Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






ДЫБЫС‚ ӘРІП‚ ФОНЕМА






 

Сө здің айтылуы бар да‚ жазылуы бар. Ә детте мынадай кө зқ арас кездеседі: шын тіл – жазылғ ан (кө збен кө ріп отырғ ан) тіл‚ яғ ни сө зді қ атесіз жазу‚ жазылуындай етіп оқ у. Ал айту (сө йлеу) соның шылауында кете береді. Тілдің фонетикалық қ ұ рылысын дұ рыс мең геру ү шін алдымен осындай қ ате тү сініктен арылу керек.

Дұ рысы‚ жазудан гө рі айту ә лдеқ айда маң ызды. Басқ аны айтпағ анда‚ ә рбір адам алдымен сө йлеуді ү йренеді де‚ содан соң жазуғ а кө шеді. Кү нделікті ө мірде де адамның сө зді жазуынан гө рі айтуы‚ оқ уынан гө рі тың дауы кө п орын алады. Тіпті ү ндемей ойлау‚ оқ у‚ жазудың ө зі де дыбыстарды іштей айтумен байланысты. Олай болатыны‚ сө здің ө мір сү ру формасы – дыбыс. Ә ріп – сол дыбысқ а берілген шартты таң ба. Бір ғ ана дыбысты ә ртү рлі (мә селен‚ д‚ d, ﺪ т.б.) ө рнектей беруге болады. Ө зімізге мектептен таныс қ ағ ида: дыбысты айтамыз жә не есітеміз‚ ал ә ріпті жазамыз жә не кө реміз. Ә ріпті оқ у‚ айналып келгенде‚ дыбысты айту болып шығ ады.

А. Байтұ рсынов ө зінің алғ ашқ ы “Тіл – қ ұ рал” деп аталатын ең бегінде (1914 ж.) осыны айырық ша қ адағ алап айтқ ан: “Дыбыс пен қ арып екеуі екі басқ а нә рсе. Біріне-бірін қ атыстырып‚ шатыстырмасқ а тиіс. Дыбыс естілетін‚ кө зге кө рінбейтін нә рсе‚ қ арып кө рінетін‚ естілмейтін нә рсе”. Содан бері 90 жыл ө тті. Алайда осы бір қ арапайым да аса қ ажетті қ ағ иданы ә лі кү нге пайымдай алмай келеміз. Фонетика оқ улығ ының ө зінде ә ріп пен дыбыс бірінің орнына бірі талғ аусыз қ олданылып жү р.

Ә ріп пен дыбысты шатыстыруғ а ә сте болмайды. Ә ріп кейде жеке дыбысқ а сә йкес келсе (мә селен‚ о‚ ө ‚ ұ ‚ ү)‚ кейде бір ә ріп (мә селен‚ ю‚ я) бірнеше дыбыстың қ осындысын (йұ у‚ йү у‚ йа) ө рнектейді. Керісінше‚ кейбір ә ріптердің (ь‚ ъ) дыбыстық мә ні жоқ.

Ә ріп пен дыбыстың бір-біріне ылғ и да сә йкес келе бермеуі сө здің жазылуы мен айтылуының арасында ала-қ ұ лалық тудырады. Мә селен‚ адам‚ ана‚ жер‚ кісі‚ ойла‚ ат‚ қ ара‚ қ ызыл‚ кел‚ ескер‚ сен т.б. сө здердің жазылуы мен айтылуы бір-біріне жуық. Ал оқ ы‚ ойланба‚ тонғ а‚ басшы‚ кө зсіз дегендер айтуда оқ ұ ‚ ойламба‚ тоң ғ а‚ башшы‚ кө ссү з тү рінде болады. Ә ң гіме дыбыс туралы болғ ан кезде ә р кез сө здің айтылуы ескеріледі. Фонетика ү шін сө здің жазылуы емес‚ айтылуы маң ызды.

Тіл дыбыстары – адамның дыбыстау мү шелерінің қ ызметінің жемісі. Дыбыс жеке тұ рып дыбысталады‚ бірақ мағ ынасы жоқ. Ал олардың белгілі бір тілде қ алыптасқ ан тіркестері мағ ыналы сө здерді білдіреді. Олай болса‚ дыбыстар тілдің мағ ыналы бө лшектері сө з бен морфемаларды (сө з бө лшектерін) қ ұ растыратын материалдар қ ызметін атқ арады.

Сө здер мен морфемаларды қ ұ растыру ү шін ә р тіл ө зінде бар толып жатқ ан дыбыстардың ішінде санаулы ғ ана дыбыстар типтерін (тү рлерін) пайдаланады. Дыбыстық қ ұ рамының арқ асында бас‚ кө з‚ жер‚ су‚ адам‚ ү й‚ қ оян‚ сиыр‚ ауыл‚ қ а ла сияқ ты сө здерді бір-бірімен шатастырмай‚ мағ ынасын дұ рыс тү сінеміз. Олай болатын болса‚ дыбыстар (дыбыстар типі) сө зді тануғ а қ ызмет етеді.

Қ азақ тілінен хабары бар ә рбір адам бал‚ мал‚ қ ал‚ жал‚ сал‚ тал; жай‚ жақ ‚ жап‚ жар‚ жас‚ жат‚ жау; бар‚ бер‚ бор‚ бү р‚ бұ р‚ бір сияқ ты дыбыс тіркестерінің ә ртү рлі сө здер екенін бірден ажыратады. Ө йткені бұ ларда бір-біріне ұ қ самайтын дыбыстар бар. Егер бір ғ ана сө зді (мал) тіліміздің заң ына сә йкес тү рлендіретін болсақ ‚ дыбыстар оларды бір-бірінен ажыратуғ а тағ ы да тірек болады (малдың ‚ малғ а‚ малды‚ малы‚ малда т.б.).

Қ ысқ асы‚ тіл дыбыстары сө здер мен морфемаларды қ ұ растыруғ а (жасауғ а)‚ тануғ а (тү сінуге)‚ ажыратуғ а қ ызмет етеді. Бұ л дұ рысы‚ фонемалардың негізгі функциясы (гр. орындау‚ атқ ару)‚ қ ызметі.

Фонема деген не?

Фонема (гр. phonema – дыбыс) – сө здер мен морфемаларды қ ұ растырып‚ оларды бір-бірінен мағ ына жә не форма жағ ынан айыруғ а септігі бар тілдің ең кішкене функциялық бө лшегі.

Тілде‚ ә детте‚ біз ойланғ аннан ә лдеқ айда кө п ә ртү рлі дыбыстар бар‚ олар ә рбір жеке тілде сө здердің мағ ыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғ ана дыбыстар типіне‚ фонемаларғ а топтастырылады. Мә селен‚ ат‚ ет‚ от‚ ө т деген сө здерде біздің тү сінігімізше бір-ақ т дыбысы бар.

Шынтуайтқ а келгенде‚ дауысты дыбыстардың ә серімен ол (т дыбысы) бірде жуан (ат‚ от)‚ бірде жің ішке (ет‚ ө т)‚ бірде еріндік (от‚ ө т)‚ бірде езулік (ат‚ ет) болып‚ біршама ауытқ у‚ ерекшеліктермен немесе ә ртү рлі рең мен айтылады да‚ қ ызметіне қ арай бір-ақ фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағ ы мұ ндай аукытқ у‚ рең тіл білімінде аллофон (гр. allos – басқ а) делінеді. Сондық тан сө з дыбыс емес‚ фонемадан қ ұ ралады десе де болады.

Фонема сондай-ақ морфема туралы ілімнің алғ аш (1870) негізін салғ ан – орыс жә не поляк тілін зерттеуші И.А. Бодуэн де Куртенэ. Осы уақ ытқ а дейін тү ркологияда‚ соның ішінде қ азақ тіл білімінде де фонема сө зі ө з қ олдауын тауып келеді. Тіліміздің дыбыстық жү йесін тың ғ ылық ты зерттеп жү рген Ә. Жү нісбеков осы ұ ғ ымның тү ркі тілдерінің табиғ атына аса ү йлесімді еместігін тү ркологтардың ішінде алғ аш аң ғ арды. Ол ү ндіевропа тіліндегі фонемағ а оң тү стік-шығ ыс тілдерінде тонема сә йкес келетінін‚ ал қ ұ рылым-жү йесі бұ лардан мү лдем бө лек‚ тү ркі тілдерінде бұ ғ ан сингармема тіпті синема деген атаудың лайық ты болатынын айтады. Бұ л атаулар сингармонизмнен туындайтынын аң ғ ару қ иын емес.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.