Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Асқынулары






Соң ғ ы жылдары тілменің ә ртү рлі сипаттағ ы асқ ынулары анық талуда.

Ірің ді асқ ынулар (абсцесс, флегмона), жара, некроз жиі тілменің біріншілік тү рінде дамиды, ал рецидивті тү рінде тұ рақ ты лимфостаз жә не элефантиаз кездеседі. Сепсис жә не инфекциялық шокпен қ атар, терінің трофикалық жаралары пайда болады. Жергілікті асқ ынулар арасында жиі кездесетіні - терінің некроздануы.

Тілменің геморрагиялық тү рінде фиброзды – геморрагиялық экссудаттан тұ ратын буллезды элементтер негізінде терідегі кө лемді қ ан қ ұ йылулар нә тижесінде некроздану дамиды. Некроздану кө бінесе созылмалы венозды облитерлеуші атеросклерозы, қ ант диабеті жә не басқ а да перифериялық қ ан тамырларының ауруы бар науқ астарда жиі дамиды. Жиі кездесетін асқ ынуларғ а тері асты май қ абаттарында дамитын абсцесс, флегмоналар жатады. Абсцес аурудың 4-5ші кү ні кө рініс береді. Олардың алғ ашқ ы белгілеріне инфильтратты пальпациялау кезіндегі ауру сезімі, ү стіндегі шектелген тері гиперемиясы сақ талуы жатады. Кейіннен флюктуация байқ алады. Антибиотиктермен емдеуге қ арамастан жоғ арғ ы дене қ ызуы сақ талады.

Флегмоналар салыстырмалы сирек кездеседі. Сонымен қ атар, флебиттер жә не тромбофлебиттер тілме асқ ынуларының бірі болып табылады. Флебиттерді анық тау диагностикасы қ иындық туғ ызбайды. Асқ ынулардың даму жиілігіне байланысты, тілме дененің тө менгі аумақ тарында орналасқ анда науқ астарғ а антикоагулянттар тағ айындалады.

Терең қ ан тамырлардың тромбофлебитін анық тау қ иын. Тромбофлебитке кү діктенген жағ дайда диагностикалық мақ сатпен Opits Ramines (манжетка симптомы) сынамасы қ олданылуы мү мкін. Науқ астың аяқ тарын сә л бү гіп, шалқ асынан жатқ ызып, тізеден жоғ ары сфигмоманометр манжеткасын салып, 40 мм с.б мө лшерінде қ ысым туғ ызады. Егер терең қ ан тамырлар тромбофлебиті болса, қ ысымды ә рі қ арай жоғ арылатқ анда, балтыр жә не тізе асты аймағ ында ауру сезім анық талады. Қ ысымды тө мендеткенде ауру сезімі жойылады.

Тілмелік қ абынудың зардаптарына кө бінесе, аурудың созылмалы рецидивті ағ ымында кездесетін лимфостаз жә не екіншілік элефантиаз жатады. Пілділіктің жасушалық кө рінісіне бағ а беру 2 сатығ а бө лінеді: лимфодема жә не фибродема. Орналасуына байланыссыз пілділіктің екінші сатысы мынандай: лимфостаз (лимфодема) кезінде ісік жұ мсақ, терінің қ озғ алғ ыштығ ы сақ талғ ан, шандырмен жә не тері асты май қ абатымен жабыспағ ан болады. Фибродема кезіндегі ісік тығ ыз, ағ аш тә різдес, терінің басқ а қ абаттарына қ атысты жылжымалылығ ы байқ алмайды. Пілділіктің ұ зақ ағ ымында гиперкератоз, гиперпегментация, трофикалық жаралар, лимфорея дамиды.

Тілменің рецидивті дамуы бірнеше себептерге байланысты:

1. біріншілік жә не ерте тілме рецидивін толық дұ рыс емдемеу

2. тілме зардаптарының жә не айқ ын кө ріністі қ алдық тарының болуы

3. периферия бұ зылысына жә не инфекцияның тү суіне жол беретін ұ зақ ағ ымды созылмалы тері ауруының болуы

4. созылмалы стрептококты инфекция ошағ ының болуы

5. лимфа жә не қ ан айналымының бұ зылуы

6. қ олайсыз жағ дайлары (тө ң у, ылғ алдану, терінің микрожарақ аттары т.б.).

7. интеркурренті ауралардың қ алыптасуы

Болжамы. Қ азіргі жағ дайда тілменің болжамы қ олайлы. Дер кезінде басталғ ан адекватты комплексті терапия науқ астардың айығ уына жеткізеді. Рецидивті тілме кезінді аурудың болжамы кө п факторларғ а байланысты: жасы, иммунитеттің кү ші, қ осымша аурулар: қ ант диабеті, қ ан тамырларының аурулары, стресстік жағ дайлар жә не т.б.

Салыстырмалы диагностикасы. Тілменің диагностикасы аурудың типтік клиникалық кө рінісіне негізделген: айқ ын интоксикация (дене температурасының жоғ арылауы, қ алтырау, ә лсіздік, бас ауыру) белгілерімен жедел басталуы, зақ ымдалғ ан аймақ та ауру сезімі, айқ ын шектелген эритеманың болуы.

№ 28 кесте

Науқ аста эритема болғ андағ ы диагностикалық ізденіс алгоритмі

 

Эритема

Қ ызба бар ма? (38 º С-тан жоғ ары) жоқ Терілік аурулар

Иә

Біріккен дақ тар тү ріндегі экзантема   Қ абыну ошақ тарындағ ы тері гиперемиясы

Иә Иә

Ірі буындар жә не жамбас аумақ тарында бө ртпенің қ оюлануы Қ ол басының жә не буындар аумағ ындағ ы қ абыну

Иә Иә Да Да Да

Розенбергтің жұ қ палы эритемасы   Эризепелоид

 

Беттегі «кө белек» тә різді фигура Терінің инфильтрациясы жә не қ абынуы дамиды

Иә Иә

Чамердің жұ қ палы эритемасы   Тілме

 

Экзантема біріккен дақ тардан, папулалардан, кү лдіреуіктерден, кө піршіктерден тұ рады Жара тү зіледі

Иә Иә

Кө птү рлі экссудативті эритема   Тү йнеменің терілік тү рі

 

Басқ а жерде орналасқ ан эритема   Созылмалы ағ ым

Иә Иә

Ажыратылмағ ан жұ қ палы эритема   Жү йелі қ ызыл жиек (волчанка)

 

№29 кесте

Науқ аста буллезді экзантема болғ андағ ы диагностикалық ізденіс алгоритмі.


Буллезді экзантема


  Жоғ ары қ ызба. Улану белгілері.       Жұ қ палы ауру жоқ, дерматологтың кең есі қ ажет.

 

Кө піршіктердің орнында қ ара тү сті струпы бар жара пайда болады.     Тү йнеменің буллезді тү рі.

Гиперемияланғ ан терідегі кө піршіктер, шеткі қ абы белдігі.     Тілменің буллезді тү рі  

 

Дене бойындағ ы полиморфты бө ртпе (папулалар, дақ тар, кө піршікер).       Полиморфты экссудативті эритема

Аурудың ауыр ағ ымы, шырышты қ абаттардың кө птеген эррозивті зақ ымдалулары.       Стивенс –Джонсон синдромы  

Аурудың ө те ауыр ағ ымы, гиперемияланғ ан терідегі ү лкен кө піршіктер, эпидермиса сылынуы.     Лайел синдромы

 

Эризипелоид. Ауруғ а кә сіптілік тә н (ет ө ндіретін жә не балық ө ндіріс орындарының жұ мысшылары, малшылар, балық шылар, мал дә рігерлері) ірі қ ара малдың, шошқ аның, балық етін тұ рмыста ө ң деу кезінде жұ қ тырады. Алақ ан мен саусақ тардың ішкі беткей терісі зақ ымдалады. Ауру жергілікті кө ріністерімен жеделдеу ө теді (ауру, қ ышу сезімдері). Ауру 1-2 см болатын айқ ын қ ызыл ісінген табақ тарды саусақ жә не білезік аймақ тарында пайда болуымен басталады. 3-5 кү н арасында эритема бү кіл саусақ немесе білезіктің алақ андық беткейіне жайылып, бү кіл саусақ аралық буындар аймағ ын қ амтиды. Эризипелоид кезіндегі эритема тү сін ө згертеді: алғ ашында анық қ ызыл тү сті, кейінірек ортасына қ арағ анда шеткі бө лігі айқ ын цианоздалғ ан. Тілмеге қ арағ анда эризипелоидтағ ы ісіну айқ ын емес. Эритема аймағ ындағ ы жергілікті тері температурасы ө згермеген немесе сау теріге қ арағ анда аздап жоғ арылағ ан. Жалпы интоксикациялық симптомдар айқ ын емес: субфебрильді температура, ә лсіз бастың ауыруы, жең іл селқ остық.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.