Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Студент №____. Бекет №10. Тапсырма №10.




Емтихан қабылдаушы____________________________________________

 

Орындалуын бағалау критериі 0 – 0,1 орындамады 0,2 – 0,3 орындадаы,ескертулер бар 0,4 – 0,5 толықтай орындалды
Қолды жуып, қолғап кию,спиртпен өңдеу, зондтың тұйық ұшынан 40-45 см қашықтықта белгілеп алды(зондты енгізу тереңдігі бойынша)      
Назогастральды зондқа вазелин немесе глецирин майын жақты.      
Науқастың оң жағына тұрып,сол қолымен оның мойнынан ұстап зондты оң қолмен стерильді сүрткімен ұстап, жәйлап зондты мұрнына енгізді. Әрі қарай зондты жұтқыншаққа дейін итеріп, науқастан қайта-қайта жұтынуды сұрады.      
Жұтыну кезінде қауіпсіздікті сақтап,оң қолмен зондты өңештен асқазанға дейін белгіленген жермен күрек тіске дейін енгізді.      
Зондтың асқазанға орналасқанына көз жеткізіп, фонендаскоп арқылы дәлелдеді.      
Зондың сыртқы бөлігін воронкамен жалғап және оны тізе аймағына дейін түсірді.      
Асқазанды жууды бастады. Бұл процедураны бірнеше рет таза шайылған су шыққанға дейін қайталады.      
Сосын науқасты жатқызып,басын оң жағына қаратып және шайынды су табаққа толық аққанға дейін қадағалады.      
Қорытынды      

 

Орындалған тәжірбиелік дағдыны бағалау критериі (жоғарғы бал 4,0)

Әріптік жүйе бойынша баға Бағаның сандық эквиваленті Бағаның пайыздық көлемі Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 3,84 – 4 95 – 100 «өте жақсы»
А- 3,51 – 3,83 90 – 94 «өте жақсы»
В+ 3,17 – 3,50 85 – 89 «жақсы»
В 2,84 – 3,16 80 - 84 «жақсы»
В- 2,51 – 2,2,83 75 – 79 «жақсы»
С+ 2,17 – 2,50 70 – 74 «қанағаттанарлық»
С 1,84 – 2,16 65 – 69 «қанағаттанарлық»
С- 1,51 – 1,83 60 – 64 «қанағаттанарлық»
D+ 1,17 – 1,50 55 – 59 «қанағаттанарлық»
D 1,0 – 1,16 50 – 54 «қанағаттанарлық»
F 0 – 0,99 0 – 49 «қанағаттанарлықсыз»

 



Бағасы__________ Экзамен алушының _________________

 

 

Қосымша 5

Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет №1. Тапсырма №1.

Емтихан қабылдаушыға мәлімет:Студенттің тігісті салу және тігісті алу тәжірибелік дағдысын ұйымдастыруды бағалаңыз.

Дағдыларды бағалау критериі 0-0,5 ұпай
  1 этап – тігіс салу  
1. Студент ота жасауға кірісер алдында жұмысына қажетті құрал-саймандарды және тігіс салатын материалдарды дұрыс таңдауы қажет. Дәке масканы киді. Ереже бойынша қолын жуып, стерильді орамалмен сүртіп, стерильді қолғап киіп оны 70% спиртпен екі рет өңдеуі қажет. Жара жиегін екі рет стерильді, 1% йодонат немесе йодопирон ерітіндісіне малынған дәке шариктерімен өңдеу. Ота жасайтын аймақты стерильді мақта-мата, жаялықтарымен қымтап, оларды 4 қысқышпен қыстырды.  
2. Шприцке 0,5 % - 5мл новокаинді алу. Хирургиялық инені ине ұстатқыш құлақшасына жақын қыстырып алып (иненің 1/3 бөлігіне) ұзындығы 25 см-ден кем емес жіпті сабақтап өткізу. 0,5%-дық 5мл көлемді ауырсынуды басатын жара айналасына новокаин ерітіндісін егу.  
3. Жара жиегін хирургиялық пинцетпен ұстау. Инесі және (№3 жібек, капрон) жібі бар инеұстатқышпен жара жиегінен 1см кейінірек енгізіп, содан соң жараның түбінен өтіп және жараның келесі екінші жиегінен 1см кейін енгізген инені шығару. Инені жіптің бір ұшын саусақпен ұстап тұрып алып тастап жіптің екінші ұшынан ұстап байлам салу.  
4. Жараны бір бірінен 1см қашықтықта паралельді түрде 3-4 түйінді тігіс салу. Жіптің артық жерлерін 1см-дей қалдырып қайшымен қию. Содан соң тігісті 1% йодонат немесе йодопирин ерітіндісімен өңдеу. 3-4 стерильді сүрткілермен асептикалық байлам салу. Байлам материалын стерильді бинтпен немесе лейкопластырьмен бекіту. Барлық қолданылған байлам материалдарын және хирургиялық құралдарды, қолғаптарды, шприцтарды металл лотокқа салу.  
  2 этап – тігісті алу.  
5. Қолды жуу. Қолғаптарды кию. Оларды екі рет 70% спиртпен өңдеу. Жарадан асептикалық байламды алып тастау. Тігісті алған аймақ айналасының терісін 1% йодопорин немесе йодонат ерітіндісімен өңдеу.  
6. Хирургиялық пинцетпен тігістің түйінін ұстап жіптің ақшыл бөлігі көрінгенше аздап тарту.  
7. Жіптің ақшыл бөлігін үшкір үшты қайшымен қию. Осылай барлық жарадағы тігісті алу. Алынған жіптерді құрғақ орамалға жинап, орау.  
8. Жіптердің алынған жерін 1% йодонат немесе йодоперин ерітіндісімен өңдеу. 3-4 стерильді салфеткадан тұратын асептикалық байламды салып бинтпен немесе лейкопластырьмен бекіту. Барлық қолданылған байлам материалдарын және хирургиялық құралдарды, қолғаптарды, шприцтарды металл лотокқа салу.  

Жоғарғы балл – 4. Тапсырма орындау уақыты – 6 минут



Баға ________________ Емтихан қабылдаушының _____________

Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет №2. Тапсырма №2.

Емтихан қабылдаушыға мәлімет:Студенттің артериялық қан кету кезінде Эсмарх бұрауды салу тәжірибелік дағдысын меңгергенін бағалаңыз.

Дағдыларды бағалау критериі 0-0,5 ұпай
Студент аяқ-қолдан қан кеткен жерге дейінгі ажеріне сүргілеу (бинтпен) немесе матадан жасалған астармен орап тастау.  
Зақымдалған мүшені аздап жоғары көтеру. Бұрауды жарадан жоғары және мүмкіндігінше оған жақын салу.  
Бұрауды жайлап созып бір-біріне жақын және бір ұшының шеткі мүшеге созыңқы түрде 2-3 рет айналадыра орап салады.  
Бұраудың айналымдарын айқаспай жанында тұруы үшін паралельді түрде салды.  
Бұраудың ұштарын ілгешектің немесе баудың көмегімен ұстату.  
Бір айналдыра салыңған бұраудың астына салынған күні, уақыты және кім салғаны жөнінде жазба қалдыру.  
Мына белгілері бойынша бұраудың дұрыс салынғанын тексеру: қан кетудің тоқтауы, шеткі артерияларда пульстің болмауы.  
Жараның тері жиектерін 70% спиртке малынған мақта домалақтарымен өңдеу. Жара бетіне құрғақ стерильді байлам немесе жеке байламға арналған пакет салу.  

Жоғарғы балл – 4. Тапсырма орындау уақыты – 6 минут

Баға ________________ Емтихан қабылдаушының _____________

 

Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет №3. Тапсырма №3.

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: Студенттің Дитерихса шинасын салу практикалық дағдысын меңгергенін бағалаңыз.

  Дағдыларды бағалау критериі 0-0,5 ұпай
Науқасты шалқасынан дұрыс жатқызу. Жарақаттанған жерді функциялық жағдайда орналастыру.  
Шинаның табандық бөлігін табанның (табан тақтайшасы) табанның бетіне сегіз тәрізді эластикалық бинтпен байлау (аяқ-киімді шешпей-ақ).  
Дитерихс шиналарының бас жағын және қысылу қаупі бар жерлерді мақта-дәкелі төсемелермен қаптау.  
Сыртқы тақтайшаның жоғарғы жағы қолтық астына тірелгенге дейін көтеріп, ал төменгі жағы 8-10 см табанының сыртына шығару керек.  
Ішкі тақтайшаның басы аралық арқылы шоңданай сүйегі бұдырына тірелу керек, ал оның төменгі басы тақтайша табан 10-15 см шығып тұрады.  
Ішкі және сыртқы тақтайшалардың төменгі бастарын «табан» құлақшасына кигізіледі, ашпалы тақтайшаны шығып тұрған сыртқы тақтайшаға кигізеді.  
Тақтайшалардағы жоғарғы және төменгі тесіктерден тартпаларды, белбеулерді немесе бинттерді өткізіп, онымен кеудеге таңады.  
Шинаны ұзына бойы аяққа дәкемен толық таңып бекітті. табандағы фанерді бұрау таяқшасы арқылы аяқ басынан тартып қатты бекітеді.  

Жоғарғы балл – 4. Тапсырма орындау уақыты – 6 минут

Баға ________________ Емтихан қабылдаушының _____________

 

Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет №4. Тапсырма №4.

Емтихан қабылдаушыға мәлімет:Студенттің ота жасау үшін қолды өңдеу техникасының тәжірибелік дағдысын меңгергенін бағалаңыз.

Тапсырманың бағалау критериі 0-0,5 ұпай
Қолды бір рет антисептикалық сусабынмен жуу, кептіріп, таза сүлгімен сүртеді.  
Корнцангтың көмегімен стерильді масканы,қалпақты пен бахиланы алып кию.  
Қолды шынтаққа дейін антисептикалық сусабынмен ағынды жылы сумен 1минут жуады.  
4. Корнцанг көмегімен бикстан стерильді сүлгі немесе сүрткі алып қолды сүрту(пайдаланылған сулгі немесе сүрткіні қоқысқа арналған қапшыққа салу).  
5. Ерітіндіні бастап алақанға жағыңыз. Қолдың терісін сыртқы жағынан саусақтардың арасына дейін өндеңіз.  
6. Саусақтарды айқастырып саусақ арасындағы терісі мен басбармақты өңдеңіз.  
Саусақтарды бүгіп әр саусақ буындарын өңдеңіз.  
Саусақтардың ұштарын өңдеңіз.  

Жоғарғы балл – 4. Тапсырма орындау уақыты – 6 минут

Баға ________________ Емтихан қабылдаушының _____________

 

Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет №5. Тапсырма №5.

Емтихан қабылдаушыға мәлімет:Студенттің ота жасау алаңының залалсыздандыру тәжрибелік дағдысын меңгергенін бағалңыз.

Уақыты – 6 минут.

Тапсырманың бағалау критериі 0-0,5 ұпай
Стерильді халат,қолғап киіп,қолғапты 70% спирпен тазалау.Стерильді қолғапт киген қолдарды шынтақ буынынан бүгіп,белден жоғары көтеріліп тұруы керек.  
Корнцангтың көмегімен 1% йодонат ерітіндісінде немесе 1% бетанад ерітіндісіне батырылған стерильді тампонды алу.  
Ота жасайтын аймақты тілетін жерден шетке бастап периферияға қарай 1 минуттық кідіріспен үш рет өңдеу жасау.  
4. Ота жасау алаңын 70% спирт ерітіндісімен екі мәрте өңдеу.  
5. Ота жасау алаңын ақ жаймамаен жауып, қысқыштармен қыстыру.  
6. Тілу жасау алдында ота жасау алаңын 1%йодонат ерітндісімен немесе 10% бетадин ерітіндісімен немесе 1% йодопирон ерітіндісімен тазарту.  
7. Ота жасау алаңын тігіс салар алдында 1%йодонат ерітіндісімен немесе 10% бетадин ерітіндісімен немесе 1% йодопирон ерітіндісімен өңдеу.  
Ота жасау алаңын 1% йодонат ерітіндісімен немесе 10% бетадин ерітіндісімен немесе 1% йодопирон ерітіндісімен өңдеп, қолданылған тампондары коқыс табаққа тастау.  

Жоғарғы балл – 4. Тапсырма орындау уақыты – 6 минут

Баға ________________ Емтихан қабылдаушының _____________

 

Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет №6. Тапсырма №6.

Емтихан қабылдаушыға мәлімет:Студенттің жасанды тыныс алу мен қанайналысын көмек көрсету тәжірибелік дағдысын меңгергенін бағалаңыз.

Тапсырманың бағалау критериі 0-0,5 ұпай
Клиникалық өлімнің көрсеткішін анықтаңыз: естің жоғалуы, өздігінен тыныс алудың жоғалуы, (кеуде торының экскурсиялық жок), жүректің соқпауы, (магистральды артерияларда пальпация жасағанда тамырдың соқпауы).  
Реанимация шараларын және олардың әсерінің ұзақтығын қамтамасыз ету үшін науқасты көлденеңнен қатты жалпақ жерге жатқызып, қысып тұрған киімдерін шешу.Науқастың оң жағына тұрып,оған жасанды тыныс алдыру мен тікелей емес жүрекке массаж жасау.  
Тыныс алу жолының өткізгіштігін қамтамасыз ету. Сүрткі немесе орамалға оралған саусақпен ауыз қуысындағы бөгде заттар мен патологиялық заттардан (қан, құсық, сілекей) тазалап алып тастау. Бір қолмен науқастың басын шалқайтып ұстап тұрып, үлкен саусақпен төменгі ерінді тартып тұру керек.  
Тыныс алу жолының өткізгіштігін екі қолмен тазартып болған соң,екі қол саусақтарымен науқастың төменгі жақ сүйегінен ұстап, оны алға және жоғары итеру арқылы төменгі тістері жоғарғы тістерден алға шығып тұратын етіп ұстап тұру.  
Науқастың мұрын қуысын жауып, «ауыз бен ауызға» 2 сек. сайын терең ауа жіберу арқылы тыныс алдыру. Науқастың кеуде торының экскурсиясын қалпына келтіруге жағдай жасайды. Одан әрі науқаста енжар ауа шығару болады. Көмек көрсетуші науқастың басын бір жаққа қаратады.  
Төске қолды дұрыстап қойып, төс сүйектің семсерлі шеміршек негізінің жоғарғы жағына бір-біріне паралельді қойып, төс сүйектің төменгі үштен бір бөлігіне алақанды айқастырып қояды.  
Кеуде торының компрессиясының тереңдігін сақтау-шамамен 4-5 см, рташа жиілік 1 минутта 100 рет жасалады. Компрессияны кеуденің массасын есептеп жасау,жасанды тыныс алуға арналған уақыттың паузасы кезінде қолды алмастыруға немесе төстен алып кетуге болмайды.  
Жүрекке тікелей емес массаж жасағанда компрессия мен тыныс циклдарының 15:2 арақатынастарындай және қайта жандандыру шаралары нәтижесі синхронды бағалану керек, (яғни ритмдік жүрек соғысы мен өздігінен тыныс алу басталғанша жасалады).  

Жоғарғы балл – 4. Тапсырма орындау уақыты – 6 минут

Баға ________________ Емтихан қабылдаушының _____________

 

Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет №7. Тапсырма №7.

Емтихан қабылдаушыға мәлімет:Студенттің қан тобы мен резус-факторды цилоклон көмегімен анықтау тәжірибелік дағдысын меңгергенін бағалаңыз

Тапсырманы орындау критериі 0-0,5 ұпай
Қажетті техникалық жабдықтарды дайындау, бөлменін жарығы, температурасын тексеру,(қалыпты бөлме температурасы 20-22С дан аспауы керек).  
Қолды жуу, клеенкалық алжапқыш пен резенке қолғапты кию және оны спиртпен өңдеу.  
Цоликлон анти – А, анти – В, анти – резус жазулары бар флаконды ашу.  
Ақ тәрелкеге немесе арнайы планшетке бір үлкен тамшыдан тамызу (0,1 мл) арнайы жазулар астына: а анти – А, анти – В, анти – резус.  
Құрғақ пипетка көмегімен зерттелетін қанды пробиркадан алу.  
Үлкен тамшылар жанына пипетка көмегімен (0,01мл) тамшы зерттелетін қанды тамызу.  
Тамшыларды әр түрлі құрғақ әйнек таяқшалар көмегімен араластыру.Араластырып болғаннан соң,2-3мин аралығында агглютинация реакциясын бақылау.  
Жасалған аглютинация реакциясы бойынша қорытынды жасау.Келесі нұсқалары болуы мүмкін: · Егер агглютинация анти – резуста болмаса, онда қан резус-теріс, егер болған жағдайда – резус- оң. · Егер агглютинация цоликлондардың барлығы да болмаса – бұл бірінші қан тобы. · Егер агглютинация анти – А да болған жағдайда, бұл екінші қан тобы. · Егер агглютинация анти – В да болса, онда бұл үшінші қан тобы. · Егер агглютинация анти- А, мен анти-В да барлығында да болған жағдайда, бұл төртінші қан тобы.  

Жоғарғы балл – 4. Тапсырма орындау уақыты – 6 минут

Баға ________________ Емтихан қабылдаушының _____________

 

Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет №8. Тапсырма №8.

Емтихан қабылдаушыға мәлімет:Студенттің циркулярлы, спиральды және сақпан тәрізді байламдарды салу техникасын меңгергенін бағалаңыз.

Тапсырманы орындау критериі 0-0,5 ұпай
Науқас адамды жайлы орынға отырғызу немесе жатқызу керек. Жарақат алған мүшеге қозғалтпайтын етіп орташа физиологиялық жағдай жасалады.  
Қолды жуу, қолғап киіп оны спиртпен өңдеу. Байлам салған кезде дәрігер, науқастың бетіне қарап оның көңіл күйіне бет ажарына назар аударуы керек. Жарақатты антисептикалық ерітіндімен өңдеу( 70% спирт немесе 10 % бетадин ерітіндісі) 3-4 стерильді дәкеден құрғақ асептикалық байлам салады.  
Бинтті ашу, таңғыш бинттің бастапқы ұшын оң қолға ал соңғы ұшын сол қолға алу.  
4. Таңғыш бинтті байлауды төменнен жоғары қарай бастап, оң қолымен сол бинттің бас жағын ашып, ал сол қол байламды ұстап бинттің дұрыс салуына көмектеседі.  
5. Сол қолмен бинттің соңғы ұшын ұстап, оң қолымен оны қайталап бір-бірін толықтай жауып, айналдыра орап жасалады (циркулярлы байлам) Бинттің соңғы ұшын науқастың сау жағына бекітеді.  
6. Таңғыш орамдары бір-бірін қиғаш бастырып бинттің алдыңғы 2\3 бөлігін жауып тұратын етіп орап салады.Аяқ қолдың жуандығы бірдей болмағанда таңғыштың орамдары аяқ, қолдың жуандығына қарай жартылай бинтті бүгу арқылы салады.  
7. Сақпан тәрізді байламды келесі жолмен жасайды: бинттің бөлігі (ені 20 см ұзындығы 30 см) екіге бөліп салады, кейін екі ұшын бойлық бағытта кеседі, бірақ кесінді ортаға дейін жетпейді. Бірақ бинттің кесілмеген жағын патология болған жерге айқастырып салады (мұрын, иек, шүйде) патологиялық процестің қарсы жағына бекітеді.  
8. Бинттің байламның фиксациясын қарау  

Жоғарғы балл – 4. Тапсырма орындау уақыты – 6 минут

Баға ________________ Емтихан қабылдаушының _____________

 

 

Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет №9. Тапсырма №9.

Емтихан қабылдаушыға мәлімет:Студенттің ер адамдар қуығына катетер енгізу техникасын бағалаңыз.

Жұмысты бағалау критериі 0-0,5 ұпай
Қуықты катетерлеуге арналған керек құрал-жабдықтарды нұсқауға сай дайындады. Стерильді лотокқа стерильді катетер мен стерильді сүрткі салды.  
Науқасты дұрыс жатқызды. Науқастың жамбасы мен саны астына клеенка немесе жаялық төсеп,сегізкөз аймағына клеенкалық білікше салды.  
Қолдарын жуды, кленкалық алжапқыш пен резенке қолғап киді. Қолғапты екі рет спиртпен өңдеді. Науқастың оң жағына тұрып, аяқтарын талтайтып арасына катетер мен сүрткі салынған стерильді лоток қойылды, және пайдаланылған сүрткі салатын лотокты қойды.  
Жыныс мүшесін стерильді спирт сүрткісімен анатомиялық пинцет көмегімен өңдеді. Сол колмен жыныс мүшесін бүйірінен ұстап, шеткі терісін ысырып тартып, жыныс мүшесін барынша шығарып, оны науқас денесіне перпендикуляр бағытта максимальды созды.  
Жыныс мүшесінің басын сол қолдың 3-ші және 4-ші саусақтарымен ұстап, ал 1-ші және 2-ші саусақтармен несепағар каналының сыртқы тесігін жылжытып ашты.  
Сонан соң оң қолмен антисептикалық ерітіндіге салынған стерильді сүрткі арқылы мүшенің басын және сыртқы несепағар каналынын тесігін құрғақ сүрткімен сүртті.  
Қуық кататерді стерильді глицерин немесе стерильді вазелинмен майлады. Оң қолдағы стерильді пинцетті бүйір тесіктен 5-6 см арақашықтықта ұстап, осы кататердің сыртқы бөлігін осы қолдың 4,5 саусақтарымен ұстады, және катетердің қалған бөлігін несепағар тесігіне салып жайлап жыныс мүшесін кішкене көтеріп, катетерді қуыққа енгізгеннен кейін, жыныс мүшесін бірге катетерді төменгі лотокқа түсірді.Дәрет пайда болғаннан кейін катетерді дәретті жинауға арналған ыдысқа немесе екінші лотокка салды.  
Процедураны аяқтағаннан кейін катетерді жайлап несепағар каналынан алып, оны дезинфекциялық ерітіндіге батырды..  

Жоғарғы балл – 4. Тапсырма орындау уақыты – 6 минут

Баға ________________ Емтихан қабылдаушының _____________

 

 

Бағалау критерийлерінің эталондары. Бекет №10. Тапсырма №10.

Емтихан қабылдаушыға мәлімет:Студенттің назогастральды зондты қою техникасын ұымдастыруды бағалаңыз.

Тапсырманы орындау критериі 0-0,5 ұпай
Қолды жуып, қолғап кию,спиртпен өңдеу, зондтың тұйық ұшынан 40-45 см қашықтықта белгілеп алды(зондты енгізу тереңдігі бойынша)  
Назогастральды зондқа вазелин немесе глецирин майын жақты.  
Науқастың оң жағына тұрып,сол қолымен оның мойнынан ұстап зондты оң қолмен стерильді сүрткімен ұстап, жәйлап зондты мұрнына енгізді. Әрі қарай зондты жұтқыншаққа дейін итеріп, науқастан қайта-қайта жұтынуды сұрады.  
Жұтыну кезінде қауіпсіздікті сақтап,оң қолмен зондты өңештен асқазанға дейін белгіленген жермен күрек тіске дейін енгізді.  
Зондтың асқазанға орналасқанына көз жеткізіп, фонендаскоп арқылы дәлелдеді.  
Зондың сыртқы бөлігін воронкамен жалғап және оны тізе аймағына дейін түсірді.  
Асқазанды жууды бастады. Бұл процедураны бірнеше рет таза шайылған су шыққанға дейін қайталады.  
Сосын науқасты жатқызып,басын оң жағына қаратып және шайынды су табаққа толық аққанға дейін қадағалады.  
Қорытынды  

Жоғарғы балл – 4. Тапсырма орындау уақыты – 6 минут

Баға ________________ Емтихан қабылдаушының _____________

 

Қосымша 6

Емтиханның ведомосы


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.018 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал