Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Глоссарий




Төртұштық- екі кірістік ұшы және екі шығыстық ұшы бар электрлік қондырғы немесе электрлік сұлба.

Активті төртұштық-өз құрамында энергия көзі бар төртұштық.

Төртұштықтың негізгі теңдеуі- төртұштықтың кірістік кернеуі мен кірістік тогын шығыстық кернеумен және шығыстық токпен байланыстыратын теңдеу.

Төртұштықтың бос жүріс режимі- төртұштықтың шығыстық ұштары тұйықталмаған (жүктемеге қосылмаған) кездегі режимі.

Төртұштықтың қысқаша тұйықталу режимі- төртұштықтың шығыстық ұштары қысқаша тұйықталған кездегі режимі.

Электр тізбегіндегі өтпелі үрдіс-айыру немесе тұйықтау нәтижесіндеконфигурациясының өзгеруіне байланысты электртізбегінің бір жұмыс режимінен параметрлері одан өзгеше басқа жұмыс режиміне көшу үрдісі.

Коммутация-ажыратқыш аспаптар арқылы тұйықтау немесе ажырату әрекеті.

Коммутация заңдары-коммутация кезінде индуктивті элементтегі токтың және сыйымдылық элементтегі кернеудің өзгерісін сипаттайтын заңдар.

Тәуелсіз бастапқы шарттар-индуктивті элементтегі токтың және сыйымдылық элементтегі кернеудің коммутацияға дейінгі мәндері.

Өтпелі үрдісті есептеудің классикалық тәсілі-өтпелі үрдісті сипаттайтындифференциалдық теңдеуді шешімі еркін және еріксіз құраушылардың қосындысы ретінде қарастырылып, интегральдау тұрақтыларын анықтау алгебралық теңдеулер жүйесін сипаттамалық теңдеудің белгілі түбірлерін және уақыт нөлге тең кезіндегі токтың еркін құраушысы мен оның туындысының мәндерін пайдалана отырып шешу арқылы жүргізілетін тәсіл.

Өтпелі үрдісті есептеудің операторлық тәсілі-Лапластың тура және кері түрлендірулеріне негізделген тәсіл.

Таралған параметрлі электр тізбегі-бір нүктесінен екінші нүктесіне өткен сайын кернеуі мен тогы үздіксіз өзгеріп отыратын электр желісі.



Электр желісі-электр энергиясын немесе сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін генератор мен қабылдағышты жалғастыратын желілік сымдар жүйесі.

Тура немесе құлама толқын-уақыт өткен сайын амплитудасы кеми отырыпқоректендіргіштен қабылдағышқа қарай жылжитын толқын.

Кері немесе шағылысқан толқын-уақыт өткен сайын амплитудасы өсе отырыпқабылдағыштан қоректендіргішке қарай, яғни құлама толқынға қарсы бағытта жылжитын толқын.

Тұрғын толқын-бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалатын бірдей амплитудалы тура және кері толқындарды беттестіру арқылы алынатын үрдіс.

Вольтамперлік сипаттама-кедергі арқылы өтетін токтың кернеуге тәуелділігін көрсететін сипаттама.

Сызықты емес кедергі- вольтамперлік сипаттамасы түзу сызықты емес болатын кедергі.

Сызықты емес индуктивті кедергі- тұйық жүрекшесіндегі магнит ағынының орамадағы токқа тәуелділігі түзу сызықты емес болатын кедергі.

Сызықты емес конденсатор- қабырғасындағы зарядтың берілген кернеудің лездік мәніне тәуелділігі түзу сызықты емес болатын конденсатор.

Кернеу феррорезонансы-сызықты емес индуктивтілік, сыйымдылық және кедергі бірізді жалғанған тізбектегі токтың бірінші гармоникасы фаза бойынша қоректендіргіштің кернеуімен сәйкес келетін жұмыс режимі.

Токтар феррорезонансы-сызықты емес индуктивтілік пен сыйымдылық параллель жалғанған тізбекте кернеудің белгілі бір мәнінде олар арқылы жүретін токтардың мәндері тең болатын режим.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.005 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал