Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






BP.exe программасы орналасқан каталогты активтендіріп, барлығын белгілеп және Enter пернесін басу керек.




Программа шақырылғаннан кейін жұмыс столында тексті редактор терезесі ашылады, бұл жерде клавиатура немесе меню жүйесі арқылы программа жазуға, түзетулер жүргізуге болады. Меню жүйесі терезенің жоғарғы жағында орналасқан.

Турбо-орта программамен жұмыс істеудің қолайлы құралдарын береді: оның сақталуы, есептеуге жүктелуі, жөнделуі, және т.б. Бұл құралдарға қолжетімділік келесі опциялардан тұратын бас мәзір арқылы жүзеге асады:

File Файлдармен негізгі амалдардың барлығын орындауға мүмкіндік береді (жаңа файлдар құру, бар файлдарды жүктеу, құрылған және өңелген файлдарды сақтау және т.б.)
Edit Мәтінді өңдеудің негізгі амалдарының барлығын орындауға мүмкіндік береді (көшіру, мәтіннің үзінділерін қайта құрып, жою, сондай-ақ өңделіп жатқан мәтіннің бастапқы нұсқасын қайта жасау)
Search Мәтіннің үзінділерін іздеуді және қажет жағдайда табылған үзіндіні жаңасымен алмастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді
Run Жұмыс аймағындағы программаны жүктеуге, сондай-ақ қажет жағдайда берілген программа немесе оның бір бөлігін қадам бойынша орындауға мүмкіндік береді
Compile Жұмыс аймағында орналасқан программаның компиляциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді
Debug Программадағы қателерді іздеу үрдісін жеңілдететін командалары бар
Tools Турбо Паскаль Ортасынан шықпастан кейбір программаларды орындауға мүмкіндік береді
Options Компилятор мен ортаның жұмысқа қажет параметрлерін қондыруға мүмкіндік береді
Windows Терезелерге қолданылатын негізгі амалдардың барлығын орындауға мүмкіндік береді (ашу, жабу, орын ауыстыру, өлшемін өзгерту)
Help Жүйеде бар анықтамалық ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Қажет қоластындағы мәзір активтендіріледі (ашылады)

Жоғарғы мәзірге ауысу үшін F10 пернесін басу керек.



Қоластындағы мәзірден [ESC] пернесін басу арқылы шығуға болады.

Турбо-ортадан шығу Alt+X пернелерін басу арқылы жүзеге асады.

Жаңа программаларды құрудың ыңғайлы әдісі – ол алдыңғы құрылған программалардың модификациясы. Программа мәтінін сақтаудың негізгі формасы файлдар болып табылады. Ол үшін программаларды файлдарға жазуды, файлдардан оқуды және т. б. үйрену қажет. Оған жету үшін File ішкі мәзірінің опцияларымен қолдану керек:

 

New Жаңа файл Редактор ЕСҚ тазартып, жаңа файл құру режиміне өткізеді. Жаңа құрылатын файлға NONAME.PAS аты беріледі, оны файлды дискіге жазу кезінде өзгертуге болады
Open F3 Файлды оқу Экранда файлдар тізімі бар терезе пайда болады. Онда Турбо Паскаль редакторының ЕСҚ-на жүктелетін қажет файлды таңдап алуға болады және мүмкіндігінше өзгеріс енгізуге программалрды толық көруге болады.
Save F2 Файлды сақтау Паскаль редакторының ЕСҚ-нан файлды дискіге жазады. Файл өз атымен жазылады , егер дәл осы уақытты файл аты NONAME.PAS болса ортада осы атты өзгертесіз бе деге сауал болады. Бұл опцияны редактірлеу режимінен F2 клавишасы арқылы шақырады.
Save as Жаңа атпен сақтау   Редактірленетін файлдың атын өзгертіп дискіге жаңа атпен жазады.
Save all Барлық терезедегілірді сақтау Дискідегі файлдарға қатысты барлық редактірленетін терезелердің деректерін жазады.
Change dir Каталогты ауыстыру Қойылған диск немесе каталогты өзгертеді.
Print/Print setup... Файлды баспаға басу Файлды принтерде басуды қамтамасыз етеді
DOS shell DOS операциялық жүйесіне шығу Турбо-Паскаль программасынан уақытша шығуды қамтамасыз етеді. Шыққаннан кейін DOS операциялық жүйесінің әр командасын еркін пайдалнуға болады. Қайта Турбо-Паскаль программасына ену EXIT командасын орындаумен орындалады,
Exit Alt-X Шығу Турбо-Паскаль программасынан шығуды қамтамасыз етеді. Бұ опцияны редактірлеу режімінен ALT+X пернелер комбинациясымен орындауға болады.

 




mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал