Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






II Бөлім. САХАБАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДӘРЕЖЕЛЕРІ




«Сахаба» ұғымына анықтама беріп, кімдердің сахаба атала алатыны туралы ең дұрыс көзқарас Хафыз ибн Хажарға тиесілі. Оның ойынша, сахаба – «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көзін көрген, аз да болса сұхбатына қатысқан, Оның (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) аузынан шыққан әр сөзге ден қойған және оған берген сертінен таймай ақыр аяғына дейін адал болып, өмірден өткен мүмин кісі».

Кейбір ғалымдар сахаба атану үшін Аллаһ елшісі-мен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) аз дегенде бір жыл, тіпті екі жылдай уақыт бірге болуы шарт деп есептеген, дегенмен көпшілік ғалымдар Аллаһ расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) нұрлы кеңістігіне кіріп, бір сәтке сол мүбәрак ауамен тыныстау бақытына кенелген, сүйікті расулдың тылсым шұғыласына бөленіп, сырлы сұхбаттарынан рухани азық алған және өмір бойы оған адалдық танытып өткен кез келген мүминнің сахаба санатына қосылатынын бірауыздан құптайды. Имансыз жандардың Пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) күніне мың рет жүздесіп, тілдессе де бәрібір сахаба бола алмайтыны екібастан белгілі.

Өз кезегінде сахабаның да сахабасы бар, сондықтан барлық сахабаның дәрежесі бірдей емес. Олар да өз арасында әр түрлі дәрежеге ие. Аллаһ елшісіне елдің алды болып иман келтіріп, Ислам үшін шыбын жанын от пен суға салған ең алғашқы мұсылмандар һижреттен, тіпті Мекке жеңісінен кейін иман еткен мұсылмандар-мен бір деңгейде емес.

Құран мен сүннетте де бұл мәселе тілге тиек етілген. Құран аяттарында ізгілік тұрғысынан мұһажирлар мен ансардың ішінен ең алғаш иман келтіргендердің жоғары дәрежеге ие екені айтылады. Сондай-ақ, Құранда Мекке жеңісіне дейін мүшріктер-мен күресіп, Аллаһ жолында дүниесін жұмсағандардың жеңістен кейін мұсылмандар қатарына өтіп, ізгі амал істегендерден әлдеқайда жоғары дәрежеге ие екені де білдірілген. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзі де өзіне серік болып, сын сағатта қасынан табылған сахабаларды сондай өлшемдермен бағалағанын көреміз.



Мәселен, бірде Халид (р.а.) Аммар ибн Ясирді (р.а.) ренжітіп алады. Сонда Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Менің сахабаларыма тиіспеңдер», – деп хазірет Халидті қатты сөккен еді. Басқа бір жолы Халид (р.а.) алғаш иман еткен сахабалардың бірін ренжітіп алғанда, бұл жолы да Пайғамбарымыз қабағын түйіп: «Менің сахабаларымның көңіліне қаяу салмаңдар», – деп қатаң ескерту жасайды. Бірде Омар (р.а.) аңдамай хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) ренішіне қалғанда, Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қабағын кірбің шалып, хазірет Омарға: «Барлығың айтқандарыма сенбестік танытқан кезде, Әбу Бәкір маған алғаш мойынсұнып, қолдау білдірді. Сахабаларымды неге жайына қалдырмай-сыңдар?!» – деген еді. Алайда хазірет Әбу Бәкір тізерлеп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Қате менен кетті», – деп өзіне тән мәрт мінезін тағы бір мәрте көрсетті. Бәлкім, ешкімнің көңілінде кірбің қалдырмау үшін әдейі солай деген шығар.



Сахабалардың дәрежелері Хаким ән-Нисабуридің «Мустәдрәк» атты еңбегінде терең талданып, былайша жіктеледі. «Мустәдрәкта» сахабалар он екі дәрежеге бөлінген.

1. Әділетті (рашид) халифалар және олармен бірге алғаш иман келтіргендер, әсіресе, «ашара-мубәшшара» сахабалары.
2. «Дарул-Әрқам сахабалары». Хазірет Омар мұсылман болғанға дейін иман келтіріп, оны мүшріктерден құпия ұстағандар, яғни Әрқам ибн Әбул-Әрқамның үйінде бас қосқан сахабалар.
3. Хабашстанға һижрет еткен сахабалар.
4. «Бірінші Ақаба» сертіне қатысқан сахабалар.
5. «Екінші Ақаба» сертіне қатысқан сахабалар.
6. Алғаш һижрет етіп, Пайғамбарымызбен Мәдинада кездескен мұһажир сахабалар.
7. Бәдір соғысына қатысқан сахабалар.
8. Бәдір мен Худәйбия келісімі аралығында һижрет еткен сахабалар.
9. «Бәйәтул-Рыдуан», яғни «Рыдуан» деген жерде серт берген сахабалар.
10. Халид ибн Уәлид пен Амр ибнул-Ас сынды «Бәйәтул-Рыдуан» серті мен Мекке жеңісі аралығында һижрет еткен сахабалар.
11. Мекке алынғаннан кейін мұсылман болғандар.
12. Мекке жеңісінен кейін соңғы «Қоштасу қажы-лығында» және басқа да жерлерде Пайғам-барымызды көзі көрген балалар.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал