Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Сыныптан тыс оқу әдістемесі






 

Сынып

Спандияр Кө беев

Маймыл мен Кө зілдірік

Жауыздың сақ таның ыз тіліне ермей,

Ғ асырғ а тек жү рмең із ғ ақ ыл бермей,

Бір маймыл қ артайғ анда қ ор болыпты,

Байғ ұ стың бұ рынғ ыдай кө зі кө рмей.

Наданғ а айтқ ан сө зің текке кетер,

Дос болсаң, ық ылассыз қ ызмет етер.

Бір істі пайдасы ү шін паш етсең із.

Ық ылас кө ң ілің із болар бекер.

Кө ре алмай бұ рынғ ыдай қ айғ ыланғ ан,

Сұ райды: - Ем бар ма? – деп кө рген жаннан,

Біреуден ақ ырында қ ұ лақ танды,

Тә уір деп кө зілдірік, ө зі арзан.

Бес-алты кө зілдірік алды сатып,

Жарар деп пайдаланса іске ұ қ сатып:

Салғ аннан тө бесіне киіп алды.

Айырып ешбір жө нін кө рмей жатып.

Сонан соң тұ мсығ ына тү сіреді.

Бір-бірлеп айырмастан алып жатып,

Онымен ешбір пайда болмағ ан соң,

Апарды қ ұ лағ ына саудыратып.

Қ ұ лақ тан қ ұ йрығ ына байлап алды,

Кө рген жан кү ліп жатыр, шегі қ атып,

Ақ ырында кө зге себеп болмағ ан соң,

Сындырды ашуланып тасқ а атып.

 

Ақ қ у, Шортан һ ә м шаян

Кө п кіріскен іс оң бас ынтымақ сыз,

Кө п малдың керегі не болса бақ сыз,

Таудайын талаптан да бақ ыт артық,

Болса да қ ара жаяу жалғ ыз атсыз.

Ынтымақ жоқ тығ ынан біздің қ азақ,

Кем жұ ртқ а ә рбір тү рлі болды мазақ

Зияны толып жатқ ан бастан артық,

Кемітіп ғ азиз басын кө ріп ғ азап.

Мысалы, бірліксіздің ғ ибыраты,

Пайдалы салыстырсаң бар лұ ғ аты.

Кең есінен ақ қ у, шортан, шаянменен,

Тың даң ыз тә ржіме етіп жазғ ан хатты:

Бір ақ қ у, шортан, шаян бұ рынырақ

Кең есін еттім бә йіт, салсаң қ ұ лақ,

Тартуғ а жү кті арбаны міндеттенген,

Оң аша кө л басында тұ рғ ан жырақ.

Ү шеуі кә дімгідей жегілісіп,

Қ айтсе де тартамыз деп ерегесіп,

Тырмысып бейшаралар азаптанды,

Пайдасыз михнаттанып терге тү сіп.

Жө нелді шу деп ақ қ у кө кке таман,

Сұ ң қ ылдап ү сті –ү стіне достан жаман,

 

Жайда да кесел шіркін жө нге жү рмес,

Тырмысып кейін қ арай жатыр шаян.

Тартады дем алысып кезек –кезек,

Арбаны қ озғ алта алмай кү дер ү зіп,

Тыпырлап суғ а қ арай бетіменен

Шамасы келмей жатыр шортан кезіп.

Кіріскен ынтымақ сыз ол басында

Ерлердің болмай бірлік жолдасында.

Бетімен ә р тарапқ а тартқ аннан соң,

Қ озғ алмай арба қ алды кө л басында.

 

Сынып

Боранбаев Қ абыл

Қ оянның қ ұ йрығ ы неге қ ысқ а, қ ұ лағ ы неге ұ зын?

Қ оян бопты ертеде

Қ ұ йрығ ы ұ зын, кө рікті,

Ол ә демі қ ұ йрығ ын

Зор мақ таныш кө ріпті.

 

Осы қ оян ежелден

Балық етін аң сағ ан.

Оның -дағ ы қ ұ мары

Іздей-іздей шаршағ ан.

 

Сол қ оянғ а кө рші екен

Қ ызыл тү лкі ертеден.

Оның -дағ ы қ ұ мары

Жас балық тың еті екен.

 

Олар кеп кө л басына

Қ арады қ ұ м тасына.

Су тү біне кө з сү зіп,

Қ оян тұ рды асығ а.

Тайдай тулап бір балық

Желбезегін қ ағ ыпты.

Кө ріп қ оян сол нә нді

Сілекейі ағ ыпты.

 

Екеуі де сол жерде

Естерінен таныпты.

Кө здері оттай жаныпты

Тү лкі сонда айтыпты:

 

- Қ оян, сенің қ ұ йрығ ың

Иіріле қ алыпты,

Қ армақ дерсің тамаша

Іле қ алар балық ты.

Сө зін айтып ақ ырғ ы

Тү лкі асырды қ улығ ын.

Қ оян суғ а батырды

Сұ лу мамық қ ұ йрығ ын.

Осы суда жү р еді,

Бір тасбақ а ашулы.

Қ оян десе ә рқ ашан

Азу тісі басулы.

 

Сол тасбақ а қ оянның

Қ ұ йрығ ынан алады.

Су тү біне сү ң гітіп,

Терең тартып барады.

 

Қ оян- дағ ы тырмысып,

Бұ лқ ан-талқ ан болады.

Тү лкі ө зінше баяғ ы,

Қ оян досын аяды.

 

Қ ұ лағ ынан ұ стап ап,

Бері қ арай тартты енді.

Қ оян: - Ө лдім... қ ап! – деді.

 

Созыла берді қ ұ лағ ы,

Шың ғ ырып тұ рып жылады.

 

Жыламасқ а болмады,

Тү лкіге бұ л ұ нады.

 

Қ ұ йрығ ынан тасбақ а,

Аянбастан жұ лады.

Ү зіліп кетті қ ұ йрығ ы,

Ұ зарып қ алды қ ұ лағ ы...

 

Ашу қ айнап ішінде,

Ызғ ар жиып тү сіне,

Қ оян сотқ а барады.

- Қ ұ лағ ым кетті ұ зарып,

Қ ысқ арып қ алды қ ұ йрығ ым,

Деді қ оян, - ө ш ә пер

Жетсе соғ ан бұ йрығ ың! –

 

Сот айтты сонда қ оянғ а:

- Ұ зын қ ұ йрық жараспас,

Бү лдірер қ айта денені.

Сақ болуғ а қ ұ лақ тың

Аса қ ымбат керегі.

Ұ зын болса қ ұ йрығ ың

Мысық тың ғ ана ермегі...

Олай болса, қ алайша

Ө кпелейсің сен енді!

«Рас екен», - деп қ оян,

Ытқ ып-ытқ ып жө нелді...

 

Сынып

Ыбырай Алтынсарин

Алтын айдар

Бір хан болғ ан екен, оның екі қ атыны болыпты; олар бала таппапты. Сол уақ ытта бұ л бай сапарғ а шығ уғ а ойланып, қ атындарына айтыпты:

— Мен келгенше не істеп, не тауып қ оясың дар? — депті.

Сонда ү лкен қ атыны айтыпты:

— Мен сен келгекше алтыннан ә демілеп ү й салдырамын, — депті.

Кіші қ атыны айтты:

— Мен алтын айдарлы бір ұ л, бір қ ыз табамын, — депті, — ол баланың аты Алтын-Айдар болады, — депті.

Сонан соң бұ л хан сапар шығ ып кетті. Хан бір-екі-ү ш жыл жү ріп қ айтып келіпті. Сонда манағ ы ү лкеп қ атыны ү й салдырып қ ойыпты, кіші қ а­тыны Алтын-Айдар баланы тапқ ан екен, бірақ оны ү лкен қ атыны кү ң деп, бір сиқ ыршы қ атынғ а айтып, баласын ұ рлап алып, қ ұ дық қ а тастапты. Ол кіші қ атынғ а сен кү шік таптың деп, кү шік беріп, бә ле қ ылыпты. Сон­да бейшара тоқ ал жылапты да, шарасыз кө ніпті. Мана­ғ ы хан келіп, кү шікті кө ріп, тоқ ал қ атынды қ уып жіберіпті. Енді баланы ә лгі кемпір қ ұ дық қ а салып жіберіпті. Сонда қ ұ дайдың қ ұ діретімен жабрайыл періште қ ұ с болып келіп, аяғ ымен кө теріп алып кетіпті де, қ аланың шетіндегі бір кемпірге ә келіп беріпті. Ол кемпір­дің ұ лы, қ ызы жоқ екен. Сонда ол екі бала ү ш-тө рт жыл тұ рыпты. Сол уақ ытта ә лгі кемпір ө ліпті. Сонан соң бала оқ мылтық атып, қ ұ лан-бұ лан аулап, етін тамақ қ ылып, терісін киім қ ылып жү ріпті. Сө йтіп жү ріп бір таудың шұ қ ырына келіп, соны ү й қ ылып, сонда тұ рыпты.

Ол баланың тірі екенін біліп, бұ рынғ ы қ ас қ ылғ ан шешесі баяғ ы сиқ ыршы кемпірді жіберіпті: Алтын-Айдарлы баланы ө лтіріп кел деп. Сонан соң ол сиқ ыршы кемпір баланы іздеп шығ ып келсе, бала аң ғ а шығ ып кетіпті. Қ арындасы ү йде отыр екен, оғ ан айтыпты:

— Ағ аң а айт, мына жақ та Кө лмесхан дегеннің бір биесі бар; кү нде қ ұ лындайды, қ ұ лындары арғ ымақ, тұ лпар болады, —деді де, кетіп қ алды.

Ол кемпір қ астық пен ө лтіруге ойлапты. Ол жолғ а барғ ан кісі — жолда адасып кетіп, ө леді екен. Кешке ағ асы келіпті. Сонда қ арындасы кемпірдің айтқ анының бә рін де тамам айтыпты. Мұ ны естіп, ағ асы қ ұ лынды іздеп, сапар шығ ып кетіпті.

Жолда келе жатқ анда бір дарияғ а келіпті. Ол дариядан жү рген, ө ткен кісі ә лек болады екен. Бұ л Ал­тын-Айдар ө тіп келе жатса, дарияны бір перінің қ ызы толқ ын қ ылып, кемені аударуғ а келе жатыр екен. Ол аудара бергенде, Алтын-Айдарлы бала қ олынан ұ стап алып, қ олындағ ы сақ инасын, білезігін тартып алып, жолына жү ре беріпті. Жү ріп келе жатқ ан Кө лмесханғ а келіпті. Ол Кө лмесханның биесі қ ұ лындап жатыр екен. Кө лмесханғ а айтыпты:

— Ай, тақ сыр, қ ұ лының ызды рұ қ сат болса алайын, — депті.

Сонда хан:

— Ала ғ ой, — депті.

Олар ө здері де қ ұ лындарын ала алмайды екен. Ол қ ұ лынды туысымен бір перінің қ ызы бермей алып кетеді екен. Сол уақ ытта бала мұ ны кү зетіп тұ рғ анда, бір перінің қ ызы бұ лт болып келіп, қ ұ лынды алып бара жатқ анда, Алтын-Айдар қ ылышпен бұ лтты салып қ алыпты. Сонда перінің кебісі мен қ ұ лынды алып қ алыпты. Сонан соң ханғ а келіп, кебіс пен қ ұ лынды кө рсетіпті. Сонда хан бұ ғ ан бата беріпті. Бұ л алып қ арындасына келіп, қ ұ лынды, сақ инаны беріпті де, жә не аң ғ а кетіпті.

Сиқ ыршы кемпір тағ ы келіп, қ ұ лын мен сақ инаны кө ріп, қ арындасына айтыпты:

— Мінеки, мен сендерге жақ сылық ойлаймын, — депті, — ағ аң сағ ан сақ ина алып келді, — депті; тағ ы енді бір жақ қ а жібер, онан барып, алтын сандық алып келсін, — депті де, кетіп қ алыпты.

Ағ асы келген соң, қ арындасы:

— Тағ ы бір жерде бір жақ сы сандық бар, соны мағ ан алып келіп бер, — деді.

Сонан соң ағ асы тұ лпар қ ұ лынына мініп кетіпті. Жолда бір кемпірді кө ріпті, ол кемпір жердің жарығ ын жамап отыр екен; бұ ғ ан келіп:

— Шеше, не қ ылып отырсың? — депті. Ол кемпір айтыпты:

— Мен осы жердің жарығ ын тігіп отырмын, — депті.—- Не ү шін десең, осы жерге ө зің дей батырлар келіп кіріп, бір сандық ү шін ө лді, — деді.

Сонда бала:

— Мағ ан да сандық керек, — деп, келіп кіріп кетіпті.

Жердің астынан бір пері шығ ып айқ айлапты:

—Тапал-тас ү йде болсаң, хабарлас, — деп айқ айлағ анда, Алтын-Айдарлы бала тас болып ө ліп қ алыпты.

Тұ лпары бір-екі кү н келмеген соң, ү йіне қ айтып, жылап тұ рыпты. Сонда қ ыз ағ асының ө лгенін біліп, тұ лпарғ а мініп, кемпірге келіп, манағ ы жер жамап отырғ ан кемпірді кө ріп, ағ асын сұ рапты. Кемпір ай­тыпты:

Ағ аң ө лген, сен барма, барсаң сен де елерсің, — депті.

Сонда қ ыз айтыпты:

— Мен ағ амды кө ріп ө лермін деп, кө ріп кетейін деп!

Кемпір айтты;

— Сен жылай бер: «Жер ү стінде мен мұ ң дық, жер астында сен мұ ң дық», — деп.

Сонда ол қ ыз осылайша жылап кіріп бара жатқ анда, алдынан бір пері қ ызы шығ ып, мұ ң ын сұ рап, мұ ны аяп, ағ асын тірілтіп беріпті.

Сонан соң бұ лар бір ү лкен кө п ағ аш кө ріп, соғ ан келіп кіріпті де, қ арындасын тұ лпарымен ағ аштың шетіне қ ойып кетіпті де, ө зі аралап ағ аштың ішіне жү ре беріпті. Сө йтіп жү ріп бір ақ отау кө ріпті де, оғ ан келіп кіріпті. Кіріп біраз отырғ ан соң екі пері қ ызы ұ шып келіп, сол ү йдің тө бесіне қ онып отырып, екеуі біріне-бірі айтыпты:

— Ай, мен бір қ орық тым, — депті, — неге десең мені бір бала, суда жү ріп, кемені аударып жү ргенімде қ олымдағ ы сақ инамды тартып алды, — депті— Мен ол баланы кө рсем, оғ ан қ атын болар едім, — депті.

Сонда кішісі айтты:

— Мен де бір қ орық тым, — деді — Неге десең мен де бір ханның қ ұ лынын кү нде алып кетуші едім, бір кү ні алайын деп келгенде, бір бала кү зетіп тұ р екен. Мен ала бергенімде, менен қ ұ лынды тартып алып қ алды. Ол табылса мен де оғ ан қ атын болар едім, — дегенде:

— Міне, қ атын болсаң дар оларды тартып алғ ан ба­ла мен деп тү регелді. Сонан соң екі қ ыз да бұ ғ ан некесін қ иып тиді. Бұ л бала қ ыздарды отаумен кө шіріп, манағ ы қ арындасы мен тұ лпарына алып келді. Сонан соң бә рі жиылып бұ рынғ ы орнына келді.

Сол жерде тө рт-бес жыл ө мір етіп тұ рды. Неше кү ндер ө тіпті, бала ә р кү нде аң ғ а шығ ып жү реді екен. Бір кү ні аң ғ а шығ ып жү рсе, бір адамды кө ріпті. Екеуі келе жатса, алдынан бір аң шық ты да, кө лбектеп жү ре берді. Сол уақ ытта бала да, қ асындағ ы кісі де атайын деп ұ мтылғ анда, ә лгі аң кісі болды да, атайын деген кісіге айтты:

— Сенің мынау балаң, — деді. Балағ а айтты:

— Сенің мынау ә кең, — деді, сендерді Мыстан кемпip деген сиқ ыршы кемпір айырғ ан, — деді, ө зі жоқ болды.

Сонан соң ә кесі мен баласы бірін-бірі біліп жылап кө рісіпті де, ә кесі баласын ү йіне ә келіп қ онақ қ ылып, ү лкен қ атыны мен мыстан кемпірді шақ ыртып алдырып ө лтіріпті. Мұ ның шешесін бала таппадың деп қ айыршы қ ылып, қ аң ғ ыртып жіберген екен. Соны алдырып, ө зіне бұ рынғ ыдай қ атын қ ылыпты. Алтын-Айдар бала патша болыпты. Бұ л баланың қ арындасын, қ атындарын алдырыпты, бә рін жинап алып той қ ылдырыпты, ат шаптырыпты, барша мұ раты басына жетіпті.

 

Жан-жануарлардың дауласқ аны

Жылқ ы, тү йе, сиыр, қ ой, ит, тауық, тышқ ан жә не бө тен жан-жануарлардың бә рі де адамның жылына ағ алық қ а таласты дейді.

Жылқ ы айтты:

— Мен, адам ү стіме мінсе алысын жақ ын етемін, кү шімді болса кө реді, сү тімді болса ішеді, қ ылыма дейін арқ ан істейді, адамғ а менен пайдалы мал жоқ, жыл ағ асы мен боламын, — деді.

Тү йе айтты:

— Сен адам жұ мысын қ ылсаң арпа, сұ лы, шө п асайсың, тамағ ың ү шін қ ұ л болдың. Мына мен сен кө ­тере алмайтын ауырды кө теріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын, аш болдым деп арпа, сұ лы сұ рамаймын, кеде болса — кеде, жусан болса — жусан, не кез келсе, соны қ орек етіп, табылса су ішіп, табылмаса шө лге де шыдап жү ре беремін, жыл ағ асы болу мағ ан лайық, — деді.

— Сиыр айтты:

— Адам егін ексе менімен егеді, сү тімді ішеді, қ ұ рт, май істейді.

— Қ ой айтты:

— Мен болмасам, қ азақ ү йін немен жабар еді; жү німді алып, киіз істейді, жабағ ымнан кү пі тігеді, арқ ан, жіп ө седі, сү тімнен қ ұ рт, май алады, — деді.

Ит айтты:

— Мен болмасам, сенің кө бің ді не ұ ры ұ рлап, не қ асқ ыр жеп тауысар еді, сенің бә рің нің мен бақ ташың мын, дұ шпан кө рінсе ү ріп-абалап, иеме хабар беремін.

Тауық айтты:

— Мен болмасам, кісі ерте тұ рып, жұ мысына бара алмас еді. Адам ұ йық тап қ алмай жұ мысына бару ү шін азанда айқ айлап хабар беремін, оятамын. Кө п отырсаң ұ йқ ың қ анбай, жұ мысың нан қ аларсың деп таң ертең тағ ы айқ айлаймын. Жатар уақ ыт болды деп, тү н ортасында да шақ ырамын, кеш болса тағ ы шақ ырамын, демалар мезгіл болды деп, — деді.

Тышқ ан не дерін біле алмай тұ рды да, бір тү рлі қ улық ойлап, жиналғ ан кө пке айтты:

— Бұ л таластан еш нә рсе ө нбес, жылды қ арап тұ ралық та, кім бұ рын кө рсе, сол жыл басы болсын, — деді.

Тү йе ө зінің биіктігіне сеніп, менен бұ рын кім кө реді деп тышқ анның сө зін қ остап, бә рі де жылды қ арап тұ рды. Біраздан соң тышқ ан жорғ алап, тү йенің ү стіне асығ ып, ө ркешінің басына мінді де отырды. Сонымен, бә рінен бұ рын жылды тышқ ан кө ріп, хабар беріп, жылдың басы болғ ан. Тү йе бойына сеніп жылдан қ ұ р қ алды де­ген сө з осыдан қ алғ ан екен.

 

Елубаев Ескен

Кім қ орқ ақ, кім айбатты?

 

Шығ ып алып інінен

Ұ йқ ы бермей тү німен,

Тышқ ан тү нде жортады,

Ол мысық тан қ орқ ады.

 

Ең кү шті де қ айратты,

Тарғ ыл мысық айбатты.

 

Кү н шуақ тап жататын,

Тә тті ұ йқ ығ а бататын,

Мысық

Иттен тайсақ тап,

Шеттеп жү рер жан сақ тап.

 

Ең кү шті де қ айратты,

Қ абағ ан ит айбатты.

 

Кеміріп боп сү йегін,

“Ә уп”, “Ә уп”етіп ү реді.

Арлан ит те

Қ асқ ырдан

Айбынып-ақ жү реді.

 

Ең кү шті де қ айратты,

Кө к қ асқ ырғ ой айбатты.

 

Қ асқ ыр тү нде қ аң ғ иды,

Қ ой, қ озыны аң диды.

Қ ұ лқ ыны ү шін жаппаннан,

Қ асқ ыр қ орқ ар папамнан.

 

Ең қ айратты, білекті

Папам менің жү ректі.

Папамның ү й ішінде,

Жө н-жосық сыз ісіне,

Мамам ұ рсып тастайды,

Папам аузын ашпайды.

 

Ең жү ректі, қ айратты

Мамам менің айбатты.

 

Мамамды ө зім ақ ыры,

Санап тұ р ем “батыр” деп.

Қ оя берді ол бақ ырып,

“Тышқ ан келе жатыр! ”, - деп

 

Қ олындағ ы кесе де

Ұ шып тү сті быт-шыт боп.

Бір-ақ қ арғ ып тө секке

Шығ ып кетті ыршып кеп.

 

Сонда батыр кім десең,

Мен айтамын білмесең

Батыр емес мамам да,

Батыр емес памам да,

Ең батыр да қ айратты,

Тышқ ан екен айбатты.


 
 

І.Жансү гіров атындағ ы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘ К.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮ ЙЕСІ
Пә ннің оқ у-ә дістемелік қ амтамасыздандыруларының картасы Ф.4.09-33
28.05.2015 ж.

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.