Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сөз таптары






Зат есім (имя существительное)

Заттың атын білдіретін сө з табын зат есім дейміз. Сұ рағ ы: Кім? Кімдер? Не? Нелер?

Зат есім мағ ынасына қ арай: деректі зат есім, дерексіз зат есім; жалпы есім, жалқ ы есім болып бө лінеді.

Кө зге кө рінетін, денеге сезілетін, нақ тылы тануғ а болатын зат есімді деректі зат есім дейміз. Мысалы: мектеп, қ алам, ү й, бала, ұ стаз, табиғ ат, тау, ө зен, су. Кө зге кө рінбегенмен, адамның ойлауы нә тижесінде ғ ана танылатын зат есімді дерексіз зат есім дейміз. Мысалы: Алғ ашқ ы махабат, ой, арман, тә рбие, қ иял.

Біркелкі кө птеген заттардың жалпылама атын кө рсететін зат есімді жалпы(нарицательные) есім дейміз.Мысалы: облыс, аудан, қ ала, кө ше, мектеп, кө л, тау, газет, журнал.

Кө птеген заттың ішінен дараланғ ан жеке нә рсенің арнаулы атын білдіретін сө здерді жалқ ы (собственные)есім дейміз.Жалқ ы есімдер бас ә ріппен жазылады. Мысалы: Алматы, Анар, «Айқ ын» газеті, Алакө л, Каспий, «Жұ лдыз» журналы.

Тұ лғ асына қ арай: негізгі зат есім, туынды зат есім болып екіге бө лінеді. Негізгі (непроизводные) зат есім тек тү бірден болады. Мысалы: сурет, кітап, газет, бө рік, сә укеле, шапан, тақ ия.

Туынды (производные) зат есім тү бірге жұ рнақ жалғ ану арқ ылы жасалады. Мысалы: ә депті, оқ ушы, суретші, жазушы, мә дениетті. Туынды зат есім жасайтын жұ рнақ тар екіге бө лінеді.

Есімдерден зат есім тудырушы жұ рнақ тар:

Жұ рнақ тар Мысалдар
-шы, -ші Жазу+шы, сурет+ші, балық +шы
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік кісі+лік, дос+тық, адамгерші+лік.
-шық, - шік Ойын+шық, қ ап+шық.
-шақ, -шек, - ша, -ше қ ұ лын+шақ, кітап+ша, бала+ша, орыс+ша.
-лас, -лес, -дас, -дec, -mac, -тес Ат+тас, қ алам+дас, сынып+тас, ауыл+дас, қ аарын+дас.
-стан Қ азақ +стан, Тү ркмен+стан
-ылдырық, -ілдірік, -кер-, гер кө з+ілдірік, ө міл+дірік, қ ызмет+кер, іс+кер, дә рі+гер.

Етістіктен зат есім жасайтынжұ рнақ тар:

Жұ рнақ тар Мысалдар
-ма, - ме, -ба, -бе, -па, -пе, -мақ, -мек Кезбе, кеспе, таспа, маспа.  
-ым, -ім, -м Алым, салым, кү зем, қ иқ ым.  
-ыс, -іс, -с Айтыс, таныс, тартыс, кү рес.  
-қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек Қ айғ ақ, жайпақ, қ айрақ, кү рек.  
-қ ыш, -кіш, -ғ ыш, -гіш Сызғ ыш, ө шіргіш, сыпырғ ыш, ұ шқ ыш.  
-ыш, -іш Ө лшеуіш, бастауыш, баяндауыш, толық тауыш, пысық тауыш.  
- уік, -ар, -аң, - ең Тістеуік, сө зуар, тозаң, кө лденең  

Зат есімқ ұ рамына қ арай дара жә не кү рделі болып екіге бө лінеді. Дара (простые) зат есімге тү бір жә не туынды зат есімдер жатады. Мысалы: қ ұ мыра, қ амшы, домбыра, қ обыз, бө рік, асық.

Кү рделі (сложные) зат есім екі немесе одан кө п тү бірден қ ұ ралғ ан зат есімненболады. Оғ ан біріккен сө з, қ ос сө з, тіркес сө з, қ ысқ арғ ан сө здер жатады.

Біріккен (сращенно-слитные) зат есім: Екібастұ з, Кө кшетау, Жаң атас, кемпірқ осақ, Алакө л т. б.

Қ осарланғ ан (парные)зат есім: ата- ана, ү гіт-насихат, бақ а-шаян, бала-шағ а, қ ұ рт-қ ұ мырсқ а т. б.

Тіркескен (словосочетания)зат есім: ауыл шаруашылық, балалар бақ шасы, кү н тә ртібі, сары май т.б.

Қ ысқ арғ ан(сложно-сокращенные) зат есім: Қ азМУ, медколледж, ұ жымшар, Қ Р, АҚ Ш, БАҚ, Ұ БТ т. б.

Сын есім (имя прилагательное)

Заттың тү рін, сипатын, сынын, тү рін, кө лемін, сапасын, дә мін білдіретін сө зді сын есім дейміз. Сұ рағ ы: Қ андай? Қ ай?

Сын есім заттың мынандай белгілерін білдіреді:

Заттың тү рін, тү сін білдіреді: ақ, қ ара, кө к, сары, қ оң ыр, қ ызыл, қ ұ ла, кү рең, қ ұ ба т.б.

Заттың кө лемін, аумағ ын, салмағ ын білдіреді: ауыр, жең іл, тap, ұ зын, қ ысқ а, алыс, жақ ын т.б.

Заттың дә мін, иісін, басқ а да белгілерін білдіретін сө здер: ащы, тұ щы, кермек, тә тті, кү лімсі, суық, жылы т.б.

Заттың сипаты мен сапасын білдіретін сө здер: нашар, ә депті, білгіш, қ орқ ақ, мақ таншақ, зерек, ү ркек, ө ткір, қ у, елгезек, жалқ ау, сө зуар, батыл, сотқ ар, сыпайы, тә уір т.б.

Тұ лғ асына қ арай: негізгі сын есім, туынды сын есім деп бө лінеді. Ешбір жұ рнақ сыз тү бір кү йінде айтылатын сын есімді негізгі сын(непроизводные) есім дейміз. Мысалы: ақ, таза, жақ сы, терең, ү лкен, кө к, аласа, биік, тар, сары, кең, жылы, ауыр, тығ ыз.

Жұ рнақ арқ ылы жасалғ ан сын есімді туынды(производные) сын есім дейміз.

Мысалы: тазалау, жастау, ө нер+лі, су+сыз, кө тер+ің кі, бала+лы, жалп+ақ, ас+палы.

Туынды сын есім жасайтын жұ рнақ тар екі тү рге бө лінеді: есім сө здерден сынесім тудыратын жұ рнақ тар, етістіктен сын есім тудыратын жұ рнақ тар.

Есім сө здерден сын есім тудыратын жұ рнақ тар:

-қ ы, -кі, -ғ ы, -гі; женелі, қ ысқ ы, жазғ ы, кү згі.

-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті; таулы, денелі, ә депті, кү шті, қ арлы, дә мді.

-сыз, -сіз; шексіз, елсіз, сусыз, дә мсіз, тұ зсыз.

-шыл, - шіл; уайымшыл, ү немшіл.

-дай, -дей, -тай, -тей; таудай, айнадай, кү ндей, жібектей.

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік; аудандық, облыстық, орталық, қ алалық.

-шаң, -шең; кө йлекшең, сө зшең, ашушаң.

-қ ой, -қ ор, -паз, -ымпаз, -імпаз; ә зілқ ой, сә нқ ой, кә сіпқ ой, жемқ ор, ө нерпаз, білімпаз, сө йлемпаз, жағ ымпаз.

-и; тарихи, мә дени, саяси, рухани, ә деби, ә скери.

Етістіктен сын есім жасайтын жұ рнақ тар:

-ақ, - ек, -ық, -ік, -к, -қ; сынық, жабық, ашық, сирек, ісік.

-ың қ ы-, ің кі, -ң қ ы, -ң кі; басың қ ы, ісің кі, кө терің кі.

-ынды, -інді, -нды, -нді; туынды, жаттанды, жасанды.

-малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі; ауыспалы, таң дамалы, серіппелі, бү рмелі.

-шақ, - шек; қ ызғ аншақ, тү ртіншек.

-қ ыш, -кіш, -ғ ыш, -гіш; сенгіш, сезгіш, тапқ ыш, тоң ғ ыш.

-ымды, -імді, -мды, -мді; жарамды, сенімді, тиімді, қ онымды.

-улы, -улі; ерттеулі, жинаулы, бү ктеулі..

-қ ақ, -кек, -ғ ақ, -гек; жабысқ ақ, тоң ғ ақ, майысқ ақ.

-ағ ан, -еген; сү зеген, қ абағ ан, қ ашағ ан.

-ма, -ме, - ба, -бе, -па, -пе; қ ызба, бө спе, даурық па, қ ұ рама.

Еліктеу сө зден сын есім тудыратын жұ рнақ;

-ыр, -ір; жылт+ыр, былд+ыр, былб+ыр

Қ ұ рамына қ арай: дара сын есім жә не кү рделі сын есім болып екіге бө лінеді. Дара (простые)сын есімдерге тү бір жә не жұ рнақ арқ ылы жасалғ ан сын есімдер жатады. Мысалы: аласа, аласалау, қ онымды, сү йкімді, сары, биік, тү нгі, сұ лу, қ оң ыр. Кү рделі (сложные)сын есімдерге сө з тіркесінен жә не қ осарланып жасалғ ан сын есімдер жатады.Мысалы: сары ала, ө ткір кө зді, жақ сы-жаман, биік-биік, алыс-жақ ын. Аппақ, кө кпең бек дегендер кү рделі сын есімге жатады, бірақ бірге жазылады.

 

Мағ ынасына қ арай сапалық сын есім жә не қ атыстық сын есім болып бө лінеді.

Сапалық жә не қ атыстық сын есімдер

Заттың тү р-тү сін, сыр-сипатын, сапа белгісін білдіретін сын есімді сапалық (качественные) сын есім дейміз. Мысалы: жең іл, ауыр, ыстық, суық, ұ зын, қ ысқ а, биік, аласа.

Белгілі бір заттың сын-сипатымен белгісін басқ а бір заттың қ атысы арқ ылыбілдіретін сын есімдер қ атыстық (относительные) сын есім деп аталады. Қ атыстық сын есімдерге есімдерден, етістіктен жасалғ ан сын есімдер жатады.Мысалы: жібектей, қ ылдай, тұ зды, ақ шалы, балалы.

Сынесімнің шырайлары(степень сравнения прлагательных)

Бір тү рлі сынның ә р тү рлі дә режеде болатынын білдіретін сын есім тү рін сын есімнің шырайы деп атаймыз.Сын есімнің екішырайы бар: салыстырмалы шырай, кү шейтпелі шырай.

Салыстырмалы (сравнительная)шырай заттың сынын екінші бір сынмен салыстыру арқ ылы бірінен - бірінің не артық, не кем екенін білдіреді Мысалы: кө кшіл, кө гірек, кө ктеу, кө гілдір.

Жасалу жолы:

-рақ, -рек, -ырақ, -ірек; сарырақ, кішірек, қ ызылырақ, ү лкенірек.

-лay, -леу, -дay, -деу, -тay, -теу; сарылау, кішілеу, қ оң ырлау, жасылдау, биіктеу, пысық тау.

-қ ыл, - ғ ыл-, қ ылт, -ғ ылт, -қ ылтым, -ғ ылтым; бозғ ыл, бозғ ылт, бозғ ылтым.

-шыл, - шіл, -шылтым, -шілтім; ақ шыл, ашқ ылтым, кө кшіл, кө кшілтім.

-аң, -қ ай, -ғ ыш, -ілдір; бозаң, қ уаң, қ оң ырқ ай, сарғ ыш, кө гілдір.

Кү шейтпелі (превосходная)шырай заттардың біркелкі сапа дә режесінің не ө те артық, не ө те кем екенін кө рсететін сын есімнің тү рі.Кү шейтпелі шырай кү шейткіш буын арқ ылы жә не аса, ө те, тым, тіпті, нағ ыз, ең, орасан сияқ ты кү шейткіш ү стеулердің тіркесуі арқ ылы жасалады.

Мысалы: жап-жақ сы, қ ап-қ ара, ә п-ә демі, сү п-сү йкімді, аса ү лкен, тымкішкене, ө те ауыр, ең жақ сы, орасан зор т.б.

Сын есім кө птік, септік, тә уелдік жалғ ауларында тұ рып, зат есімнің орнына жұ мсала береді.Мұ ндай сын есімдерді заттанғ ан сын есім дейміз.(Ө зі сын есім бола тұ ра, зат есімнің сұ рағ ына жауап береді). Мысалы: ә дептіге елікте, ә депсізден жирен. Бұ л мысалда ә дептіге, ә депсізден деген сын есімдер қ андай? деген сұ рақ қ а жауап беріп тұ рғ ан жоқ, олар кімге? кімнен? деген сұ рақ қ а жауап беріп, зат есімнің орнына жұ мсалып тұ р, яғ ни олар заттанғ ан сын есімдер.

 

Сан есім(имя числительное)

Заттың санын, мө лшерін, ретін білдіретін сө з табын сан есім дейміз. Сұ рағ ы: неше? қ анша? нешеу? қ аншау? нешінші? қ аншасыншы? Қ ұ рамына қ арай: дара сан есім, кү рделі сан есім.

Бір сө зден тұ ратын сан есім дара (простое) сан есім болып табылады.Мысалы: бір, екі, он, жиырма, мың, алтау, ү шінші, миллион, миллиард, жү здеген т.б. Екі немесе одан кө п сө зден қ ұ ралғ ан сан есім кү рделі (сложное)сан есім деп аталады. Мысалы: он бір, жиырма ү ш, тоғ ыз жү з елу, мың сегіз жү з он бес, екі мың он, ү ш жарым, бес бү тін оннан екі, бес-алтау, алпыс-жетпістей т.б.

Мағ ынасына қ арай алты топқ а бө лінеді: есептік, реттік, жинақ тық, бө лшектік, топтау, болжалдық сан есімдер.

Есептік (количественное)сан есім заттың нақ ты санын білдіреді. Сұ рағ ы: қ анша? неше?

Мысалы: он, бес, жиырма, қ ырық бес, сексен алты, бірмың тоғ ыз жү з т.б.

Реттік (порядковые)сан есім заттың саналу ретін білдіреді. Сұ рағ ы: нешінші? қ аншасыншы?

Мысалы: бесінші, қ ырық алтыншы, мың ыншы, елу алтыншы т.б.

Жасалу жолы: -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұ рнағ ы арқ ылы жасалады.

Жинақ тық (собирательное)сан есім заттардың жинақ талу ретін білдіреді.Сұ рағ ы: нешеу? қ аншау?

Мысалы: алтау, бесеу, жетеу, екеу, біреу т.б.

Жасалу жолы: -ау, - еу жұ рнағ ы арқ ылы жасалады.Бұ л жұ рнақ бірден жетіге дейін жалғ анады.

Болжалдық (предположительное)сан есім заттың санын дә л айтпай, болжалдап айтады. Сұ рағ ы: қ анша? неше? қ анша шамалы?

Жасалу жолы:

-лағ ан, -леген, -дағ ан, -деген; ондағ ан, жү здеген, мың дағ ан.

-лап, -леп, -дап, -деп, -тап, - тeп; мың дап, жү здеп, елулеп, жиырмалап.

-дай, -дей, -тай, -тей; жетпістей, алпыстай, жү здей, мың дай, он екідей, жиырма бестей.

-тарда, -терде, -дарда, -дерде, -ларда -лерде; жетпістерде, алтыларда, бестерде, он сегіздерде.

Сан есімге жуық, тарта, таман, жақ ын, шақ ты, шамалы, жуық деген сө здердің тіркесуі арқ ылы жасалады: қ ырық шамалы, отыздар шамасында, отыз шақ ты, жү з қ аралы, мың ғ а жуық, жетпіске тарта, жү з мың ғ а таяу, бес жү зге жақ ын.

Есептік сан есімдердің қ осарлануы арқ ылы жасалады: қ ырық -отыз, елу-алпыс, ү ш-тө рт, жү з- жү зден, мың -мың дағ ан, елу-алпыстарда, алты-жетілерде.

Топтау (разделительное) сан есім заттың санын жекелеп атамай, топтап кө рсетеді. Сұ рағ ы: қ аншадан? нешеден?

Жасалу жолы: сан есімге шығ ыс септігінің жалғ ауы жалғ анады.

Мысалы: бестен, ү штен, екі-екіден, алтыдан, жеті-сегізден, жиырма-отыздан, тоғ ыз-оннан т.б.

Бө лшектік(дробное) сан есім заттардың сандық бө лшегін білдіреді.Олар жай бө лшек жә не ондық бө лшек болып екі тү рде қ олданылады.Мысалы: екіден бір, ү штің бірі, оннан екісі, оннан екі.

Сол сияқ ты жарты, жарым, ширек сө здері тіркесіп келіп те жасалады.Мысалы: екі жарым, ү шширек т.б.

 

Есімдік(местоимение)

Есім сө здерді (зат есім, сын есім, сан есім) ауыстырып, солардың орнына жү ретін сө зді есімдік дейміз.Сондық тан есімдікті кейде орынбасар сө з табы деп те атайды.

Мағ ынасына қ арай: жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі, сұ рау есімдігі, ө здік есімдігі, белгісіздік есімдігі, болымсыздық есімдіктері, жалпылау есімдігі. Жіктеу (личное) есімдігі ү немі жақ ұ ғ ымдарымен байланысты қ олданылады. Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз, біздер, сендер, сіздер, олар деген сө здер жатады.

Жіктеу есімдігі зат есім орнына жұ мсалады. Жіктеу есімдігі тә уелденеді, септеледі, жіктеледі. Жіктеу есімдігінің III жағ ы ғ ана тә уелденеді. Жіктеу есімдігі септелгенде, барыс септік жалғ ауы ө згереді. Мысалы: (мен) мағ ан, (сен) сағ ан, (ол) оғ ан.

Жіктеу есімдігі жіктеледі, бірақ оларғ а есімдіктің ө зі қ ай жақ та тұ рса, сол жақ тың ғ ана жіктік жалғ ауы жалғ анады.Мысалы: менмін, сізсіз, бізбіз т.б.

Сілтеу (указательное)есімдіктері

Сілтеу есімдіктері нұ сқ ау, сілтеу, мегзеу мағ ыналарында жұ мсалады.

Сілтеу есімдіктеріне бұ л, сол, ол, осы, осынау, сонау, ана, анау, мына, мынау, ә не, міне, ә неки, сона. деген сө здер жатады.

Сілтеу есімдігі сын есімнің орнына жұ мсалады, кейде кө птеліп, септеліп, тә уелденіп зат есімнің орнына да жұ мсалады. Мысалы: Қ онақ тарды мына ү йге кіргізің дер. Мына есімдігі қ ай? сұ рағ ына жауап беріп, сын есім орнына жұ мсалып тұ р. Бұ лар осында тұ рады. Бұ лар есімдігі кө птеліп кімдер? деген сұ рақ қ а жауап беріп, зат есім орнына жұ мсалып тұ р.

Сұ рау (вопросительное)есімдігі

Сұ рау есімдігі сұ рау мағ ынасын білдіреді жә не ө здеріне тиісті жауап тілейді. Сұ рау есімдіктеріне мынандай сө здер жатады: кім? не? қ андай? қ ай? қ анша? неше? нешеу? нешіншіқ айда? қ айдан? қ алай? қ алай? қ ашан? қ айдағ ы? қ ашанғ ы? нешеу? қ айда?

Кім? не? қ айсы? неше? нешінші? сұ рау есімдіктері кө птеледі, септеледі, тә уелденеді, жіктеледі.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.