Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ылым. Таным методологиясы






Кең тү рде алғ анда, гректің " methodos", - деген сө зі " жол" деген мағ на береді. Ә р нә рсені жасағ анда, адам оны белгілі бір ү лгілер, тә сілдерге сү йене отырып істейді. Мысалы, бү гінгі саясатта батыс елдерінде алғ аш пайда болғ ан " пиар-технологиялар" қ олданылуда. Педагогика саласында ә р пә нді қ алай ү йрету керегі жө нінде неше-тү рлі методтар шығ арылғ ан. Мұ ндай мысалдарды шексіз кө бейте беруге болар еді. Сол сияқ ты ғ ылыми салада да неше-тү рлі методтар жасалып, нә тижелі қ олданылады. Бірақ, ә ң гімені біз сол " ғ ылымның ө зі не", - деген сұ рақ тан бастауымыз керек. Содан кейін ғ ылыми методтарды талдауғ а кө шуге болады.

Бү гінгі қ оғ ам ө мірін ғ ылым мен техникасыз кө зге елестету мү мкін емес. Ғ ылым – дү ниетану, жалпы алғ анда, рухани ө ндірістің қ алыптасқ ан ерекше тү рі. Оның ө з мекемелері (ғ ылыми-зерттеу институттары, лабораториялар т.с.с.), ғ ылыми қ ауымдастық тары, зерттеу жабдық тары, ақ парат алмасу (журналдар, конференциялар т.с.с.), қ аржы орталық тары т.с.с. бар. Ғ ылымның негізгі мақ саты – адамзат қ ажеттіктерін ө теу жолында соғ ан керек білімді ө ндіріп, оны іс жү зінде ө мірде пайдалануғ а болатындай ғ ылып қ айта ө згерту. Екіншіден, барлық ғ ылым салаларынан шығ атын деректер мен тұ жырымдар, теориялардың басын біріктіріп, олардың ө зара байланыстарын анық тап " Дү ние жө нінде ғ ылыми сурет" жасау болмақ. Соң ғ ының негізінде адамдардың дү ниеге деген кө зқ арасы қ алыптасады. Ә рине, ғ ылым дамығ ан сайын " дү ниесурет" те ө згеріске тү седі.

Мың дағ ан жылдар бойы ғ ылым ұ рық тары философияның ішінде пайда болып дамыды. Математиканың (геометрия) негіздері жер ө лшеу, су каналдарын ө ткізу т.с.с., астрономия – кө шіп-қ онудағ ы аспанғ а қ арап бағ ыт алудан, Орта ғ асырлардағ ы алхимия – байлық ты ө сіру (қ орғ асынды алтынғ а айналдыру) іс-ә рекеттерінен пайда болды. Дегенмен де, бү гінгі ғ ылым ө з тү п-тамырларымен Жаң а дә уірге, яғ ни капитализмнің тарихқ а келуімен байланысты дү ниеге келеді. Оның Отаны – Еуропа топырағ ы. Егер Батыс пен Шығ ыс елдерінің даму қ арқ ыны мың дағ ан жылдар бойы біркелкі болса, ХУ1 ғ асырдан бастап Еуропа ғ ылыми зерттеулерді дамыту барысында тез қ арқ ынмен алғ а ө рлей бастайды. Шығ ыс елдері ғ ылыми-техникалық салада артта қ алады.

Енді мұ ндай ө згерістердің себебі неде?, - деген сұ рақ қ ойсақ, оғ ан ғ ылыми ә дебиеттен ә р-тү рлі жауап аламыз. Бұ л мә селені егжей-тегжей талдағ ан неміс философы К.Ясперс оның тү п-тамырын христиан дінінің адамғ а беретін рухани бағ ытынан кө реді (библия этосы адамнан - ол қ андай зардаптан ө тсе де - ақ иқ атқ а жетуді талап етеді). Екіншіден, " Дү ниені Қ ұ дай жаратқ аннан" кейін, М.Лютер айтқ андай, " Қ ұ дайдың ісін биттің ішінен-ақ кө руге болады", осы себепті, таным дегеніміз Қ ұ дай ойының ізімен жү ру болса керек. Ү шіншіден, бұ л Дү ние зардап пен қ айғ ығ а толы болғ аннан кейін, Қ ұ дайды ақ тау жолында солардың тү п-тамырын зерттеп, олармен кү ресе білу қ ажеттігі.

Ә рине, бұ л кө рсетілген рухани себептердің ө з орны бар. Бірақ, біздің ойымызша, К.Ясперс христиан дінінің негізгі қ ағ идаларының бірі - Қ ұ дай адамды ө зіне ұ қ сатып осы жаратылғ ан дү ниенің ә міршісі қ ылып жаратты, - деген қ ағ идасына мә н бермегендей. Ал шынына келгенде, осы қ ағ ида ғ ылымның христиан ә лемінде тез қ арқ ынмен дамуына зор ә серін тигізсе керек. Дү ниенің ішкі сырын ашып, оны ө з пайдасына жаратып, ақ ырында сол Табиғ атты ө з еркіне кө ндіру – талай ғ асырлар бойы жаратылыстану ғ ылымдарын дамытудағ ы бағ ыт болды десек, - ақ иқ аттан алшақ болмайтын сияқ тымыз. Ө йткені, біршама Батыс ойшылдарының ө зі-ақ бү гінгі таң дағ ы Еуро-Атлантикалық цивилизациясының терең дағ дарысын осы себептен кө руде.

Бірақ, бұ л мә селенің ә леуметтік-экономикалық жағ ы тағ ы да бар. Ол Еуропа топырағ ына Қ айта Ө рлеу заманының келуімен тығ ыз байланысты (ХУ-ХУ1ғ.ғ.). Осы кезде Италияда тең із саудасы мен балық аулау, мата тоқ у т.с.с. кә сіптердің дамуы арқ асында біршама шаруалар ө з қ ожайындарынан жеке бас еріктігін сатып алып " жаң а байларғ а" айналып, шеберханаларында ө з еркімен келіп жалданып істейтін ең бек кү шін пайдаланады. Сонымен, капиталистік экономикалық қ атынастардың негізі пайда болып, тез қ арқ ынмен дами бастайды. Соң ында болғ ан буржуазиялық -демократиялық революциялар барлық адамдарғ а бас бостандығ ын ә келіп, бү кіл халық ты заң жү зінде тең ейді. Жаң а қ алыптасқ ан жағ дайда ә р адам " мен не істеп ө з жағ дайымды дұ рыстай аламын, қ алай жан-ұ ямды асыраймын", - деген ойғ а келіп, ізденіске кіріседі. Осы миллиондағ ан адамдар белсенділігінің арқ асында капитализм ө ндіргіш кү штерді орасан-зор қ арқ ынмен дамытады. Ал ол ү шін Табиғ атқ а бет бұ рып, оның заң дылық тарын ашу арқ ылы ғ ана жаң а қ ұ рал-жабдық тар, технологиялар жасау мү мкін еді. Міне, біздің ойымызша, ғ ылымның ерекше салағ а айналып дамуының негізінде жатқ ан негізгі себеп осы болса керек. Сонымен қ атар, жоғ арыда кө рсетілген рухани себептерді де ескеру қ ажет.

Қ орыта келе, ғ ылым мен техниканың даму сатыларын былайша кө рсетуге болады:

1. ғ ылымғ а дейінгі саты (кө не заманнан ХУ ғ. дейін)

2. қ азіргі ғ ылымның қ алыптаса бастауы (ХУ1 – Х1Х ғ. 70ж.ж.)

3. классикалық ғ ылым мен техника сатысы (Х1Х ғ. 70ж.ж. бастап ХХғ. ортасына дейін)

ХХ ғ. ортасынан бастап осы кү нге дейін (постклассикалық саты)

Соң ғ ы сатыда ғ ылым мен техниканың дамуы " ү лкен жарылысты" еске тү сіреді. Бү гінгі таң дағ ы ө ндірістегі автоматикалық зауыттар, бү кіл дү ниежү зін қ амтығ ан интернет жү йесі, теледидар, ұ ялы телефондар, 2, 5 дыбыс жылдамдығ ына жеткен ұ шақ тар (Конкорд), Ғ арышта орналасқ ан стансалар мен жер серіктері т.с.с. қ азіргі ғ ылым жетістіктеріне негізделген.

Осы жетістіктерге таң ырқ ап сү йсіне қ арағ ан ойшылдар болашақ та адамзаттың барлық қ айшылық тары ғ ылымның даму негізінде шешіледі, - деген кө зқ арас ұ стады. Мұ ны біз сциентистік (scіentіa, - лат. сө зі, - ғ ылым), я болмаса, техно-оптимистік кө зқ арас дейміз.

Алайда, шың бар жерде, қ ұ з да барын ескеру керек. ХХ ғ. 70 ж.ж. бастап ғ ылым мен техниканың теріс жақ тары да айқ ындалып (жағ алай ортаның бұ зылуы, климаттың ө згеруі, адамның техника қ ұ лына айналуы т.с.с.) кө рсетіле басталды. Антисциентистік, техно-пессимистік бағ ыт ұ стағ ан ғ алымдар қ азіргі ғ ылымды " қ ұ мырадан шығ ып кеткен жынғ а" тең еп, " енді ә рі қ арай жаң а ө ндіріс кешендерін салуды тоқ тату керек, ә йтпесе жердегі тіршілік оғ ан шыдамай қ ұ рып кетеді", - деген пікір айтты. " Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды", - демекші, жаң а ғ ана дамып келе жатқ ан елдер ө з ө ндіріс кешендерін орнатып, халық тарының ә л-ауқ атын кө тергісі келеді, Батыс ойшылдарының алаң дауын олар ескермейді.

Сонда ә рі қ арай не істеу керек?, - деген заң ды сұ рақ туады. Кейбір кезде, мү мкін, Табиғ аттың баласы болып, оғ ан қ арсы шық пай ү ндесті ө мір сү рген біздің кө шпенді бабаларымыз дұ рыс істеген болар?, - деген де сұ рақ ойымызғ а келеді. Ә рине, ол - романтикалық кө зқ арас. Ғ ылым мен техниканың дамуын тоқ тату мү мкін емес. Сонымен қ атар, ғ ылымның жетістіктерін ө мірге ең гізген кезде (ол ғ ылымның негізгі мақ саты), ойланып-толғ анып, тек бү гінгі кү ннің мү ддесін ғ ана ойлап қ оймай, сонымен қ атар, алыс болашақ қ а тигізетін оң, я болмаса, теріс ә серін сараптауғ а салу керек.

Танымдағ ы сезімдік жә не ақ ыл-ой сатылары ғ ылымда зерттеудің екі дең гейін қ ұ райды. Олар – эмпирикалық жә не теоретикалық білім. Олар, ә рине, бір-бірімен ө те тығ ыз байланысты.

Қ айсыбір зерттеу эмпирикалық сатыдан, яғ ни, ғ ылыми деректерді жинаудан басталады. Ол ү шін зерттелетін зат (объект), я болмаса, қ ұ былысты (феномен) бақ ылау қ ажет. Аса назар аударатын нә рсе - ғ ылымдағ ы бақ ылаудың ерекшелігі, ө йткені, ол - " tabula rasa", - таза тақ та емес. Таным субъектісі (ғ алым, я болмаса, ғ ылыми қ ауымдастық) зерттелетін объект жө нінде белгілі бір пікір, тұ жырым, идеяғ а ұ қ сайтын кө зқ араспен мақ сатқ а лайық ты бақ ылауғ а кіріседі. Тә жірибелік таным барысында ғ ылыми деректер жиналып, салыстырылып, белгілі бір жү йеге келтіріледі.

Ә рі қ арай ғ ылым теоретикалық дең гейге – тә жірибелік білімді ұ ғ ым, тұ жырым, заң т.с.с. ғ ылыми қ ұ ралдар арқ ылы ө ң деуге кө теріледі. Теоретикалық таным арқ ылы біз зерттелетін заттың ішкі тұ рақ ты байланыстары мен заң дылық тарын аша аламыз.

Енді теоретикалық білімнің қ ұ рылымына (структурасына) келер болсақ, оларғ а проблема (мә селе), гипотеза (болжау), теория, заң ды жатқ ызуғ а болады.

Таным ү рдісінде белгілі бір сатыда тежеу, тү сініксіз, адамды абыржуғ а ә келетін ақ уал пайда болады. Осы сә тте проблема дү ниеге келеді. Оны шешпейінше, адамнан тыныштық кетеді. Сондық тан, кейбіреулер проблеманы – білмейтінімізді білу дейді. Мұ ндай ақ уалдың пайда болуының негізінде сан-алуан қ айшылық тар жатыр. Ол белгілі бір қ ұ былыс жө нінде екі ә р-тү рлі пікірдің пайда болуынан, я болмаса, ескі теория мен жаң адан ашылғ ан ғ ылыми деректің арасындағ ы қ айшылық т.с.с. себептерден болуы мү мкін. Кө п жағ дайда мә селенің шешілуі – оны дұ рыс қ оя білумен байланысты. Ол ү шін, ә рине, барлық жиналғ ан ғ ылыми деректер мен тұ жырымдарды тағ ы да ой елегінен ө ткізіп, проблеманы айқ ын сезіну қ ажет. Шешілген проблема ғ ылыми білімді терең детіп, сонымен қ атар, жаң а проблемаларды тудырады.

Гипотеза (болжау) – белгілі бір зерттеліп жатқ ан зат, я қ ұ былыстың себебі жө ніндегі кейбір деректерге негізделген болжам болып есептеледі. Ол ә лі ө зін дә лелдеуді талап етеді. Кейбір гипотезалар зерттеліп жатқ ан қ ұ былыстың себебін анық таудың тіпті мү мкін еместігінен пайда болады. Мысалы, ғ ылымда таң ғ аларлық бірнеше ғ ана мә селелер бар. Ол осы Дү ниенің ө зі, содан кейін тіршілік, ең соң ында, рухани пенде – адамның ө зі қ алай пайда болды деген сұ рақ тар.

Бұ л мә селелер жө ніндегі діни кө зқ арастарды жақ шағ а шығ арып қ арағ анда, материалистік философия мың дағ ан жылдар бойы бұ л Дү ние мә ң гілік ө мір сү ріп жатыр деген кө зқ араста болды. Мә селенің қ иындығ ы – осы Дү ниедегі бірде-бір зат, я болмаса, қ ұ былыстың мә ң гілік ө мір сү ре алмайтындығ ында, ө тпелілігінде еді. ХХ ғ. 70 ж.ж. астрофизиктер " Ұ лы Жарылыс" (Grand Explosіon) гипотезасын ұ сынды. Бұ л гипотеза Дү ниенің мә ң гілік еместігін, осыдан 13 млрд. жыл шамасында вакуумның жарылуынан пайда болғ анын болжайды. Осы гипотеза арқ ылы Ғ арыштағ ы " инфра-қ ызыл сә уле толқ ындарының ығ ысуын", " дү ниенің кең ею ү стіндегі ү рдісін" тү сінуге болатын сияқ ты. Уақ ыты келгенде (млрд. ж.ж. кейін) бұ л Дү ние ө зінің ішкі гравитация кү ші арқ ылы тартылып, яғ ни, коллапсқ а ұ шырап, ө з ө мірін тоқ татады. Келесі жарылыс Дү ниенің " жаң а ү лгісін" ә келуі мү мкін. Мұ ндай болжамдар адамның ақ ыл-ойы, шығ армашылығ ының ғ ажаптығ ын кө рсетпей ме?! Таң ғ аларлық нә рсе – осы гипотезағ а ұ қ сас идеяларды осыдан 120 ж. бұ рын орыс теософы(teos, - қ ұ дай, sofіa, - даналық) Е.Блаватская ө зінің " Қ ұ пия доктрина" деген ең бегінде айтқ ан болатын.

Ал тіршілік мә селесіне келер болсақ, кө п гипотезалардың ішінен акад. Опариннің " коацерваттық ", яғ ни алғ ашқ ы кө п минералдық тұ здар еріген жылы мұ хитта кү н сә улесінің қ уаты арқ ылы сансыз химиялық реакциялардың негізінде тірі белоктың дү ниеге келгені жө ніндегі болжамы ерекше бізді тартады.

Адам мә селесіне келер болсақ, ол жө ніндегі гипотезаларды біз " адам болмысы" тарауында қ арағ анбыз (қ араң ыз: осы кітап, 77-101 б.б.)

Ә рине, жоғ арыдағ ы кө рсетілген гипотезаларды теорияғ а айналдыру ө те қ иын, ө йткені, олардың тү п-тамыры млрд. жылдарғ а кетеді. Ал шынайы ө мірдегі нақ тылы табиғ и, я болмаса, ә леуметтік саладағ ы гипотезаларғ а келер болсақ, олардың ақ иқ аттығ ы ертелі-кеш дә лелденеді. Сонда ғ ана ол теорияғ а айналады. Ө мірдің ө зі-ақ біршама гипотезалардың жалғ андығ ын кө рсетіп, оларды ғ ылым шең берінен шығ арып тастайды. Мысалы, флогистон, я болмаса, ғ арышты толтырып тұ рғ ан эфир сияқ ты гипотезалар ғ ылым дами келе ө з жалғ андығ ын кө рсетіп категориялық (ұ ғ ымдық) статусынан айырылып қ алды.

Теория – зерттелетін заттар, я болмаса, қ ұ былыстардың ішкі мә н-мағ насын ашатын, практика арқ ылы дә лелденген, қ айшылық сыз бір-бірімен байланысты ұ ғ ымдар жү йесі. Мысал ретінде А.Эйнштейннің " салыстырмалы теориясын", Ч.Дарвиннің " эволюциялық теориясын", К.Маркстің " формациялық теориясын" т.с.с. келтіруге болады.

Теорияның қ оғ ам ө міріндегі негізгі қ ызметіне (функция) – тү сіндіру, алдын-ала болжау, іс жү зінде пайдалану (практика) жатады.

Қ айсыбір теория сол саладағ ы неше-тү рлі деректерді тә ртіпке келтіріп, ө зара байланыстырып, зерттелген заттың идеалдық моделін (ү лгісін) жасайды, сондық тан, адам оның терең мә нін тү сінуге мү мкіндік алады.

Жақ сы сарапталғ ан теория алдын-ала болжауғ а, ә лі де болса ашылмағ ан заттың қ асиеттерін ашуғ а мү мкіндік береді. Мысалы, Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің алмасу заң ына сү йене отырып, ғ алымдар біршама жаң а элементтерді ашты. Ә сіресе, ә леуметтік теориялардың маң ызы ө те зор – солардың арқ асында қ оғ ам ө міріндегі болашақ ө згерістерді алдын- ала болжауғ а, яғ ни, сол ө згерістерге саяси, қ ұ қ тық т.с.с. жақ тардан дайын болуғ а мү мкіндік ашылады.

Танымның практикалық табиғ атынан теорияның іс жү зінде ө мірде қ олдану мү мкіндігі шығ ады. Теория біздің танымғ а деген сү йіспеншілігімізді қ анағ аттандырып қ ана қ оймайды. Оның негізгі мақ саты - ө мірді ө ркендету, адамдарғ а ө мірлік бағ ыт беру. Мысалы, ядролық физикада жасалғ ан теориялардың негізінде АЭС-терді салуғ а мү мкіндік алып, бү гінгі таң да жер бетіндегі жү здеген атомдық стансалар адамзатты орасан-зор кү ш-қ уатпен қ амтамасыз етіп жатыр.

Заң - зерттелген заттар, я болмаса, қ ұ былыстардың ішкі, қ ажетті, мә нді, қ айталанатын, тұ рақ ты байланыстарын кө рсетеді. Ә рбір ғ ылым саласы ө з заң дылық тарын ашып, оларды ө зара байланыстырып, теориялық дә режеге кө теруге тырысады.

Енді таным методологиясын талдауғ а уақ ыт келген сияқ ты. Қ азіргі ғ ылымда сан-алуан зерттеу методтары жасалғ ан. Жалпы алғ анда, ғ ылымдағ ы таным методтарын ү шке бө луге болады:

Жеке ғ ылым методтары

2. Жалпы дү ниетану методтары

3. Ең жалпы (универсалды) методологиялар

Ә рбір жеке ғ ылым саласы дами келе ө з таным ү лгілерін (методтарын) жасайды. Ол оның пісіп-жетілгені, жеке ғ ылым ретінде ө з орнын (статусын) тапқ анының белгісі. Мысалы, археология ғ ылымында қ азба методтары, мә дени қ абаттан табылғ ан заттарды сақ тау ү лгілері т.с.с. бар. Физика ғ ылымына келсек, онда спектральдық анализ, тарихи тілтану ғ ылымында салыстыру методы бар. Археологиядағ ы қ азба методын физикалық зерттеуде қ олдануғ а болмайды, сол сияқ ты физика методтары арқ ылы тіл тану мү мкін емес т.с.с.

Жалпы дү ниетану методтарына келер болсақ, оларды ғ ылымның ә рбір салаласында белгілі бір зерттеу сатысында қ олдануғ а болады.

Ғ ылымның эмпирикалық (тә жірибелік) сатысында қ олданылатын жалпы методтарғ а келер болсақ, оларғ а бақ ылау, экспериментті жатқ ызуғ а болады. Бақ ылау жө ніндегі ойымызды жоғ арыда айтқ анбыз (107 б.). Экспериментке келер болсақ, ол зерттелетін заттың ә лі де болса ашылмағ ан қ асиеттерін білу ү шін оны жасанды жағ дай жасау арқ ылы зерттеу болып табылады. Оны кейбір кезде " табиғ атты тергеу" дейді. Бү гінгі таң дағ ы эксперименттерде ғ ылыми аспаптар мен жабдық тар кең інен пайдаланылады.

Теоретикалық дең гейде қ олданылатын жалпы методтарғ а абстрактылау, жалпылау, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, экстраполяция, моделдеу, тарихтық жә не қ исындық, абстрактылық тан нақ ылық қ а ө рлеу т.с.с. жатады.

Абстрактылау дегеніміз зерттеліп жатқ ан объектінің кездейсоқ тық мә нсіз жақ тарын ой арқ ылы " жақ шағ а алып", мә нді, керектілерін жинақ тап, сақ тау болып табылады.

Жалпылау – жинақ талғ ан жақ тардың жалпы, бә ріне бір ортақ қ асиеттерін табу, сол арқ ылы олар жө нінде ұ ғ ымдану.

Анализ – зерттеліп жатқ ан заттың қ ұ рамдас бө ліктерін ашып, олардың қ асиеттерін зерттеу.

Синтез – заттың зерттелген қ ұ рамдас бө ліктерін ой арқ ылы қ айта біріктіріп, олардың бір-бірімен байланысын анық тау.

Индукция – белгілі бір текке жататын заттардың қ асиеттерін зерттеу арқ ылы жекеліктен жалпылық қ а ө рлеу. Дү ние шексіз болғ аннан кейін индукция ә рқ ашанда толық емес.

Дедукция – жалпылық тан жекелікке ө ту. Кең інен математика, юриспруденция, қ исында қ олданылады.

Экстраполяция – белгілі бір жеке ғ ылымның ә дістемелерін, я болмаса, тұ жырымдарын соғ ан жақ ын ғ ылым саласына тарату, сол арқ ылы жаң алық тар ашу. Мысалы, этика мен қ ұ қ ық ғ ылымдары нормативтік пә ндер болғ аннан кейін бірінің нә тижелерін екіншіге пайдалануғ а болады (ә рине, салыстырмалы тү рде).

Моделдеу – кең інен жаң а техника, я болмаса, технологиялар жасағ анда қ олданылады. Мысалы, жаң а ұ шақ тың ең алдымен қ уыршақ моделін жасап, аэродинамикалық трубадан ө ткізіп, оның ұ шу қ асиеттерін тексереді. Содан кейін барып шынайы жаң а ұ шақ тың сынағ ы басталады.

Тарихтық жә не қ исындық методтар да бірге қ олданылады. Белгілі бір заттың қ алайша дү ниеге келгенін, қ андай нақ тылы сатылардан ө ткенін, сол жолда басқ а заттардың оның даму жолын қ алай бұ рмалағ анын т.с.с. біз тарихи метод арқ ылы зерттейміз. Ол, ә рине, ең алдымен қ оғ ам ө мірін зерттегенде кең інен қ олданылады.Мысалы, тарихи метод арқ ылы Қ азақ елінің дербестік алғ аннан бері қ андай сатылардан ө ткенін, оның даму жолында қ андай кедергілердің болғ анын, бү гінгі таң да қ андай дең гейге кө терілгенін тарихшылар егжей-тегжей зерттеуде. Қ исындық деп заттың ішкі табиғ атынан, Аристотельдің сө зімен айтсақ, энтелехиясынан шығ атын тү зу жолды айтамыз. Яғ ни, қ исындық дегеніміз қ ысқ артылғ ан тарихтық. Соң ғ ы - қ исындық тың ө зге болмысы.

Абстрактылық тан нақ тылық қ а ө рлеу методы - ғ ылымдағ ы кең қ олданылатын жә не де қ иын тә сіл. Оны жете тү сіну ү шін " сезімдік нақ тылық ", " ой нақ тылығ ы" деген ұ ғ ымдардың мә нін ашып алуымыз керек.

Кө з алдымызда кү нбе-кү н кездесетіннің бә рін біз тү йсіктеріміз арқ ылы біртұ тас зат ретінде қ абылдаймыз. Оны біз сезімдік нақ тылық дейміз. Ол бізге заттың терең ішкі мә ні жө нінде ештең е айтпайды.

Ой нақ тылығ ы дегеніміз зерттелген заттың абстрактылық ұ ғ ымдар арқ ылы ішкі жан-жақ ты байланыстары мен қ атынастарының бірлігін, олай болса, оның мә нін ашатын метод болып табылады.

Ой нақ тылығ ына жету ү шін ең алдымен сезімдік нақ тылық тан абстрактылық ұ ғ ымдарды жасауғ а ө рлеу қ ажет. Ол ү шін жоғ арыдағ ы кө рсетілген біршама тә сілдерді пайдаланып белгілі бір тектегі заттардың ішкі қ асиеттерін бө лек-бө лек кө рсететін абстрактылық ұ ғ ымдарды жинақ таймыз. Яғ ни, сол саланы бейнелейтін категориалдық (ұ ғ ымдық) жү йе жасалуы қ ажет. Бірақ бұ л жасалғ ан жү йенің кемшілігі – оның абстрактылығ ында. Мысалы, бү гінгі таң дағ ы саясаттану ғ ылымында жү здеген ұ ғ ымы бар абстрактылық демократия теориясы бар. Ал, осы демократия теориясын нақ тылай келгенде, ол ә р елде ә ртү рлі келбетімен кө рінеді. Ө йткені, ә р елдің ө з тарихи жолы, мемлекет жө нінде жинақ тағ ан тә жірибесі, ә дет-ғ ұ рпы, соғ ан сә йкес менталитеті (ой ө рісі) т.с.с. бар. Сондық тан, Қ азақ еліндегі демократиялық ү рдістің нақ тылы теоретикалық моделін жасау ү шін сол абстрактылық ұ ғ ымдарды пайдаланып, абстрактылық тан нақ тылық қ а ө туге болады. Сонда ғ ана біз ой нақ тылығ ына ө теміз.

Енді танымдағ ы ең жалпы (универсалды, яғ ни, философиялық) методологияғ а келер болсақ, ол:

барлық ғ ылым саласында қ олданылады

оның негізгі қ ағ идалары нақ тылы жү ріп жатқ ан зерттеудің басынан аяғ ына дейін басшылық қ а алынады.

Ғ ылымда универсалдық методология қ ағ идаларының болуы Дү ниенің біртұ тастығ ымен байланысты. Ө лі, тірі табиғ ат, қ оғ ам ө мірі, ойлау ү рдістері – бә рі де белгілі бір ең жалпы даму заң дылық тарына бағ ынады. Осы тұ рғ ыдан алып қ арағ анда, сонау кө не заманнан бастап Дү ниетану саласында екі бір-біріне қ арсы тұ рғ ан кө зқ арас пайда болды. Олар – диалектика жә не метафизика.

Кө не заманда стихиялық диалектиканың негіздері Шығ ыс пен Батыста бірдей қ алыптаса бастады. Дү ние – ағ ым, ө зен, - деді Гераклит. Қ ытай данасы Лао-цзы болса, қ арама-қ арсылық тың бір-біріне ө тетінін айтып қ ана қ оймай, одан ө мірге керек қ ағ идалар шығ арды. " Қ иындық ты жең у ү шін жең ілден баста, ұ лылық қ а жету ү шін кішіден баста, бақ ытқ а жету ү шін бақ ытсыздық тан ө ту керек (ә йтпесе, бақ ытты екенің ді қ айдан білесің)…" т.с.с. Грек топырағ ында ұ лы Сократ алғ ашқ ылардың бірі болып ой қ айшылық тарын зерттей бастаса, Элеялық Зенон қ озғ алысты қ алайша ой арқ ылы беруге болатындық ты зерттеді…

Жаң а дә уірде неміс философиясының ұ лы ө кілі Г.Гегель адамзат рухани ө рлеу тарихын ұ қ ыпты зерттеп диалектикалық ойлау методологиясын жасады.

Х1Х ғ. марксизмде Гегельдің идеялары ә рі қ арай дамытылып, тек ой ө рісі ғ ана емес, бү кіл Дү ниедегі барлық даму ү рдістері диалектикалық заң дар мен категориялардың негізінде жү ретіні, олай болса, таным мен қ исынның ө здері де соларғ а сә йкес келетіні жө нінде терең ойлар айтылды. Бү кіл ХХ ғ. жаратылыстану мен ә леумет тану нә тижелері – диалектикалық методологияның салтанатты ө рлеуі болды десек асыра айтпағ ан болармыз. Ең алдымен диалектикалық идеялар қ оғ амтану пә ндеріне, содан кейін биология саласына, ХХғ. физика, астрофизика, химия, геология т.с.с. ғ ылымдарғ а кірді.

Бү кіл Дү ние қ озғ алыс пен дамуда, ал оның қ айнар кө зі – ішкі қ айшылық та екенін барлық ғ ылым салалары бү гінгі таң да дә лелдеді. Олай болса, қ айсыбір зерттеуде заттың ең алдымен ішкі қ айшылығ ы ашылып, оның ө зіндік қ озғ алысы, ө згерісі анық талу керек. Ол ү шін ойлау категориялары да бір-бірімен тығ ыз байланысты, сонымен қ атар қ айшылық ты, бір-біріне ө тетін дә режеге кө терілуі қ ажет.

Дү ниедегі барлық заттар мен қ ұ былыстар бір-бірімен сансыз неше-тү рлі байланыста болғ аннан кейін, диалектикалық методологияның зерттеуші алдына қ оятын келесі талабы – заттың неше-тү рлі байланыстарын жан-жақ ты зерттеу. Ә рине, ол байланыстардың шегіне жетіп барлығ ын қ амту мү мкін емес. Дегенмен де, мейлінше кө бірек қ амту – бізді қ ателіктерден сақ тайды.

Дү ниеге келген ә рбір зат ү не бойы бір орнында тұ рып қ алмайды. Ол ө згеріске ұ шырап, неше-тү рлі сатылардан ө теді, ақ ырында - ө мірден озады. Сондық тан, диалектиканың негізгі талаптарының бірі – зерттелетін объектіге тарихтық тұ рғ ыдан қ арау.

Дү ниеге ә р зат ө з қ айталанбас болмысымен келеді, сонымен қ атар, басқ а заттармен ортақ қ асиеттері арқ ылы бірігіп байланысады. Олай болса, ә р зат ө з ерекшелігімен қ ұ нды. Сондық тан, қ айсыбір зерттеудің негіздерінің бірі болып нақ тылық қ ағ идасы жату керек, ө йткені, барлығ ына бірдей абстрактылық ақ иқ ат танымда ешқ ашанда болғ ан емес.

Диалектиканың ә рбір категориясының методологиялық мә ні бар, ө йткені, олар Дү ниенің сан-қ илы жақ тарының ең жалпы, мә нді байланыстарын бейнелейді. Ал Дү ние қ айшылық ты жаратылғ аннан кейін диалектикалық категориялар пар-парымен бірге, сонымен қ атар, қ айшылық ты болып келеді. Сондық тан, қ айсыбір сандық ө згерістер ертелі-кеш заттың ө лшемін бұ зып жаң а сапаның пайда болуына, себеп – салдарғ а, шындық жаң а мү мкіндіктің пайда болуына, кездейсоқ тық - қ ажеттіктің іске асуына т.с.с. ә келеді.

Енді диалектикағ а қ арсы келетін метафизикалық методологияны талдау ү шін, ең алдымен осы ұ ғ ымның мағ насын анық тау керек. Уақ ытында Аристотельдің болмыс іліміне арнағ ан " Бірінші физика" атты ең бегін Андроник Родосский " Метафизика" (физиканың ә р жағ ында, - деген мағ на береді) деген атпен жарық қ а шығ арғ ан болатын. Сол уақ ыттан бастап осы кү нге дейінгі бұ л категорияның негізгі мағ насы – болмыс ілімі, табиғ аттың ә ржағ ында жатқ ан терең философиялық мә селерді талдау. Мысалы, " бұ л Дү ние шектелген, я шексіз бе, мә ң гілік, я уақ ытша ма? ", " ақ иқ ат, ізгілік, ә семдік, бақ ыт дегеніміз не? ", " Қ ұ дай бар ма, я жоқ па? " т.с.с.

Жаң а дә уірде Г.Гегель бұ л категорияғ а екінші мағ на берді. Ол - диалектикалық методологияғ а қ арсы тұ рғ ан даму тұ жырымы. Олай болса, метафизика дамуғ а қ андай тұ рғ ыдан қ арайды, - деген заң ды сұ рақ туады.

Қ озғ алыс, дамудың қ айнар кө зін метафизика сыртқ ы ық пал, себептен кө реді. Осы тұ рғ ыдан алып қ арағ анда, мысалы, тұ лғ аның білім алуы оғ ан білім беретін мұ ғ алімдердің сапасына байланысты (сыртқ ы ық пал). Бірақ, сол адамның білімге деген қ ұ штарлығ ы, білгенімен білмейтіні арасындағ ы ішкі қ айшылық оның жү регінде от болып жанбай, ол қ андай керемет оқ ытушы, академиктер сабақ берсе де терең білім ала алмайды. Керісінше, ондай ішкі талпыныс болса, ол ө з белсенділігі арқ асында жақ сы маман болып шығ уы ғ ажап емес. Бү гінгі ө мірде " Мен шет елден оқ ып келдім", - деп ысқ ырғ аны тауды жарғ анмен, айдағ аны бір-ақ ешкі азаматтарды жиі кездестіруге болады. Оларды шет елдерде оқ ытуғ а ә ке-шешелерінің қ олы жеткенмен, балалары ү міттерін ақ тамады.

Метафизика дамуды " заттың бірте-бірте ү лкейуі, я болмаса, кішірейуіне" тең ейді. Мысалы, ананың ішіндегі пайда болғ ан ұ рық, метафизикалық тұ рғ ыдан қ арағ анда, кішкентай аяқ -қ олы, басы бар адам. Ол ананың ішінде 9 ай ү лкейіп-ө сіп дү ниеге келеді. Ал қ азіргі ғ ылым мұ ндай кө зқ арастың дұ рыс еместігін кө рсетіп отыр. Шынында, ұ рық 9 айдың ішінде бү кіл тіршіліктің млрд. жылдар бойы ө ткен жолын қ ысқ аша қ айталап ө теді. Ал дү ниеге келген жас сә би тұ лғ алық қ асиетке ие болу ү шін негізінен 3 жасқ а шейін халық тың мың дағ ан жылдар бойы дамытқ ан тілін игеріп, " Мендік" сезімге жетеді. Мұ ны ғ ылыми тілде онтогенездің (нақ тылы организм) филогенезді (тектің дү ниеге келіп, ө мір сү руі) қ айталауы дейді

Метафизика дамуды ө ткен сатыны қ айталаумен тең ейді. " Бұ л ай астындағ ы дү ниеде еш жаң алық жоқ, бә рі де ө з шең беріне оралады. Қ ыстан кейін тағ ы да кө ктем, жаздан кейін келетін кү з тағ ы да қ ыс мерзіміне ә келеді", - деген " терең " пайымдауды оқ ырман талай рет естіген болар. Сырттай қ арағ анда, дә л сол сияқ ты. Бірақ, биылғ ы қ ыс ө ткенмен толық тең емес. Табиғ атта біз байқ ай алмайтын, я болмаса, мә н бермейтін жаң алық тар ү не бойы болып жатады да, мың дағ ан жылдардан кейін белгілі бір жаң а сапағ а ә келеді. Ө кінішке орай, адамның бұ л ө мірдегі ө мірі ө те қ ысқ а. Егер де біз мың дағ ан жыл ө мір сү рсек, онда біз ө міріміздің соң ында табиғ аттың жаң арғ анын, жас кезімізде болмағ ан қ ұ былыстардың Дү ниеге келгенін байқ ағ ан болар едік. Біз, мысалы, ө ткен заманда динозавр, птеродактиль сияқ ты алып жануарлар мен қ ұ стардың ө мір сү ргенін білеміз. Оның айғ ағ ы – жер астында қ алғ ан солардың сү йектерінің қ алдық тары. Қ орыта келе, табиғ аттың ө зі ү не бойы даму ү стінде екенін, метафизикалық " бір шең бердегі қ айталаудың " жалғ андығ ын байқ ауғ а болады.

Қ оғ амтану, саясат, дипломатия т.с.с. салаларда софистика мен эклектика жиі кездесетін қ ұ былыстар. Софистиканың шық қ ан тегі – кө не Греция, нақ тылап айтсақ - Афиналық демократия кезең і. Билікке ұ мтылып, бақ таластық қ а бой ұ рғ ан Афинаның бай азаматтары сайлау кезең інде халық алдына ө з саяси бағ дарламаларын ұ сынып бір-бірімен айтысқ а тү седі. Жең іске жету, кө п жағ дайда, қ ұ лақ қ а жағ ымды майда сө йлеу, ө з саяси ұ стамының ақ иқ аттығ ына сендіру, халық алдында ө з даналығ ы мен кө регендігін кө рсетумен т.с.с. байланысты болды. (тіпті бү гінгі кү нгі біздің ө міріміз сияқ ты!!! Тек біз оны қ азір " пиар-технология" дейміз). Ал ол ү шін риторика (ә сем сө йлеу ө нері), қ исын (ойды дә лелдеу, я болмаса терістеу ө нері), философия (даналық қ а жету ө нері) сияқ ты пә ндерден сабақ алуғ а тура келді. Бұ л пә ндерден сабақ беретін мамандар тың даушылардың талабына сай айтылғ ан ойды қ алайша теріске шығ ару, бұ рмалауғ а болатыны жө нінде дә ріс берді. Осы себептерге сә йкес софистика дү ниеге келеді. Сондық тан да грек халқ ы " софистика" деген сө зді " жалғ ан даналық ", - деп тү сінді (софистиканың философиялық негіздерін қ алағ ан Протагор жө нінде осы кітаптың " Антикалық философияғ а" арналғ ан тақ ырыбынан оқ ың ыз).

Софистика деп саналы тү рде жалғ анды ақ иқ ат деп, болмаса, керісінше, дә лелдеу ә рекетін айтамыз. Ол, бір жағ ынан, қ оғ ам ө мірінің кү рделігі, оның шең беріндегі топтардың ә р-тү рлі мү дделерінің болуы, екінші жағ ынан, саясатта ү стем топтың ө з мү ддесін іске асыру жолындағ ы іс-ә рекетінен шығ атыны сө зсіз. Мысалы, бү гінгі таң дағ ы аса ү шкір мә селе – халық аралық терроризмді алар болсақ, - оның шынайы қ айнар кө зі – жыл сайын сарқ ылып келе жатқ ан энергия ресурстарын зорлық -зомбылық жасап кү ші келгендердің қ айта бө лу ә рекетінен туындайды. Нақ тылай келсек, 2003ж. басталғ ан Ирактағ ы соғ ысқ а кінә лі – Саддам Хусейннің саяси режимі емес(ақ ырында, сол елді АҚ Ш басып алып бірде-бір адамзатқ а қ ауіпті қ ару-жарақ, қ анша іздесе де, таппай қ ойды), АҚ Ш-тың сол елдің мұ найын ө з қ олына алуына бағ ытталғ ан іс ә рекеті жатқ аны сө зсіз. Бірақ, сол елдің ә кімшілігі неше-тү рлі софистикалық " дә лелдемелерді" пайдаланып, халық аралық қ ауымдастық алдында тө ккен абыройын жуып-шайып жатқ аны …

Эклектикағ а (eklektіkos, - грек сө зі, таң дау,) келер болсақ, ол адамның саналы тү рде белгілі бір саладағ ы ә р-тү рлі ымырағ а келмейтін қ ұ былыстарды таң дап, бір арнағ а қ ұ ю ә рекетінен пайда болады. Мысалы, қ ауымдық тың негізінде мың дағ ан жыл ө мір сү рген халық қ а жекелік философиясын тарату (индивидуализм), бұ л бағ ытты жалғ ыз ғ ана дұ рыс жол деп есептеу – эклектиканың бір тү ріне жатады. Сондық тан да, либералдық саясат біздің елде кү йзеліске ұ шырауда, - десек, шындық тан алшақ болмаспыз. Мысалы, бү гінгі таң дағ ы біршама ауыл адамдарының тағ ы да ұ жым болып жұ мыс істеуге ұ мтылуы – соның айқ ын кө рінісі. Ал шындық қ а жү гінсек, Шығ ыс елдерінің біршамасы (Оң тү стік Корея, Сингапур, Жапония Қ ытай т.с.с.) Заманның қ ойғ ан Талабына қ ауымдастық жолмен-ақ Жауап берді.

Ә рине, ғ ылым тану методологиясы да бір орнында тұ рып қ алмайды. ХХ ғ. 80 ж.ж. Батыста " синергетика" (бірге іс-ә рекет жасау мағ насын береді) ілімі пайда болды. Оның негізін қ алағ ан И.Пригожин мен Г.Хакен болды. Синергетика – ашық жә не ө з-ө зіне толығ ынан тең емес жү йелердің ө зіндік ұ йымдасуы мен ө згеру, даму заң дылық тарын зерттейтін ілім. Ал, енді осы берілген анық таманы талдап кө релік.

Расында да, бұ л Дү ниеде бә рі де бір-бірімен байланысты болғ аннан кейін " жабық жү йе" болуы тіпті де мү мкін емес. Бұ рынғ ы Кең ес қ оғ амының артта қ алуының себептерінің біріне Батыс елдерінен ө зін жабық ұ стағ ысы келгені емес пе? Ал соғ ыстан кейінгі Албанияны алсақ, Батыс пен Шығ ыстан жабылғ ан ол ел - Еуропаның нақ ортасында болса да - қ айыршылық дең гейге жеткен жоқ па?

Ашық жү йе, ә рине, ешқ ашанда ө з-ө зіне толық тепе-тең болмайтыны да айдан-анық, ө йткені, ол жү йеге неше-тү рлі басқ а заттар мен қ ұ былыстар ө з ә серін тигізбей қ оймайды. Бірақ, бү кіл Дү ниені біртұ тас " Ү лкен Жү йе" ретінде қ арасақ, онда оның тепе-тең дігін кім, я болмаса, не бұ зады?, - деген сұ рақ пайда болуы мү мкін. Қ азіргі ғ ылым оны вауумнан кө реді.

Енді " ө зіндік ұ йымдасу" ұ ғ ымына келер болсақ, бұ л идея философия тарихында кө птен бері бар. Материяның ішкі ө зіндік кү ші арқ ылы дамуғ а мү мкінгі бары жө нінде уақ ытында Б.Спиноза, К.Маркс сияқ ты ойшылдар айтқ ан болатын. Бірақ, ө лі табиғ атты зерттейтін жаратылыстану ғ ылымдарында кө пке дейін " теормодинамиканың екінші бастамасы", яғ ни, табиғ атта болып жатқ ан энтропия (ыдырау, хаосқ а айналу) заң ы " ө зіндік ұ йымдасу" идеясына ө з кедергісін тигізген болатын. Сондық тан, биология саласына Ч.Дарвин ең гізген " эволюция, кү рделену" заң дылық тары, жалпы жаратылыс тану ғ ылымында ү лкен қ айшылық ты тудырды. Бір жағ ынан энтропия заң дылығ ы Дү ние бара-бара суып, тұ рпайыланып хаосқ а айналады десе, екінші жағ ынан, биология ғ ылымы тіршіліктің ү не бойы кү рделенуін мойындады. Міне, синергетика ілімі осы қ айшылық ты шешеді.

Синергетика ғ ылымы хаостың жасампаздық бастамасын, эволюциялық ү рдістегі конструктивтік, тә ртіпті тудыру мү мкіндігін кө рсетеді. Бір жағ ынан Дү ниеде ыдырау, шашылу, тарау ү рдістері жү ріп жатса, екінші жағ ынан, кү рделену, тә ртіпке келу, дамуды байқ ауғ а болады.

Енді ө згеру, даму заң дылық тарына келер болсақ, ол Дү ниедегі барлық заттар мен қ ұ былыстарғ а (ө лі, тірі табиғ атқ а, қ оғ ам ө міріне, ой ө рісі дамуына) ортақ болып шық ты. Синергетика ілімі бойынша, даму барысындағ ы ашық та тепе-тең дікте емес жү йе алғ ашында бірте-бірте кү рделене жә не тә ртіптене тү сіп, ақ ырында ө зінің бейтұ рақ тық бифуркациялық (ә р тараптық) нү ктесіне келіп тіреледі де, оның алдында, практикалық тү рде, ә рі қ арай тұ рақ ты дамудың сан-қ илы жолдары ашылады. Жү йенің қ ай жолғ а тү сетіні – белгісіз тек оны анық тайтын " Ұ лы Мә ртебелі Кездейсоқ тық ". Ол даму механизмінің қ ажетті кілті. Сонымен, бұ л теорияның " ақ ылғ а симайтын" ғ ажап жағ ы – кездейсоқ ттың дамудағ ы ерекше рө лі. Шексіз кездейсоқ тық тардың біреуі " таң далғ аннан" кейін, жү йе жаң а тұ рақ ты даму барысына кө шеді (келесі бифуркациялық нү ктеге дейін).

Ә ң гіменің қ иындығ ы мынада. Мұ ндай жү йенің ә рі қ арай даму жолын алдын-ала анық тау тіпті де мү мкін емес. Ә рине, компьютерлік бағ дарламалар арқ ылы біршама даму жолдарын анық тауғ а болады. Дегенмен де, жү йенің қ ай жолмен ә рі қ арай дамитыны ә рқ ашанда белгісіз болып қ ала береді. Сонымен, даму барысындағ ы кө птінділік мойындалды да, бұ рынғ ы классикалық біртінділік даму заң дылық тары (заттың дамуының бастауын, қ азіргі ақ уалын зерттеп болашақ та не болатынын болжау) сирек кездесетін қ ұ былысқ а айналды.

Синергетика іліміндегі флуктуация ұ ғ ымының (болар-болмас нә рсенің бейнақ тылық дә режеге кө терілген ү лкен кү рделі жү йені жаң а даму жолына тү сіріп жіберу мү мкіндігі) қ оғ амтануда, саясаттағ ы рө лі зор. Қ оғ ам ө міріндегі даму ү рдістері бифуркациялық нү ктеге жақ ындағ ан кезде, қ айсыбір кездейсоқ тық оқ иғ а, тіпті жеке адамның іс-ә рекеті, ойламағ ан жерде ү лкен ә леуметтік дү мпулерге ә келуі мү мкін.

Сонымен, синергетика - философиялық -методологиялық дә режеге кө терілген соң ғ ы жылдардағ ы теория десек қ ателеспейтін болармыз. Осы теорияның арқ асында біршама диалектикалық категориялар – мү мкіндік пен шындық, кездейсоқ тық, біртінділік пен кө птінділік, ақ парат, қ айшылық, себептік т.с.с. - ө здерінің жаң а жақ тарымен кө рініп, ғ ылымда басқ аша елеулі мағ нада қ олданыла бастады.

Ө зіндік дайындық қ а арналғ ан сұ рақ тар:

Сезімдік танымның формаларын келтірің із.

Интуиция (ішкі кө кей кө з) дегеніміз не?

Ақ иқ ат дегеніміз не?

Ақ иқ атқ а жетудегі жаң ылу мен жалғ анның айырмашылығ ын кө рсетің із.

Танымдағ ы методтардың қ ызметі қ андай?

Теория дегеніміз не?

Экспериментті кейбір кезде неге “табиғ атты тергеу” дейді?

Категориалдық синтез дегеніміз не?

Дедукция кең інен қ ай ғ ылымдарда қ олданылады?

10.Қ азіргі ғ ылымдағ ы моральдық қ ұ ндылық тар маң ызының ө суінің себебі неде?






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.