Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






I Бөлім. САХАБАЛАР






Сахабалар ғ асыры Ислам тарихында " асрус-са'адат" (алтын ғ асыр) деп аталады. Себебі, олар тек ө здерінің ғ ана емес, барша Ислам ү мбетінің бақ ыты ү шін жан аянбай кү ресті. Ө мірде адамдар арасындағ ы, қ ара халық пен басқ арушылардың, ә р тү рлі дін ө кілдерімен қ арым-қ атынаста (" ө зі тоқ болып, кө ршісі аш жатқ ан бізден емес", " бір адамның кө ң ілін қ алдыру, Қ ағ баны жық қ анмен тең, зыммиге (мұ сылмандардың басқ аруын ө з еркімен қ абылдағ ан, бірақ мұ сылман болмағ ан ө зге діндегі) зә бір кө рсетсе, мағ ан зә бір кө рсеткендей", " Алланың алдында бү кіл адамдар тең " (ұ лтына, жынысына, тү сіне, қ оғ амдық жағ дайына қ арамастан) яғ ни, қ оғ амдық ө мірдің барлық саласында Исламның басты ұ станымдарын жасампаз дә стү рге айналдырғ ан сахабалар тарихта тең дессіз із қ алдырды. Ә ділетті тө рт халифа дә уірінде " қ ой ү стіне бозторғ ай жұ мыртқ алағ ан заман" орнауы, хазіреті Омардың халифалығ ы тұ сында халық тұ рмысының кө теріліп, садақ а берерлік адам қ алмауы – олардың Ислам ұ станымдарын жетік мең гергендігінің айғ ағ ы.

Сахабалар ел басқ аруды мақ таныш емес, керісінше, жауапкершілігі ө те жоғ ары, міндеті тым ауыр іс деп қ абылдады. Ақ ыретте сол жауапкершілігі ү шін сұ ралатынын білгендіктен басшылық қ а ұ мтылмады. Айталық, Омар ибн Хаттаб баласын ө зінен кейін халифа етіп тағ айындауғ а ү зілді-кесілді қ арсы шығ ып, " бір ү йден бір қ ұ рбандық жетер" деуі сө зіміздің дә лелі.

Сахабалар дә уірі – жер бетінің Рахман нұ рына шомылғ ан шағ ы. Алла тарапынан тү сірілген ақ иқ аттарғ а (Қ ұ ранның тү сірілуіне) куә лік етіп, Жаратушының ә мірлері мен тыйымдарын ө мірмен ү йлестіріп, ө міршең дә стү рге айналдыру ү шін " ә лемдерге рақ ым" етіп жіберілен Сү йікті Елшінің (с.а.у.) ғ ұ мыры олардың кө з алдарында ө тіп жатты. Пайғ амбарымыздың уахи тү скен кездегі халі, Қ ұ ран аяттарының тү су себептері, ә рбір аяттың астарындағ ы Жаратушының мұ ратын дұ рыс тү сіне білу, сондай-ақ Пайғ амбарымыздың жеке ө мірі, қ ұ лшылығ ы, мінез-қ ұ лқ ының кө ркемдігі, ө мірінің бү кіл кезең і сахабалардың кө рсеткен қ айраттарының арқ асында кейінгі ұ рпақ қ а мә ң гілік мұ ра болып қ алды.

Олар Пайғ амбарымыздан (с.а.у.) естіп, кө ргендерінің бә рін ү мбетіне жеткізу ү шін кө п ең бек сің ірді. Сахабалардың арасында аяқ тығ а жол, ауыздығ а сө з бермес шешен, ділмә р кісілер де бар болатын. Осығ ан қ арамастан олар асыл сө здің Зергері (с.а.у.) сө йлегенде, Оны зейін қ ойып тың дап, айтқ анына мойынсұ натындық тары соншалық " оның қ ұ зырында басымызғ а қ ұ с қ онақ тағ андай аса сақ тық танытып, ә рбір сө зіне мұ қ ият ден қ оятынбыз" [1], – дейді олар.

Сахабалар Рахман кө гінен жауғ ан мейірім нұ рына шомылып, илаһ и қ ұ діреттің кө з тоймас, ақ ылғ а сыймас хикметтерін жан-тә німен бойларына сің іріп, кемең гер Тә рбиешінің (с.а.у.) ө з қ олында тә рбиеленді.

Оғ ан қ оса, намазғ а шақ ыру ү шін бір кү ні Ұ лы Жаратушының жаршысы болғ ан азанның илхам болуы, тағ ы бір кү ні ішкілік пен қ ұ мардың харам етілуі, басқ а бір кү ні Алланың ә мір-тыйымдарының хикметтерінің тү сіндірілуі мен ү йретілуі олардың рухына қ анат бітіріп, ү немі биіктерге шақ ыратын.

Сахабалар ө мірдегі тү рлі жағ дайларғ а байланысты тү сірілген Қ ұ ран аяттарына қ ашанда куә болғ андық тан, бұ лқ ына бұ ғ ау ү зіп, буырқ анғ ан ғ ұ мыр кешті. Сахабалардың кө з алдарында Аллатан тікелей ә мірлер алып, оларды бойына сің іріп, адамзатқ а сол ақ иқ аттарды паш еткен Алла Елшісі (с.а.у.) тұ рды. Сахабалардың санасы мен жү регіне иман нұ рын себелеп, хақ жолын кө рсетуші Мұ хаммед Мұ стафаның (с.а.у.) кө з алдында болуы олардың бойындағ ы қ ұ лшынысты (динамизмді) ү немі жоғ ары дең гейде ұ стады.

Сахабаларғ а тә н бұ л ө мірдегі ең ұ лы арман – Алланың ризашылығ ына ие болу. Олар ө з ө мірін " Алланың ризашылығ ына қ алайша қ ол жеткіземіз? " деген асыл да асқ ақ мұ раттың тө ң ірегінде ө ріп ө рбітті. Бү кіл іс-ә рекеттері, сұ хбаттары, ниеттерінің бә рі осы мақ саттың тө ң ірегінде тоғ ысты. Тіпті бір-біріне жолық қ ан кезде " кел, отырып біраз иманымызды арттырайық " [2]–дейтін. Адамның екі дү ниеде де бақ ытты болуына мұ рындық болуы арқ ылы Алланың ризашылығ ына кенелуге болатындығ ын Пайғ амбардан (с.а.у.) ү йренген олар бү кіл ө мірін жақ сылық жолындағ ы қ ызу жарыспен ө ткізді.

Сахаба ү шін бұ л дү ниедегі бақ ыт – ақ ыреттегі бақ ытқ а жетудің баспалдағ ы ғ ана. Олар бұ л дү ниенің бү кіл қ ызық шылығ ы мен ө ткінші лә ззаттарына еш алданбады. Исламның кез келген мә селесін дү ниенің ең ү лкен пайдасына айырбастамай, тү рлі қ ауіп-қ атер мен қ иыншылық тарғ а қ арамастан, иман мен тура жолдан еш ауытқ ымағ ан сахабаның мә ртебесі, ә рине, аса жоғ ары. Бұ л жайлы жә ннатпен сү йіншіленген он сахабаның бірі Саид ибн Зә йд былай дейді:

" Бір адамның РасулАлланың ғ ұ мыр кешкен кезең інде ө мір сү ріп, жиһ адқ а қ атысуы, сіздердің араларың ыздағ ы біреудің Нұ хтың (а.с.) ө міріндей ғ ұ мыр кешіп, сол уақ ыт ішінде жасағ ан ізгі істерінің бә рінен жақ сы[3]".

Ө мір сү рудің кү ллі шарттары сіздің жолың ызды кесетін ө ткел бермес от-дария боп тұ рғ ан кезінде, Ислам ақ иқ атына мойынсұ нып, қ атерге бас тігу, шынайылық пен тө зімділікті қ ажет етеді. Ә лі Ислам дінінің келешегінің қ андай боларына толық кө з жеткізбестен бұ л қ атерлі жолғ а бас тігу адам ақ ылымен жасалынатын іс емес еді. Бірақ, сахабалар алдарында " Ә мин" (Ө те сенімді) деп білген Пайғ амбарды (с.а.у.) кө ргендіктен, олар бұ лтартпастан, бұ ра тартпастан бұ л жолдың тауқ ыметін арқ алауғ а шынайы кө ң ілдерімен кө нді. Міне, сахабалар зор қ иыншылық тарғ а қ арамастан, бү кіл тосқ ауыл мен бө геттерді бұ зып-жарып шығ уғ а ынта-шынтасымен кірісіп, ө ршелене тырысып алғ а ілгеріледі. Алла Тағ аланың ө з дінін орта жолда қ алдырмайтынына бар кө ң ілімен сенген бұ л жамағ ат табысқ а жетті.

Сахабаның табысқ а жетуінің бір сыры – турашылдық пен шынайылық та. Неге десең із, сахаба мұ сылмандық ты қ абылдай салысымен дереу жамандық тан жақ сылық қ а ұ мтылды, қ араң ғ ылық тан жарық қ а талпынды, қ оғ амның барша індетінен бойды аулақ салды. Исламның жү ректегі тө ң керісінен кейін алдамшы дү ниеден мейлінше қ ашық тап, алдау-арбау секілді тү рлі жамандық тардың қ араң ғ ылығ ына қ айта оралмады. Осы тұ ста бір қ ынжылтатыны, ақ иқ ат пен жалғ анғ а қ атар жү гінген қ азіргі шақ та кө пшіліктің мұ ны жете тү сіне бермейтіндігі.

Жанқ ияр рухты асыл ерлер, саң лақ сахабалар, Пайғ амбарымыздың (с.а.у.) адамзатқ а ұ сынғ ан дә стү рін жү зеге асырудың ә бден мү мкін екендігін дә лелдеп, нағ ыз ү лгі-ө неге кө рсете білді. Олар пайғ амбарлардан кейінгі Алла Тағ алағ а ең жақ ын адамдар, ө йткені оларды ең соң ғ ы хақ Пайғ амбардың (с.а.у.) ө зі тә рбиеледі. Рухын биіктетіп, жү ректерін ө мірдің кірбің інен ө зі тазартты. Алла Тағ ала олардың баршасына разы болсын!

 

Адамзаттың асыл тә жі Мұ хаммед Мұ стафаның (саллаллаһ у алә йһ и уә сә ллә м) сү ннеті мен Қ ұ ран кә рім біздерге сахабалар арқ ылы жетті. «Мү мин», «Муһ ә ймин» есімді Аллаһ Жә бірейіл (а.с.) арқ ылы адамзаттың ең сенімдісі «Мұ хаммадул-Ә минге» (саллаллаһ у алә йһ и уә сә ллә м) ұ лы аманатты жеткізді. Сахабалар осынау асылды дә л сол қ алпында біздерге табыстады.

Қ ұ ран кә рімде сахабалар айрық ша ілтипатпен аталса, Тә урат пен Інжілде олар туралы жылы лебіз білдірілген. Сол кездің кө ріпкелдері де сахабалардың талай ізгілікті істері жайында алдын-ала хабар берген. Сахабалар кү ллі ғ аламды аузына қ аратып, тамсандыратындай сынық сү йем сызаты жоқ мінсіз ғ ұ мыр кешті. Бә дір, Мута, Йә рмук жорық тарындағ ы жаудың бетінде, желдің ө тінде болғ ан қ аһ армандық тарын айтпағ анда, ө мірлерінің ә рбір сә тін жыр-дастанғ а бергісіз абыроймен ө ткізді. Ө мірлерінің ө лшем-таразысы – ақ ырет пен Аллаһ разылығ ы деген асқ ақ арман болды. Ә рбір қ адамын Хақ тың разылығ ын кө здеген шынайы ниетпен басты. Осылайша, пайғ амбар сү ннеті деп аталатын асыл қ азына адамзат ө ркениетінің кө гінде жарқ ырап жанғ ан шоқ жұ лдыздай осынау сахабалар қ ауымы арқ ылы кейінгі ұ рпақ қ а дін аман жетті, сондық тан сө з орайы келгенде сахабалармен қ атар олардың ізбасарлары – табиғ индарғ а да айрық ша тоқ талғ ан жө н деп есептеймін.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.