Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Алдын-алу шаралары.






1. Аурудың кө зіне қ арсы шаралар - кеміргіштермен, қ аң ғ ыбас иттермен кү рес жү ргізу шараларын іске асыру, лептоспирозбен ауырғ ан ауылшаруашылық жануарларына дер кезінде ем жү ргізу.

2. Аурудың берілу жолдарын ү зу – шикі суды ішуден, жануарлар жайылатын аймақ тардағ ы ағ ымы жоқ суаттарда шомылудан сақ тану керек. Лептоспироздың табиғ и ошақ тары, яғ ни бө геттердің, қ ұ дық тардың тазалығ ын қ атаң сақ тау, жұ мысшыларды арнайы киімдермен қ амтамасыз ету.

3. Ауруды жұ қ тыруғ а бейім келетін кә сіп иелеріне лептоспирозғ а қ арсы егу шараларын жү ргізу (вакцинация).

АУСЫЛ (ЯЩУР, APHTAE EPIZOOTICAE)

Аусыл – пикорнавирустармен қ оздырылатын, қ ызбамен, интоксикациямен, мұ рын мен ауыздың шырышты қ абығ ының, саусақ арасы жә не тырнақ ернеуіндегі терінің везикулезді-эрозиялы қ абынуымен сипатталатын жедел зоонозды жұ қ палы ауру.

Бұ л ауру ә лемнің барлық елдерінде кездеседі.

Тарихи мә ліметтер. Хайуандардың аусылы туралы алғ аш рет италиялық дә рігер Д.Фракасторо 1546 ж. жазғ ан. Адамдардың аусылмен ауыратыны 1746 жылдан белгілі. Ф.Леффлер мен П.Фрош 1897 ж. аусылдың қ оздырғ ышы бактериальды фильтр арқ ылы ө тетінін анық тады. Аурудың вирусты этиологиясы дә лелденген.

Этиологиясы. Қ оздырғ ышы Rhinovirus тұ қ ымдастығ ына, Picornaviridae тегіне жатады. Бұ л ө те ұ сақ вирус, вирионның кө лемі – 8 - 20 нм, қ ұ рғ ату мен мұ здатуда жақ сы сақ талады, спирт пен эфирге сезімталдығ ы ә лсіз. Қ ыздырғ анда тез жойылады. Антигендік қ асиеті бойынша аусыл вирустары 7 типке бө лінген (А, О, С, САТ, САТ2, САТ3, Азия), олардың ә рқ айсысы кө птеген варианттарғ а бө лшектенген, қ азір олардың 60-тан кө бірегі белгілі болып отыр. Вирус жоғ ары вирулентілігімен жә ае дерматроптылығ ымен ерекшеленеді.

Эпидемиологиясы. А урудың кө зі - сырқ аттанғ ан жануарлар, ә сіресе ірі қ ара мал, шошқ а, қ ой, ешкі. Аусыл жануарлардың арасында кең таралғ ан инфекция. Ауру эпизоотия тә різді ө теді. Ауруғ а жас жануарлар сезімтал. Ауру ө те ауыр тү рде ө тіп, жоғ ары ө лім-жітімділігімен сипатталады. Вирус сырқ ат жануардың ағ засынан, яғ ни сілекей, сү т, нә жіс, зә р арқ ылы бө лінеді. Вирус сыртқ ы ортада ұ зақ уақ ыт сақ талады (2-3 ай). Сү тте вирус 25-30 сағ ат (тоң азытқ ышта-10 кү нге дейін), майда, егер тоң азытқ ышта болса - 45 кү нге дейін сақ талады. Ал тұ здалғ ан ет пен шұ жық та - 50 кү н, киімде-100 кү нге дейін сақ талатыны белгілі.

Аурудың берілу жолы - алиментарлы. Адам шикі сү т ө німдерін, сирек ауру малдың етін қ абылдағ анда жұ қ тырады. Аусыл кә сіптік ауру ретінде контактілі жол арқ ылы мал шаруашылығ ында жұ мыс істейтін адамдарғ а жұ ғ ады. Ауру жануарлармен контакта болғ ан адамдар, балалар жә не мал шаруашылығ ында жұ мыс істейтіндер жиі ауырады. Соның ішінде сауыншылар, бұ зау бағ ушылар, малшылар, бақ ташылар, ет комбинатында жұ мыс істейтіндер, мал дә рігерлері мен зоотехниктер аусылғ а кө п шалдығ ады. Адам ағ засына вирус терінің аздағ ан жарақ аты жә не де кө з, мұ рын, ауыздың шырыш қ абық тары арқ ылы енеді. Ауру адамнан адамғ а берілмейді.

Патогенезі. Адам ағ засына тү скен вирус шырышты қ абаттардың эпителий жасушаларында немесе терінің эпидермальды клеткаларында кө бейеді, сонымен кө піршік тә різді ісіну реакциясы пайда болады. Одан ә рі вирус қ анғ а тү седі. Вирустың диссеминациясы екіншілік кө піршіктердің қ ұ рылуымен (ерінде, мұ рында, тілде) қ абаттаса жү реді. Вирус терінің жің ішке қ ан тамырларында кідіріп, қ ол жә не аяқ саусақ тарының арасындағ ы теріде афталардың пайда болуын тудырады.

Вирустың енген жерінде біріншілік афта, немесе біріншілік аффект дамиды, қ анғ а ө ткен вирус гематогенді жолмен бү кіл организмге тарайды. Одан ә рі екіншлік афталар жә не теріде везикулезді элементтер пайда болады. Вирусемия кезінде дене қ ызуы кө теріліп, ағ заның улануы байқ алады.

Клиникалық кө ріністері. Жасырын кезең –2-12 кү н (жиі 3-8 кү н). Ауру жедел басталады. Бұ л кезде қ алтырау, бұ лшық еттердің ауыруы, дене қ ызуы кө теріліп, аурудың 1-ші кү нінің аяғ ында немесе 2-ші кү ні дене қ ызуы жоғ арғ ы дең гейге жетеді. Қ ызба 38-40°С дейін кө теріліп, 5-6 кү н бойы сақ талады. Аурудың 1-ші клиникалық белгілері пайда болғ аннан 1-2 кү н ө ткен соң, ауыз қ уысының шырышты қ абық тарында ісіну ө згерісі байқ алады: ауыздың уылуы, дуылдауы, еріннің, қ ызыл иектің, жұ тқ ыншақ тың, жақ тың шырыш қ абық тарын қ ан кернеу, тілдің ісінуі. Осыдан кейінгі 1-2 кү ннен соң тілдің шетінде, қ ызыл иекте, таң дайда, еріндерде тары дә нінен ірі бұ ршақ кө леміне жететін бө ртпелер шығ ады. 2-3 кү ннен кейін везикулалар жоғ алып, оның орнында эрозия немесе жаралар қ алыптасады. Афталар тілде, қ ызыл иекте, таң дайда, кейде мұ рынның шырышты қ абық тарында, қ ынапта орналасады.

Балаларда аусыл жедел гастроэнтеритті тудыруы мү мкін. Кейбір науқ астарда бө ртпе теріге, ә сіресе қ олдың, табанның, тобық, ауыздың айналасына шығ ады. Бө ртпе кезең і 1 аптағ а жуық созылады. Ауруды бірнеше айғ а дейін ұ зартатын жаң а бө ртпелердің шығ уы да мү мкін. Науқ астардың жұ тқ ыншағ ы ауырып, ө те мол сілекей бө лінеді (тә улігіне 4-5 л), тілдің кө лемі едә уір ү лкейеді. Кейбір науқ астарда шырыштар мен теріде кө піршікті бө ртпелердің қ айталануы мү мкін. Аурудың ауыр ө ткен жағ дайларында мойынғ а, кеуде мен арқ ағ а геморрагиялық бө ртпе жә не дақ ты-папулезді бө ртпелердің шығ атыны белгілі.

Аусылдың қ абылданғ ан жалпы клиникалық жіктелуі жоқ.

Ә детте келесідегідей клиникалық тү рлері бө лінген:

1) терілік, саны аз афтталар тек теріде анық талады. Бұ л тү рі жиі кездеседі;

2) шырышты, оның негізгі кө рінісі афтозды стоматит;

3) терілік-шырышты, тым жиі кездеседі, шырышты қ абық тардың (ауыз қ уысы, кө з) жә не терінің (кө бінесе саусақ тұ стары) зақ ымдануымен сипатталады.

Диагностикасы. Аусылды анық тау қ иындық тудырмайды. Есте сақ талатыны - науқ астардың тең жартысында ауру тек афтозды стоматит кө рінсе, ал кейбір жағ дайларда тек терінің зақ ымдануымен ғ ана байқ алады.

Лабораториялық анық тау ү шін КБР жә не ТГАР қ олданылады. Тең із шошқ алары мен басқ а да жануарларғ а биологиялық сынама қ олданылады.

Дифференциальды диагнозды 1-ші кезекте афтозды стоматитпен жү ргізу керек, ол кө біне кішкентай балаларда кездеседі. Аусылдан айырмашылығ ы: бұ л кезде жоғ арғ ы дене қ ызуы да, терінің зақ ымдануы да болмайды, ауыз қ уысынан басқ а шырыштар зақ ымданбайды, бірақ жаралар аусылғ а қ арағ анда тым терең болады, олар ешқ ашан ө з ара қ осылмайды, олардың тү бі ақ қ абық пен жабылғ ан болады.

Кө п ретте шешекпен дифференциальды диагнозды жү ргізу керек, бірақ онда кө піршіктер кө бінесе кеудеге, бастың шашты бө лігіне орналасады, алайда қ олдың білезіктері мен табандарда болмайды.

Болжамы жағ ымды.

Емдеуі. Науқ асты ауруханағ а жатқ ызып, аурудың жедел білінуі басылғ анғ а дейін оң аша жатқ ызу керек. Науқ асқ а ұ қ ыпты кү тім керек. Тамақ жартылай майлы, қ оздырмайтын болуы қ ажет, тамақ ты ішер алдында науқ асқ а 0, 1 г анестезинді беруге болады. Ауызды шаю ү шін сутегі тотығ ының ерітіндісін (3%), калий перманганатын (0, 01-0, 1%) қ олданады.

Этиотропты терапия жете зерттелінбеген. Ауыз қ уысын кү тіп, афттыларды вирустарғ а қ арсы мазьдармен (оксолин, теброфен, интерферон жә не басқ а) майлау керек.

Лейкоцитарлы интерферон, РНКаза ерітінділірін қ олдануғ а болады. Эпителизация

процестерін кү шейту ү шін гелий-неонды лазер, УФО, аэрозольды препараттар (пантенол, левовинизоль, винизоль) тағ айындалады.

Антибиотиктерді екіншілік бактериальды инфекция қ осылғ ан жағ дайда қ олдану керек.

Патогенетикалық емге интоксикациямен кү ресу, десенсибилизация жатады.

Алдын алу шаралары. Ауру жануарлармен жұ мыс істеуші адамдардың арнайы жұ мыс киімі болуы керек. Сү тті, етті міндетті тү рде ә бден термиялық ө ндеу қ ажет. Аусылмен ауырғ ан ү й жануарларымен кү рес жү ргізу (вакцинация, карантин шаралары, дезинфекция). Шикі сү т ө німдерін пайдалануғ а тиым салынады.

МАҢ Қ А (САП)

Анық тамасы. Маң қ а- Pseudomonas maelli қ оздыратын, жедел септикалық жә не созылмалы тү рлерінде ө тетін, ә ртү рлі мү шелермен тіндердің, терінің, шырышты қ абаттардың арнайы зақ ымдалуымен сипатталатын зоонозды жұ қ палы ауруы.

Тарихи мә ліметтер. Манқ а ескі заманнан белгілі ауру. ХVIII ғ асырда адамның жылқ адан манқ аны жұ қ тырғ аны туралы алғ аш рет жазғ ан. 1882 ж. V. Babes науқ астан бө лінген ірің де манқ аның таяқ шасын анық тағ ан. Бір жылдан кейін қ оздырғ ышты манқ адан ө лген жылқ ыдан бө ліп алғ ан. Н.П. Васильев 1883 ж. манқ аның қ оздырғ ышын науқ астың қ анынан бө ліп алғ ан. 1891 ж.Х.И.Гельман жә не О.И.Кальнинг манқ аны маллеин сынамасы арқ ылы анық тау ә дісін ұ сынғ ан.

Этиологиясы. Маң қ аның қ оздырғ ышы Pseudomonas mallei - грам теріс таяқ шалар, кө лемі 0, 5 – 1, 0 мкм, оларғ а полиморфизм тә н, L-тү ріне ауысуы бейім. Қ оздырғ ыш ыдырағ анда эндотоксин (маллеин) бө лінеді. Глицерин қ осылғ ан қ арапайым ортада ө седі. Сыртқ ы ортада тұ рақ сыз, бірақ қ олайлы жағ дайларда: суда, ылғ алды жерде 1 ай сақ талады. Қ ыздыруғ а тө зімсіз, дезинфектанттарғ а сезімтал.

Эпидемиологиясы. Аурудың кө зі жә не резервуары маң қ амен ауыратын жылқ ылар, тү йелер, жыртқ ыштар (жолбарыс, арыстан жә не т.б.). Жануарларда ауру жедел жә не тері мен шырышты қ абатарының зақ ымдануымен сипатталатын созылмалы тү рлерінде ө теді. Адам ауру жылқ ылардын контактілі жол арқ ылы жұ қ тырады. Ауру жануарлар қ оздырғ ышты мұ рын, жаралардың бө лінділері арқ ылы қ оршағ ан ортамен заттарды залаладайды. Аурудан ө лген малдың терісімен еті қ ауіпті.

Сирек ауру алиментарлы жолмен залалданғ ан су арқ ылы беріледі. Зерттханада аэрогенді жол арқ ылы берілу мү мкін. Ө те сирек жағ дайда аурудың кө зі науқ ас адам болуы мү мкін.

Манқ амен жиі кә сіптік топтар аурады: ветеринарлар, малшылар. Аурушылдық жылдың суық мерзімінде жиі кездеседі.

Патогенезі. Маң қ аның қ оздырғ ышы адам организміне зақ ымдалғ ан тері жә не шырышты қ абаттар: жиі мұ рын, кө з жә не тыныс жолдары арқ ылы енеді. Енген жерде гранулема қ алыптасуымен қ абыну процессін тудырады. Гематогенді жә не лимфогенді жолмен ә ртү рлі ағ заларғ а жайылып, гранулемалардың дамуына ә келеді. Аурудың жедел ағ ымы кезінде ішкі ағ заларда жә не бұ лшық еттерде метастатикалық абсцесстер қ алыптасады, ірің ді остеомиелит жә не артриттер. Теріде жә не шырышты қ абаттарда пустулезді бө ртпелер дамиды. Маң қ аның созылмалы ағ ымы кезінде тү йіндерде пролиферативті кө ріністер байқ алады. Ішкі ағ заларда абсцесс, полиартриттер, созылмалы сепсис дамиды. Ө кпеде карнификация, пневмосклероз, бронхоэктаз, созылмалы абсцесс дамиды.

Клиникалық кө ріністері. Клиникалық ағ ымы бойынша жедел жә не созылмалы тү рін ажыратады. Маң қ аның жедел тү рінде жасырын кезең і 1-5 кү н. Бастапқ ы кезең де қ алтырау, дене қ ызуы 38, 6-39, 5°С кө теріледі. Аурудың жалпы белгілеріне бас ауыру, бұ лшық ет, буындардағ ы ауыру сезім, ә лсіздік жатады. Инфекцияның кірген жерінде дақ пайда болады, сосын ол қ ызыл-кү рең тү сті папулағ а ауысады, сосын серозды-ірің ді бө лінділерімен сипатталатын пустулағ а аусады, нә тижесінде жара пайда болады. Қ оршағ ан тері ісініп қ ызарады, тілмеге ұ қ сайды. Жаралардың тү бі майлы сияқ ты болады, ірің ді бө лінділермен, тегіс емес, жарадан кө терінкі шеттерімен ерекшеленеді. Аймақ тың лимфангит жә не лимфаденит дамиды. Ауру жедел ө ршиді. Аурудың 5-7 кү ні дене қ ызуы аз уақ ыт тө мендейді де, кейін қ айтадан жоғ арғ ы санғ а дейін жоғ арылайды. Теріде, ауыздың шырышты қ абатында жә не мұ рында кө бейген екіншілік папулалар пайда болады, олар пустулағ а, жарағ а аусады. Мұ рыннан шырышты ірің ді жасыл тү сті бө лінділер бө лінеді. Ө кпеде қ алыптасқ ан гранулемалар нә тижесінде кеудеде ауыру сезімі, жө тел шырышты-қ анды қ ақ ырық бө лінеді.

Жедел маң қ аның терминальды кезең інде ірің ді артрит (жиі тізе, шынтақ буындары зақ ымданады), бұ лшық еттер абсцесінің ө зіндік жарылуы болуы мү мкін.

Манқ ағ а ө кпенің зақ ымдануы тә н: плевропневмония, ө кпе абсцесстері. Науқ астың іші тоқ таусыз ө туі мү мкін.

Жү рек шекаралары кең ейіп, тондары тұ йық талады, пульс жиілейді. Бауыр мен кө к бауыр ұ лғ аяды. Шеткі қ анда нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғ арылайды.

Жедел тү рі 1-2 аптаң ың ішінде науқ астың ө ліміміен аяқ талады.

Маң қ аның созылмалы тү рінде барлық белгілер біртіндеп дамиды. Аурудың терілік, ө кпелік, мұ рындық тү рлері бар. Ұ зақ тығ ы бірнеше айдан 3 жылғ а дейін созылады.

Терілік тү рі жиі кездеседі. Жаралар баяу дамиды, майлы сарғ ыш ірің ді бө лінділерімен сипатталып, қ атты терең тыртық қ а аусады. Бұ лшық ет арасында абсцесстер дамып, олар тесіледі, свищ пайда болады. Бө лінділерде манқ аның қ оздырғ ышы анық талады.

Ө кпелік тү рі плевропневмония мен бұ лшық еттерінің абсцесстерімен сипатталады.

Мұ рынның шырышты қ абық шалары зақ ымданғ анда сары, жасыл тү сті ірің ді бө лінділер, терең жаралар кө мей, кең ірдекке дейін таралады.

Аурудың созылмалы тү рінде айқ ын интоксикация, ұ зақ жоғ ары қ ызба дамиды. Науқ астарда ә лсіздік, кахексия қ алыптасады. Екіншілік инфекция қ осылады.

Ө лім-жітімділігі жедел тү рінде -100%, созылмалы тү рінде - 50 %.

Диагностикасы. Ауруғ а тә н клиникалық кө ріністер анық талғ анда эпидемиологиялық анамнез жинау керек. Лабораториялық диагностика - бактериологиялық, серологиялық, биологиялық ә дістер қ олдану арқ ылы жү ргізіледі.

Бактериологиялық зерттеуге алынатын материалдар –жарадан бө лінділер, қ ақ ырық, қ ан.

Серологиялық ә дістер: АР, КБР, ТЕГАР. Аллергиялық сынама жылқ ыларда қ олданылады.

Емдеуі. Міндетті тү рде ауруханағ а жатқ ызу. Этиотропты препараттарғ а сульфаниламидтер (сульфатиозол 5-6 г\тә улігіне) жә не антибиотиктер (тетрациклин, хлорамфеникол, канамицин, рифампицин, ципрофлоксацин, офлоксаин) жә не олардың комбинациясы жатады. Оларды 25-30 кү н тағ айындау қ ажет.

Патогенетикалық терапия: кристаллоидты жә не коллоидты ерітінділер.

Симптоматикалық терапия. Жараның жазылуын жақ сарту ү шін жә не бұ лшық ет, буындардан ауыру сезімін басу ү шін ультра кү лгін сә улесі қ олданылады. Абсцесс кезінде хирургиялық емдеу.

Алдын алу шаралары. Санитарлық жә не эпидемияғ а қ арсы санитарлық ұ йымдар жү ргізу. Науқ ас адамды жеке палатағ а жатқ ызу. Қ ызметкерлер арнайы сақ танатын костюмдермен жұ мыс жасау. Қ атаң гигиеналық режим. Маң қ аның арнайы алдын-алуы жоқ.

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.