Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шешім қабылдау алғышарттары мәселе ретінде.




Басқару шешімдері мәселелерді шешуге бағытталып, әлеуметтік акт ретінде ұсынылады. Шешімдерді қабылдау – бұл менеджер ісінің негізгі және өте жауапты түрлерінің бірі себебі басқару тиімділігі яғни, туризм кәсіпорынының жұмыс тиімділігі басқару шешімінің дұрыстылығы мен уақыттылығына тәуелді.

Шешімдерді қабылдау қажеттілігі басқарушылықтың барлық үрдіс этаптарында пайда болады және басқару еңбегінің әртүрлі аспекттерімен байланысты. Менеджер үшін шешімдерді қабылдау – бұл үнемі және жауапты жұмыс. Шешімді қабылдау қажеттілігі туризм сферасындағы кез келген кәсіпорын басқарушысының барлық іс-әрекеттерін алып жүреді.

Басқару міндеттерін шешу жеңілірек, ал мәселелерін – қиынырақ. Шешім табу үрдісі әдетте «мәселені жою» деп аталады. Парето заңы бойынша менеджер жалпы нәтиженің 80%-н қамтамасыз ететін мәселенің 20%-н шешедә және 20%-ды қамтамасыз ететін міндетінің 80%-н шешеді. Сондықтан, ағымдық және келешекте болатын мәселелерді ойластыруға уақыт қалу үшін менеджер қайталанатын міндеттерді өте жылдам шешуі тиіс. Менеджердің табысты ісінің көрсеткіштерінің бірі дұрыс шешімді қабылдау қабілеттілігі болып табылады. Менеджерлер төрт түрлі басқару функциясын атқарады, олар үнемі шешім ағымымен істес болады, яғни оларға жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және қабылдау жатады.

Басқару шешімдерінің басқа да классификация критерийлері бар:

· Шешім нәтижесінің әрекет мерзімі бойынша: ұзақ, орташа және қысқамерзімді шешімдер;

· Қабылдау жиілігі бойынша: бірреттік және қайталанатын;

· Ауқым кеңістігі бойынша: жалпы (барлық қызметкерлерге қатысты) және бір сала бойынша мамандырылған;

· Дайындық формасы бойынша: жеке, топтық және ұйымдық;

· Қиындығы бойынша: қарапайым және күрделі;

· Регламентация қаттылығы бойынша:контурлық, құрылымдық және

алгоритмдық. Контурлық шешімдер қоластындағылардың іс-әрекеттерінің схемасын тек жобамен ғана белгілейді және шешімді жүзеге асырудағы тәсілдер мен әдістердің кең ауқымды таңдауды ұсынады. Құрылымдық шешімдер қоластындағылардың әрекеттеріне қатты регламентация ұсынады. Олар жағынан инициатива тек екінші реттік сұрақтарды шешу барысында ғана пайда болуы мүмкін. Алгоритмдық шешімдер қоластындағылардың әрекеттерін қатты регламенттейді және олардың инициативаларын мүлдем жояды.



Басқару шешім классификациясы М.Мескон, М.Альберт және Ф. Хедоури ұсынысы бойынша нақты қызығушылықты тудырады және олар ұйымдық, интуитивтік және рационалдық шешімдерді бөліп көрсетеді. Ұйымдық шешім – бұл басшының шарт бойынша қызметіне байланысты міндеттерді атқаруға міндетті түрде таңдау жасауы. Ұйымдық шешімнің мақсаты – ұйымның алдына қойылған міндеттерді орындау.

Интуитивті шешімдер менеджердің интуиция көмегімен қабылданады (көзбен). Оған басқару жұмысындағы үлкен тәжірибесі бар менеджерлер жатады.

Рационалды шешімдердің айырмашылығы бұл менеджердің жұмыс тәжірибесіне тәуелсіз болуы. Оның негізіне кәсіпорында болып жатқан терең анализ бен барлық құбылыстар мен үрдістердің синтезі жатады.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал