Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырыбы: Митоздық циклдың реттелуінің молекулалық-генетикалық механизмдері

5.2. Мақсаты:Митоздық циклдың реттелуі және бақылануының молекулалық-генетикалық механизмдері жайлы қазіргі көзқарастарды білу.

5.3. Дәріс тезистері:

5.3.1. Жасушалық цикл, анықтамасы, кезеңдері.

5.3.2. Жасушалық циклдың кезеңдері және олардың сипатамасы.

5.3.3. Жасушалық циклды қамтамасыз ететін процесстердің генетикалық реттелуі.

5.3.4. Жасушалық циклды бақылайтын процесстердің реттелуі (бақылау пункттері – check-points).

 

Жасушалық цикл, деп аналық жасушаның бөлінуінің нәтижесінде пайда болған жас жасушаның қайта бөлінуге дейінгі немесе тіршілігін жойғанға дейінгі кезеңді айтады.

Жасушалық цикл 3 кезеңнен тұрады:

1. Митоздық цикл.

2. Жасушаның арнайы қызмет атқаруы.

3. Тыныштық кезеңі.

Митоздық цикл 4 фазадан тұрады:

1. Митоз.

2. Митоздан кейінгі кезең (G1).

3. Синтездік кезең (S).

4. Синтезден кейінгі кезең (G2).

G1, G2, және S кезеңдері гендер белсенділігімен сипатталынатын интерфазаны құрайды. Митозда гендер активсіз күйде болады.

Жасушалық (митоздық ) цикл көптеген гендермен реттеледі. Мұнда цциклиндерді және циклинге тәуелді киназаларды синтездейтін гендер басты рөл атқарады.

Бұл гендердің белсенді өнімдері циклин+циклинге тәуелді киназалық (Ц+ЦЗК) комплек түзеді, мұнда циклин активаторлық суббірлік, ал циклинге тәуелді киназалар – катализдік суббірліктер болып табылады. Каждый из периодов Митоздық циклдың әр бір кезеңі арнайы Ц+ЦТК кешенімен реттеледі.

Митоздық циклдың дұрыс өтуін 4 салыстыру нүктесі интерфаза кезеңіндегі G1, G2, S және митоздың метафазасы бақылайды (cheek - point). Жасушаның митозға түсуі немесе тоқтауы жасушаның бөлінуін стимулдайтын немесе басып тастайтын гендермен реттеледі.

5.4. Көрнекілік материал:11-12-шімультимедиялық дәріс, тақырып бойынша бейнефильмдер.

5.5. Әдебиеттер:

Негізгі:

5.5.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006.

5.5.2. Гинтер Е. К. Медицинская генетика. М.: Медицина, 2003.

5.5.3. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы).



Алматы: Эверо, 2008. 224 б.

5.5.4. Муминов Т.А., Куандыков Е.У. Основы молекулярной биологии (курс лекций). Алматы: Эверо, 2009. 204 с.

5.5.5. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. 544 с.

5.5.6. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006.

5.5.7. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. 356 б.

5.5.8. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

 

Қосымша:

5.5.9. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. 479 б.

5.5.10.Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р. Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова. М., ГЭОТАР-Медиа, 2010. 620 с.

5.6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

5.6.1. Жасушалық циклға сипаттама.

5.6.2. Митоздық циклға сипаттама.

5.6.3. Митоздық циклдың реттелу механизмдері.

5.6.4. Жасушалық циклдың бақылану механизмдері.

5.6.5. Жасуша пролиферациясының медицинадағы маңызы.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Митоздық цикл Митотический цикл Mitotic cycle
Митоз Митоз Mitosis
Интерфаза Интерфаза Interphase
Митогендер Митогены Mitogens
Циклинге тәуелді киназа Циклин зависимые киназы Cyclin dependent kinases
Антимитогендер Антимитогены Antimitogenes
Тексеру нүктелері Сверочные точки Shek points



mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.005 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал