Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лшеу қателіктері




Кез келген өлшеу қанша жерден тыңғылықты орындалса да қателіктер туады.Оларды негізгі және қосымша қателіктерге бөлуге болады. Негізгі қателіктер нормамен (мөлшермен) жіберілетін қателіктер. Егер аспапқа сыртқы әсерлер (ылғалдылық, магнит және электр ағымдары әсер етсе) бұл аспап көрсеткішіне беріледі, мұны қосымша қателіктер деп атайды.

Практикалық түрде есепке алынатын қателіктер:

1.Абсалютті қателік бұл өлшенетін шаманың өлшенген А (өлшеу қордындысынан алынған) және нақты Ан мәнінің арасындағы айырым

ΔА=А-Ан

2.Қатысты қателік бұл абсалютті қателіктің нақты мәнге қатынасы арқылы процентпен өрнектеледі

В= %

3. Қатысты келтірілген қателік бұл абсолютті қателіктің аспап шкаласының жоғарғы Аmax мен төменгі Аmin айырымының қатынасына тең, процентпен өрнектеледі.

Вкел=

Мысалы вольтметр көрсеткіші 0-250 В қателігі 3 В болса

Вкел=

Ең жоғарғы келтірілген қателік аспаптың дәлділік класы деп аталады. Дәлділік класы екі түрге бөлінеді:

1. абсолютті қателік бойынша

2. қатысты қателік бойынша.

Дәлділік класы аспаптың циферблатында көрсетіледі. Өлшеу диапазоны аз болған сайын қатысты қателік үлкен болады. Мысалы, дәлділік класы 1,0, шкала аралығы 0-100 В тең вольтметр үшін келтірілген қатысты қателік , 0-90 В шкаласы, қатысты қателік құрайды, ал 30 В болса .

 

Өлшеу қателіктерінің дөректерінің (көрсеткіштердің дұрыс жазылмауынан, аспаптарды дұрыс қолданбаған, қоспаған,орналастырылмаған кезде туатын), систематикалық және кездейсоқ қателіктер.

Тұрақты немесе белгілі бір заңдылықтарға байланысты өзгеретін систематикалық қателіктер аспап градуировкасының (бөлігінің) жеткілікті түрде дәл еместігінің сыртқы әсерлердің өзгеруінен туылады.

Кездейсоқ қателіктер белгілі бір заңдылықтарға бағынбайтын өлшеу процессінде белгісіз кездейсоқ факторының әсерінен туады. Кездейсоқ қателіктер бір аспапта бір шаманы белгілі бір шартта бірнеше рет өлшегенде туады. Өлшеудің кездейсоқ қателігі δі құрайды.



δі=Qi-Qo,

Мұндағы Qі-і-щі өлшеудің қортындысы.

Qо- өлщенетін шаманың нақты мәні.

Бақылау өлшеу аспаптарының негізгі сипаттамасы болып сезімділік болып табылады. Сезімділік S-бұл аспаптың сызықты Δl немесе бұрыштың Δφ ауытқуының, бақыланатын шама мәнінің ΔА өзгерісінің қатынасына тең:

S=Δℓ/ΔA ;Δφ/ΔA

Сенімділік деп аспаптың мейлінше үлкен уақыт аралығында істен шықпау мүмкіндін айтады.

Істен шығу деп аспаптың жұмыс бейімділігінің бұзылуын айтамыз.

Өлшеу құралдары (ӨҚ) деп, дәлдік сипаттамалары нормаланған, өлшеу тәжирибелерінде қолданылатын техникалық жабдықтарды айтады.

Өлшеу тәсілі деп, өлшеу құралдарын және принциптерін қоолдануды қамтитын айлалардың жиынтығын айтады.

Өлшеу принципі деп, өлшеудің негізін анықтаушы түрлі физикалық құбылыстарды атайды. Мысалы, температураны өлшеуде термоэффект құбылысын қолдану.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.005 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал