Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мультипликатор теориясы 4 страница






2) қ ұ рылымдық жұ мыссыздық – ең бек ұ сынысы мен ең бекке деген сұ раныстың сә йкес келмеуінен пайда болатын мә жбү рлі ұ зақ мерзімді жұ мыссыздық. Жұ мыссыздық тың бұ л тү рі ө ндірістегі технологиялық алғ а жылжулармен байланысты жә не осығ ан сә йкес жұ мыс кү шіне деген сұ раныстың қ ұ рылымы ө згереді. Бұ л жұ мыс-сыздық мамандық тары «ескірген» немесе ғ ылыми-техникалық прог-ресстің дамуына байланысты экономикағ а қ ажеті шамалы болып табылатын азаматтардың арасынан кө рініс табады. Қ ұ рылымдық жұ мыссыздық қ а тап болғ ан азаматтар ө з ең бек қ ызметтерін «дайын» кү йінде ең бек нарығ ына ұ сына алмайды жә не жаң а жұ мыс орын-дарына орналасу ү шін кә сіби қ айта даярлаудан ө тулері қ ажет. Қ айта даярлаудан ө ту ү шін аса кө п уақ ыт кетеді жә не кө бінесе мемлекет тарапынан қ осымша шығ ындар жұ мсауды талап етеді.

3) циклдік жұ мыссыздық – ө ндіріс дең гейінің қ ұ лдырауынан немесе жиынтық сұ раныстың жалпы тө мендеуіне байланысты кез-келген мамандық бойынша жұ мыс таба алмаудан орын алатын жаппай жұ мыссыздық тың аса ауыр тү рі. Жұ мыссыздық тың бұ л тү рі жұ мыссыздық тың нақ ты дең гейінің табиғ и дең гейінен ауытқ уымен байланысты. Экономикалық қ ұ лдырау кезең інде циклдік жұ мыссыз-дық фрикциондық жұ мыссыздық пен қ ұ рылымдық жұ мыссыздық ты толық тырады, ал экономикалық ө су (ө рлеу) кезең дерінде циклдік жұ мыссыздық жоғ алады.

Бірақ, ең бек нарығ ы тепе-тең дік жағ дайында болғ анда да фрик-циондық жә не қ ұ рылымдық жұ мыссыздық тың дең гейі орын алады. Ал циклдік жұ мыссыздық болса қ ұ лдырау кезең дерінде орын алады да, соның салдарынан жұ мысбастылық жиынтық сұ раныс пен жиынтық ұ сыныстың тепе-тең сіздігінен қ ысқ арады. Циклдік жұ мыс-сыздық тың орын алуы кү рделі макроэкономикалық мә селеге айнала-ды, макроэкономикалық тұ рақ сыздық ты туындатады, ресурстардың толық қ амтылмауын болдырады.

ХХ ғ асырдың 60-шы жылдары американдық экономистер, Нобель сыйлығ ының лауреаттары Милтон Фридмен мен Эдмунд Фелпс «толық жұ мысбастылық» жә не «жұ мыссыздық тың табиғ и дең гейі» деген ұ ғ ымдарды енгізді.

Толық жұ мысбастылық – бұ л жұ мыс кү шінің жалпы санында 5, 5% жә не 6, 5% мө лшерінде жұ мыспен қ амтылмағ андардың ү лесін сақ тап тұ ру, яғ ни бұ л жағ дай тек циклдік жұ мыссыздық болмағ анда ғ ана орын алады. Бұ л кө рсеткіштер ә р елде ә ртү рлі болуы мү мкін, бірақ толық жұ мысбастылық ты жұ мыс кү шінің 100% жұ мыс істеуі деп айтуғ а болмайды.

Жұ мыссыздық тың табиғ и дең гейі – бұ л ә леуетті ЖІӨ -ге сә й-кес келетін толық жұ мысбастылық кезіндегі жұ мыссыздық дең гейі. Жұ мыссыздық тың табиғ и (тең герімді) дең гейі фрикицондық жә не қ ұ рылымдық жұ мыссыздық дең гейлерінің қ осындысына тең. Шетел-дік тә жірибеде жұ мыссыздық тың табиғ и дең гейін басқ аша «NAIRU» деп атайды.

«NAIRU» (Non-Accelerations-Infliacion Rate of Unemployment) тү сінігі – бұ л инфляция қ арқ ынын ү детпейтін жұ мыссыздық тың дең -гейі немесе инфляцияны тұ рақ тандыратын жұ мыссыздық тың қ алып-ты дең гейі. Жұ мыссыз-дық тың табиғ и дең гейін ресми бағ алау алғ аш рет АҚ Ш-та 1960-жылдары жү ргізілді жә не оның шамасы 4%-ды қ ұ рады. Кейіннен Р.Рейган, Б.Клинтон жә не Дж.Буш ә кімшіліктерінің орын алғ ан саясаттары нә тижесінде оның шамасы 6, 5%-ғ а дейін ө згерді. Дегенмен, жоғ арыда аталып ө ткендей, кө птеген экономистер-дің айтуынша, ә ртү рлі елдерде жұ мыссыздық тың табиғ и дең гейі-нің шамасы тә жірибе жү зінде 7%-дан 20%-ғ а дейінгі аралық та жү руі мү мкін.

Жұ мыссыздық пен ө нім кө лемі арасындағ ы ө зара байланыс Оукен заң ы деп аталады. Оукен заң ына сә йкес жұ мыссыздық тың нақ ты дең гейі ө зінің табиғ и дең гейінен 1%-ғ а ө ссе, онда нақ ты ЖІӨ дең гейі ә леуетті ЖІӨ -ге қ арағ анда 2, 5%-ғ а қ ысқ арады. Ал 2, 5% Оукен коэффициенті деп аталады. Оукен заң ы игіліктер нарығ ы мен ең бек нарығ ы арасындағ ы ө зара байланысты сипаттайды. Оукен заң ы мынадай формуламен жазылады:

Y* – Y / Y* = γ (u – u*),

мұ ндағ ы, Y* - толық жұ мысбастылық жағ дайындағ ы ө ндірістің ә леуетті кө лемі; Y – ұ лттық ө ндірістің нақ ты кө лемі; u – жұ мыссыз-дық тың нақ ты дең гейі; u* - жұ мыссыздық тың табиғ и дең гейі; γ – Оукен коэффициенті. Осының нә тижесінде ө ндіріс кө лемінің жұ мыс-сыздық тың нақ ты дең гейіне тә уелді екендігін байқ ауғ а болады.

Жұ мыссыздық тың табиғ и дең гейіне бірқ атар факторлар ә сер етеді:

а) демографиялық факторлар;

ә) елде бекітілген жалақ ының тө менгі дең гейі;

б) кә сіподақ тардың ық палы жә не т.б.

Табиғ и жұ мыссыздық тың ө згеруі ЖІӨ -нің ә леуетті дең гейінің ө згеруімен тығ ыз байланысты болғ андық тан бұ л мемлекет саясаты-ның басты мә селесі болып табылады.

 

Жұ мыссыздық тың экономикалық жә не экономикалық емес салдарлары бар, олар жеке жә не қ оғ амдық дең гейде кө рініс табады.

Жұ мыссыздық тың экономикалық емес салдарлары – бұ л жұ мысты жоғ алтудың психологиялық, ә леуметтік жә не саяси салдарлары.

Жұ мыссыздық тың экономикалық салдарлары табысты немесе табыстың белгілі бір бө лігін (яғ ни, ағ ымдық табыстың тө мендеуінен) жоғ алтудан, сонымен қ атар, біліктілікті жоғ алтудан (ә сіресе, жаң а мамандық иелері ү шін) кө рінеді жә не сондық танда болашақ та жалақ ысы жоғ ары беделді жұ мыс орнын табу мү мкіндігі тө мендеуі мү мкін.

Жұ мыссыздық тың осындай экономикалық жә не экономикалық емес зардаптарының болуы ең бек нарығ ына мемлекеттің араласуын ә рдайым талап етеді. Мемлекет ең бек нарығ ын реттеуде мақ сатты бағ ытталғ ан саналы тү рдегі экономикалық саясатты жү ргізеді. Ол ұ лттық дең гейде ең бек қ атынастарын (жұ мыс кү нінің ұ зақ тылығ ы, жұ мысқ а жалдау жә не жұ мыстан босату тә ртібі, ең бек қ ауіпсіздігі, ең тө менгі жалақ ы дең гейі, демалыс кү ндерін жә не ең бек демалыстарын ұ йымдастыру, т.б.) реттейтін заң дылық жү йесін ә зірлейді.

Ең бек нарығ ын реттеудің негізгі мақ саттарын мыналар жатады:

- толық жұ мысбастылық ты қ амтамасыз ету, бұ л жерде жұ мыссыздық тың «табиғ и» дең гейін сақ тай отырып циклдік жұ мыссыздық ты болдырмау;

- экономикалық дамудың ішкі жә не сыртқ ы ө згерістеріне тез бейімделе алатын «икемді ең бек нарығ ын» қ алыптастыру, бұ л жерде жұ мыс істеуге ынталы ә рбір азамат ө зінің қ абілетіне қ арай жұ мыс орнын таба алуы тиіс.

Ең бек нарығ ын мемлекеттік реттеудің мынадай бағ ыттарын атауғ а болады:

1. Ең бек ресурстарын жұ мыспен қ амтудың санын арттыруды ынталандыру жә не мемлекеттік секторда жұ мыс орындарының санын ұ лғ айту бойынша бағ дарламалар.

2. Жұ мыскерлерді даярлау жә не қ айта даярлау бойынша бағ дар-ламалар.

3. Жұ мыскерлерді жалдауғ а қ олдау кө рсету бойынша бағ дарла-малар.

4. Жұ мыссыздық ты ә леуметтік сақ тандыру бойынша бағ дарла-малар (жұ мыссыздық бойынша жә рдемақ ылар).

Ең бек нарығ ын мемлекеттік реттеудің алғ ашқ ы ү ш бағ ытында мемлекеттің саясаты белсенді, ал соң ғ ы тө ртінші бағ ытында мемле-кеттің саясаты енжар болып табылады.

Белсенді саясат ә рқ ашанда толық жұ мысбстылық қ а қ ол жеткізу-ге бағ ытталады жә не дамығ ан елдерде ең бек нарығ ының басым бағ ыттарына жатады.

Белсенді саясат кезінде атқ арылатын іс-шаралар:

- экономикағ а инвестициялардың қ ұ йылуын мемлекеттік ынта-ландыру, бұ л шара жаң а жұ мыс орындарының ашылуына кө мектеседі;

- қ ұ рылымдық жұ мыссыздық қ а тап болғ андарды қ айта оқ ыту жә не олардың ө з біліктілігін арттыруына жағ дай жасау;

- ең бекпен қ амту орталық тарын, ең бек биржаларын ашу жә не оларды дамыту, бұ л шара фрикциондық жә не қ ұ рылымдық жұ мыссыздық ты тө мендету мақ сатында бос жұ мыс орындары туралы ақ параттармен қ амтамасыз етуге жағ дай жасайды;

- жеке немесе отбасылық бизнесті қ олдау, бұ л шара дамығ ан елдерде халық ты жұ мыспен қ амтудың аса маң ызды ә дісі болып саналады;

- жастар мен мү гедектер сияқ ты халық тың ерекше топтарына жұ мыс берушілердің жұ мыс орындарын тауып беруі ү шін мемлекеттің салық тық жә не заң дық шаралар арқ ылы ынта-ландыруы;

- қ оғ амдық жұ мыстарды ұ йымдастыру;

- жұ мыс табу ү шін қ ажет болғ анда тұ рғ ылық ты мекен-жайын ауысты-руына кө мектесу;

- халық аралық ең бек миграциясымен байланысты жұ мысбас-тылық мә селесін шешуде халық аралық ынтымақ тастық шара-ларын жү ргізу;

- білім беру, медицина, коммуналдық шаруашылық, қ оғ амдық ғ имараттарды тұ рғ ызу сияқ ты мемлекеттік сектор салала-рында жұ мыс орындарын ұ йымдастыру.

Енжар саясат кезінде мемлекет ең бек нарығ ында жұ мыссыз қ алғ андарды мемлекеттік қ олдау жә не оларды ә леуметтік қ орғ ау шараларын жасайды. Мұ ндай жағ дайда жұ мыссыз азаматтарғ а келесі-дей кепілдемелер беріледі:

- материалдық кө мек, жә рдемақ ылар жә не басқ а да ә леуметтік тө лемдер тү рінде ә леуметтік қ олдауды іске асыру;

- тегін медициналық қ ызмет кө рсету.

Дамығ ан едерде жұ мыссыздарғ а қ аржылай кө мек беру жұ мыс-сыздық бойынша сақ тандыру жү йесі негізінде жү зеге асырылады жә не сол арқ ылы жұ мыссыздардың ө мірлік ең тө менгі шығ ындарын қ амтамасыз етеді.

Жоғ арыда аталып ө ткендей, ең бек нарығ ын реттеуде маң ызды орынды ең бек биржалары алады. Осығ ан да жеке тоқ талып кетуге болады.

Ең бек биржасы – бұ л жұ мыс кү шін сату жә не сатып алуды жү зеге асыратын жұ мыскерлер мен кә сіпкерлер арасында делдалдық қ ызметтер кө рсететін ұ йымдар болып табылады. Бұ лар жұ мыс-сыздық ты тү гел жоя алмаса да, жұ мысқ а орналастыру жә не жұ мыс-керлерді жалдау ү рдісінің дұ рыс ұ йымдастырылуына жә не тиімді жү зеге асуына мү мкіндік береді.

Сонымен, бұ л жердегі мемлекеттің рө лі толық, тиімді жә не еркін жұ мысбастылық ты қ амтамасыз етуге кө мек беру ү шін оң тайлы саясатты жү зеге асыру шараларынан кө рінеді.

Елбасының тікелей тапсырмасымен қ азіргі уақ ытта елімізде ең бек нарығ ын реттеудің жә не жұ мыссыздық ты жоюдың жаң а бағ ыттары қ алыптасып іске асырылу ү стінде. Жаң а қ абылданғ ан «Жұ мыспен қ амту-2020» Мемлекеттік бағ дарламасы жә не елді индустрияландыру картасы аясында 370 мың ғ а жуық жұ мыс орны қ ұ рылатын болады.

«Жұ мыспен қ амту-2020» бағ дарламасы ү ш бағ ытты қ амти-ды:

1. Кә сіптік оқ ытудан кейін жұ мысқ а орналастыруды қ олғ а алу.

2. Жеке ісін бастаушығ а ең алдымен ауылда ұ йымдастыруғ а жә рдемдесу;

3. Тұ ратын жерінде жұ мыс, не бизнес жасауғ а мү мкіндік болмағ ан жағ дайда осы бағ дарлама бойынша дамығ ан ө ң ірге баруғ а мү мкіндік беру.

Сондай-ақ, осы бағ дарлама аясына «Дипломмен - ауылғ а» бағ дарламасын да кіріктіріп оны сә тті тү рде жү зеге асыру назардан тыс қ алмайтын болады.

Қ азақ стан Республикасы Статистика Агенттігінің ресми мә лі-меттері бойынша ең бек нарығ ының қ азіргі экономикалық жағ дайы туралы бірқ атар мә ліметтерді қ осымша беруге болады.

2011 жылғ ы I-тоқ санда 15 жә не одан жоғ ары жастағ ы экономикалық тұ рғ ыдан белсенді халық тың саны 8, 6 млн. адамды қ ұ рады, бұ л 2010 жылғ ы тиісті кезең ге қ арағ анда 0, 6%-ғ а кө п. Республика экономикасында 8, 1 млн. адам жұ мыспен қ амтылды немесе 15 жә не одан жоғ ары жастағ ы халық тың 67, 2%. Ө ткен жылғ ы I-тоқ санмен салыстырғ анда олардың саны 105, 2 мың адамғ а (1, 3%-ғ а) артты.

 

Кесте 13.2 Қ азақ стан Республикасы ең бек нарығ ының қ азіргі жағ дайы

  15 жастағ ы жә не одан жоғ ары халық тың саны
I тоқ сан 2010ж. IV тоқ сан
2009ж. 2010ж. 2011ж.
Экономикалық белсенді халық, мың адам 8413, 5 8555, 5 8610, 4 8616, 1
Экономикалық белсенді халық тың дең гейі, % 70, 3 70, 7 71, 2 71, 2
Экономикалық белсенді емес халық, мың адам 3548, 8 3544, 1 3487, 8 3483, 4
Экономикалық белсенді емес (енжар) халық тың дең гейі, % 29, 7 29, 3 28, 8 28, 8
Жұ мыспен қ амтылғ ан халық тың саны, мың адам 7830, 4 8029, 3 8134, 5 8141, 4
Жұ мысбастылық дең гейі, %-бен: 1) 15 жастағ ы жә не одан жоғ ары халық санына шақ қ анда 2) экономикалық белсенді халық қ а шақ қ анда     65, 5   93, 1     66, 4   93, 8     67, 2   94, 5     67, 3   94, 5
Жалдамалы жұ мысшылар, мың адам, жұ мыспен қ амтылғ андардың жалпы санындағ ы ү лесі, %-бен   5199, 1     66, 4   5347, 8     66, 6   5465, 9     67, 2   5460, 0     67, 1
Ө здігінен қ амтылғ андар, мың адам жұ мыспен қ амтылғ андардың жалпы санындағ ы ү лесі, %-бен   2631, 3     33, 6   2680, 6     33, 4   2668, 6     32, 8   2681, 4     32, 9
Жұ мыссыз халық, мың адам 583, 1 526, 2 475, 9 474, 7
Жұ мыссыздық дең гейі, % 6, 9 6, 2 5, 5 5, 5
15-24 жас аралығ ындағ ы жұ мыссыздар, мың адам 100, 5 81, 5 60, 6 56, 3
Жастар жұ мыссыздығ ының дең гейі, % (15-24 жастағ ы) 7, 7 6, 1 5, 0 4, 7
Ұ зақ мерзімдік жұ мыссыздық дең гейі, % 2, 7 2, 3 2, 0 2, 1

Дерек кө зі: www.stat.kz

 

Жұ мыспен қ амтылғ андардың қ ұ рамындағ ы жалдамалы жұ мыс-шылардың пайыздық ү лесі 67, 2% болды, ал ө здігінен қ амтылғ андар (самозанятые) 32, 8%-ды қ ұ рады. Жалданып жұ мыс істейтіндердің негізгі ү лесі мемлекеттік жә не мемлекеттік емес ұ йымдарда жұ мыспен қ амтылды – 81, 7% (4, 5 млн.адам). Ө з бетінше жұ мыспен қ амтылғ андар саны 2, 7 млн. адамды қ ұ рады. Ө з бетінше жұ мыспен қ амтылғ андардың негізгі бө лігі ө з қ ызметін ауыл шаруашылығ ында (62, 1%), сондай-ақ, сауда саласында (22, 6%), кө лік қ ызметін кө рсетуде (4, 9%) жә не қ ұ рылыста (4, 0%) жү зеге асырды.

2011 жылғ ы I-тоқ санда жұ мыссыздар саны (табысты жұ мысы болмағ ан, оны ү здіксіз іздеген жә не оғ ан кірісуге ә зір болғ ан 15 жә не одан жоғ ары жастағ ы адамдар) 475, 9 мың адамды қ ұ рады жә не ө ткен жылдың тиісті кезең імен салыстырғ анда 50, 3 мың адамғ а немесе 9, 6% қ ысқ арды. Жұ мыссыздық дең гейі 5, 5% (2010 ж. I-тоқ санда – 6, 2%) қ ұ рады.

Ағ ымдағ ы жылғ ы I-тоқ санда жұ мыссыз ерлердің ү лесі 43, 5%, ә йелдердің ү лесі – 56, 5% қ ұ рады. Жұ мыссыз ә йелдердің саны 269, 0 мың адамды қ ұ рады, бұ л ерлердің санынан 62, 1 мың адамғ а (30, 0%-ғ а) кө п.

2011 жылғ ы I-тоқ санда жұ мыссыздардың жалпы санындағ ы жастардың (15-24 жастағ ы) ү лесі 12, 7% немесе 60, 6 мың адамды қ ұ рады. Жастар жұ мыссыздығ ының дең гейі 5, 0% (2010 ж. I-тоқ санда – 6, 1%) болды.

 

Кесте 13.3 2011 жылдың 1-тоқ санында жыныстық жә не жас қ ұ рамы бойынша жұ мыссыз халық тың саны

  Барлығ ы соның ішінде
мың адам жұ мыс-сыздық дең гейі, % ерлер ә йелдер
мың адам жұ мыс-сыздық дең гейі, % мың адам жұ мыс-сыздық дең гейі, %
Жұ мыссыздар, барлығ ы 60, 6 5, 0 32, 3 4, 9 28, 3 5, 1
Соның ішінде, 15-24 жастағ ы 100, 2 7, 5 45, 2 6, 4 55, 0 8, 7
25-29 жастағ ы 77, 4 5, 8 31, 9 4, 7 45, 5 7, 0
30-34 жастағ ы 50, 1 5, 6 20, 3 4, 5 29, 8 6, 7
35-39 жастағ ы 42, 9 4, 4 18, 1 3, 8 24, 8 4, 8
40-44 жастағ ы 49, 4 4, 8 19, 2 3, 8 30, 2 5, 7
45-49 жастағ ы 49, 6 5, 1 18, 8 4, 0 30, 8 6, 1
50-54 жастағ ы 32, 4 5, 8 13, 1 5, 1 19, 3 6, 4
55-59 жастағ ы 13, 3 6, 1 8, 0 5, 6 5, 3 7, 2
60-64 жастағ ы 60, 6 5, 0 32, 3 4, 9 28, 3 5, 1

Дерек кө зі: www.stat.kz

 

2011 жылғ ы наурыздың соң ында жұ мыссыздар ретінде тіркел-ген адамдар саны (Қ азақ стан Республикасы Ең бек жә не халық ты ә леуметтік қ орғ ау министрлігінің деректері бойынша) 53, 7 мың адамды қ ұ рады, бұ л 2010 жылғ ы осы кезең ге қ арағ анда 22, 7 мың адамғ а немесе 29, 7%-ғ а аз. Экономикалық тұ рғ ыдан белсенді халық санындағ ы тіркелген жұ мыссыздардың ү лесі 0, 6% (2010 жылғ ы наурызда – 0, 9%) болды.

 

13.2 Инфляция: мә ні, пайда болу себептері, тү рлері, ә леуметтік-экономикалық салдарлары. Филлипс қ исық сызығ ы. Инфляцияғ а қ арсы саясат

Инфляция – кө пфакторлы қ ұ былыс, ол бағ аның жалпы дә реже-сінің ө суі арқ ылы жә не нақ ты активтерге қ арағ анда ақ ша белгілерінің қ ұ нсыздануы арқ ылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағ асының қ андай болмасын ө згеруі міндетті тү рде инфляция болып табылмайды. Инфляцияғ а қ арама-қ арсы дефляция бағ а мен шығ ындардың жалпы тө мендеуі болып табылады. Бағ аның ө суінің бә сендеуі дезинфляция деп атайды.

Экономикалық қ ұ былыс ретінде ә лем экономикасында, инфля-ция ұ зақ уақ ыт бойы тарихи негізінде қ алыптасып дамуда. Оның пайда болуын негізінен, ақ шаның шығ уымен жә не оның қ ызметімен байланыстырады. «Инфляция» термині латын сө зі – «inflatio» – қ ампаю, тұ нғ ыш рет Солтү стік Америкада 1861-1865 жылғ ы азамат соғ ысы кезінде пайда болып, айналымдағ ы қ ағ аз ақ шалардың тым кө бейіп кетуі процесін білдірген. Осы тү сінік ХІХ ғ асырда Англия мен Францияда қ олданыла бастады. Экономикалық ә дебиеттерде инфляция тү сінігі ХХ ғ асырда бірінші дү ниежү зілік соғ ыстан кейін жиі қ олданылып, кең ес ү кіметінің экономикалық ә дебиеттерінде 20-шы жылдардың орта кезінде кө рінді.

Ақ ша, тауарларды сатып алу қ абілеті кү шті валютамен салыстырғ анда, қ ұ нсызданады. Инфляцияны былай тү сіндіру, яғ ни ақ шаны алтынғ а қ атысты қ ұ нсыздануы, алтынды бұ рынғ ыша ақ ша сияқ ты жалпылама эквивалент деп қ арастыруда жатыр. Ең алдымен, бағ аның ө суі, тауарғ а сұ раныстың оның ұ сынысынан артық болуы-мен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұ раныс пен ұ сыныстың сә йкестілігінің бұ зылуы инфляция емес. Инфляция елдегі бағ а дең гейінің ө суі. Бағ аның кө терілуіне нақ ты экономикалық дағ дарыс тек мұ най бағ асының ө суінен емес, басқ а да тауар мен қ ызмет кө рсету бағ аларының ө суімен байланысты.

Сонымен, инфляция – бұ л бағ алардың орташа дең гейінің ө су қ арқ ыны, бірақ бұ л жағ дайда барлық бағ алар ө седі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағ алар бір қ алыпта қ алады, ал кейбір бағ алар тө мендейді.

Инфляцияның пайда болу себептері монетарлық жә не монетарлық емес болып бө лінеді.

Монетарлық емес себептер:

- экономикадағ ы диспропорциялар;

- ә скери-ө неркә сіптік кешеннің дамуына шектен тыс ақ шаның бө лінуі;

- тым кү шті импорттық тә уелділікте болу кезінде экспорттық сектордың ә лсіз дамуы;

- ЖІӨ кө лемінің қ ұ лдырауы;

- халық тың инфляциялық кү тулері.

Монетарлық себептер:

- мемлекеттік бюджеттің тапшылығ ы;

- ақ ша массасы кө лемінің инфляция қ арқ ынына ә сері. Орталық банк активтерінің ұ лғ аюы барлық жағ дайларда ақ ша массасының ө сіп отыруына алып келеді, бұ л тө лем қ абілет-тілігі бар сұ раныстың артуын білдіреді. Нә тижесінде игілік-терге жалпы бағ а дең гейі ө седі;

- ақ ша айналымы жылдамдығ ының артуы.

Инфляцияның ә ртү рлі жіктелу критерийлеріне байланысты кө пте-ген тү рлерін ажыратуғ а болады:

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің «терең дігіне», инфля-цияғ а қ арсы саясаттың инструментарийлеріне байланысты, инфляция айқ ын (ашық) жә не басылғ ан-бү ркемеленген (жабық) тү рде жү ріп отыруы мү мкін. Инфляция процесінің айқ ын немесе ашық формада болып отырғ аны бағ аның ө суі, ұ лттық валюта курсының тө мендеуі арқ ылы кө рінеді.

Бағ алардың еркін қ ұ былуы жағ дайларында орын алатын ашық инфляция-ның дең гейін келесі формуламен анық тауғ а болады:

π = Р – Р-1 / Р-1 × 100%.

мұ нда, Р – ағ ымдағ ы жылғ ы бағ алардың орташа дең гейі; Р-1 – ө ткен жылғ ы бағ алардың орташа дең гейі.

2. Зерттеу объектісіне байланысты, инфляция ұ лттық, аймақ тық жә не ә лемдік болып бө лінеді. Ұ лттық жә не аймақ тық масштабта талдау объектісін кө терме жә не бө лшек сауда бағ алары-ның динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің дә режесіндегі, халық аралық нарық тағ ы ЖҰ Ө -нің дефляторы қ ұ райды.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.