар
Жұмыссыздықты және экономиканың формальды емес секторын қысқарту АҚШ Жапония Шағын және орта бизнеске (бұдан әрi - ШОБ) қаржылық, техникалық және консультативтiк көмек көрсету, кадрлар даярлау мен білiктілiк беру үшiн орталық және жергілiктi деңгейлерде арнайы құрылымдар құру; бизнестi тіркеу және лицензиялау жүйесін оңайлату (Телефон байланысын, почтаны немесе Интернеттi пайдалана отырып, қысқа мерзiм iшiнде жергілiктi билiктен тiркеудi және лицензияларды aлу); барлық елдi мекендерде бизнес қауымдастықтарын құруды ынталандыру.
Әкiмшілiк рәсiмдердi жетілдіру Канада Өзара қатынастар және бизнес пен әрiптестiктi жақсарту үшін бірыңғай органды қамтамасыз ету үшiн Бизнес Терезесін (Business Window) құру; тіркеу нөмiрiн алу үшін кәсiпкерлер Интернеттегi сайтта арнайы нысанды толтыруы не толтырылған нысанды почта арқылы жiберуi немесе телефонға хабарласа отырып, тіркеу нөмiрiн алуы тиiс; лицензиялау процесiн штаттар мен қалалардың уәкілетті органдары жүзеге асырады. Қару-жарақ сату, алкоголь өнiмдерi мен дәрілік заттарды өндiру сияқты жекелеген қызмет түрлерi бойынша ғана федералдық үкiметтің лицензиясы талап етіледi.
Кiрiстi мемлекет пен қалған экономика арасында бөлу тетiктерін жетілдіру АҚШ Жапония Канада Ұлыбритания Франция Германия Салыстырмалы түрде жоғары емес салық салу ставкаларын белгілеу (Жапонияда - 37 %, АҚШ-та - 41 %, бұл ретте ШОБ салық салу ставкалары iрi фирмаларға қарағанда айтарлықтай төмен); экспорттық қызмет, жаңа өнеркәсiптiк қуаттарға инвестициялар үшiн салықтық жеңілдiктер бepу, жаңа жұмыс орындарын құру, неғұрлым нашар дамыған аудандарда өндiрiстер ашу және т.б.; алшақтықтарды анықтау және түзетулер енгiзу үшiн салықтық түсiмдердi бақылау жүйесiн пайдалану; Салық салудан жалтарғаны, деректердi толық табыс етпегенi, салық есептілiгiн бұрмалағаны үшiн жауапкершілiктi қатаңдату. (Бұл қылмыстар үшiн жауапкершілiк - iрi көлемдегi айыппұл немесе 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру); компаниялардың шетелде алған кiрiстерi елге қайтарылғанға дейiн, оларға салық салу мерзiмiн ұзартуды ұсыну. Мұндай ұзартудың мерзiмсiз сипаты болуы мүмкiн; сыртқы рыноктарда әрекет ететiн компаниялар үшiн қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық келiсiмдерде көзделген шаралар.
Материалдық базаны нығайту және экономикалық құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдiстерiн жетілдіру АҚШ Жапония Франция 1989 жылы ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөнiндегi арнайы халықаралық құрылымның (FATF) құру; қаржы және кредит институттарының iрi қаржы операцияларын және мұндай операцияларды жүзеге асырған тұлғаларды есепке алу; күмәндi мәмілелер мен салымдарды бақылап отыру үшiн қаржылық арнайы қызметтердi құру; банктердiң арнайы қызметтердi күмәндi мәмілелер туралы хабардар ету мiндетi және мұндай қызметтердiң клиенттер шотына қол жеткiзуiн қамтамасыз ету; әкімшілендiрудi орталықсыздандыру процесi; ауқымы министрлiкке және секторға байланысты өзгерiп тұрған, жергілiктi билiк органдарының әкiмшiлiк мүмкiндiктерiн кеңейту мақсатына бағытталған жауапкершiлiктi беру; жұмысқа қабылдау білiм деңгейi арқылы айқындалады; неғұрлым жоғары қызмет деңгейiне түсу бiлiм даярлығына тәуелдi және көбiнесе емтихандарды тапсырумен байланысты.

 




mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.005 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал