Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Психомоторикалық ерекшеліктері.




 

Жалпы тіл кемістігінің екінші деңгейіндегі балалар төмендегідей сипатталады:

1. Балалардың белсенді /активный/ сөздігі зат есім, етістік, сын есім, үстеу сөздерімен толықтырылады.

2. Сәтсіз болса да бұл деңгейдегі балалар септік жалғаулар мен жұрнақтарды пайдалана бастағаны байқалады.

3. Бұл деңгейде балалар сөзді байланыстырып сөйлей бастайды.

4. Сөзді түсінуі жетіледі, белсенді және енжар сөздіктері толығады.

5. Әлі де көп дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айта алмайды. Дыбыстық талдау, жинақтау әдістерін игеруге дайын еместігі байқалады.

Сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейінде сөйлем құрылысында лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық элементтердің жетілмейтіндігін сипаттайды.

Осындай дәрежедегі, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағылармен тілдесіп, сөйлесе алады, бірақ қанша дегенмен де өзінің айтайын деген ойын анықтап түсіндіре алмайды. Тіпті, бала дұрыс айта алады – ау деген кейбір дыбыстардың өзі де өз бетімен сөйлегенде жеткілікті түрде айқын шықпайды.

Тап осы фонематикалық топтағы екі немесе бірнеше дыбыстарды бір дыбыс немесе бірнеше дыбыстарды бір дыбыс бір мезгілде алмасытырған кезде дифференцияланбаған дыбыстарадың айтылуы өзгеше болады /негізінде ысқырып және ызыңдап шығатын, эффрикат, мұрын дыбыстары/. Мысалы: сәй-шай, сәне-шана, қал-қар.

Сонымен бірге балалар барлық сөз топтарын пайдалануды, грамматикалық құрылымның қарапайым түрлерін қолдануды үйренеді, салалас құрмалас пен бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді құрастыруға тырысады. Мысалы: Айдош мектептен келді де шабағын оқуға отырды.

Баланың тілі жетіліп жаңа дыбыстармен толықтырылған әр түрлі буындары бар сөздердің айтылғанда сөздегі дыбыстардың дұрыс, дұрыс емесін және олардың бұзылу ерекшелігін айқындауға болады, сөз тіркесін байланыстырып сөйлеу мүмкіншілігі артады. Бала өмірден алған тәжірибесінің нәтижесінде күнделікті тұрмыстағы өзіне жақсы таныс болып қалған заттың атын, түсін, тұлғасын, сапасын, белгісін және хал-жайын сөйлеп беруге енді бұрыңғыдай қиналмайды. Олар өздерінің үй-іші туралы, өзі және достары туралы, айналасында болып жатқан тіршілік емін-еркін әңгімелеп бере алады, қысқа әңгіме де құрастырады.



Алайда сөйлеу тілінің хал-жайын жан-жақты мұқият тексерген кезде тілге қатысты жүйенің /лексиканың, грамматиканың, фонетиканың/ бөлігінің толық дамымауын айқындайтын көріністі көруге мүмкіндік туады.

Бала ауызекі сөйлескенде өзінің тілі келмейтін қиын сөзді нақышты сөз тіркесін айтпауға тырысады. Егер сондай балалардың алдарына шарт қойса, онда сөздің және грамматикалық категориялардың қандайын болса да міндетті түрде пайдаланады да, сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктер айтарлықтай анық көрінеді.

Бала сөзді емін-еркін қолданып сөйлегенімен, сөйлеу тілі дұрыс дамымаған қатарластарына қарағанда, өздігінше сөйлем құрастыру кезінде үлкен қиындық көреді.

Әдеттегідей қиыстыру мен меңгеру қателерінен шығатын аграмматизмдерді дұрыс құрастырылған сөйлемнен де кездестіруге болады. Бұл қателер тұрақты сипат бермейді: грамматикалық тұлғалардың немесе категориялардың әр түрлі жағдайлары дұрыс та, бұрыс та қолданылуы мүмкін.



Құрмалас сөйлемді жалғаулығымен және жалғаулықты сөзімен құрастырған кезде қателер жіберілетіні байқалады. Бала сурет бойынша сөйлем құрастыру кезінде қатынасушы кісіні және қиымл іс-әрекетінің өзін жиі көрсетіп дұрыс атап отырса да, сөйлем құрамына қатынсаушы кісінің пайдаланған затының атын кіргізбейді.

Сөздік қорының едәуір өскеніне қарамастан, лексикалық мағынасын толық білмейді /шынтақ, білек, өзен, көл, бұлақ/, бірсыпыра сөздерді дәл түсінбейді және дәл қолданбайды /кесу, қию, пішу/. Лексикалық қателердің ішіндегі көзге түсетіндері төмендегідей:

а) заттың атын сол заттың бөлшегіне атымен алмастыруы /құлақ-бас, дөңгелек-машина/;

б) мамандықтың атын сол маманның істейтін кәсібімен ауыстырады /әнші-тәте өлең айтады/;

в) тектес заттардың меншікті аттарын атамай олардың сыртқы түрлерінің ұқсастығына және тұрмыстағы қолдануларына қарап жалпы атауларымен атайды /қарға-құс, қарағай-ағаш/;

г) көлемін білдіретін белгілерінің орын алмастыруы /биік, кең, ұзын,- үлкен, қысқа, кішкентай/.

Бала өз бетінше еркін сөйлесіп отырған кезде заттың белгілерін, күйін, қимыл-іс әрекетін білдіретін сын есім мен үстеу сөз таптарын аз қолданады.

Бала жаңа сөздерді сөйлеп дағдыланбағандықтан іс жүзінде көп қолданбай сөздік қоры тоқырап, кедейленіп қалудың әсерінен оған сөздің морфологиялық элементтерін айыруға мүмкіншілік бермейді.

Көп балалар жаңа сөздерді қолданған кезде қателерді жиі-жиі жібереді. Шынында да, дұрыс сөздердің жасалуымен қатар кемшіліктері де болады. Мысалы: көрпе-көрпешелік.

Осыған ұқсас қателер бірлі-жарымдап тілдері жаңа шығып келе жатқан дендері сау балаларда кездесуі мүмкін, бірақ олар тез арада жоғалып кетеді.

Орыс тілінде қателердің көпшілігі тамақтардың, заттардың, өсімдіктердің мағыналарын білдіріп ара қатынасын белгілейтін қатыстық сын есімнің жасалуы кезінде болады. Мысалы: стеклоаый стакан.

Орыс тіліндегі зерттеулердің нәтижесіне қарағанда сөйлеу тіліндегі грамматикалық қателердің ішіндегі ең ерекшеліктері төмендегідей:

а) сын есіммен зат есім сөздердің жекеше, көпше түрлеріне және септіктерде дұрыс қиылыспайды. Мысалы: /книги лежат на большими столох/;

б) сан есім зат есіммен дұрыс қиылыспайды, Мыс: пять пальцем – пять пальцев;

в) жалғаулықтарды қолданғанда кететін қателер: түсіріп қалдырады, алмастырады, толық айтпайды, мыс: мяч упал из полки – мяч упал с полки;

г) сөздің көпше түріне септік тұлғаларды қолданғанда кететін қателер. Мыс: много дерево – деревьев.

ІІІ деңгейде сөйлеу тілі дамуы бойынша баланың фонематикалық тілінің жасалуы жасының мөлшерімен салыстырғанда артта қалуы айтарлықтай шамада: олардың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың барлық түрлернінің дұрыс айтылмауы әлі де байқалады /сигматизм, ротацизм, ломбдацизм, үндестік ақаулығы, ұяңдануы/.

Сөздегі дыбыстардың түсіп қалатын тұрақты қателері, ең қиын сөздердегі буындардың бұзылуы байқалады. Мысалы: велосипед-сипед, милиционер-мисонел.

Фонематикалық есту және түйсіну қабілетінің нашар дамуының салдарынан баланың сөзді дыбыстарға талдау және топтау дайындығы өз бетінше қалыптастыруының нәтижесінде оларға логопедтің жәрдемінсіз мектепте сауатын ойдағыдай меңгеруге мүмкіндік бермейді.

Сонымен, сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейі мынандай кемшіліктермен сипатталады:

1.Бала ауызекі байланыстырып сөйлегенде кейбір сөздерді білмейтіндігі және дұрыс қолдана алмайтындығы байқалады. Сөздік қорында көбінесе зат есім, етістік көп кездеседі де сын есім, үстеу таптары аз кездеседі.

2. Тілдің грамматикалық жағының дамымағаны байқалады. Балалар септік жалғауларды, жұрнақтарды қолдауда қате жібереді. Сөз өзгерту қабілеті мүлдем дамымаған.

3. Сөйлегенде көбінесе тек жәй сөйлемдерді қолданады, құрмалас сөйлемдер сирек кездеседі.

4. Бұл деңгейдегі көптеген балаларда сөздің буындарын дұрыс айтпау кемшіліктері сақталады да дыбыстың талдау, жинақтау әдісін меңгеруде қиындық туғызады.

 

Әдебиеттер:

 

1. Волкова Г.А. Логопедическая ритмика.- М.: Просвещение, 1985.

2. Запорожец А.В. Развитие произвольных движений.- М., 1960.

3. Логопедия / Под ред. Л.С. Волковой, С.Н. Шаховской.-М.: Владос, 2002.

4. Руднева С., Фиш Э. Ритмика, Музыкальное движение.- М., 1972

5. Т.Б. Филичева, Н.А. Чевелева, Г.В. Чиркина Основы логопедии.- М.: Просвещение,1989.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.009 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал