Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оғамдағы әр түрлі діни наным-сенімдер және олардың түрлері.






I. ДІННІҢ ЖАЛПЫ Қ ОҒ АМ ЖӘ НЕ ЖАСТАР Ө МІРІНДЕГІ ОРНЫ.

оғ амдағ ы ә р тү рлі діни наным-сенімдер жә не олардың тү рлері.

Дін - адамзат тарихымен бірге жасап келе жатқ ан, ө лмейтін, кө нермейтін, мә ң гілікке жетелейтін қ астерлі де қ асиетті ұ ғ ым, бү кіл ә лемге ортақ қ ұ ндылық. Адам ата алейһ иссаламнан бастау алатын алғ ашқ ы адамдардың бойында да сана мен сезім, махаббат пен мейірім, ар-намыс пен ұ ждан жә не адамгершілік ізгі қ асиеттер сияқ ты дінге, қ ұ діретке, жаратушығ а деген жоғ ары сенім болғ ан. Осылайша, есте жоқ ық ылым замандардан бері сенім - жү рекпен, дін - адаммен бірге ө мір сү ріп келеді. Бұ л тұ жырымды бү гінде ғ ылыми зерттеулер де қ уаттап отыр. Мә селен, Африканың Натал аймағ ында жү ргізілген археологиялық қ азба жә не тү рлі зерттеу жұ мыстары бұ дан 100 000 жылдай бұ рын ө мір сү рген ежелгі қ ауым ө кілдерінің ө зіндік діни нанымдары болғ анын айқ ындап берді. Бұ л - «тас дә уірі» деп аталатын ө ркениеттің нә ресте шағ ында-ақ адамзат баласының жоғ ары дамығ ан рухани жә не мә дени қ ұ ндылық тарғ а ие болғ анын кө рсетсе керек. Басқ аша айтқ анда, алғ ашқ ы қ ауымдық қ ұ рылыс кезең інің адамдары да діни нанымдарғ а сеніп, ақ ыретке иланып, Жаратқ анғ а сиынып, тү рлі жоралғ ыларын жасағ ан. Сондық тан болса керек, алғ ашқ ы тарихшылардың бірі Плутарх кезінде «Жер-жаһ анды кезіп, шарласаң ыз - қ орғ ан-қ аласыз, ә дебиетсіз, ө нерсіз, заң сыз, жү йесіз, қ азына-байлық сыз қ ауымдар мен тайпаларғ а кез боларсыз, алайда, дінсіз, наным-сенімсіз бірде-бір ел кө ре алмайсыз» деп жазғ ан екен. Бертінде ө мір сү рген ә йгілі ойшыл-философ Бергсон осы пікірді қ уаттай отырып, мә дениетсіз жә не ә дебиетсіз халық тар болса да, дінсіз қ ауымның болмағ анын һ ә м болмайтынын ескертеді.

Дінді шындығ ында ешкім жоқ қ а шығ ара алмағ анымен, ол туралы ә ркім таным-тү сінігіне орай ә рқ илы пікір айтады. Кешегі кең естік идеология ту етіп кө терген маркстік кө зқ арас бойынша «дін - апиын». Ә рине, Карл Маркстің мұ ндай қ орытындығ а келуіне сол уақ ытта батыста ү стемдік қ ұ рып тұ рғ ан христиан теологиясы мен шіркеу де аз ық пал етпеген сияқ ты. Мә селен, батыс елдеріне ортақ атау болып тарағ ан латынша «религио» сө зі «жаратқ анғ а тағ зым ету, қ ұ рмет кө рсету жә не қ орқ у» сияқ ты ұ ғ ымдарды білдіреді екен. Оның ү стіне, ө зіне шексіз биліктің тікелей Тә ң ір тарапынан берілгенін алғ а тартқ ан шіркеу, ұ зақ уақ ыт бойы бұ қ ара халық ты қ орқ ытып, ү ркітіп, ойшылдар мен ғ алымдарды жазық сыз соттап, отқ а жағ ып, еркін ойды тұ ншық тырып келді. Шіркеу иелері Жаратқ анның атынан сө йлеп, кө птеген догмалар қ алыптастырып, оларды былайғ ы жұ рттың талқ ылауына, талдауына, тіпті, ойлауына тыйым салды. Мә селелерге ғ ылыми кө зқ арас танытқ ысы келгендер «дінсіз» деп айыпталып, қ уғ ындалды. Осылайша, батыста «дін» ұ ғ ымы соқ ыр сенімнің, догманың, қ орқ у мен ү рейдің, қ алтқ ысыз қ абылдаудың, толық мойынсұ нудың баламасы ретінде қ алыптасты. Міне, сондық тан, батыс қ оғ амының қ алыптасу кезең ін зерттеу барысында ымырасыз, қ атал, ғ асырлар бойы кө птеген мемлекеттерді матап, халық ты қ анап, елді уысында ұ стап келген шіркеудің билігіне кө з жеткізген Карл Маркс дінді «апиынғ а» тең еген де болар.

Осы кө зқ арастан алшақ жатпағ ан материалистер дінді «табиғ аттың дү лей кү ші алдында ө зін қ ауқ арсыз сезінген алғ ашқ ы адамдардың тылсымның алдында тізе бү гіп, тү рлі тотемдер мен пұ ттарғ а табынып, жалбарынуы» деп қ абылдайды. Олардың сө зіне сенсек, осылайша анимизм, фетишизм, паганизм, тотемизм сияқ ты наным-сенімдер пайда болып, кейін уақ ыт ө те келе ұ сақ пұ ттар ірі қ ұ дайларғ а айналғ ан. «Діндерді адамдардың ө здері ойлап тапты, ол қ ауқ арсыздық пен соқ ыр сенімнің нә тижесі» деген ұ ғ ымғ а саятын бұ л тү сініктің Чарльз Дарвиннің эволюция туралы ә йгілі теориясы бойынша жасалғ ан тұ жырымнан туғ аны белгілі.

Ө кініштісі сол, болжам-долбарғ а сү йенген Дарвин мен Ламарктің ілімін бү гінгі генетика жә не археология сияқ ты нақ ты ғ ылымдар бұ лтартпас дә йектермен жоқ қ а шығ арғ анымен, біздің қ оғ амымыз ә лі де осы тү сініктің жетегінен шығ а алмай келеді. Тіпті дін тө ң ірегінде ой айтып жү рген ә йдік ағ аларымыздың ө зі батыс пен шығ ыстың, шіркеу мен мешіттің, христиандық теология мен мұ сылмандық танымның бір-бірінен мү лдем алшақ дү ниелер екенін біле тұ ра (яки білмей), ә лі кү нге дейін діннің ө сіп-ө ркендеуін материалистік, маркстік, дарвиндік кө зқ арас тұ рғ ысынан тү сіндіріп келеді.

Елдегі енді бір топ дінді идеология ретінде қ абылдайды. Олардың тү сінігі бойынша «дін - ақ ылды адамдардың бұ қ ара халық ты оң ай басқ аруы, бір идеяның тө ң ірегінде ұ йытуы ү шін ойлап тапқ аны». Басқ аша айтқ анда, олар дінді ақ ылғ а қ онымды, пайдалы, бірақ білімі тө мен бұ қ ара халық ү шін ойдан жасалғ ан дү ние деп қ арастырады. Ө здерін бір жаратушының бар екеніне сенетін, сонымен қ атар, зиялы, зайырлы деп есептейтін мұ ндай кісілер дінді «жү рек яки ұ ждан мә селесі» деп қ ана ойлайды. Бұ дан да батыстық ұ ғ ымның жетегінде қ алыптасқ ан, атеизмнен қ алғ ан, кө нерген ескі тү сініктің табын сезуге болады. Батыстық қ алыптасқ ан ұ ғ ым бойынша бү кіл наным-сенімдер мен киелі элементтерге табынушылық, тү рлі ритуалдардың барлығ ы да дін. Міне, содан келіп біз қ азір философиялық ағ ымды да, танымды да, нанымды да, кө зсіз соқ ыр сенімді де - байыбына бармай, бә ріне тұ тас қ арап, тү гелін дерлік дінге теліп жү рміз.

Дін жайындағ ы жоғ арыда айтылғ ан батыстық танымдар мен исламдағ ы тү сінік арасында айтарлық тай алшақ тық бар. Сө здікте «бас ию, мойынсұ ну, ә деттену, басқ ару, қ ызмет ету» деген сияқ ты мағ ыналар беретін дін - тек Жаратқ анды танып, білу жә не оғ ан жалбарынып, мінә жат етуден немесе Тә ң ірге табынудан ғ ана тұ рмайды, сонымен бірге дін - илаһ и ә мірлер арқ ылы адамзат баласын кемелдікке бастап, ө зіндік дү ниетаным мен қ ағ идалар жиынтығ ы арқ ылы кө ркем мінез бен ізгілік атаулыны ө мірдің бар саласына орнық тырады. Дін - ә йгілі сахаба Риби ибн Амирдің Иран қ олбасшысы Рү стемнің алдында айтқ анындай, пенделерді қ ұ лғ а қ ұ л болудан азат етіп, тек жалғ ыз Аллағ а ғ ана қ ұ л болуғ а шақ ыратын, сол арқ ылы оны дү ниедегі ә р тү рлі қ иындық атаулыдан қ ұ тқ арып, мә ң гілік ақ ырет сағ адатына жетелейтін илаһ и тұ тас жү йе. Басқ аша айтқ анда, дін - бү кіл ғ аламның, болмыстың, жаратылыстың жү регіне, ө зегіне, рухына, тамырына жә не ө не бойына сү йіспеншілік пен ізгілікті орнық тыратын мә ң гілік махаббат, Алла мен пенденің арасына жіпсіз орнағ ан қ астерлі, қ асиетті кө пір. Қ ұ ран, кейбір батыстық дін тарихшылары мен материалистерге керісінше, ә уелгіде анимизм, фетишизм, тотемизм сияқ ты «измдер» емес, ә лімсақ тан бері Алла Тағ аланың қ ұ зырында тек бір ғ ана діннің бар болғ анын айтады. Қ ұ ранның баяны бойынша, алғ ашқ ы пайғ амбар болғ ан Адам атадан бергі барлық пайғ амбарлар адамзатқ а Алланың бір жә не тең дессіз екенін, ақ ыреттің бар жә не тағ дырдың хақ екенін уағ ыздап келген. Бұ л тұ жырым бойынша, адамның арғ ы атасы ұ ждан мен парасат, ақ ыл мен ой иесі, саналы адам болғ ан жә не діни нанымдарғ а сеніп, Жаратқ анғ а сиынып, ақ ыретке иланғ ан. Бұ л орайда ү ндінің қ асиетті кітаптарын зерттеген неміс ойшылы Шеллингтің «Адамзат ә уелде бір болғ ан жә не жалғ ыз жаратушығ а иман келтірген. Байырғ ы дін кейін жұ лдыздардай шашылып, қ ұ рақ тай бө лініп кеткен» деген сө зі мен атақ ты антрополог-ғ алым Шмидттің: «барлық діндер ә уел бастағ ы тек тә ң ірлі діннен ө рбіген» деген пікірі Қ ұ ранның баянынан алшақ жатқ ан жоқ.

Дінсіз адам болуы мү мкін, алайда, дінсіз қ оғ ам болмайды. Ә йгілі Ә мір Темір кезінде ө мір сү ріп, артына ө шпейтін мол мұ ра қ алдырғ ан, бү гінде қ оғ амтану ғ ылымының атасы саналатын Ибн Халдун «Мұ қ аддима» деп аталатын ә йгілі ең бегінде діннің қ оғ амдық қ атынастарды реттей отырып мемлекет істеріне болысатынын, бұ ғ ан тиісінше мемлекеттік биліктің де дінге қ амқ ор болатынын атап кө рсеткен.

Бұ л - қ исынды да. Ө йткені, дін қ оғ амдық қ ұ былыс болғ андық тан, мемлекет одан ешқ ашан тыс қ ала алмайды. Діни сенім мен қ ұ ндылық тар азаматтардың бойына имандылық пен ә депті ұ ялатады, кісілік пен парасаттылық ты қ алыптастырады, нашақ орлық, зинақ орлық сияқ ты жат қ ылық тар мен жамандық тардан тыяды, отбасын ұ йытып, қ оғ амды орнық тырады. Қ азіргі батыстық қ оғ амның қ алыптасуына ық пал еткен Руссо қ оғ амның тұ рақ тылығ ы ү шін азаматтардың діндар болуы тиіс екенін жазғ ан екен. Оның пікірінше, діндар азаматтар мемлекетке ерекше қ ұ рметпен қ арайды, билікке мойынсұ нады һ ә м отаншыл болады. Дін осылайша заң мен де орнық тыра алмайтын кейбір қ оғ амдық қ атынастарды реттей отырып мемлекет істеріне болысады. Ал ө з кезегінде мемлекет те дінді қ адағ алап, реттеп отыруы тиіс. Мемлекет ұ лт пен халық мү ддесі тұ рғ ысынан реттемесе, ә ртү рлі жат секталар қ оғ амды жайлап, діни алауыздық туындап, осылайша тә уелсіздікке қ ауіп тө нуі де бек мү мкін. Егер дінге деген мемлекеттік айқ ын кө зқ арас қ алыптастырмаса, онда діннің атын жамылғ ан ә лдекімдер мемлекет тағ дырымен айналыса бастайтыны тағ ы анық. Бұ л ретте дінді саясатқ а айналдыру немесе саясат ү шін дінді қ олдану ә рекеті мемлекет ү шін қ ауіпті қ ұ былыс екені анық. Ерекше ескерерлік жайт, мұ ндай пенделік дау-жанжалдар мен тү рлі саяси науқ андарғ а діни сипат беру, діннің атын жамылу немесе дінді бет перде етіп қ олдану ә рекетінен ең бастысы дін зардап шекпек. Мұ ндай жағ дайда, қ арапайым діндар жандарғ а да кү діктің қ ара бұ лты ү йіріліп, сенімдеріне селкеу тү спек.

Ұ лыстың ұ йытқ ысы - ұ лт, мемлекеттің ө зегі - қ оғ ам болса, сол ұ лт пен қ оғ амның рухы - дін. Бұ л ретте, біз кө птеген қ ауымдардың топтасуына, ұ лттардың ұ йысуына, ұ лыс ретінде қ алыптасуына діннің ық палының аса жоғ ары болғ анын еске алсақ та жеткілікті. Мә селен, бү гінгі ормандай орыс халқ ы православ шіркеуінің арқ асында алты бақ ан алауыздығ ынан арылып қ ана қ оймай, биік мұ раттарды мақ сат тұ тқ ан іргелі империя дең гейіне жетті. Бұ л орайда тағ ы бір айта кетерлік жайт, ұ лтты қ алыптастыруда дін факторы, тіпті кейде тілдік фактордан да биік тү сіп жатады. Бұ ғ ан тү п-тамыры бір, тілдері жақ ын бола тұ ра тү рлі діндерді ұ станғ андық тан, уақ ыт ө те-келе бір-біріне қ ару кезенген бұ рынғ ы Югославия шең беріндегі елдердің тағ дыры мысал бола алады.
Болмысында бей-берекетсіздікке, анархияғ а қ арсы ислам діні елдің бірлігі мен мемлекеттің тұ тастығ ын қ амтамасыз етеді. Қ ұ ран «Аллағ а, пайғ амбарғ а жә не билік қ ұ рғ андарғ а мойынсұ нуды» бұ йырады. Бұ л ретте ә з-пайғ амбарымыз да қ оғ ам мен жамағ атты бірлікке шақ ыра отырып, басшының тө ң ірегіне топтасуды уағ ыздады, басшығ а бағ ынудың маң ыздылығ ын ескертті. Мә селен, Абдулла ибн Омардан Пайғ амбарымыз алайһ и саламның: «Кімде кім бойсұ нудан бас тартса, қ иямет кү ні Алла алдында айтар уә жі болмайды. Кімде кім (патшаны) мойындамай қ айтыс болса, надандық ө лімімен қ айтыс болады» деген хадисі риуаят етіледі (Хадис сахих, Муслим). Сол сияқ ты Абдулла ибн Аббастан Пайғ амбарымыз алайһ и саламның: «Кімде кім басшыдан ө зіне ұ намайтын жә йтті кө рсе сабыр етсін, себебі бір адам жамағ аттан бір қ арыс бө лініп, сол халде қ айтыс болса, надандық ө лімімен қ айтыс болады» деген хадисі риуаят етіледі (Хадис сахих, Имам Бухари). Кө зі тірісінде «Исламның дә лелі» аталғ ан Имам Ғ азали да бұ л туралы «Нашар жү йенің ө зі жү йесіздіктен жә не анархиядан жақ сы. Биліктің міндеті дінді сақ тау болса, дінді қ орғ аудың жолы биліктің, жү йенің нығ аюы арқ ылы болады. Сондық тан, мемлекеттілікті сақ тап, билікке мойынсұ ну керек» деп жазғ ан екен сонау ХІ ғ асырда.

Қ азақ халқ ының ұ лт ретінде қ алыптасуына ық пал еткен Ислам - кендік пен кешірімнің, келісім мен тү сіністіктің, бейбітшілік пен татулық тың діні. Ол басқ а сенім ө кілдеріне мейлінше мейіріммен жә не тү сіністікпен қ арайды. Хазіреті Мұ хаммед алейһ иссалам негізін қ алағ ан алғ ашқ ы ислам мемлекеті - Мә дина қ ала-мемлекетінен бастап, ислам діні салтанат қ ұ рғ ан барлық жерлерде ө зге сенім ө кілдері, ә сіресе христиандар мен яхудилер сан ғ асырлар бойы тыныштық пен бейбітшілік ішінде ө мір сү рді. Бү гінгі қ азақ жеріндегі толеранттылық пен тө зімділікті, кең дік пен келісімді осы исламдық негізден іздеген жө н сияқ ты.

Ислам дінін ә лемдегі негізгі бес мә дениеттің бірі ретінде атап кө рсеткен атақ ты тарихшы, қ оғ амтанушы А. Тойнби: «...мұ сылмандардың рушылдық пен ә сіре ұ лтшылдық ты ауыздық таудағ ы ахлақ и, моральдық жетістіктері қ азіргі дү ниеге қ аншалық ты қ ажет десең ізші. Мә селенің келісім мен бейбітшілік аясында шешілуі ү шін осы мұ сылман парасатының ө сіп-ө ркендеуіне жағ дай жасау шарт», - дейді. Расында, адами қ асиеттерді ардақ тап, адам қ ұ қ ығ ын аяқ қ а таптамай, оны асқ ақ ұ стау - исламның басты ерекшеліктерінің бірі. Алла Тағ ала қ асиетті кітап Қ ұ ран Кә рімде бір-бірімен танысып, білісуі ү шін адамдарды қ ауым-қ ауым, тайпа-тайпа етіп жаратқ анын ескертеді. Сондық тан, ислам дінін қ абылдағ ан кез келген қ ауым ө зінің тілі мен ділін сақ тап қ алып отырғ ан. Сонымен бірге, мұ сылман елдерінде батыстағ ыдай таза теократиялық мемлекеттің болмағ аны анық. Мә селен, католиктердің сенімі бойынша Папа Тә ң ірдің жә не Хазіреті Исаның жердегі ө кілі, сондық тан ол жаң ылыспайды, қ ателеспейді, Тә ң ірдің атынан билік жү ргізетін болғ андық тан оның ә мірлерін бұ лжытпай орындау керек. Ол қ алағ анын дінге кіргізіп, қ алағ анын діннен шығ арады, кү нә ні кешіріп, жұ мақ ты сыйғ а тартады яки жаратпағ анын жаһ аннамғ а аттандырады. Осындай шексіз билікті қ олына шоғ ырландырғ ан Папалар патшаларғ а ү кімін жү ргізді, шіркеудің атынан крест жорық тарын ұ йымдастырды. Сондық тан батыста зайырлылық қ а талпыну - мемлекетті шіркеудің шексіз билігінен қ ұ тқ ару ә рекетінен басталғ ан еді. Батыстық Макявелли, Хоббес, Руссо, Лок жә не басқ а да ойшылдар шығ армаларында мемлекетті діннің қ ұ рсауынан қ ұ тқ арып, шіркеуді ө з қ ызметіне жегу туралы жазды.

Ислам, бү гінгі тү сінікпен айтқ анда, зайырлы дін. Інжілде айтылғ ан «Тә ң ірдің ақ ысы - Тә ң ірге, Цезардың ақ ысы - Цезарғ а» деген қ ағ ида болмағ андық тан, Исламда білім мен иман, ақ ыл мен жү рек, тә н мен рух, мемлекет пен дін арасында да қ айшылық жоқ. Бұ л тұ рғ ыдан келгенде, батыста зайырлы қ оғ ам орнатуды кө ксеген ойшылдардың ө зі исламды тану арқ ылы сондай байламғ а келген деуге негіз бар.

Исламдық сенім бойынша Ұ лы Жаратушы мен пенденің арасына ешкімнің кіре алмайтыны сияқ ты, ешкім де, мейлі ол халифа-сұ лтан болсын, пайғ амбарғ а ө кіл бола алмайды, Алла Тағ аланың атынан ү кім бере алмайды. Айталық, кісі кү нә лі болса, ешкім оның кү нә сін жуып, арылта алмайды немесе шіркеудегі сияқ ты оғ ан «жұ мақ тың кілтін» сыйғ а тарта алмайды. Дұ ғ а мен тілек - қ ұ діретті Жаратушы мен пенде арасындағ ы байланыс болғ андық тан, ә р адам кү нә сынан тазару ү шін рақ ым-мейірімі шексіз, мейірімді Алла Тағ аланың алдында тізе бү гіп, тә убағ а келіп, басын сә ждеге қ ойып, шынайы ық ыласымен жалбарынуғ а тиіс. Сондық тан, ислам белгілі бір топтың меншігіндегі киелі элемент емес, ол қ астерлі бола тұ ра ә рбір мұ сылманның жү регі мен тілегінен, ниеті мен амалынан орын алғ ан жә не жалпы адамзаттың қ олы жетерлік кү нделікті ө мір салты.

Осы орайда айта кетерлік бір жә йт, халық арасында Қ ұ ран тек ө лім-жітім кезінде ғ ана марқ ұ мның артынан бағ ышталып оқ ылатын кітапқ а баланады. Қ ұ ран - ә рбір мұ сылман тарапынан қ ырағ атынан тұ шынып, тә псір-тә уилінен тү сініп оқ ылуы тиіс ө мірлік қ ұ быланама, бұ лжымас бағ дарлама. Сондық тан, ол - ә рі зікір, ә рі шү кір жә не пікір кітабы.

Бү кіл адамзатқ а жіберілген кә міл дін болғ андық тан, исламда ә леуметтік ә ділет пен тең дік жан-жақ ты қ арастырылғ ан. Ол капитализм сияқ ты тек жеке кісіні, немесе, социализм сияқ ты тек қ оғ амды ғ ана негізге алмайды. Кісілік қ алып жә не оның қ абілеті мен мү мкіндіктеріне толық ерік берген ислам діні адам бақ ыты мен жамағ аттың жақ сылығ ы арасында керемет ү йлесім қ ұ рғ ан. Кө ршісі аш отырып, ө зі тоқ болғ ан кісінің кә міл мұ сылман бола алмайтынын хадистерінде ескерткен Хазіреті пайғ амбар, осылайша, ү мбетін ә леуметтік ә ділеттілікке шақ ырды. Аллағ а иман келтірген, жамағ атпен намаз оқ ығ ан немесе Қ ағ баны тауап етіп айналып жү рген мұ сылмандардың барлығ ы, тү р-тү сіне қ арамастан, бір ү йдің балалары сияқ ты, бә рі бір-бірімен бауыр болып кетеді. Бұ л бауырластық дү ниеқ ұ марлық, пайдакү немдік немесе қ андай да болмасын саяси билік ү шін қ ұ ралғ ан жасанды идеология емес, жү ректер ү ндестігінен туғ ан рухани бірлестік. Ү мбет болғ ан адам бір жү рек, бір тілек болып бір адамдай, бір ұ лттай қ абысып, астасып кетеді. Сондық тан, басқ а сенім ө кілдерінде «ү мбет» сө зінің баламасы жоқ.

Алланың жолдауы - ізгілік бастауы. «Адамзатты махаббатпен жаратқ ан» (Абай), сондық тан, адам баласына жү рек беріп, оғ ан ізгі сезімдер дарытқ ан, тура жолды кө рсетіп, мейірім-шуағ ын тө ккен Алла Тағ ала, хадисте айтылғ андай, «пендесін, ананың ө з перзентін сү йгеннен артық жақ сы кө реді». Ендеше, қ ұ ндылығ ын танып, тұ ң ғ иығ ына терең бойлай білсек, ислам дінінің қ азақ жеріндегі татулық пен келісімнің де кепілі болары анық.

 

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.