Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Маркстiк философия






Маркстiк философиямен, жалпы алғ анда, жан-жақ ты философиялық, ә леуметтiк-экономикалық, саяси iлiм ретiндегi марксизммен ТМД елдерiнiң халық тарының ХХ ғ асырдағ ы ө мiрi мен тағ дыры ө те тығ ыз байланысты. Дү ниежү зiлiк тарихта алғ ашқ ы рет Кең ес Одағ ында марксизмнiң негiзiнде коммунистiк қ оғ ам орнатуғ а бағ ытталғ ан орасан-зор ә леуметтiк батыл да қ айғ ылы эксперимент 70 жылдан артық уақ ытқ а созылды. Сол “жаң а қ оғ амды² орнату жолында миллиондағ ан адамдар осы ә леуметтiк эксперименттiң қ ұ рбаны болды. Ендi мiне, бү гiнгi ө тпелi дә уiрде ө мiр сү рiп жатқ ан адамдар сол заманғ а ә ртү рлi бағ а беруде. Бiреулер Кең ес Одағ ын кахарлы тоталитаризмнiң дү ниеге келуiмен тең еп, ол қ оғ амды “қ айыршылық тың тең дiгi² орнағ ан қ ауым деп есептесе, екiншiлер ө ткен тарихқ а ө кiне қ арап, ондағ ы адамдық қ атынастардың тазалығ ына, бiлiм беру, денсаулық сақ таудың ақ ысыз болғ анына, жасө спiрiм балалар мен ә лсiз қ алғ ан кә рiлерге деген мемлекеттiң кө мегiне жылы шыраймен қ арайды. Жалпы алғ анда, бұ рынғ ы Кең ес Одағ ынан тарихи алшақ тағ ан сайын, оғ ан қ айта бағ а берiлiп, сол қ оғ амның кө п жақ сы жақ тарын қ айта жаң артып, ө мiрге ең гiзуiмiз керек деген пiкiрлер бү гiнгi таң да аз емес.

Ал ендi тiкелей ө зiмiз оқ ып отырғ ан философия пә нiне келер болсақ, жақ ын тарихымызда “маркстiк философия - дү ниежү зiлiк 2, 5 мың жылғ ы тарихы бар философияның ең биiк шың ы ² деген пiкiрде болғ анбыз. Содан кейiн, ө тпелi қ оғ амның шең берiнде, оғ ан қ арама-қ арсы, маркстiк философияның жетiстiктерiн жоқ қ а шығ аруғ а бағ ытталғ ан “уақ ыттың талабына сай² ө згерiп отыратын адамдардың пiкiрлерi де кө птеп пайда болды.

Ә ң гiменiң шынына келсек, маркстiк философия - адамзаттың рухани iзденiсiнiң кө п шың дарының бiреуi, оны асыра да, кемiте де бағ алауғ а болмайды. ә сiресе, оның гуманистiк, рухани жақ тары осы уақ ытқ а дейiн миллиондағ ан адамдардың жү регiнде ұ ялағ ан. Сондық тан, жас дос, сiз бұ л iлiмнiң негiзгi қ ағ идаларын зерттеп, оны басқ а iлiмдермен салыстырып жә не бү гiнгi адамзаттың алдында тұ рғ ан кө п мә селермен байланыстыра ө з бағ аң ызды берерсiз деген ойдамыз.

Маркстiк философияның негiзiн қ алағ ан екi немiс ойшылдары Карл Маркс (1818-1883 ж.ж.) пен Фридрих Энгельс (1820-1895 ж.ж.)

болды. Егер К.Маркстiң ә кесi - сол кездегi iрi заң герлердiң бiрi болса, Ф.Энгельс ө зiнiң жеке меншiктегi фабрикасы бар iскердiң жан-ұ ясында дү ниеге келедi. Сондық тан, олардың екеуi де ө з заманындағ ы ү лкен жоғ арғ ы оқ у орындарда оқ ып, бiлiм алады. Студенттiк жас кездерiнде олар “жас гегельшiлердiң ² қ атарында болғ анымен, сол кездегi ә леуметтiк-саяси ақ уал оларды буржуазиялық либерализмнен гө рi революциалық демократизм жолына қ арай итермелейдi. Олардың шынайы революциалық кө зқ арастарының қ алыптасуына, ә сiресе, 1848 ж. Батыс Европа елдерiнде ө те шиеленген қ айшылық тардың негiзiнде пайда болғ ан революциялар ө зiнiң зор ә серiн тигiздi. Дә л осы кезде олардың философиялық кө зқ арастары ө зiнiң кемелiне келiп, айрық ша жү йе ретiнде қ алыптасты. Оның негiзгi ө зегi - дү ниенi тү сiнiп қ ана қ оймай, оны қ айта қ ұ ру, ө згерту қ ажеттiгi, ал философияғ а келер болсақ, ол осы мақ сатты рухани тұ рғ ыдан негiздеуi қ ажет. ә рине, мұ ндай мақ сат билiк басындағ ылардың ү рейiн туғ ызды. Осы айтылғ ан себептердiң негiзiнде К.Маркс қ уғ ындауғ а ұ шырап, Лондон қ аласында қ алғ ан ө мiрiн ө ткiзуге мә жбү р болды. Ф.Энгельс жан жолдасын материалдық жағ ынан оның ө мiрiнiң аяғ ына дейiн қ олдағ анмен, К.Маркс кедейлiктiң, аурудың, кейбiр балаларының ө лiмiн т.с.с. ауыртпалық тарды басынан ө ткiзiп, соғ ан қ арамастан ө мiрiнiң аяғ ына дейiн ө зiнiң ғ ылыми ең бектерiн жазып, жұ мысшылар қ озғ алысына белсендi қ атысып, ө з iлiмiнiң жарқ ын болашағ ына сендi.

Ендi, ә ң гiменi нақ тылай келiп, маркстiк философиядағ ы жаң алық тарғ а келер болсақ, онда қ оғ амды материалистiк тұ рғ ыдан тү сiну қ ағ идасына ең бiрiншi тоқ тауғ а тура келедi. Мұ ның ө зi материализм бағ ытындағ ы негiзгi кемшiлiктi - табиғ атты материалистiк тұ рғ ыдан тү сiнгенмен, қ оғ ам ө мiрiне келгенде идеалистiк жолдан шығ а алмауын - жойып, дү ниеге деген толық қ анды материалистiк кө зқ арасты тудырды. Ә ң гiменiң мә нi мынада: қ оғ ам ө мiрiн талдауда ойшылдар қ оғ ам ө мiрiнiң iргетасты ерекшелiгiнiң шең берiнен шығ а алмады - ол адам ойының оның жасайтын iс-ә рекетiнiң алдында ә рқ ашанда жү рiп отыруы. Яғ ни, ең алдымен идеалдық жоспар жасалынады да, содан кейiн ғ ана ол iске асады. Сондық тан, ойшылдар тарихтың тағ дыры корольдер мен ұ лы қ олбасшылар, ғ алымдар мен заң герлердiң т.с.с. ойлары мен еркiнде деген пiкiрден шығ а алмағ ан болатын. Олар тарихты қ алай бұ рғ ысы келсе, солай жасай алады. Олай болса, олардың жү ргiзiп отырғ ан саясатына кiм шешушi ық пал жасай алады? Ә рине, сұ лу бикештер, тарихтың мә селелерi, кө бiнесе, мемлекет басшыларының кө ң iл-кү йiне байланысты... Шамасы, осындай кө зқ арастардың негiзiнде француздардың “cherchez la femme² - ә йелдi iздең дер - деген нақ ыл сө здерi пайда болса керек. Француз жазушылары Дюмалардың (ә кесi мен баласы) “20 жылдан кейiн², “10 жылдан кейiн², “Виконт де Бражелон² т.с.с. романдарында француздардың тарихы осындай кө зқ арастардың негiзiнде кө рсетiлген. Сол заманда ө мiр сү рген философ Монтескьенiң ө зi де осындай кө зқ араста болғ ан - оның ойынша, тарихтың дамуы кө бiнесе жақ сы заң дардың шығ арылуымен байланысты. Ал, заң дарды жасайтын адамдардың ө зi-ақ емеспе - олар заң герлердiң рухани шығ армашылығ ының туындысы ғ ана.

Кү нi бү гiнге дейiн қ арапайым сананың шең берiнде бiз осындай кө зқ арастың ә лде де болса ө мiр сү рiп жатқ анын байқ аймыз. “Кең ес Одағ ы неге қ ұ рдымғ а кеттi?, - деген сұ рақ ты талдағ анда, қ арапайым адамдар оны Горбачевтiң, ия болмаса, Ельциннiң, Кравчуктың т.с.с. сол кездегi ө кiмет басындағ ы адамдардың iс-ә рекеттерiмен байланыстырады. Тiптi кейбiреулер оның себебiн Раиса Максимовнаның (Горбачевтың ә йелi) мемлекеттiк саясатқ а ық пал еткенiнен кө редi. Ақ ырында, бiз “ә йелдi iздең дерге² тағ ы да келемiз. Ал, ә ң гiменiң шынына келсек, Кең ес Одағ ының ө мiрден кетуi - оның заман талабына сай жауап бере алмағ анында, ө ндiргiш кү штердiң даму қ арқ ыны тө мендеп кетiп, соғ ан байланысты орасан-зор қ айшылық тардың пайда болуында т.с.с.

Ә рине, маркстiк философия тарихтағ ы адамдардың сана туындыларының рө лiн шетке шығ армайды. Олардың ойынша, “адамдар ө з драмаларының авторлары мен актерлерi². Бiрақ, олар мә селенi терең дете қ арайды - сол белгiлi бiр уақ ытта ө мiр сү рiп жатқ ан қ оғ амдағ ы ө зектi идеялардың тү п-тамыры қ айда кетедi? Неге уақ ыт ө ткен сайын бiр идеялардың орнына екiншi идеялар келедi? Осы сұ рақ тарғ а жауап бере келiп, К.Маркс адамдардың сана-сезiмiнiң ө зi олардың ө мiр сү ру жағ дайларымен тығ ыз байланысты, соларғ а тә уелдi екенiн ашады. “Болмысты анық тайтын олардың санасы емес, керiсiнше, қ оғ амдық болмыс олардың санасын анық тайды², - деген тұ жырымғ а келедi. Ә рине, қ оғ ам ө мiрiнде миллиондағ ан адамдар ө мiр сү редi, олардың ә р-бiреуi ө зiнiң алдына ө мiрлiк мақ саттар қ ойып, соларды iске асыруғ а тырысады. Кө бiнесе, сол мақ сат-мұ раттар мен ұ мтылыстар бiр-бiрiне қ айшы келiп, бiр-бiрiн тежеп тең естiрiп жатады. Сол кү штердiң параллелограмы тарихи процестi тудырады. Жалпы алғ анда, қ оғ амның дамуы - табиғ и-тарихи процесс, ол ө зiнiң белгiлi бiр қ ажеттi сатыларынан аттап ө те алмайды. Осы тұ рғ ыдан алып қ арағ анда, Кең ес Одағ ының қ ұ руының тағ ы да бiр себебi - Лениннiң ә лi капиталистiк сатығ а толық жетпеген, соның шең берiнде дамып кемелiне келмеген қ оғ амғ а, сол сатыдан аттап ө тiп, социалистiк қ оғ амды озбырлық жолмен таң уында болса керек. Нә тижесiнде, неше-тү рлi трагедиялардан ө тiп, бiз социализмнiң дү ниеге ерте уақ ытсыз келген ә лсiз бұ рмаланғ ан тү рiн орнаттық. Оғ ан жету жолында миллиондағ ан адамдардың ө мiрiн қ ұ рбан еттiк. Ендi, мiне, “ұ лы мә ртебелi Тарих² бiздiң жағ амыздан ұ стап, “сендер қ айда кеттiң дер?! ² деп, бiздi аттап ө ткен сатымызғ а қ айта оралтып жатыр.

Бү гiнгi таң дағ ы қ иындық тардың тү п-тамыры, мiне, тарихтағ ы солшыл саясатқ а барып тiреледi, оғ ан Маркс кiнә лi емес. Қ оғ ам ө мiрiндегi саяси, қ ұ қ тық, моральдық, дiни т.с.с кө зқ арастардың рө лi қ аншалық ты ү лкен болғ анымен, олардың ө зi белгiлi бiр сатыдағ ы ө ндiрiс тә сiлiнiң нә тижесi ретiнде қ аралуы керек.

Маркстiк философияда гносеологиялық (танымдық) мә селелерге де жаң а сипат берiледi. Бұ рынғ ы материализмге келер болсақ, олар танымды тү йсiктер арқ ылы бейнеленетiн аң лау ретiнде тү сiндi - сыртқ ы дү ние бiздiң сезiмдiк мү шелерiмiзге ө зiнiң ық палын тигiзiп, адамның дү ниенi қ абылдауын туғ ызады -яғ ни адам енжар келетiн қ абылдаушы ғ ана, ал белсендiлiк сыртқ ы дү ниедегi заттар мен қ ұ былыстардан шығ ады. Ал Маркстiң ойлауына қ арағ анда, қ айсыбiр дү ниетаным субъект (адам) пен объекттiң (сыртқ ы дү ниедегi танылатын зат) ө зара байланысы мен iс-ә рекетiнен тұ рады. Адамның назарына, iс-ә рекетiне тү спеген таза объект - ол табиғ аттың шикi заты ғ ана. Ф.Энгельстiң айтуына қ арағ анда, “жаратылыстану мен философияда осы уақ ытқ а дейiн адамның ойлауына тигiзетiн iс-ә рекеттiң ық палын зерттеудi есепке алмады. Олар, бiр жағ ынан, табиғ атты ғ ана, екiншi жағ ынан ойлауды ғ ана бiлдi. Бiрақ, адамның ойлауының ең жақ ын да мә ндi негiзi тек сол жаң ғ ыз табиғ аттың ө зiнде ғ ана емес, сол табиғ атты адамның ө згертуiнде - тек сол ө згерiстерге сә йкес адамның ақ ыл-ойы ә рi қ арай дамыйды². Тек адамның белсендiлiгi арқ ылы зат танылып, оның iс-ә рекетi арқ ылы қ айта қ ұ рылып, оның қ ажеттiктерiн ө тейдi. Сонымен, танымды ескiше аң лау ретiнде тү сiну - шынына келгенде барлық та жоқ абстракция ғ ана. Шынайы ө мiрдегi таным - ол затты белсендi тү рде субъектiнiң игеруiмен тең.

Маркс танымның негiзгi мә селелерiнiң бiрi - ақ иқ ат жө нiнде де тың ойларды ұ сынады. Ө мiрден, практикадан сырт қ алғ ан ақ иқ ат жө нiндегi даудамалар - бiтпейтiн схоластикалық мә селеге айналады. Ақ иқ ат, яғ ни ойлаудың шындығ ы мен кү шi шынайы ө мiрде ө зiн кө рсетуi керек. “...философтар тек қ ана ә ртү рлi жолдармен дү ниенi тү сiнуге тырысты, ал шынайы мақ сат - оны ө згертудiң керектiгiнде², - деп қ орытады ұ лы ойшыл.

Маркстiк философияның келесi ерекшелiгi - осындай толық қ анды материалистiк кө зқ арасты диалектикамен ұ штастыруында. Егер, Гегельдiң ойынша, “ай астындағ ы дү ниеде² тек бұ рынғ ы ө ткен сатыларды қ айталау ғ ана, шынайы даму тек қ ана рух саласында болса, ал оның ө зi абсолюттiк идеяның ө зiн-ө зi тану жолындағ ы адамзатты қ ұ рал ретiнде пайдалануында болса, Маркс дамудың қ айнар кө зiн сол материалдық дү ниенiң iшкi қ айшылығ ынан кө редi - заттың iшкi қ айшылығ ы оны бү гiнгi болмыс шең берiнен шығ арып, басқ а затқ а айналуына ә келiп соғ ады. Олай болса, қ оғ ам ө мiрiнiң де негiзгi қ айшылығ ы - материалдық ө ндiрiстегi ө ндiргiш кү штер мен ө ндiрiс қ атынастарының арасында жатыр.

Маркс пен Энгельс ө з уақ ытындағ ы қ оғ ам ө мiрiндегi капиталистiк қ атынастардың аса қ атiгездiгiн кө рдi. Энгельс “Англиядағ ы жұ мысшы табының жағ дайы² деген зерттеуiнде қ арапайым жұ мысшылардың ө мiрiнiң асқ ан қ иыншылық тарын ашық та айқ ын кө рсетiп, сол кездегi қ оғ амдық пiкiрге зор ә серiн тигiздi. Олардың ойынша, мұ ндай жағ дай iшкi терең қ айшылық тардың негiзiнде ө згеруге тиiс. Егер Гегель қ оғ амдағ ы диалектикалық ө згерiстiң бә рiн ұ лттық iс-қ имылдан кө рсе, Маркс оны ә леуметтiк таптан кө редi. Х1Х ғ асырдағ ы кө п ойшылдар сияқ ты олар қ оғ амның прогрессивтiк ө рлеуiне кә мiл сенедi - ал ол жарқ ын болашақ қ а жеткiзетiн негiзгi кү ш - пролетариат, жұ мысшы табы. Ө йткенi, олар қ оғ амғ а керек негiзгi материалдық қ ажеттiктердi ө ндiредi, сандық жағ ынан алып қ арағ анда ә леуметтiк топтардың ең кө лемдiсi, сонымен қ атар, олар жеке меншiктiң шырмауына байланбағ ан ә леуметтiк ә дiлеттiлiктi жақ тайтын таза тап. Егер мың дағ ан жылдар бойы созылғ ан цивилизацияның қ озғ аушы кү шiн ойшылдар шығ армашылық аз топ - ой ең бегiмен айналысатын интеллигенциядан кө рсе, Маркстiң жоғ арыда келтiрiлген пiкiрi ө зiнiң кенеттiгiмен сол кездегi қ оғ амды дү р сiлкiндiрдi. Жаң бырдан кейiнгi саң ырауқ ұ лақ тар сияқ ты, кө птеген жұ мысшылар қ озғ алысы пайда бола бастады. Бiрақ, осы кезде ө мiр сү рген революцияшыл орыс ойшылы М.А.Бакунин Маркстiң идеяларына қ арсы шығ ып, олар ө мiрге енсе, онда дү ниеге қ андыбалақ тоталитаризмнiң келетiнiн болжағ ан болатын. Тарих соң ғ ы болжамның растығ ын дә лелдедi.

Бұ л оқ улық қ ұ ралда бiз марксизмнiң ә леуметтiк-саяси кө зқ арастарына, социализм жә не коммунизм мә селелерiне толығ ынан тоқ талып, талдамаймыз. Алайда, айтып кететiн бiр нә рсе - ол қ азiргi дамығ ан елдердiң кө бiндегi ә леуметтiлiктiң жыл ө ткен сайын алатын орнының ө суiнде. Ал социализм ұ ғ ымының ең жалпы алғ андағ ы мағ насы - ә леуметтiлiк. Дамығ ан елдерде жұ мыссыздық ты жоюғ а, ақ ысыз бiлiм беруге, ден-саулық ты сақ тауғ а, мү гедектерге кө мектесуге т.с.с. арнаулы ә леуметтiк бағ дарламалар жасалып, iске қ осылуда. Ал бұ лардың ө зi Маркстiң жасағ ан болжамын дә лелдегендей. Бiрақ олар таптық кү рес, революцияның, озбырлық тың, қ антө гiстiң негiзiнде емес, сол қ оғ амның iштей эволюциялық жолмен бiрте-бiрте ө згеруi арқ ылы iске асып отыр.

Ал, коммунизм идеясына келер болсақ, онда оны сынғ а алуғ а тура келедi, ө йткенi, ол жер бетiнде жұ мақ орнатқ анмен тең. Жалпы алғ анда, бұ л идеяны Батыс Еуропалық 2 мың жылғ а созылғ ан ой толғ ауының логикалық тү рдегi соң ғ ы нү ктесi деп айтуғ а ә бден болады. Сонау кө не Грек дә уiрiнен бастап Протагордың айтқ ан “адам - барлық нә рсенiң ө лшемi² деген идеясы ғ асырлар бойы дамып, ақ ырында коммунизм идеясын тудырғ ан болатын. Маркс утопистердiң кө зқ арастарын сынағ анмен, ө зiнiң ғ ылыми жұ мыстарында одан толығ ынан арыла алмады. “ә рбiр адамнан - қ абiлетiне қ арай, ә рбiр адамғ а - қ ажеттiгiне қ арай² деген принциптiң ө зiнде утопиялық қ иял жатқ ан жоқ па?! Егер барлық адамдардың қ ажеттiктерi толығ ынан ө телсе, онда қ оғ ам сол сә тте iрiп-шiри бастар едi, ө йткенi тек толығ ынан ө телмеген қ ажеттiктер адамдардың соларды ө теуге бағ ытталғ ан шығ армашылық iс-ә рекеттерiн тудырады, ал ө телген қ ажеттiктер сол сә тте жаң а бұ рынғ ыдан да биiк қ ажеттiктердi тудырады...

Маркс Фейербахтың “адам-толығ ынан биологиялық -табиғ и туынды² деген пiкiрiн қ атты сынғ а алғ анмен, оғ ан қ арама-қ арсы бiржақ ты “ә леуметтiлiк² тұ жырымғ а ө тiп кеткенiн аң ғ ара алмай қ алғ ан болатын. Сол себептi, Маркстiң ойынша, болашақ коммунистiк қ оғ амда жаң арғ ан ә леуметтiк ақ уалғ а сай “жаң а адам² дү ниеге келiп, қ ылмыстық, озбырлық, дү ниеге қ ызығ ушылық т.с.с. адамдардың кемшiлiктерi толығ ынан жойылып, қ ұ қ тық мекемелер, тiптi мемлекеттiң ө зi керек болмай қ алады деген ойларын да қ иялғ а жатқ ызуымызғ а ә бден болады. Жаң ада ғ ана дү ниеден ө ткен Кең ес қ оғ амында қ аншалық ты “жаң а адамды² тудыруғ а бағ ытталғ ан сан-алуан тә рбие жұ мыстары жү ргiзiлсе де, бiз бү гiнгi таң да оның бә рiнiң сә тсiздiкке ұ шырағ анын кө рiп отырмыз. Адам - биологиялық, я болмаса - ә леуметтiк пә нде емес, ол - био-ә леуметтiк, тек осы жолда ғ ана оны терең тү сiнуге болады.

Ә рине, Маркс пен Энгельс - ө з заманының тұ лғ алары. Маркстiң ө зi уақ ытында “ешқ андай адами нә рсе мағ ан жат емес² деп айтқ ан болатын. Мiне, осы тұ рғ ыдан бағ алай келе, бiз олардың ғ ылыми жетiстiктерi мен адасуларын таразығ а сала келе, оларды ө з заманының ғ ажап ұ лы тұ лғ аларына жатқ ызуымызғ а ә бден болады. Маркстiк философиямен Батыс Еуропа топырағ ында пайда болғ ан ақ ыл-ойғ а негiзделген (рационалдық) философияғ а қ анағ аттанбаушылық, оның орнына неше-тү рлi бейклассикалық ой-пiкiрлердi дү ниеге ә келедi. Ендi соларды талдауғ а кө шейiк.

Ө зiндiк дайындық қ а арналғ ан сұ рақ тар:

1. Маркстiк философияның негiзгi қ ағ идасы қ андай?

2. Қ оғ амды материалистiк тұ рғ ыдан тү сiну дегенiмiз не?

3. Марксизмдегi “қ оғ амдық болмыс² пен “қ оғ амдық сана² ұ ғ ымдарын салыстырың ыз.

4. Маркстiк философия таным мә селесiне қ андай жаң алық тар ең гiздi?

5. К.Маркс дамудың қ айнар кө зiн неден iздейдi?

6. Ә леуметтiк мә селелердi таптық тұ рғ ыдан қ арау қ андай салдарларғ а ә келуi мү мкiн?

7. К.Маркстiң қ оғ амды формациялық жолмен талдауы дұ рыс па?

8. Марксизмдегi адам мә селесiнiң ерекшелiктерi.

9. Маркстiң коммунизм теориясын сынай аласыз ба?

10. Марксизмнiң гуманистiк-адамгершiлiк жақ тарын кө рсетiң iз.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.