Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Қылмыстылықтың себептері мен шарттары






Қ ылмыстылық пен қ ылмыстардың себептері мен шарттарын танып білудің ә дістемесі диалектикалық жә не тарихи материализм болып табылады. Олар, ең алдымен, детерминация, қ арама қ айшылық тардың бірлігі мен кү ресі, тарихтылық пен жү йелілік. Философияда детерминациялық тың отыздан астам тү рлері айтылады. «Детерминанта» латын тілінен аударғ анда «анық тау» деген мағ ына береді. Детерминанта деп салдары деп аталатын басқ а бір факторды пайда ететін фактор (қ ұ былыс, материалдық не рухани дү ние заты, т.с.с.).

Криминологиялық детерминация байланыстылық тың ү ш тү рін пайдаланады – себептік, шарттаушы, функционалдық.

Себеп салдарды ө здігінен пайда етеді. Себептік байланыс генетикалық байланысқ а пара-пар.

Шарт – себепті пайда етіп, оның ә рекет етуіне жағ дай жасайтын қ ұ былыс. Осындай салдармен байланыс шарттау болып аталады. Шарттар деп ө здігінен салдарды пайда етпесе де, кең істік пен уақ ыт бойында себептермен ұ штаса жү ре жә не оларғ а ық пал ете отыра, себептің салдарды тудыруына қ ажет кү йінде дамуын қ амтамасыз ететін қ ұ былыстар.

Қ ұ былыстардың функционалдық байланысы деп қ ұ былыстардың бір қ атарындағ ы ө згерістері олардың басқ а қ атарындағ ы ө згерістерін пайда ететін байланысты айтады. Оғ ан корреляциялық байланыс (тә уелділік) мысал бола алады. Статистикалық корреляция О-ден 1-ге дейін ө лшенеді (корреляция тығ ыздығ ы). Нольдік тә уелділік зерттелуші статистикалық қ атарлардың ө зара байланыстылығ ының жоқ тығ ын кө рсетеді. Бірге жақ ын не оғ ан тең байланыс себептік-салдарлық байланыстың бар екендігін куә ландырады. Корреляцияны себептік-шарттаушы байланыспен тең естіру криминологиядағ ы жаң ылысу болып табылады.

Қ азіргі кезде ғ ылымда себептік байланыстың екі тү сінігі қ алыптасқ ан:

1) себеп жү йенің ө згеруін туғ ызатын ондағ ы бө ліктердің, тараптардың, материалдық жү йе тенденцияларының ө зара қ атынастары ретінде;

2) себеп бір объекттің басқ а объектке бір тарапты ық палының салдарынан оның ө згеруі (екі буынды, бинарлық себеп).

«Ө зара қ арым-қ атынас теориясы» В.Н.Кудрявцевтың, А.И.Долгованың ең бектерінде қ арастырылғ ан. «Бинарлық теория» Н.Ф.Кузнецова, Б.С.Волженкин сияқ ты ғ алымдардың ең бектерінде баяндалғ ан.

«Ө зара қ арым-қ атынас теориясы» тұ рғ ысынан ә леуметтік саладағ ы себеп – ол ә рқ ашан объективтілік пен субъективтіліктің, тұ лғ а мен ортаның қ арым-қ атынасы. Объективтілік пен субъективтіліктің қ арым-қ атынасын жеке-дара мінез жә не ә леуметтік бұ қ аралық дең гейде қ арастыру керек.

Индивидуалдық (жеке-дара) мінез дең гейінде нақ ты жеке қ ұ қ ық бұ зушылық механизмі, нақ ты қ ұ қ ық бұ зушы тұ лғ асы, оның қ ұ қ ық қ а қ айшы ә рекеттерінің себептері қ арастырылады. Бұ қ аралық дең гейде – қ оғ амдағ ы немесе жеке алынғ ан аймақ тағ ы қ оғ амғ а қ арсы ә рекеттердің жай-кү йі, қ ұ рылымы мен тенденциялары, тұ лғ алар жайында жалпылама мә ліметтер, осындай бұ қ аралық ә леуметтік қ ұ былыстардың ә леуметтік себептері қ арастырылады. Демек, жеке қ ұ қ ық бұ зушының басты себептерін субъект тұ лғ асы мен нақ ты жағ дайдың индивидуалдық ерекшеліктерінде іздеу керек. Ал жалпы қ ұ қ ық бұ зушылық тардың себептері қ оршағ ан болмыстың неғ ұ рлым жоғ ары дең гейіне қ атысты: осы қ оғ амғ а тә н ә леуметтік, экономикалық, психологиялық қ ұ былыстар мен процестер.

Осы концепция жақ таушылары себеп салдарды туғ ызатынын, шарт себептің ә рекет етуін қ амтамасыз етіп, оғ ан жағ дай ғ ана жасайтынын мойындай келе, себеп пен шарт орын ауыстыра алатынын да айтады. Қ арастырып отырғ ан қ ұ былыстардың барша қ ыр-сырын зерттеместен, алдын ала оны пайда еткен факторлардың қ айсысы себеп, қ айсыбірі шарт болатынын анық тау мү мкін емес.

Бұ л мә селені А.И. Долгова біршама нақ тылай тү скен. Оның жазуынша, қ ылмыс «ә леуметтен алынғ ан тұ лғ алық қ асиеттердің жә не сыртқ ы мә н-жайлармен қ арым-қ атысуының нә тижесі болып табылады. Осы қ арым-қ атынаста басты рольді ә леуметтік орта да, тұ лғ а типі де атқ ара алады».

Себептің анық талуына ық пал ететін объективтік пен субъективтіктің арақ атынасының варианттары сансыз кө п. Ысртқ ы ортаның ық палы мен тұ лғ алық қ асиеттердің арақ атынсының идеалдық ү лестілігін елестетуге ғ ана болатын сияқ ты.

Криминогендік шарттарды криминологияда екі топқ а ажыратады: қ ылмыстың жасалуына ық пал ететін шарттар (ситуациялық шарттар) жә не криминогендік мотивацияны пайда ететін шарттар.

Криминологиялық ә дебиеттерде ситуациялық шарттардың келесі тү рлерін ажыратады:

- орын алу уақ ытына қ арай: бір реттік, қ ысқ а, айтарлық тай ұ зақ, ұ зақ;

- пайда болуының кетенттілігінің дә режесіне қ арай: кенеттен, қ ылмыскердің бірнеше рет байқ ағ ан, қ ылмыскердің ұ дайы байқ ағ ан;

- нақ ты орын мен уақ ыттың жағ дайларында шоғ ырланғ ан себеп-сылтаудың болуы не болмауына байланысты.

Криминогендік ситуациялардың пайда болу варианттары:

- қ ылмыскерлердің алдын ала қ ұ ратын (мысалы, кә сіпорын кү зетіне ө з адамын енгізуі);

- қ ылмыскерлердің алдын ала ойластырмай жасағ андары (мысалы, адамның ө зін мас қ ылуын;

- басқ а адамдардың қ ұ қ ық бұ зушы немесе адамгершілікке жат ә рекеттері салдарынан туындағ ан (игіліктерді заң сыз алу ү шін мә мілеге отыру, қ ақ тығ ыстар болғ анда аса озбырлық пен ә рекет ету жә не т.с.с.);

- болашақ жә бірленушілердің, ү шінші бір тұ лғ алардың немқ ұ райдылығ ының салдарынан туындағ ан;

- тұ лғ аның қ зақ уақ ыт бойында келең сіз отбасылық жә не жеке басының ауыр жағ дайлары кү йінде болуы салдарынан туғ ан;

- табиғ и апаттардың тудырғ ан (мысалы, жер сілкінісі салдарынан қ оймалардың қ ұ лдырауы).

Криминогендік ө мірлік жағ дайлардың объективтік болуы тұ рғ ысынан криминогендік ситуацияларды қ ылмыстың жасалуына ық пал ететін жә не арандатушы жағ дайларды қ амтитын деп (мысалы, жә бірленушінің конфликттік мінезі) бө леді. Қ алыптасу кө здеріне қ арай криминогендік ситуацияларды былай бө леді:

- субъект тұ лғ асына жә не оның ә рекеттеріне байланысты (мысалы, қ ылмыскердің ұ дайы мастығ ынан туындағ ан конфликт);

- субъекттің еркінен тыс туындайтын (мысалы, жә бірленушінің арандатушы мінезі);

- аралас сипаттағ ы, олар қ ылмыс істеген адамның ә рекеттерінен де, оның еркінен тыс мін-жайлардан да туындайды (мысалы, машинаны қ атты жылдамдық пен айдау жә не кө ктайғ ақ тың болуы).

Негізгі ә дебиеттер: 5 бө лімде кө рсетілген: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 ә дебиеттерді қ араң ыз.

Қ осымша ә дебиеттер 5 бө лімде кө рсетілген: 21, 24, 29, 40-43 ә дебиеттерді қ араң ыз.

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.