Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Минералды заттар 8 страница




Ысқылау

Сұйық зат немесе майлар түріндегі дәрілік заттарды ысқылау әдісімен енгізу. Терінің жұқа жерлеріне және шаш түктері болмаған жерлерге ысқылау жасалады, яғни білектің бүгілген жағына, санның артқы жағына, көкірек қуысының алдына, іш аймағына т.б. Теріні ысқылайтын жер таза болуы керек. Тері құрғақ болғанша 30-40 минут майларды немесе сұйық заттарды қажетті мөлшерде теріге айналдыра жағу керек. Теріде қабыну өзгерістерінің болуы (экзема, дерматит) дәрілерді бұл жолмен енгізуге қарсы көрсетпе болып келеді. Кейбір жағдайларда ысқыламай теріге жақсы сіңу үшін оны жұқалап жағып, полиэтилен пленкасымен жабады.

Май жағу

Дәрі жағу таза теріге таза аспаптармен және жуылған қолмен жүргізіледі. Жағатын майды негізінен тері ауруларына қолданылады. Зарарсыздандырылған қалақшамен жағатын майды екі бүктелген зарарсыздандырылған салфеткаға жағып, ауыратын жерге салады. Салфетканың үстіне шағын мақта төсеп, компресс қағазын қойып, бинтпен орайды. Кейде тереңде жатқан тіндерге сіңіру үшін майды теріге жағуға тура келеді, ол үшін терінің сол жерін сабындап жуып, алақанға қажетті мөлшерде май салып, ол сіңгенше сыланады. Майды белгілі бір дене бөлігіне 30-40 минут мұқият жағады.

Майды теріге уқалап енгізу

  1. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу.
  2. Май жағатын тері аймағын қарап шығу.
  3. Қатты тітіркендіргіш әсері бар майларды арнайы бейімделген лентаға жағып, соның көмегімен теріге сүртіледі.
  4. Майды теріге айналдыра уқалап енгізеді.

Жабысқақ таңғышты қолдану

Жабысқақ таңғыш (пластырь) су өтпейтін дәкемен жабылған қою, жабысқақ май. Май негізі дәрілік заттардан құралады. Пластырьды жабыстырар алдында теріні спиртпен сүртеді, шаш болса қырқып тастайды. Содан кейін қайшымен пластырьды қажетінше қиып, теріге жабыстырады. Алдын ала спиртпен бір шетін сулап, жайлап пластырьды шешеді. Таңғышты бекіту үшін пластырьды қолданады.



Қызарғанда және терлегенде теріні құрғату үшін ұнтақ тәрізді заттарды немесе сепкіштерді қолданады.

Дәрі-дәрмектерді парентеральді жолмен енгізу

Дәрілік заттарды ас қорыту жүйесіне түспей енгізу жолын - парентеральдық деп атайды.

Парентеральдық енгізу жолдарының бірнеше түрлері бар:

  1. Тіндерге - тері, тері астындағы май қабатына, бұлшық етке, сүйекке.
  2. Тамырларға - көктамыр, артерия, лимфа тамырларына.
  3. Қуыстарға - іш қуысына, плевра, жүрек, буын қуыстарына.
  4. Субарахноидалдық кеңістікке.

Парентеральдық енгізу жолы басқаша «инъекция» деп аталады, латын сөзінен «inectio» - енгізу деген мағына береді. Егулердің басқа енгізу жолдарынан артықшылықтары болғандықтан, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады, себебі:

  1. енгізген дәрі тез әсер етеді;
  2. дәрінің нақты мөлшерде есептелуі, яғни дәріге ас қорыту ферменттерінің әсері болмайды;
  3. бауырдың кедергі ролі жойылады;
  4. жедел көмек көрсеткенде өте тиімді.

Егуді жасау үшін шприц пен инені қолданады. Кез-келген шприц келесі негізгі бөлектерден тұрады: шкаласы бар цилиндр, ине кигізетін конус, поршень.

ЖИТС инфекцияның таратуын алдын алу мақсатымен пластмассадан стерильді, бүтін қапшықтағы бір рет қолданылатын шприцтер кеңінен тараған. Шприц - тюбиктің бір рет қолданатын шприцтен айырмашылығы - оның іші дәріге толтырылады. 100 және 200 мл сыйымдылықты Жане шприці қуыстарды жуу үшін қолданылады.



Шприц тұтас, жарықсыз, жақсы келетін поршеньмен болуы тиіс, сонда ол бүтіндігін сақтайды.

Шприцтің бүтіндігін тексеру оңай: саусақпен ине салатын конустағы тесігін жауып, поршеньді кері қарай тартып, кейін оны жіберу керек. Егер поршень тез өзінің орнына тұрса, шприц бүтін деп саналады.

Егу жасайтын шприцтің сыйымдылығы 1, 2, 5, 10 және 20 мл болады.

Әр түрлі егуге сәйкес ине қолдану өте маңызды.

Тері ішіне - 1 мл, 15 мм иненің ұзындығымен диаметрі 0,4 мм туберкулинді шприц.

Тері астына – 1-2 мл, кейде 5 мл, иненің ұзындығы 20 мм диаметрі 0,4-0,6 мм шприц.

Бұлшық ет арасына – 1-10 мл, 60, 80 мм иненің ұзындығымен 0,8 мм диаметрлі шприц Көк тамырға- 10-20 мл, 40 мм иненің ұзындығымен 0,8 мм диаметрлі шприц.

Шприцке дәрінің мөлшерін дұрыс сорып алу үшін, шприцтің бөлігінің деңгейін білу керек. Бөліктің деңгейін анықтау үшін, цилиндрде ине салатын конусқа ең жақын миллиметр санын көрсететін санды тауып алып, кейін сол санның және ине салатын конустың арасындағы бөліктердің санын анықтап, тапқан санды бөліктердің санына бөлу керек.

Мысалы: 20 мл шприцтің цилиндрінде ине салатын конусқа ең жақыны 10 саны. Конустың және 10 санының арасындағы бөліктің саны 5-ке тең, 10-ды 5-ке бөлгенде 2 мл болады. Бөліктің деңгейі бағасы осы шприцте 2 мл.

Аз сыйымдылықпен арнайы шприцтер болады, ондағы бір-бірінің аралықтары 0,01 және 0,02 мл сәйкес бөліктер қойылады. Ол ауыр әсер ететін дәрілерді – инсулин, вакцина, сарысуларды ең нақты мөлшерде енгізуге мүмкіндік береді.

Барлық жұмыстарды процедуралық мейірбике өзі күнделікті арнайы киімде (халат, қалпақ, бет перде, аяқ киім, қолғап) жұмыс күннің басында келесі ретімен жүргізу керек:

v жұмысқа қажет зарарсыздандыру ерітінділерді: лизоформин, гипохлорид натрийді дайындау;

v жұмыс столдың бетін зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған стерильді матамен сүрту;

v Кварц лампасын 60 минутқа қосу;

v ыччЗалалсыздандырылмаған дәрілерге және құрал-саймандарға столды дайындау.

Дәрілікзаттардыенгізутісілдері.Дәрі-дәрмектердіенгізудіңбірнешеДәрілікзаттардыэнтеральдықолданутәсілдері

Ішке дәрілерауызарқылы (рег оs). тік ішекке (рег гесеtum) жәнетіпастына(sub lingua)енгізіледі.Бұлтәсілдердіңкөмегіменжергілікті,резорбтивтіжәнерефлекторлыәсерберугеболады.

Дәрілердікөбінесеауызарқылыенгізуқолданылады.Бұлтәсілдіңартықшылығыоның қарапайымдығында,дәрілердіәртүрліформадазалалсызданбағантүріндеенізугеболатындығында.

Оныңкемшіліктері:

1.Дәрініңжалпықанайналымынабаяутүсуі(асқазанныңтолуына, қабылданғанассапасына,дәрілердіңсіңірілуқабілетінебайланысты).Асқазанныңшырыштықабаты арқылыендірілудебаяужүреді,текмайғаеритінзаттарғанасіңіріледі,жәнесіңірілуүрдісінегізіндеішектеөтеді.Біракдәрілікзаттардың қанғабаяутүсуіәркашанкемшілікболыптабылмайды.Мысалы,ішкебірретқабылдағаннанкейінжалпықанайналымына ұзақуақытбірқалыптытүсуіүшінарнайыжасалынгғандәрілікформаларболады.

2. Тамақтыңзаттарменөзараәрекеттесуініңжәнебауырдағыхимиялық өзгерістердіңнәтижесіндеасқазанменішексөлдерінің әсерінендәрілердіңыдырауғадейінөзгеруі(адсорбция, еру, химиялықреакциялар).Бұлбарлықдәрілерүшіндұрысболабермейді.Мысалы,кейбірдәрілікзаттарбелсендіеместүріндешығарылады,оларбауырдаөзгеріскеұшырағаннанкейінғанаәсеретебастайды.Мысалы,гипотензивтіпрепаратэналаприлренетик әсеретуүшіналдыменбауырдаөзініңбелсендітүріне(эналаприлат)ауысуыкерек.

3. Заттыңсіңірілужылдамдығыныңжәнесіңірілгенмөлшерініңбелгісізболуыныңсебебінендәрінің қандағыжәнетіндердегімөлшерінанықбілугемүмкіндікжоқ.Бұлтерісәсерді азайту үшіндәрілердіасалдындақабылдайды(асқазанныңшырыштықабатынтітіркендіретіндәрілерденбасқаларын),капсулағасалуарқылыасқазансөлінің әсеріненқорғайды,онекіеліішеккезондарқылыенгізеді.

Асказан-ішек жолдары мен бауырдыңауруларыдәрілікзаттардыңсіңірілужылдамдығыментолықтығынаерекшеөзгерістеренгізеді.

Ауыз арқылыдәрілерұнтақ,таблетка,пилюля,ерітінді,тұнба(сулыжәнеспиртті), қайнатпа,экстрактар,микстуралароспалар)түріндеенгізіледі.

Ұнтақтымейірбикетілдіңтүбірінетөгедідесуішкізеді.Таблеткаменпилюляныданауқассолайқабылдайды.Балалартаблетканынемесеұнтақтыішеалмаумүмкін,сондықтанолардысуғаезіпбереді.

Ерітінділерді, сулы тұнбаларменмикстуралардыүлкенадамдарасқасықпен(15г),балаларшай қасықпен(5г)немесеорташақасықпен(7,5г)ішеді.Бұлүшінсәйкесбөлімдерібармензурканыпайдалануұсынылады.Жағымсызиістісұйықдәрілердісуменішеді.

Спиртті тұнбаларменкейбірерітінділердінауқастартамшытүріндеқабылдайды.Тамшының қажетті мөлшерінпипеткаменнемесеарнайылайықталғанфлаконболсабірденфлаконнансанапкұйғанжөн. Қабылдаралдындатамшыларды аздаған суда ерітеді де сумен ішеді. Егер тамшыны санағанда қате кетсе, дәріні төгіп тастап (флаконға емес), мензурканы шайып, тамшының қажетті мөлшерін қайтадан тамызу керек. Есептеу үшін 1 г суда 20 тамшы, 1г шыны с - 65 тамшы, 1г эфирде - 85 тамшы болатынын білу керек.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.013 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал