Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Субъективтік жағы




Терроризмтек қана тікелей қасақаналықпен жасалады.Кінәлі адамзаңда көрсетліген әрекеттерді жүзеге асыру арқылы іс-әрекет істелгені мен заңда көрсетілген әрекеттерді істеу арқылы зардаптардың болу қаупін туғызғанын немесе соны жасаймын деп қорқытудың қоғамға қауіптілігін сезедң және соны жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстың субъективтік жағынан қажетті белгісіне заң- қоғамдық қауіпсіздікті бұзу,халықты қорқыту не мемлкеттік органдардың шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету арнаулы мақсатын қосып көрсеткен. Терроризмнің объективтік жағының белгілеріне жататын,бірақ адаммен басқа мақсатпен жасалған әрекет басқа қылмыс ретінде сараланды. Мысалы, диверсия – ҚР ҚК 171 бабы.

Терроризмнің субъектісі –14 жасқа толған, есі дұрыс жеке адам.

Қылмыстық Кодекстің 233 баптың 2 ,3,4 бөлігінде осы қылмыстың сараланған түрлері көрсетілген.Екінші бөлігінде :

а) бірнеше рет;
б) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп төндiретін қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолдана отырып жасалса, - жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Осыларға тоқталсақ, бірнеше рет жасау деп екі және де одан да көп адамның террорлық әрекет жасауы танылады,сонымен бірге оның алдындағы жасаған террорлық әрекеті үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауапытлықтан босатылғаны ,терроризм үшін қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімнің өтпегені не бұрын террорлық әрекет жасағаны үшін соттылығының алынып тасталған немесе жойылғаны анықталуы керек. Қару қолдану деп - терроризм кезіндегі кез келген қаруды қолдану танылады, дегенмен әдетте террорлық актілер көптеген жағ. жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды пайдаланып жасалады.



3- бөлігі. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) жаппай қырып-жоятын қаруды, радиоактивті материалдарды қолдануға немесе қолданамын деп қорқытуға және жаппай уландыруды, эпидемия мен эпизоотияны таратуды, сондай-ақ адамдарды жаппай қырып-жоюға әкеп соғуы ықтимал өзге де іс-әрекеттерді жасауға немесе жасаймын деп қорқытуға ұштасса;
б) абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жаппай қырып-жоятын қару деп, оны пайдалану көп адамдарды қырып-жоюға мүмкіндік беретін қару танылады. Оларға ядролық қарулар, термо-ядролық, хиимиялық, биологиялық, нейтрондық және т.б. қарулар жатады. Радиоактивті материалдар деп, тіршілік иелеренінің денсаулығын нашар халге түсіретін, сондай-ақ адамдар өліміне әкеп соқтыратын рентген сәулелерін не альфа,-бета- гамма сәулелерін тарататын заттар. Жаппай уландыру деп- көп адамның ағзаларындағы зат алмасу барысының ойдағыдай жүруін бұзылуы танылады. Ағзаларды уландыруды сапасы нашар су, тамақ беру,сондай –ақ газ жіберу арқылы жолымен жүогізілуі мүмкін. Эпидемия тарату деп- адамдардың көптеген санына түрлі аураулар таратуды тануға болады. Эпидемиялық аурудың сипаты кең аумақтағы және аз уақыт ішіндегі адамдарды жаппай ауруға шалдығумен анықталады. Эпизоотия тарату деп- үйжануарлары белгілі бір аумақты қамтитын мал мен құстарды жаппай жұқпалы аурауларға шалдығу танылады.Эпизоотия үшін жануарларды жаппай қамту мен ауру тараған аумақ шегінен шығып кету ағымы тән. Бұл бөлігіндегі әрекеттер жаппай сипатта болуы тиіс.



Б-тармағындағы қарастырылған қылмыстың субъективті жағы кінәнің екі нысанымен жасалуы осы норманың қалған басқа тармақтары мен бөліктерінен ерекшеленді. Іс-әрекетке(терроризмгеқатысты кінә) қасақанылықпен сипат алады, ал оның зардаптары абайсыздықпен,менмендікпен немесе салақтық пен сипатталады.

4-бөлігі. Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өмiріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта, оның мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң өмiрiне қастандық жасау, не халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға, жайларға, ғимараттарға шабуыл жасаумен, адамды кепілге алумен, жайларды, ғимараттарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су көлігін, жылжымалы темiр жол құрамын не өзге де қоғамдық көлікті айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен ұштасқан адам өміріне қол сұғу.

Бұл тұрғыдағы қылмысты іс-әрекеттердің жәбірленушілері белгілі бір шешім қабылдауға

Мемлекет қайраткері деп –еліміздің тікелейбасқару ,экономикалық, саяси, әлеуметтік сасатымен тікелей айналысатын жауапты мемлекеттік өкімет билігінің лауазымды адамдарын айтамыз .Оған жататындар парламент депутаттары, премьер-министр, судьялар ,Бас прокуратураның, ҰКК, Қауіпсіздік кеңесінің жауапты қызметкерлері. Облыстың әкімдері және т.б. Қоғамдық қайраткер лер қатарына әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың жетекшілері мен көрнекті мүшелері жатады.

(И.Ш.Борчашвили, Н.М.Әбдіров, А.Н.Ағыбаев Қылмыстық құқық ерекше бөлім).

Шінші сұрақ: 233-1 бап. Терроризмді не экстремизмді насихаттау немесе терроризм не экстремизм актісін жасауға жария түрде шақыру құрамының саралану мәселелері.

Аталып отырған қылмыстың қоғамдық қауіптілігі терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру нәтижесінде қоғамды алаңдататын әлеуметтік-психологиялық ахуал тудырумен, террорлық актінің жасалуы үшін қолайлы жағдай жасаумен қоғамдағы күш көрсету мен агрессивтілікпен ұштасқан қоғамдағы жағдайды тұрақсыздандырумен көрінеді.

Объектівті жағы-терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды тараудан көрінетін әрекеттермен сипатталады.

Терроризм актісі- жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы әрекеттер жасау қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал мақсатында, сондай-ақ аталған әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту, сол сияқты, қоғамдық қауіпсіздікті бұзу халықты үрейлендіру не ҚР мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта, оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау.

Насихаттау адамның санасы мен еркіне қандай да бір заңсыз әрекет жасауына, атап айтқанда, террорлық әрекет жасауына сондай құлшыныспен әсер етуді білдіреді. Насихаттау ауызша айту не жазбаша немесе баспа материалдары арқылы таратылумен сипатталады.

Шақыру –бұл жеткілікті сандағы тыңдаушыларды ауызша немесе жазбаша агрессия жасауға көндіру. Шақыру міндетті түрде жария түрдегі сипат алады, яғни бірнеше адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, жария түрде шақыру қатаң түрде белгілі бір мақсатқа бағынышты және нақ терроризм актісін жасауға бағытталады.

Материалдарды тарату- деп материалдарды үшінші бір адамға терроризм актісін жасау мақсатында насихаттау немесе шақыру үшін тарату танылады. Аталған қылмыс құрамы формальды , демек қылмыс террорлық актінің жасалған немесе жасалмағанына қарамастан насихаттау, жария түрде шақыру немесе материалдарды тарату жүезе асырылған сәттен бастап аяқталған деп танылады.

ҚР ҚК 233-1 бабының 2 бөлігі мынадай саралаушы белгілерді қарастырады: Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің басшысы бола отырып не бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасаған не бір топ адам жасаған нақ сол әрекеттер.

Лауазымды адамның не қоғамдық бірлестік жетекшісінің терроризмді насихаттауы немесе актісін жасауға жария түрде шақыруы, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы маетриалдарды таратуы оның осы үшінші өзінің қызметтік не қоғамдық жағдайын пайдалануы деп ұйғарылады.

Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану-бұл баспасөз бетіне жарияланған террорлық акті жасауға насихаттау мен шақыру, сонымен радио немесе телехабар арқылы материалдар тарату.

233-1 бабының 2 бөлігі бойынша қылмыс субъектісі-прнайы. Ол өзінің қызметтік бабын пайдаланған адам немесе қоғамдық бірлестік жетекшісі болуы мүмкін.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.009 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал