Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Flash МХ программасының өзіндік жаңалығы




Шығармашылық потенциал, жаңа қуатты мүмкіндіктерге негізделеді. Бұл Flash-ты тұрақты және қосымшаларды өңдеу ортасы болатынын көрсетеді. Енді Flash МХ-тің ең маңызды жаңалықтарына тоқталсақ:

¾Интерфейс: Flash МХ Macromedia-ның жалпы қолданушы интерфейсімен сәйкестендірілген. Егер сіз, бұрын Macromedia-ның басқа программаларымен жұмыс істесеңіз, онда интерфейс сізге таныс болып көрінеді. Бірақ, бұрынғы программадан Flash МХ-ке көшкенде кейбір ерекшеліктерімен кездесесіз. Жаңа объектілер инспекторы жұмыс кезінде жұмыс жасалып отырған панельдер мен объектілердің өзгерту параметрлерін көрсетеді. Бұл үнемі ашық тұратын панельдердің санын азайтады.

¾Жақсартылған жұмыс кеңістігі: Flash МХ - тің басқарылуы ыңғайлы және дизайнерлер оңай меңгере алады. Енді әдетте қолданылатын қасиеттер бір ғана объектілердің контекстік-тәуелді инспекторында көрініп тұрады.

¾Реттелетін үйлесімді пернелер: Сіз бұрыннан басқа графикалық программалардың пернелерінің үйлесімділіктерімен таныс шығарсыз. Flash МХ жаңа жинақ жасаудың орнына пернелер үйлесімділігін қолдануға мүмкіндік береді.

¾Жалпы кітапханалары: Кітапхана компонентіндегі басқа Flash Player фильміне өтуге мүмкіндік береді.

¾Movie Explorer фильмінің толық мазмұнын көруге мүмкіндік береді.

¾Жаңартылған FreeHade және Fireworks интеграциялары: жаңартылған интеграциялар Macromedia-ның басқа программаларымен бірге графикалық элементтерді қиып алуға, көшіруге және қоюға мүмкіндік береді.

¾HTML-ді сүйемелдеуі: Flash МХ-ке HTML құжаттарды оқи алатындай етіп жасалған.

¾Жаңартылған Action Script: Action Script Flash фильмдеріне интерактивтілік беру үшін қолданылады.

¾XML сүйемелдеу: Flash MX-ке XML парсері салынған, бұл Flash-ке XML-файлдарын көрсетуге және оқуға мүмкіндік береді.

¾Web-native баспасы: Flash MX-те енді Flash фильмдерді график түрінде баспаға беру мүмкіндігі бар.



¾Macromedia Exchange –бұл өңдеушілердің FLA –файлдармен, Action Script, Clips, Smart мысалдарымен, Generaror объектілерімен алмастырылатын ресурстардың Web беттері.

¾Flash форматта Flash MX жасалған құжат сақтау мүмкіндігі.

Flash форматта құжатты сақтау үшін:

¾File / Save As командасын таңдайсыз;

¾Пайда болған формаға файл атын енгізіңіз;

¾Format мәзірінен Flash Document-ті таңдаңыз;

¾Егерде Flash форматта құжатты сақтағанда, « сақтау кезінде ақпараттық толықтырулар жойылады» деген ескерту шыққан жағдайда, сақтауды жалғастыру үшін экрандағы Save As Flash пернесін басыңыз;

¾Содан кейін Save пернесін басыңыз;

¾ Ақпараттық толықтырулар мүмкіндігі шектеулі адамдарға Flash фильмдерді көруге және естуге мүмкіндік береді.

¾ Корей және Қытай тілдерінде жұмыс істей алады.

¾ Жақсартылған уақыт шкаласы.

¾ Символдарды орналасқан жерінде өңдеу мүмкіндігі (Edit in Place).

¾ Жаңа шаблондар. Өзіңізге құжаттардан жаңа шаблондар жасауға мүмкіндіктер береді.

¾ Видео көрсету мүмкіндіктері.

¾ Free Transform құралы: Объектілерді жинақы ұстауға мүмкіндік береді.



¾ Envelope модификаторы қиын графиктік объектілерді салуды жеңілдетеді.

¾ Пикселдеу деңгейін өңдеу: Пикселге дейінгі дәлдікпен объектіні дұрыстауға мүмкіндік береді.

¾ Break Apart функциясы: Комплекстік дизайндар мен анимациялар жасауға мүмкіндік береді.

¾ Distribute to Layers командасы автоматты түрде және тез, белгіленген объектілердің санын өздерінің қабаттарына орналастыруға мүмкіндік береді

¾ Анимациялық клипті маскілеу деңгейі: Анимациялық клиптерді маска деңгейінде қозғауда пайдаланады.

¾ Action Script тілі : JPEG және MP3 файлдарды динамикалық жүктеу және жаңарту мүмкіндігі.

¾ Action Script редакторы: Action Script-тың толық потенциалына кіруге мүмкіндік туғызады.

¾ Flash командасы Web қосымшаларды жасауды тездетеді.

¾ Объектілік модель: Action Script сценарий тіліне объектілі негізделген анимациялық клиптерді, пернелерді және мәтіндерді өрістерді өзгерту мүмкіндігі

¾ Көріністік модель: Action Script көрінісін өңдеу қуаттырақ және меңгеруге жеңіл мүмкіндігі.

¾ Сол мезеттегі алдын-ала көру (Live Preview) компоненттері.

¾ SWF-сығылу: Z-lib - кодтық сығуды пайдаланып, комплекстік Flash фильмнің жүктелу уақытын азайту мүмкіндігі.[14]


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.005 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал