Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мультипликатор теориясы 1 страница






Мультипликатор (латын тілінде multіplіkator – кө бейтуші) – табыстың ө згеруі инвестициялардың ө згеруіне байланысты екенін кө рсететін коэффициент. Мультипликатор идеясын экономика ғ ылымына алғ аш рет 1931 жылы ағ ылшын экономисі Ричард Кан енгізді. Ол инвестицияның халық тың сатып алу қ абілеті мен жұ мыспен қ амтылуын қ алай еселейтінін (мультификациялайтынын) кө рсетіп берді. Дж.М.Кейнс «Жұ мыспен қ амтудың, пайыздың, ақ шаның жалпы теориясы» атты ә йгілі ең бегінде мультипликатордың жалпылама тү сініктемесін берді. Мультипликатор теориясы бойынша белгілі бір ө ндіріс аясына жұ мсалғ ан шығ ын басқ а ө ндіріске жә не жұ мыспен қ амтылуғ а ынталандырушылық ық пал етеді. Жалпы ұ лттық ө нім кө леміндегі бұ л оң, ө скелең нә тиже мультипликативтік ә сер деп аталады. Мультипликатор инвестиция мө лшері кө бейгенде жалпы ұ лттық ө німнің ө су кө лемін кө рсететін сандық коэффициент болып табылады. Мысалы, инвестиция 100 млрд. тең геге ө ссе, мұ ның ө зі жалпы ұ лттық ө німді 300 млрд. тең геге ө сіреді, демек, мультипликатор = 3, егер жалпы ұ лттық ө нім 200 млрд. тең геге артса, онда мультипликатор 2-ге тең болады. Кейнстік мультипликатор теориясы шең берінде ү кімет (мемлекеттік тапсырыс), фирмалар, халық жұ мсағ ан ірі кө лемдегі шығ ынның (инвестицияның) оң ық палы ұ лттық ө ндірістің тиімділігіне жә не ө суіне игі ә серін тигізетіні негізделді. Кейіннен мультипликациялану (кө бею) қ ұ былысы уақ ыт факторын ескере отырып қ арала бастады жә не мультипликатордың динамикалық серпінді ү лгісі пайда болды. Ол бастапқ ы инвестиция нә тижесінің қ айталанып отыратындығ ын басшылық қ а алып жасалды. Жинақ ақ ша мен инвестиция серпініне талдау жасауда мультипликатор теориясын пайдалану жиынтық сұ ранысның, жалпы ішкі ө нім кө лемінің жә не халық тың жұ мыспен қ амтылуының ө згеруіне ық пал етудің нақ ты тұ тқ аларын кө рсетеді. Бұ л теория тү рлі бағ ыттар тарапынан сынғ а ұ шырағ анымен, тиімді сұ раныс тұ жырымдамасын, нарық тық экономиканы реттеу қ ажеттілігі мен мү мкіндігін негіздеуде ерекше рө л атқ арды. Тү рлері: инвестициялық мультипликатор – кү рделі жұ мсалымның жиынтық табысқ а ық палы; ақ ша мультипликаторы – ақ ша-несие жү йесіне салымның кө беюі не азаюы нә тижесінде ақ ша массасының бір бірлікке шақ қ анда қ аншағ а артатынын не қ ысқ аратынын кө рсететін сандық коэффициент; депозиттік (несиелік) мультипликатор – банк депозиттеріндегі болмашы ө згерістердің ақ ша мө лшеріне жә не банк жү йесі мен несие рыноктарында бір мө лшердегі ақ шаның сан рет пайдаланылуы арқ ылы несие кө леміне жасайтын ық палы.

 

Ә дебиеттер тізімі

 

1. С. Ә кімбеков, А.С. Баймұ хаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқ у қ ұ ралы. Жалпы редакция С. Ә кімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.

2. Жалпы экономикалық теория. Оқ улық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағ ындық ов, Б.А. Жү нісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқ арғ ан Ө.Қ. Шеденов – Ақ тө бе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.

3. Я. Ә убә кіров, К. Нә рібаев, М. Есқ алиев, Е. Жатқ анбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқ улық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.

4. Ғ абит Ж.Х. Экономикалық теория: оқ у-ә дістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.

5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқ у қ ұ ралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.

6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.

7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672.

8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқ у қ ұ ралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.

9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандық тарғ а арналғ ан қ ысқ аша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағ ы ЕҰ У., 2008. – 147 б.

10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқ улық. - Ақ тө бе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.

11. Қ Р-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халық қ а Жолдауы «Ә леуметтік-экономикалық жаң ғ ырту – Қ азақ стан дамуының басты бағ ыты», 2012 ж. 28 қ аң тар.

12. Қ Р-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халық қ а Жолдауы «Болашақ тың іргесін бірге қ алаймыз», 2011 ж. 28 қ аң тар.

13. Қ Р-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халық қ а Жолдауы «Жаң а онжылдық – Жаң а экономикалық ө рлеу – Қ азақ станның жаң а мү мкіндіктері», 2010 ж. 30 қ аң тар.

14. Қ Р-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халық қ а Жолдауы «Дағ дарыстан жаң ару мен дамуғ а». 2009 ж. 7 наурыз.

15. Н.Ә. Назарбаев. Қ азақ стан - 2030: «Ел Президентінің Қ азақ стан халқ ына жолдауы», Алматы – 1998 ж.

 

Ө зін-ө зі тексеру сұ рақ тары

1. Жиынтық сұ раныстың негізгі қ ұ рауыштары қ андай?

2. Жиынтық сұ ранысқ а қ андай факторлар ә сер етеді?

3. Жиынтық ұ сыныс қ ысқ а жә не ұ зақ мерзімдерде қ алай қ арастырылады?

4. Жиынтық ұ сынысқ а қ андай факторлар ә сер етеді?

5. Макроэкономикалық тепе-тең діктің ү лгілері қ андай?

6. Кейнстің психологиялық заң ы нені сипаттайды?

7. Тұ тынудың, жинақ таудың жә не инвестицияның функциялары қ андай?

8. Бейімділіктің тү рлері қ андай?

9. Мультипликатор ү лгісі нені зерттейді?

Студенттің ө зіндік жұ мыстары

1. Тақ ырып бойынша экономикалық сө здік жасау (глоссарий).

2. Тақ ырып бойынша логикалық схемалар қ ұ растыру.

3. Мына сұ рақ тарғ а жауап берің із (конспект):

1) Сэй заң дары.

2) Акселератор теориясы.

 

4. Тест тапсырмалары:

1. Ұ лттық есеп - шот жү йесіндегі жинақ тау кө рсеткіші - бұ л:

A) Жанұ яның барлық активтерінің сомасы.

B) Белгілі бір мезетте алынатын, бірақ тұ тынылмайтын табыс.

C) Жанұ яның барлық активтерінен міндеттілік сомасының айырмашылығ ы.

D) Белгілі бір мезетте алынатын табыс.

E) Табыс тұ тынылғ аннан кейін қ алатын мақ сатсыз жә не мезгілсіз ақ шалар.

2. Кейнстің психологиялық заң ы қ алай сипатталады?

А) Табыс ө скен сайын тұ тыну да ө седі, бірақ тұ тынудың ө суі табыстың ө суіне қ арағ анда кем ө седі.

В) Табыс ө скен сайын тұ тыну да ө седі, бірақ тұ тынудың ө суі табыстың ө суіне қ арағ анда артығ ырақ ө седі.

С) Тұ тыну қ олда бар табысқ а тә уелді, сондық танда табыс ө згергенде тұ тыну да ө згеріп отырады.

D) Табыс ө скен сайын тұ тынуғ а деген орташа бейімділік тұ рақ ты болып қ алады.

E) Табыс ө скен сайын жинақ тауғ а деген орташа бейімділік тұ рақ ты болып қ алады.

3. Мультипликатор нені кө рсетеді:

А) Инвестиция ө сімінің тұ тыну ө сіміне қ атынасын;

В) Ұ Т ө сіміне инвестиция ө сімінің қ атынасын;

С) Сұ раныс ө згерісі мен бағ а ө згерісі арасындағ ы тә уелділікті;

D) Ұ сыныс ө згерісі мен бағ а ө згерісі арасындағ ы тә уелділікті;

E) Инвестиция ө сіміне ЖҰ Ө ө сімінің қ атынасын.

4. Жиынтық сұ раныстың қ ұ рамына не кірмейді?

C) Тұ тынушының сұ ранысы. B) Инвестициялық сұ раныс.

D) C) Мемлекет жағ ынан сұ раныс. D) Таза экспорт. E) Таза импорт.

5. Жиынтық сұ раныс дегеніміз – бұ л:

А) барлық ү й шаруашылық тарының сұ раныстары;

В) ү й шаруашылық тарының жә не мемлекеттің жалпы сұ раныстары;

С) мемлекеттің жалпы сұ раныстары;

D) жоспарланғ ан шығ ындар сомасы;

Е) ү й шаруашылық тарының жә не фирмалардың жалпы сұ раныстары.

6. Жинақ тау тө мендегідей тү рде анық талады:

A) ЖҰ Ө – тұ тыну – салық тар.

B) Мемлекеттік жинақ тау – ү й шаруашылық тарының тұ тынуы.

C) Экономиканың барлық шаруашылық субъектілерінің жинақ талғ ан қ орларының сомасы.

D) Салық тар – мемлекеттік шығ ындар.

E) Ұ лттық жинақ тауды елдегі халық санына бө лгенге тең.

7. Айталық, инвестиция 10 млрд. тең геге ө скенде ұ лттық табыс 20 млрд. тең геге ө сті. Бұ л жерде мультипликатор коэффициенті қ аншағ а тең болады?

А) 20 млрд. В) 2 млрд. С) 30 млрд. D) 200 млрд. Е) 10 млрд.

Экономиканың циклдік дамуы жә не экономикалық ө су

Мақ саты: экономиканың ауытқ ымалы кезең мен дамып отыруын талдау жә не экономикалық ө судің факторлары мен ерекшеліктерін тү сіндіру, сонымен қ атар, Қ азақ стандағ ы экономикалық ө су моделін сипаттау.

 

Талқ ылау сұ рақ тары:

12.1 Циклдік толқ улардың мә ні мен себептері, фазалары мен тү рлері

12.2 Экономикалық ө су: тү сінігі, тү рлері, факторлары, негізгі ү лгілері

 

Негізгі ұ ғ ымдар: экономикалық цикл, жандану, ө рлеу, дағ дарыс, тоқ ырау, қ ысқ а мерзімді толқ ындар, орта мерзімді толқ ындар, ұ зақ мерзімді толқ ындар, экономикалық ө су, сұ раныс факторлары, ұ сыныс факторлары, бө лу факторлары, экстенсивті ө су, интенсивті ө су, аралас ө су, экономикалық ө судің ү лгілері, т.б.

 

12.1 Циклдік толқ улардың мә ні мен себептері, фазалары мен тү рлері

 

Қ азіргі экономикалық даму ұ зақ мерзімдік динамика ретінде тұ рақ ты тү рде ө су ү рдісімен кө рініп отырады. Алайда қ ысқ а мерзімде сол экономикалық дамудың жағ дайлары ү немі кө терілу мен тө мендеу толқ ындарымен сипатталады. Олай болса экономикалық даму бірқ а-лыпты болмайды. Макроэкономикалық динамиканың толқ ушылық сипаттағ ы заң дылық тары экономикалық (іскерлік) цикл мә селесі ретінде қ арастырылады.

Экономикалық (іскерлік) цикл – бұ л макроэкономикалық тұ рақ сыздық тың белгісі ретінде нақ ты ЖІӨ -нің экономикалық белсенділік дең гейінің ү немі толқ ып жә не ауытқ ып отыруы. Немесе, экономикалық дамудың жоғ арылау кезең дерінің қ ұ лдырау кезең дері-мен ауысып отыруын, сондай-ақ, экономиканың бір фазадан екінші бір фазағ а ө ту аралығ ын (қ ұ лдырау фазасынан келесі бір қ ұ лдырау фазасына дейінгі аралық) айтамыз.

Экономикалық цикл теориясы экономикалық ө су теориясымен қ атар макроэкономикалық динамика теориялары ретінде қ арастыры-лып, экономикалық жү йенің қ озғ алыстарын сипаттайды. Циклдің теориялары экономикалық белсенділіктің белгілі бір уақ ыт аралығ ындағ ы кезең дік ауытқ улары мен толқ уларын, тұ рақ сыздық -тың себептерін талдайды, ал экономикалық ө су теориялары экономиканың ұ зақ мерзімдік тенденция ретіндегі тұ рақ ты ө згерісте-рінің факторлары мен шарттарын зерттейді. Оны тө мендегі суреттен кө руге болады.


Іскерлік

белсенділік

дең гейі,

ЖІӨ

шың қ ұ лдырау тірілу

тү п

кө терілу

шың

қ ұ лдырау тірілу

тү п

тоқ ырау цикл

уақ ыт t

Сурет 12.1 Экономикалық (іскерлік) цикл

Суреттен кө ріп отыранымыздай, тү зу сызық тренд ретінде сипатталады, яғ ни тренд дегеніміз – бұ л ұ лғ аймалы тенденция фор-масында кө рінетін экономикалық дамудың жалпы тұ рақ ты ұ зақ мерзімдік бағ ыттылығ ы. Толқ ын тә різдес қ исық дамудың біркелкі еместігін сипаттайды, қ оғ амның экономикалық даму кезең інің қ ұ лдырау кезең дерімен жалғ асып отыруын кө рсетеді. Кө терілу мен қ ұ лдыраудың ө зара тізбектеліп қ айталанып отыруы экономика-лық дамуғ а ү немі тұ рақ сыздық ты байқ ататын циклдік сипат беріп отырады. Сонымен, экономикалық цикл экономикалық белсенділіктің немесе ЖІӨ қ арқ ынының ө зара екі бірдей жағ дайының (бір қ ұ лдыраудан келесі бір қ ұ лдырауғ а дейін) арасындағ ы уақ ыт аралығ ын қ арастырады.

Экономикалық жағ даят – бұ л экономиканың бірқ алыпты, ә рі ө спелі тепе-тең діктік дамуын сипаттайтын жиынтық макроэконо-микалық кө рсеткіштердің ө згеру бағ ыты мен дә режесі.

Экономикалық цикл, экономикалық дағ дарыстар мен макроэко-номикалық тұ рақ сыздық мә селелеріне алғ аш рет аса дә йекті тү рде кө ң іл аудара бастағ ан Карл Маркс болды. Ол экономикалық циклдің 4 фазасын бө ліп кө рсетті.

Экономикалық циклдің фазалары:

а) қ ұ лдырау (тө мендеу, рецессия) фазасы экономикалық даму параметр-лерінің тез нашарлауымен сипатталады: ө ндіріс кө лемінің тез қ ысқ аруы, табыстардың тез қ ысқ аруы, жұ мысбастылық тың қ ысқ аруы, инвестициялардың қ ысқ аруы, бағ алардың қ ұ лауы, ө ндір-гіш кү штердің біртіндеп бұ зылуы (ө ндірістік қ уаттардың істен шығ уы, жұ мыссыздық тың ө суі, жаппай банкроттық, негізгі капитал-дың қ ұ нсыздануы);

ә) тоқ ырау (тү п, стагнация) фазасы қ ұ лдыраудың ең тө менгі нү ктесі ретінде сипатталады: жаппай жұ мыссыздық, жалақ ының ең тө менгі дең гейі, пайыз мө лшерлемесінің ең тө менгі дең гейі, тауарлық қ орлардың қ ысқ аруы, ө ндірістің тұ рып қ алуы, бағ алар тө мендеуінің тоқ татылуы;

б) жандану (тірілу), немесе қ алпына келу фазасы негізгі капиталдың жаппай жаң артылуы, жұ мыссыдық тың қ ысқ аруы, жалақ ының ө суі, бағ алардың ө суі, пайыз мө лшерлемелерінің ө суі, тұ тыну заттарына деген сұ раныстың артуы сияқ ты кө рсеткіштермен сипатталады;

в) ө рлеу (шың) фазасы экономикалық ө су қ арқ ынының жоғ арылауы, ө ндіріс кө лемінің айтарлық тай ұ лғ аюы, инвестиция-лардың артуы, бағ алы қ ағ аздар бағ амдарының ө суі, пайданың, жалақ ының, бағ алардың, пайыз мө лшерлемелерінің артуы сияқ ты кө рсеткіштермен сипатталады.

Қ азіргі заманғ ы батыстық экономикалық теория экономикалық циклдің агрегатталғ ан екі фазасын ғ ана қ олданады: рецессия жә не кө терілу. Рецессия деп дағ дарыс жә не қ ұ лдырау тү сіндіріледі. Ал кө терілу – бұ л тірілу жә не шың.

Экономикалық циклдің типтері. Экономикалық циклдің тү рлерін ажыратудың объективті негіздері мыналар бола алады:

а) капиталдың жекелеген бө ліктерінің жаң арып отыру кезең ділігі;

ә) негізгі капитал элементтерінің ү немі жаң арып отыруын сипаттайтын ө згерістер;

б) демографиялық ү рдістермен жә не ауыл шаруашылығ ының дамуымен шартталатын ө згерістер.

Экономикалық циклдің негізгі типтері тө мендегі кестеде берілген.

 

Кесте 12.1 Экономикалық циклдің типтері

Циклдің типтері Ұ зақ тылығ ы Басты ерекшеліктері мен себептері
  Дж. Китчин циклдері (қ орлар циклдері) 2-4 жыл Тауардың ө мір сү ру циклімен, ә лемдік алтын қ орларының ө згеруімен байланысты орын алатын қ ысқ а мерзімдік толқ улар.
  К. Жугляр циклдері(инвестициялық немесе бизнес циклдер) 7-12 жыл Банктердің ә рекеттерінен туындайтын ақ ша-несие факторларының ө згеруінен негізгі капиталдың кезең ділікпен жаң аруына байланысты орын алатын орта мерзімдік толқ улар
  К. Маркс циклдері 10 жыл Негізгі капиталдың жаппай жаң аруымен байланысты орын алатын орта мерзімдік ауытқ улар
  С. Кузнец циклдері (қ ұ рылыс циклдері) 15-25 жыл Тұ рғ ын ү йлер қ ұ рылысын жә не бірқ атар ө ндірістік ғ имараттардың тү рлерін жаппай жаң артумен байланысты орын алатын ұ зақ мерзімдік толқ улар
  Н. Кондратьев циклдері(«Ұ зын толқ ындар») 40-60 жыл Ғ ылыми-техникалық прогресстің дамуымен, экономикадағ ы қ ұ рылымдық алғ а жылжулар мен ө згерістерге байланысты орын алатын ұ зақ мерзімдік толқ ындар
  Форрестерлік циклдер 100 жыл Жаң а энергиялар мен материалдардың пайда болуымен, шикізат кө здерін жаң адан ашумен байланысты қ оғ амның жаң а сатыларғ а ө туімен сипатталатын ө згерістер
  Тоффлерлік циклдер Мың жылдық тар Ө ркениеттік дамулардың ұ ласуы

 

Қ азіргі уақ ытта бірқ атар экономистер циклдің қ аржылық, аграрлық, энергетикалық, шикізаттық, экологиялық, саяси деген тү рлерін бө ліп кө рсетеді.

Экономикалық циклдердің себептері. Экономикалық циклдің пайда болу себептері туралы ортақ жалпы мойындалғ ан пікірлер мен теориялар жоқ, сондық тан ә ртү рлі экономикалық бағ ыттың ө кілдері экономикалық цикл туралы кө зқ арастарын ә ртү рлі тү сіндіреді.

С. Джевонс пен А. Чижевский циклдің себептерін Кү н бетіндегі дақ тардың адамдарғ а ә сер етуімен тү сіндіреді. В. Парето мен А. Пигу циклдің себептерін адамдардың экономикалық қ ызметтеріндегі оптимистік жә не пессимистік қ атынастарғ а байланысты деп айтады. Т. Мальтус пен Ж. Сисмонди циклдің себептерін ө ндірілетін табысқ а қ арағ анда тұ тынылатын табыстың жетіспеушілігімен байланыс-тырады. М. Туган-Барановский мен А. Шпитгоф оларды ө ндіріс қ ұ рал-жабдық тары ө ндірісінің тұ тыну заттары ө ндірісінен артып кетуінен деп тұ жырымдайды. Э. Хансен мен Р. Хоутри циклдерді банктік несиелерді экспансиялаудан жә не шектеуден, есептік мө лшерлеменің қ озғ алысынан орын алатынын алғ а тартады. Дж. Кейнс циклдерді жинақ тардың артып кетуімен жә не инвестиция-лардың жетіспеушілігімен байланыстырады. Ал К. Маркс болса циклдің пайда болу себептерін капитализмнің негізгі қ айшылық -тарынан іздейді.

Экономикалық циклдің факторлары. Экономикалық циклдің факторларын анық тау ү шін ү ш ә дісна-малық бағ ыт қ алыптасады. Біріншісі, сыртқ ы (экзогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Екіншісі, ішкі (эндогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Ү шіншісі, сыртқ ы жә не ішкі факторлардың синтезі ретінде анық талады.

Сыртқ ы (экзогендік) факторлар – берілген экономикалық жү йенің шең берінен тыс жатқ ан факторлар. Оларғ а жататындар: халық тың ө су қ арқ ыны, халық тың миграциясы, ғ ылыми ашылымдар мен техникалық жетістіктер, соғ ыстар, ә ртү рлі саяси оқ иғ алар, мұ найғ а деген бағ аның кү рт ө згеруі, ірі кен (ә сіресе, алтын) орындарының ашылуы, жаң а жерлер мен табиғ и ресурстардың игерілуі, Кү н бетіндегі дақ тар, ауа-райы ә серлері мен табиғ и апаттар, т.б.

Ішкі (эндогендік) факторлар – берілген экономикалық жү йеге қ атысты факторлар. Оларғ а ә детте тұ тыну мен инвестицияны жатқ ызады. Сондық танда, бұ л бағ ытта экономикалық циклдің мә селелері сұ раныс теориясы, мультипликатор-акселератор механиз-мі арқ ылы зерттеледі.

Кө птеген экономистердің кө зқ арастары бойынша сыртқ ы факторлар экономикалық циклдердің бастапқ ы импульстеріне дем беріп отырады, ал ішкі факторлар осы импульстерді фазалық толқ уларғ а айналдырып отырады. Сол себепті ішкі факторларды сипаттайтын бағ ыт аса кө кейкесті болып табылады. Экономикалық циклдердің пайда болуында шешуші рө лді тұ тынушылық сұ раныс пен инвестициялық сұ раныс ойнайды. Тұ тынушылық сұ раныс цикл-дердің ө згерісіне салыстырмалы баяу ә сер етсе, ал инвестициялық сұ раныс экономикалық циклдердің басты қ озғ аушы кү ші болып табылады.

Макроэкономикалық тұ рақ сыздық жағ дайларында экономика-лық циклді реттеу ү шін мемлекеттің экономикағ а араласуының ә дістері алуан тү рлі болып табылады жә не олар ә р кезең де шың далып жетілдіріле тү седі. Мемлекеттің экономиканың циклдік дамуын тұ рақ тандыру бойынша саясатын тө мендегі кестеден кө руге болады (кесте 12.2). Бұ л жерде мемлекеттің макроэкономикалық саясат қ ұ ралдары циклдік толқ уларды жұ мсарту мақ сатында экономиканың тұ рақ тандыру саясатына айналады.

Экономиканы тұ рақ тандыру саясаты – бұ л инфляция мен жұ мыссыздық дең гейлерінің циклдік толқ уларын қ ысқ артуғ а жә не экономикалық ө су ү шін қ олайлы экономикалық жағ даятты жасауғ а бағ ытталғ ан, сонымен қ атар, ө ндіріс кө лемі мен жұ мысбастылық ты қ алыпты дең гейінде ұ стап тұ руғ а негізделген мемлекеттің экономика-лық саясатының кешенді іс-шаралары.

 

Кесте 11.2 Мемлекеттің экономиканы тұ рақ тандыру саясаты

Экономиканы тұ рақ тандыру саясатының қ ұ ралдары Дағ дарыс кезең дерінде Ө рлеу кезең дерінде
Бюджет-салық саясаты Бюджет шығ ындарын арттыру, салық ставкаларын тө мендету Бюджет шығ ындарын қ ысқ арту, салық ставкаларын жоғ арылату
Ақ ша-несие саясаты Есептік ставканы тө мендету, ашық нарық та мемлекеттік бағ алы қ ағ аздарды сатып алу, міндетті резервтер нормасын тө мендету Есептік ставканы кө теру, ашық нарық та мемлекеттік бағ алы қ ағ аздарды сату, міндетті резервтер нормасын кө теру
Табыстар саясаты Жалақ ыны арттыру Жалақ ыны қ ысқ арту
Инвестициялық саясат Инвестициялық жобалардың іске асуын тездету, мемлекеттік қ олдау кө рсету Мемлекеттік қ олдауды жә не инвестиция салуды тежеу
Мақ саты: Экономикалық белсенділікті ынталандыру Экономикалық белсенділікті тежеу

Қ азақ стан Республикасының экономиканы тұ рақ тандыру (дағ дарысқ а қ арсы) саясаты.

2007 жылдың тамыз айынан орын алғ ан ә лемдік қ аржылық -экономикалық дағ дарыс қ азіргі жаһ андану ү дерістерінің терең деуі қ арсаң ында кө птеген мемлекеттерді ә уре сарсаң ғ а салғ аны белгілі. Осы дағ дарыс ә лем елдерін оның себептерін жою бойынша тиімді жолдар мен ә дістерді іздеуге мә жбү р етті. Жаң а қ ұ былыстар жағ дайында осының бә рі тұ рақ тылық пен бә секеге қ абілеттілікті кө теру мақ сатында ұ лттық экономикалардың жандану стратегия-ларын қ айта тү зетуге жә не ө з кезегінде, экономикалық саясатты жетілдіре тү суге итермеледі. Ә лем елдерінің дағ дарысты ең серу бойынша қ абылдағ ан аса маң ызды іс-шараларын тө мендегідей топ-тастыруғ а болады:






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.