Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






ылмыстық құқық» пәні бойынша емтихан сұрақтары

БЕКІТІЛДІ

Заң факультетінің

Ғылыми кеңес мәжілісінде

«___» ____________2015 ж. №__ хаттама

Заң факультетінің деканы

з.ғ.д., профессор____________Д.Л. Байдельдинов

«___»___________2015 ж.

ылмыстық құқық» пәні бойынша емтихан сұрақтары

(Мамандық: 5В030100- Құқықтану)

1. Қылмыстық заңның түсінігі, оның негізгі және ерекше белгілері. Қылмыстық заңның құрылымы. Қылмыстық заңның мезгілдегі, кеңістіктегі күші және адамдарға қатысты қолданылуы. Қылмыстық заңды түсіндіру: түсінігі мен түрлері.

2. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық. Қылмыс белгілерінің мазмұны. Қылмыс санаттары.

3. Қылмыстардың көптігінің құқықтық және әлеуметтік сипаттамасы. Қылмыстардың көптігінің жеке қылмыстардан айырмашылығы. Қылмыстардың көптігінің түрлері және олардың сипаттамасы.

4. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі мен маңызы. Қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы, жүзеге асу және тоқтатылу нысандары.

5. Қылмыс құрамының түсінігі мен маңызы. Қылмыс құрамының үлгілік, кепілдік, ажырататын және басқа да функциялары. Қылмыс құрамының элементтері, негізгі және факультативті белгілері. Қылмыс құрамының түрлері. Оларды түрлерге бөлу критерийлері: а) қоғамға қауіптілік дәрежесі бойынша; ә) құрылымы бойынша; б) заңдық құрылысы бойынша.

6. Қылмыс объектісінің түсінігі мен маңызы. Тігінен объектілерді жіктеу, тікелей объектілердің көлденеңнен жіктелуі. Қылмыс затының түсінігі және оның объектіден айырмашылығы.

7. Қылмыстың объективтік жағының түсінігі, мазмұны мен маңызы. Объективтік жақтың міндетті және факультативті белгілері. Қылмыстық-құқықтық әрекеттің түсінігі және оның белгілері. Қылмыстық-құқықтық әрекетсіздіктің түсінігі және оның белгілері. Қоғамға қауіпті зардаптар, олардың қылмыстық-құқықтық маңызы.



8. Қылмыстық құқықтағы себепті байланыстың түсінігі мен маңызы. Отандық және шет елдік қылмыстық құқықтағы себепті байланыс теориялары. Қылмыстың объективтік жағының факультативті белгілері және олардың маңызы.

9. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі, мазмұны мен маңызы. Субъективтік жақтың міндетті және факультативті белгілері. Кінә қылмыстық заңның, қылмыстың қағидасы мен субъективтік жақтың элементі ретінде. Кінә нысандары, олардың қылмыстық жауаптылық үшін маңызы.

10. Кінәнің нысаны ретіндегі ниет, оның мазмұны. Тікелей және жанама ниет. Қылмыстық құқық теориясында қарастырылатын ниеттің басқа да түрлері. Абайсыздықтың түсінігі мен түрлері.

11. Қылмыс субъектісінің түсінігі мен әлеуметтік сипаттамасы. Қылмыс субъектісінің негізгі және факультативті белгілері. Қылмыстық жауаптылық жасына толу. Есі дұрыстықтың түсінігі. Есі дұрыс еместіктің түсінігі мен критерийлері.

12. Қасақана қылмыс жасау кезеңдерінің түсінігі. Қылмысқа дайындалу: түсінігі, мазмұны, объективтік және субъективтік белгілері. Дайындалу нысандары.

13. Оқталудың түсінігі мен мазмұны, оның субъективтік және объективтік белгілері. Қылмыстық құқық теориясындағы оқталудың түрлері. Оқталудың қылмысқа дайындалудан және аяқталған қылмыстан айырмашылығы. Қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркімен бас тартудың түсінігі мен мәні, оның белгілері.



14. Қылмысқа қатысудың заңи табиғаты, қоғамдық қауіптілігі мен әлеуметтік мәні. Қылмысқа қатысудың объективтік және субъективтік белгілері. Қылмысқа қатысушылардың түрлері, оларды жіктеудің критерийлері мен сипаттамасы.

15. Қылмысқа қатысудың түрлері мен нысандары. Қылмысқа қатысудың нысандарына байланысты жіктеу ерекшеліктері. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының негіздері мен шектері.

16. Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі мен түрлері. Қажетті қорғанудың түсінігі мен мазмұны. Қажетті қорғанудың заңға сыйымдылық шарттары. Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік.

17. Аса қажеттіліктің түсінігі мен мазмұны. Аса қажеттіліктің заңға сыйымдылық шарттары. Зиян келтірудің түсінігі мен қылмыс жасаған адамға зиян келтірудің заңға сыйымдылық шарттары. Қылмыстық құқықтағы негізді тәуекел ету.

18. Қылмыстық жазаның түсінігі, оның мәні мен белгілері. ҚР ҚК бойынша жазаның мақсаттары мен оның жүзеге асырылуы. ҚР ҚК бойынша жазалардың жүйесі. Негізгі, қосымша және аралас жазалар.

19. ҚР ҚК бойынша жаза тағайындаудың жалпы негіздері. Жазаны тағайындау кезіндегі қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, олардың түрлері, жіктелуі мен сипаттамасы.

20. Шартты түрде соттау, оның заңи табиғаты. Шартты түрде соттауды қолданудың негіздері мен оның мазмұны. Шартты түрде соттаудың күшін жоюдың немесе сынақ мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібі.

21. Қылмысқа дайындалу, қылмысқа оқталу, қылмысқа қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жаза тағайындау. Жаза мерзімдерін қосу және жазаның әр түрлерін сіңіру кезінде мерзімдерді айқындау тәртібі.

22. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі мен түрлері. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың құқықтық негіздері мен шарттары.

23. Жазадан босатудың түсінігі мен түрлері. Жазадан босатудың құқықтық негіздері мен шарттары. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату мен неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру.

24. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы негіздері. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың жүйесі мен түрлері. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату. Тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдану.

25. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негіздері мен мақсаттары. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың түрлері. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату.

26. Тұлғаны қылмыстық-құқықтық қорғаудың конституциялық негіздері. Тұлғаның әлеуметтік және құқықтық түсінігі. Жеке адамға қарсы қылмыстардың жүйесі. Жеке адамға қолсұғушылықты қылмыстық-құқықтық бағалаудың ерекшеліктері. Өмірге қарсы қылмыстардың түсінігі мен жүйесі. Адам өлтірудің түсінігі мен сипаттамасы. Ауырлататын мән-жайлар кезінде адам өлтіру Жеңілдететін мән-жайлар барысында адам өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.

27. Денсаулыққа қарсы қылмыстар. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жіктелуі. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесіне байланысты жауаптылықты дифференциациялау. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру. Денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіру.

28. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Соз ауруын немесе адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру.

29. Жеке бостандыққа қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Адам ұрлау. Адам ұрлағаны үшін қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босатудың арнайы шарттары. Адам ұрлауды аралас қылмыс құрамдарынан ажырату. Бас бостандығынан заңсыз айыру. Бас бостандығынан заңсыз айыруды басқа қылмыстардан шектеу. Адам саудасы. Адам саудасының алдын алу мен оған жол бермеу жөніндегі халықаралық-құқықтық актілер. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру.

30. Тұлғаның жыныстық қол сұғылмаушылығы және жыныстық еркіндігіне қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері. Зорлау. Жыныстық қатынас пен сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасаудың айырмашылығы. Зорлауға оқталу мен сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасауды аяқталған қылмыстардан ажырату критерийлері. Жәбірленушінің қарсылығын басу құралы ретінде қорқыту мен күш қолданудың сипатын бағалау.

31. Ар-намыс пен қадір-қасиетке қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Қол сұғушылықтың негізгі және қосымша объектілері. Қылмыстың жәбірленушісі. Ар-намыс пен қадір-қасиетке қарсы қылмыстардың объектісі мен объективтік жағы. Субъективтік жағы. Субъектілердің негізгі белгілері: жасы және айналысатын кәсібінің түрі. Жала жабу мен қорлау. Жала жабу мен қорлаудың айырмашылығы.

32. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері. Кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға тарту. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту. Тартудың объективтік және субъективтік белгілері. Тартудың амалдары. Аяқталу сәті. Кәмелетке толмағандар саудасы. Баланы ауыстыру. Заңсыз бала асырап алу. Бала асырап алу құпиясын жария ету.

33. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау. Аталған қылмыстың арнайы субъектісі. Әрекетсіздік объективті жақтың нысаны ретінде. Кәмелетке толмағандарға қатал қараудың түсінігі. Балаларын немесе еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару. Әдейі жалтарудың белгілері. Қылмыстың арнайы субъектісі.

34. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы. Саяси құқықтарға қарсы қылмыстар. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу. Сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу. Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар. Адамның және азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.

35. Меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі мен жүйесі. Меншікке қарсы қылмыстардың тар және кең мағынасы. Меншікке қарсы қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі. Бөтен мүлікті жымқырудың түсінігі мен белгілері. Жымқырудың объектісі мен затының қылмыстық-құқықтық белгілері. Жымқырудың нысандары мен түрлері. Осы критерийлер бойынша қылмыстарды саралау қажеттілігі.

36. Ұрлық. Жасырын түрде иеленіп алудың объективті және субъективті критерийлері. Ұрлықтың тонаудан, жымқырудың басқа да нысандарынан, алаяқтықтан және олжаны иеленіп алудан айырмашылығы. Ұрлықтың ауырлататын және аса ауырлататын белгілері. Алаяқтық. Алдау мен сенімді теріс пайдаланудың қылмыстық-құқықтық мазмұны. Алаяқтықтың ауырлататын белгілері. Алаяқтықтың азаматтық-құқықтық деликтер мен ұқсас қылмыстардан айырмашылығы.

37. Тонау. Ашық алудың түсінігі. Жасырын жымқырудың ашық жымқыруға өтуі. Тонаудың аяқталу мерзімі. Қарақшылық. Қарақшылық құрамының құрылысының ерекшелігі. Шабуылдың түсінігі. Қарақшылықтың түрлері. Қарақшылықтың ауырлататын белгілері. Қарақшылықтың, бандитизмнен, тонаудан, қорқытып алудан, бұзақылықтан айырмашылықтары. Қорқытып алу. Қорқытып алудың объективтік жағы. Талап ету. Талап ету мен алудың ара қатынасы. Талап етудің мазмұны. Талап етудің адресаты. Қорқыту. Қорқытудың мазмұны.

38. Кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызмет аясындағы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Заңсыз кәсіпкерлік. Заңсыз кәсіпкерліктің объективтік және субъективтік жақтарының ерекшеліктері. Заңсыз кәсіпкерліктің ұқсас құрамдардан айырмашылығы.Заңсыз банктік қызмет. Қылмыс құрамының объективтік жағының ерекшеліктері. Жалған кәсіпкерлік. Жалған кәсіпкерліктің объективтік және субъективтік жақтарының ерекшеліктері. Қылмыстың ұқсас құрамдардан айырмашылығы..

39. Оңалту және банкроттық кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер. Банкроттықтың түсінігі. Қылмыстың заты, объективтік және субъективтік жақтары. Әдейі банкроттық. Объективтік жағының сипаттамасы. Жалған банкроттық. Қылмыс құрамының объективтік және субъективтік жақтарының сипаттамасы.

40. Қаржы жүйесіне қарсы қылмыстар. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе өткізу. Қылмыстың заты. Объективтік жағының ерекшеліктері. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе өткізу кезіндегі субъективтік жақтың мазмұны. Қылмыстың аяқталу кезеңі. Алаяқтықтан айырмашылығы. Жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу. Қылмыстың заты.

41. Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы. Өкілеттіктерді теріс пайдалану. Өкілеттіктерді теріс пайдаланудың объективтік және субъективтік белгілері. Өкілеттіктерді теріс пайдалану мен меншікке қарсы қылмыстардың айырмашылығы. Коммерциялық сатып алу. Коммерциялық сатып алу құрамының түрлері. Коммерциялық сатып алудың заты. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері.

42. Қоғамдық қауіпсіздіктің түсінігі мен оның түрлері. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Терроризм. Ауырлататын белгілері. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың арнайы негіздері. Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру. Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу. Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру.

43. Адамды кепілге алу. Қылмыс құрамының объективтік және субъективтік жақтарының сипаттамасы. Адамды кепілге алудың ауырлататын белгілері. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері. Бандитизм. Банданың түсінігі. Бандитизмнің объективтік және субъективтік жақтары. Бандитизмнің аяқталу кезеңі. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері. Жаппай тәртіпсіздіктер. Жаппай тәртіпсіздіктердің түсінігі. Жаппай тәртіпсіздіктермен жалғасатын әрекеттердің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.

44. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Бұзақылық. Бұзақылықтың объективтік жағы. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзудың, көрінеу құрметтемеудың түсінігі. Бұзақылықтың субъективтік жағы. Ауырлататын белгілері. Тағылық. Қол сұғушылық заты. Объективтік және субъективтік жақтардың белгілері. Ұқсас қылмыс құрамдардан айырмашылығы.

45. Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың түсінігі. Есірткі, психотроптық заттарды заңсыз өткізумен байланысты қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Есірткі, психотроптық заттарды қадағалау аясында әрекет ететін халықаралық-құқықтық нормалар. Есірткі, психотроптық заттардың формальды-заңи анықтамасы. Ұқсас қылмыс құрамдардан айырмашылығы. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың арнайы негіздері.

46. Адамгершілікке қарсы қылмыстардың түсінігі. Жезөкшелікпен айналысуға тарту. Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату. Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату. Адам мәйітінің ағзалары мен тіндерін заңсыз алып қою. Жануарларға қатыгездік жасау.

47. Экологиялық қылмыстардың түсінігі мен белгілері. Экологиялық қылмыстардың түрлері және олардың ҚР ҚК-нің басқа тарауларында көрсетілген қылмыстармен ара қатынасы. Қылмыс затының - қоршаған орта мен оның элементтерінің, қауіпті заттардың, қалдықтардың ерекшеліктері. Экологиялық қылмыстардың объективтік және субъективтік белгілері. Экологиялық қылмыстар мен әкімшілік теріс қылықтардың ара қатынасы.

48. Көліктік қылмыстардың түсінігі. Көлікті жүргізу мен оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзумен байланысты қылмыстар. Теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу.

49. Көліктің қызмет етуімен байланысты басқа да қылмыстардың сипаттамасы. Көлік құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, маскүнемдік жағдайындағы тұлғаға көлік құралдарын басқаруына жол беру. Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын жарамсыздыққа келтіру.

50. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар. Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану. Қызмет мүдделеріне қарамастан қызметтік өкілеттіктерді пайдаланудың түсінігі. Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану.

51. Пара алу. Параның заты. Пара алудың объективтік және субъективтік белгілері. Парақорлыққа делдал болу. Пара берудің түсінігі. Пара беруші үшін қылмыстың аяқталу сәті. Пара беру үшін қылмыстық жауаптылықтан босату.

52. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы мен түрлері. Мемлекеттік аппарат пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыпты қызметіне қарсы қылмыстар. Билікке қатысты күш қолдану. Қылмыс құрамының объективтік және субъективтік белгілері. Билік өкілін қорлау. Ресми құжаттарды беру және жүргізудің қалыптасқан тәртібіне қарсы қылмыстар. «Ресми құжат», «мемлекеттік награда» түсініктері.

53. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы. Сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның өміріне қол сұғу. Сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері. Сотты құрметтемеу. Бұл қылмыстардың қылмыс құрамдарының жалпы және ерекше белгілері. «Қолсұғушылық», «зорлық-зомбылық әрекеттері», «сотты құрметтемеу» түсініктері.

54. Әскери қылмыстардың түсінігі мен олардың түрлері. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстардың ерекшеліктері. Соғыс жағдайындағы қылмыстардың әскери қылмыстардан айырмашылығы. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету. Қашқындық. Дене мүшесін зақымдау немесе басқа да тәсілмен әскери қызметтен жалтару. Бұл қылмыстардың құрамдарының жалпы және арнайы белгілері. Бірінші рет қашқындық немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кеткендігі үшін әскери қызметшілерді қылмыстық жауаптылықтан босатудың арнайы негіздері.

55. Мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түсінігі, түрлері. Мемлекетке опасыздық жасау мен тыңшылық. Мемлекеттік құпиялар қылмыстың заты ретінде. Мемлекетке опасыздық жасаудың нысандары. Тыңшылық затының ерекшеліктері. Тыңшылықтың түрлері мен олардың ерекшеліктері. Мемлекетке опасыздық жасаудың тыңшылықтан және мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария етуден айырмашылығы.

56. ҚР экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттігі негіздеріне қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сиапттамасы. Диверсия. Диверсияның объектісі мен заты. Диверсияның объективтік жағының ерекшеліктері. Диверсияның жеке адамға, меншікке зиян келтірумен, терроризммен байланысты қылмыстардан айырмашылығы. Мемлекеттік құпиялардың сақталуына қол сұғу.

57. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері. Басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу. Басқыншылық соғыстың түсінігі және оның басқыншылықтың түсінігімен ара қатынасы. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу немесе жария түрде шақыру. «Жария түрде шақырудың» түсінігі.

58. Адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Геноцид. Геноцидтың түсінігі. Қылмыстың жәбірленушісі. Объективтік жағының мазмұны. Экоцид. «Жаппай жою» мен «экологиялық апат» түсініктері. Объективтік жағының ерекшеліктері.

59. Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз заңсыз иеленіп алу. Әрекеттің құқыққа қайшылығының түсінігі. Қылмыс заты. Өзге де көлік құралының түсінігі. Иеленіп алудың түсінігі. Қылмыс затын иеленіп алу және ұстап тұру. Иеленіп алудың ұзақтығы. Жымқыру мақсатының жоқтыңын көрсету. Меншікке қарсы пайдақорлық емес қылмыстар. Аталған қылмыстардың түрлері.

60. Басқару тәртібінің арнайы ережелерімен реттелген қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту. Шығарып жіберу туралы шешімді орындамау. Заңсыз көшіп-қонды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қайшы өзгерту. Өзінше билік ету. Өзінше билік ету кезіндегі әрекет. Жеке тұлға өзінше билік етудің субъектісі ретінде.

 

<== предыдущаЯ лекциЯ | следующаЯ лекциЯ ==>
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ | Задание на отработку пропусков практических занятий по дисциплине КСО.

mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2017 год. (0.179 сек.)