Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Протопластарды бөліп алу.






Протоплас – ферменттердің ә серімен немесе механикалық ә дістермен қ абығ ы тү гел жойылғ ан ө сімдік жасушасы. Ағ ылшын ғ алымы Э.Кокинг 1960-шы жылдардың басында жасушаның ішіндегі протопласты зақ ымдамай тірі кү йінде бө ліп алу ә дісін жете зерттеп дайындады. Ол қ ызанақ тамырларының ұ штарын, зең саң ырауқ ұ лақ тар ө сірген ортасына бө ліп шығ арғ ан гидролиздік ферменттерімен ө ң деп, протопластарды ферменттік ә дісімен бө ліп алды.

Ә детте тірі жасушада протопласт жасушаның қ абырғ асына орталық вакуольдің тургор, яғ ни кернеулік қ ысымымен тығ ыз жанасып тұ рады. Жасуша қ абығ ы арқ ылы плазмалеммамен қ оршалғ ан цитоплазмалық жің ішке жіпшелер ө теді, солар арқ ылы кө ршілес жасушалардың протопластары біріне-бірі жалғ асып жатады. Сондық тан жасуша қ абығ ын ферментпен еріткен кезде протопластарғ а зиян келтірмей жасушаларда плазмолизді жұ ргізеді. Осмотик ретінде сахароза, маннит, сорбит қ олданылады. Осы заттардың гипертониялық ерітінділері ә серінен вакуоль сусызданып жиырылып, протопласт кө лемі кішірейіп, соң ынан қ абық тан алшақ тайды. Кейде жасуша сопақ болғ анда протопласт плазмолиз кезінде екі бө лініп кетууі мү мкін. Сондай ядросы жоқ субпротопласт цитопласт деп аталады.

1968 жылы жапон ғ алымы Такебе темекі жапырағ ының мезофилл жасушаларынан протопластарды кө п мө лшерде алудың тиімді ә дісін жете зерттеп дайындады. Алдымен жапырақ ты 70%-тік этанолда стерильдейді, кейін 15-20 мин 10%-тік кальций гипохлоритінде ұ стап, дистильденген суда шайып алады. Астың ғ ы эпидермисті алып таста, жапырақ ты майда бө ліктерге кесіп, пектиназа ферментінің ерітіндісіне салады. Пектиназа жасушааралық қ абаттың заттарын ерітеді, яғ ни мацерация ө теді. Одан кейін объект целлюлоза ферментінің ерітіндісімен ө ң деледі, бұ л кезде целлюлозалық жасуша қ абығ ы біржолата жойылады. Фермент ерітіндісіне осмостық зат қ осылады. Осы ә діспен ә р тү рлі ө сімдіктердің ұ лпаларынан протопластар алынады. Қ азіргі уақ ытта протопластарды бө ліп алу ү шін ферменттердің қ оспасын пайдаланады. Бұ л қ оспаның қ ұ рамында ферменттердің ү ш тү рі болатын пектиназалар, целлюлозалар жә не гемицеллюлозалар. Олар жасуша қ абығ ының негізгі компоненттерін ыдыратады. Бұ л ферменттерді кейбір бактериялар мен саң ырауқ ұ лақ тар ө здерін ө сірген сұ йық ортағ а бө ліп шығ арады, сонымен қ атар оларды ұ лудың асқ орыту сө лінен бө ліп алады. Қ азіргі уақ ытта пектиназалық жә не целлюлазалық ә сері бар бірталай стандарттық ферменттер бар.

Ферменттік ерітінділерді арнайы сү згіден ө ткізу арқ ылы залалсыздандырады. Жасуша тү рлерінде қ ұ рылымы мен қ ұ рамы жағ ынан айырмашылық тары болғ андық тан, қ оданылатын ферменттердің комбинациялары мен мө лшерінің ара қ атынасы бірдей болмайды. Ә рбір ұ лпа ү шін ферменттердің қ ұ рамы, концентрациясы мен ара қ атынасы жә не ө ң деу уақ ыты бө лек іріктеліп алынады. Бө лініп алынғ ан протопластар ферменттік ерітіндіде мейлінше аз уақ ыт болуы керек, одан кейін ұ қ ыпты тү рде жуылуы қ ажет.

Протопластарды бө лу кезінде аэрацияның маң ызы зор. Сондық тан ортаны араластыратын жабдық тар қ олданылады немесе ферменттік ерітінді тү біне ғ ана қ ұ йылғ ан Петри табақ шасында бө ліп шығ арады. Протопластарды ала кө лең кеде немесе қ араң ғ ыда бө ліп алады. Ферменттік ерітіндіде инкубация уақ ыты ферменттердің ү йлесуіне, рН жә не температурағ а байланысты, 1-2 сағ аттан 15-16 сағ атқ а дейін барады. Ә рбір нақ тылы ұ лпа ү шін ең тиімді температурамен ө ң деу уақ ытын жеке іріктеп алу қ ажет. Температура ә р дең гейде болады, мысалы бидайғ а 14°С болса, қ ызанақ қ а 27°С.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.