Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Этиологиясы.




Инфекция:

· Ішектік аутоинфекция

· Экзоинфекция

· Бактериялар

Патогенезі:Қоздырғыштар бүйрекке уриногенді, гематогенді және лимфогенді жолдармен түседі, бірақ негізгі жол: уриногенді. Көбіне қоздырғыштар несеп жолына жыныс қатынасы кезінде және несеп жолына енгізілген аспаптармен түседі. Түскен инфекцияның жоғары қарай өрлеуіне қуық – несепағар рефлюкс, уродинамиканың обструкциялық бұзылыстары (несепағардың стриктурасы, таспен бітелуі), жүктілікке байланысты гормондық өзгерістер септігін тигізеді.

Бактериемия болғанда инфекция гематогенді жолмен таралады, мысалы сепсисте, инфекциялық эндокардитте ж.т.б.

Бейімдеуші факторлар:

1. Бактериурия; басты себебі – дене күтімінің жеткіліксіздігінен шат аймағының ластануы

2. Уродинамиканың бұзылыстарына әкелетін аурулар (несеп тас ауруы, қуықасты безінің аденомасы, нефроптоз, рефлюкстер ж.т.б.

3. Әйелдер несеп жолдарының жыныстық ерекшеліктері: уретра қысқа және кең.

4. Жүктілік, гормондық контрапцепциялық заттарды қолдану. Жүктілік кезінде эстрадиол және прогестерон жоғарлайды, несеп жолдарының қабырғалары қалындап ісінеді, перистальтикасы баяуланады. Осы өзгерістер және қуықтың, несепағардың жатырмен басылуы уродинамикалық бұзылыстарды туындатып, пиелонефриттің дамуына септігін тигізеді.

Гормондық контрацепциялық препараттардың әсері жүктілікке ұқсас.

5.Қантты диабет

6.Бұрын болған қабыну:цистит, пиелонефрит

Пиелонефрит жиі кездеседі: үш жасқа дейін балалық шақ (күтімнің жеткіліксіздігінен); 8-30 жас аралығы (әйел адамның жынысымен байланысты); егде және кәрі жас (ер адамдарда жиірек кездеседі)

Жіктемесі:

І.Зақымдану механизмі байланысты: біріншілік (гематогенді), екіншілік (уриногенді)

2.Орналасуы: бір жақты, қос жақты, жалғыз бүйректің пиелонефриті

3.Аурудың фазасы: өршу, ремиссия

4.Барысы:латентті, рецидивті, үдемелі

 

Клиникалық белгілері.Науқастың көбі аурудын белгілерін анықтамай жүре береді. Мұқият сұрастырудың нәтижесінде белдің ауруы, кейде субфебрильді температура, дизуриялық өзгерістер анықталады.



Сонымен қатар, инфекциялық астенияның белгілері болуы мүмкін: тез шаршау, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі.

Негізгі синдромдар: несептік, поллакиуриялық, интоксикациялық.

Жүре пайда болады: анемиялық, гипертониялық, бүйрек шамасыздығы.

Несептік синдром – кейде жалғыз синдром болып кездеседі: лейкоцитурия, микрогематурия, 1г жетпейтін тәуліктік протеинурия, гипостенурия, бактериурия.

Лейкоциттер несепке қабынған интерстицийден және несеп жолдардың кілегей қабығынан түседі. Лейкоциттердің саны процестің өткірлігіне тәуелді.

Латентті түрінде лейкоцитурия «бір көрініп, бір жасырын» толқын тәрізді. Сондықтан жасырын лейкоцитурияны анықтау үшін Аддис – Каковский, Нечипоренко сынамаларын жасау қажет.

Лейкоциттермен бірге эритроциттер болуы мүмкін. Эритроциттер түтікшелердің жарылған капиллярларынан немесе бүртіктердің зақымдануынан немесе кілегей қабақтың таспен жырылған жарақаттарынан түседі.

Пиелонефритке тән несептік синдромның тағы бір манызды белгісі: гипостенурия. Бұл белгі несептің концентрациялау процессінің бұзылысынан дамиды (бүйректің милы қабатында жүреді). Бүйректің милы қабаты қабынып ісінгенде бұл процесс бұзылады, содан гипостенурия дамиды. Кейде бұл пиелонефриттің жалғыз белгісі болады. Бұны Зимницкий әдісімен анықтау қажет.

Бактериурия – микробтардың несеппен бөлінуі. Қалыпты жағдайда қуықтағы несеп стерильді.Бүйректе немесе несеп жолының өзге бөліктерінде инфекция болса, қуыққа түскен сон микробтар соның ішінде тез көбейеді, себебі зәр бұларға өте қолайлы орта.



Егерде зәрдің 1млмикробтардың саны 1х105 болса бұл бактериурия.

Бактериурия пиелонефриттің болуын толық дәлелдемейді, өйткені микробтардың шығу көзі бүйректен тыс орналасуы мүмкін (простатит, цистит, уретрит), бірақ сонын өзінде антимикробты ем жасау керек, себебі бактериурия пиелонефриттің қауіпті факторы.

Пиелонефритте протеинурия аз мөлшерде, тәулігіне 1-2 г аспайды. Оның себебі- шумақтардан өткен төмен молекулалық белоктардың проксимальді түтікшелерде реабсорбциясының кемістігі.

Пиелонефритте түтікшелер басым зақымданады, осыдан түтікшелер шамасыздығы ерте дамиды. Түтікшелік шамасыздықтан микроэлементтер, электролиттер зәрмен жоғалып, су көп мөлшерде бөлінеді. Осыдан пиелонефритте науқастарда ісіктер болмайды, шөл және полиурия байқалады. Электролиттердің жоғалтуынан науқастарда әлсіздік болады.

Поллакиуриялық синдром.Науқастар күндіз де түнде де жиі кіші дәретке шығады.Шөл байқалады.

Интоксикациялық синдром: қалтырау, дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, лейкоцитоз. Бірақ бұл сирек кездеседі. Жиі инфекциялық астения белгілері байқалады:шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, бас ауру.

Пиелонефриттің ерекшеліктері:

§ Белдің үнемі сыздауы,мұздауы; себебі түбектің керілуі

§ Дене иемпературасының көтерілсе де субфебрильдіден аспайды

§ Артериалдық гипертензия (15-20%) – қабынудан бүйрекішілік гемодинамикасының бұзылысынан. Гипертония лабильді, өршу кезінде жоғары, ремиссия кезінде төмендейді.

§ Бүйректің функциясы жеткілікті бола тұра анемия дамуы.Анемия бүйрек шамасыздығынан бұрын дамиды. Оның негізгі себебі: бүйрек интерстицийінде орналасатын эритропоэтин түзуші жасушалардың жойылуы.

Объективті тексерісте науқастардың терісі құрғақ, түлегіш.

 

Диагностикасы:

ҚЖА:лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлайды өршу кезінде

ЖЗА:микропротеинурия, гипостенурия, лейкоцитурия, микрогематурия, бактериурия

ҚБА: мочевина, креатинин жоғарлауы

Нечипоренко талдауы: лейкоциттер басым

Аддис – Каковский талдауы:лейкоциттер басым

Зимницкий талдауы: гипостенурия

Латентті пиелонефритте активті лейкоциттер табылады (Штернгеймер – Мальбин жасушалары)


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2017 год. (0.008 сек.)