Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экстрополяция.






 

2 Экономикалық заң дар жә не экономикалық категориялар

Зерттеліп отырғ ан қ ұ былыстардың мә ні экономикалық заң дар мен экономикалық категорияларда нақ ты кө рініс табады.

Экономикалық заң дар – бұ л адамдар ө мірінде ү немі тұ рақ ты тү рде қ айталанып отыратын себеп-салдарлық байланыстар мен қ ұ былыстар. Қ олданылу мерзіміне қ арай барлық экономикалық заң дар тө мендегідей жіктеледі:

1. Арнайы экономикалық заң дар – шаруашылық жү ргізудің нақ ты бір белгілі нысандарын дамытумен байланысты заң дар.

2. Ерекше экономикалық заң дар – олардың іс-ә рекет жү ргізу жағ дайлары сақ талатын нақ ты бір тарихи дә уірлерге тә н заң дар.

3. Жалпы экономикалық заң дар – адамзаттың барлық тарихи дә уірлеріне тә н заң дар.

Экономикалық заң дардың объективтік сипаты – олар жекелеген индивидтердің, фирмалардың немесе мемлекеттің еркінен, санасынан жә не қ алауынан тыс орын алады жә не ә рекет етеді. Мұ ндай заң дарды экономикалық ғ ылымның кө мегімен танып білуге болады, бірақ оларды сол экономикалық ғ ылыммен жасауғ а болмайды. Экономика-лық заң дарды анық тау экономикалық теорияның аса маң ызды қ ызметтеріне жатады жә не олардың тә жірибелік маң ызы зор болып табылады, себебі осындай заң дарды талдаудың негізінде тиімді экономикалық саясатты қ алыптастыруғ а болады.

Экономикалық категориялар – бұ л экономикалық қ ұ былыс-тардың аса маң ызды жақ тарын сипаттайтын жалпылама ұ ғ ымдар мен тү сініктер (мысалы, тауар, бағ а, пайда, т.б.).

 

3 Экономикалық теорияның қ алыптасуы мен тарихи даму кезең дері

Экономикалық ғ ылымның ұ зақ жә не аса бай тарихы бар. Экономикалық ілімдерді жү йелеудің ең алғ ашқ ы белгілі талпыныстары бірінші Аристотель (б.з.д. 364-322) мен Платон (б.з.д. 428-348) сияқ ты ежелгі грек ойшылдарымен байланысты. Олар ө з зерттеулерінде экономикалық ө мірдің негізгі мә селелерін қ арастырғ ан. Аристотель экономиканы байлық туралы ғ ылым ретінде анық тап, қ ұ н, бағ а жә не ақ ша теориясына ө те кө п ү лес қ осты.

Жоғ арыда атап ө ткеніміздей, «экономика» термині ежелгі грек сө зі, оны алғ аш рет грек жазушысы жә не тарихшы Ксенофонт (б.з.д. 430-355) қ олданғ ан. Шын мә нінде, бастапқ ы мағ ынасында «экономия» сө зі орын алғ ан, ол ү й шаруашылығ ын жү ргізудің ө нері туралы ғ ылым ретінде сипатталды. Алайда, уақ ыттың ө згеруіне байланысты экономикада жаң а ұ ғ ымдар пайда бола бастады. Мемлекеттер қ алыптасып, қ оғ амдық ең бек бө лінісі мен айырбас қ атынастары дами бастады. Осығ ан орай, біртұ тас мемлекеттің халық шаруашылығ ын басқ ару қ ажеттілігі туындады. Осы кезде француз экономисі Антуан де Монкретьен (1575-1621) 1615 жылы «Саяси экономия трактаты» атты ең бегін жариялайды. Онда ол сауда қ атынастарын жан-жақ ты дамыту арқ ылы экономикалық саясатты жү ргізуді ұ сынады. Сө йтіп, экономия сө зі саяси экономия деп аталатын сө з тіркесіне айналды. «Саяси экономия» - бұ л кең мағ ынасында, халық шаруашылығ ын мемлекет тұ рғ ысынан басқ ару туралы ғ ылым. Сол уақ ыттағ ы осы ғ ылым тұ рғ ысында экономистер мемлекеттің ұ лттық табысын арттыратын шешімдерді жә не шаруашылық жү ргізудің негізгі мә селелерін алғ а тартты.

Меркантилизм. Экономикалық теориядағ ы алғ ашқ ы мектеп – меркантилизм болып табылады. Бұ л бағ ыт ұ лттық табыстың негізгі кө зі деп байлық ретінде саналатын алтын мен кү місті жинау мә селесін қ арастырды. Бұ лар байлық тың кө зі тек саудада деп тү сінді, яғ ни сырттан бағ алы металлдарды арзанғ а сатып алып елге жинау беру жә не оларды басқ а елдерге қ ымбатқ а сату. Меркантилизмнің басты ө кілдері болып жоғ арыда аталғ ан А. Монкретьен, ағ ылшын экономисі Томас Мэн (1571-1641), Уильям Стаффорд (1554-1612), француз экономисі Жан Батист Кольбер (1619-1683), орыс экономисі Иван Посошков (1652-1726) табылады. Меркантилистер экономикалық теорияның ғ ылым болып қ алыптасуына айтарлық тай ө з ү лестерін қ осты. Сонымен, меркантилизм – бұ л байлық тың сыртқ ы сауда нә тижесінде жасалатынын тү сіндіретін жә не айналыс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағ ыты.

Физиократтар. Бұ л мектептің негізін салушылар болып француз ғ алымдары Франсуа Кенэ (1694-1774) мен Анн Тюрго (1727-1781) болды. Физиократтар экономикалық ғ ылымда айтарлық тай бетбұ рыс жасады. Олар бірінші болып ө ндіріс аясына кө ң іл бө лді. Олардың ойынша, байлық тың кө зі сауда емес, ө ндірісте. Ө ндіріс ретінде олар ауыл шаруашылығ ы саласын ғ ана жақ тады, яғ ни ауыл шаруашылығ ындағ ы жұ мысшылардың ең бегі арқ ылы ұ лттық табыс жасалады, ал жер табиғ аттың берген сыйы, олай болса, жерден алынғ ан ө нім ғ ана қ осымша пайданы арттыра алады деп дә ріптеді. Бұ л жерде ауыл шаруашылығ ынан басқ а экономиканың салалары (ө неркә сіп, сауда, т.б.) «ө німсіз» деп саналды. Физиократтардың жеткен жетістігі болып олардың алғ аш рет ұ лттық экономика шең берінде (ә сіресе, Кенэнің Францияның ұ лттық шаруашылығ ын зерттеуі) ұ дайы ө ндіріс ү дерістерін зерттеуі табылады. Сонымен, физиократизм – бұ л пайда табудың жолы ең алдымен, ауыл шаруашылығ ы саласында қ алыптасатынын жә не ө ндіріс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағ ыты.

Классикалық саяси экономия. Саяси экономияның қ алыптасуы мен дамуына сү белі ү лесті ағ ылшын экономистері Уильям Петти (1623-1687), Адам Смит (1723-1790), Давид Рикардо (1772-1823), Джон Стюарт Милль (1806-1873), француз экономисі Жан Батист Сэй (1762-1832) қ осты. Классиктер (бұ ларғ а «классиктер» деген атақ берген Карл Маркс еді) физиократтарды сынай отырып, байлық тың қ айнар кө зі тек ауыл шаруашылығ ының ең бегі арқ ылы ғ ана емес, барлық ө ндіріс салаларындағ ы ең бекпен алынатынындығ ын қ адап айтты. Бұ л бағ ыт шең берінде ең бек қ ұ нының теориясы жасалып, барлық саладағ ы жә не бү кіл халық тың ең бегі ө ндіріс ү дерісіне қ атыса отырып ең тиімді нарық тық айырбас нысандарын жү зеге асырады деген ойлар дамыды. Классикалық саяси экономияның ө кілдері ең алдымен, экономикалық еркіндікті жә не бә секелестікті қ олдады, мемлекеттің экономикағ а араласуын жақ та-мады, яғ ни, бұ лар «экономикалық адам» ұ ғ ымын қ алыптастырды. Классикалық саяси экономия уақ ытында экономикалық ғ ылым ө з дамуының шарық тау шегіне жетті. Бұ л бағ ытты ә ріқ арай жалғ астыру-шы мектептер пайда болды. Сонымен, классикалық саяси экономия – бұ л ең бекті барлық тауарлар мен қ ызметтердің соң ғ ы қ ұ ны деп санайтын жә не ең бек қ ұ нының тұ жырымдамасы арқ ылы қ оғ амның барлық топтарының табыс кө здерін анық тауды қ арастыра-тын экономикалық теорияның ең басты бағ ыттарының бірі.

Марксизм. Басты ө кілдері неміс экономистері Карл Маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895) ең бек қ ұ нының теориясы негізінде классиктердің тұ жырымдамаларын жалғ астырып нарық ты шаруашылық ты терең ірек зерттеді. Маркс «капитализм» ұ ғ ымын қ алыптастырды. Бұ лардың ойынша, тек жалдамалы жұ мысшылардың ең бегі ғ ана қ оғ амның байлығ ын жасайды. Ал капиталистердің пайдасы жұ мысшылар табының тө ленбеген ең бегін білдереді. К. Маркс экономикалық теорияғ а мынадай жаң алық тарды алып келді: қ оғ амдық -экономикалық формация, ұ дайы ө ндіріс, экономиканың циклдік дамуы, жалдамалы жұ мысшылардың ең бегі, рента теориясы, социализм, тауарғ а сің ген ең бектің екі жақ тылығ ы, т.б. Кейіннен, марксизм теориясын В. Ленин мен Г. Плеханов дамытты.

Неоклассикалық теория. ХІХ-ғ асырдың екінші жартысында экономикадағ ы барлық зерттеулер жекелеген нарық тық субъектілердің нақ ты қ арым-қ атынастарын қ арастыруғ а бағ ытталады. Ғ алым-экономистер шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану мә селелерін зерттеуге талпыныс жасай бастайды. Осығ ан байланысты экономикалық ғ ылымның аты ө згерді: «саяси экономия» термині «экономикс» ұ ғ ымымен алмастырылады. Экономикалық ғ ылым ө зінің жаң а атауын ағ ылшын экономисі Альфред Маршаллдың 1890 жылы шық қ ан «Экономикс принциптері» ең бегіне байланысты ө згертті. Олай болса, бұ л бағ ыттың негізін салушылар ағ ылшын экономисі Альфред Маршалл (1842-1924) мен Артур Пигу (1877-1959) болды. Бұ л бағ ыт негізінде экономикалық теория шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану ғ ылымы ретінде қ арастырылады. Маршаллдың басты назарында тұ тынушылар мен ө ндірушілер ө здерінің ә л-ауқ аттылық дә режелерін қ алайша арттыратындығ ы туралы мә селелерді талдау жағ дайы тұ рды. Оның ойынша, ә л-ауқ аттылық ты максималдау тек еркін бә секелестік жағ дайында ғ ана болуы мү мкін жә не осы тұ рғ ыда ғ ана нарық тепе-тең дікке келе алады.

Неоклассиктердің жасағ ан негізгі талдау қ ұ ралдары, бү гінде ә лемдік экономикалық ғ ылымның «алтын қ орына» жатады. Ол талдау қ ұ ралдары мыналар болып табылады: шекті талдау, сұ раныс икемділігі, нарық тардың ө зара тә уелділігі, уақ ыт факторын ескеру арқ ылы қ ысқ а жә не ұ зақ мерзімдер арасындағ ы айырмашылық ты кө рсету, фирма теориясындағ ы ө ндіріс ауқ ымы тиімділігін талдау, т.б. Неоклассиктердің еркін бә секелестікті жақ тауы жә не мемлекеттің рө лін бағ аламауы (ол тек «тү нгі кү зетші» қ ызметін атқ арады) тұ рғ ысынан экономикалық теория ХХ-ғ асырдың соң ына дейін бірнеше онжылдық тар бойы микроэкономикалық талдау шең берінде дамып келді.

МАРЖИНАЛИЗМ. Маржинализм теориясы арқ ылы экономикалық теорияның микроэкономикалық негіздері ә ріқ арай дами тү сті. Бұ л бағ ыттың негізін қ алаушылар: Карл Менгер (1840-1921), Евгений Бем-Баверк (1851-1914), Фридрих Визер (1851-1926), Леон Вальрас (1834-1910), Вильфредо Парето (1848-1923), Август Фридрих фон Хайек (1899-1992), Людвиг фон Мизес (1891-1973) болды. Осы ғ алымдардың ең бектерінде «шекті пайдалылық» теориясының негізгі қ ағ идалары қ алыптасты. Бұ лар қ ұ ндылық, бағ а, айырбас, шығ ын, сұ раныс жә не ұ сыныс туралы кө зқ арастары арқ ылы экономикалық ғ ылымғ а тө ң керіс алып келді. Маржиналистер экономикалық талдаудың негізіне экономикалық субъектілердің шаруашылық қ атынастарын зерттеуде субъективтік бағ алаулардың теориясын енгізді.

Неоклассиктер мен маржиналистер ә рдайым нарық тық экономиканың ө зін-ө зі реттеушілік сипатына мә н бере отырып, еркін бә секелестіктің бұ зылғ ан тепе-тең дікті автоматты тү рде қ алпына келтіре алу мү мкіндігіне ие екендігін жә не осы арқ ылы тең герімді қ арқ ынды, дағ дарыссыз дамуды қ амтамасыз ете алатындығ ын қ олдады. Ғ алымдар мемлекеттің экономикағ а араласуына қ арсы болды, шаруашылық ты шектен тыс реттеудің қ ауіп-қ атері бар екендігін ескертті.

Дегенменде, ХХ-ғ асырдың бірінші жартысында батыс елдерінде ө рши тү скен дағ дарыстық қ ұ былыстар ә лемдік экономикалық тоқ ырауғ а алып келді, ол тарихта 1929-1933 жылдары АҚ Ш-та орын «Ұ лы депрессия» деген атпен белгілі болды. Бұ л жерде шаруашылық тың дағ дарысқ а ұ шырауымен қ атар неоклассикалық бағ ыттың микроэкономикалық теориясы мен талдауы да кү йзеліске ұ шырады, яғ ни олар экономикалық дағ дарыстың шығ у себептерін жә не одан шығ удың жолдарын тү сіндіре алмады. Бұ л жерде нарық тың ө зін-ө зі реттеушілік тетігі мен мемлекеттің экономикағ а араласпауы туралы кө зқ арастар экономикалық теорияның осы тұ стағ ы жаң а бір бағ ыты – кейнсиандық теориямен қ атты сынғ а алынды. Енді осы бағ ытқ а кең ірек тоқ таламыз.

Кейнсиандық теория. Бұ л бағ ыттың негізін қ алаушы, ағ ылшынның кө рнекті ғ алым-экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Кейнс ө зінің 1936 жылы шық қ ан «Жұ мыспен қ амтудың, ақ шаның жә не пайыздың жалпы теориясы» деген басты ең бегінде экономикалық мә селелерді реттеудің макроэкономикалық негіздерін жасай отырып, микроэкономикалық талдау шең берінде шешіле алмайтын кө птеген сұ рақ тарғ а жауап бере алды. Осы теория негізінде экономикалық екінші қ ұ рамдас бө лігі – макроэкономика қ алыптасты. Кейнстің бұ л ең бегі оны жә не оның теориясын ә йгілі етті.

Кейнс неоклассикалық ілімнің негізгі қ ағ идаларынан бас тарта отырып нарық ө зін-ө зін реттей алмайтын тетік екенін дә лелдеді. Мұ ндағ ы Кейнстің басты идеясы болып экономиканы мемлекеттік реттеудің қ ажеттілігі табылады. Ө йткені, таза нарық жағ дайында экономиканың кү рделі мә селелері, атап айтсақ, жұ мыссыздық, инфляция, экономиканың кезең дік ауытқ уы, ә леуметтік қ амсыздандыру, халық тың ә л-ауқ аттылығ ын жақ сарту сияқ ты кү рделі мә селелер ө здігінен шешілуі мү мкін емес, осыларды реттеу ү шін мемлекет нарық қ а міндетті тү рде араласады. Кейнс ең алдымен, экономиканың қ озғ аушы кү ші деп ұ сынысты емес, сұ ранысты бірінші орынғ а қ ояды, олай болса, ол жиынтық сұ ранысты кө теру жә не қ олдау ү шін мемлекеттің бюджет-салық жә не ақ ша-несие саясаттарын жү ргізуді ұ сынды. Кейнстің макроэкономикалық теориясын Элвин Хансен, Пол Самуэльсон, Джон Хикс, Евсей Домар жә не Рой Харрод сияқ ты ғ алымдар ә ріқ арай дамытып неокейнстік бағ ыттың негізін қ алады.

МОНЕТАРИЗМ. Экономикалық ой-пікірдің бұ л ағ ымы жаң а кө зқ араспен екінші дү ниежү зілік соғ ыстан кейін ө мірге келді. Монетаризмнің негізін қ алаушы, американ экономисі, Нобель сыйлығ ының лауреаты Милтон Фридмен (1912-2006) болып табылады. Бұ л бағ ытта макроэкономикалық саясаттың ортасында ақ ша мә селесі орын алады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты бағ ыты ретінде ақ ша-несие саясатын жү ргізудің негізі қ арастырылады. Мемлекеттің бұ л жердегі міндеті болып инфляциямен жә не басқ а да мә селелермен кү ресу ү шін банктік несие пайызын жә не ақ ша массасын бақ ылап отыруы табылады. Фридменнің монетаризм саласындағ ы жеткен жетістіктері Кейнстік талдауды сынғ а алумен байланысты, оның ойынша, шаруашылық ө мірдегі кү рделі ө згерістер ең алдымен, ақ ша массасымен жә не ақ ша импульстерімен тығ ыз байланысты болып табылады.

Оң тайлы кү тімдер теориясы. Бұ л басқ аша, жаң а классикалық макроэкономикалық теория деген атпен белгілі болып 1970-жылдары қ алыптасты. Бұ лар макроэкономика саласына микроэкономикалық талдаудың қ ұ ралдарын қ олдануды ұ сынды. Жаң а классиктер оң тайлы кү тімдер гипотезасын алғ а тартты, оның авторы болып американ экономисі, Нобель сыйлығ ының лауреаты Роберт Лукас (1937 жылы туылғ ан) саналады. Осы гипотезағ а сә йкес, болашақ бағ а кү тулері барлық экономикалық субъектілер ү шін мінез-қ ұ лық танытудың ең маң ызды себептері болып табылады. Осығ ан байланысты, ү немі ө згеріп отыратын экономикалық жағ дайларғ а байланысты жә не қ олдағ ы бар нақ ты ақ параттарғ а сү йене отырып олар алдағ ы болашақ уақ ытқ а қ арап шешімдер қ абылдап отырулары тиіс.

Ұ сыныс экономикасы теориясы. 1970-1980-жылдары танымал болғ ан бұ л бағ ыттың негізін салғ ан болып американ экономисі Артур Лаффер (1941 жылы туылғ ан) табылады. Бұ л теория 1970-жылдары орын алғ ан энергетикалық дағ дарыстан кейнстік талдау ә дістері негізінде нарық тық экономиканы мемлекеттік реттеудің айтарлық тай ә лсіреуіне байланысты орын алды. Неоклассикалық батыстық бағ ыт экономиканы сауық тырудың жаң а ә дістерін іздестірумен болды. Лаффердің жә не оның жақ тастарының кө зқ арастары тұ рғ ысынан, экономикалық дамудың факторы деп сұ ранысты емес, ұ сынысты қ олдау жә не кә сіпкерлердің инвестициялық қ ызметін ынталандыру керек дейді. Негізгі қ ағ идасы болып мемлекеттің экономикағ а араласуын барынша тө мендете отырып жеке кә сіпкерлікке кө мек беру табылады. Мемлекеттік қ аржылар басты қ ұ рал ретінде қ арастырылады, яғ ни салық мө лшерлемелерін тө мендету жолымен кә сіпкерлікті дамытуғ а маң ызды тү рде кө ң іл бө лінеді. Лаффердің теориясы жә не оның тә жірибелік қ орытындылары сол кездегі АҚ Ш Президенті Рональд Рейганның «Рейганомика» атты мемлекеттік саясатында кө рініс тапты.

ИНСТИТУЦИОНАЛИЗМ. «Институционализм» термині «заң негізінде орнатылғ ан тә ртіп немесе дә стү р» дегенді білдіреді. Институционалдық -ә леуметтік бағ ыт қ азіргі экономикалық теорияда маң ызды орын алады. Бұ л теорияның негізгі ө кілдері: американдық экономистер Торстейн Веблен (1857-1929), Джон Коммонс (1862-1938), Уэсли Митчелл (1874-1948), Джон Гэлбрейт (1908 жылы туылғ ан). Бұ лар экономикалық мә селелерді дә стү рлі емес ә дістер арқ ылы зерттейді. Неоклассиктердің «экономикалық адам» мә селесін «ә леуметтік адам» ретінде қ арастырды. Бұ л жағ дай олардың пікірінше, институттар арқ ылы реттеледі, яғ ни ол институттарғ а мемлекет, отбасы, адамгершіліктік жә не қ ұ қ ық тық нормалар, корпорациялар, кә сіподақ тар, басқ а да экономикалық қ ұ былыстар мен тетіктер жатады. Сонымен қ атар, институттар адамдар сақ тайтын заң нормаларының жиынтығ ы ретінде ө зіне қ оғ амдық пікір, сә н-салтанат, жоғ ары білім, еркін бә секелестік, жеке меншік, несие сияқ ты қ ұ былыстарды да жатқ ызады. Сонымен, институционализм – бұ л адамдардың экономикалық тан басқ а, ә леуметтік, мә дени, саяси, адамгершіліктік, қ ұ қ ық тық қ ұ ндылық тарын зерттейтін ерекше бағ ыт.

Институционализм теориясынан негізгі екі бағ ыт тарайды: неоинституционализм жә не қ оғ амдық таң дау теориясы.

Неоинституционализм бағ ыты меншік қ ұ қ ығ ының экономика-лық теориясы деп аталады. Негізін салушы болып американдық экономист, Нобель сыйлығ ының лауреаты Рональд Коуз (1911 жылы туылғ ан) табылады. Бұ л бағ ыт трансакциондық шығ ындар теориясына аса мә н бере отырып, нарық тық қ атынастарды дамытудағ ы меншік қ ұ қ ығ ының жаң а рө лін қ алыптастырды жә не ө ндірісті нарық тық тұ рғ ыдан тиімді ү йлестірудің шығ ындарын анық тауды алғ а тартты.

Қ оғ амдық таң дау теориясы экономикалық жә не саяси қ ұ былыстардың ө зара байланысын зерттейді. Американдық экономистер, Нобель сыйлығ ының лауреаттары Джеймс Бьюкенен (1919 жылы туылғ ан) мен Кэннет Эрроу (1921 жылы туылғ ан) осы теорияның негізін қ алаушылар болып табылады. Қ оғ амдық таң дау теориясы саясат қ ызметін экономикалық талдауды ұ сынады. Саясат саласы ерекше нарық қ арастырылады, бұ л жерде саясат басындағ ы қ оғ амдық лауазымды тұ лғ алар жеке индивидтер мен фирмалар сияқ ты ө здерінің жеке пайдасын басшылық қ а ала отырып маң ызды шешімдер қ абылдайды. Сонымен қ атар, атқ арушы жә не заң шығ арушы билік органдары басқ ару шешімдерін қ абылдай отырып ә л-ауқ аттылық ты арттыруғ а тырысады.

Соң ында, экономикалық ғ ылымның ә ртү рлі бағ ыттары мен ілімдеріне жә не олардың ерекшеліктеріне қ арай отырып, біз қ азіргі экономикалық теорияның жай ғ ана заң дар мен нормалардың қ алыптасқ ан жиыны емес екенін, оның ә ртү рлі экономикалық жү йелерді зерттеуде туындайтын сұ рақ тарғ а жауап бере алатын танып білудің икемді жә не ү немі жетілдіріліп отыратын қ ұ ралы ретінде тү сіне аламыз.

 

4 Экономикалық теорияның қ ұ рылымы жә не атқ аратын қ ызметтері

Экономикалық теория шең берінде экономикалық талдаудың негізгі екі дең гейі ажыратылады жә не осы арқ ылы экономикалық теория ғ ылымы екі бө лімге бө лінеді:

1. Микроэкономика – бұ л шектеулі ресурстар мә селесін жекелеген экономикалық агенттердің (ү й шаруашылығ ы, фирмалар, т.б.) нарық тағ ы тә ртіптері мен мінез-қ ұ лық тары тұ рғ ысынан зерттейтін экономикалық теорияның бір саласы. Микроэкономикада қ олданылатын негізгі ұ ғ ымдар: сұ раныс, ұ сыныс, бағ а, бә секе, ө ндіріс факторлары, т.б.

2. Макроэкономика – бұ л экономикалық мә селелерді біртұ тас жү йе ретінде зерттейтін жә не агрегатталғ ан ө лшемдерді қ олданатын экономикалық теорияның бір саласы. Макроэкономикада қ олданылатын негізгі ұ ғ ымдар: жалпы ішкі ө нім, ұ лттық табыс, жиынтық сұ раныс, жиынтық ұ сыныс, инфляция, жұ мыссыздық, т.б.

Бұ дан басқ а, экономикалық талдаудың позитивті (оң) талдау жә не нормативті (реттеушілік) талдау деген тү рлері де бар:

1. Позитивті экономикалық талдау – бұ л қ азіргі экономиканың дә л ө зін сипаттайтын нақ ты қ алыптасып отырғ ан қ ұ былыстар мен дерек негізінде алынғ ан шындық жайттар. Талдаудың бұ л тү рі субъективтік бағ алауғ а ие болмайды.

2. Нормативті экономикалық талдау – бұ л қ андай да бір елдің экономикасы туралы субъективтік бағ алауларды қ арастыру негізінде экономикалық саясатты іске асырудың кепілдемелері. Талдаудың бұ л тү рі кезінде орын алатын субъективтік бағ алаулар экономика ү шін қ олайлы немесе қ олайсыз болуы мү мкін.

Позитивті жә не нормативті талдаудың арасындағ ы айырмашылық оларда субъективтік бағ алаулардың орын алуынан кө рінеді. Бұ л айырмашылық ты дә лме-дә л кө рсете білген ағ ылшын экономисі Джон Невилл Кейнс (Джон Мейнард Кейнстің ә кесі) болды. Оның ойынша, позитивті экономикалық ғ ылым не бар деген сұ рақ қ а жауап береді. Ал нормативті экономикалық ғ ылым экономика қ андай болуы керек жә не мақ саттарғ а жету ү шін не істеу керек деген сұ рақ тарғ а жауап іздейді.

Экономикалық қ ұ былыстар мен мә селелердің кү рделілігі экономикалық ғ ылымдардың жіктелуіне алып келеді. Олай болса, экономикалық теория барлық экономикалық ғ ылымдарды ү шке бө ліп кө рсетеді:

1. Жалпы экономикалық ғ ылымдар, оларғ а экономикалық тарих, экономикалық ілімдер тарих жә не басқ а да ғ ылымдар кіреді.

2. Қ олданбалы экономикалық ғ ылымдар, оның ө зі екіге бө лінеді: а) функционалдық экономикалық ғ ылымдар: қ аржы, несие, банк ісі, маркетинг, бухгалтерлік есеп жә не т.б., ә) салалық экономикалық ғ ылымдар: ауыл шаруашылығ ы, денсаулық сақ тау, сауда, ө неркә сіп, т.б.

3. Біріктірілген экономикалық ғ ылымдар, оларғ а экономикалық география, экономикалық қ ұ қ ық, экономикалық информатика, математикалық экономика жә не басқ алары жатады.

Экономикалық теорияның атқ аратын қ ызметтері:

1. Танымдық қ ызметі – экономикалық заң дарды, қ ұ былыстарды зерттеу жә не тү сіндіру.

2. Практикалық қ ызметі – іс жү зінде зерттелген объектілерді қ олданып экономикалық саясаттың негізін жасау.

3. Болжамдық қ ызметі – экономикалық дамудың жалпы ғ ылыми болжамын жасау.

4. Дү ниетанымдық қ ызметі – ғ ылыми тұ рғ ыда қ оғ ам ө міріне қ ажетті экономикалық кө зқ арастар жү йесін қ ұ ру.

5. Ә діснамалық қ ызметі – барлық экономикалық ғ ылымдар ү шін теориялық жә не ә діснамалық негіз жасау.

6. Сыншыл қ ызметі - ә ртү рлі экономикалық теориялардың артық шылық тары мен кемшіліктерін ашып кө рсету.

 

 

Ә дебиеттер тізімі

 

1. С. Ә кімбеков, А.С. Баймұ хаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқ у қ ұ ралы. Жалпы редакция С. Ә кімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.

2. Жалпы экономикалық теория. Оқ улық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағ ындық ов, Б.А. Жү нісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқ арғ ан Ө.Қ. Шеденов – Ақ тө бе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.

3. Я. Ә убә кіров, К. Нә рібаев, М. Есқ алиев, Е. Жатқ анбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқ улық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.

4. Ғ абит Ж.Х. Экономикалық теория: оқ у-ә дістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.

5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқ у қ ұ ралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.

6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.

7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672.

8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқ у қ ұ ралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.

9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандық тарғ а арналғ ан қ ысқ аша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағ ы ЕҰ У., 2008. – 147 б.

10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқ улық. - Ақ тө бе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.

11. Қ Р-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халық қ а Жолдауы «Ә леуметтік-экономикалық жаң ғ ырту – Қ азақ стан дамуының басты бағ ыты», 2012 ж. 28 қ аң тар.

12. Қ Р-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халық қ а Жолдауы «Болашақ тың іргесін бірге қ алаймыз», 2011 ж. 28 қ аң тар.

13. Қ Р-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халық қ а Жолдауы «Жаң а онжылдық – Жаң а экономикалық ө рлеу – Қ азақ станның жаң а мү мкін-діктері», 2010 ж. 30 қ аң тар.

14. Қ Р-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халық қ а Жолдауы «Дағ дарыстан жаң ару мен дамуғ а». 2009 ж. 7 наурыз.

15. Н.Ә. Назарбаев. Қ азақ стан - 2030: «Ел Президентінің Қ азақ стан халқ ына жолдауы», Алматы – 1998 ж.

 

Ө зін-ө зі тексеру сұ рақ тары

1. «Экономия», «саяси экономия», «экономикс», «экономикалық теория» ұ ғ ымдарының айрмашылық тарын кө рсетің із?

2. Экономикалық теорияның зерттеу пә ні не болып табылады?

3. Экономикалық теорияның зерттеу объектісі мен субъектісі болып не табылады?

4. Экономикалық теорияның зерттеу ә дістеріне не жатады?

5. Позитивті жә не нормативті экономикалық талдауғ а анық тама берің із?

6. Экономикалық заң дар мен экономикалық категорияларғ а сипаттама берің із?

7. Экономикалық теорияның экономикалық ғ ылымдар жү йесіндегі орны қ андай?

8. Экономикалық теорияның атқ аратын қ ызметтері қ андай?

9. Экономикалық теорияның ғ ылым болып қ алыптасуындағ ы экономикалық мектептердің рө лі қ андай?

10. Экономикалық теорияның қ алыптасуы мен тарихи даму кезең дері қ андай?

 

Студенттің ө зіндік жұ мыстары

1. Тақ ырып бойынша экономикалық сө здік жасау (глоссарий).

2. Тақ ырып бойынша логикалық схемалар қ ұ растыру.

3. Мына сұ рақ тарғ а жауап берің із (конспект):

1) Экономикалық теориядағ ы адам мә селесі.

2) Экономика ғ ылымы бойынша Нобель сыйлығ ы жә не оның лауреаттары.

 

4. Тест тапсырмалары:

1. Экономикалық теориядағ ы бірінші мектеп:

А) Классикалық саяси экономия. В) Меркантилизм. С) Физиократизм. D) Маржинализм.

Е) Марксизм.

2. Экономикалық теория нені зерттейді?

А) Адамның табиғ атқ а, затқ а қ атынасын.

В) Адамның қ оғ амғ а қ атынасын.

С) Ө ндіргіш кү штерге қ атынасын.

D) Қ оғ амдық ө ндірістегі адамдар арасындағ ы қ атынастарды.

Е) Адамдардың қ арым-қ атынастарын.

3. Институционализм бағ ытының негізгі ө кілдері кімдер?

А) Дж. Кейнс, Р. Харрод. В) А. Маршалл, Л. Вальрас, А. Пигу.

С) У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо. D) Т. Веблен, У. Митчел, Д. Гэлбрейт. Е) К. Менгер, У. Джевонс.

4. Экономикалық теориядағ ы талдау ә дісі – бұ л:

А) Біртұ тас қ ұ былыстарды жекеленген қ ұ рамдас бө ліктерге бө ліп, олардың ә рбіреуін зерттейтін тану ә дісі. В) Қ ұ былыстың жекелеген бө ліктерін біртұ тас біріктіруге негізделген тану ә дісі. С) Белгілі қ ұ былыстың қ асиеттерін белгісіз қ ұ былыстарғ а ауыстыруды кө рсететін тану ә дісі. D) Моделдерді зерттеу негізінде қ алыптасқ ан ғ ылыми қ орытындылар мен шешімдер. Е) Зерттеу объектісінде бастыны белгілеуде жә не мә нсіз кездейсоқ, ө ткінші, жекелеген қ ұ былыстардан тазартып, олардағ ы берік, тұ рақ ты, типтік қ асиеттерді тауып, зерттеу ә дісі.

5. Тө мендегі аталғ ан мектептердің қ айсысы ең алғ аш рет ө ндіріс процесін талдауды ө зінің пә ні ретінде қ арастырды?

A) Меркантилизм. B) Физиократтар. C) Классикалық саяси экономия.

D) Марксизм. E) Маржинализм.

6. Экономикалық заң дар деген не?

A) Ө ндірістік қ атынастарының тұ рақ ты ішкі байланыстары.

B) Экономика туралы ү стіртін ұ ғ ым.

C) Экономикалық қ ұ былыстың мә н-мазмұ нын анық тайтын ғ ылыми ұ ғ ым.

D) Экономикалық қ атынастар мен іс-ә рекеттерді реттейтін қ ылмыстық жә не азаматтық заң дар жү йесі. E) Себеп-салдарлық байланыстар.

7. «Физиократия» тү сінігі нені білдіреді?

А) Табиғ ат билігін. В) Сыртқ ы сауданы. С) Индустриализмді.

D) Сауда еркіндігін. Е) Экономикалық талдауды.

8. Тө мендегі мектептердің қ айсысы сыртқ ы сауда жә не елге ақ ша

жинаумен байланысты қ ызметтерді экономикалық теорияның пә ні деп есептеді:

A) Меркантилизм. B) Физиократтар. C) Классикалық саяси экономия.

D) Марксизм. E) Маржинализм.

9. Дж.М. Кейнстің «Жұ мыспен қ амту, процент жә не ақ шаның жалпы теориясы» атты ең бегі қ ай жылы жарық қ а шық ты?

A) 1956 жылы. B) 1938 жылы. C) 1941 жылы. D) 1936 жылы. E) 1969 жылы.

10. Экономикалық қ ұ былыстар арасындағ ы тұ рақ ты қ айталана-тын байланыстар - бұ л:

A) Экономикалық теорияның пә ні. B) Экономикалық заң дар.

C) Экономикалық категориялар. D) Экономикалық саясат.

E) Экономикалық ойлау.

11. Экономикалық тарих экономикалық ғ ылымдардың қ ай тү рі-не жатады?

А) Интегралды экономикалық ғ ылымдарғ а.

В) Қ олданбалы экономикалық ғ ылымдарғ а.

С) Жалпы экономикалық ғ ылымдарғ а.

D) Ерекше ғ ылымдарғ а.

Е) Қ оғ амдық тарихи ғ ылымдарғ а жатады.

12. Физиократтардың негізгі тұ жырымдамалары:

А) Ө ндіріс аясын зерттеу, бірақ ө ндіріс аясы тү сінігіне ауыл шарушылығ ын жатқ ызады.

В) Байлық сыртқ ы сауда жасау нә тижесінде жинақ талады.

С) Ең бек барлық тауар қ ұ ндылық тарының негізі мен ө лшемі.

D) Экономикалық қ ұ былыстарды зерттеу ү шін шекті шаманы қ олдану.

Е) Реттелмелі экономика – мемлекеттің араласуы.

13. Тө мендегі ә дістердің қ айсысы экономикалық теорияның жалпы ә дісіне жатады?

A) Экономикалық -математикалық модельдеу.B) Экстрoполяция.

C) Функционалдық ә діс. D) Баланстық ә діс. E) Абстракция.

14. Тө мендегі тү сініктердің қ айсысы экономикалық теория пә ні-нің анық тамасына қ атысты емес?

А) Ресурстарды тиімді қ олдану.

В) Шектелмеген экономикалық ресурстар.

С) Қ ажеттіліктерді максималды қ анағ аттандыру.

D) Материалды жә не рухани қ ажеттіліктер.

Е) Мұ қ таждық тың жиілігі.

15. Экономикалық теорияның ә дістеріне не жатпайды?

А) Дедукциялық ә діс. В) Индукциялық ә діс. С) Формалды ойлау.

D) Экономиканы математикалық моделдеу ә дісі. Е) Талдау ә дісі.

16. Экономикалық қ ұ былыстардың елеулі жақ тарын кө рсететін жалпы ұ ғ ымдар – бұ л:

А) Экономикалық теорияның пә ні. В) Экономикалық заң.

С) Экономикалық категория. D) Экономикалық саясат.

Е) Экономикалық ойлау.

17. Экономика біртұ тас жү йе ретінде зерттелгенде, ол қ андай тал-дауғ а жатады?

A) Микроэкономикалық. B) Макроэкономикалық. C) Позитивтік.

D) Мемлекеттік. E) Нормативтік.

18. «Кө рінбейтін қ ол» қ ағ идасын кім ашты?

А) А. Смит. В) Д. Рикардо. С) Аристотель. D) В. Ленин.

Е) А. Маршалл.

19. Тө мендегі мә селелердің қ айсысы тек микроэкономикалық дең гейде шешіледі?

A) Толық ең бекпен қ амту дең гейіне қ алай жетуге болады.

B) Не жә не қ анша ө ндіру қ ажет.

C) Инфляциядан қ алай қ ұ тылуғ а болады.

D) Экономикалық ө суді қ алай ынталандыру қ ажет.

E) Ресурстарды бө лу.

20. Экономикағ а мемлекеттің араласуы қ ажет деп санайтындар:

A) Классиктер. B) Кейнсшілдер. C) Физиократтар.

D) Маржиналистер. E) Институционализм ө кілдері.

21. Микроэкономика нені зерттейді?

А) Барлық экономика масштабындағ ы ө ндірісті.

B) Шаруашылық та ең бекпен қ амтылғ андардың санын.

С) Бағ аның жалпы дең гейін.

D) Жекелеген экономикалық агенттердің дербес экономикалық шешім қ абылдауларын.

Е) Мемлекеттегі инфляция кө лемін.

22. Экономикалық теория қ ызметіне жатпайтын қ ызметті таң да-ң ыз:

A) Танымдық. B) Тә жірибелік.C) Методологиялық. D) Делдалдық.

E) Сыншыл.

23. «Саяси экономия трактаты» ең бегін кім жә не қ ай жылы жазды:

А) А. Монкретьен 1665 жылы жазды. В) А. Смит 1776 жылы жазды.

С) А. Монкретьен 1615 жылы жазды. D) Ф. Кенэ 1694 жылы жазды.

Е) Дж. Кейнс 1936 жылы жазды.

24. Тө мендегі шарттардың қ айсысы экoномикалық теория пә ні-нің анық тамасына тә н емес?

А) Ресурстарды тиімді қ олдану. В) Материалдық жә не руханилік қ ажеттіліктер. С) Шексіз ө ндірістік мү мкіншіліктер. D) Ресурстар сиректігі. E) Қ олдағ ы ресурстарды ұ тымды пайдалану.

25. Жекеден жалпығ а қ орытынды шығ аруғ а негізделген тану ә дісі – бұ л:

А) Экстраполяция. В) Индукция. С) Абстракция. D) Дедукция.

Е) Логика.

26. Жекелеген экономикалық агенттердің (индивидтердің, ү й шаруашылық тарының, фирмалардың жә не басқ аларының) іс-ә рекеттерін жә не олардың нарық тағ ы тә ртібін зерттейтін эконо-микалық ғ ылымның саласын біз не деп атаймыз?

A) макроэкономика. B) микроэкономика. C) ұ йымдық тә ртіп.

D) экономикалық ілімдер тарихы. Е) экономикалық теория негіздері.

27. Тө мендегі аталғ ан мектептердің қ айсысы ең алғ аш рет ө ндіріс процесін (барлық салалардың аясын қ амту) талдауды экономи-каның зерттеу пә ні ретінде қ арастырды?

A) Меркантилизм. B) Физиократтар.

C) Классикалық саяси экономия. D) Марксизм. E) Маржинализм.

28. Экономикалық теорияның пә ні қ андай мә селені зерттейді:

А) Нарық жағ дайындағ ы адамдардың іс-ә рекеттерін.

В) Саяси шешімдерді қ абылдау процесіндегі адамдардың қ ызметтерін.

С) Шектеулі экономикалық ресурстарды тиімді пайдалану ү рдісіндегі адамдардың іс-ә рекеттері мен тә ртіптерін.

D) Меншік қ атынастарындағ ы адамдардың қ ызметтерін.

Е) Осы аталғ ан мә селелердің барлығ ын зерттейді.

29. Маржинализм теориясының мә нін ашып қ арайтын болсақ, бұ л теория негізінен:

А) Математикалық модельдерді қ олданады.

В) Шекті шамаларды қ олданады.

С) Экономикалық категорияларды жалпы-жиынтық кө рсеткіштер деп қ арастырады.

D) Экономикадан гө рі саясатты бірінші орынғ а қ ояды.

Е) Жү йелік бағ ыттарды қ олданады.

30. Экономикалық теорияның танымдық қ ызметі:

А) Іс жү зінде зерттелген объектілер теориясын қ ұ ру.

В) Экономиканың жә не жалпы қ оғ ам дамуының ғ ылыми болжамын жасау.

С) Экономикалық заң дарды, қ ұ былыстарды зерттеу жә не тү сіндіру.

D) Ғ ылым негізінде қ оғ ам ө міріне белгіленген кө зқ арастар жү йесін қ ұ ру.

Е) Экономикалық ғ ылымдар жү йесі ү шін теориялық жә не методологиялық негіз болу.

31. Классикалық саяси экономияның негізгі тұ жырымдамалары:

А) Ө ндіріс аясын зерттеу, бірақ ө ндіріс аясы тү сінігіне ауыл шарушылығ ын жатқ ызады.

В) Ең бек барлық тауар қ ұ ндылық тарының негізі мен ө лшемі, қ оғ амның барлық топтарының табыс кө здерін анық тау.

С) Экономикалық категорияларды зерттеу ү шін шекті шаманы қ олдану.

D) Байлық сыртқ ы сауда жасау нә тижесінде жинақ талады.

Е) Реттелмелі экономика – мемлекеттің араласуы.

32. Жеткіліксіздік дегеніміз не?

А) Ең бек факторының қ оғ амғ а жеткіліксіздігі.

В) Экономикалық тиімділікті қ амтамасыз ете алмау қ ұ былысы.

С) Бюджет тапшылығ ының белгілі бір уақ ытқ а дейін орын алуы.

D) Нарық та тауар тапшылығ ының орын алуы.

Е) Адами қ ажеттіліктерді толық қ анағ аттандыру мү мкін еместігі туралы тұ жырымдама.

33. Экономикалық теория ғ ылым ретінде қ ашан қ алыптасты?

A) XV-XVI-ғ асырларда. B) XVI-XVII-ғ асырларда. C) XIX-ғ асырдың соң ы мен XX-ғ асырдың басында. D) XX-ғ асырда. E) XIX-ғ асырда.

34. Нормативті экономика дегеніміз не?

A) Eлдің экономика туралы бағ алау пікірлері.

B) Деректер негізінде экономикалық ә рекеттерді болжау.

C) Бұ л экономиканың дә л ө зі.

D) Экономикалық игіліктер туралы дұ рыс шешім қ абылдау.

E) Жекелеген субъектілер шең берінде ресурстарды тиімді пайдалану.

35. Экономикалық қ ұ былыстардың елеулі жақ тарын кө рсететін жалпы ұ ғ ымдар – бұ л:

А) Экономикалық теорияның пә ні. В) Экономикалық заң.

С) Экономикалық категория. D) Экономикалық саясат.

Е) Экономикалық ойлау.

36. Дедукция – экономикалық теориядағ ы тану ә дісі ретінде қ алай сипатталады?

A) жалпы ережелер мен деректерге сү йене отырып жеке қ орытынды шығ ару.

B) қ ұ былыстарды алдын ала талдау жә не болжап білу. C) кө птеген мә ліметтерді қ арастыру тұ рғ ысынан ортақ пікір қ алыптастыру. D) кө птеген деректерді зерттеуде маң ызды фактілерге кө ң іл бө лу. E) теория негізінде қ оғ ам ө міріне тә н қ ө зқ арас қ алыптастыру.

 

Экономиканы ұ йымдастырудың жалпы негіздері

Мақ саты: қ оғ амдық ө ндірістің экономикалық мә нін тү сіну, экономикалық теорияның негізгі базалық тү сініктері: қ ажеттіліктер, ресурстар жә не игіліктер ұ ғ ымдарын кең інен қ арастыра отырып, экономикалық таң дау мә селесін шешу.

 

Талқ ылау сұ рақ тары:

2.1 Қ оғ амдық ө ндіріс, оның қ азіргі экономикалық жү йедегі орны мен рө лі

2.2 Негізгі экономикалық тү сініктер: қ ажеттіліктер, ресурстар, игіліктер. Маслоу пирамидасы

2.3 Шектеулілік жә не экономикалық таң дау мә селесі. Ү немділік.

2.4 Ө ндірістік мү мкіндіктер қ исығ ы жә не оның экономикалық мә ні

 

Негізгі ұ ғ ымдар: экономиканың негізгі ү ш мә селесі, ө ндіріс, қ оғ амдық ө ндіріс, ө ндіру, бө лу, айырбастау, тұ тыну, қ ажеттіліктер, Маслоу пирамидасы, ресурстар, технология, игіліктер, шектеулілік, экономикалық таң дау, балама шығ ындар, ө ндірістік мү мкіндіктер қ исығ ы, т.б.

 

2.1 Қ оғ амдық ө ндіріс, оның қ азіргі экономикалық жү йедегі орны мен рө лі

Экономикалық теория қ оғ амдық ғ ылым ретінде шектеулі ресурстар мен мү мкіндіктер жағ дайында мынадай сұ рақ тарғ а жауап беруі тиіс:

1. Не ө ндіру керек? – қ андай тауарлар мен қ ызметтер ө ндірілуі тиіс.

2. Қ алай ө ндіру керек? – қ андай ресурстарды жә не технологияны пайдалану арқ ылы ө ндірілуі тиіс?

3. Кім ү шін ө ндіру керек? – шығ арылғ ан тауар немесе қ ызмет кімге арналады, олар қ алай бө лінеді, оларды кімдер сатып алады.

Қ оғ амның қ ажеттіліктерін барынша толық қ анағ аттандыру мә селесін шеше отырып, экономикалық теория экономикалық таң дау мә селесімен соқ тығ ысады, яғ ни осы жерде экономикалық теория 2 аксиомағ а сү йенеді:

1. адамдардың шексіз қ ажеттіліктері;

2. ресурстардың шектеулілігі.

Ө ндіріс адам ө мірінің жә не қ оғ амның негізі болып табылады. Ө ндіріс адамның табиғ атқ а деген ық пал ету ү дерісін білдіреді. Ө ндірістің тү пкі нә тижесі болып табылатын қ оғ амдық ө нім жә не оның қ озғ алысы негізгі 4 сатыдан ө теді:

1) Ө ндіру – пайдалы ө німдерді, материалдық жә не рухани игіліктерді жасау ү дерісі.

2) Бө лу - ө ндірілген ө німде ә рбір адамның ү лесін анық тау.

3) Айырбастау – бір ө німді басқ а бір ө німге айырбастау ү дерісі.

4) Тұ тыну – жасалғ ан игілікті қ ажеттіліктерді қ анағ аттандыру ү шін қ олдану.

Қ оғ амдық ө ндіріс екіге бө лінеді:

1. Материалдық ө ндіріс, бұ ғ ан ө неркә сіп, ауыл шаруашылығ ы, материалдық -техникалық жабдық тау, қ оғ амдық тамақ тандыру, қ ұ рылыс, су шаруашылығ ы жә не басқ алары жатады.

2. Материалдық емес ө ндіріс, бұ ғ ан денсаулық сақ тау, білім беру, кө лік, байланыс, мә дениет, несие мекемелері, қ оғ амдық ұ йымдар, басқ ару органдары жә не басқ алары жатады.

Сонымен, ө ндіріс – бұ л қ оғ амдық сипатқ а ие бола отырып адамзат баласының ө мір сү руі ү шін қ ажетті материалдық жә не материалдық емес игіліктерді ө ндіру ү дерісі.

Қ оғ амдық ө ндіріс ү немі ү здіксіз жаң артылып отырады, ол ү дерісті ұ дайы ө ндіріс деп атайды.

Ұ дайы ө ндірістің екі тұ рпаты ажыратылады:

1. Жай ұ дайы ө ндіріс.

2. Ұ лғ аймалы ұ дайы ө ндіріс.

Ұ лғ аймалы ұ дайы ө ндірістің тү рлері:

1. Экстенсивті ұ дайы ө ндіріс - ө ндіріс факторларының санын арттыру есебінен ө ндірісті ұ лғ айту.

2. Интенсивті ұ дайы ө ндіріс – техника мен технологияны жетілдіру, ө ндіріс факторларының сапасын кө теру есебінен ө ндірісті ұ лғ айту.

3. Аралас ұ дайы ө ндіріс - ө ндіріс факторларының саны мен сапасын бірдей дә режеде арттыру есебінен ө ндірісті ұ лғ айту.

 

2.2 Негізгі экономикалық тү сініктер: қ ажеттіліктер, ресурстар, игіліктер. Маслоу пирамидасы

 

Экономикалық ғ ылымның жоғ арыда аталғ ан негізгі ү ш мә селесіне жауап бере алатын басты ұ ғ ымдар орын алады. Бұ л ұ ғ ымдар экономикалық теорияның базалық тү сініктері болып табылады, яғ ни олар:

1. Қ ажеттіліктер.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.