Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мақтаарал аудандық мәслихат аппаратының құрылымы мен жарғысы.




Тура осындай кылып меникин озгерту керек болим жетекши

Алматы, 2014

Мазмұны

 

Кіріспе .............................................................................................................3

 

1.Мақтаарал аудандық мәслихат аппаратының құрылымы мен жарғысы....4

 

2. Мақтаарал аудандық мәслихат аппараты қызметінің ағымдағы жағдайын талдау....................................................................................................................12

 

3. Мақтаарал аудандық мәслихаты аппаратының 2013-2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.......................................................................20

 

Қорытынды............................................................................................................26

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................27

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық болса, қоғам­ды демократияландыру үдерістерінде жергі­лікті өкілді органдардың, халық билі­гінің негізгі формасы ретінде, мәслихаттар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының маңызы өте зор. Конституциялық реформалардың маңыздылығы туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Жаңа саяси жүйеде мәслихаттар әрекетінің табиғаты өзгереді. Олар азаматтық қоғам сұранысын ілгерілетуді қамтамасыз ететін жеке билік органы болады», деп атап көрсеткендей, мәслихаттар экономика мен қоғамдағы жергілікті халықтың еркіндігі мен ерікті іс-әре­кет етуін қамтитын мемлекеттік орган­дар­дың өкілеті ретінде функцияларға ие болды.

Өндірістік тәжірибенің негізгі объектісі - мәслихат және оның органдарының қызметін ұйымдастырып, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ететін, депутаттарға олардың өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсететін Мақтаарал аудандық мәслихат аппараты саналады.



Тәжірибенің мақсаты- қызмет әдістерін оқып үйрену, қызмет орнындағы нақты жұмыс барысының ұйымдастрылуы, мекемедегі бар құжаттар тізімімен танысу болып табылады.

Мақсатқа сәйкес міндеттемелер:

· Өндірістік тәжірибені өту барысында мәслихат аппаратындағы қызметтің ұйымдастырылуына дербес түрде зерттеу жұыстарын жүргізу;

· Мамандық қызметіне байланысты керекті материалдар тізімін жинау;

· Мақтаарал аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөліміндегі бас маманның қызметін тәжірибе жүзінде үйрену;

· Тәжірибеде қаралған жұмыстарды саралай отырып, қызмет барысында туындаған мәселелер байланысты жетілдіру жұмыстрын ұсыну жұмыстары;

Тәжірибе барысында аппарат мәслихатының ауданның қоғамдық-саяси және экономикалық, әлеуметтік салаларына белсенді араласып, мемлекеттік мекеме қызметі ұйымдастырылуының ерекшеліктері зерттелді.

Мақтаарал аудандық мәслихат аппаратының құрылымы мен жарғысы.

Төртінші шақырылған Мақтарал аудандық мәслихаты 2012 жылғы 15 қаңтар күнi өткен жергiлiктi өкiлдi органдарға депутаттар сайлауында құрылып, аудандық мәслихатқа 13 - депутат сайланды. 11-і «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясынан сайланып, 1-депутат Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өкілі.



Аудандық мәслихат аппаратында 5 мемлекеттік қызметші және келісім шарт негізінде 2 қызметкер жұмыс атқарады. Аппарат, ұйымдастыру-бақылау және мемлекеттік-құқықтық, кадр жұмысы бөлімдерінен тұрады.

Аудандық мәслихат алғашқы құрылған күннен бастап, аудандық әкімдікпен бірлесе отырып, халық мүдделерін шешумен айналысты.

Мақтаарал аудандық мәслихаты аппаратының миссиясы- мәслихат және оның органдарының қызметін ұйымдастыру, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, депутаттарға олардың өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясымен жүктелген өкілеттігі шегінде, жергілкті басқару және өзін-өзі басқару мәселесін толық көлемінде шешетін өкілді орган ретінде, аудандық мәслихаттың жұмысын заңнамалармен және басқа нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етеді.

1- кесте. Аудандық мәслихат аппаратының штаттық құрамы

Қызметі Аты-жөні
Аудандық мәслихат Хатшысы Оразхан Дандібаев
Аппарат басшысы Ибрагим Молдабек
Ұйымдастыру-бақылау жөніндегі бөлім
Бас маман Абдірашев Құрманбек
Мемлекеттік-құқықтық және кадр жөніндегі бөлім
Басшы Серғазы Бейсен
Бас маман Жұмабекова Айгүл
Келісім - шарт негізіндегі қызметкерлер
Нұсқаушы Нұрпейсов Жанғазы

Мақтаарал аудандық мәслихат аппаратының басшысы:

Аудандық мәслихат аппаратының жұмысына басшылық жасайды,

аудандық мәслихаттың жылдық перспективалық және мәслихат аппаратының тоқсандық жұмыс жоспарларының орындалуына бақылау жасап, жүзеге асырады;

Семинарларды, бұқаралық көпшілік тыңдауларды және тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарының құжаттарын қадағалайды, олардың тұрақты өтуін бақылайды;

Аудандық Мәслихат регламентінің қолдануын қамтамасыз ету мақсатында, оған уақытылы өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді қадағалайды және бақылауын жүзеге асырады;

Аудандық «Мақтаарал» газетіне аудандық Мәслихаттың атқарған жұмысы туралы мақалалардың жариялануын ұйымдастырады;

Аудандық Мәслихаттың сессия шешімдерінің және тұрақты комиссиялардың қаулыларының орындалуын бақылап, жүзеге асырады және нәтижесін жыл қорытындысымен сессия барысында хабарлайды;

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігіне мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілік талаптары жинағына сәйкес, бос орынға қызметшілердің конкурстық таңдауын ұйымдастырады;

Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары құрамындағы өзгерістерге мониторинг жүргізеді;

Аудандық Мәслихат сессияларының техникалық іс-шара жоспарын бекітуге ұсынады;

Мемлекеттік-құқықтық және кадр бөлімінің басшысы тарапынан заңдылық сараптама жүргізілген аудандық Мәслихаттың шешімдері, қаулылары мен Мәслихат хатшысының өкімдерінің барлық парағына қол қояды (парафирование);

Жеке сұрақтары бойынша азаматтарға қабылдау жүргізеді;

Аудандық Мәслихат хатшысының өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес тапсырмаларын орындайды;

Мақтаарал аудандық Мәслихат аппаратының мемлекеттік – құқықтық және кадр жөніндегі бөлімінің басшысы:

Аудандық Мәслихат аппаратының мемлекеттік-құқықтық және кадр жөніндегі бөлім жұмысына жалпы басшылық жасайды;

Аудандық Мәслихат сессиясында қабылданған шешімдеріне мониторинг жүргізеді, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық қорытынды бойынша облыстық Әділет департаментіне мониторинг нәтижелері туралы ақпарат ұсынады және ай сайын аудандық прокуратураға мәслихаттың қабылдаған нормативтік құқықтық актілерінің көшірмелерін жолдайды;

Аудандық Мәслихаттың шешімдері мен Мәслихат хатшысы өкімдерінің жобаларына заңдылық сараптама жүргізеді, сараптама жүргізілген барлық нормативтік-құқықтық актілердің парағына қол қояды (парафирование);

Аудандық Мәслихат аппаратының барлық келісім-шарттарының заңдылығын қадағалайды;

Мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілер жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама институтына жолдайды;

Мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді облыстық Әділет департаментіне ұсынады және мемлекеттік тіркеуден өткен шешімдерді аудандық «Мақтаарал» газетінде уақытылы жариялануын қамтамасыз етеді;

Сессиялардың, бірлескен комиссия отырыстарының, көпшілік тыңдаулардың, семинар-кеңестердің құжаттарын дайындап, қатысады;

Сессия күн тәртібіне аудан әкімінің ұсынуы бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту туралы және мемлекеттік тіркеуге жататын шешім жобаларын әзірлейді;

Аудандық Мәслихат аппаратындағы «Заң» деректер базасына жауапты;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының іс-шаралары жұмыстарын жүргізеді, аппарат қызметшілеріне және депутаттарға құқықтық оқу өткізеді;

Жетісай қаласы бойынша ұйымдастыру, әдістемелік көмек беру мәселелері бойынша жұмыстарына жауапты;

Аудандық Мәслихат хатшысының және аппарат басшысының өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес тапсырмаларын орындайды;

Мақтаарал аудандық Мәслихат аппаратының мемлекеттік – құқықтық және кадр жөніндегі бөлімінің бас маманы:

Аудандық Мәслихат сессияларының, бірлескен тұрақты комиссиялары отырыстарының жүргізу тәртібін дайындайды;

Сессиялардың, бірлескен тұрақты комиссия отырыстарының, көпшілік тыңдаулардың, семинар-кеңестердің құжаттарын дайындап, қатысады;

Тұрақты комиссия мүшелерін өз сайлаушыларымен кездесуін, ауылдық округтердегі қабылдауын ұйымдастырады және аудандық Мәслихаттың жұмысы жөнінде керекті анықтамалық құжаттармен қамтамасыз етеді;

Аудандық Мәслихаттың бланкілерінің пайдаланылуын, сақталуын қамтамасыз етеді;

Аудандық Мәслихат аппаратының мемлекеттік-құқықтық және кадр бөлімі жетекшісімен бірлесіп Мәслихат хатшысымен тағайындалатын және қызметтен босатылатын мемлекеттік қызметшілер жөнінде кадрлық мәселелер бойынша (тағайындау, қызметтен босату, тәртіптік жаза қолдану, іс-сапар және т.б.) аудандық Мәслихат хатшысының өкімдерін дайындайды;

Аудандық «Мақтаарал газетіне, аудандық Мәслихат хатшысының мерекелі күндеріне байланысты құттықтауларын әзірлеп, жариялануын қамтамасыз етеді;

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жеке іс қағазын жүргізеді;

Аудандық Мәслихат хатшысының, аппарат басшысының және мемлекеттік-құқықтық және кадр бөлімі басшысының өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес тапсырмаларын орындайды.

 

Мақтаарал аудандық Мәслихат аппаратының ұйымдастыру-бақылау жөніндегі бөлімінің басшысы:

Аудандық Мәслихат аппаратының ұйымдастыру-бақылау жөніндегі бөлімінің жұмысына жалпы басшылық жасайды.

Сессия, бірлескен тұрақты комиссия отырыстары, көпшілік тыңдаулар, семинар-кеңестерді ұйымдастырады, өз деңгейінде өтуіне жауапты.

Тұрақты комиссия мүшелерін өз сайлаушыларымен кездесуін, ауылдық округтердегі қабылдауын ұйымдастырады және аудандық Мәслихаттың жұмысы жөнінде керекті анықтамалық құжаттармен қамтамасыз етеді.

«Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі құжаттарды әзірлейді және аудандық Мәслихаттың Грамотасымен марапаттау жөніндегі комиссияның жұмысын жүргізеді. Аудандық Мәслихат хатшысының Алғыс хаттарын дайындайды.

Сессияларда айтылған ұсыныстар мен сын-ескертпелер бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, орындалуын қадағалайды.

Аппараттағы мүліктік түгендеу тізбесіне сай қабылданған материалдық-тауарлық құндылықтардың сақталуына, дер кезінде тауарлардың есепке алынуына, есептен шығарылуына және қаржылық айналымның уақытылы және дұрыс жүргізілуіне жауапты.

Мақтаарал аудандық Мәслихат аппаратының ұйымдастыру – бақылау жөніндегі бөлімінің бас маманы:

Тұрақты комиссия мүшелерін өз сайлаушыларымен кездесуін, ауылдық округтердегі қабылдауын ұйымдастырады және аудандық Мәслихаттың жұмысы жөнінде керекті анықтамалық құжаттармен қамтамасыз етеді;

Жетекшілік ететін тұрақты комиссияға қатысты аудандық Мәслихаттың қабылдаған шешімдері мен қаулыларының орындалуына бақылау жұмыстарын жүргізеді;

Аудандық Мәслихат сессияларын стенографиялап, хаттамаларын рәсімдеп, сақталуына жауапты. Аудандық Мәслихат хатшысының алдында өтетін лездемелік кеңестердің хаттамасын жүргізеді;

Аудандық Мәслихат сессиясын шақыру жөнінде сессия төрағасының шешімін, сессияның күн тәртібі, редакциялық комиссия құрамы, және келесі сессия төрағасы туралы шешім жобаларын әзірлейді;

Сессия, бірлескен тұрақты комиссия отырыстары, көпшілік тыңдаулар, семинар-кеңестердің өз деңгейінде өтуіне жауапты. Сессия алдында, мәжіліс залындағы дауыс күшейткіш құралдарының өз деңгейінде жұмыс істеуін қадағалайды, удандық Мәслихат аппаратының әскери міндеттілерінің есебін жүргізеді;

Аудандық Мәслихат аппаратының нұсқаушысы:

Аудандық Мәслихат аппараты қызметшілерінің еңбек қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігі Ережелерін сақтауға жауап береді, еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

Аудандық Мәслихаттың іс-жиынтық номенклатурасын құрастырып, мұрағатқа өткізілетін құжаттарды өңдеп, тапсырылуын қамтамасыз етеді.

Аудандық Мәслихат аппаратындағы негізгі қорлар мен арзан және тез тозатын бұйымдардың есебін жүргізеді.

Аудандық Мәслихатқа келетін газет-журналдарды тігіп, рет санын қадағалайды.

Аудандық Мәслихаттың шешімдерін, қаулыларын, шығыс құжаттарын таратады.

Аудандық Мәслихат сессиясы өтетін аудан әкімдігінің мәжіліс залының президиумын қажетті құрал-жабдықтармен уақытылы қамтамасыз етілуіне жауапты (стакан, қаламсалғыш, карандаш).

Аудандық Мәслихат сессиясына шақырылған мекеме, кәсіпорын, бөлім басшыларын тіркейді.

Аудандық Мәслихат хатшысының, аппарат басшысының және бөлім басшыларының өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес тапсырмаларын орындайды.

Аудандық Мәслихат аппаратында құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастырады, мекемедегі құжаттармен жұмыс істеуге әдістемелік көмек береді, аппараттың регламентіне сәйкес белгіленген тәртіптің сақталуын бақылайды.

Аудандық Мәслихат аппаратының ұйымдастыру-бақылау жөніндегі бөліммен бірлесіп Мәслихатта құрылатын жұмысшы топтың жұмысын жоспарлайды, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді және қатысады.

 

«Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты»» мемлекеттік мекемесінің Жарғысы

1. Жалпы ережелер

1.1. Жарғы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес және құрылытайшы шешімінің негізінде құрастырылды.

1.2. «Мақтаарала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, әрі қарай атауы «мемлекеттік мекемесі», құрылтайшымен қаржыландырылаты коммерциялық емес ұйым болып табылады.

1.3. Мелекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылады, шұғыл басқару құқығында мүліктерге иелік етеді, дербес балансы, өз атауындағы мөрі, банктерде есеп-шоттары және басқа шоттары болады.

1.4. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі

1.5. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының әділет органдарында оны мемлекеттік тіркеуден өткізген сәтінен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.

1.6. Мемлекеттік мекеме осы ұйымның түріне сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарымен көрсетілген барлық құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.

1.7. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі ақшалармен жауап береді. Мемлекеттік мекеменің ақшалары жетпеген жағдайда оның міндеттемелері бойынша жауапкершілікті тиісті жергілікті атқарушы орган алып жүреді. Келісім –шарт міндеттемелері бойынша жауапкершілік заңға сәйкес мемлекеттік мекеменің күтілуіне сәйкес бекітілген смета шегінде жүктеледі.

1.8. Мемлекеттік мекеме бюджет есебінен қаржыландырылады.

1.9. Орналасқан жері : ОҚО, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласы, М.Ауезов көшесі, 20.

1.10. Мемлекеттік мекеменің қызмет мерзімі шектелмеген.

 

2. Мемлекеттік мекеменің мақсаты мен қызметінің мәні

2.1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мен мәні мәслихат және оның органдарын ұйымдастыру, құқықтық, материалдық-техникалық және басқа да қамтамасыз ету болып табылады. Депутаттардың өкілеттігін іске асыруға жәрдем беру.

2.2. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңдарына сәйкес қызметін жүзеге асырады.

3. Құрылтайшының құқықтары мен міндеттемелері

3.1. Құрылтайшының құқығы мен міндеті Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңдарға сәйкес белгіленеді.

4. Мемлекеттік мекеменің мүліктері мен ақшалары

4.1. Мемлекеттік мекеме, құрылтайшымен оған берілген мүліктерге өзінің қызметінің негізгі мақсаты бойынша және осы мүліктердің орны мен оны пайдалану жөнінде ақыл кеңестерге сәйкес иелік ету, пайдалану құқықтарын жүзеге асырады.

4.2. Құрылтайшы мемлекеттік мекемеге берілген өз мүліктері бойынша оның сақталуына және тиімді пайдалануына бақылау жүргізеді.

4.3. Мемлекеттік мекеменің оған берілген өз бетінше дербес оқшаулауға құқығы жоқ.

4.4. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрастырылу көздері болып табылатындар:

- Құрылтайшымен берілген мүліктері

 

5. Құрылымы , басқару органын құру тәртәбі, оның құзіреті және қызметін ұйымдастыру.

5.1. Мемлекеттік мекеме құрылымы қолданыстағы заңдарға сәйкес белгіленеді.

5.2. Мемлекеттік мекеме қызметінің ағымдық басқаруын атқарушы орган- Аппарат басшысы жүзеге асырады.

5.3. Аппарат басышысы Қазақстан Республикасының заідарына сәйкес тағайындалады.

5.4. Басшы өкілеттігі өкілетті органымен белгіленеді.

5.5. Мекеме басшысы құзіретіне:

- Мемлекеттік мекеме атынан іс-қимылын жүргізеді, барлық органдарда, жеке және заңды тұлғалар қатынасында оның мүддесін көздеп ұсынады;

- Барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелері алдында келісім-шарт міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

- Құрылтайшы шешімін жүзеге асырады;

- Мемлекеттік мекеме атынан іс жүргізу құқығына сенім хат беру, сонымен қатар қайта сену құқығына сенім хаттар беру;

- Еңбек ақы төлеу жүйесін, қызметтік жалақыларды және дербестік қосымша төлемдер мөлшерін белгілейді, сыйақы мәселелерді шешеді, мадақтау мен тәртәптәк айыппұл салулар шараларын қабылдайды;

- Әр түрлі мәмілелерді және басқа да заңдылық актілерді жасау, келісім-шарттарға, соның ішінде еңбектік, жұмысқа жолдану контрактілері бойынша мәмілеге тұру;

- Мемлекеттік мекеменің мүлкіне, оның ақшасына билік етеді, мекеме қызметіне тікелей басшылығын жүргізеді және оның нәтижесіне дербес жауапкершілігін алып жүреді;

- Құрылтайшының ерекше құзырына жатқызылмаған басқа да мәселелерді шешеді.

5.6. Мекеме басшысы құрылтайшының ерекше құзырына жатқызылмаған мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін дербес шешіп отырады. Мекеме басшысы мемлекеттік мекме атынан сенім хатсыз іс-қимылын жүргізеді, азаматтар мен заңды түлғалар қатынасында оның мүддесін ұсынады, оған берілген құқық шегінде мемлкеттік мекеменің мүлігіне билігін жүргізеді, есеп-шоттар мен басқа шоттарды ашады, келісім-шарттарға соның ішінде еңбек жөнінде келісім-шарттарға тұрады, сенім-хаттар береді, бұйрықтар шығарады.

6. Осы жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі

6.1. Осы Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар құрылтайшы шешімі негізінде қабылданады.

6.2. Осы жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қолданыстағы заңдарға сәкес мемлекеттік тіркеуге жатады.

 

7. Мемлекеттік мекеме қызметінің қайта құрылуы мен таратылуы

7.1. Мемлекеттік мекеменің қайта құрылуы мен таратылуы мынажағдайда жүргізіледі:

- Құрылтайшы шешімімен;

- Сот шешімінің негізінен;

- Қолданыстағы заңдармен белгіленгендей басқа да жағдайларда;

7.2. Таратылу бітті деп, ал мемлекеттік мекеме өз қызметін тоқтатты деп, осы жөнінде заңды тұлғалар бірыңғай мемлекеттік регистріне жазылған кезден бастап есептелінеді.

 

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.017 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал