Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс. Негізгі оқу құралдарымен жұмыс




Географиялық карталарды оқудың мақсаты

10.2. Глобуспен жұмысты ұйымдастыру

Негізгі оқу құралдарымен жұмысты ұйымдастыру.

Географиялық карталарды оқудың мақсаты

 

Оқулықпен жұмысты географияны оқыту әдістемесінде географиялық картамен жұмыстың үш түрлі мақсаты бар олар оқушыларды картаны түсінуге оқуға білуіне үйрету.

Ғылыммен техникалық күрделі жетістіктерінің бірі географиялық ең басты қасиеттерін менгеруге үйрету. Картаның қасиеттерін оқушыларға менгерту үшін 6-ысыныпта 8 сағат, 7-і сыныпта 2 сағат бөлінген бұл тақырыптарда оқушылар географиялық картаның негізгі қасиеттерімен танысады, танысу барысында картамен жұмыс істеудің іскерлік-дағдылары қалыптасады.

Географиялық картада кескінделген географиялық шындықты танып білуде картаны оқу шартты белгілерді пайдалана отырып белгілі бір аумақтың ерекшелігін анықтау арқылы жүзеге асады. Картаны оқу ауызша немесе жазбаша жүзеге асырылады. Жазуша оқуға полиграфиялық және ұсақ масштабты карталарды карталарды пайдаланып көлденен қима сызбасын түсіру, әртүрлі тақырыптық және жалпы географиялық карталарды беттестіре отырып практикалық есептер шығару бірізді себеп салдарлы байланыстарды анықтау жатады.

Оқудың тереңдігінде әртүрлі болады, картадан қажетті ірі нысандардың орнын табуды элементарлы оқу дейміз (тау, көл, пайдалы қазба шыңды табу). әртүрлі тақырыптық карталардағы шартты белгілерді прайдаланып құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлы байланысын анықтап, құбылыстардың ерекшеліктері жөнінде қорытынды шығаруды картаны күрделі оқу дейміз.

Картаны оқуды 6-ы сыныпта картографиялық тақырыптарды өткенде бастап біртіндеп жүйелі түрде қолданып біртіндеп күрделендіре береді. Географиялық нысандардың ауданы мен пішінін орналасқан орнын есте сақтап таба білуді картаны білу дейміз.

Картаны оқып үрену мен жұмыс істеудің маңызды мақсатына оқушылардың картографиялық іскерлік – дағдыларын қалыптастыру жатады. Мектеп географиясында қалыптастыратын басты картографиялық іскерлік – дағдыларда төмендегілер жатады:



І 6-ы сыныпта жеткілікті жерде бағдарлау жергілікті жердің танып қолданып азимутты табу, арақашықтықты өлшеу, кординатты анықтау:

ІІ 7-ші сыныпта тақырыптық карталарды пайдаланып табиғаттың және компоненттерінің өзара байланысын, қалыптасу заңдылықтарын табу.

ІІІ 8-ші сыныпта карталардың жеке және бас масштабын, беткейдің көлбеулігін анықтау кешенді қима сызбалар құру жатады.

І\/ 9 – 10 сыныптарда экономикалық карталарды оқып, талдау жасап қорытынды шығару жатады. Мысалға елге ауданға экономикалық географиялық сипаттама беру тағы басқалар.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал