Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Танымдағы ақиқат мәселесі






Практикамен тығ ыз байланысты келесі мә селе – дү ниетану жолындағ ы ашылғ ан білімнің ақ иқ аттығ ы. Ә ң гіменің қ иындығ ы мынада: қ айсыбір білімнің екі жағ ы бар. Біріншісі - адамның биологиялық табиғ аты, яғ ни, оның тү йсіктері, жү йке мен ми ерекшеліктері, сонымен қ атар, нақ тылы-тарихи жағ дайдағ ы қ оғ ам қ ұ рылымы, оның мә дениет ерекшеліктері, ғ ылыми ақ паратты ө ң деп, пайдалану тә сілдерімен байланысты. Екіншісі, танымда бейнеленетін объективтік шындық тың ө з қ асиеттері мен ерекшеліктерін анық тау болмақ. Танымның осы екі жағ ы бір-бірімен ө те тығ ыз байланыста екені сө зсіз. Олай болса, біздің білім мазмұ нының қ ай жақ тары жеке адам, я болмаса, адамзатқ а тә уелсіз тү рде зерттеліп жатқ ан заттың шынайы қ асиеттеріне сә йкес келеді? – Бұ л сұ рақ білім ақ иқ аттығ ы мә селесінің ө зегін қ ұ райды.

Ә рине, жалпы тү рде алғ анда ө зімен-ө зі ө мір сү ріп жатқ ан шынайы білім дү ниеде жоқ. Ол адам, ә леуметтік топ, я болмаса, жалпы қ оғ амның білімі. Ол бітімі жағ ынан субъективті. Сонымен қ атар, онда дү ниедегі зерттеліп жатқ ан заттар мен қ ұ былыстардың ішкі бізге тә уелсіз мә ндік жағ ы ашылады. Осы тұ рғ ыдан алғ анда, ақ иқ ат деп дү ниедегі заттар мен қ ұ былыстардың адамның санасында сә йкес бейнеленуін айтамыз.

Сонымен қ атар, біз мына нә рсені ұ мыт қ алдырмауымыз керек. Дү ниені зерттеуде адамзат шегіне жеткен ақ иқ атқ а ешқ ашанда жете алмайды, ө йткені, ол шексіз ү рдіс. Сондық тан да, ақ иқ ат жө ніндегі ілімде оның объективтік, салыстырмалы, абсолютті, прагматистік, когеренттік т.с.с. жақ тары ерекше бө лініп алып талданады.

Объективтік ақ иқ ат деп адам, я болмаса, адамзатқ а тә уелсіз, яғ ни, заттың ө зіндік қ асиеттерін бейнелейтін білім мазмұ нын айтамыз. Мысалы, айдың жерді айналып тұ рғ аны – объективтік ақ иқ ат. Біз қ андай ә рекет жасасақ та, оны тоқ тата алмаймыз, ол бізге тә уелсіз тү рде ө мір сү ріп, жерді айналып тұ р.

Абсолютті ақ иқ ат деп дү ние жө ніндегі толық сарқ ылып шегіне жеткен білімді айтуғ а болады. Алайда, Дү ниенің іш жә не сырт жағ ына да шексіздігі бізді абсолюттік ақ иқ атқ а жеткізбейді. Сонымен қ атар, дү ниені зерттеу жолындағ ы алынғ ан объективті ақ иқ аттар бір-бірімен қ осыла келе бізді абсолюттік ақ иқ атқ а жақ ындата тү сіреді. Ол – шексіз ү рдіс деп те айтуғ а болар еді.

Негізінен, адамзат қ олы жеткен білім ә рқ ашанда салыстырмалы десек те болғ аны, ө йткені, ол оның нақ тылы- тарихи қ алыптасқ ан іс-ә рекетімен, яғ ни, сол заманның практикасымен шектелген. Мысалы, соң ғ ы уақ ытқ а дейін Марс планетасында су болды ма, я жоқ па?, - деген сұ рақ қ а жауап бере алмадық. Ө йткені, ол жө ніндегі болжамдарды тексеретін дә режеге жеткен жоқ едік. Енді, тек 2004 жылы ғ ана американ ғ алымдары Марсқ а жіберген ғ ылыми аппараттар арқ ылы онда ө ткен шақ та су болғ анын дә лелдейтін деректер алды. Олай болса, бұ рын осы планетада ө мір формаларының болғ аны сө зсіз, ө йткені, су бар жерде - ө мір де дү ниеге келеді. Мү мкін, вирустар, я болмаса кейбір бактериалар болғ ан болар. Бұ л болжам техникалық қ ұ ралдар дами келе тексерілетіні сө зсіз. Екінші жағ ынан, дү ниеге келген ә р ұ рпақ тың білімінде ақ иқ ат мен қ атар ә рқ ашанда жаң ылу болатынын да ескеруіміз қ ажет. Келесі ұ рпақ оның біршамасын тексеріп тү зетсе де, ғ ылымды дамыту жолында ақ иқ ат пен қ атар жаң ылу да болуы мү мкін. Осы тұ рғ ыдан жаң ылуды жалғ аннан ажыратуымыз қ ажет. Егер ғ ылыми танымның қ иындық тары кейбір жағ дайда зерттеушіні ақ иқ аттан алшақ татып жаң ылуғ а ә келсе, жалғ андық - ө тірік айтып адамды саналы тү рде қ исық жолғ а тү сірумен тең, - дер едік.

Когеренттік ақ иқ атқ а келер болсақ, ол ғ ылымда ашылғ ан жаң а деректердің негізінде жасалғ ан белгілі бір тұ жырымдардың бұ рынғ ы ө мір сү ріп жатқ ан теорияғ а сә йкес келуі. Егер де жаң а ашылғ ан ғ ылыми жаң алық тарды ескі теорияның шең берінде тү сіне алмасақ, яғ ни, олар бір-біріне когерентті болмаса, онда ғ ылымның сол саласында дағ дарыс басталып, жаң а ізденістерге жол ашылады.

Батыс философиясында прагматистік (pragma, - іс, іс-ә рекет) ақ иқ ат деген де ұ ғ ым бар. Егер белгілі бір тұ жырымды, я болмаса, кө зқ арасты басшылық қ а алып жақ сы, ө зімізге пайдалы нә тижелерге жетсек, онда оны прагматистік ақ иқ атқ а жатқ ызамыз, - дейді осы ағ ымның ө кілдері.

Ақ иқ ат мә селесін талдай келе, оның ә рқ ашанда нақ тылығ ын ұ мыт қ ылмағ ан жө н. Дү ниеде абстрактылық, барлық жағ дай мен уақ ытта пайдалануғ а болатын ортақ ақ иқ ат жоқ. Бұ л жө нінде Гегель былай ә ң гімелейді: адам ө лтірген жас жігітті дар асуғ а алаң ғ а ә келе жатыр. Алаң ғ а жиналғ ан халық оғ ан тас лақ тырып, неше-тү рлі қ арғ ыс сө здер айтуда. Осы кезде алаң да тұ рғ ан бір қ ыздың аузынан " шіркін, қ андай сұ лу жігіт еді", - деген сө здер шығ ып кеткенде, басқ алар оғ ан жекіп " қ ылмыскер қ алай сұ лу болады, сен не шатып тұ рсың ", - десе, екіншілер " қ азіргі жастар бұ зылғ ан", - деген " терең " пікір айтады. Бұ л, ә рине, мә селеге абстрактылық тұ рғ ыдан қ арау деген сө з. Ө йткені, алаң да тұ рғ андардың арасында ешкім де сол жігіттің адам ө лтіруге қ алай барғ анын, мү мкін, оны байқ амай, я болмаса, кездейсоқ тық жағ дайда жасағ анын білмейді.

Енді философия тарихында кең орын алып, осы уақ ытқ а дейін талданып келе жатқ ан " ақ иқ ат пен сенім" мә селесіне кө шейік. Ө з уақ ытыгда Ибн-Рошд белгілі бір нә рсе жө нінде екі қ арама-қ арсы тұ рғ ан ақ иқ ат айту мү мкін емес, ол – біреу, олай болса, ақ ыл-ой таразысынан ө туі қ ажет, - деген пікір айтқ ан болатын. Ф.Аквинскиге келер болсақ, ол, керісінше, сенім ақ иқ аты білім ақ иқ атынан жоғ ары, ө йткені, ол Қ ұ дайдың аяны, - деген пікір ұ стады. Бү гінгі таң да бұ л мә селе " ғ ылым жә не мораль" мә селесіне айналды. Ө йткені, адамзаттың ә рі қ арай ө рлеуі моральдық қ ұ ндылық тарғ а сә йкес келетін ғ ылым нә тижелерімен тығ ыз байланысты екенін баса айтуымыз қ ажет. Басқ аша жағ дайда, ғ ылым ө з мә н-мағ насын жойып, адамғ а қ арсы тұ рғ ан зұ лымдық кү шке айналып кетуі мү мкін. Осы арада қ азіргі ғ ылымды талдауғ а уақ ыт келген сияқ ты.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.