Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Философияның негізгі функциялары




(functіo-латын сөзі, -орындалу жасалу, істейтін қызметі)

Жоғарыда көрсетілгендей, философия ғылым мен өнер салаларына ұқсас, сонымен қатар, адамзаттың мәдениетінде ерекше орын алатын пән. Ол өзінің әр-түрлі қырларымен қоғам мен адам өміріне жан-жақты әсерін тигізеді, бүгінгі рухани дағдарыстағы адамзатқа, оның жаңа өмір бағытын іздеудегі талпыныстарында философияның орнын асыра бағалау қиын.

Философия – Дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастырады. Бұл осы пәннің ең негізгі функцияларының бірі.

Әрине, қайсыбір адамның Дүниеге деген көзқарасы бар. Ол – тұрпайы, фантастикалық, діни, мифологиялық т.с.с. болуы мүмкін. Ертедегі гректердің айтқанындай, адам өзінің толық кемеліне, әсіресе, рухани жағынан алғанда, пісіп-жетілуі сатысына 40 жасқа келгенде келеді екен. Оны олар ²акме² деп атаған. Яғни адам өмірде сол жасқа шейін шыңдалып, талай рет маңдайы тасқа соғылып, күнделікті өмірден тәжірибе қорытып, осы қоршаған Дүние, қоғам өмірі, адамдардың бір-бірімен қатынасы жөнінде белгілі бір көзқарасқа келеді. Әрі қарай жүре келе, ол тіпті белгілі бір даналық сатысына көтеріліп, қартайған шағында философиядағы ашылған өмірге деген көп қағидаларды сол пәнді оқымай-ақ өз-өзіне тағы да ашуы мүмкін.

Дүниеге деген терең философиялық көзқарас, әсіресе, біздің жастарға керек. Өйткені, жастар – елдің болашағы. Философияны терең оқып-білген адамның ғана Дүниеге көздері ашық, қазіргі адамзат өміріндегі болып жатқан шым-шытырық тартыс, қайшылықтардың мәнін аша алады. Олай болса, өз өмірінің мән мағнасын жете түсініп, осы өмірде өзінің шынайы орнын ала алатын болады.

Философияның келесі функциясы – оның методологиялық қызметінде. Әр ғылымның саласында өзінің пәнін зерттеуде белгілі бір іс-әрекеттер, әдістемелер қолданылады (methodos –грек сөзі, -зерттеу жолы). Әртүрлі методтар (әдістемелер) жеке, жалпы, ең жалпылық (философиялық) болып бөлінеді. Методтар жөніндегі жалпы ілімді біз методология дейміз.



Бірде-бір таным, әсіресе, философиялық, қайсыбір саналы адамның іс-әрекеті белгілі бір методтар, әдістемелерсіз, олар арқылы соған сәйкес методологиялық түсініктерсіз болуы мүмкін емес. Жаңа Дәуірдегі философия негізін қалаушылардың бірі Ф.Бэкон адамның дүниетанудағы қолданатын методтарын қараңғыда жолды көрсететін шамшырақпен салыстырған болатын. Орыстың ұлы ғалымы И.П.Павлов “ғылымда қолданатын методтармен көбінесе зерттеудің нәтижелігі тығыз байланысты. Жақсы методтар арқылы өте талантты емес ғалым да көп нәрсені ашуы мүмкін. Ал қолданылатын методтар нашар болса, онда гениалды ғалымның өзі бостан-босқа өзінің күш-қуатын жұмсайды²,- деген болатын (genіus – латын сөзі, -аса қабілетті). Француз ғалымы И.Лаплас ұлы ғылыми жаңалыққа жеткізген жолды сол жаңалықтың өзінен кем емес,- деген пікір айтқан.

Бүгінгі таңда бір жағынан, жаңа ғылым салалары пайда болып жатса, екінші жағынан әртүрлі ғылым салаларын жақындататын “шекаралық² пәндер дүниеге келіп жатыр. Қазір адамзаттың алдында неше түрлі экологиялық, демографиялық, урбанизациялық, ғарыштық т.с.с. мәселелер тұр. Оларды шешу үшін әртүрлі жеке ғылымдардың басын біріктіріп үлкен күрделі ғылыми бағдарламаларды жасау керек. Ал мұның өзі белгілі философиялық көзқарастың, методологиялық принциптердің негізінде ғана іске аспақ.

Енді философия жөнінде алғашқы түсініктерді алғаннан кейін келесі тарауда біз осы пәннің тарихи жолын зерттейміз, яғни, ол - философия тарихы.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.007 сек.)Пожаловаться на материал