Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Табиғи сәулелену көздерiнiң әсер етуі кезінде радиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз етуге қойылатын




санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

267. Өндiрiстiк жағдайларда табиғи сәулелену көздерiнің әсерi кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша талаптар жұмыскерлердiң табиғи радионуклидтерден сәулеленуi 1 мЗв/жыл асатын кез келген ұйымдарға қойылады. Оларға соның iшiнде жер асты жағдайларында жұмыстарды жүзеге асыратын (урандық емес кенiштер, шахталар), сондай-ақ табиғи радионуклидтердiң құрамы жоғары минералдық және органикалық шикiзат қазбалайтын және қайта өңдейтiн ұйымдар жатады. Урандық емес кенiштер мен басқа да жер асты құрылыстарының жобалық құжаттамасында радиациялық қауiпсiздiк мәселелерi бейнеленген болуы тиiс.

Табиғи радионуклидтер (уран, радий, торий) алу мақсатында кен қазбалайтын және қайта өңдейтiн ұйымдар, сондай-ақ осы радионуклидтердi пайдаланатын ұйымдар техногендiк сәулелену көздерiмен жұмыстар жүргiзетiн ұйымдарға жатады.

Өндiрiстiк мақсаттағы ғимараттар тұрғызу үшiн аумақтың топырақ үстiнен радон ағынының тығыздығы 250 микробеккерель секундына шаршы метр (бұдан әрi - мБк/(м2хс) аспайтын учаскелерiн таңдау керек. Ғимаратты тұрғызу топырақ үстiнен радон ағынының тығыздығы 250 мБк/(м2xc) асатын учаскеде жобалау кезiнде ғимараттың жобасында радоннан қорғану жүйесi ұсынылуы тиiс.

269. Техногендiк сәулелену көздерiмен жұмыстар жүргiзiлмейтiн ұйымдарда жұмыскерлердің өндiрiстiк жағдайларда табиғи сәулелену деңгейлерi РҚН келтiрiлген мәндерден аспауы тиiс. Жұмыс ұзақтығын өзгерту, радиациялық әсер деңгейiн айқындайтын өндiрiстiк шаңдағы радионуклидтердің радиоактивтiк тепе-теңдiгiнің бұзылу жағдайларында ұйым әкiмшiлiгi санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негiзiнде радиациялық әсердi бақылау деңгейлерiн белгiлеуi тиic.

270. Табиғи сәулелену көздерiмен шарттасылған радиациялық жағдайды бақылау жүзеге асырылуға тиiс жұмыс жасаушы ұйымдардың, цехтардың немесе жеке жұмыс орындарының тiзбесiн құрастыру үшiн оларға бастапқы тексеру жүргiзу керек.



271. Егер тексеру нәтижесiнде ұйымда жұмыскерлердiң 1 мЗв/жыл сәулелену дозаларынан асу жағдайлары анықталмаған болса онда бұдан әргi радиациялық бақылау мiндеттi болып табылмайды. Алайда өндiрiстiк технологияны жұмыскерлердiң сәулеленуiнiң ұлғаюына әкелiп соғуы мүмкiн түрде елеулi өзгерту кезiнде қайтара тексеру өткiзу керек.

272. Дозаның ұлғаюы 1 мЗв/жыл белгiленген, бiрақ дозаның 2 мЗв/жыл ұлғаюы жоқ ұйымдарда жұмыскерлердiң сәулелену деңгейлерi ең жоғары жұмыс орындарында iрiктелген радиациялық бақылау өткiзу керек.

273. Жұмыскерлердiң сәулелену дозалары 2 мЗв/жыл аспайтын ұйымдарда сәулелену дозаларын тұрақты бақылау жүзеге асырылуға және оларды төмендету бойынша iс шаралар жүргiзiлуi тиiс.

274. Белгiленген нормативтен (5 мЗв/жыл) асу анықталған жағдайларда ұйым әкiмшiлiгi жұмыскерлердiң сәулеленуiн төмендету бойынша барлық қажеттi шаралар қабылдайды. Көрсетiлген нормативтi сақтау мүмкiн болмаған жағдайда осы санитариялық ережелердiң 269-тармағында аталған ұйымдарда тиiстi жұмыскерлердi жұмыс жағдайлары бойынша техногендiк сәулелену көздерiмен жұмыс iстейтiн персонална теңестiруге жол берiледi. Қабылданған шешiм туралы ұйым әкiмшiлiгi мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына хабар бередi.



Жұмыс жағдайлары бойынша техногендiк сәулелену көздерiмен жұмыс iстейтiн персонална теңестiрiлген тұлғаларға А тобының персонал үшiн белгiленген радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша барлық талаптар таралады.

275. Өндiрiс қалдықтары осы санитариялық ережелердің 9-бөлiмiнде келтiрiлген өлшемдер бойынша радиоактивтiлер санатына жататын ұйымдарда оларды жинау, уақытша сақтау және көму ұйымдастырылуға тиіс.

276. Халықтың радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша талаптар реттелетiн табиғи сәулелену көздерiне: радон изотоптарына және олардың жайлардың ауасында ыдырау өнiмдерiне, құрылыс бұйымдарында болатын табиғи радионуклидтердiң гамма-сәулеленуына, ауыз суда, тыңайтқыштарда және пайдалы қазбаларда болатын табиғи радионуклидтерге таралады.

277. Халықтың радиациялық қауiпсiздiгiнiң салыстырмалы дәрежесiн табиғи сәулелену көздерiнiң тиiмдi дозаларының төмендегi мәндерi сипаттайды: 2 мЗв/жыл кем - сәулелену елдiң тұрғындары үшiн табиғи сәулелену көздерi дозаларының орташа мәндерiнен аспайды; 2-ден 5 мЗв/жыл дейiн - жоғарылатылған сәулелену; 5 мЗв/жыл астам - жоғары сәулелену. Сәулеленудiң жоғары деңгейлерiн төмендету бойынша iс-шаралар бiрiншi кезектi тәртiпте жүзеге асырылуға тиiс;

278. Тұрғын үйлер мен әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттар тұрғызу үшiн аумақтардың учаскелерiн таңдау кезiнде гамма-аясы 0,3 мкГр/сағ. аспайтын және топырақ үстiнен радон ағынының тығыздығы 80 мБк/(м2хс) артық емес учаскелер бөлiнедi;

279. Ғимарат тұрғызу үшiн радон ағынының тығыздығы 80 мБк/(м2хс) артық учаске бөлiнген кезде ғимараттың жобасында радоннан қорғану жүйесi көзделген болуға тиiс (тұтасқұйма бетон тұғырық, подвал үй-жайы жаппасының жақсартылған оқшауламасы). Топырақ үстiнен радон ағынының тығыздығы 80 мБк/(м2хс) кем болған кезде радоннан қорғану iс-шараларының қажеттiлiгi әр жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негiзiнде айқындалады;

280. Өндiрiстiк радиациялық бақылау тұрғын үйлер мен әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттардың барлық тұрғызу, қайта құрылмалау, күрделi жөндеу және iске пайдалану кезеңдерiнде жүзеге асырылуға тиiс. Өндiрiстiк радиациялық бақылау олардың қолданыстағы нормативтерге сәйкестiгiн тексеру үшiн РҚН сәйкес жүргiзiледi. Нормативтiк мәндерден асу анықталған жағдайларда осыған байланысты себептердi талдау жүргiзiлуге және гамма-сәулелену қуатын және (немесе) үй-жайлардың ауасындағы радон құрамын төмендетуге бағытталған қажеттi қорғану iс-шаралары жүзеге асырылуға тиiс. Құрылыс жүргiзiлiп жатқан, қайта құрылмаланатын немесе күрделi жөндеудегi ғимараттың гамма-сәулелену қуаты және үй-жайлардың ауасындағы радонның көлемдiк белсендiлiгiнiң нормативтiк мәндерге дейiн төмендетiлмей ғимарат немесе оның бiр бөлiгiн iске пайдалану үшiн мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруге тыйым салынады;

281. Тұрғын үйлер мен әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттарды өндiрiстiк радиациялық бақылауды белгiленген тәртiпте аккредитацияланған ұйымдар жүзеге асырады;

283. Тұрғын үйлер мен әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттарды тұрғызу, қайта құрылмалау, iске пайдалануға тапсыру және iске пайдалану жағдайында радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезiнде санитариялық ережелердiң және гигиеналық нормативтердiң орындалуын мемлекеттiк қадағалауды мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жүзеге асырады;

283. Фосфорлы тыңайтқыштар мен мелиоранттардағы табиғи радионуклидтердiң меншiктi белсендiлiгiнiң мәндерiн жеткiзушiлер көшiрмесiн алушы ұйым мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына табыстауға тиiс iлестiрме құжатта көрсетуге тиiс;

284. Құрылыс материалдары мен бұйымдарындағы табиғи радионуклидтер құрамын бақылауды өндiрушi ұйым жүзеге асырады. Табиғи радионуклидтердiң меншiктi белсендiлiгiнiң мәндерi мен қауiптiлiк сыныбы материалдар мен бұйымдардың әр партиясының iлестiрме құжаттамасында (паспортында) көрсетiлуi тиiс.

 

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.005 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал