Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Билік пен қоғам 2 страница






Ү лестік-сатылық жү йенің қ алыптасуы жә не қ ызмет жасауы мемлекеттік билік саласында ғ ана тиімді болып қ оймай, қ арапайым халық тың ө мірінде де орнық ты.Халық тың материалдық тұ рғ ыдан ә л-ауқ аты кө терілді.Оғ ан біріншіден, жан-жақ тан келген соғ ыс олжалары, екіншіден, билеушілердің сый-сыяпаттары халық тың арасынан шық қ ан жауынгерлерге тиіп отыруы, ү шіншіден, кө шпелі шаруашылық тың дамуына жағ ымды жағ дайлар туы ә сер етті.Барлық мал-мү лік, байлық тар шашырамай, ірі ә улеттердің ү лесінде сақ талу арқ ылы кө бейді.Нә тижесінде ірі ә улеттердің билігі артты, олардың ауқ ымы кең ейді, бірақ территориялық жә не қ ұ рылымдық бірлігі сақ талды.Бұ л ү рдіске жол ашқ ан мемлекеттегі тайпалық қ ұ рылым тә ртібі еді.Бұ л қ ұ рылыстың кө мегімен Ашина руы бү кіл жұ ртты бір орталық тан басқ ара алды.

Біз айтқ ан ірі ә улеттер кейіннен тайпалық одақ тар қ ұ рып жатты.Олардың қ атарынан қ арлұ қ тарды, ұ йғ ырларды, қ идандар мен оғ ыздарды атасақ болады.Жоғ арыда айтылғ андай, тайпалардың бірлестігіне қ атысты «оғ ыз» термині қ олданылды.Бұ л терминнің тоғ ыз-оғ ыз тайпалық одағ ының пайда болыуына қ атысы бар.Тоғ ыз-оғ ыздардың қ ұ рамында ұ йғ ырлар мен қ арлұ қ тар болғ ан, ал оларғ а ұ қ сас дулу жә не нушиби одақ тары оғ ыздар атауымен аталмағ ан.Оның себебі мынада: дулу мен нушиби заң негізінде тү рік қ ағ анымен қ ұ рылғ ан одақ тар, ал тоғ ыз-оғ ыздар тарихи жағ дайлар туғ ызғ ан факторлар ә серімен пайда болғ ан. «Бұ дұ н» мен «оғ ыз» терминдері арасындағ ы қ атынасты анық тайтын тұ жырымғ а жү гінейік: тү ркілерге бағ ынышты болғ ан ұ йғ ырлар бұ дұ нның қ ұ рамына кірсе де, ішкі қ ұ рылымын

Сақ тап қ алғ ан тоғ ыз-оғ ыз одағ ының тайпалық бірлігі болып қ ала берді.Тоғ ыз-оғ ыздардың тү ркілерге тікелей бағ ынғ анын негіздейтін Білге қ ағ ан жазбасында: «Тоғ ыз-оғ ыз менің халқ ым болды» [11(104), 42 бет], - деп келеді.

«Оғ ыз» терминіне қ атысты тү сінігін А.Н.Кононов білдірген: «Оғ ыз сө зінің бастапқ ы жинақ тық негізі оқ – «ру, тайпа» сө зі болып табылады, ол ө з кезегінде кө не тү ріктік «о_» - «ана» сө зімен тура байланысты, бұ л негізге «огул» - «ұ рпақ, ұ л» жә не «огуш» - «рулас» сө здері тиесілі...» [18 (90) Кононов А Н. Опыт анализа термина «Турк» // СЭ. 1947. № 1].

Демек, «оғ ыз» сө зі бастапқ ыда «тайпа» немесе «тайпалық бірлестіктер» атауын білдірген.Ал кейіннен одақ тарғ а біріккен тайпалардың этникалық атауына айнала бастағ ан.Мысалы: сол тоғ ыз-оғ ыз, сегіз-оғ ыз не ү ш-оғ ыз.

Алғ ашқ ыда атауы мен қ ұ рылымы басқ а болып келіп, уақ ыт ө те келе ол сипаттары ө згеріске ұ шырағ ан тайпаларғ а қ атысты келтірілген пайымдарды дә лелдеуді жү ргізіп кө рейік.Гаогюйлік дили тайпаларының IV–V ғ асырлардағ ы рулық бө лінісі жә не теле тайпаларының VII–VIII ғ асырлардағ ы тайпалық бө лінісіндегі атаулардың сә йкессіздігін алдығ а тартамыз.Телеліктердің кү мә нсіз ата-бабалары болып табылатын гаогюйліктер [6 (30), т. I, 214 бет] 12 патриархалдық руғ а бө лінген, ал телеліктердің ө здері 15 тайпадан тұ рғ ан: Юаньге (ұ йғ ырлар), сеяньто (сірлер яньто тайпаларынан қ ұ ралғ ан), Киби, Дубо (тубалар), Гулигань (курыкандар), Доланьгэ, Бугу, Байегу – Байырку, Тунло-тонгра, Хунь, Сыгйе, Хусйе, Хигйе, Адйе (эдиздар), Байси [сонда (30), т. I, 301 бет].Ү ш-тө рт жү зжылдық та ескі рулық қ ұ рылым ыдырап, орнына жаң а тайпалық бірлестіктер келген.Бұ л ө згерісте, оның алғ ышарты шешуші рө л атқ арды.Тү ркілер орнатқ ан жаң а ә кімшілік-территориялық қ ұ рылым, оның талаптарына жауап бермеген патриархалдық рулардың тайпалық бірлестіктерге ө туін қ аматамасыз етті.Теле тайпаларын тү ріктер 100 жыл билеген жә не «олардың кү шімен солтү стіктегі сахарада ү стемдік еткен» [сонда 30, т. I, 214 бет], - деген деректерге қ арасақ, ө згерістердің теле тайпалары тү рік ордасының қ ұ рамына кіріп, бұ дұ нның бө лігі болғ ан кезде жү ргеніне кө зіміз жетеді.

Тү рік державасының ә леуметтік қ ұ рылымының басты белгісі – ә скери-тайпалық қ ұ рылыстың ү йлесімді бірігуі.Тү ркілер бұ ндай тә жірибені іс жү зінде қ олданып кө рген Орталық Азияның алғ ашқ ы мемлекеті болып табылады.Жалпы, тү ркілердің қ ұ рғ ан саяси-ә леуметтік қ ұ рылымы VI ғ асырда мемлекетте туындағ ан ү лкен саяси мә селелерді шешудің ең ұ тымды жолын тауып берді.Оғ ан қ оса, аталмыш жү йе тү ркілердің бірнеше ұ рпағ ының Евразия далаларында ғ асырлар бойы басымдық етуінің алғ ышарты болды.Осыдан болар, тү ркілер ө здерін «мә ң гілік ел» ретінде сезінді.

Қ оғ амдық қ ұ рылыс формасы. Тү ркілердің қ оғ амына қ атысты тақ ырыпты қ арастырғ анда, олардың қ оғ амдық даму дең гейі мә селесін талқ ылау жө н кө рінеді.Тарихи тә жірибегеден белгілі, мемлекетте жү ргізілетін ішкі саясаттың негіздері қ оғ амның қ ұ рылыс формасына сү йенеді, ал саясаттың ерекшелігі қ оғ амның даму дең гейінің кө рсеткіші болып табылады.Тү рік қ оғ амы мемлекеттің ө мір сү ру барысында кү рделі эволюцияғ а ұ шырады, оғ ан қ оса VI жә не VII ғ асырлардағ ы қ оғ амдық қ атынастар бір-бірінен ө згешеленеді.

Тү ркілердің қ оғ амдық қ ұ рылысы тұ рпайы феодалдық қ атынастардың қ алыптасуының ерте формасы болып табылады [19(26), 145 бет]. Бұ л тү ркілердің қ оғ амы жабайылық формасына нұ сқ айтын тұ жырым батыс тарихнамасындағ ы фактілерге, жалпы теорияғ а қ айшы келіп тұ р.ХІХ ғ асырдағ ы Л.Морган сынды батыс ғ алымдары ойлап тапқ ан ол теорияда, қ оғ амдық даму 3 кезең ге бө лінеді.Солардың ішіндегі екінші кезең тағ ылық та (варварлық та) жоғ арғ ы саты темір қ орыту ісімен басталып, жазудың пайда болуымен жә не оны шығ армашылық та қ олданумен аяқ талады.Тағ ылық ты ө ткерген халық тарғ а антикалық гректер, Рим қ ұ рылғ анғ а дейінгі этрускілер жә не т.б. итальяндық тайпалар, Тацит атағ ан германдық тайпалар, нормандық кезең дегі викинтер жатады [(20)182, 32 бет].Ал енді тағ ылық тың жоғ ары сатысының белгілері тү ркілердің де қ оғ амында тіркелген.Тү ркілердің темір балқ ыту ісімен айналысқ аны, жеке ө здерінің тілінде сө йлегені ғ ылыми ортада дау тудырмайтын факт.Сондық тан да тү ркілерді тағ ылық кезең іне жататын халық тардың жоғ арыдағ ы тізіміне енгізуге болады.

Варварлық тың жоғ ары сатысын сипаттай отырып, мысалы, Ф.Энгельс келесіні кө рсетеді: «Барлық мә дениетті халық тар ө зінің батырлық дә уірі - темір қ ылыш дә уірін бастан ө ткізеді»[сонда (182), 32 бет]. Бұ л жағ дайды, темірді балқ ыту жә не ө ң деумен айналысқ ан тү ріктерге де жатқ ызуғ а болады. «Байлық тез артқ ан, бірақ жеке тұ лғ алардың байлығ ы ретінде» [сонда, 32 бет]. Қ ұ лдық қ оғ амдық жү йенің қ ұ рамдас бө лігіне айналады. Тү ріктердегі қ ұ лдық дамудың дә л осы кезең інен ө тіп жатқ ан [13 (162), 261бет].

«Егістік жер жеке отбасылардың қ олданылуына бастапқ ыда уақ ытша, кейіннен тү пкілікті беріледі, жердің толығ ымен жеке меншікке берілуі біртіндеп жә не жұ птық некенің моногамияғ а ауысуымен қ атар жү реді. Жеке отбасы қ оғ амның шаруашылық бірлігіне айналады» [сонда 182, 164 бет].Дә л бұ ндай қ ұ былысты тү рік қ оғ амында байқ аймыз.

Ал билік институтындағ ы жағ дай келесідей: «Халық тың ә скери қ олбасшысы – «rex, basileus thiudans» немесе хан [9] қ ажетті, тұ рақ ты лауазымды тұ лғ ағ а айналады. Соғ ыс жә не соғ ысты ұ йымдастыру, халық тың ө мірдің қ алыпты қ ызметіне айналады. Бұ рынырақ соғ ыс шабуылғ а жауап ретінде немесе аумақ ты ұ лғ айту ү шін ұ йымдастырылса, енді тек ұ рлық ү шін жү ргізілетін тұ рақ ты кә сіпке айналады [20 (182), 164 бет].Соғ ыстардың дә л осы аталғ ан себептерін деректерден байқ ай аламыз.Шындап келгенде, арнайы соғ ыс ү шін қ олында азаматтық -ә скери билікті біріктіріп ұ стағ ан шенеуіктердің билік жү йесі қ ұ рылғ ан болатын.

Сонымен, тү ркілердің қ оғ амдық қ ұ рылысының формасы ә скери демократия болып табылды.Ә скери демократия рулық қ ұ рылысты бұ зып, қ атаң ә скери режимді орнатты.Бұ л тұ рғ ыда Л.Н.Гумилев «Ашина державасы Спартаның кейпінде еді, бірақ тү ркілер анағ ұ рлым қ уаттырақ ә рі кө бірек болды», - дейді.

1.2.Қ ұ қ ық жә не заң

Қ ұ қ ық тық жү йе. Мемлекеттің басқ арылуы, бір адамның қ алауымен ө згертілмейтін жә не билеушілер мен ел қ ұ зырындағ ы азаматтар бағ ынатын, негізгі қ ағ идалар болғ ан жағ дайда ғ ана мү мкін.Оғ ан қ оса қ ұ қ ық тың қ ағ идалармен, басқ арушылардың ө кілеттілігі шектелмейтін ұ йым жоқ, сонымен қ атар оғ ан ұ йым мү шелері де бағ ынады.Қ ұ қ ық тық қ ағ идалар мен нормалар жиынтығ ынан қ алыптасатын қ ұ қ ық тық жағ дай мемлекет пен қ оғ амдағ ы іс-ә рекеттің ережелерін бекітіп, оғ ан бағ ынуғ а тиісті тұ лғ алардың қ атынасын реттейді ә рі дә режесін анық тайды.

Тү ріктің саяси ұ йымдарында да, жалпы жә не жеке қ ұ қ ық тың негізін қ ұ райтын заң ды кү шке ие қ ұ қ ық тық жағ дай болғ ан.Қ оғ амдық ө мір ережелерінің жиынтығ ы, тү ріктерде «тө ре» («тө релік») деп аталғ ан.Тө ре кең мағ ынада тү ріктердің жалпы қ ұ қ ық тық жү йесін білдіреді.Тө ре сондай-ақ орхон жазбаларынан алынғ ан талдауғ а қ арағ анда тү рік жұ ртының пайда болғ аннан берге заң шығ ару қ ызметінің нә тижесі ретінде кө рінеді.VI ғ асырда пайда болғ ан тү ріктердің і қ ұ қ ық тық жү йесін Т.Жұ мағ анбетов шартты тү рде екі ү лкен бө лікке бө леді: «біріншіден, қ оғ амдық, шаруашылық жә не тө менгі ә леуметтік сатылардағ ы қ атынастарды реттеу жү йесінде қ олданылғ ан қ арапайым қ ұ қ ық; екіншіден, мемлекеттік қ ұ қ ық пен оның сыртқ ы қ атынастарындағ ы аспектілерді қ амтитын аталмыш тө релік қ ұ қ ық» [4].Ө з кезегінде бұ дан тү ркілердің бү кіл қ ұ қ ық тық жү йесі екі негізден тұ рды: қ арапайым қ ұ қ ық жә не тө ре.Бұ лар тү ркілердің мемлекеттік қ ұ қ ығ ын қ ұ рады.

VI ғ асырдағ ы “Тө ре” жү йесінің тү зілуінің кө здері бірнешеу.Олар: 1)қ ұ қ ық тық ә дет-ғ ұ рыптар, белгілі бір қ оғ амның ә дет-ғ ұ рыптары мемлекетпен заң дық формада пайдаланылып, қ орғ алса, олар қ ұ қ ық кө зіне не месе қ арапайым қ ұ қ ық нормасына айналады.

2)ашина рулары жасағ ан, мемлекеттік билік тарапынан қ ұ қ ық тық жү йеге заң тү рінде енгізілген жаң а қ ұ қ ық тық нормалар.Айталық, Бумын, Істемі жә не Мұ қ ан қ ағ андардың бұ йрық тары мен нұ сқ аулары тө ре жү йесіне қ осымша болып еніп отырғ ан.

3)тү ркілердің мемлеккеттігі пайда болғ анғ а дейін бар болғ ан жекелеген қ ұ қ ық тық принциптер мен элементтер.Мысалы, ғ ұ ндардың, қ ытайлардың қ ұ қ ық тық саладағ ы қ алдырғ ан тә жірибелері.

4) тө ре жү йесінің бө лігіне айналғ ан халық аралық қ ұ қ ық нормалары.Мысалы, аманат интситуты, елшілік мә селелері.

5) жиналыстардағ ы ә рі қ ұ рылтайлардағ ы жекелеген сот қ ызметкерлерінің тө релік ету тә жірибесі, олардың ең сә тті шешімдері кең қ олданысқ а ие болғ ан.

С.Мақ суди осылардың ішінен қ ұ қ ық тың жү йенің негізгі кө здерін атап кө рсетеді: 1. Халық; 2. Қ ұ рылтай; 3.Хан [21].

1. Қ оғ амның ө мірін реттеп отыратын, қ ұ қ ық тық жағ дайлардың бө лігі, халық арасында анық талып отырғ ан. Мұ ндай жағ дайлардың жиынтығ ын, жай ережелер немесе қ арапайым қ ұ қ ық тар деп атаймыз.

2. Басқ а бө лігі - жеке ханның бастамасымен қ ұ рылатын заң дар.

3.Қ ұ рылтайда билермен қ абылданғ ан шешім, ежелгі тү ріктер заң ының ү шінші бір бө лігін қ ұ рағ ан.

Басқ а халық тардағ ыдай секілді, жеке қ ұ қ ық (отбасына, жеке меншікке, мұ рағ а, келісімдік қ атынастарғ а арналғ ан заң дар) тү ріктерде дә стү рлі тү рде болғ ан, яғ ни бұ л бұ л заң дар мен ережелердің жасырын, халық тық сипаты болғ ан. Мұ ндай ережелердің жиынтығ ы қ арапайым, немесе “юсуннды” қ ұ қ ық деп аталады. Дә л осы ережелердің жағ дайымен, тү ркілер қ оғ амындағ ы қ ұ қ ық нормалары анық талғ ан.Сонымен қ атар, салт-дә стү рмен реттелетін жағ дай діни ө мірде де қ алыптасқ ан.

Хан, қ ұ рылтай секілді ешбір қ оғ амдық институт, дә стү рлерге ө згеріс енгізе алмағ ан. Ө згертуге ық ыласы бар хандардың «реформа» жасауғ а тырысуына қ арамастан, тү рік хандарының заң қ ұ ру қ ұ қ ығ ы болғ ан. Орхон жазбаларында, бұ л бағ ыттағ ы хандардың ө кілеттілігі туралы нақ тылы дә лелдер бар. Бұ л жазбаларда, Бумын хан мемлекет қ ұ рғ аннан кейін оны басқ арғ ан жә не тү ріктік “тауратты” орнатқ ан деп айтылады [21].

Бумын жә не Істемі хандар қ айсар жә не ә діл билеушілер болғ ан, олар ү лкен мемлекеттерді басқ ара алды жә не заң дарды орната алды. Кұ тлұ г хан мемлекет қ айта қ ұ рылғ аннан кейін, оның алдындағ ы билеуші тұ сында жасалғ ан заң дарды қ айта жаң ғ ыртты.Сонымен қ атар Білге хан да маң ызды заң дарды орнатқ ан.

Тү рік хандары жаң а жерлерді басып алғ анда, сол жерде бірден мемлекеттік қ ұ рылымның формасын орнатқ ан. Мысалы, тү ргештер мен қ ырғ ыздар жерлеріне қ атысты осылай болғ ан. Шығ ыста басып алғ ан территорияларда, мемлекеттің қ ұ рылымның қ айта қ ұ рылуына ұ шырағ ан.

Мемлекеттің қ ұ рылым жү йесінің орнатылуы, белгілі бір заң дардың бекітілуін қ ажет ететіндігі тү сінікті.Тү ркілерде қ оғ амдық қ арапайым қ ұ қ ық ә дет-ғ ұ рыптармен анық талғ андық тан, тү ріктер дә стү рлі қ ұ қ ық институттарының тұ рақ ты болып қ алыптасқ андығ ын қ алағ ан жә не сол тенденцияны ұ стауғ а тырысқ ан.Бірақ та ескі мемлекеттік институттардың орнына жаң асын жә не жаң а заң дарды орнатуғ а батылы жеткен хандар болғ ан.

Билердің қ ұ рылтайы ханды сайлау қ ұ қ ығ ына ие болғ ан, жә не қ ажет жағ дайда оны тақ тан тайдыра алғ ан. Заң мә селесінде қ ұ рылтай белгілі бір рө лді атқ арғ ан: ханны тарапынан болғ ан заң дар, билердің келісімін қ ажет еткен.

Ежелгі тү ріктердің заң ы ұ лттық сипатта болғ ан. Кө птеген халық тар “заң ” сө зінің жә не терминінің ұ ғ ымын, басқ а халық тардан қ абылдағ ан. Мұ ндай шеттен қ абылдаушылық жиі кездеспейтін жә не ә р тү рлі кезең дерде ү зік-ү зік байқ алғ ан.Мұ ндай шеттен қ абылдаушылық нә тижесінде халық ү шін зиянды ә сер тимеген. Ұ лттар мен халық тардың мә дениеттік жә не қ ұ қ ық тық дамуы, тек мә дени ақ параттың алмасуы жағ дайында ғ ана мү мкін. Мә дени дамуғ а байланысты екі халық арасында ү лкен айырмашылық болғ ан жағ дайда, даму жағ ынан артта қ алғ ан халық тың, алдыда келе жатқ ан халық тан қ ұ қ ық тық ө мірдің негізін игергені дұ рыс.Басқ а халық тардан олардың мә дениетін толық қ абылдағ андар бар. Мысалы, орта ғ асырлардағ ы Италия, Англия, Франция сынды Европа мемлекеттері ғ асырлар бойы римдік қ ұ қ ық ү стемді еткен.

“Заң ” жә не заң дар жү йесін тү ріктер басқ а халық тардан алғ ан ба немесе бұ л олардың жеке ө німіме деген сұ рақ туындайды.Бұ л сұ рақ қ а жауап нақ ты: тү ріктердің заң дары шынайы жә не жеке ө зіндік сипатта болғ ан. Ежелге кезең дерде “заң ” ұ ғ ымын тү ріктердің тек Қ ытайдан қ абылдауы мү мкін. Бірақ та қ ытайдың ақ парат кө здері, жоғ арыда сипатталғ ан қ ұ қ ық негіздерінің Қ ытайдан алынбағ андығ ын айтады. Оларда: тү ріктерде (ғ ұ ндар) “ли” (міндеттерге қ атысты заң дар) да, “и” (қ арым қ атынас ережесі) [22 De Groot,. p.3].да жоқ екені расталды. Бұ л ғ ұ ндардың қ ытайдың ли жә не и заң дарын қ абылдамағ андығ ын айтады.

Тү ріктерді мемлекет қ ұ руғ а қ абілетті халық ретінде анық тағ ан факторлардың бірі, олардағ ы қ оғ амдық тә ртіп сезімінің ө те жоғ ары дамуы, яғ ни бекітілген заң дар мен ережелер негізінде ө мір сү ру. Тү ріктердің бұ л ұ лттық ерекшелігі, ә лі кү нге дейін толық бағ асын алғ ан жоқ.

Тү ріктердің қ оғ амдық ө мірді заң дардың негізінде орнатуғ а деген талпынысы, олардың мемлекетті қ ұ рудағ ы қ абілеттілігінен тұ рады.Себебі, қ ұ қ ық тек мемлекетте пайда болады. Қ ұ қ ық, мемлекеттік ө мірдегі мемлекеттік басқ арудың болуының қ ажеттілігі болып табылады [23 W.Wundt. Volkerspsychologie. B. VIII, Die Gesellschaft. Teil 2, S.5-9.].Мемлекеттің қ ұ рылуы, ө мір сү ру ережелерінің кү шпен орнатылуының орнына, барлығ ының бағ ынуғ а міндетті заң дарының орнатылуы шарттарында ғ ана қ амтамасыз етіледі.

Батыс ә дебиеттерінде кездесетін тү ріктер туралы жаң сақ пікірлер, олар қ ұ қ ық тық қ атынастарды қ ұ ру барысындағ ы қ абілетсіздіктен туады. Мұ ндай пікір тарихи тұ рғ ыдан ғ ана емес, сонымен қ атар логикалық жә не ғ ылыми тұ рғ ыда қ ате жә не негізсіз. Барлық ә лемнің, ежелгі кезең нен тү ріктердің мемлекет қ ұ руғ а қ абілеттілігін мойындауына байланысты, бұ л дә лел олардың қ ұ қ ық тық жү йені қ ұ ру қ абілеттілігін мойындауғ а да мә жбү рлетеді. Мемлекет негізінің қ алануы, мемлекетті басқ ару сонымен қ атар заң ғ а бағ ынудың жә не мә жбү рлеудің қ ұ қ ық тық жү йесінің қ ұ рылғ андығ ын жә не оның функциясын кө рсетеді. Қ ұ қ ығ ы жоқ мемлекеттің болуы мү мкін емес, ө йткені қ ұ қ ық мемлекеттің біртұ тас саяси ұ йым ретінде ө мір сү руін қ амтамасыз етеді.

Тү ркілердегі жалпы қ ұ қ ық тың басты мақ саты ә деттегідей «зұ лымдық ты қ ұ қ ық тау мен жазауда емес, ә ділдікті сақ тау арқ ылы жалпығ а ортақ келісім мен тыныштық ты орнату мен қ олдауда болды» (4).Бұ л мақ сатқ а бірнеше принциптер кө мегімен жетті.

Бірінші принцип – талион, мемлекеттік биліктің барлық қ ұ қ ық тық мә селелерді бейбіт қ ұ ралдармен шешудегі ә рекетінен байқ алады.Талион қ арсыласушы екі жақ тың тарапынан да топтық сипатта болды.

Екінші принцип – жалпы паритет заң ының бө лшегі болғ ан қ ұ қ ық тық паритет.Бұ л принцип бойынша бір отбасы, топ, қ ауым басқ аларының мү дделеріне нұ қ сан келтірер іс-ә рекеттер жасаса, олар да ақ ылғ а қ онымды, нақ ты қ арымта іс-ә рекеттерге кө ше алды.Бұ л принцип неке-отбасылық, мү ліктік мә селелерде аса қ атаң сақ талды.

Ү шінші принцип – инновациялық принцип, ру-тайпалық ақ сү йекетердің, діни топтың, басқ арушы ә улеттің жоғ арғ ы биліктегі ә р жағ дайдарғ а байланысты басымдылық, ү стемдік қ ұ қ ық тарын бекітуде байқ алады.

Тү ріктердің қ ұ қ ық тық жү йесінде қ олданылғ ан негізгі ұ ғ ымдар бар.Олар: «барымта» - сот шешімдерін материалды-кү штеу арқ ылы орындау негізінде қ ұ рылатын қ ұ қ ық тық регулятивті институт, отбасының мү ліктік жә не жеке мү дделерін практикалық қ орғ ауды іске асырады; «айып» - моральдық, физикалық жә не материалдық зиянды қ ұ қ ық тың ө теудің формасы; «сауда жолдасы» - сауда инфрақ ұ рылымының қ ұ қ ық тық жағ ы; «жарлық» пен «бұ йрық тар» - қ ағ ан, жабғ у, шадтар шығ арғ ан уақ ытша немесе тұ рақ ты ә рекет кү ші бар қ ұ жаттар; «қ ұ н» - мө лшері дә стү рлі қ ұ қ ық негізінде сот шешімімен анық талатын, жә бірленуші жақ қ а физикалық жә не мү ліктік зиян ү шін берілетін мериалдық ө тем; «қ арымта» - туысқ андарғ а мал немесе қ аржы тү рінде той немесе қ аза болғ ан адамды еске алу астарын ө ткізу ү шін кө рсетілетін кө мек.Бұ дан бө лек, тү ркілер қ ылмыс тү сінігінің орнына Г.С.Сапарғ алиев бойынша «жаман іс» тү сінігі қ олданылғ аны мә лім.

Ежелгі тү ріктердегі келісімшарттар мен келісімдер. Тү рік тілінде “келісімшарт, келісім” ұ ғ ымдарын білдіретін бірнеше сө здер болғ ан, олар “бачиг” жә не “биджгас” [24 Mahmut Kaş gari, 1, 3, 310. Al-Misaku vaal-ahdu].

Ғ ұ ндардың келісімшартқ а отыру жолдары қ азіргі уақ ытта мә лім болғ ан.Соғ ан байланысты біз VI-VIII ғ асырларда тү ріктер қ ұ рғ ан мемлекетте маң ызды келісімшарттарғ а отырғ ан кезде, олар ант беріп отырғ андығ ын болжай аламыз.

Тү ркілерде келісімдер міндетті тү рде жазбаша тү рде бекітілген.Мысал ретінде кө не ұ йғ ырлардың қ ұ жаттарын алайық. Оларда, келісімге отырғ ан кү н кө рсетілген. Кү ндер он екі жылдық жануарлар цикліне сә йкес қ ойылып отырғ ан, мысалы, “Барыс жылының тө ртінші айының жиырмасыншы кү ні” немесе “Тауық айының екінші айының он сегізінші кү ні”.

Одан ары қ арай, келісімге отырғ ан адамдардың есімі жазылатын, келісімнің мақ саты кө рсетілетін. Келісімшартта келісімге отырушылардың біреуі келісімдік міндеттерді орындамағ ан жағ дайда қ олданылатын санкциялар ерекше кө рсетілген.

Қ арыз алуғ а байланысты келісімдерде, қ арыз алушы жә не беруші адамның есімдері, қ арыздың сапалық жә не сандық сипаттамалары, пайыздары, уақ ыты жә не қ айтару шарттары кө рсетіледі. Мұ ндай нұ сқ адағ ы кө птеген қ ұ жаттарғ а, қ арыз адам қ айтыс болғ ан жағ дайда, қ арызды ө тейтін тұ лғ а кө рсетілген.

Жазбаның соң ында куә герлердің жә не қ ұ даттың мә тінін жазғ ан адамдардың есімі кө рсетілген. Келісім жасап отырғ ан тұ лғ алардың қ олы жә не мө рінің болуы міндетті болатын.Тү ріктердің (мысалы, оң тү стік ұ йғ ырлық) келісімшарттардың барлық мә тіндері бірдей заң терминдерінен тұ рады.Тү ркілердің қ ұ қ ық тық келісімдері жазбаша тү рде жү ргізіледі, жә не онда біртекті заң терминдерінің қ олданылуы, олардағ ы қ ұ қ ық тық мә дениеттің жоғ арғ ы дә режеде дамығ андығ ын кө рсетеді.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.