Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лимфа түйіндерінің құрылысы.

Дәріс №7

Тақырыбы: «Лимфа жүйесінінің дамуы, оның веналық арнамен байланысы. Лимфа жүйесіне жалпы шолу, оның қызметтері. Лимфа тамырлардың, капиллярлардың құрылыс ерекшеліктері. Лимфа ағысының коллатеральді жолдары. Адам денесінің жеке аймақтарының лимфа жүйесі».

Жоспары:

Лимфа жүйесіне қысқаша сипаттама.

Лимфа жүйесінің қызметі.

Лимфа жүйесінің құрылысы.

Кеуделік лимфа жолы.

Тимус, құрылысы, қызметі.

Лимфа тамырлары мен түйіндерінің таралу заңдылықтары.

1. Лимфа жүйесіне қысқаша сипаттама.

Лимфа жүйесі :

1. Лимфа капиллярларынан.

2. Мүшелер ішкі өрімінен.

3. Лимфа түйіндерінен.

4. Мүшелер сыртқы лимфа тамырларынан.

5. Лимфа сабауларының құрамына кеуделік лимфа жолы және оң лимфа жолы кіреді.

 

2. Лимфа жүйесінің қызметі:

 

1.Резорбциялық (ұлпалардан коллоидты ерітінділер мен белокты заттардың резорбциясы).

2.Транспорттық ( судың және ондағы ерітілген кристалдардың сіңірілуі).

3.Барьерлік-ұлпалардан бактериялардың және бөтен заттардың алынуы.

4.Гемостаз.

5.Қанның сұйық бөлігінің депосы.

6. Лимфоциттердің циркуляциясы және қалыптасуы.

 

3.Лимфа жүйесінің құрылысы.

Лимфа капиллярлары соқыр басталады.Лимфаның ағысы бір бағытта жүреді. Капиллярдың қабырғасы эндотелиалді клеткалардан құралған. Капиллярлардың диаметрі 12-40-60 мкм-ға дейін.

Лимфа капиллярлары мида, көз алмасында, ішкі құлақта, бауырдың бөлшегінде, сүйек миында, гипофизде, эпифизде, плацентада жоқ.

Лимфа капиллярлары мен қан-тамырлардың аралық звеносы-посткапиллярлар, оларда клеткалар мен бірге қақпақшалар болады.

 

 

Лимфа тамырлары венаның құрылысына ұқсас, диаметрі 0,2 мм дейін үлкейеді, олар 2 немесе 3 қабаттық қабырғадан тұрады, қақпақшалар интиманың қатпарларынан пайда болады.

Лимфа түйіндері дененің бүгілетін беткейі аймағында, ірі тамырлардың маңында топ-топ болып орналасады.



Лимфа түйіндері 2 топқа болінеді:

1. Қозғалыс аппаратының түйіндері (бастың, мойынның, аяқтың, қолдың, иек-асты, құлақ маңы,қолтықтық және т.б.).

2. Қуыстардың түйіндері-кеуде, құрсақ. Осы түйіндердің ішінде қабырғалық (париеталді) және висцералді түйіндер болады. Лимфа түйіндерінің 50 топқа дейін түрлері белгілі.

Әрбір аймақтық топ лимфа тамырларын дененің сәйкес аймағынан алады. Лимфа тамырлары лимфа түйіндеріне олардың ішке майысқан беткейінен түйіннің қойнауына кіреді. Лимфа түйіндерден өтіп шығаратын тамырларға жиналады. Шығаратын тамырлардың саны, әкелетінге қарағанда аз, ал диаметрі үлкен.

 

Түйіннің негізгі қызметтері.

1. Гемопоэтикалық,және иммунопоэтикалық.

2. Қорғаныш-фильтрациялық.

3. Алмасу.

4. Резервуарлық.

 

Лимфа түйіндерінде лимфоциттер пайда болады, сондықтан қантамырлар мүшесіне жатады. Олар кеуделік лимфа жолы немесе оң лимфа жолы арқылы қанға, дәлірек венаға құйылады.

 

Лимфа түйіндерінің құрылысы.



Лимфа түйіндері сопақша немесе дөнгелек пішіндес, қартайғанда-лента тәрізді. Түйін қақпасынан артерия және нерв вена шығады.

Лимфа түйіні сыртынан дәнекер ұлпалы капсуламен қоршалған. Түйіннің ішіне капсуладан, оның паренхинасына жінішке аралықтар-трабекулар өтеді. Трабекулалар түйіннің қақпағы аймағынан басталады.

Түйіннің паренхимасы қара түсті қыртыс заттан, және жарық милы заттан тұрады. Қыртыс заты капсулаға жақын, ал милы заты түйіннің орталық бөлігінде орналасады.

Капсула мен трабекуланың бір жағынан және түйіннің паренхимасының арсында жінішке санылау, синус орналасады.

 

Синустар былай бөлінеді:

1. Шеттік – капсуланың астында, капсула мен қыртыс заттың арасында.

2. Қыртыс аралық – трабекула мен қыртыс заттың арасында.

3. Милы аралық – милы затта.

4. Қақпалық синус – түйін қақпағында.

 

 

Шеттік синусқа лимфа тамыры ашылады. Қақпалық синустан шығарылатын лимфа тамырлары шығады. Негізгі лимфа сабауы болып кеуделік лимфа жолы саналады.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Передача дел в архив организации | Нормативна база.

mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал