Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Күйіктік аурудың ағымы




1 кезең- күйіктік шок;

2 кезең- жедел күйікті токсемия;

3 кезең- септикотоксемия;

4 кезең- реконвалесценция.

Күйіктік шоктың клиникасы

Күйіктік шоктың ауырлығы бойынша жіктелу:

1 дәреже – жеңіл күйіктік шок. Беткей күйіктерде, тері бетінің 20-25% , ал терең күйіктерде -10% алаңын зақымдаған кезде болады. Науқастың есі сақталған.Тері жамылғысы бозарған. Жүрек айну, кейде құсу,шөлдеу болуы мүмкін. Аса үлкен емес тахикардия.АҚҚ және ОКҚ ( орталық көктамырлық қысым) қалыпты. Шамалы гемоконцентрация. Электролитті балансты өзгерістер болмайды. Бүйрек қызметі зардап шекпейді.

2 дәреже – орташа ауырлықты шок. Беткей күйіктерде, тері бетінің 40 – 60% , ал терең күйіктерде 40% тен көп алаңы зақымдалған кезде болады. Жалпы жағдайы ауыр. Есі сақталған. Күйік аймағынан тыс тері бозғылт, құрғақ және суық болады. Науқасты қалтырау, шөлдеу, жүрек айну мазалайды. Құсу әрқашан байқалмайды.Тыныс алу жиілейді, ентігу, көгеру және АҚҚ ның төмендеуі байқалады. Гемоконцентрация айқын. Қан айналым көлемі 10-20% төмендейді. Бүйрек қызметінің бұзылуы, олигурия байқалады.

3 дәреже – ауыр шок. Беткей күйіктерде, тері бетінің 40-60% , ал терең күйіктерде 40%тен көп алаңын зақымдаған кезде болады. Жалпы жағдайы өте ауыр.Есі сақталған, бірақ алжасу болу мүмкін. Тері бозғылт – сұр түсті, суық. Айқын шөлдеу, жиі құсу, ішектердің салдануы байқалады. Науқасты қатты қалтырау, бұлшықеттердің тырыспалы тартылуы, ентігу мазалайды. Айқын көгеру, тахикардия және АҚҚ төмендеуі байқалады. Қан айналым көлемі (ҚАК) 20-30% ке төмендеген; ОКҚ төмендеген; өте айқын гемоконцентрация. Электролиттік баланстың және бүйрек қызметінің айқын бұзылуы байқалады; гематурия, альбуминурия, уробилинурия. Қанда қалдық азот көбееді



4 дәреже - өте ауыр шок. Беткей күйіктерде, тері бетінің 60% тен жоғары, ал терең күйіктерде 40% тен жоғары алаңын зақымдаған кезде болады. Жалпы жағдайы өте ауыр, есі көмескілеген, жиі есінен танған, тері жамылғысы боз, мәрмәр түсті. Тамыр ырғағы жіп тәріздес, АҚҚ 100 мм с.б. төмен. ОКҚ кенет төмендеген.ҚАК 30-40% төмендеген; аса айқын гемоконцентрация. Айқын ентігу; өкпеде ылғалды сырылдар естіледі. Науқасты өте қатты, басылмайтын шөл, жиі кофе тәрізді койыртпақпен құсу, айқын асқазан – ішек жолдарының (АІЖ) салдануы, анурия мазалайды. Метаболикалық ацидоз дамиды.

Шұғыл терапия

1. жоғарғы тыныс алу жолдарынның өткізгіштігін қалпына келтіру;

2. 3 катетр ережесін жүргізу (орталық көктамыр, қуықты катетрлеу, асқазанға зонд еңгізу);

3. наркотикалық анальгетиктерді нейролептиктермен, транквилизаторлармен, ГОМК мен қосарлап тағайындау;

4. гиповолемияны түзету;

5. стрессті ойық жаралардың пайда болуын алдын алу үшін гистамин рецепторларының Н2-блокаторын еңгізеді;

6. глюкокортикойдтарды тек 3-4 дәрежелі шок алғандарға және жасанды өкпе желдетілуін қажет ететін тыныс жолдарының жеткіліксіздігінде ғана тағайындайды. Глюкокортикоидтар концентрациясының жоғарылығы бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігінің дамитына әкелуі мүмкін.

Науқасты күйікті шоктан шығару критерийлері:

1. Гемодинамиканы тұрақтандыру.

2. Диурез темпі 50 мл/сағ. Және жоғары.

3. Аз бозғылт дақ синдромы. 1 сек.

4. Дене температурасының төмендеу.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал