Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Соғыс кезіндегі медициналық қызметтің негізгі міндеттері, олардың қысқаша түсінігі мен маңызы




Қазіргі кездегі соғыста медициналық қызметтің тіршілігінің жағдайларына байланыста оның алдында кезекті міндеттер тұр:

 

1. Жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсету, олардың өмірін сақтап қалу, ұрысқа қабілеттілігін тезірек қалпына келтіру мақсатымен емдеу шаралары жүйесін ұйымдастыру және жүргізу.

 

2. Жеке құрамның ұрысқа қабілеттілігін сақтап қалу, денсаулығын нығайту, аурудың пайда болуы мен жайылуын алдын алу мақсатымен медициналық шаралардың ұйымдастыру және іс жүзіне асыру.

 

3. Жеке құрамды жаппай қыру қаруынан қорғаудағы медициналық қызметтің шараларын өткізу.

 

4. Ұрыс қимылдарын дайындау және жүргізу сипатын ұрыстың зақымдануы мен аурулардың пайда болу сипаты және ағымының ерекшеліктерінің медицина ғылымының және іс жүзілігінің жетістіктерін, ұрыс жағдайларындағы медицииналық қызмет жұмысының тәжірибесін терең талдау негізінде медициналық қамтамасыз етуді әр уақытта дамыта беру.

 

 

Қазіргі заманғы соғыстар көп миллиондық әскерледің қатысуымен жүргізіледі және көптеген шығындарға әкеледі, осыларды қалпына келтіру үшін үлкен адамдық қорлар қажет болады.

 

Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстың басында Германия қарулы күштерінің саны 1 млн 360 мың болса, ал соғыстың аяғында олардың саны 10 млн 938 мыңға жетті; АҚШ әскері саны соғыстың басында 422 мың адам болған, ал соғыстың аяғында олардың саны 12 млн. 245 мыңға өсті.

 

Қазіргі АҚШ әскерінің саны 2,5 млн. жуық адамды құрайды.

 

Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия әскері жылына орта есеппен 1,2 млн. жоғалтып отырды.

 

Екіншідүниежүзілік соғыста 1943 жылдың тек 4 айында ( 5 маусымнан – 5 қазанға дейін) неміс-фашист армиясының жаралылар саны 1 млн. 750 мың адамнан асып түсті, ал екіншідүниежүзілік соғыста оның адамдар санының шығыны (1939 ж. 1 қыркүйегінен 1945 ж. 20 сәуіріне дейін) 8 млн. 270 мың 756 болды.



 

Осындай жағдайларда емдеу-тасымалдау шараларын ұтымды жүргізу айдан анық, жаралылар мен науқастардың өмірін сақтап қалу және еңбекке жарамдылығын тезірек қалпына келтіру өте үлкен маңызды іс. Осы көбіне жауды жеңуге үлкен мүмкіншілік тудырады.

 

Қазіргі заманғы соғыстарда тіршіліктің бұл жағы одан үлкен маңызға ие болады. Жай қарулардың қазіргі құралдары өз мүмкіндіктері бойынша жаппай қыру қаруына жақындап келеді. Осы жағдайларда, ал егер жаппай қыру қаруы қолданылса, онда жаппай санитарлық шығын тек қолданыстағы әскерде ғана емес, және де елдің тылында да болады. Бұл әскерді азаматтық халықты әскерге жұмылтудың арқасында қатарын толықтыру мүмкіндігін азайтады және әскер үшін адам қорларын негізгі толықтырулы болып медициналық қызметтің бөлімдері мен мекемелерінде емделіп жатқан жаралылар мен науқастар табылады.

 

Сонымен, жаралылар мен науқастарды жақсы емдеп және оларды қатарға қосу қолданыстағы әскердің толықтырылуына себепкер және де оның ұрысқа жарамдылығы осыған байланысты. Ұлы Отан соғысы жылдары Армияның медициналық қызметі бұл міндетті ұтымды шеше алды және қатарға 72,3% жаралылардың және 90,6% науқастарды қайта қосты.



Медициналық қызмет жаралылар мен науқастардың ұрысқа жарамдылығын қалыпқа келтіруден басқа сол жаралылар мен науқастардың тез арада еңбекке жарамдылығын қалпына келтіруге талпынуы керек, әйтпесе олар жарақатының ауырлығына және сипатына қарай әскерден шеттетіледі.

 

Еңбекке жарамдылықты тез арада қалпына келтірудің жалпы мемлекеттік маңызы бар, себебі жазылған жаралылардың майдан қажеті үшін жұмыс істейтін өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында қолдануға мүмкіндік береді.

Ракеталық-ядролық қайта қарулану және қарулы күштердің күрделі әскери техникасымен толығуы әскери еңбек жағдайлары мен жеке құрамның тұрмысын түбегейлі өзгертті, жеке құрамға әсер ететін аз зерттелген психофизиологиялық және гигиеналық қатынастағы шарттардың бірқатарының пайда болуына әкеліп соғады.

 

Бұларға шулар, тербелістер, қысымның және температураның ауытқуы, үдеу, иондық сәулелердің әсері, электромагниттік өрістер, жоғары желідегі сәулелер өрісі және т.б. жатады.

 

Осы себеп шарттар әсерінің қарқындылығы және дәрежесіне қарай әр түрлі бола тұрып, егер алдын ала шараларын жасамаса, организмде күрделі патологиялық өзгерістерге әкеліп соғады және оның функционалды мүмкіншілігін және ұрыстық қабілеттілігін әлдеқайда төмендетеді.

 

Қазіргі заманғы соғыста әскердің ұрыс кезіндегі тіршілігі қиян-кескінділігімен және қарқындылығымен сипатталады, уақыттың тарлығына байланысты дәл үйлестірілген істерді керек етеді. Қалыптасқан еңбек, демалыс және тамақтану реттілігі бұзылған күнде, организмнің өзгеруі мүмкін, соның салдарынан қате және теріс іс-қимылдар көбейеді, жауап қайтарымы баяулайды, есептегілер мен жинақтардың ұрыс қабілеттілігі төмендейді.

 

Сондықтан, жеке құрамның ұрыс тіршілігін және күнделікті шарттарын жүйелі медициналық қадағалау және алдын алу шараларын уақытылы өткізу әскерді медициналық қамтамасыз ету жалпы комплексте маңызды орын алады.

 

Әскердегі жұқпалы аурулардың пайда болуын, таралуын алдын алу медициналық қызметіне ерекше маңызды және жауапты.

 

Ұлы Отан Соғысы жылдары Совет Армиясы медициналық қызметімен жүргізілген санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың іскерлік жүйесіне байланысты әскерде эпидемиянық өршуі болмады.

Қазіргі заманғы соғыста қолданыстағы армияның жеке құрамында және азаматтық халық ішінде жұқпалы аурулардың пайда болу қауіпі әлде қайда жоғарылайды. Қарсыластың бактериологиялық қаруды қолдану қауіпі әскерде медициналық қадағалаудың, әскерде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы жүргізу маңызын арттыра түседі, сонымен қатар оларды іс жүзіне асыруды өте қиындатады.

 

Жаппай қыру қаруының пайда болуы әртүрлі қызметтермен жүргізетін қорғанысқа байланысты шаралардың орны мен маңызын тез арада көтеріп жіберді.

Солардың ішінде әскрді медициналық қорғау шаралары ерекше маңызы бар, бірқатар арнайы заттарды (вакциналар, антибиотиктер, антидоттар т.б.) қолдануды қамтитын, олар зақымданудың пайда болуының алдын алу немесе олардың өту ауыртпалығын әлдеқайда төмендетеді.

 

Бұл заттарды қолдану жеке құрамды нақты ұйымдастыру жеке арнайы дайындықты және жаппай қыру қаруының әртүрлі түрлерінің әсер еткенде өзіне және өзара көмек беру әдістерін оқытуды талап етеді.

 

Жаппай зақымдану ошақтары пайда болған кезде медициналық қызмет инженерлік, химиялық және жалпы әскери бөлімшелермен бірге жаппай қыру қаруын қолданғандағы зардаптарын жою шараларын іс жүзіне асырады, қажетті медициналық көмек көрсетеді және жаралылар мен науқастарды тасымалдауды ұйымдастырады.

 

Сонымен, жаппай қыру қаруын қорғану бойынша медициналық қызметтің шаралары қарсыластың жаппай қыру қаруының әсерін азайту шаралары және қарулы күштердің жеке құрамының ұрысқа қабілеттілігін сақтап қалу жүйесінде маңызды тетігі болып табылады.

 

Әскери медицина тарихынан, кез-келген жаңа соғыста қарулы күштерді медициналық қамтамасыз етудің сәтті болуы, егер соғыс кезінде әскери медициналық мәселелері қарқынды түрде қолға алу жалғасып жатқанда ол іс жүзінде жаңа ғылыми жетістіктер ендіргенде болады.

 

Міндеттердің мазмұнынан көрінетін, оны екі бөлікке бөлу керек болады. Біріншісі – ұрыс патологиясын зерттеу қажеттілігіне зақымданудың себептері мен даму механизмі, олардың ағымы, емдеу, асқыну және аяқталуына, және де санитарлық шығынның көлеміне және құрылымына байланысты. Бұл қарудың жәй түрлерінің күнделікті жетілдіруіне, жаппай қыру құралдарының ауқымының тез кеңеюіне байланысты.

 

Қарудың жаңа түрлерінің пайда болуы, әлбетте, санитарлық шығынның көлемі мен құрылымына әсер етеді, әскерді медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға ерекше әсер етеді.

Сондықтан, қарастырылатын міндеттердің ерекше бөлімі әскерді медициналық қамтамасыз етудің күнделікті тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу құрайды.

 

Медициналық қызметтің алдында тұрған міндеттерді шешу әскерді медициналық қамтамасыз етуді ұтымды ұйымдастыруды және дәл іске асырумен қол жеткізіледі.

 

Әскерді медициналық қамтамасыз етудің құрамына:

· Емдеу-тасымалдау шаралары

· Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар

· Жаппай қыру қаруынан жеке құрамды қорғау бойынша медициналық қызметтің шаралары

· Медициналық мүлікпен қамтамасыз ету шаралары

 

Емдеу тасымалдау шаралары жүйесіне іздеу, жинау, жаралылар мен науқастарды тасымалдау, медициналық көмекті дер кезінде көрсету, оларды емдеу және қалпына келтіруді біркелкі жиынтыққа біріктіреді. Ол жаралылар мен науқастардың көпшілігінің өмірін сақтау, ұрысқа қабілеттілікті не еңбекке қабілеттілікті жеделдетіп қалпына келтіруді қамтамасыз ету мақсатымен іс жүзіне асады.

 

Санитарлық-гигиеналық шаралар жүйесі.бекітілген гигиеналық қағиданы және әскердің жеке құрамының ұрыс қимылдарын, еңбекті және күнделікті

ұйымдастыру ережесі қатаң түрде орындау және де жеке басты және қоғамдық гигиенаны сақтау мақсатымен өткізіледі.

 

Эпидемияға қарсы шаралар жүйесі жеке құрамның ортасында жұқпалы аурулардың пайда болуының алдын алу, олардың пайда болған жағдайында эпидемиялық ошақтарды шектеу және жою мақсатымен ұйымдастырылады және іс жүзіне асырылады.

 

Жеке құрамды жаппай қыру қаруынан қорғау бойынша медициналық қызметтің шаралары жүйесі әскерді қорғаудың бір бөлігі болып табылады және қарсыластың ядролық, химиялық, бактериологиялық қаруының әскердің жеке құрамына әсерін барынша азайту не алдын алу, арнайы шаралар және құралдардың көмегімен оның ұрысқа қабілеттілігін сақтау және келтіру мақсатымен өткізіледі.

 

Медициналық мүлік пен медициналық техникамен қамтамасыз ету шаралары жүйесі жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрстеу және оларды емдеу, санитарлық-гигиеналық шараларды және де жаппай қыру қаруынан жеке құрамды қорғау бойынша қызметтің шараларын өткізу үшін бөлімдердің (бөлімшелердің) медициналық мүлкіне мұқтаждығын тоқтаусыз және толық қанағаттандыру мақсатымен ұйымдастырылады және іс жүзіне асырылады.

 

Медициналық қамтамасыз етудің табысты болуы үшін мыналардың маңызы айқын:

· Медициналық қызметтің әскери және жұмылдыру дайындығының үнемі жоғары болуы;

· Медициналық мекемелерде, бөлімдерде және бөлімшелерде әлеуметтік-құқықтық жұмысының белсенділігі;

· Ұрыстың, тылдың және медициналық ахуалды жан-жақты есепке алу;

· Медициналық қызметті жеке құраммен, н, техникамен және мүлікпен жабдықтау;

· Медициналық құрамның мамандық дайындығының және әскердің жеке құрамының әскери-медициналық қамтамасыз ету жүйесінің жоғарылығы;

· Медициналық қамтамасыз ету жүйесінің жоғары өміршеңдігін ұстау, жаппай қыру қаруынан медициналық қызметтің мекемелерін, бөлімдері мен бөлімшелерін қорғау, оларды күзету және қорғау.

· Үздіксіз медициналық барлау;

· Медициналық есепке алу және есеп беру.

· Медициналық қызметті табанды, үзіліссіз, жедел басқару.

 

Әскеді медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру әскери міндеттерді табысты орындау қамтамасыз етудің бір бөлімі болып табылады, қамтамасыз етудің барлық түрлері сияқты барлық деңгейдегі көлемдердің міндеттерінің бірі болып есептеледі.

 

Әскерді медициналық қамтамасыз ету міндеттерін табысты шешу үшін медицина қызметінің бастығы саяси орындармен, химиялық инженерлік және басқа да қызметтермен үнемі байланыста болуы керек.

 

Қазіргі заманғы соғыста медициналық қызметтің тіршілігіне ерекше әсер ететіні:

- соғыстың ауқымы және оны бастау тәсілдері:

Ауқымы бойынша мынадай соғыстар болуы мүмкін: бүкілдүниежүзілік және жергілікті.

Әрине, жергілікті соғысқа қарағанда бүкілдүниежүзілік соғыста қимылдау тәсілдері қиынырақ болады.

Соғыс күтпеген жерден не келе-келе басталуы мүмкін. Соғыс күтпеген жерден басталғанда медициналық қызмет күштер мен құрал-жабдықтарын жаюға уақыты тар болғандықтан біраз уақыт міндеттерін өз бөлімдері мен мекемелерінің толық емес, шектеулі құрамымен пайда болған міндеттерді шешуіне тура келеді.

Сондықтан, медицина қызметінің жұмыс көлемі мен оны орындаудағы шектеулі күштердің арасында айтарлықтай алшақтық пайда болады.

 

- соғысты жүргізу құралдары.

Соғысты жүргізу құралдары бойынша: жаппай жою қаруын қолдану арқылы не тек қана жай жою құралдарын қолдану арқылы болуы мүмкін.

 

А. Қарсыластың жаппай жою қаруын қолданғандағы медициналық қызметтің тіршілігінің шарттары:

- ұрыс даласында және елдің тылында да көптеген жаралылардың бір уақытта пайда болуы.

- медициналық қызмет күштері мен құрамдарында шығындардың пайда болуы

- ұрыстық зақымданудың жаңа түрлерінің пайда болуы – сәулелі зақымданулар, УЗ-мен (улы заттармен) зақымдану, реактивті қалыптар.

- құрама зақымданулардың пайда болуы.

- санитарлық-техникалық құрылыстардың талқандалуына, көптеген жерлердің раиоактивті және улы заттармен ластануына және де халықтың жаппай көшіп-қонуына байланысты әскердің және олардың ұрыс жүргізу аудандарының санитарлық-эпидемиологиялық және санитарлық-гигиеналық ахуалының нашарлауы.

- бактериологиялық қарудың қолдану мүмкіндігі әскерде және де халықтың ортасында жаппай инфекциялық аурулардың пайда болуы және таралуына әкеліп соғады.

- өздерінің техникалық айналымдарында қатты әсер ететін улы заттары, радиоактивті сәулелер шығару және зақымдану көздері бар өндіріс және энергетикалық орындардың тараған аудандарында жаппай санитарлық шығын ошақтарының пайда болуы;

- байланыстың ұдайы желілерінің талқандалуына байланысты радиобайланыстың бұзылуы, байланыстың штаттық құралдарының шығыны, қарсыластардың радиоэлектрондық күрес құралдарын қолдануы;

 

Осы барлық шарттар медициналық қызметтің алдында бірқатар мәселелерді қояды:

- Бейбіт күні, алдын ала мамандарды дайындау, құрал-жабдықтардың дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін қолданысқа алу, диагностикалық және емдеудің жаңа әдістерін енгізу.

- Құрама зақымданудың пайда болуы көрсетілетін көмек шаралары тізбегін көбейтеді, емдеу уақытын ұзартады, асқынудың санын арттырады;

- Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды өткізуге ерекше көңіл бөлуді талап етеді, медициналық қызметтің күштері мен жабдықтарында шығындар болуына байланысты медициналық күштердің және құралдарың ұрысқа қабілеттілігін қалпына келтіруге үлкен көңіл бөлу керек және қосымша күшті ұстау керек;

- Медициналық қызметті басқарудың барлық сатысында айрықша ауыртпалықтар пайда болады. Қарсыластың тек қана жай жою құралдарын қолданғандағы медициналық қызметтің тіршілігінің шарттары:

- Ұлы Отан Соғысымен салыстырғанда біршама ерекшеліктер бар. Бұл әскерді моторландырумен, оларды ұрыс көліктерімен және қару-жарағымен қанықтыру, жай қарудың түрлерін жетілдірумен байланысты.

 

Әскерді моторландыру және зақымдау құралдарының көбеюі әскердің тактикалық және оперативтік қорғалуын және орын ауыстырғыштығын ұлғайтады, ұрыстың жылдамдығын арттырады, әскерге одан да терең міндеттер қоюға болады және орын ауыстыру және қайта топтауды тезірек жасайды, осылар өз кезегінде жағдайдың ауысуына әсер етеді. әрине, осы шарттарда медицина қызметінің бөлімшелері мен бөлімдерінің қорғауына, оларды басқаруға талаптар жоғарылайды, олардың шамаларын толық қолданудың маңызы арта түседі.

Атқыш қаруды жетілдіру, жанғыш қоспаларды, көлемді жарылу ұрыс жарақтарын қолдану, қарулы күрестің жаңа озық технологиялық құралдарының барлау-соққы беру және барлау-атқыш комплекстердің пайда болуы шығын құрылымдарының ерекшеліктерін және зақымданудың сипатын есепке алуды және де медициналық көмектің , емдеудің ұтымды шараларын қолдануды қажет етеді.

 

 

ІІІ. Оперативтік-тактикалық себеп шарттар.

Медициналық қызметтің тіршілігінің шарттары ұрыстың және операцияның қандай да түрлерінің нақты ерекшеліктерімен байланысты.

Шабуыл, қорғану, қарсы ұрыс және тағы басқа ұрыс қимылдарының түрлері әр уақытта әскерді м.қ.е. ұйымдастыру үшін өзіндік шарттарды тудырады.

Қазіргі соғыстың өзіндік сипаттары.

Қазіргі соғыс табандылығымен, жоғары маневр жасаушылығымен, қиындылығымен және жылдамдығымен, жағдайдың жылдам және тез өзгеруімен, ұрыс-қимылдарының кең ауқымды жайылуымен, тереңге баруымен және олардың жоғары үдеумен өткізілетінімен сипатталады.

 

Осы барлық себеп шарттар және ұрыс кезектерін тереңдетіп жасақтау медициналық қызметтің тіршілігіне үлкен әсерін тигізеді.

Төменгі қарқындағы әскери қақтығыстар өз сипаты басталуы, жүрісі мен қорытындысы бойынша басталуының негізгі себептеріне, жақлар шешетін, қойылған мақсат пен міндеттеріне қатысты күштер мен құралдардың масштабына, нақты жағдайына, шарттарына, әскердің қимылының қалыптары мен әдістеріне тәуелді болады.

Заңсыз қаруланған жасақтарды (ЗҚЖ) құрғанда олар белгілі-бір үлгіге келмейтін, өзіндік тәсілдері ерекшеленетін әскерге қарсы тұруды кеңірек қолданатын болады.

ЗҚЖ қимыл әдістері бірқалыпты емес және жүйелі түрде жағдайдың нақты шарттарына, шешетін міндеттерге және мүмкіншілігіне байланысты ауыспалы болады.

ЗҚЖ соққы беру, шабуыл жасау, рейдтерді, тосқауыл қою, диверсиялық және террорлық акттерр өткізу, тұтқындарды мен маңызды объектілерді басып алу жолымен ұрыс қимылдарын жүргізе алады. Миналық-жарылыстық шептер кең ауқымда қолданылады. Үлкен бандиттік құрылымдар елді-мекендерді, мемлекеттік, өнеркәсіптік және әскери объектерді жаулап алу, оларды ұстап тұру операцияларын өткізе алады.

 

Көптеген әскери мамандардың ойымен, ЗҚЖ өз міндеттерін шешкенде соғыс және қарулы қақтығыстардың халықаралық құқығымен тыйым салынған химиялық және биологиялық (бактериологиялық) қаруды қолдануға дейін барады.

 

ЗҚЖ-мен қақтығысты шешу үшін уақытша оперативті топтар (УОТ) құрылады, оларды жасақтаудың ерекше құқығына мемлекеттік әскери-саяси басқарушылығының қолында.

Шақырылатын әскердің саны қойылған міндеттерге әскери қақтығыстың масштабына ЗҚЖ-дың құрамы мен қарулануына және олардың қимылдарының сипатына, және де аймақтың ауа райы, географиялық жағдайына байланысты болады.

УОТ-тың негізін дұрысында бір басымдылықтың астында ішкі істер әскерлерінің құрылымдары, Қорғаныс Министрлігінің қарулы күштерінің Шекараны Қорғау Агенттігінің (ШҚА), Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, басқа да күштік мекемелер және құрылымдар құрайды.

УОТ-қа келесі міндеттер жүктелуі мүмкін:

- Қақтығыс ауданын оқшаулау;

- ЗҚЖ-ды құртып жіберу (қарусыздандыру);

- Маңызды әскери объектерді күзету және қорғау;

- Соғысқа қатысқан қарсыластарды ажырату және қарулы қақтығыстарға жол бермеу;

- Қақтығыс аймағында колонналарды сүйемелдеу;

- Ұрыс қимылдарын жүріп жатқан аудандардан жергілікті халықты көшіру;

- Ішкі істер әскерлеріне, ІІМ орындарына, және ШҚА әскерлеріне, өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға көмектесу.

 

Қазақстан Республикасының Әскери доктринасының ерекшеліктерінен туындайтын ықтималдығы жоғары төмен қарқынды қарулы қақтығыстарды шешу, соғысты жарияламай бейбіт уақыттың жаппай әскерге жұмылдыруды жарияламай не жарым-жартылай әскерге жұмылдыру әр уақытта ұрысқа дайын құрамалар мен бөлімдерге жүргізіледі.

Келтірілген ережелер қазіргі заманғы соғыстар медициналық қызметтің тіршілігінің шарттарын жалпы кескінде сипаттайды. Бірақ та, жоғарыда айтылғандардың көрінетіндей, бұл жағдайлар әрбір әскери медициналық қызметтерден өз мамандығы бойынша терең білімділікті, пайда болған ахуалды дер кезінде және дұрыс бағалай білуді және медициналық қызметтің күштері мен құрал-жабдықтарын жоғары ұтымды пайдалануда дұрыс шешім қабылдауды талап етеді.

 

ІV.Қарулы күштердің медициналық қызметінің ұйымдастырылуының құрамы. Медициналық қызметтің бөлімшелері, бөлімдері және мекемелері туралы ұғым. Медициналық қызметтің жеке құрамының категориялары.

Медициналық қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы ұйымдастырушылық құрылыммен, ұрыс қимылдарының міндеттері мен медициналық қызметтің құрылымдарына жергілікті нақты міндеттерге тәуелді.

Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің медициналық қызметін жалпы басшылығы ҚР ҚК әскери-медициналық қамтамасыз ету бас басқармасының бастығына жүктеледі, оның басқару орны болып Қорғаныс Министрлігінің әскери медициналық қаматамасыз ету бас басқармасы болып табылады. ӘМҚЕББ бастығы қорғаныс министріне бағынады. Қарулы күштердің медициналық қызметін басқаруды ол қарулы күштерді басқарудың жалпы жүйесінде ҚР ҚК штабтары бастықтарының комитеті құрамына іс жүзіне асырады.

ӘМҚЕББ бастығы әскерді М.Қ етудің арнайы сұрақтары бойынша қарулы күштердің түрлері, әскер түрлері, майдан және аймақтық қорғану әскерлері медициналық қызметі бастықтары бағынады.

Оның меншікті бағыныштылығында орталық әскери-медициналық мекемелер және де орталықтың қоры болатын медицина қызметінің бөлімдері (мекемелері) болып табылады. Осындай бағыныштылық медициналық қызметтің барлық келесі буындарында белгіленген – майдандық, армиялық, әскерлік.

Майданның, армияның медицина қызметінің бастықтарында өздерінің құзырларында басқару орындары, оларға тікелей бағынышты құрамалар, бөлімдер және мекемелері бар. Мамандық сұрақтар бойынша оларға өз кезегінде жалпы әскерлік армиялардың медициналық қызметінің бастықтары және құрамалардың медициналық қызметтерінің бастықтары бағынады.

- Құрамалар мен бөлімдердің медициналық қызметтерін медициналық қызметтік бастықтары басқарады. Оларға өз кезегінде тікелей құраманың жеке медициналық батальоны және бригадаларының медициналық бөлімі бағынышты. Мамандық сұрақтар бойынша өз кезегінде бригадалардың медициналық қызметінің бастықтары және батальондардың (дивизиялардың) фельдшерлері бағынышты.

- Батальондарда батальондардың медициналық бөлімдері бар, мотоатқыштар роталарында – роталардың санитарлық инструкторы, мотоатқыштар взводтарында – санитар атқыштар.

Бөлімдер мен құрамалардың м.қ. күштері мен құралдарының жиынтығы әскери медициналық қызметті құрайды.

Медициналық қызметтің құрамына медициналық бөлімшелер, бөлімдер (мекемелер) және одан үлкен құрамалар – госпиталді базалар кіреді.

Медициналық қызметтің бөлімшелеріне батальондық және бригаданың медициналық бөлімдері жатады, ол бөлімдерге (мекемелерге) – дивизияның жеке медициналық батальондары, жеке медициналық отрядтар, санитарлық көліктік бөлімдер, госпитальдар, медициналық қоймалар, эпидемияға қарсы мекемелер және т.б. жатады.

Медициналық қызметтің жеке құрамы дәрігерлер құрамымен және провизорлармен, орта және кіші медициналық қызметкерлермен берілген.

Дәрігерлік және провизорлық лауазымдарды қолданыстағы әскерде кадрдағы әскери дәрігерлермен (провизорлармен) және жұмылдыру кезінде шақырылатын қосалқы топтағы офицерлер – дәрігерлермен «провизорлармен) жасақталады. Дәрігерлік лауазымдар офицерлік болып табылады ( медициналық қызметтің лейтенанты, медициналық қызметтің полковнигі)

Бөлімшелер, бөлімдер мен құрамалардың медициналық қызметі құрамында қызметет ететін әскери дәрігерлерді әскерлік дәрігерлер деп айту қабылданған.

Орта медициналық білімі бар адамдар, фельдшерлердің, лаборанттардың, фармацевттердің және медициналық бикелердің штаттық лауазымдарды толықтару үшін арналған. Оларға старшина және сержанттардың әскери шендері берілуі мүмкін.

Кіші медициналық қызметкерлер санитарлық инструкторлармен, санитарлармен және науқастарға қарайтын кіші медициналық бикелермен берілген. Кіші медициналық құрамның лауазымдарына арнайы оқу бөлімшелерінде қысқа мерзімді дайындық ( 2 айдың көлемінде) алған әскери қызметкерлер қатардағы сержанттарға дейін әскери шен алуы мүмкін. Санитарлар мен көлік жүргізушілер ретінде қатардағы құрам пайдаланылады.

Медициналық бөлімдерде және мекемелерде шаруашылық және техникалық функцияларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерінің офицерлері орындайды.

Әрбір медициналық қызметкердің, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің не қосалқы топта тұратын, өзінің әскери шені болады (медициналық қызметтің лейтенанты, медициналық қызметтің мойоры, медициналық қызметтің генерал-лейтенанты және т.б.)

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.027 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал