Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Когнитивтік лингвистикадағы әлемнің тілдік бейнесі теориясы






Ғ алам бейнесі (картина мира) когнитивтік модельде айқ ындалады, сондай-ақ ол ұ жымдық санамен, кө зқ араспен, ұ жымдық философиямен байланысты болады. Ғ аламның тілдік бейнесі негізінен адамдар санасындағ ы ә лемнің логикалык бейнесімен сә йкес келеді. Ал ғ аламның кез келген ұ лттық тілдік бейнесінің ә мбебаптығ ы ө зіндік ерекшелігін айқ ындайтын метафора, тең еу жә не концепт болып табылады. Осы механизмдер негізінде ғ алам бейнесі танылады, тілді игеру, табиғ и тіл механизмін тү сіндіру ү шін білім жинау, қ олдану, оны тү сіну моделін қ ұ рау тұ рғ ысынан кештеледі. Бір жағ ынан когнитивтік лингвистика бұ л моделді тек бү кіл когнитивтік ғ ылымдар шең берінде ғ ана жасай алады. Ол ғ ылым білімнің ә р тү рлі типтерін, олардың ұ йымдастырылу жә не ө зара ә рекеттесу тә сілдерін зерттейді.

В.А.Маслова когнитивтік лингвистика нә тижеге жету ү шін тө мендегідей міндеттерді жатқ ызады:

1.Ғ аламды тану мен пайымдау, іс-ә рекеттің даму барысы, қ имылдың ө рістеу қ алпындағ ы тілдің рө лі.

2.Ғ алам туралы ақ парат алу, қ айта ө ң деу жә не беру процесіндегі тілдік білімдер.

3. Білімді концептілеу мен категориялау процестері, мә дениет тұ рақ тылығ ын тілдік тұ рғ ыдан категориялау мен концептілеудің қ ұ ралдары мен тә сілдерін суреттеу.

4. Концептілік аймақ ты ұ йымдастыратын жә не оның мү шеленуінің негізгі бө лігі болып табылатын ә мбебап концептілер жү йесін суреттеу.

5. Ғ аламның тілдік бейнесі мә селелері" [50, 25].??

Ғ алам бейнесі (картина мира) когнитивтік лингвистикадағ ы басты термин болып табылады" [50, 14].?? Ғ алам бейнесі (" ғ алам образы" немесе " ғ алам моделі") терминдері мен ұ ғ ымдары Е.Ә.Керімбаевтың жұ мысында ономастикалық номинацияны суреттеуде, ұ лттық ономастикалық сө здіктің экстралингвистикалық берілімін тү сіндіруде қ олданылады. " Ғ алам образы", " ғ алам туралы білімдер жү йесі" ұ ғ ымдары адамғ а, ұ лттық тіл мен ұ лттық, жалпы халық тық ономастикон жү йесіндегі адамғ а, сонымен қ атар тілде, тілдік қ ызметте, абстрактылы жә не нақ ты ұ лттық тілдік тұ лғ а мен қ азақ тілдік тұ лғ аның жеке ономастиконына қ атысты тү рде тү сіндіріледі [51, 178]. Тілдік тұ лғ аның сө йлеу, ойлау қ ызметінің базасы ретінде ғ аламның жеке жә не субъектілік бейнесін қ арастыру кезінде " ғ алам бейнесі дегеніміз - адамның дү ние танымындағ ы субьектілік жә не объектілік бастауларының синтетикалық бірлігі, рухани жеке ә рі мә дени тарихи субстанцияның синтезі екендігін еске алу қ ажет" [52, 49],?? - деп атап кө рсетеді.

Ғ алам бейнесі - " қ оршағ ан орта мен адам туралы ақ паратты қ айта ө ндеудің нә тижесі" [26, 5]. Ғ алам бейнесі дү ниенің біртұ тас ғ аламдық образы, ол адамның бү кіл рухани белсенділігінің нә тижесі болып табылады, адамның ғ аламмен жасайтын барлық байланыстары барысында пайда болады.

Г.A-Брутян, Р.И.Павиленис т.б. философтар, Ю.Н.Караулов, Г.В.Колшанский, В.И.Постовалова, Г.В.Рамишвили, Б.А.Серебренников, В.Н.Телия сияқ ты лингвистер тарапынан ғ аламның концептілік жә не тілдік бейнесі ажыратылып кө рсетідді. Тілдік формада берілген дү ние у туралы білімдердің жиынтығ ы тү рлі тілдік концепцияларда бірде " ғ аламның тілдік кө рінісі", бірде " ғ аламның тілдік моделі", бірде " ғ аламның тілдік бейнесі", бірде " тіл аралық ғ алам " деп кө рсетіліп жү р [1, 51].??

Қ азақ тіліндегі ғ аламның мифологиялық тілдік бейнесі бинарлық оппозициялар жү йесінде Б.К.Ақ бердиеваның «Лексика-фразеологиялық жү йедегі мифтік-танымдық қ ұ рылымдар" (қ азақ тілі материалы бойынша) атты кандидаттық диссертациясында қ арастырылады [45]. Осы диссертацияда ғ аламның мифологиялық моделі негізінен қ азақ тілінің жалпы есімдері мен фразеологизмдері материалы арқ ылы қ ұ рылады.

С.Е.Керімбаеваның диссертациясындағ ы ғ аламның мифологиялық моделі ү ш дең гей негізінде жалқ ы есім тұ рғ ысынан қ арастырылады: " Қ азақ мифологиялық жү йесіне кө птеген ә лем халық тарының мифологиялық жү йесі сияқ ты ә лемнің жоғ ары, орта, тө мен деп аталатын ү ш дең гейлі моделі тә н. Мұ нда жоғ ары - аспан, орта - жер, тө мен - жер асты ә лем дең гейлері мү шеленеді ә рі сә йкестендіріледі" [53, 20].??

Ғ аламның тілдік бейнесінде сыртқ ы дү ниенің ө зі емес, сыртқ ы дү ние туралы ментальдік тү сініктердің жү йесі - концептілік жү йе беріледі, сонымен қ атар тілден тыс, лингвистикалық емес факторлардың ө згеруі ә р дә уірде ә р тү рлі болуы мү мкін. Когнитивтік лингвистикада ғ аламның тілдік бейнесі концептілерді бө лу мен ішкі танымын ашу (репрезентация) негізінде зерттеледі, концептіге ұ ғ ым енгенімен, ол сонымен аяқ талып қ алмайды, қ айта сө здің барлық мазмұ нын қ амтып отырады. Осығ ан орай сө здің алуан тү рлі ассоцациялық байланыстары арқ ылы қ ұ былыстар туралы мә дениетті тасымалдаушылардың тү сінігін бейнелейтін денотативті (таң баланушы) жә не коннотативті (қ осымша мағ ына) мазмұ н болмақ. Ол ө з ішіне кө птеген лексикалық бірліктердің мағ ыналарын жинақ тайды. Концептіде ә рбір тілдік тұ лғ аның мә дени дең гейі іске асады, ол концептінің ө зі сө зде ғ ана емес сондай-ақ сө з тіркестерінің, дискурста сө йлеуде, мә тіндердеде жү зеге асырылады.

Дү ниенің тілдік бейнесінің ә р этноста ә р тү рлі болуы, сол этностың тә жірибесімен, білімімен байланысты, себебі тілдік таң баның таң балаушы қ ызметі сыртқ ы дү ниемен тікелей байланысында емес, адамның ө мірінен кө рген білгені, кө ң ілге тү йгені білімнің негізі болып табылады. Ә р ұ лттың, ә р халық тың ө мірлік тә жірибесі ә р тү рлі болғ андық тан, дү ниенің тілдік бейнесі де, сол қ оғ амда ө мір сү рген адамдардың тә жірибесі де ә р тү рлі болмақ, сондық тан тілдік тұ лғ а ретінде олардың когнитивтік санасындағ ы дү ниенің тілдік бейнесінде айырма болады. Сө здің артында ақ иқ аттың, шындық тың ү зігі тұ рады, оның тілдік бейнесі ә р халық та ә р тү рлі болмақ. Дү ниенің жалпығ а бірдей болуы, ұ қ сас заттардың болуы олардың санада бейнеленуінің ұ қ сас болуын қ амтамасыз етеді, алайда адамзатқ а ортақ нә рсенің негізінде ұ лттық ерекшеліктер жасалады.

Дә лірек айтқ анда, когнитивтік лингвистика дә стү рлі лингвистиканың тар аумақ та шектелуін болдырмауды жә не тілдік " сыртқ ы" кө ріністері арқ ылы танылатын терең ә рі жан-жақ ты заң дарын кө ріп білуді мү мкін етеді. Дү ние туралы ғ аламның тілдік бейнесін ономастикалық тұ рғ ыда концептілерін вербалдау тә сілдері тұ рғ ысында карастыру керек.

Е.С.Кубрякованың пікірінше: " лингвист объективтік шындық туралы тү сінік соң ында жеке, лингвистикалық формалардың қ андай жү йеде тұ рғ андығ ын ғ ана болжауды емес, сонымен қ атар тілдік бірлік, іштей байланысты табиғ и тұ тастық, тілдік берілімдер, категориялар дү ниені қ абылдаумен қ алай байланысқ андығ ын жә не олардың танымды қ алай бейнелейтіндігін білуі тиіс" [2, 37].?? Тіл теориясында «ғ аламның тілдік бейнесі» жө ніндегі ұ ғ ымның пайда болуы тіл мен ойлаудың тепе-тең еместігін жә не тілдік ойлаудың мазмұ нының ерекшелігін кө рсетеді. Ол ә р халық тың (ә р тү рлі дең гейдегі, уақ ыттағ ы ә леуметтік, этностық т.б. топтың) ә р тү рлі ойлауымен тығ ыз байланысты. Сондық тан кө птеген ғ алымдар (Дж.Харрис т.б.Увдиоэтникалық негізді кө бінесе лексикадан анық тап жә не номинациялық таң дауды халық тың ө мір салтымен, кө зқ арасымен байланыстырады да (Локк), грамматикалық формалардың категориялық мағ ыналарын ә мбебеп, жалпы деп санайды. Э.Б.де Кондиляк, И.Гердер, В. фон Гумбольдттан бастап дү ниені тіл арқ ылы бейнелеуді қ алыптастыруда, халық тың рухын беруде грамматиканың ерекше екені кө рсетіледі. Гумбольдттың пікірінше, грамматиканың рухтық ерекшелікке туыстығ ы лексикадан да кү шті (3).

Когнитивті лингвистика ғ ылымындағ ы «ғ аламның тілдік бейнесі» теориясының тілдегі номинация, таң ба, уә ж т.б. мә селелерімен тығ ыз байланыстығ ы мен сабақ тастығ ын былай қ ойғ анда, грамматикалық қ ұ рылымғ а тікелей қ атысты болады. Осығ ан орай ғ ылымның диалектикалық ә дісіне сай уақ ыт факторларының мә ні ерекше екенін аң ғ аруғ а болады. Демек «ғ аламның тілдік бейнесі» де тілдің даму барысымен, мә дени рухани жә не сананың дамуымен байланысты мифтік ойлаудан поэтикалық ойлау дә режесіне дейін ө згеріп, дамып отырады. Тілдік семантиканың қ ұ ралдары арқ ылы тілдік санада сақ талғ ан дү ниенің бейнесі уақ ыт пен кең істіктегі мезгілге сай белгілі бір дә режеде реликтілік, архайкалық дең гейде сақ талуы мү мкін. Бірақ олар-тілдің ұ йымдастыруымен сақ талғ ан дү ниенің тұ тас тұ жырымдамасы (концептуализация), тілдік ү жымның лексика, фразеология, грамматикада кө рініс тапқ ан ұ лттық -мә дени тә жірибесінің тілдегі кө рек бейнесі болып табылады. Когнитивті лингвистика ғ ылымындағ ы кө птеген ұ ғ ымдардың негізгісі «дү ниенің тілдік бейнесі» теориясының негізін В.Гумбольдт т.б. салса, одан ә рі дамытқ ан-Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян, А.Н.Леонтьев, Б.Касевич т.б. Батыс Еуропаның кө птеген универистеттерінде тіл мен танымды адаммен бір тұ тастық та қ арастыратын ғ алымдардың лингвист-антрополог деп аталуы кездейсоқ тық емес. Жоғ арыда кө рсетілгендей, адамның санасы, болмысы жә не рухани негіздерінің тығ ыз байланыстылығ ы, дә стү р жалғ астығ ы мен сақ талуы тек тілге тікелей катысты болып келеді. Ал адамның этностық ұ ғ ымда танылуы-белгілі бір қ оғ амдық -ә леуметтік ортада, ұ жымда қ алыптасқ ан танымның тілдегі кө ріністері мен осығ ан байланысты этнос болмысын оның тілі арқ ылы танып-білу мақ сатында туындағ ан тіл білімінің жаң а да дербес саласы-этнолингвистика деп аталады. «Тіл ә лемнің» табиғ аты мен болмыс бітімін жан-жақ ты зерттеу барысында жіктелген социолингвистика, психолингвистика, лингвомә дениеттану салаларынан этнолингвистиканың ерекшелігі, тұ тастық сипатын - академик Ә.Қ айдар атап кө рсеткендей, оның «этностың инсандық һ ә м дү нияуи табиғ атын тереннен танып білу ү шін басқ а емес, тек тіл феноменінің ө зіне ғ ана тә н ғ ажайып мү мкіншіліктері мен қ азына байлығ ын зерделеп мақ сат ететін ғ ылым» екендігінде (10).

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.