Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ж) сана және кибернетикалық құралдар






Электрондық -есептеу қ ұ ралдары пайда болысымен-ақ оларды адамның миымен салыстыру, олардың бір-бірінен айырмашылығ ын зерттеу ү рдістері басталып кетті. Бұ л сала ө те тез қ арқ ынмен дами бастағ ан сайын бұ л мә селе де философиядағ ы ө зекті салағ а айналды. Бү гінгі таң да неше-тү рлі роботехника пайда болып, тіпті толығ ынан автоматизацияланғ ан адамның қ атысуынсыз жұ мыс істейтін цехтар, тіпті заводтар дү ниеге келді. Бү гінгі таң дағ ы адам электрондық ә уенді тың дай алады, жобалау институттарын компьютерлік жабдық тарсыз кө зге елестету ө те қ иын. “Genіus” деген ө те кү рделі компьютер Ә лем чемпионы Г.Каспаровтың ө зін жең іп кеткені бү кіл адамзат қ ауымын таң ғ алдырғ ан болатын. Аса кү рделі компьютерлік бағ дарламаларда шығ армашылық тұ рғ ыдан ізденіс жасай алатын жасанды интеллекті де байқ ауғ а болады. Американ фантастика жазушысы А.Азимов болашақ та адамның ө зіне пара-пар роботтар дү ниеге келіп, адамғ а қ арсы кө теріліс жасап, ө з еркіне кө ндіру ә рекетін жасауы мү мкін деген қ иял айтады.

Олай болса, мә селе тікелей қ ойылып, жасанды интеллект алдағ ы уақ ытта адамның ө зін ауыстыруы мү мкін бе?, - деген ашық сұ рақ пайда болады.

Ә рине, адамның миы – бү гінгі таң дағ ы ашылғ ан ең кү рделі биік дә режеде ұ йымдасқ ан материя – ол кванттық дең гейде жұ мыс істейтін ө те нә зік ойлау қ ұ ралы. Сонымен қ атар, электрондық -есептеу қ ұ ралдары да жартылай ө ткізгіштердің негізінде жұ мыс істейтін сандық қ ұ рылымдармен байланысты материалдық ү рдіс.

Міне, осы жақ тарынан ми мен компьютерді салыстыруғ а болады. Информациялық қ абылдаулар мен байланыстар, басқ ару мен бақ ылау жү йелерінің заң дылық тары тірі организмдер мен автоматикалық қ ұ ралдарда сандық жағ ынан алып қ арағ анда ортақ болуы мү мкін. Мысалы, компьютердегі информацияны қ абылдау, ө ң деу жә не жауап қ айтаруы мидың тү йсіктер арқ ылы деректер алып оларды ө ң деп жауап беруіне ө те ұ қ сас. Ә рине, тірі организмде болып жатқ ан нә зік физика-химиялық ү рдістерді ө лі табиғ аттағ ымен толығ ынан тепе-тең салыстыру мү мкін емес. Бірақ, соғ ан қ арамастан олардың ұ қ сас жақ тары да болғ андық тан, математика ғ ылымының негізінде оларды модельдеуге болады.

Бү гінгі таң да компютерлік техниканың (жасанды интеллектің) мү мкіндіктері жыл сайын ө суде. Мү мкін, болашақ та адамның миын толығ ынан модельдеуге де жетерміз. Дегенмен де, жасанды интеллект адамның кө мекшісі ретінде кең інен пайдаланылса да, оны толығ ынан ешқ ашанда ауыстыра алмайды, - деген ү зілді-кесілді пікір айтуғ а болатын сияқ ты. Енді осы пікірімізді дә лелдеп кө релік.

Бү гінгі таң да кибернетикалық қ ұ ралдар ө те кү рделі ө ндіріс жү йелерін басқ аруғ а кө мектеседі. Бірақ, сол басқ ару бағ дарламасын компьютердің “жасанды санасына” ең гізетін сол адамның ө зі емес пе? Компьютер миллиондағ ан ақ параттан ең тиімдісін бірнеше секундта таң дап алып адамғ а ұ сынады. Ол адамның миын тұ рпайы есептеу ү рдістерінен босатып оның шығ армашылық мү мкіндіктерін іске асыруғ а жағ дай тудырады. Ә рине, кейбір аса кү рделі компьютерлік бағ дарламаларда шығ армашылық ізденістердің элементтері ең гізілген. Дегенмен де, жасанды интеллект шынайы шығ армашылық ізденіс жасай алмайды. Бұ л мә селеге толығ ырақ тоқ талайық.

Шығ армашылық ізденіс шабыттың, сезімдік толғ аудың негізінде пайда болатыны сө зсіз. Адам тек қ ана ойлай алатын пә нде емес, сонымен қ атар ол сү йінеді, кү йінеді, шабыттанады, ізгілікке, ә семдікке ұ мтылады т.с.с. Осы факторлардың бә рі келіп адамның шығ армашылық ізденісін тудырады. Жаң ғ ыз ғ ана салқ ын ой шығ армашылық ты, нақ тылы қ ол астындағ ы болмысты аттап ө тіп жаң а кө кжиекті тудыруы екіталай. Олай болса, кибернетикалық қ ұ ралдарды адами шығ армашылық дең гейіне кө теру ү шін, олардың бағ дарламасына сезім толқ ындарын ең гізу қ ажет: олар адам сияқ ты сү юі, ренжуі, шаттануы, ізгілік пен ә семдікке ұ мтылуы керек. Ол ү шін оның санасына бү кіладамзат ө ткен жолын ең гізу қ ажеттігі туындайды, ал ол - мү мкін емес.

Еріктік негізіндегі шығ армашылық - адамның тектік ө зіне ғ ана тә н қ асиеті. Егерде ол компьютерге берілсе, онда адам не істемек? Ол іске асқ ан жағ дайда, расында да, адам ө з-ө зін терістеп, тарихтың соң ғ ы беттері жазылып бітер еді. Ә рине, ол ешкімге керек емес.

Соң ғ ы кездерде компьютерлік техника мен жаң а білім беру технологиялары мектептер мен жоғ арғ ы оқ у орындарына кең інен ең гізілуде. Қ анша қ иындық тар болса да, жас мемлекет қ омақ ты қ аржы шығ арып жастардың компьютерлік бағ дарламаларды игеруіне жағ дай туғ ызуда. Оның, ә рине, маң ызы ө те зор. Сонымен қ атар, бұ л істе асыра сілтеушілік те жоқ емес. Ауылдық жерлерде мектептерге ә келінген компьютерлік техника энергия қ уаты болмағ аннан кейін істемей, шығ арылғ ан қ аржы ақ талмай жатыр. Екінші жағ ынан, дә ріс беретін мамандар да аз. Кө п жағ дайларда компьютерлер “қ ымбат ойыншық ” ретінде пайдаланып оның мү мкіндіктері толығ ынан іске аспай жатыр. Кейбір жоғ арғ ы оқ у орындарында студенттердің білімін тексеру толығ ынан компьютерлік тестерге жү ктелуде, ескі жү здеген жылдар бойы сынаудан ө ткен дә ріс ә дістемелері жалаң терістелу жолында.

Бұ л арада біз бір нә рсені ойдан шығ армауымыз керек. Ол – білім беру мен тә рбие жү йесіндегі оқ ытушының тұ лғ асының рө лі – оны ешқ андай компьютер ауыстыра алмайды. Ол ә рқ ашанда негізгі ү лгі болып қ ала беруі керек. Адамғ а білім беру дегеніміз – оның тұ лғ асының қ алыптасуына жан-жақ ты ә сер ету деген сө з. Жалаң информация, ол қ анша кө п болса да, адамның моральдық қ асиеттерін қ алыптастыра алмайды – ол тек технократизмге ғ ана ә келіп тіреуі мү мкін. Ал ол болса, адамзатты бү гінгі рухани дағ дарысқ а ә келген жол.

Батыс білім беру жү йесіндегі кө п жетістіктерімен қ атар, ү лкен кемшілігі – біржақ ты бейімделген, тек ө з мамандығ ын ғ ана игерген “бірө лшемді” адамды (Г.Маркузе) дайындауы. Оның салдары ретінде “дү ниеқ уушылық ”, “сезімдік лә ззатқ а ұ мтылушылық ”, адамдардың бір-бірінен жаттануы, материалдық байлық қ анша ө ссе де ө мірдің рухани жағ ының азғ ындауы, соның нә тижесінде “ә леуметтік аномияның ” (нашақ орлық, ішімдікке салыну, қ ылмыстық т.с.с.) ө суін айтсақ та болғ аны. Бұ л айтылғ ан ойлардан компьютерлік білім беру жү йесінің керек еместігі туындамайды. Ол, ә рине, қ ажет. Бірақ, оның мү мкіндіктері асыра бағ аланбауы керек. Ол бұ рынғ ы дә стү рлі білім беру жү йесін толық тыру, оның тиімділігін арттыру жә не ө мірде кең інен қ олдану ү шін қ ажет.

 

14.5. Жалқ ылық пен жалпылық

Болмыстың ішкі астарын ширатып талдауды неден бастауымыз керек? - Ә рине, бұ л сұ рақ қ а жауап беру оң ай шаруа емес. Діни философия оны Қ ұ даймен тең естіреді. Идеалистік философияның кө рнекті ө кілдерінің бірі Г.Гегель ө з философиясын " абсолюттік идея" ұ ғ ымынан бастайды. Ал материалистік бағ ыт ұ стағ ан ойшылдар оны " материя" ұ ғ ымынан бастайды. Бірақ, уақ ытында ұ лы Гегельдің ө зі-ақ айтып кеткендей, ешкімде ешқ ашан абстрактылық " материяны" кө рген жоқ, дү ниеде тау-тас, ағ аш, ауа, қ ой, ешкі т.с.с. нақ тылы заттар бар, ал материяның ө зі-ақ абстрактылық ұ ғ ым емес пе? Ал Л.Фейербахқ а келер болсақ, болмысты талдауда кү нбе-кү нгі кө з алдымызда ө мір сү ріп жатқ ан заттар мен қ ұ былыстардан, яғ ни " міне", " мынау", " анаудан" бастап ә рі қ арай ө рлеуіміз қ ажет деген пікір айтады. Біздің ойымызша, соң ғ ы ойшылдың пікірі дұ рыс сияқ ты.

Расында да, осы пікірді талдап кө рейікші. Егерде біз адамды қ айсыбір жануармен салыстырып байқ асақ, онда оның шексіз айырмашылығ ын байқ аймыз, ө йткені, жануар ө зін жағ алай қ оршағ ан ортадан айырып ала алмайды, ол ө зінің туа біткен инстинктері мен шартты рефлекстері арқ ылы табиғ атпен біртұ тас ө мір сү реді. Ал адамғ а келер болсақ, оның санасы пайда болғ ан сә ттен бастап, ол ө зінің басқ а заттардан бө лек ерекше болмысын сезінеді, сонымен қ атар, басқ а заттардың да дара, ерекше ө мір сү ретінін байқ айды. Осы ерекшелікті сезінудің нә тижесінде адамдардың санасында даралық, жалқ ылық, ерекшелік, зат, қ ұ былыс т.с.с. ұ ғ ымдар пайда бола бастайды. Сонымен қ атар, адам ө з дербестігін, ерекше болмысын сезініп қ ана қ оймай, оны қ оршағ ан жағ алай ортамен байланысын, сонда ө мір сү ріп жатқ ан заттар мен қ ұ былыстардың ө зара байланыстарын да байқ айды. Ө йткені, оғ ан тірі жан ретінде тамақ ішуі, баспана іздеуі, басқ а аң дардан қ орғ ануы т.с.с. қ ажет. Бұ л қ ажеттіктердің ө телуі жағ алай қ оршағ ан заттар мен қ ұ былыстарды пайдалану арқ ылы ғ ана іске асуы мү мкін.

Алғ ашқ ы уақ ытта адамның ө мір сү ру барысында пайдаланғ ан заттары ә рқ ашанда ерекше, дара, жалқ ы, қ айталанбайтын, бұ рынғ ы-соң ғ ы оның ө мірінде кездеспеген сияқ ты болып кө рінеді. Ол оның белгілі-бір қ ажеттіктерін ө тегеннен кейін есінде сақ талмай қ оймайды. Сонымен қ атар, адам ө зінің ө мір сү ру барысында сол қ ажеттіктерді ө тей алатын басқ а заттар мен қ ұ былыстарды да кездестіріп, оларды пайдаланады. Сондық тан, оның басында даралық, жалқ ылық ұ ғ ымымен қ атар бірнеше, кө п ұ ғ ымдары пайда болады. Мысалы, шие де, алма, алмұ рт та бір қ ажеттікті ө тейді. Олардың бә рін салыстыра келе адамдар олардың ортақ қ асиеттерінің бар екенін, айырмашылық тарымен қ атар жалпығ а бірдей жақ тарын анық тайды. Сол себепті шие, алма мен алмұ рттан тыс жеміс деген ұ ғ ым пайда болады, ол аталғ ан жә не де басқ а жидектердің жалпы қ асиеттерін біріктіретін ұ ғ ым. Жү ре келе мұ ндай ұ ғ ымдар адамдардың сө здігіне кө птеп кіріп белгілі бір халық тың ойлау жү йесін ә рі қ арай дамытады…

Жоғ арыда ө рбіген ой-ө рісіміз дұ рыс болса, онда жалқ ылық пен жалпылық болмыс категорияларын талдауының бастамасы болып есептелуі керек. Тарихи-қ исындық тұ рғ ыдан алғ анда, солардың адам практикасының, тә жірибесі дамуының негізінде пайда болуының нә тижесінде басқ а да болмыс категориялары дү ниеге келіп ө рби бастайды.

Енді бү гінгі таң дағ ы философиялық тұ рғ ыдан қ арасақ, онда біз жалқ ылық, даралық болмыстың ө мір сү ру формасы екенін байқ аймыз. Дара, жалқ ы дегеніміз – кең істік пен уақ ыттың шең берінде шектелген зат, я болмаса қ ұ былыс. Болмыстағ ы нақ тылы да шынайы ө мір сү ріп жатқ ан заттар мен қ ұ былыстар – дара, жалқ ы, ешқ ашанда қ айталанбайтын, тек ө зіне тә н ерекшеліктерімен кө рінеді. Қ азақ халқ ы оны " бес саусақ бірдей емес" деген нақ ыл сө збен берген. Мысалы, қ азіргі жер бетінде ө мір сү ріп жатқ ан 6 млрд. адамның ішінен екі бір-біріне толығ ынан пішін-тү рі жағ ынан ұ қ састы табу мү мкін емес. Сондай-ақ олардың ә рбіреуінің ой-ө рісі, руханияты да ө згеше қ айталанбайтын жақ тарымен суреттеледі. Элементарлық бө лшектерден бастап жұ лдыздар ә леміне дейін ғ алымдар толығ ынан бір-біріне ұ қ сас ешқ андай екі затты тапқ ан жоқ. Қ орыта келе, даралық, жалқ ылық дегеніміз – шындық тың болмысының ө мір сү ру тә сілі болып шық ты.

Сонымен қ атар, бұ л Дү ниеде екі бір-бірімен толық ұ қ састығ ы жоқ екі затты табу да мү мкін емес. Егерде олай болатын болса, Дү ние ө мір сү ре алмас еді, заттар мен қ ұ былыстар бір-бірімен байланысқ а тү сіп біртұ тас ә лемді қ ұ ра алмағ ан болар еді. Дү ниеге ұ қ ыпты кө збен қ арағ ан адам заттар мен қ ұ былыстардың бір-бірімен шытырман байланыста екенін байқ айды – ал оның астарында олардың ұ қ сас жақ тары, тектік бірлігі, жалпы қ асиеттері жатқ ан жоқ па? -Ә рине, солай. Жалқ ы заттар мен қ ұ былыстар ү не бойы бір-бірімен байланыста, ө зара ә рекет жасауда, бір-бірін анық тауда. Оның ө зі олардың жалпығ а бірдей қ асиеттері арқ ылы ғ ана іске асады. Сонымен, жалпылық дегеніміз де болмыстағ ы жалқ ы заттар, қ ұ былыстар мен ү рдістердің ө мір сү ру заң дылығ ы болып шық ты.

Ұ қ ыпты оқ ырман бұ л арада қ айшылық тың пайда болғ анын байқ ап қ алғ ан болар – бір жағ ынан, қ айсыбір зат, қ ұ былыс, ү рдіс тек ө зіне тә н, Дү ниеде қ айталанбайтын жақ тарымен кө рінгісі келсе, екінші жағ ынан, толық дербес ө мір сү ре алмай, жалпылық қ а ө теді. Олай болса, қ айсыбір зат, қ ұ былыс, ү рдіс е р е к ш е - ө з бойында қ айталанбайтын, тек ө зіне тә н қ асиеттерімен қ атар оны басқ а заттармен біріктіретін жалпы жақ тарымен танылады. Айтылғ ан ойдың ү лкен методологиялық маң ызы бар десек те болғ аны, ө йткені, сонау кө не заманнан бастап осы уақ ытқ а шейін кө п мә селелердің шешімі осы даралық пен жалпылық тың диалектикасын жете тү сінбеуден пайда болады.

Сараптап жатқ ан ұ ғ ымдарды алғ аш рет терең талдағ ан ұ лы Платон болатын-ды. Оның " эйдос ә лемі" – " заттар ә лемімен" салыстырғ анда ө з бетінше ө мір сү ріп жатқ ан материалды емес, мә ң гі, кемеліне келген, сұ лу, ізгі ә лем, ал біздің Дү ние заттанғ ан, мінді, уақ ытша, эйдос ә лемінің бұ лдыр кө лең кесі ғ ана сияқ ты. Аристотель " Платон мағ ан қ ымбат болса да, ақ иқ ат одан да гө рі қ ұ нды", - деп оның ө зінше ө мір сү ретін эйдос ә лемін сынғ а алады. Оның ойынша, жалпылық дара заттардан бө лек ө мір сү ре алмайды, ол заттардың мә н-мағ насын, яғ ни формасын қ ұ райды. Ал форма қ айдан пайда болады, -деген сұ рақ қ а ол " форманың формасы - Қ ұ дай" дейді.

Жалпылық пен жалқ ылық Орта ғ асырдағ ы негізгі философиялық мә селеге айналып реализм (realіs, - латын сө зі, - шынайы) мен номинализм (nomіnіs, - латын сө зі, -есім, ат) бағ ыттарын тудырады. Негізгі мә селе – жалпылық тың (сол кездегі терминмен айтсақ - универсалиялардың) онтологиялық (болмыстық) статусын (орнын) анық тауда болды. Реалистер жалпылық жеке заттардан бө лек ө мір сү реді деген пікірге келіп, қ алай айтқ анда да, заттар ә лемінен бө лек ө мір сү ретін идеалдық ә лемді, я болмаса Қ ұ дайды мойындайды. Мысалы Орта ғ асырлық схоластиканың кө рнекті ө кілі Ф.Аквинский универсалиялар ү ш тү рлі ө мір сү реді деген пікірге келеді. Біріншіден, ол Қ ұ дайдың ойынан шық қ ан болашақ заттардың идеалдық ү лгілері, екіншіден заттардың ішкі мә н-мағ насы, ү шіншіден, заттарды зерттеудің нә тижесінде пайда болғ ан адамның басындағ ы ұ ғ ымдар. Ал номиналистерге келер болсақ, олар тек дара жеке ө мір сү ретін заттар ғ ана шынайы, ал жалпылық дегеніміз – заттардың ұ қ сас жақ тарын пайымдаудың негізінде қ ойылғ ан есімдер ғ ана деген пікірге келеді.

Жаң а дә уірдегі ойшылдар кө біне номинализм бағ ытына жақ ынырақ болды. Мысалы, Дж. Локк жалпылық заттарда ө мір сү рмейді, оларды ойлап шығ арғ ан адамның зердесі деген пікірге келеді – олар неше-тү рлі сө здер, идеялар, белгілер ғ ана. Б.Спиноза ұ ғ ымдардың шығ у тегін заттардан іздеу керек деген дұ рыс пікір айтқ анмен, жалпылық ты тек қ ана заттардың қ арапайым ұ қ састық тарынан іздеді.

И.Кант бұ л ойды терең детіп жалпылық тың екі тү рін мойындайды. Олар – тә жірибеден шығ атын жә не априорлық (тә жірибеге дейін берілген) жалпылық тар. Ғ ылыми зерттеулер, тә жірибе арқ ылы жасалатын жалпы ұ ғ ымдар ә рқ ашанда жеткіліксіз, ө йткені, кү ндердің бір кү нінде жаң а деректер пайда болып ұ ғ ымның шең берін бұ зуы мү мкін. Априорлық жалпылық тарғ а келер болсақ, олар трансцендентальды (transcendens, - латын сө зі, - аттап ө ту, яғ ни бұ л Дү ниенің ә ржағ ындағ ы деген мағ на береді.) санағ а жатады, оның табиғ атын біз ешқ ашанда тани алмаймыз.

Г.Гегельге келер болсақ, ол жалпылық ты " абсолюттік идеямен" тең ейді. Бірақ ол заттардың ұ қ сас жақ тарын қ амтитын қ арапайым абстрактылық жалпылық емес, ол – шынайы нақ тылы жалпылық. Соң ғ ыны ол заттар мен қ ұ былыстардың даму заң дылық тарына тең еп, ал оның ө зі ә рқ ашанда даралық тың негізінде ерекше кө рініп, жекенің де ө зіне тә н байлығ ын бойына сің іреді, - деген терең ой айтады. Жас жігіт пен пісіп-жетілген азамат та белгілі бір нақ ыл сө зді айтуы мү мкін, бірақ олар оғ ан ә р-тү рлі мағ на береді, ө йткені, екінші ө зінің бай ө мірден алғ ан тә жірибесі мен білімі арқ ылы оны жете тү сінеді.

Маркстік философияда Гегельдің " нақ тылы жалпылық " идеясы жоғ ары бағ аланып, сонымен қ атар, жалпылық тың қ айнар кө зін " абсолюттік идеяғ а" тең еуін сынғ а алады. Жалпы ұ ғ ымдарда объективті шындық тағ ы жалпылық бейнеленеді, ал оның ө зі заттар мен қ ұ былыстардың ішкі нақ тылы тең дігі. Ол заттардың ө мір сү руінің негізі, оның кө рінісі – заң.

Сонымен, оқ ырманның байқ ағ анындай, философия тарихында даралық, жалқ ылық пен жалпылық тың ө зара диалектикасы ғ асырлар бойы зерттеліп бү гінгі таң дағ ы мә ресіне жетті. Оғ ан қ орытынды жасасақ, жалқ ылық жалпылық қ а ә келеді, ал соң ғ ы жалқ ылық тың бойында ө мір сү реді. Алайда, олардың екеуінің арасындағ ы дә некер – ол ерекшелік. Сондық тан, Дү ниедегі ә р зат, қ ұ былыс, ү рдіс - ө зінің ерекшелігімен танылады. Ерекше зат ө з бойына жалқ ы мен жалпыны тек ө зіне ғ ана тә н жолмен біріктіреді. Соның арқ асында Дү ниедегі кө пттү рліктің бірлігі қ амтамасыз етіледі.

Жалқ ылық пен жалпылық диалектикасын жете тү сіну арқ ылы ө ткен Кең ес қ оғ амы мен қ азіргі Егемен елімізде жү ріп жатқ ан ү рдістерді талдауғ а мү мкіншілік аламыз. Кең ес заманында жалпылық басымқ ы категорияғ а айналып, жеке адамдардың қ ұ қ тары, олардың шығ армашылық ерекшеліктері дұ рыс ескерілмеді, сондық тан, қ оғ ам тоқ ырауғ а ұ шырады. Бү гінгі таң да біз керісінше ағ ымды байқ аймыз. Жекелік, адамдардың қ ұ қ тарын сақ тау, оларды шығ армашылық жолғ а, ізденіске бағ ыттау - қ азіргі саясаттың негізгі арқ ауы болып отыр. Ол, бір жағ ынан, экономикалық дағ дарыстан тезірек шығ уғ а мү мкіндік берсе, екінші жағ ынан, ұ жымдық мү дделердің іске асуына нұ қ сан келтіруде – ол бү гінгі таң да баршағ а аян.

Еліміздегі тү бегейлі ө згерістер терең деген сайын жалқ ы мен жалпылық диалектикасының маң ызы арта тү суде. Оны ұ қ ыпты тү рде ескермейінше біз саясатта ү лкен қ ателіктер жіберуіміз мү мкін. Шынында да, Қ азақ елі алыстағ ы Франция, я болмаса Бразилияғ а ұ қ самайды, тіпті бізге жақ ын елдердің ө зі де (Ө збекстан, я болмаса Ресей) басқ аша. Осы тұ рғ ыдан қ арағ анда, біздің ата-бабаларымыз таң дап алып ө з Отанына айналдырғ ан жерлер мал ө сіруге лайық ты, табиғ аты қ атал, суғ а тапшы, сонымен қ атар, ө рісі кең жерлерде орналасқ ан. Сондық тан да ауыл шаруашылығ ы қ азақ елінің экономикасының жетекші салаларының бірі болып болашақ та да қ ала бермек. Осындай кең байтақ, сонымен қ атар, суы тапшы елде бір жылы жақ сы егін орылса, екінші жылы қ уаң шылық болмауына ешкім кепілдік бере алмайды. Мұ ндай жағ дайда кіші-гірім фермерлік шаруашылық тардың ө мір сү руі екіталай. Оны қ азіргі ө мір кө рсетіп те жатыр. Осы тұ рғ ыдан алғ анда, кө п ұ жымдық мық ты ауыл шаруашылық мекемелерін жасанды банкрот етіп қ ұ рту – саясатта жасалғ ан ү лкен қ ателіктердің бірі болды. Ө мір олардың орнына ү лкен алпауыт лендлордтарды ауылғ а ә келді. Ал олар болса ауылдың ә леуметтік жағ дайына кө ң іл бө лмейді. Олардың негізгі мақ саты – егінді егіп, уақ ытында жинап алып нарық қ а мейлінше қ ымбатқ а ө ткізу, ал одан пайда болғ ан қ аражаттың пілдей бө лігі негізінен қ алада қ орлануда… Бү гінгі таң дағ ы жеке кіші-гірім фермерлік шаруашылық тардың қ айта кооперацияғ а ө туге тырысуы – осы елдің ерекшеліктерінен шығ ады. Сонымен қ атар, ө зен-су бойында орналасқ ан, суармалы тұ рақ ты ө нім алуғ а мү мкіншілігі бар жерлерде фермерлік шаруашылық тар тиімді болуы ә бден мү мкін.

Ал енді жер байлығ ына келер болсақ, елдің мұ хиттан алыс болуына байланысты оларды басқ а елдерге экспорттауының жол қ аражаты ө те қ ымбат. Сондық тан, шикізат етіп сыртқ а шығ арудан гө рі оларды ө ң деп, мұ найдан бензин, керосин т.с.с., мыстан неше-тү рлі кабельдерді, ал жү ре келе электр жабдық тарын жасағ ан жө н. Бірақ бү гінгі таң да оғ ан қ аражат жеткіліксіз болып жатыр… Сонымен қ атар, алғ ашқ ы капитал тез қ орланбай, іскерлердің ә сем сарайлары мен мерседестерінен қ алмай жатқ ан жақ тары да жоқ емес.

Олай болса, біз ө зіміздің ерекшеліктерімізді мұ қ ият зерттеп жалаң еліктеушіліктен арылуымыз қ ажет. Сонымен қ атар, алғ а кеткен елдердің жетістіктерін ө з жағ алай ортамызғ а, соғ ан тарихи икемделген сана-сезімімізге бейімдеп қ олдануымыз керек. Сонда ғ ана біз ө з ерекшеліктерімізді сақ тап, соның арқ асында басқ а елдердің де шынайы қ ызығ уы мен сү йіспеншілігіне қ ол жеткіземіз. Дү ниедегі кө птү рлігімен танылатын мемлекеттердің ішінен ө з орнымызды табамыз.

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.