Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Саяхаттары

1.Тарбағатай.

2.Қырғыз еліне Ыстықкөл. 1856ж. қырғыз-қазақ картасын жасайды.

3.1856-1958 ж.Қашқарияға саяхат. Құлжа, Қашқар, Алтыншаһар.

Зерттеушілер:

1.Өткен ғасырда Француз саяхатшысы – ғалым Элизе Рекю Шоқан туралы 4 томдық еңбегінде баяндайды.

2.С.Мұқанов «Халық мұрасында» айтады. «Жарық жұлдыздар» 1964ж. монографиясын жазған.

3.М.Әуезов «Әр жылдар ойлары» еңбегінде саралаған.

4.Ә.Марғұлан «Көп томдық» жинақ.

5.М.Дулатов 1904ж. мақала жазған.

6.Қ.Қазыбаев 150 жылдық тойын Мәскеуде өткізген.

7.М.Шындалиева «Шоқан очерктері».

Шоқанды үлкен ғалымдар ерте таныған. Оның еңбектері мен саяхаты туралы кезінде тек Россияда ғана емес, сонымен бірге батыс елдері баспаларында да кеңінен хабарланып жатты.

Шоқанның Европаға ерте тараған еңбектері Жоңғария туралы жазғандары болатын. Ғалымның «Жоңғария очерктері» мен «Алты шаһардың жай-жапсары» деген еңбектері 1861 жылы, өзінің тірі кезінде, орыстың императорлық география қоғамы жазбаларының үш кітабында басылған.

Шоқанның еңбегі ағылшын, неміс, француз тілдеріне де аударылды. 1865 жылы Лондон баспасы оның Жоңғария туралы жазғандарын ағылшын тілінде жариялады.

Ш.Уәлиханов туралы өткен ғасырдың екінші жартысында француз географы, саяхатшы-ғалым Элизе Рекю өзінің көп томдық зерттеулерінің 4 кітабында баяндайды. Ол Шоқанның Орта Азия мен Қашқарияны тиянақты зерттеген атақты ғалым екенін ескертеді... Семенов-Тянь-Шанский сияқты орыс ғалымдарымен қатар қойып, жоғары бағалайды.

Шоқан – жан-жақты ғалым. Ол – этнограф, географ, экономист. Сондықтан бұл саладағы ғалымдар да Шоқан туралы бағалы еңбектер жазып жүр. Бұл зерттеулердің бәрі Шоқан қалдырған мұралардың маңызы орасан зор екенін дәлелдейді. Әсіресе, ол әдебиет ғылымы мен публицистиканың тарихынан елеулі орын алуға тиіс. Оның әдебиет тарихындағы орны да осындай еңбектерімен маңызды.



«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» және «Ер Көкше» атты халық дастандарын ол тіпті бала кезінде жазып алған, кейін өзінің ұстазы Н.Ф.Костылецкийге берген.

Шыңғыс Қазақстанда зерттеу жұмыстарын жүргізген орыс ғалымдары үшін түрлі мәліметтер жинап, дайындау ісіне кейде өзінің баласын қатыстырып отырған.

1. Шоқан қайтыс болғанда Ақан Сері Шыңғысқа көңіл айтады.

2. Орынбай ақынның жұбату толғауы бар.

Ладыженскийдің өтінішін орындау ниетімен Шыңғыс әйгілі ақындар мен жыршыларды талай рет өз үйіне шақыртып, қазақтың қлең жырлары мен аңыздарын Шоқанға жаздырып алып, Омбыға барған сайын күшейе отырған.

Шоқанның білімге құштарлығы Омбыға барған сайын күшейе түседі. Ол үлкен қалада оқуды армандайды. Шыңғыс та оған терең білім беру үшін көрнекті оқу орнына кіргенін қалайды. 1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұңғыш рет ұзақ сапар шегіп әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді. Шыңғыс өзінің орыс достарының көмегімен баласын Сібірдің сол кездегі ең жақсы оқу орны деп саналған Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді және қарандашпен сурет салып үйренеді. Бұл схоластикалық мектепте тек шағатай тілінде орта ғасырлық әдебиет мұраларын оқумен араб және парсы тілдерінде сөйлеп жаттығу және шығыс ақындарының өлеңдерін тақпақтай жатқа айтумен ғана айналысқан. Дәстүр бойынша сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін үйрену, яғни «жеті жұттың тілін білу» парыз болған.



Бұл дәстүр ол кезде әлі ескірген жоқ еді, сондықтан Шоқан архив мәліметтерінің көрсетуіне қарағанда шығыс тілдерін оқып, әуелі араб тілін, кейін ұйғыр тілін де жақсы меңгерген.

Шоқанның бала кезінде қатты құмартқан өнерінің бірі – сурет салу еді. Бұл өнерді ол Құсмұрын бекінісіндегі Уәлихановтардың ауылына жиі-жиі қонаққа келіп жүрген орыс ғалымдары, инженерлері мен білімді офицерлер де қабілетті баланы көркем өнер мен әдебиетке құштарландыра түседі.

Жас Шоқан сұңқар салып, саяттық құруға өте құмар болған. Сахарада саяхаттап ұзақ жүруі оның дағдысына айналған.

Шоқан Уәлиханов қазақтың халық поэзиясына ерте жастан құмартып, оның классикалық үлгілерін жазып алып, өзінің ата-анасына дауыстап оқып жүреді.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.011 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал