Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Діни ағымдар және жастар.






Қ андай мә дениет болса да, оның негізінде дін жатады. Дін – ә рбір азаматтың ө мірінде маң ызды орын алатын қ ұ былыс. Олай болса, Қ азақ стан мемлекеттігінің негізін қ азақ мә дениеті қ ұ раса, сол мә дениеттің ө зегінде ислам діні жатқ андығ ы ақ иқ ат. Бұ л оймен келіспейтіндердің де қ арасы аз емес. Соң ғ ы кездері дә стү рлі қ азақ мә дениетін терістеп, оны дінсіздік деп танитын топ жастар арасынан да кө рініс таба бастады. Бұ л айтылып жү рген пікірлердің ұ шқ ары екенін жә не діни сауатсыздық тан пайда болғ анын кө зі ашық азаматтар бірден байқ айды. Біздің ата-бабалармыздың ешқ андай да діни фанатизмге жол бермегені жә не исламның ақ жолын ұ станғ аны белгілі. Себебі, қ азақ халқ ының ауыз ә дебиетінде сал-серілердің ө лең, жыр-дастандары, ортағ асырлық ғ ұ ламалардың ең бектері осының айғ ағ ы.

Жастар - біздің жарқ ын болашағ ымыз. Оларғ а жіті кө ң іл бө лу, тә рбиелеу - дін жетекшілері мен елбасшылары алдындағ ы негізгі мә селелердің бірі. Олардың болашағ ы осығ ан байланысты. Сондық тан бұ л саладан қ аражат аяп қ алуғ а болмайды. Жастарымыздың сан ғ асырлар бойы қ алыптасқ ан салт-дә стү рін ұ дайы жадында сақ тап, оны қ ұ рмет тұ тып қ адірлеуі, ө з тума-туыстары мен отандастарына ілтипат кө рсетуі ү шін кезкелген қ оғ амда нағ ыз шынайы қ ұ ндылық тар бірінші орында тұ руғ а тиіс.

Бү гінгі таң да еліміздегі діни ахуал туралы сө з қ озғ ағ ан кезде, жастар туралы айтпай ө ту мү мкін емес. Себебі ел жастарының дінге деген қ ызығ ушылығ ы жыл сайын артып келеді. Бү гінгі кү ні кез келген діни ғ имаратқ а бара қ алсаң ыз, ондағ ы жамағ аттың кө п бө лігін жастар қ ұ райтындығ ын кө рер едік. Бұ л қ оғ амдағ ы дінді ұ станушы тұ рғ ындардың басым бө лігін жастар қ ұ райтындығ ын кө рсетеді.

Дін жастарды несімен қ ызық тырады? Жастардың пікірі бойынша, дін - адамдарды сабырлық қ а жә не адамдарғ а деген сү йіспеншілікке тә рбиелей отырып, олардың бойында болашақ қ а деген сенімділікті қ алыптастырады. Кө птеген жастар ү шін Қ ұ дайғ а деген сенім ө мірдегі мә нді қ ұ ндылық ретінде жақ сылық қ а деген ү міт болып табылады. Демек, дін – адамның рухани қ алыптасуы мен дамуында шешуші ық пал ететін факторлардың қ атарынан орын алады.

Мә дениеттер мен діндердің халық аралық орталығ ының осы бағ ытта жү ргізген социологиялық зерттеулері, ө здерін дінді ұ станатындардың қ атарына жатқ ызатын жастардың кө п бө лігі дінге отбасындағ ы тә рбие ық палымен келгендігін кө рсетеді. Сонымен қ атар, жастардың тө рттен бір бө лігі дінге ө здерінің рухани ізденістері нә тижесінде келген. Ә рбір жетінші респондент дін жолына ө з таныстары мен достарының ық палымен келген болса, ал ә рбір оныншы респондент дінге материалдық қ иындық тың себебімен келгендігін кө рсеткен. Яғ ни, жастардың дінге келуін оның қ оршағ ан ә леуметтік ортасымен жә не басқ а да ә ртү рлі жағ дайларғ а қ атысты бірнеше факторлармен айқ ындауғ а болады. Осы деректер жә не кү нделікті ө мірдегі қ арапайым бақ ылаулар жастардың дінге келуі мен ұ стануында олардың ішкі ізденістерінен гө рі, сыртқ ы факторлардың ық палы басымдау екендігін кө рсетеді.

Қ азақ станда халық аралық, дінаралық келісім, ө зара татулық пен сыйластық ежелден қ алыптасқ ан ү рдіс. Аллағ а сансыз шү кір, бұ л Қ ұ дай Тағ аланың Қ азақ стан халқ ына нә сіп еткен ұ лы сыйы, нығ меті, ә рі біздің ата-бабамыздан қ алғ ан қ ұ нды мұ ра. Осындай ү лкен қ азынаның қ адіріне жетіп, оны сақ тап, молайту - перзенттік борышымыз.

Соң ғ ы жылдары отандастарымыздың, ә сіресе, жастардың рухани дамуына кері ә сері бар ә ртү рлі жағ дайларды байқ аймыз. Мә селен, бұ л ретте жарнама мен бұ қ аралық ақ парат қ ұ ралдарындағ ы адамгершілік қ ұ ндылық тың, ар мен ұ яттың аяқ қ а тапталуын айтуғ а болады. Сонымен қ атар жас ұ рпақ тың тә лім-тә рбиесіне теріс ә серін тигізіп жатқ ан кейбір теледидар хабарларының қ атерге айналғ анын баршамыз біліп отырмыз. Зиянды ойындардың, адамның есін шығ арар есірткі мен ішкіліктің теледидар арқ ылы кө п насихатталуы жастардың ө з Отаны мен отбасына, дініне, салт-дә стү ріне деген кө зқ арастарын ө згертіп жатқ анын жасыра алмаймыз.

Бү гінгі жастар бұ рынғ ылармен салыстырғ анда ө згешелеу. Олардың ой-ө рісі, талпынысы, сауық -сайран қ ұ руы, былай айтқ анда, адами қ ұ ндылық тары бө лектеу. Бірақ жастарымыз жалпыадамзаттық мә ң гілік рухани-адамгершілік қ ұ ндылық тардың да бар екенін естен шығ армаулары қ ажет. Онсыз тұ лғ а толық қ анды қ алыптаса алмайды. Жеке адамның, оның санасы мен тұ лғ асының қ алыптасуына ә сер ететін жағ даяттар мол. Айталық, оның ата-анасы, ө мір сү ріп отырғ ан ортасы... Адам баласы кү н сайын бір нә рсеге кө ң іл бө ліп, ой тү йеді, ө мір бойы оқ иды. Алайда адам баласының тұ лғ алық сипаты жас кезінен бастап қ алыптасады. Жас сә би табиғ атынан таза, пә к. Бұ л - адамның ө мірден ә лі ештең е кө рмеген, кө ң ілге тү ймеген шағ ы. Ә лемді енді-енді тани бастайды. Міне, дә л осы кезең де ата-ананың, содан кейін білім беру мекемелеріндегі мұ ғ алімдердің балабақ шадан бастап, олардың бойына бірте-бірте рухани-адамгершілік қ ұ ндылық тарды сің іріп, жақ сылық пен жамандық тың аражігін ажыратуғ а ү йрету - маң ызды іс. Осы орайда Мұ хаммед (с.ғ.с.) пайғ амбарымыздың: «Ата-ана баласы ү шін жауапты» деген даналық сө зін еске тү сіре кеткен орынды болар. Егер ата-ана ө з міндеттерін орындамаса, онда бала кө ше тә рбиесімен кетеді. Ондағ ы (кө шедегі) тә рбие, ө мірге деген қ ұ штарлық, мақ сат-мү дделердің басқ а екенін баршамыз жақ сы білеміз. Мұ ндай жағ дайда теледидар, ғ аламтор, компьютерлік ойындар баланың бас тә рбиешісіне айналады. Осыдан кейін жас баланың бойында кез келген нә рсені жасауғ а болады деген мінез қ алыптасады.

Ә рине, жас ұ рпақ ты мұ ндай қ атерден қ ұ тқ арып қ алу - толық тай мү мкін де емес. Десе де, қ атерлі жағ дайдан шығ удың бірден-бір жолы - оларғ а алдағ ы ө мірінде кездесуі мү мкін кесапаттар мен қ ауіп-қ атерлерді жә не неден сақ танып жү ру қ ажеттігін тү сіндіру. Олар мұ ның сана мен саулық қ а кері ә сер ететінін саналы тү рде ұ ғ ынулары тиіс. Болашақ та біреу темекі ұ сынса, ә лде ит те ішпейтін ішкілікті ішуге итермелесе, міне, сонда олар не істеу қ ажеттігін таразылай алады. Жамандық атаулыдан саналы тү рде бас тартқ ан бала оларғ а: «Жоқ» деп жауап бере алады, сондай-ақ жамандық тан жиренетін болады. «Жақ сыдан ү йрен, жаманнан жирен». Бұ л - ата бабаларымыздың ө скелең ұ рпақ қ а қ алдырғ ан ө сиеті.

Жастар бойындағ ы жаман қ ылық тарғ а қ арсы кү ресетін иммунинет - ол діни, рухани-адамгершілік жә не моральдық ұ ғ ымдар. Осындай қ ұ ндылық тар ғ ана ә лемді жамандық атаулыдан қ ұ тқ арады. Сонымен қ атар жастардың кө кейіне Заң арқ ылы ү рей салу, қ оғ амдық пікірден аяқ тартқ ызу - жас ұ рпақ ты қ андай да бір қ ылмыс жасаудан тоқ татуы мү мкін. Дегенмен ол, толық тосқ ауыл бола алмайды. Адам жазық ты бола тұ рып, жазаланбай қ алса, онда ол заң талаптарын тағ ы да белден басуы ғ ажап емес. Ал ешкім мені кө рмеді, бұ л ә рекетімді байқ амады деген тү сінік оны тағ ы да қ ылмыс жасауғ а жетелеуі мү мкін. Ал діни, рухани-адамгершілік қ ұ ндылық тар негізінде тә рбие кө рген адам қ ай жерде жү рсе де, қ андай жағ дайғ а тап болса да, ө зін Жаратушы Ие кө ріп тұ рғ анын біледі. Сондай-ақ ол бұ л дү ниенің сотынан оң ай қ ұ тылғ анымен, арғ ы ө мірдің тезінен қ ашып кету мү мкін еместігін жақ сы сезінеді. Діни тә рбие адам бойында ар-намыс, Отанғ а деген сү йіспеншілік, т.б. сезімдерін оятады. Дін адамды тө зімділікке, алып-қ ашпа, бө тен ойларғ а кең дікпен қ арауғ а ү йретеді. Бұ л, ә сіресе, кө п дінді, бірнеше ұ лтты елде ө те маң ызды. Осындай тә рбие болмағ ан жағ дайда қ ылмыс, экстремизм, тө зімсіздік, дінаралық, ұ лтаралық алауыздық пен теке тірес секілді қ ұ былыстар кө рініс табуы ық тимал. Осындай қ ұ былыстардың болуын қ алайтын, елдегі ахуалдың тұ рақ сыздануы ү шін қ олынан келгенін аямайтын кү штердің де бар екені жасырын емес.

Арнайы діни білімнің болмауы, шала сауаттылық та экстремизмге ә келіп соқ тыруы ә бден мү мкін. Қ ылмыскерлер мен экстремистердің қ атарына қ осылып кеткендердің бә рі де дұ рыс діни тә рбиеден нә р алмағ андар. Сондық тан олар қ ылмыс ә леміне оп-оң ай жем болады. Олармен кү ресте тек кү ш қ олдану тә сілі тиімді нә тиже бере бермейді, сондық тан бұ л мә селеге қ арсы идеологиялық кү рес жү ргізу лә зім. Мұ ндай жағ дайда ағ артушылық жолмен кү ресу қ ажет. Жастарғ а шынайы діни білім беріп, олардың білім кө кжиегін кең ейту керек. Адамгершілік тә рбиеде діни қ ұ ндылық тарды пайдалану, сондай-ақ дін мен мектептерді шебер байланыстыру нү ктелерін дұ рыс таба білу - бү гінгі заманда оң нә тиже берері сө зсіз. «Жұ мыла кө терген жү к жең іл» демекші, қ оғ ам мен дін қ ызметкерлері жастарды дұ рыс тә рбиелеуде кү ш біріктіргені абзал. Осы бағ дарлама аясында мектептер мен ө зге де білім беру мекемелерінде дін негіздерін, ә лемдік діндер тарихын, ә деп сабақ тарын ү йрететін пә ндерді де енгізу артық етпейді.

Қ азақ стан мұ сылмандары діни басқ армасы еліміздің қ оғ амдық ө міріне етене араласып, билік басындағ ылардың адамгершілікті, мә дениет пен білімді дамытуғ а, иман қ уатын кү шейтетін, патриоттық сезімді, қ оғ амдағ ы ө зара сү йіспеншілік пен бауырмашылдық ты нығ айтатын рухани дә стү рлерді қ айта қ алыптастыруғ а бағ ытталғ ан ә леуметтік бағ дарламаларғ а қ олдау кө рсетіп келеді.

Ел мұ сылмандары Елбасымыз Нұ рсұ лтан Назарбаевтың рухани-адамгершілік бастамаларды қ анаттандыруғ а, жас ұ рпақ ты патриоттық рухта тә рбиелеуге жә не Қ азақ стан қ оғ амының рухани-идеологиялық қ ауіпсіздігін қ амтамасыз етуге бағ ытталғ ан саясатын толығ ымен қ олдайды. Ислам дінінде дін мен дү ниә уи іс ажырамастай бірлікте қ аралады. Ислам мұ сылман жастарын тә рбиелеуде белсенділік танытумен қ атар, бү тіндей елдің бү кіл қ ауымдастығ ына толық тай қ ызмет етеді.

Жастармен жұ мыс жан-жақ ты жү ргізіліп келеді. Ә рбір мешіт жанында сауат ашу курстары қ ызмет етеді. Онда жастар дін негіздері туралы бастауыш білім алуда, Ислам қ ағ идаларымен танысуда. Бұ л курстар арқ ылы жастардың патриоттық сезімдері артып келеді. Онда діни тө зімділік пен барлық адамдармен ө зара тү сіністік жайлы рухани-адамгершілікке негізделген тә рбие берілуде. Ө йткені сауат ашу курстарындағ ы дә рістер жастарды жоғ арыда аталғ ан белсенді іс-ә рекеттерге тартудың негізгі жолдары саналады.

Бұ л туралы ел Президентінің жыл сайынғ ы халық қ а арнағ ан дә стү рлі Жолдауларында, жасағ ан баяндамалары мен сө йлеген сө здерінде оның маң ыздылығ ы аталып, кө рсетіліп келеді. Биылғ ы «Қ азақ стан – 2050. Қ алыптасқ ан мемлекеттің жаң а саяси бағ ыты» атты дә стү рлі Жолдауында да Президентіміз: «Бү гінде біздің халқ ымыз ү шін дә стү рлі емес, діни жә не жалғ ан діни ағ ымдар мә селесі ө ткір тұ р. Жастарымыздың бір бө лігі ө мірге осы жат, жалғ ан діни кө зқ арасты кө зсіз қ абылдайды, ө йткені біздің қ оғ амның бір бө лігінде шеттен келген жалғ ан діни ә серлерге иммунитеті ә лсіз.

Біздің Конституция сенім бостандығ ына кепілдік береді, бұ л – факт. Бірақ ө здерің із білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз – хаос. Барлығ ы да Конституция мен заң аясында болуғ а тиіс.

Ә ркімнің таң дау қ ұ қ ығ ы бар. Діни таң дауғ а ө те ү лкен жауапкершілікпен қ арау керек, ө йткені, адамның ө мірлік салты, тұ рмысы, кө п жағ дайда, ө мірі соғ ан байланысты.

Бү гінде, интернет пен жоғ ары технологиялар ғ асырында, ақ параттар тасқ ындағ ан заманда, «ішкі сү згі» адамның ішінде болу керек.

Біз қ оғ амда, ә сіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын кү шейтуіміз керек», – деп атап ө ткені белгілі.

Осы мә селелерді негізге ала отырып, қ азіргі орта жә не арнаулы оқ у орындарында «Дінтану негіздері» пә нін тек тарихи аспекті де ғ ана емес, рухани тә рбиелік жағ ына да кө бірек ден қ оюымыз тиіс. Жоғ ары оқ у орындарына да енгізіліп жатқ ан «Дінтану» пә німен қ оса, ә рбір жоғ ары оқ у орындарының жанынан жастарғ а діни сана қ алыптастыру жә не олардың рухани тә рбиесінің жетілуіне ық пал ететін арнайы рухани орталық тар қ ұ рылып, жұ мыс атқ аруы бү гінгі қ оғ амымыздың талабы болса, солардың бірі ретінде жә не 2012 жылдың 24 қ азандағ ы Білім жә не ғ ылым министрлігі коллегиясының «Студент жастарды деструктивті сипаттағ ы діни ағ ымдардың ық палынан қ орғ ау жұ мыстары» тақ ырыбы бойынша шешімдеріне сә йкес Бізде 2012 жылдың 27 қ арашасында ө ткен ғ ылыми кең есінде «Дінтану орталығ ын» қ ұ ру туралы шешім қ абылданып, аталғ ан орталық ө з жұ мысын бастады.

Орталық тың негізгі мақ саты – Дінтану ғ ылымының ә р тү рлі бағ ыттағ ы ақ парттық материалдар қ орын жинақ тау жә не дін мә селесі бойынша ғ ылыми ізденіс жұ мыстарын жү ргізу, қ азіргі замандағ ы дін проблемасының ө зекті мә селелері барысында дө ң гелек ү стелдер, ғ ылыми-практикалық конференциялар жә не семинарлар ұ йымдастыру, студенттердің ғ ылыми ә діс танымдарын мең геруі ү шін жағ дай жасау, деструктивті секталар мен радикалды ағ ымдардың ық палына тү скен студент жастармен жекелей жұ мыс істеп, оларғ а теологиялық, қ ұ қ ық тық жә не психологиялық кө мек кө рсету.

Елімізде дін мә селесі кү рделіленіп тұ рғ ан уақ ытта мемлекетіміздің діни саясатын нығ айтып, халқ ымыздың дә стү рлі дү ниетанымындағ ы қ алыптасқ ан діні жә не басқ а да ә лемдік діндердің тарихы мен рухани қ ұ ндылық тарынан жастарды хабардар етіп, олардың санасында басқ а сенімдерге деген қ ұ рмет пен тө зімділікті қ алыптастыру да осы орталық тың басты міндеттерінің бірі.

 

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.