Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып: Дінтанудың пәні және мазмұны






1. Діннің анық тамасы. Дін туралы жалпы тү сінік.

2. Діннің қ ұ рылымы меннегізгіә лементтері.

3.Діннің қ оғ ам ө мірінде атқ аратын қ ызметтері (функциялары).

4. Діннің жіктелуі: тарихи типтері мен тү рлері

 

1. Қ азіргі кезде қ оғ амдық ө мірде демократияландыру саясатына сә йкес дінге, діндарларғ а, діни ұ йымдарғ а байланысты бұ рын жіберілген ағ аттық тар тү зетіліп, дінге қ атысты зайырлы мемлекетке сай толеранттылық, дінаралық келісім саясаты жү ргізіліп отыр. Дегенмен де соң ғ ы кездері еліміздегі дін саласындағ ы еркіндікті пайдаланып, қ оғ амымыздағ ы тыныштық пен тұ рақ тылық ты бұ зуғ а бағ ытталғ ан іріткілік іс-ә рекеттерге барып отырғ ан тү рлі діни-радикалдық топтар мен діни-ә кстремистік ұ йымдар да баршылық. Сол себепті де студент жастардың теріс пиғ ылдағ ы діни ағ ымдардың ық палына беріліп кетпеуі ү шін олардың дін туралы тү сініктері мен сауаттылығ ын арттыру мақ сатында дінтану пә нін оқ ыту маң ызды міндетке айналып отыр. Дін - ә лемдік ө ркениеттегі барлық қ ұ рылыстарғ а тә н тарихи, саяси-ә леуметтік, дү ниетанымдық жә не психологиялық қ ұ былыс. Дін дегеніміз – дү ниедегі тү рлі табиғ и жә не ә леуметтік қ ұ былыстарды ең жоғ арғ ы жаратылыстан тыс кү ш иесі – жаратушы қ ұ дайдың қ ұ діреті арқ ылы тү сіндіретін қ оғ амдық сананың ерекше формасы. Дін туралы арнайы ғ ылымды – дінтану дейміз. Дінтану ғ ылымы дінді теологиялық, философиялық -ә леуметтік, биологиялық, психологиялық жә не ә тнологиялық (грек тілінде ethnos – халық, logos – ілім) тұ рғ ылардан бө ліп қ арастырады. Теология (кө не грек тілінен teos – қ ұ дай, logos – ілім) немесе конфессионалдық ілім (кө не грек тілінде konfessio – мойындау, ғ ибадат қ ылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам жә не жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің тү сінігімізден тыс кү штердің қ атынасын зерттейді, дінді оның қ ағ идаларының ө зіне сү йеніп негіздейді.

Дін – қ оғ амдық қ ұ былыс. Дін ә рбір адамғ а таныс сө з (латынша religio – байланыс деген мағ ынаны білдіреді). «Дін дегеніміз не?» деген сұ рақ кө п уақ ыттан бері адамдардың арасында ү лкен пікір таласын туғ ызып келеді. Осы пікір таласының негізінде дү ниеге кө зқ арас, адамдардың ә леуметтік жағ дайлары жатыр. Діни тұ жырым барлық діни-теологиялық жә не діни-философиялық ә дебиеттерде қ арастырылғ ан.Оның негізгі идеясы - дү ние қ ұ дірет кү шінен туындайды, ол тү рліше: «қ ұ дай», «жаратушы», «абсолют», «ә лемдік рух», «абсолюттік идея», «трансценденттік» деп аталды. Мұ ндай кө зқ арас теологтар мен объективті идеалистерге тә н. Кө птеген теологтардың пікірінше, дін адаммен қ атар пайда болғ ан. Библияда қ ұ дай Адам мен Еваны жаратты, кейін олар қ ұ дайғ а қ ұ лшылық ете бастады, келесі ұ рпақ та осыны қ айталады деп уағ ыздалады. Ал маркстік тұ жырым оны ә леуметтік қ ұ былыс деп қ арастырады, сол себепті діннің пайда болып, оның ары қ арай дамуына жағ дай жасайтын қ оғ амдық қ атынастарды зерттеп, нақ тылы тарихи жағ дайларды есепке алу қ ажет. Дінді шын мә нінде ұ ғ ыну ү шін, марксизм діннің шығ у «кө зін» адамдарғ а діннің қ ажеттілігін туғ ызғ ан қ оғ амдық жағ дайлардан іздейді.

2. Діннің басты белгісі – жаратылыстан тыс кү шке, қ ұ діретке наным. «Қ ұ дірет» діндарлар мен діни ғ ұ ламалардың пікірінше ешқ андай материалдық дү ние заң дылық тарына бағ ынбайды, ол объективті ө мір сү реді. Ғ ылым теологиялық кө зқ арасқ а қ арсы қ ұ дірет объективті тү рде ө мір сү рмейді деп, оны адам санасының қ ұ былысы, белгілі бір бейне, идея, ұ ғ ым деп қ арастырады. Дін - кү рделі қ ұ рылым, ол мынадай қ ұ рамдас бө ліктерден (ә лементтерден)тұ рады: 1)діни тү сініктер; 2)діни іс-ә рекеттер, яғ ни табыну, сиыну жоралары (ғ ибадат); 3)діни сезімдер, кө ң іл-кү йлер; 4)діни ұ йымдар.

Діни тү сініктер дегеніміз – жаратылыстан тыс кү шке сенімнен туындағ ан идеялар, бейнелер мен пікірлердің жиынтығ ы. Оларғ а жататындар: жаратушы жә не дү ние мен адамның жаратылуы, адам жанының ө лмейтіндігі, о дү ние, жұ мақ пен тозақ, ақ ырзаман жайлы ойлар мен тү сініктер. Діни тү сініктердің жиынтығ ы діни сананы қ ұ райды. Діни сана ө з кезегінде екі сатыдан: қ арапайым діни сана жә не діни идеологиядан тұ рады.

Діни сезімдер дегеніміз - жаратылыстан тыс кү шке сенімнен туындағ ан тү рлі кө ң іл кү йлері мен сезімдердің жиынтығ ы. Оғ ан бір-біріне қ арама-қ арсы – қ уанышты жә не қ айғ ылы кө ң іл-кү йлер де жата береді. Діни сезімдерге діндар адамның қ ұ дайдың шексіз қ ұ діреті алдында ө зін дә рменсіз сезінуін, кү нә һ ар адамның тозақ отынан қ орқ ыныш сезімін, қ айтыс болғ ан кісіні жаназа шығ арып жерлеу кезіндегі туысқ ан адамдардың қ айғ ылы кө ң іл-кү йлерін, діни мейрам кезіндегі діндарлардың қ уанышты, кө терің кі кө ң іл сезімдерін жатқ ызуғ а болады. Белгілі бір жағ дайларғ а байланысты діни сезімдер мен кө ң іл-кү йлердің жиынтығ ы діни психология деп аталады.

Діни іс-ә рекеттер, (діни ғ ибадат) дегеніміз - жаратылыстан тыс кү шке сенімнен туындайтын, қ атаң белгіленген жә не орындалуы міндетті болып табылатын табыну жә не сиыну жораларының жиынтығ ы. Оларғ а христиан дініндегі шоқ ындыру, шіркеуде неке қ ию, литургия сиқ ты діни рә сім тү рлерін, ислам дініндегі намаз оқ у, ораза ұ стау, қ айтыс болғ ан кісіге жаназа шығ ару, қ ұ рбан айт кезінде қ ұ рбандық шалу сияқ ты жораларды жатқ ызуғ а болады.

Діни ұ йымдар дегеніміз – кә сіби дін қ ызметкерлері басқ аратын жә не қ алыптасқ ан басқ ару жү йесіне ие, наным-сенімдері мен ғ ұ рыптарының ортақ тығ ы негізінде пайда болғ ан, бір дінді ұ станушылардың рә сімделген бірлестігі. Діни ұ йымдардың кө лемі ә р тү рлі болып келеді, діндарлардың бірнеше ондағ ан адамдарды біріктірген жергілікті ұ йымдарынан бастап, қ атарларында жү здеген миллион діндарларды біріктірген жә не бү кіл ә лемге таралғ ан діни ұ йымдарғ а дейін бар. Бұ л ұ йымдардың міндеті – діндарлардың діни қ ажеттіліктерін қ анағ аттандыру, ғ ибадат етуді ретке келтіру, осы ұ йымдардың тұ рақ тылығ ын қ амтамасыз ету. Сонымен қ атар діни ұ йымдар діни емес міндеттер де: саяси, қ ұ қ ық тық, ә леуметтік, қ айырымдылық міндеттер жә не тағ ы басқ аларын атқ аруы мү мкін. Мұ ндай міндеттерді атқ ару діни ұ йымдарғ а қ оғ амның рухани жә не ә леуметтік ө мірінде ө з беделін сақ тап, арттыруғ а кө мектесіп отырады. Қ оғ амның дамуы барысында діни ұ йымдардың қ ұ рылымы кү рделіленіп, міндеттерінің ауқ ымы кең ейді, діни ық палын сақ тау ү шін кү рес кү шейтілді. Ә лемдік діндердің пайда болуына байланысты қ оғ ам ө міріндегі діннің алатын орны мен атқ аратын қ ызметі заң дастырылып, шіркеу пайда болды.

Діни ұ йымдардың европалық елдерде жалпы қ абылданғ ан ресми атауы – шіркеу. Мә селен: Рим-католик шіркеуі, Орыс православие шіркеуі, лютеран шіркеуі жә не т.б. Ал ресми діни ұ йымнан тү рлі діни мә селелер бойынша келіспеушіліктің нә тижесінде бө лініп, одан ө згеше ұ станымда жә не оппозицияда болғ ан діни ұ йымдарды секта деп атайды.

3. Дін қ оғ ам ө мірінде маң ызды ә леуметтік роль атқ арады жә не ол сипаты жағ ынан алуан тү рлі болып келеді. Дін адамдар қ ауымдастығ ы мен жеке адамның ә леуметтік жә не рухани қ ажеттіліктерін ө зіне тә н ерекше рухани формада жә не сенім ұ ялату жолымен қ анағ аттандырады. Адам мен қ оғ амның қ ажеттіліктерін осылайша қ анағ аттандыру тә сілдерін діннің атқ аратын қ ызметтері (функциялары) деп атайды. Олардың мазмұ ны мен сипаты ә рқ илы.Діннің атқ аратын негізгі қ ызметтері мыналар: 1.жұ бату қ ызметі; 2.дү ниетанымдық қ ызметі; 3.біріктіру (топтастыру) қ ызметі; 4.реттеушілік қ ызметі.

Діннің жұ бату қ ызметі тіршілікте жә бір-жапа шегіп, қ айғ ы-қ асіретке берілген, нә тижесінде қ атты торығ ып, ө мірден ү мітін ү зген адамдарды жұ батып, оларғ а ү міт отын жағ ып, ө мір сү руге деген ынтасын оралтудан байқ алады. Бұ л жағ дай тек жеке адамдардың ө мірінен ғ ана емес, адамдар қ ауымдастығ ының, тіпті бү кіл халық тың ө мірінен де кө рініс табуы мү мкін.

Діннің дү ниетанымдық қ ызметі діни ойлар мен діни кө зқ арастар жиынтығ ының

діндар адамдарғ а жаратылыстан тыс кү штің алғ ашқ ылығ ына жә не оның табиғ ат, қ оғ ам жә не адам ө міріне араласа алатындығ ына сенімге негізделген ә лемнің жалпы сипаты мен бейнесін (картинасын) суреттеп беретіндігінен кө рініс табады.

Діннің біріктіру қ ызметі бір діннің адамдарынбіріктіре отырып, оларды тек дін мә селелері бойынша ғ ана емес, сонымен қ атар қ оғ амдық, тұ рмыстық, тіпті жеке басқ а қ атысты мә селелер жө нінде де пікірлес ететіндігінен байқ алады.

Діннің реттеушілік қ ызметіә рбірдіндар адамның кү нделікті тұ рмыс-тіршілігінде басшылық қ а алуы тиіс ә леуметтік-адамгершілік қ ұ ндылық тардың ө зіндік ө лшемдерін қ алыптастырудан кө рініс табады. Ол ө лшемдер діни нормалар мен діни ережелер жиынтығ ында тұ жырымдалады. Діни ережелердің жиынтығ ы тек қ ұ лшылық ету талаптарын ғ ана қ амтып қ оймайды, сонымен қ атар отбасындағ ы, қ оғ амдағ ы жә не жұ мыстағ ы мінез-қ ұ лық жә не жү ріс-тұ рыс ережелерін де белгілейді. Сонымен қ орытып айтар болсақ, дін адамдардың кү нделікті рухани қ ажеттіліктері мен сұ раныстарын ө зіне тә н тә сілдер мен ғ ұ рыптық жоралар арқ ылы қ анағ атандырып отырады.

4. Дінтану ғ ылымы діндерді даму кезең дерінің ерекшеліктері мен мә ніне қ арай мынадай типтерге бө леді:

1. Алғ ашқ ы қ ауымдық діндер. Оларды алғ ашқ ы діни наным-сенімдер немесе рулық -тайпалық діндер деп те атайды. Оларғ а жататындар: фетишизм, тотемизм, магия, анимизм, шамандық немесе бақ сылық.

2.Ұ лттық діндер.Бір ұ лттың немесе халық тың кө лемінде ғ ана таралғ ан діндерді ұ лттық діндер деп атайды. Қ азіргі заманғ ы ұ лттық діндерге индуизм, сикхизм, конфуцийшылдық, даосизм, синтоизм жә не иудаизм діндері жатады.

3. Дү ниежү зілік немесе ә лемдік діндер. Бір халық тың не ұ лттың шең берінен шығ ып, басқ а да халық тардың арасына кең інен тарағ ан жә не ә лемдік қ ұ былысқ а айналғ ан діндерді дү ниежү зілік немесе ә лемдік діндер деп атайды. Оларғ а жататындар: буддизм діні, христиан діні, ислам діні.

Тарихта бұ рынғ ы замандарда болғ ан, бірақ тү рлі тарихи жағ дайларғ а байланысты қ азіргі уақ ытқ а дейін жетпей жойылып кеткен діндерді ғ ылымда тарихи діндер деп атайды.

Діндер сонымен қ атар табыну объектісінің санына қ арай монотеистік діндер жә не политеистік діндер деп бө лінеді. Монотеистік діндер деп жалғ ыз ғ ана қ ұ дайғ а табынатын діндерді атайды. Ал политеистік діндер деп кө п қ ұ дайларғ а табынатын діндерді атайды.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.