Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






XX ғасыр тіл білімі






Лингвистикалық мектептер. Қ азіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қ арсы кү ресте туып қ алыптасты. XIX ғ асырдың соң ғ ы он жылы мен XX ғ асырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағ ыт қ атты сынғ а алынды, зерттеудің жаң а ә дісі, бұ рынғ ыдан ө згеше амал-тә сілдері іздестіріледі. Ә р елде, ә р жерде жас грамматизмге қ арсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қ атарына " Сө здер мен заттар", " Эстетизм", ''Социологизм" деп аталатын мектептерді жатқ ызуғ а болады. Жас грамматизм бағ ытын сынауда бұ лардың ө кілдері бірауызды болғ андығ ымен, тілдің ө зіндік сипатын, мә нін айқ ындауғ а келгенде ә р-қ айсысының ө зіндік кө зқ арастары, ұ стағ ан жолдары болды. Енді соғ ан келейік.

Сө здер мен заттар. Бұ л - тіл білімі тарихында жас грам-
матикалық бағ ыттан біржола жә не ү зілді-кесілді бас тарту ұ ра-
нын тұ ң ғ ыш кө терген мектеп. Оның ө кілдері 1909 жылдан
бастап Рудольф Мерингердің (1859-1931) басқ аруымен шығ а
бастағ ан (Австрияда) " Сө здер мен заттар" деп аталатын журнал
тө ң ірегінде топтасқ андық тан, соның атымен аталғ ан (Журнал
XX ғ асырдың 40 жылдарына дейін шығ ып тұ рды). Бұ л
мектептің ең кө рнекті ө кілі - роман тілдері мен жалпы тіл
білімінің маманы Австрия тіл ғ алымы Гюго Шухардт (1842-
1927).

Г. Шухардт тек роман тілдерін ғ ана емес, басқ а да кө птеген тілдерді зерттеген, жан-жақ ты, терең білімді адам болғ ан. Ол тіл білімінде бірталай тың да қ иын мә селелерді кө теріп, ө з кө зқ арасын білдіріп отырғ ан. Бұ л мектептің ө кілдері зат пен оның атауы арасындағ ы қ арым-қ атынасқ а ерекше мә н береді. Г.Шухардт " Заттар мен сө здер" деген ең бегінде: сө з затты білдіреді, зат - алғ ашқ ы, ол ешнә рсеге тә уелсіз, ө зі ү шін ө мір сү реді, ал сө з затқ а қ арағ анда соң ғ ы, кейінгі, ол - затқ а тә уелді, оның ө мірі затқ а байланысты, зат жоқ болса, оғ ан қ ойылатын атау да жоқ, тілдегі ә р сө здің ө зіндік тарихы бар, оны тек лингвистикалық талдау " арқ ылы ғ ана емес, заттар тарихы арқ ылы да зерттеуге болады, заттар тарихы мен сө здер тарихы арасында толық параллелизм де, сондай-ақ кү рделі жә не нә зік қ арым-қ атынастар да бар, тіл білімінің міндеті - соны ашу дейді.

Осы талаптарғ а орай бұ л ағ ым ғ алымдары (Т.Шухардт, Р.Мерингер, В.Мейер-Любке, т.б.) сө здер тарихын сол сө здер атау болғ ан заттар тарихына байланыстыра отырып, ұ қ ыптылық пен, кө п жағ дайда ө те шебер зерттелген. Ә рине, сө здер тарихын сол сө з атау болғ ан заттар тарихына байланыстыра қ араудың тарихи лексикологияғ а берері кө п, бірақ тіл білімі ү шін ә р сө з атау болғ ан заттар тарихын зерттеу - ә рдайым қ ажет бола бермейді. Олай істеу, кө п жағ дайда, тіл ғ алымдарын негізгі объектіден бө ліп, тіл білімі ү шін қ ажеті жоқ нә рселермен айналыстырады.

Бұ л мектеп ө кілдері ә сіресе Г.Шухардт типтік элементтер (сө здер) мағ ыналарының ө згеруіне, дамуына ерекше мә н береді. Бұ лардың семантиканың мә ні жө ніндегі пікірлері бұ л мә селенің кейінгі дә уірде дамуына елеулі ә серін тигізді.

Г.Шухардт тілдерді туыстық жақ ындық тарына қ арай жіктеудің дә лдігіне, ата тіл болды дегенге кү мә н келтіреді, генеалогиялық классификациялау орнына тілдерді географиялық ың ғ айына қ арай қ арауды ұ сынады. Географиялық жағ дайына, қ оныс ың ғ айының ө згерісіне қ арай бір тіл екінші бір тілге ауысып отырады дегенді айтады. Осыдан келеді де тілдің дамуы, ондағ ы болатын ө згеріс-қ ұ былыс тілдердің араласуынан, тоғ ысуынан болып жатады. Дү ние жү зіндегі тілдердің барлығ ы да ө зара туыстас, бірақ олардың туыстастығ ы бір тө ркіннен, ата тілден тарағ андық тан емес, араласып, тоғ ысқ андық тан дейді. Бұ л, ә рине, бір жақ ты кеткендік.

Біраз мә селеде бұ л мектеп ө кілдері индивидуалистік психологизм ағ ымындағ ылармен пікірлес боды. Шухардттың пікірінше, тіл - жеке сө йлеушінің (индивидумның) жемісі. Индивидумның тұ рмыс жағ дайы, мінез-қ ұ лқ ы, мә дениеті, жасы тілге ә серін тигізеді, сө йтіп, индивидуалдық стиль қ алыптасады. Сө здер тарихы - сол сө здерді қ олданушы индивидумдар тарихы дейді.

Г.Шухардт ө зінің " Фонетикалық заң туралы" деген мақ аласында жас грамматистердің тілде " бұ лжымайтын фонетикалық заң бар дейтін негізгі принципіне қ арсы шығ ады: " бұ лжымайтын фонетикалық заң " деген жоқ, кездейсоқ фонетикалық ө згерістер бола береді.

Г.Шухардтың лингвистикалық мұ расы бір тектес те, бә рі бірдей бағ алы да емес. Оның ең бектерінің ең қ ұ нды жақ тарының бірі - ғ алым дамуына бө гет болатындардың бә рін де ешбір жалтақ сыз батыл сынай отыра, ү здіксіз жаң алық, басқ аша тың бағ ыт іздеуінде, ғ алымдарды соғ ан ү ндеуінде. Г.Шухардт ең бектері ө з дә уіріндегі лингвистикалық ой-пікір дережесін жан-жақ ты кө рсете алады. Ол ө з ең бектері арқ ылы тіл білімінің жас грамматистер доктринасы шең берінде қ ала алмайтынын, тіл зерттеу ісінде жаң а, тың бағ ыт-бағ дардың қ ажеттілігін дә лелдеді, Г.Шухардт бастап кө терген кө птеген мә селелер лингвистика дамуының кейінгі дә уірлерінде кү рделі де мә нді мә селелерге айналды. Сондайлардың бірі ретінде осы мектеп кө теріп қ алыптастырғ ан тілдердің бір-біріне тигізетін ә серін, тілдер тоғ ысуы, ареалдық лингвистика, тілдерді географиялық ың ғ айларына қ арай жіктеу мә селелері.

Кө птеген қ ұ нды пікірлермен қ атар бұ л ағ ымның қ айшылық тары да болды. Бұ ларда айтарлық тай тұ рақ ты, ө зіндік жү йелі принцип болмағ ан. Сондық тан тек шартты тү рде ғ ана болмаса, " Сө здер мен заттар" бағ ытындағ ыларды қ алыптасқ ан лингвистикалық мектеп еді деу қ иын.

 

4.1 Эстетизм. XX ғ асырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағ ытына қ арсы бағ ытта пайда болғ ан лингвистикалық мектептің тағ ы бір тү рі - эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Оны қ алыптастырушы - неміс ғ алымы, роман тілінің маманы, ә рі ә дебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949).

Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К.Фосслердің " Тіл -біліміндегі позитивизм мен идеализм" (1904), «Тіл - шығ армашылық жә не даму» (1906) деген ең бектерінде баяндалғ ан.

Мектептің эстетизм деп аталу себебі - оның тілдері тілді эстетикалық тұ лғ а, эстетикалық кө рсеткіш дейді де, оны зерттейтін тіл ғ ылымы - эстетиканың бір саласы, эстетика -оның негізі, қ айнар бұ лағ ы. Тіл жө ніндегі зерттеу эстетикадан басталып, эстетикамен аяқ талады деп санайды.

Кейде бұ л мектеп неофилология немесе идеалистік неофилология деп те аталады.

К.Фосслердың зерттеулерінің кө пшілігі ә дебиеттану ғ ылымына жатады. Солармен бірге тіл мә селелеріне арналғ ан " Лингвистикадағ ы позитивизм мен идеализм" деп аталатын ең бегінде Фосслер позитивистер деп жас грамматистерді атайды да, идеалистер тобына ө зін жә не ө зінің жолын қ уушыларды жатқ ызады. Бұ л ең бектің ең тү йінді мә ні - жас грамматикалық бағ ыттың позитивизмін қ атал сынай отырып, тілді эстетикалық туынды, тіл білімін эстетикалық ғ ылым деп жариялау. К.Фосслер ө зінің эстетикалық концепциясын негіздеуде идеалистік философия мен ө з дә уірінің атақ ты тіл ғ алымдары В.Гумбольдт пен Г.Штейнталь ең бектеріне сү йенген.

В.Гумбольдттың ізімен К.Фосслер де тіл рухтың кө рінісі, тілге байланысты мә селенің қ андайы болса да тіл рухы арқ ылы айқ ындалады, тіл - рухтық процесс. Тілдің даму заң ын рухтан бө ліп алуғ а болмайды, қ айта соның ә рекеті ретінде зерттеу керек дейді.

В.Гумбольдттың ізімен К.Фосслер де тілді шығ армашылық
туынды, тіл – шығ армашылық дейді. Бұ л - оның бү кіл концепциясының негізі. Тілді шығ армашылық еп санағ андық тан, К.Фосслер индивидумдардың сө йлеу ә рекетіне ерекше мә н береді. Ол
рухани шығ армашылық тың барлығ ы да эстетикалық қ ұ былыс.
Шығ армашылық болғ андық тан тіл де эстетикалың қ арауына жатады.
Ал объектісі эстетикалық қ ұ былыстар қ атарына жатқ андық тан,
тіл білімінің эстетикалық болмасқ а ә дісі жоқ деп есептейді.
Олар тілдің экспрессивтік қ ызметін зерттеуге баса назар аударады, тілді тарихи-мә дени туың ды деп санайды.

Эстетистер тіл білімін эстетикағ а стилистика арқ ылы жатқ ызады. Олар: тіл - индивидуалдық рухани шығ армашылық... Сө йлеудің барлық тү рі де индивидуалдық рухани ә рекет. Ал ол ә рекетті, яғ ни ивдивидумның стилін, стилистика зерттейді дейді де, осыдан барып, тілді индивидум жасайтын, индивидумның тілін (стилін) стилистика зерттейтін болғ андық тан, тіл білімінің бастамасы, негізі - стилистика. Стилистика - эстетиканың бір саласы. Олай болса, тіл білімі эстетиканың бө лінбейтін бір бө лшегі деген қ орытынды жасайды.

Бұ л мектептің эстетизмі индивидуализммен ұ штасады. Сондық тан бұ ларды кейде эстетикалық индивидуализм деп те атайды. Эстетистер де тілдің қ оғ амдық мә нін ескермейді. Оны жеке адамның рухани табысы деп қ арайды, тү гелдей индивидуалдық рухқ а тә уелді, бағ ынышты етеді. Қ анша индивидум болса, сонша стиль (тіл) бар. Сө йлеудің, хабарлаудың ә рбір қ ұ ралы (яғ ни тілдік элементтер) бастапқ ыда индивидуалдық, стилистикалық болады. Жалпыхалық тық, диалектілік тілдер деген ө мірде жоқ. Тілдің жалпылық мә нінің ө зі де индивидуалдық тілдің жай жиынтығ ы деп қ арайды.

Ал тіл индивидумның табысы болса, ол қ алайша қ атынас қ ұ ралы бола алады деген сұ рақ қ а эстетизм мектебінің басшысы К. Фосслер: «Егер адамдар тіл арқ ылы ө зара қ атынас жасай алатын болса, ол тілдік заң ның, тілдік материалдардың немесе тілдік қ ұ рылымның жалпылығ ынан емес, тілдік дарындылық тың, қ абілеттіліктің жалпылығ ынан, ортақ тығ ынан болады. Тілдің пайда болуы, ө мір сү руі, дамуы – бә рі де осы сө йлеу дарындылығ ының жалпылығ ына, барлық адамғ а бірдейлігіне байланысты, соның арқ асында ә р тү рлі тілде сө йлейтін адамдар белгілі бір уақ ыттан кейін бірін-бірі тү сіне алады», - деп жазады.

Эстетистердің айтуынша, тілдік категорияларғ а негіз болатын интуиция /сезу/, тек интуиция ғ ана ол категориялардың мә нін танып білуге мү мкіндік береді. Тіл білімінің міндеті - зерттеу ісіне интуитивтік тану ә дісін қ алай қ олдануды айқ ындау.

Эстетизм ө кілдері жас грамматизм бағ ытын да, логизм, психологизм бағ ытын да сынғ а алады. Логика тіл табиғ атына тә н емес, логика мен тіл білімі біріге алмайды дейді.

Эстетистер жас грамматистерді позитивистер деп айыптағ анда, оларғ а қ оятын басты бір кінә сі - сендер тілдік элементтер арасындағ ы себептестік қ атынасты ескермей, тек тілдік фактілерді кө бейтуге, оларды бір-біріне байланыссыз, бө лек-бө лек сипаттауғ а ә уестенесіндер. Тіл білімі ү шін маң ыздысы - фактілерді қ ұ р есепке алу, оны сипаттап беру ғ ана емес, олардың арасындағ ы себептестік қ атынасты айқ ындау дейді.

Қ ұ былыстар арасындағ ы себептестік қ атынастарды айқ ындаудың шешуші мә ні барлығ ы даусыз, бірақ фактілерді есепке алу, оны талдау, соғ ан сү йену қ ажеттігін де ескермеуге болмайды.

Лингвистикалық мектеп деп аталғ анымен, эстетистердің принциптерін жақ таушылар аз болды.

 

4.2 Неолингвизм (гр. нео - жаң а жә не лингвистика атауларының бірігуінен туғ ан). Неолингвизм де жас грамматизм бағ ытына қ арсы XX ғ асырдың бас кезінде қ алыптасқ ан лингвистикалық мектеп. Неолингвистика деген атауды бұ л мектеп ө кілдері ө здерін жас грамматизм бағ ытынан мейлінше бө лек лингвист етіп кө рсету ү шін қ олданғ ан. Бұ л мектеп Италияда қ алыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Боифанте, (1904), В.Пизан (1899) т. б..

Неолингвистер жас грамматистерді сынағ ан, ө з принциптерін баяндағ ан кө птеген ең бектер жазды. Сондай ең бектердің бірі - 1925 жылы М.Д.Бартоли жазғ ан " Неолингвистиканың қ осымша очеркі" атты кітап. Онда лингвистикалық жаң а мектептің істері мен принциптері қ ысқ аша баяндалады. Неолингвизм бір-біріне ү йлесе қ оймайтын ә р тү рлі кө зқ арастағ ы ғ алымдардың - В.Гумбольдттың, Г.Шухардттың, К.Фосслердің, кейбір мә селеде Г.Паульдің принциптеріне сү йенеді. Сондық тан бұ л мектеп кейде эклектикалық неолингвизм деп те аталады.

Неолингвизм ө кілдері В.Гумбольдт пен К.Фосслер сияқ ты тілді рухани ә рекет, кө ркем туынды, эстетикалық кө рсеткіштердің жиынтығ ы дейді. Г.Шухардт сияқ ты бұ лар да тілдер тоғ ысуына ерекше мә н береді. Е.Пауль сияқ ты бұ лар да индивидумның сө йлеу ә рекетін зерттеуге ерекше кө ң іл бө леді. Эстетистермен бірге неолингвистер де жас грамматистерді позитивистер, фактіге табынушылар деп айыптайды. Ө здерін тілдің барлық мә селелерімен де шұ ғ ылданатын нағ ыз тіл ғ алымдарымыз деп жариялайды. Екіншіден, бұ лар жас грамматистер концепцияларының негізі саналатын " бұ лжымайтын фонетикалық заң " доктринасын ғ ылыми емес, ө мірде шашау шық пайтын, бұ лжымайтын заң деген жоқ деп есептейді.

Неолингвизмнің тілдердің географиялық орнына шешуші мә н беретіндіктеріне қ арап кейде оны ареалдық лингвистика деп те айтады. Ареалдық линвистика немесе лингвистикалық география - тілдік қ ұ былыстардың тарағ ан аймағ ын, шекарасын зерттейтін ғ ылым.

Неолингвизм ө кілдерінің бір табысы - лингвистикалық география ілімінің принциптерін айқ ындап, жетілдіріп, оны тіл біліміне ендіріп таратты. Жас грамматистер тілді бір ғ ана диахронды тұ рғ ыда зерттесе, неолингвистер оны синхрондық тұ рғ ыда да зерттейді.

Жас грамматистер тіл білімінің міндеті сө йлеу тілі фактілерін зерттеу дегендерімен, іс жү зінде жазба тіл фактілерін кө бірек зерттеді. Неолингвистер сө йлеу тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді зерттеуге ерекше мә н берді. Неолингвизмнің ең басты кемшіліктері - тілдің жү йелік, қ ұ рылымдық сипатына жеткілікті мә н бермей, экстралингвистикалық мә селелерге кө пкө ң іл бө ліп, тіл ө міріндегі индивидумдар ролін асыра бағ алаулары болды.

 

4.3 Социологиялық мектеп. Бұ л мектеп тілдің қ оғ амдық сипатын, ә леуметтік мә ні барлығ ын мойындаудан туғ ан. Тілде ә леуметтік сипаттың барлығ ын, қ айта ө ркендеу дә уірі мен ХҮ Ш-ХІХ ғ асырлардың бірсыпыра ойшылдары да баса айтқ ан. Дегенмен, бұ л мә селе XIX ғ асырдың екінші жартысына дейін жү йелі зерттелмеді.

Тіл қ оғ аммен байланысты, тіл - қ оғ амдық қ ұ былыс дегендердің тезис ретінде алынып, тіл білімінің кү рделі бір проблемасы ретінде арнайы сө з болуы ө ткен ғ асырдың екінші жартысынан басталады. Социологиялық зерттеу тіл біліміндегі натуралистік, индивидуалдық кө зқ арастарғ а қ арсы бағ ытта туып қ алыптасты.

XIX ғ асырдың аяқ кезі мен XX ғ асырдың бас кезінде тілдің ә леуметтік сырын ашумен кө бірек шұ ғ ылданғ андар француз ғ алымдары болды. Осы себептен тіл білімі тарихында тіл зерттеудегі социологиялық бағ ыттың отаны Франция деп санап, оны Франция социологиялық мектебі деп атады. Ал социологиялық лингвистика деген термин 1952 жылдан бері қ арай қ олданылып жү р.

Социологиялық бағ ыттың Франциядағ ы кө рнекті ө кілдері - Поль Лафарг (1842-1911), Ф.де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902).

Мектептің социологиялық деп аталғ ан себебі бұ л бағ ыттағ ылар индивидуалистік, натуралистік бағ ыттағ ыларғ а қ арама-қ арсы тіл - қ оғ амдық, ә леуметтік қ ұ былыс, ол тек адам қ оғ амы бар жерде ғ ана ө мір сү ре алады. Тілді дү ниеге келтірген де, оны ілгері дамытатын да қ оғ амдасқ ан адамдар. Тіл ә леуметтік қ ұ былыс болғ андық тан, ол басқ а ә леуметтік қ ұ былыстармен байланыста қ аралу керек деп санайды.

Социологиялық мектеп кө терген жә не шешкен проблемаларды байқ ау ү шін, оның кейбір қ айраткерлеріне ө те қ ысқ а болса да тоқ талып ө тейік.

 

4.4 Поль Лафарг. Ол ө зінің 1894 жылы шық қ ан «Революцияғ а дейінгі жә не одан кейінгі француз тілі» деп аталатын ең бегінде қ оғ ам мү шелерінің ә леуметтік, таптық жіктерінің тілге, ә сіресе оның лексикасына қ андай ә сер ететіндігі терең де жан-жақ ты зерттелген. Француз тілінің ХYІІ-ХYШ ғ асырлардағ ы даму сипаттарын, жеке сө здер мағ ынасында болғ ан қ ұ былыстарды зерттей отырып, Лафарг ұ ғ ымның, ә деби тіл нормасының кө п жағ дайда қ оғ амдық қ атынастарғ а тә уелді болатындығ ын дә лелдейді. Ол - тілді ө зінің ә леуметтік ортасынан бө ліп алуғ а болмайды деп есептейді.

Фердинанд де Соссюр швейцар тіл ғ алымы, Париж, кейін Женева университеттерінің профессоры. Жоғ ары білімді Лейпциг университетінен алғ ан. Ф. де Соссюрді, ә детте, тіл біліміндегі социологиялық мектептің негізін салушы деп санайды. Бірақ оның ғ ылыми мұ раларын бір ғ ана ағ ым, бір ғ ана мектеп, я кө зқ арас шең берінде қ арауғ а болмайды. Оның теориялық ө рісі ө те кең, жан-жақ ты. Ол ө зінің ең бектері арқ ылы тіл ғ ылымының дамуының жаң а дә уірін ашқ ан, қ азіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын айқ ындап, оғ ан бағ ыт-бағ дар сілтеген, жан-жақ ты ойланылғ ан біртұ тас жү йелі лингвистикалық концепция жасағ ан адам. Ғ алымның кө птеген теориялық тұ жырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына кү ні бү гінге дейін кү шті ә серін тигізуде.

Ф. Де Соссюрдің тіл біліміне қ осқ ан ү лесін, кө терген проблемалары мен ө зіндік концепцияларын танытатын ең бегі «Жалпы лингвистикалық курс» деген кітабы. Бұ л ең бек Ф. де Соссюр қ айтыс болғ аннан кейін 1916 жылы басылып шық ты.

Кітап кө п ұ замай-ақ Еуропа халық тарының бірнеше тіліне, 1933 жылы орыс тіліне аударылып, тіл білімінде ү лкен қ озғ алыс, қ ызу айтыс туғ ызды. Мұ нда кө терілген жеке проблемалар жө ніндегі пікір таластары кү ні бү гінге дейін саябырлағ ан жоқ.

1973 жылы профессор А.А.Холодовичтің редакциясы мен Ф.де Соссюр ең бектері " Труды по языкознанию" деген атпен 2 рет орыс тілінде жарияланды.

Ф. де Соссюрдің атын бү кіл дү ние жү зіне жайғ ан, лингвистика ә лемінде оны даң қ қ а бө леген бұ л ең бегі бірнеше тарауғ а бө лінетін кіріспеден жә не бес бө лімнен қ ұ ралғ ан. Оның 1-бө лімі " Жалпы принциптер'', 2-бө лімі " Синхрондық лингвистика", 3-бө лімі " Диахрондық лингвистика", 4-бө лімі «Географиялық лингвистика", 5-бө лімі " Ритроспективтік лингвистика мә селелері" деп аталады. Ә р бө лім ө з ішінен бірнеше тарауларғ а бө лінеді.

Ф. де Соссюр алғ ашқ ы кезде салыстырмалы-тарихи тіл білімін қ олдаушы, соның принциптерін дамытушы болса, кейін, ә сіресе Женева университетінде тілдің жалпы теориясына арналғ ан курстан лекциялар оқ ығ ан 1906-1912 жылдар арасында ол бағ ытынан қ ол ү зген.

Ф. де Соссюр кө терген жә не ө з кө зқ арасын баяндағ ан проблемалар кө п, солардың бастыларына тө мендегілерді жатқ ызуғ а болады.

Лингвистиканың объектісі. Даму дә режесіне, ө мір сү ру формасына қ арамастан тілдердің қ ай-қ айсысының да сө йлеу процесіндегі кө ріністері тіл біліміне объект бола алады дейді. Тіл білімінің міндеті - таң балар жү йесі болып есептелетін тілді " ө зі мен ө зін жә не ө зі ү шін зерттеу", оның ішкі қ ұ рылымын, жү йесін айқ ындау дегенді айтады. Ф. де Соссюрдің " тілді ө зі мен ө зін жә не ө зі ү шін зерттеу” деген тұ жырымы кейінгі замандағ ы кейбір ғ алымдардың бір жақ ты кетуіне, тілді айналадағ ы дү ниеден біржола бө ліп алып, тек " ө зі мен ө зін ғ ана зерттеумен" ә уестенулеріне себепші болды.

Ф. де Соссюр тілді зерттегенде оның элементтері арасында болатын қ айшылық тар да, ұ қ састық тар да естен шық пау қ ерек, бұ л екі қ ұ былыстың тілдік механизмді айқ ындауда мә ні ерекше дә л, зерттеу ісінде бү тіннен бө лшекке қ арай жү ргізілетін дедуктивтік ә дісті қ олдануды ұ сынады.

" Тіл білімі, - дейді Ф. де Соссюр, - тілді таң балар жү йесі ретінде зерттейтіндіктен, ол - семиотикалық ілім, қ оғ ам ө мірінде қ олданылатын таң баларды зерттейтін ә леуметтік психологияның бір саласы болмақ ". Бұ л саладағ а Ф.де Соссюр қ осқ ан жаң алық - лингвистиканы тілдің таң балық жү йесін, ішкі қ ұ рылымын, грамматикалық жү йесін зерттейтін ілім деп жариялауында.

Тіл - қ оғ амдық қ ұ былыс. Тілдің қ оғ амдық сипаты, ә леуметтік мә ні туралы Ф.де Соссюрге дейін де талай айтылғ ан, бірақ Ф. де Соссюр оны жаң аша, ө зінше тү сіндіреді. Ол тілдің қ оғ амдық қ ұ былыс екенін мойындап қ ана қ оймайды, оны ө зінің бү кіл концепциясына негіз, ө зек етеді, барлығ ын содан таратады. Тілдің ө зіндік сипатын сө з еткенде Ф.де Соссюр: қ ызметі жағ ынан алғ анда тіл коммуникативтік те, экспрессивтік те қ ызмет атқ арады, бұ л екеунің ең маң ыздысы - алғ ашқ ысы, тілдің ә леуметтік сыры да осында деп санайды. Тілдің сыртқ ы дү ниемен, қ оғ аммен байланысын зерттейтін дербес ғ ылым болу керек, ол - сыртқ ы лингвистика деп аталуы керек дейді.

• Тіл - таң балар жү йесі. Тілде таң балық сипаттың барлығ ы ежелгі грек философтарынан бері қ арай айтылып келген. Бірақ тілді таң балар жү йесі деп анық тау, тілдік таң балардың сипатын талдап ашу Ф.де Соссюрден басталады. Ф.де Соссюр тілдік элементтердің материалдық жә не идеялық жағ ы болады, бұ лардың біріншісін таң балаушы, екіншісін таң баланушы дейді де, осы екеуінің бірлігі таң ба деп аталады дегенді айтады.

Ф. де Соссюр " Тіл - идеяны білдіретін таң балар жү йесі" дейді, оны ө мірде қ олданылатын басқ а ә р алуан таң балармен қ атар қ оюғ а, жазумен, мылқ ауларғ а арналғ ан ә ліппемен, символикалық ә дет-ғ ұ рыптарымен, ә дептілік, сыпайгершілік формалармен, ә скери сигналдармен, тағ ы басқ алармен салыстыруғ а болады.

Таң ба ө зі білдіретін идеямен емін-еркін жә не шартты қ атынаста болады. Емін-еркін болатын себебі таң баланушы таң балаушының мә нін ашып бере алмайды дейді.

Ф. де Соссюр кө терген тө ртінші проблема " Тіл жә не сө йлеу мә селесі". Ол тіл мен сө йлеу бір-бірімен байланысты, бірақ бір-бірінен ө згешеліктері бар, екі бө лек дү ние. Сө йлеу - тілді қ олданудың нә тижесі, ол - индивидуалдық, ал тіл - қ оғ ам мү шелерінің бә ріне бірдей дә режеде міндетті, ө зара байланысты таң балардың жү йесі. Тіл - ә леуметтік сипатқ а ие дейді.

Тіл мен сө йлеуді бір-бірінен бө ліп қ араудың ғ ылыми мә ні зор, бірақ бұ л екеуін бір-біріне қ арсы қ оюғ а болмайды. Сол сияқ ты, сө йлеудегінің бә рі таза индивидуалдық деу де асырып айтқ андық. Ә рбір сө йлеуші индивидум қ оғ амдық тілдегі бар материалдарды ғ ана пайдаланады. Мұ ндағ ы даралық сол материалдарды іріктеп, ерекшелеп алудан, лайық ты жерге орналастырудан кө рінеді.

Ф. де Соссюр қ арастырғ ан тағ ы бір проблема - ішкі лингвистика мен сыртқ ы лингвистика. Ф.де Соссюр сырткы лингвистика тілді қ оғ ам тарихы мә дениет тарихы, саясат, ә дебиет, географиялық мекен-жай, диалектілік жіктермен т.б. байланыста қ арап зерттейді, яғ ни тілді оның ө мір сү руіне қ ажетті сыртқ ы жағ дайлармен байланыста қ арайды. Сыртқ ы лингвистика тіл жү йесінің, ішкі механизмін тү сіндіре алмайды, оғ ан қ атынасы жоқ. Ал ішкі лингвистика тілдің қ ұ рылымын, жү йесін, яғ ни тілдің ө зіне ғ ана тең ішкі мә селелерін, ө зіндік ішкі заң дылық тарын зерттейді дейді.

Тілдің ө зіндік қ ұ рылымына тең ішкі мә селелермен қ атар оғ ан кү шті ә серін, ық палын тигізетін сыртқ ы қ ұ былыстардың да болатыны даусыз. Тіл білімі ү шін тілдің ө зіндік қ ұ рылымын, ішкі жү йесін зерттеу қ андай қ ажет болса, тілге ә серін, ық палын тигізетін сыртқ ы жә йттерді зерттеу, білу де сондай қ ажет. Ө йткені тілдің ішкі қ ұ рылымындағ ы кө птеген қ ұ былыстардың кейде одан сыртқ ы, яғ ни экстралингвистикалық жә йттердің ә серінен болып жататындығ ы талассыз.

Ф. де Соссюр тілдің жү йесі жө ніндегі проблеманы да ерекше сө з етеді. Ол: тіл - барлық элементтері бірігіп бір бү тін болып тұ ратын жү йе. Тілдік таң балар - сол жү йенің қ ұ рамды элементтері. Жү йе элементтерін оларды біріне-бірін қ арсы қ ойып қ арау арқ ылы айқ ындауғ а болады. Сол арқ ылы тілдік таң -балардың маң ызы мен ролі танылады. Тілдік таң балар, яғ ни жү йе элементтері ө зара байланысты, шартты қ атынаста болады. Бір-бірімен қ арым-қ атынасы арқ ылы олардың мағ ыналары тү рленеді, мә ні, қ ұ ны айқ ындалады дейді. Тілдің ө зіндік қ ұ рылымы бар жү йелі объект екені Ф. де Соссюрге дейін де сө з болғ ан. Ол туралы В.Гумбольдт та біраз пікір айтқ ан. Бірақ Ф.де Соссюрдің олардан ерекшелігі ол тіл жү йесі проблемасын лингвистиканың ең ө зекті объектісі деп санады, оны ө зінің басқ а бірсыпыра концепциясының тууына негіз етті. Бұ л саладағ ы оның ең бір жағ ымды да маң ызды ісі - тілдің қ азіргі кү йін, оның жү йесінің қ азіргі функциясын жан-жақ ты жә не терең зерттеуді талап етуі болды. Қ азіргі тіл білімінде тілдік жү йе, тілдік қ ұ рылым деген меселелер ең елеулі проблемалар қ атарында қ аралып жү р.

Ф. де Соссюр атына байланыстыратын тағ ы бір мә селе - зерттеудің синхрондық жә не диахрондық тү рлері. Ол тіл білімін синхрондық лингвистика, диахрондық лингвистика деп екіге бө леді.

Синхрондық лингвистика тілдің ішкі жү йесін зерттейді де, диахрония бір-біріне байланыста алынғ ан тілдік элементтердің тарихын зерттейді. Тілдің ішкі механизмі дейтініміз - тілдік жү йе. Тілдік жү йенің сырын ашу тек синхрондық зерттеудің ғ ана қ олынан келеді. Сондық тан синхрондық лингвистика диахрондық лингвистикадан маң ыздырақ. Ол - тілдің бө лшегі, бір дә уірдегі кү йі туралы теория. Синхрония тілдік жү йе қ ұ райтын элементтердің бір-бірімен логикалық, психологиялық қ арым-қ атынастарын талдайды.

Сө йтіп, Ф.де Соссюр тілді зерттеудің сипаттама /синхрония/ жә не тарихи (диахрония) ә дістерін бір-біріне қ арама-қ арсы қ ояды. Синхрония тілдік жү йенің сырын ашады, диахрония тілдік жү йені бұ зады, оны ө зара байланысы жоқ, бө лек-бө лек фактілердің жиынтығ ына айналдырады деп қ арайды. Тіл ғ алымдарының басым кө пшілігі Ф. де Соссюрдің бұ л пікірін тіл тарихының мә нін елемегендік деп санайды.

Ф. де Соссюр қ ойғ ан жә не ө зінше шешкен бұ л мә селелердің қ ай-қ айсысы да XX ғ асыр тіл білімі дамуының талап-мү дделеріне толық сай келді. Бұ лар кү ні бү гінге дейін тіл білімінің ө зекті мә селелері ретінде қ аралып келеді.

Тіл ғ ылымы тарихында тіл білімінің ілгері дамуына дә л Ф. де
Соссюрдей ық пал жасағ ан ғ алым аз. Дегенмен, оның концепцияларының бә рі бірдей мінсіз де емес, ең бектерінде қ айшылық тар да, қ ате тұ жырымдар да бар.

Тілдің ә леуметтік мә ні кең ес тіл білімінде " тіл жә не қ оғ ам" деген атаумен 1930-жылдың бас кезінен бастап кең қ ойылып келеді. Тілдің қ оғ аммен байланысын жан-жақ ты талдағ ан кең ес ғ алымдары Р.О.Шор, Е.Д.Поливанов, М.Н.Петерсон, Л.П.Якубинский, В.М.Жирмунский, В.В.Виноградов, Н.Я.Мар, т.б.

Тілдің қ оғ аммен байланысы дейтін мә селе қ азіргі кездегі тіл білімінің де маң ызды объектісі. Бұ л салада атқ арылғ ан істер де аз емес. Онда бү кіл дү ниежү зілік тіл білімінің ү лесі бар.

Структуралық лингвистика. XX ғ асырдың алғ ашқ ы жартысында дү ниеге келген лингвистикалық мектептердің ең кө рнекті жә не кең тарағ андарының бірі - структуралық лингвистика деп аталатын бағ ыт. Бұ л мектеп салыстырмалы-тарихи тіл біліміне оның бір бұ тағ ы жас грамматикалық мектепте қ арсы бағ ытта туып қ алыптасты.

Структуралық лингвистиканың немесе структуралық ә дістің дү ниеге келуінің ішкі-сыртқ ы себептері бар. Ең негізгісі - XX ғ асыр ғ ылымы дамуында пайда болғ ан жаң а бағ ыт. XIX ғ асыр ғ алымының негізгі сипаты тә жірибие арқ ылы бақ ылаудан туғ ан фактілерді есепке алу, сипаттау болса, XX ғ асыр ғ ылымы олардың ө зіндік мә нін, ішкі заң дылық тарын, зерттеліп отырғ ан объектің қ ұ рылым ерекшелігін, оны қ ұ райтын элементтердін ара қ атынасын, бір-бірімен байланысын, бір-біріне тигізетін ә серлерін ашуғ а тырысады.

Ү стіміздегі ғ асырдың бас кезінен бастап философия, жаратылыстану, ә дебиеттану, тарих, эстетика, психология, социология, этнография сияқ ты бірсыпыра ғ ылымдарда ө з пә нін ө зара шарттас, біріне-бірі тә уелді элементтерден тұ ратын кү рделі біртұ тас қ ұ рылым деп санап, оны осы тұ рғ ыдан зерттеу талабы кү шейді. Бұ л тіл біліміне де ә сер етті. Сонымен бірге, жалпы ғ ылымның, оның жаң а тү рлері - кибернетиканың, математикалық логиканың дамуы, электрондық машиналардың пайда болуы, оны тіл біліміне қ олдану талабының ө суі, тілдің практикалық кызметінің бірден-бірге кү рделене тү суі структурализм бағ ытының тууына себепші болады.

Структурализмнің тууының ішкі, таза лингвистикалық себептері де жоқ емес. XIX ғ асырда дү ниеге келген салыстырмалы-тарихи тіл білімі басты назарды тіл туыстастық тарын, тілдің тү п тө ркінін, шық қ ан тегін ашу сияқ ты мә селелерге аударды да, нормативтік грамматикағ а жеткілікті мә н бермеді, оны тек мектеп оқ улығ ы дә режесінде ғ ана қ алдырды. Тілдің ө зіндік сипаты, ішкі қ ұ рылыс қ андай? Тілдік элементтер бір-бірімен қ алай байланысады? Олардың байланысында қ андай заң дылық тары бар? деген тә різдес сұ рақ тарғ а тұ жырымды жауап болмады.

Структурализм бірден пайда болғ ан жоқ. Оның алғ ашқ ы соқ пағ ы В.Гумбольдт, Ф.де Соссюр, И.А. Бодуэн де Куртенэ ең бектерінде салынды. Структуралистер ө з зерттеулерінде осы ғ ылымдардың, ә сіресе Ф.де Соссюрдің ең бегіне сү йенеді.

Структуралдық бағ ыттың кө пшілікке танылғ ан ү ш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері жә не дескриптивтік мектеп (Америкада). Кейін келе бұ л бағ ыт басқ а елдерге де тарады. Структурализм мектептерін бі-ріктіретін ортақ бағ ыт, проблемалар мыналар:

1.) структурализм мектептердің барлығ ы да тілді ішкі элементтері бір-бірімен байланысты, тұ тас жү йе, бір бү тін қ ұ рылым деп санайды. Тіл білімінің міндеті - тілдің қ ұ рылымын, структурасын зерттеу дейді. Бұ л бағ ыттың структуралық лингвистика деп аталуы да осыдан;

2) жас грамматистер тілді зерттеуде тек дифференциациялық принципті қ олданса, тілдік элементтерді бір-біріне байланыссыз жеке зерттесе, структуралистер тілдік элементтерді бір-біріне байланыста, тұ тастық та қ арайтын нтеграциялық принципті қ олданады. Тілдің қ ұ рылымдық элементтерін зерттеуде лингвистикалық сипаттау ә дістемесін қ олдануғ а шешуші мә н береді;

3) ү ш мектептің ү нідеуі де қ ұ рылымдық, қ ұ рамдық элементтерге жіктелуінілік жә не олардың бір-бірімен байланысты тілдің ең негізгі қ асиеті, тіл білімінің негізгі міндеті - тілдің қ ұ рылымдық элементтері арасындағ ы байланысты талдау - тіл білімінің тек ө зіне ғ ана тә н, оның бірден бір объектісі деп біледі;

4) структурализм мектептерінің барлығ ы да Ф.де Соссюрдің ізімен тілді таң балар жү йесі деп санайды;

5) структурализм мектептері синхрония, диахрония проблемасына да мә н береді. Синхрондық зерттеу - тіл жү йесінің ішкі механизмін аң дуда шешуші роль атқ арады деп, оны бірінші орынғ а қ ояды (Прагалық тардан басқ алары).

Бұ л аталғ ан меселелерде де кө зқ арастары бір арнағ а тоғ ысқ анымен, ә р мектептің ерекше шұ ғ ылданғ ан, ө зінше шешкен жеке проблемалары да болды.

Прага мектебі. Бұ л мектеп ө зіндік бағ ыты бар лингвистикалық ү йірме ретінде 1926 жылы қ алыптасқ ан. Оны қ алыптастырушы чех ғ алымы профессор В.Матезиус (1882-1945). Ү йірме қ ұ рамында Б.Гавранек, Б.Трика, В.Скаличка, орыс эмигранттары С.Карцевский, Р.Якобсон, Н.Трубецкой, т.б. болғ ан.

Ү йірме 1929 жылдан бастап " Прага лингвистикалық ү йірмесінің ең бектері" деген жинақ шығ арып тұ рады. Мектептің теориялық бағ дарламасының мазмұ ны " Прага лингвистикалық ү йірмесінің тезисі" деген атпен осы жинақ тың бірінші томында жарияланады.

Бұ лар тіл білімінің негізгі объектісі - тілдің қ ұ рылым жү йесімен тілдік элементтердің қ ызметін зерттеу дегенді баса айтты. Ә рбір элемент ө зінің тілдік жү йеде атқ аратын қ ызметіне қ арайбағ алану керек. Тіл дегеніміз - функционалды жү йе, белгілі бір мақ сат ү шін қ одданылатын тілдік таң балардың жү йесі, тілбілімінің міндеті осы жү йені тілдің барлық қ абатынан - фонологиядан, морфологиядан, синтаксистен, лексикадан да табу жө н, олардың ә рқ айсысының ө зіндік сипаттарын айқ ындау деп санайды. Тілдік элементтердің қ ызметін бірінші орынғ а қ оятындық тарына қ арап бұ л мектепті Прагалық функцияналды лингвистика деп те атайды.

Адамдардың ойлауғ а, сезімге, еркін білдіруге психикалық қ абілеттілігі тілдің ү ш тү рлі қ ызметін - коммуникативтік, білдірушілік айту, қ аратпалылық қ ызметтерін туғ ызды. Бұ л қ ызметтерге тілдегі хабарлы, лепті, бұ йрық ты сө йлемдер жә не сө йлеу актісіндегі тілдік таң балардың қ ұ рылымы сай келеді дейді.

Функционалдық лингвистика ө кілдерінің ә рқ айсысы ә р тү рлі проблемамен айналысты. Солардың ішінде олардың жақ сы зерттеп, айтарлық тай табысқ а жеткен саласы - фонология. Фонологияны олар функционалды лингвистиканың ең жетекші пә ні деп санады. Бұ л мә селеде Прагалық тар Бодуэн де Куртенэнің фонема туралы ілімін басшылық қ а алып, оны ілгері дамытты. Бұ л салада ә сіресе Н.С.Трубецкойдың атқ арғ ан ролі, ғ ылыми табысы елеулі болды. Ол ө зінің " Фонологияның негізі" /бұ л ең бек автор қ айтыс болғ аннан кейін 1939 жылы неміс тілінде басылып шық ты, 1960 жылы орыс тіліне аударылды/ деген ең бегінде ә р тү рлі тілдердің екі жү зге жуық фонологиялық жү йесін сипаттайды. Фонетика мен фонология тіл білімінің тең дә режедегі екі саласы, фонетика сө йлеу дыбыстарын, фонология тіл дыбыстарын зерттейді. Фонологияның негізгі объектісі - фонема. Фонема - тілдің ең кіші фонологиялық бө лшегі. Сө йлеу дыбыстары - фонеманың материалдық символдары. Фонема бір сө зді екінші сө зден бө ліп танытады, лексикалық, грамматикалық мағ ыналарды ажыратып танытатын фонологиялық оппозициялардың жиынтығ а фонологиялық жү йе деп аталады. Оппозиция фонологияда шешу роль атқ арады. Фонема сол оппозицияның бір мү шесі. Таза тіл білімдік пә н - фонология, фонетика олай емес дейді. Бірақ фонетиканы тіл білімінің қ арауынан біржола шығ арып тастамайды, фонологиялық элементтердің функцияларын талдағ анда, фонетиканың да пайдасы бар, фонетика - тіл дыбыстарының физикалық -физиологиялық сипаттары туралы ілім, ал фонология тіл дыбыстарының функциялық, мағ ына ажыратқ ыштық жағ ымен шұ ғ ылданады деп санайды. Бұ лардың пікірінше, фонемалардың сө з мағ ынасын тү рлендіру, сө з ө згерту функциясы - фонологияның ең негізгі мә селесі. Прагалық тар ә деби тіл теориясы мә селесіне де кө п назар аударды. Ә деби тіл нормасы, тілдік, поэтикалық стиль, сө йлеу мә дениеті мә селелерін зерттейді.

Прага мектебі тілдік элементтердің ара қ атынасын зерттеуде, алдымен, сол қ арым-қ атынас кө рсеткіштерінің /элементтердің / ө зіндік сипатына ерекше мә н беру керек, қ арым-қ атынас пен сол қ арым-қ атынасқ а тү сетін материал мен формалар ө зара байланысты болатындығ ын естен шығ армау керек депді.

Прага мектебі синхрония мен диахрония арасында жакындаспайтын алшақ тық, бітіспейтін қ айшылық жоқ деп, екеуін бірлікте қ арайды. Диахрондық зерттеу жү йесін бұ збайтыны, функцияны жоқ қ а шығ армайтыны былай тұ рсын, қ айта бұ л екеуін /тілдік элементтердің жү йесі мен функциясын/ ескере отырмайынша, диахрония ө з міндетін толық атқ ара алмайды, бұ л синхрондық зерттеуге де қ атысты. Егер синхрондық сипаттау тілдік эволюцияны, бір жү йені екінші жү йемен ауыстырып отыратынын ескермесе, ө з міндетін жақ сы атқ ара алмайды деп қ арайды. Сө йтіп, бұ л мә селеде функциялық мектеп Ф. де Соссюрге қ осылмайды, мұ нысы дұ рыс та.

Прага структуралистері тіл - дү ниетанудың қ ұ ралы, ол мә дениетпен, кө ркем ө нермен, ә дебиетпен тығ ыз байланысты, тілді ө зімен-ө зі тұ йық талып жатқ ан автономиялы дү ние деп санау дұ рыс емес, сондай-ақ тіл жү йесін бір қ алыптан аумайтын, ө згермейтін синхрондық қ ана жү йе деу де қ ате, жү йе де ү немі ө згеріп отырады дейді. Мұ ның ө зі Прага мектебінің басқ а структурализм мектептеріне қ арағ анда кө п мә селені дұ рыс шешкенін кө рсетеді.

Прагалық тар ө здеріне дейінгі, ә сіресе жас грамматикалық бағ ыттың табыстарына ұ қ ыпты қ арады, ө здерін оның мұ рагеріміз деп есептеді. Бұ лар ө з зерттеулері арқ ылы XX ғ асыр тіл біліміне елеулі ү лес қ осты. Прага мектебі беделді лингвистикалық бағ ыт ретінде елуінші жылдарғ а дейін ө мір сү рді. Оның ық палы қ азіргі Чехия, Словакия жә не басқ а да біраз елдер тіл білімінде кү ні бү гінге дейін елеулі.

Копенгаген структуралық мектебі. Бұ л мектеп ө кілдері ө здерін компаративистикалық бағ ыттардан бө лектеу ү шін гректің глосса деген сө зі негізінде глоссематиктер деп атады. Осы атау арқ ылы олар ө здерінің тек тіл біліміне ғ ана тә н мә селелермен айналысатын, тілдің ғ ылымдар аралық объектілеріне жуымайтан зерттеушілер екендітерін байқ атқ ысы келді.

Глоссематикалық бағ ытын қ алыптастырушы жә не оғ ан дем беруші Дания тіл ғ алымы профессор Лун Ельмслев/ 1899-1965/. Бұ л мектептің теориялық негізін белгілеген алғ ашқ ы ең бек Ельмслевтің 1928 жылы жарияланғ ан " Жалпы грамматиканың шешімдері " атты кітабы. Глоссематиктер 1933 жылдан бастап Прага мектебімен бірлесе, тіл білімі жө ніндегі ең бектер" атта журнал шығ арып тұ рғ ан. Журнал структуралистердің халық аралық органы деп жарияланды. Осы журналдың бірінші санында жарияланғ ан глоссематик Вигго Брендальдің " Структуралды лингвистика" деген мақ аласы мен Ельмслевтің кейініректе жарияланғ ан " Лингвистикадағ ы структуралық талдау ә дісі", " Тіл теорияларының негіздері", " Тіл теориясына кіріспе" деген мақ алаларында (бұ лар орыс тіліне аударылғ ан) глоссематиканың негізгі ұ станғ ан бағ ыттары кең баяндалғ ан.

Глоссематиктер алғ ашқ ыда Ф. де Соссюр тұ жырымдарына сү йеніп, прагалық тармен пікірлес болғ андарымен, кейін олар-дан біраз мә селеде жекеленді. Бұ л мектептің негізгі принциптері мыналар:

- нақ ты тілдік фактілермен байланысы жоқ абстракт аксио-малық теория жасауды кө здеу. Бірақ ондай теория жасай алғ ан жоқ, жасау мү мкін де емес еді;

- лингвистикадағ ы маң ызды мә селе - тілді таза қ атынастардың торы, схемасы деп санау, сол қ атынастардың сипаттарын айқ ындау деді;

- тілдің ә р тү рлі ғ ылымғ а ортақ объект болатын тарауларын лингвитикалық пә н емес деп жариялап, оларды тіл білімінің қ арауынан біржола шығ арып тастауды ұ сыну. Бұ ларша, фонетика лингвистиканың емес, физика, физиология ғ ылымдарының объектісі, семантикалогияғ а, философия ғ ылымдарының объектісі, т.б. Тіл дыбыстары тілдің материалдық жағ ы болса, семантика тілдің идеялық жағ ы. Бұ л екеуінсіз тіл жоқ. Сондық тан глоссематиктердің бұ л екі категорияны лингвистикалық пә н емес деп жариялаулары - тілді материясы мен мазмұ нынан айыру деген сө з;

- зерттеу жұ мысынан салыстырмалы-тарихи ә діс дегенді бір-
жолата аластау керек, тілдер туыстастығ ы деген ғ ылыми проб-
лема емес, оның орнына тілдердің жалпы, универсалды грам-
матикасын жазумен шұ ғ ылдану керек деді /Бұ л к.сың ар жақ
пікір. Тіл білімі ү шін структуралдық та, салыстырмалы-тарихи
ә діс те қ ажет, ә рқ айсысының ө зобъектісі, алғ а қ ойғ ан ө зіндік
мақ саты бар/;

- тілді объективтік ө мірден, басқ а ғ ылымдардан бө ліп
жекелеп қ арау, /олар қ ай ғ ылымның болса да ғ алымдар аралық
саласы оның басқ а салаларына қ арағ анда анағ ұ рлым терең,
анағ ү рлым жан-жақ ты шешілетінін ескермейді/;

- зерттеу ісінде индуктивтік, яғ ни жекеден жалпығ а қ арай зерттеу ә дісін қ олданбауды, дедуктивтік, яғ ни жалпыдан жалқ ығ а қ арай зерттеу ә дісін ғ ана қ олдануды ұ сыну. /Кө птеген ғ алымдар қ ажетті жеріне қ арай бұ л зерттеу тә сілдерінің екеуі де қ олданылуы керек деп санайды/;

- қ ұ рылымды дерексіз таза қ арым-қ атынастар схемасы, торы деп тусіну. (Структуралық мектеп деп аталғ андарымен прагалық тар мен глоссематиктердің қ ұ рылым дегенді тү сінулері бірдей емес, прағ алық тар оны ө зара байланыста, шартты қ атынаста тұ ратын тұ лғ алардан қ ұ ралғ ан бірлік, тұ тастық дейді. Бұ л мә селе дұ рыстық прагалық тарда);

- Ф.де Соссюрдің ізімен синхрондық зерттеуге шешуші мә н
беріп, оны тілдің жү йелік сипатын зерттеудегі бірден-бір тә сіл
деп санау;

- Ф.де Соссюрдің ізімен сө йлеуді индивидуалдық деп санап,
оны тілдік нормағ а, узусқ а қ арсы қ ою. (Норма - материалдық
форма, ал узус қ оғ ам қ абылдағ ан сө йлеу ә детінің, дағ дысының
жиынтығ ы. Тіл жеке қ ұ рылысы жағ ынан алғ анда, фигуралар
мен функциялардың жиынтығ ы. Фигуралар - таң ба жасауғ а
қ ажетті материалдар. Функцияғ а тілдік тұ лғ алардың байланысы
жатады дейді).

Дескриптивті мектеп ү стіміздегі ғ асырдың 20-жылдарында Америкада қ алыптасқ ан. Мектепті қ алыптастырушылар жә не АҚ Ш тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир (1884-1939), Леонард Блумфилд (1887-1949). Бірақ структурализмді қ алыптастыруда екеуінің атқ арғ ан ролі мен ұ станғ ан принциптері бір емес, сондық тан бұ л екеуі қ азіргі АҚ Ш тіл біліміндегі - этнографиялық, структуралық деп аталатын екі мектептің дем берушілері болып саналады.

Америка структурализімі дескриптивтік мектеп немесе дес-криптивтік ә діс деп те аталады. Бұ л ә діс бойынша тілдің белгілі бір дә уірдегі кү йі, статикалық қ алпы эмпирикалық тә сіл бойынша сипатталады, ондағ ы ө згеріс-қ ұ былыстар, даму, тарих дегендер ескерілмейді

Дескриптивтік мектеп - тілдік текстерді талдаудың ә діс-тә сілдерін қ алыптастыру, жетілдіру, лингвистикалық терминдерді айқ ындау мә селелерге ерекше мә н береді.

Дескриптивтік мектеп ол баста таза практикалық мақ саттан туғ ан. Американың байырғ ы тұ рғ ындары индеецтер тілдерін зерттеуге салыстырмалы-тарихи ә діс жарамады. Бұ л тілдердің қ азіргі статикалық кү йін тү сіну ү шін зерттеудің жаң а ә діснамасын табу қ ажет болды. Ізденіс нә тижесінде структуралық ә дістің тиімділігі айқ ындалды.

Дескриптивтік мектептің жұ мыс ә дісі мен принциптері салыстырмалы принципке сай келгенімен, кө п мә селеде Ф. де Соссюр мен Копенгаген структуралистерінің концепцияларын басшылық қ а алғ андарымен, оның ө зіндік ұ станғ ан жолы, бағ аты бар. Структурализмнің басқ а мектептеріне қ арағ анда оның қ алыптасқ ан, тұ рақ ты зерттеу жү йесі бар. Кейбір ғ алымдар дескриптивтік тіл білімін тілдің қ ұ рылымын сипаттаудың ең айқ ын тә сілін қ алыптастырғ ан мектеп деп санайды.

Америка структуралистерше бірден-бір материал болғ ан жә не сол ә дістің дү ниеге келуіне себепші болғ ан индеецтер тілдерін ең алғ аш зерттеген адам - Американың кө рнекті тіл ғ алымы белгілі антрополог Франд Боас ( 1858-1942).

Л.Блумфилд ө з зерттеулерінде бихевизмдік (мінез-қ ұ лық) психологияның концепцияларын басшылық қ а алды. Бұ ларша, психология тек мің ез-қ ұ лық ты ғ ана зерттеу керек, ал міиез-қ ұ лық дегеніміз - организмнің сыртқ ы реакциясының жиынтығ ы, реакция қ оршағ ан орта туғ ызатын стимулдар арқ ылы механистік жолмен пайда болады.

Л.Блумфилд те ө з ілімін механистік теория деп атады. Бихевиоризмнің механистік концепциясын сол кү йінде сө йлеу процесін тү сіндіруге белгілі бір жағ дайғ а байланысты туатын реакциясы деп есептейді

Сө йлеу процесі бірнеше стимулдар мен реакцияларғ а бө лшектенеді, тіл арқ ылы қ атынас жасау дегеніміз - стимулдар мен реакциялардың, ә сер мен салдар туғ ызғ ан себептердің жиынтығ а деп тү сіндіреді.

Сө йлеудің ойлаумен, ұ ғ ыммен байланыстылығ ы ескерілмейді. Тіл қ ызметінде жеке индивидумның мінез-қ ұ лқ ына, адам организмнің қ ұ былыстарына, организмге сырттан болатын ә р тү рлі ә серлерге, тү рткіге шешуші мә н береді. Тілдің коммуникативтік қ ызметін мойындағ анымен, оның іске асуын механистік жолмен тү сіндіреді. Ал тілдің ойды қ алыптастыру қ ызметін тіпті сө з етпейді.

Бұ л тә різдес елеулі кемшіліктеріне қ арамастан, Л.Блумфилд негізінен тілдердің қ ай-қ айсысына болса да қ олдануғ а жарайтын, тіл білімінің дамуына белгілі ық палы болғ ан жаң а ә дісті қ алыптастырып, сындарлы жү йеге келтірді Ол тілді формальды сипаттаудың қ ажеттігін дә лелдеп негіздеді. Л.Блумфилдті ә детте, дескриптивтік, кейде Йель мектебі деп аталатын лингвистикалық бағ ыттың негізін қ алаушы деп санайды. Оның ілімін З.Харрис, Б.Блок, Ч.Хоккет, Дж.Л.Трейджер т.б. шә кірттері басшылық қ а алып отырды.

Дескриптивтік ә діс ө з дамуының жоғ ары сатысына 40-50 жылдары кө терілді. Л.Блумфилдтің кө рнекті шә кірттерінің бірі З.Харрис 1951 жылы " Структуралық лингвистиканың ә дістері" деген монография жазды. Бұ л ең бек Америка структуралистер зерттеулерінің жинақ талғ ан қ орытындысы іспеттес. Онда дескриптивтік ә дістің ең тү йінді, ө зекті мә селелері жан-жақ ты талданғ ан.

Америка структуралистері ө здерінің алдына жалпы тіл білімі теориясын дамыту міндетін емес, тілдік элементтерді оң ай жә не тез табу, оларды есепке алып, қ андай контексте қ олданылатынын айқ ындау міндеттерін қ ойды.

Дескриптивистер тіл - ішкі, сыртқ ы байланыстары бар сигналдар жү йесі дейді де, тіл білімін металингвистика, микролингвистика деп екі салағ а бө леді.

Мегалингвистика сө здік мінез-қ ұ лық тың сыртқ ы жағ ын зерттейді. Ол этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, мевталингвистика, фонетика, паралингвистика /интонация, ымдау-нұ сқ ау сияқ тыларды зерттейді/ деп аталатын салаларды қ амтиды.

Микролингвистика сө здік сигналдарды сипаттайды, бірақ оны сипаттағ анда металингвистикалық жайттарғ а, яғ ни сыртқ ы ө мірмен байланысқ а, тарих мә селелеріне, тілдің семантикалық жағ ына кө ң іл аудармайды, оның материалдық жағ ын ғ ана зерттейді.

Америка структуралистері зерттеудің негізгі ә дістемесі ретінде дистрибуцияны алады (бө лу, жіктеу мә нінде). Тіл білімінде дистрибуция дегеннен белгілі бір тілдік элементтің сө йлеу процесінде қ олданылатын орны, контексі деген мағ ына тү сініледі. Мысалы, фонема ү шін контекст оның алды-артында келетін фонемалар болса, морфема ү шін контекст оның айналасында келетін, яғ ни оны қ оршап тұ рғ ан морфемалар болады.

Дискриптивтік талдаудың объектісі - сө йлеу тілі, сө йлеу процесіндегі тілдік материалдар. Ал кө зделетін тү пкі мақ сат – сол ауыз екі материалдарды талдау арқ ылы тілдің қ ұ рылымдық сипатын айқ ындау. Бұ л мақ сатқ а жету ү шін ә р қ абаттың элементтері жеке-жеке айқ ындалып, есепке алыну керек, екіншіден, ол элементтердің дистрибуцияларын айқ ындау керек. Бұ л ә рекеттердің ә рқ айсысы екі реттен қ айталанады: бірінші - фонемалық элементтерді бө ліп, олардың дистрибуциясын ашу; екінші - морфологиялық элементтерді есепке алып, олардың дистрибуциясын айқ ындау.

Дескриптивистер ә р қ абаттың ө зіне тә н ең кіші элементтері болады: фонологиялық қ абатқ а фонема, морфологиялық қ абатқ а морфема тә н т.б. Фонема фонологияның, морфема морфологияның объектісі, фонологиядан фонемалардың қ атынасын зерттейтін фонотактика, морфологиядан морфемалар қ атынасын зерттейтін морфотактика дейтін пә ндер бө лінеді, ал фонология мен морфологияғ а бірдей тә н пә н морфонология болу керек, мұ ның міндеті - морфемалардың фонемалар арқ ылы кө ріну жолдарын, ондағ ы заң дылық ты зерттеу дейді.

Америка структуралистері глоссематиктер ізімен тілдік элементтердің конкретті мағ ыналары мен дыбыстық қ ұ рамдары тіл қ ұ рылымына жатпайды, сондық тан олар тіл біліміне объект бола алмайды дейді. Бұ л - қ ате тұ жырым, тіл дыбыстарының тіл ғ алымдарын қ ызық тыратын бір ғ ана жағ ы бар, ол - дыбыстардың фонемалық қ асиеті, бұ л - тіл дыбыстарының ең негізгі, бірден-бір ө зіндік сипаты, грамматика мен лексиканың да назарын аударатын жағ ы - олардың бір-біріне байланыссыз алынғ ан мағ ыналары мен акустикалық жаu






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.